Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
Діні мен өнері: Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерлеген адамның басы батысқа немесе оңтүстік – батысқа қаратылып, қол – аяғын бүгіп жатқызған. Бұл жер ана құшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы - Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Бұл табиғаттың жаңару заңдылығы, жаңа өмірге көшу түсінігі. Бұдан андроновтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Ошақ қасиетті орын саналған. Жаңа түскен келін ошақты айналған, ол мәйітті шығарарда ошақты айналдырған. 65.Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары туралы баяндаңыз. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген. 1. Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген 2. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген. 3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб аңғарын мекендеген. Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан.. Сонымен Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар: жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды деректері- қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді Сарматтар. "Сармат" этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды. Сарматтардың бір тайпасы - роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді. Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сармат тармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады. Археологиялық ескерткіштері. Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабірін балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған. Екінші кезеңде (орта -Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермейді. Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ. Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабірлерге жерленген. 64.Найман,керейіт,меркіт,жалайырлартуралы деректерің мәліметтері туралы жаз Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді. Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған. Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді. Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал керейіттерде жылқы өсіру басым болды. 66.Қараханидтер мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны және исламды қабылдау Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген. Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқан болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған.Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды. XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды. 67.Қазақ хандығының рухани өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан қаласының рөлі туралы жаз Түркістан - Қазақ хандығының астанасы болған тарихи, мәдени қала. Тарихқа көз тастасақ, мұнда сан мәрте ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Ал қалада қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген. Тарихи деректер бойынша, Түркістан атауы "түркілер елі, мекені" деген мағынаны білдіреді. Қаланың іргетасы V-VІ ғасырларда қаланып, атауы бірнеше рет ауысқан. Негізінен алғашқы атауы - Шавғар саналады. Шавғарды "Шауғар" деп те атайды. Ол сақ тілінде "Қаратау" деген мағынаны білдіреді. Қаланың атауы араб жазбаларындағы деректерде кездеседі. Арабтардың тарихшы-географы әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында Шавғар жайлы айтқан. "Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүріп, ХІ ғасырдан бастап қала орталығы Ясыға көшті", - деген ол.Түркістан - Орта Азия мен Тұран даласындағы ең көне қала. Отырықшы мәдениет өркендеген кезде Қазақстанның әр жерінде қалалар саны арта бастады. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан өзінің тарихи орындарымен белгілі. Шавғар қаласы пайда болғаннан кейін оның аймағында Қарнақ, Шағылжан, Қарашық, Шур (Сури) қалалары бой көтерген. Тарихи деректерге сүйенсек, Шавғар қаласы арқылы Ұлы Жібек Жолының бір тармағы өткен. Керуен Сырдария бойын қуалай жүріп, ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавғар арқылы өтеді. Ал Шавғардан ары Янгикентке жол тартып, Қарақұм арқылы Хорезмге барады. Янгикент оғыз тайпасының астанасы болған.ртағасырда Түркістан Қазақстан жеріндегі ірі білім орталығы болған. Мұнда жазылған туындылардың авторлары көпке мәлім. Олар - Ахмет Яссауиден бастап, шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгнеки, Жүсіп Баласағұн. Сонымен қатар, Түркістан білім ғана емес Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына да айналған. 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болды. Бұған дәлел - Ахмет Яссауи кесенесі төңірегіне қазақ хандары, батырлары мен билерінің жерленуі. Олар Шығай, Есім, Жәңгір, Тәуке, Абылай хандар мен Қазыбек, Әйтеке билер, Қанжығалы Бөгенбай, Тобықты, Мамай, Қоңырат Сырғақ, Нияз, Дияқты батырлардың да құлпытасы бар. 68.Тәуекел хан,оның саясаты туралы баянда 1580-1582 жылдары хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80 жастағы Шығай отырды. Ол Баба сұлтанның Хақназар мен Жалым сұлтанды өлтіргеніне өшігіп, қарсы шықты. Баласы Тәуекел сұлтан екеуі Абдаллах ханмен бірігіп, 1582 жылы Баба сұлтанға қарсы бірлескен жорық жасады. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті Қыпшақ даласына қашты. Осы жорықта Шығай хан қайтыс болды. 1582 жылы маусым айында Тәуекелдің сарбаздары Түркістан түбінде Баба сұлтанды өлтіріп, әскерін талқандады. Тәуекел сұлтанға риза болған Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын сыйға тартты. 1582 жылы Тәуекелдің билікті алған кездегі хандықтың сыртқы жағдайы өте ауыр еді. Біріншіден, Абдаллах Қазақ хандығына қарсы шықты. Екіншіден, шығыс жақтан моғолдар мен жоңғарлар ұдайы қауіп төндірді. Алайда Тәуекел хандық билікті нығайтып, қазақ жерін кеңейтіп, хандықтың беделін халықаралық деңгейге көтере білді. Тәуекел ханның дипломатиялық жұмыстары нәтижелі болды. Хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың бірқатар руын басқаруға, ал інісі Шахмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Қалмақтардың біраз бөлігі Тәуекел ханға бағынышты болған. Тәуекел ханның басты мақсаты Өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару болды. 1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасалған “ант беріскен шартты” бұзды. Өзбек хандығына шабуылдап, Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрамды басып алды. Ташкентке қауіп төндірді. Тәуекел хан Орта Азиядағы ұзақ жылдарға созылған тартыстан кейін Мәскеумен қарым-қатынас орнатуды қолға алады. Тәуекел хан елшілігі 1594 жылы Мәскеуге барды. Қазақ елшілігіне жауап ретінде 1595 жылы Мәскеуден Вельямин Степанов жіберілді. Қазақ-орыс қатынастарының дамуы керуен саудасының кеңеюіне жағдай жасады. 1598 жылдың қысында Ташкент түбінде қазақтар өзбек әскерін ойсырата жеңді. Бұл жеңіс хандықтың беделін, күш-қуатын арттыра түсті. Тәуекел хан көп жасағымен 1598 жылдың жазында Мәуереннахрға басып кірді. Бұхара түбінде ауыр жарақаттанып, Тәуекел хан қайтыс болды. Қазақ хандарының ұзаққа созылған соғыстары Сыр бойындағы қалаларды және ірі қала – Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. 1598 жылы Сібір хандығы жойылып, Cібір хандығының қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды. 69.Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін сипаттап жазыңыз Қазақ жүздерінің зерттелу тарихы Бүгінгі біздің қозғағалы отырған қазақ жүздерінің қалыптасуының мәселелері тақырыбы да осы қатарда. Әр бір халықтың тарихында маңызды проблемалар бар, солардың бірі этникалық тарих. Соған байланысты біздің халқымыздың этникалық тарихын зерттеуде, оның бірден бір ерекшелігі болып табылатын, жүздерге бөліну мәселелерін анықтау маңызды. Өзге халықтардың алдында қазақтардың болмысы, этникалық құрамы туралы да мағлұмат беретін де осы жүздер тарихы. Орта Азия халықтарының арасында жүзге бөлінушілік біздің халқымыздың сипатына тән болғандықтан бұл тақырыпты толыққанды зерттеп қана қоймай, оның нәтижелерін шығарудың рөлі өте жоғары. . Сол себептен де біз бүгінгі таңда «Қазақ жүздерінің зерттелу тарихы» проблемасын қозғамақпыз. Тақырыптың тарихнамасын негізінен дәстүрлі формада кезеңдерге бөлуге болады, бұл: төңкеріске дейінгі, кеңестік және тәуелсіз Қазақстан кезеңдері. Алғашқы кезең зерттеушілерінің еңбектерінде қазақ жүздері тек халқымыздың саяси және этникалық ерекшелігі ретінде ғана бейнеленген. Мысалға, А. И. Тевкелев, П. И. Рычков, Ш. Ш. Уәлиханов, еңбектерінде қазақ хандығының үшке: Үлкен, Орта және Кіші ордалар болып бөлінгендігі және олардың рулық құрамы туралы айтылып қана қояды /1/. Я. П. Гавердовский болса қазақ жүздері бір атадан тараған балалардың ұрпақтарынан тарамаған, олар күші жағынан кішіден үлкенге қарай жоғары және текті болып табылады дейді /2/. Төңкеріске дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде қазақтың жүздерге бөлінуін халық арасында тараған аңыздар мен түсіндіретіндер де кездеседі. Оларға Н.И. Гродеков, Г. Н. Потанин, М. Көпейұлы /3/жатады. Ал атақты «Исследования о Касимовских царях и царевичах» атты еңбектің авторы В.В. Вельяминов-Зернов қазақ жүздерінің құрылу кезеңін, ХVІ ғасырдың екінші жартысында Хақназар ханның тұсында деп қорытады/5/. Осы тұжырымды қолдайтын, яғни қазақ жүздерінің құрылу уақытына байланысты сәйкес пікір айтқан орыстың көрнекті тарихшысы М. Красовский. Ол қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар шегінде Қазақ хандығының іргетасын қалаған үш ұлыстың негізінде пайда болды деген болжамды ұстанады /6/. Қазақ жүздерінің тарихын зерттеумен кеңестік кезеңде айналысқан ғалымдар баршылық. Дегенмен бұл кезеңнің зерттеушілері де арнайы бұл мәселені кәсіп қылмаған. Олар көп жағдайда қазақ халқының қалыптасу тарихымен зерттеп, жүз мәселесін тек шолып өткен. Ал «жүз» терминіне қатысты автор зерттеушілердің келтірген уәждерімен келіспейтіндігін білдіріп, «жүз» сөзінің мағынасы ежелгі түрік тілінен аударғанда «доз», яғни «бекініс», «Орда» деген мағынаны білдіреді дейді. Сонымен бірге В.В. Вяткин қазақ жүздерінің ішінде ең бірінші болып, ұлы жүз қалыптасқанын және оның себебі ол территория қазақ хандығының алғаш мекендеген жері болғандықтан, сонымен бірге бұл жүздің құрамындағы рулар Қазақстан территориясындағы ең ежелгі тайпалар болуы әбден мүмкін екенін айтады. Ал одан кейін ретімен сәйкесінше Орта жүз бен Кіші жүз тарих сахнасынан орын алған болса керек. Денгенмен бұл оқиғалардың шынайылығы мен орын алған уақыты туралы еш мәлімет жоқ дейді /10/. Қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын б.з.б. ІІ ғасырмен байланыстыратын тарихшы Х. М. Адильгереев 1951 жылы жариялаған «История оброзования казахского народа» атты мақаласында осындай болжам жасайды. Автор қазақ халқының қалыптасу процесі қазақ жүздерінің қалыптасуынан басталатындығын айта келіп, ең алғаш үйсін одағының негізінде б.з.б. ІІ ғасырда Ұлы жүз қалыптасты дейді. Сонымен бірге Масудидің оғыздар Х ғасырда үшке, яғни үлкен, орта және кіші ордаларға бөлінді деген мәліметін алға тартып, оны В. Радловтың «гуз» сөзі «юз», «жуз» деген мағына білдіреді деген пікірімен дәлелдеуге тырысады. Олай болса қазақ жүздері ХІІ ғасырда өмір сүрген және «жүз» сөзі «негізгі бөлік» деген мағына береді деген болжам жасайды (Григорьевке жүгініп айтады) /12 Мынадай сұрақтарға жауап беруді мақсат тұтады: Біріншіден, олар не себепті үлкен, орта, кіші деп аталды, екіншіден бұл атаулар қашан пайда болды, үшіншіден әртүрлі жағдайларда олардың саны қанша болды. Бұл сұрақтарға жауап іздеу барысында автор сол уақытқа дейін жарық көрген еңбектерге сүйеніп, өзінше қортындылар жасап отырады. Соған байланысты ол қазақ жүздерінің Ретімен үлкен, орта, кіші атануы оның құрамына және алып жатқан территория көлеміне байланысты еместігін бірден айтады. Жүздердің пайда болу уақына байланысты В. Юдин дерек көздерінен 1616 жылы алғаш мәліметтер кезігетінін айтып, соған байланысты қазақ жүздері ХVІ ғасырдың аяғында өмір сүргендігіне күмәні жоқтығын айтады. Дегенмен, жүздер одан да бұрын өмір сүруі мүмкін екендігін де жасырмайды. Қазақ халқының үш жүзге бөліну себебін автор Қазақстандағы географиялық климаттық белгілерге негізделген шаруашылық экономикалық аудандастыру жағдайына байланысты болған деп есептейтіндігін жеткізеді. Жүздер халқының негізгі кәсібі Евразия далаларында ерте заманның өзінде-ақ қалыптасқан өзінше бір шаруашылық-мәдени үлгі – көшпелі мал шаруашылығы болды» деп, қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын Ш. Уәлихановтың пікірін қолдап Алтын орданың ыдырау кезеңімен байланыстырады. Бірақ біз Ш. Уәлиханов қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын жоғарыдағыдай кезеңмен белгілегенін оның сілтемеде берілген еңбегінен кездестіре алмадық, сол себептен де бұл уәжге күмәніміз бар. қазақ хандығы үш жүзге 1718 жылы бөлініпті мыс /16 «Сондықтан да «жүз» терминінің мағынасын ұғынғанда «бөлшек», «жақ» деп түсіндіретін ұғымнан бас тартуға негіз жоқ.. Алайда жүздердің құрылуына экономикалық-шаруашылық факторлардан гөрі ХVІ ғ. соңындағы – ХVІІ ғ. басындағы ішкі-сыртқы саяси, тіптен әскери-соғыстық факторлар басым әсер етті. Жүздік ел басқару құрылымы Сонымен бірге: «деректерге қарағанда Ұлы және Кіші жүздер деп бөліну «Алты Алаш» деген этникалық ұғымнан келіп шыққан. Бұл Орталық Азия түріктерінің алты тайпаға бөлініп, «Алаштың» көк туы астында бірлікте өмір сүрген тарихи кезең болған» деген ой айтады. Автордың бұл айтып отырған кезеңі антикалық дәуірге келіп саятындағын жеткізеді /19/. Сонымен, біз қазақ жүздерінің қалыптасуына байланысты ғасырлар бойына айтылған негізгі пікірлерді қарастырып болдық. Аталған үш тарихи кезеңде бұл мәселеге көзқарас әрқилы болғанын көріп отырмыз. Соның ішінде алғашқы кезеңде мәселе тек үстіртін қаралған болса, екінші кезеңнен бастап онымен кәсіби тарихшылар айналыса бастап, жаңаша тұжырымдар мен болжамдар айтылды. Мақалада қарастырған еңбектердің негізінде көпшілікті алаңдатып отырған жүз сөзінің мағынасы, қазақ жүздерінің пайда болуының себептері мен уақыты деген сұрақтарға жауап табу әбден мүмкін, тіпті тарихшылаымыз оны жасап та қойған (Т. Омарбеков, Б. Кәрібаев). 70. Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Есім ханның ұлы Жәңгір сұлтан хан сайланбай тұрып-ақ жаугершілік кезінде өзінің ерлік істерімен көзге түсіп жүрді. Жалпы, кейін хан болған соң да оның хандық қызметі ат үстінде, жорықтар мен шайқастарда өткен екен. Ол сонысымен де өзге қазақ хандарынан ерекшеленеді. Бір ғана мысал - қалмақтармен жекпе-жектерде Жәңгірге қарсы шығатын батыр болмайды екен. Сол үшін де ол «салқам» (айбатты) Жәңгір атанған. Жәңгірдің хан ретіндегі билігінәділ бағалау үшін сол тұстағы жағдайдан хабарымызболғаны жөн. Он жетінші ғасырда ойраттар қуатты Қытайжағынан қысым көре бастайды. Сөйтіп, 1635 жылы Жоңғархандығын құрып, жан-жағындағы өзінен әлсіз елдердіңтерриториясына көз тігеді. Оларды Қазақ хандығыныңЖетісу, шығыс және орталық Қазақстандағы шұрайлыжерлері қызықтырды. Олар қазақтың шаңырағын ортасынатүсіріп, халқын қырып, қонысын тартып алуға шындапкірісті. Осынау қазақ-жоңғар арасындағы тынымсызсоғыстар тұсында Жәңгір хан халқын да, жерін де абыроймен қорғап қалды. Жәңгір сұлтан жас кезінің өзіндеСібір-Тобыл ұрысында қалмақтардың тұтқынына түскен. Мұны тарихшылар қазақ-ойрат қарым-қатынасындағымаңызды оқиға санайды. Өйткені, ол көп ұзамай аман-сауеліне қайтады. Ол қашып шыққан немесе кездейсоқ сәттіжағдай жоңғар тұтқынынан босап шығуына көмектескендеген пікір бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Берекет Кәрібаев Жәңгір сұлтанды жоңғар елінің өзішіндегі Батыр қонтайшыға қарсы топ өздері қашырыпжіберген және қалмақтан қыз беріп, Жәңгірдің кейін хан болған ұлы Тәуке сол қалмақ қызынан туғаны жайлыайтады. Оған дәлел ретінде Ш.Құдайбердіұлының еңбегіненмәлімет келтіреді. Атап айтқанда, Батыр қонтайшыныңбақталасы Хұндүлен тайшы қазақтың болашақ ханы Жәңгірмен одақтасқысы келген. «Ескі жазбалардакелтірілген Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым депатайтындығының себебі де осында», - дейді ғалымБ.Кәрібаев. Осылайша, Жәңгір сұлтан 1635 жылытұтқыннан жоңғарлардың өз көмегімен босап, елге оралады. Құр қайтпай, жоңғар тайшыларының арасынан өзінежоғарыдағыдай одақтастар табады. Бұл одақтастықтың оған1643 жылғы Батыр хонтайшы әскерімен болған Орбұлақшайқасында көп көмегі тигені анық. Орбұлақ ұрысыЖәңгірге салқам деген атты алып берген маңызды шайқасболды. Қазақ жеріне Батыр хонтайшы бастаған қалыңжаудың бет алғанын алдын ала білген Жәңгір оларға қарсытұратын ыңғайлы жерді өзі таңдаған. Сол аралықтаСамарқандағы досы Жалаңтөс Баһадүрге хабар жібереді. Көмек келгенше жаудың жолын бөгемек болып, 600 батырды соңына ертіп аттанып кеткен. Тау шатқалындаайналдыра ор қазып, онда 300 әскерді қалдырады да, өзіжасақтың жарым бөлігімен бірге шатқалдың сыртына, қарсы бетіне жасырынады. Шатқалдың өте тарлығынанқалмақ әскері меңгерген амал-айласын пайдалануғамүмкіндіктері болмай, шетінен қырылады. Екі рет шабуылғашығуға әрекеттенсе де, оларынан түк шықпайды. Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр келіпжеткенде, онсыз да 10 мың әскерден айрылған жоңғар жағыкері шегінеді. Небары 600 батыр ыңғайлы жер мен ұрысәдісін ұтымды пайдаланудың арқасында 10 мың жоңғардыжайратты. Жәңгір өміріндегі тағы бір шайқастың тарихимаңызы ерекше. Ол - 1652 жылғы қазақ-жоңғар соғысы. Осы ұрыс кезінде Очирту-Цецен ханның 17 жасар ұлыГалдам Жәңгірді өлтіреді. Жалпы, бұл шайқастытарихшылар Батыр қонтайшының Орбұлақтағы масқараболып жеңілгені үшін үшін қазақтардан өш алуы депбағалайды. Профессор Берекет Кәрібаев Жәңгірдің қазақхандығы үшін жасаған бірнеше еңбегін ерекше атапкөрсетеді. «Біріншіден, Жәңгір хан бүкіл саналы өмірін ел қорғау ісіне арнады. Екінші есте қалар ісі сол, хан тағыниеленгеннен кейін мемлекеттің сыртқы саясатын бірнешебағытта жүргізіп, көршілес мұсылман елдермен жақсықарым-қатынастар орната білді. Жоңғарлармен күрестеМауереннахрдағы аштарханилық әулет өкілдерімен, ШығысТүркістандағы шағатайлық әулетпен саяси одақ құрып, оны туысқандық байланыстармен нығайтты. Үшіншіден, Жәңгірхан қазақ елінің азаттығы жолындағы шайқастардың бірінденағыз ерлерше қан майданда қаза табады. Ал оның сүйегіқазақ елінің сол кезеңдегі астанасы Түркістан қаласындағыҚожа Ахмет Иасауи кесенесі жанына жерленген», - дейдіғалым. Жәңгірдің екі қызы, үш ұлы болған. Аппақ, Тәукежәне Уәлибақы деген үш ұлдың ішінде Тәуке әкесінен соңтақ мұрагері ретінде қазақ ханы болып сайланды. Кенже ұлУәлибақы осы шешімге өкпелеп, нағашылары - ҮргеніштегіҒайып ханға кетіп қалған деген де деректер бар. 71.Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары туралы сипаттап көрсетіңіз Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Атауы хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Халқы хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя). Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Ішкі Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес, 1846 жылы 21 қаңтарда “Бөкей Ордасын уақытша басқару жобасы” негізінде құ-рылды. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Ішкі Ордада (Бөкей Ордасында) жаңа хан тағайындалған жоқ. Ресей өкіметі хандық жүйесін жойып, басқару жүйесін қайта құрды. Жаңа жоба бойынша Бөкей Ордасын уақытша басқару Орынбор шекара комиссиясына жүктелді. Ішкі Орданы орт-тан басқару Мемлекеттік мүлік министрлігінің құзырына берілді. Жаңа басқару жүйесі бойынша хан ордасындағы арнайы Кеңестің құрамына оның төрағасы, төрағаның кеңесшісі, айрықша билік берілген екі орыс шенеунігі немесе сұлтандардан екі адам енуге тиіс болды. Екі кеңесшінің әрқайсысына бір-бірден көмекші, екі хатшы, отыз шабарман берілді. Кеңес төрағасы мен оның көмекшілерін Орынбор шекара комиссиясының ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы бекітті. Төтенше орыс қызметкерлерін Мемлекеттік мүлік министрлігі ұсынып, бекітті. Уақытша комитеттің міндеті – Бөкей Ордасындағы қазақтар арасында тыныштық сақтау, тәртіп бұзушыларға қарсы шара қолдану болды. Кеңестің алғашқы төрағасы болып Жәңгір ханның інісі Әділ Бөкейұлы, кеңес мүшелігіне Бөкейханұлы Меңдігерей, Шөке Нұралыұлы тағайындалды. Комитетті құру – Бөкей Ордасында хандық билікті толық жою, жергілікті әкімшілік басқару жүйесін Ресейлік отарлық жүйеге бүтіндей бағындыру ниетімен жасалған алғашқы қадам болды. XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады. Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді. 1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 72.ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы себептері 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді. 1886 жылы Қазақ даласы 2 ген.-губ. Тұратын;Дала ж/е Түркістан. 1886 жылы Түркістан өлкесін басқарудағы Уақытша ереже қабылданды. XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік бұл реформалар б/ша қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Осыдан бастап қазақ жеріне орыс шаруалары, яғни кулактарды қоныс аударуы басталды. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Россиядан шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді. 1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды. Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді. Қоныс аударушылар Россияның Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Россиядан келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды. Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Россия капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды. 73.Қазақ хандығының Хақназар хан тұсында жағдайы Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (1538–1580 жж.) Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреген хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан (Қасымның баласы, 1538–1580 жж.) әрекет жасады.Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Аумағы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.Хақназар сыртқы саясатын Ноғай Ордасынан бастады. Жайықтың сол жағалауындағы ноғайлар Қазақ ханының билігіне өтті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді.Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс, солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай одағының ыдырауы, оның бір бөлігінің қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моңғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауараннахрдағы Шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, шайбани әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен қазақ ханы Хақназар «қастаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «анттастық шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы оңды болды. XVI ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар қазақ хандығын да нығайта түсті. 74.Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығындағы соңғы реформасы Дала генерал-губернаторлығы – Ресей империясының 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы ширегіндегі әкімшілік аймағы.1882 ж. 18 мамырда ұйымдастырылған. Орталығы - Омбы қаласы болды. Дала генерал-губернаторлығына Ақмола, Семей, Жетісу облыстары қарады. 1891 ж. 25 наурыздагы "Дала ережесі" бойынша оған Орал, Торғай облыстары қосылды. Дала генерал-губернаторлығы шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркістан генерал-губернаторлығының Ферғана және Сырдария облыстарымен, батысында Бөкей ордасымен және Самар губернаторларындағы. ХIХ ғасырдың отызыншы жылдарының соңында Сiбiр басқармасында бірқатар өзгерiстер пайда болды. Ережедегі кейбiр жарлықтар Қазақстанды қайта құрудағы қатаң саяси жаңа талаптарға жауап бере алмады. 1838 жыл Сiбiр комитетiнiң астанасы жабылғандығымен белгілі болды. Орталық басқаруды әскери әкiмшiлiк басқару iсi жүргiзiлген аумақтарға жақындату қажет едi, өйткенi. 6 сәуiр 1838 жылы Омбы облысы ауыстырылған болатын. Омбы Тобыл губерниясының округi болды, яғни жаңа округ құрылды. Қазақ даласын басқару iсi қайта ашық Шекаралық Басқаруға берілген болатын. 1839 жылы Омбы қаласы жүйелі түрде Батыс Сiбiр генерал-губернаторының орталығы болады және мұнда Батыс Сiбiр әскери-топографиялық түсiрiмінің Корпусының бас штабы, провианды комиссия, Сiбiр округiнiң артиллериялық гарнизоны мен жандармдар басқарымының 8 округтық корпусы орналасқан еді. Осыған байланысты қаланың саяси беделi жоғарылады. 1865 жылы қазақ даласын басқаруға жаңадан Дала комиссиясы құрылды. Тек 1868 жылдың 21 қазанында Ақмола мен Семей облыстары туралы жобаға қол қойылды. Реформалар өздерінің негізгі функцияларын жалғастырған еді, яғни көшпендiлердің өз дәстүрлерінің бiртiндеп жойылуын, билер мен старшындар басшылығына шек қою және туыстық аристократияның әлсiреуiне әкеп соғатын еді.. 1867-1868 жылдардағы жағдай уақытша тек екі жылдық тәжирибе жүзінде болатын. Бiрақ тек 21 наурыз 1891 жылы Ақмола, Семей, Жетiсай, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы жағдай нақты қабылданған еді. |