Главная страница
Навигация по странице:

  • 90. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісімді талдап қорытыңыз

  • Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз


    Скачать 322.43 Kb.
    НазваниеТариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
    Дата01.03.2023
    Размер322.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз.docx
    ТипДокументы
    #963368
    страница22 из 23
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

    87КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы тұжырымдаңыз 

     

    КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.

    1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді.

    Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.

    1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.

     

    88Тәуелсіздік жылдарындағы халық санақтары және оның қорытындыларын (1999 ж., 2009 ж., 2021 ж.). тұжырымдаңыз

     

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 28 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының 2009 жылғы ұлттық халық санағы туралы» қаулысымен сәйкес, 2009 жылдың 25 ақпанынан 6 наурызына дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында екінші Ұлттық халық санағы жүргізілді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметі халықтың өмір деңгейін жақсарту мақсатында, денсаулық сақтау, білім беру, сауда кәсіпорындар, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындар желісімен және коммуналдық өріс қызметімен толық қамтамасыз ету үшін халықтың тұрмыс жағдайын және инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған бағдарламасын жетілдіп жатыр.

    Бірақ ешқандай бағдарлама республика аумағында, облысында, елді мекенде тұратын халықтың дәлсанын білмей жасалына алмайды. Атап айтқанда, әр 10 жыл сайын халықтың нақты сипаттамасы туралы мәліметті жинау, өңдеу, беру мақсатында Халық санағы өткізіліп отырады.

    Республика Үкіметі халық санағының маңызды екенін ескере отырып осы жұмысты өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөліп отыр.

    Ең алғашқы халық санағы 1827 жылы Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде, одан кейін 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары Бүкілодақтың құрамында болған кезде өткен. Қазақстанда алғашқы халық санағы 1999 жылы өтті.2009 жылғы халық санағына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 15 миллион 778 мың адам тұрады. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл деректерге нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні сөзсіз. Елімізде халық санағын өткізуге жан-жақты дайындық жасалынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы белгіленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орындарында 20 пайыз жалақысы сақталып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұмысына бақылау жасайтын нұсқаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар органдарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дайындықтан өткізілді. Алдын ала белгіленген есеп бойынша бір есепші-санақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу.

    Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағдайлар. Халық санағының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға дайындықтың индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы дамыған елдерде тұрақты 10 жыл сайын, тіпті кейбір мемлекеттерде 5 жыл сайын өткізіліп тұрады. Өйткені, елдің ұлттық статистикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы халықтың жағдайы туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.2008 15 ақпанда “2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы” Үкіметтің қаулысы шықты. Осы комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрліктердің, агенттіктердің басшы қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, тағы басқа да лауазым иелері енгізілген. Осы тектес комиссия біздің облысымызда да бекітіліп, оған мүше ретінде облыстағы департамент, басқармалардың басшы қызметкерлері енгізілді. Қазірде осы комиссия санаққа қызу дайындық жұмысын жүргізуде. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар жасалды. Мысалы, ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімі және Статистика департаменті бірлескен бұйрық жасап, осының нәтижесінде әр санақ бөліміне учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Халық арасында бұқаралық-түсіндірме жүргізу, санақ кадрларын іріктеу мен оқыту, материалдық-техникалық қамсыздандыру сияқты толып жатқан мәселелер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Осы қағиданы есте ұстаған комиссия мүшелері облыстағы органдарды жұмылдыра жұмыстар жасалды.

    Әр тұрғын санаққа қатысуды өзінің борышы санап, санақ барысында толтырылуы тиіс парақшаларды мұқият зерделей отырып, шынайы түрде мәліметтер берді. Санаққа дайындықтың маңызды бағыттарының бірі –бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру. Бұл ақпараттарда елдің барлық тұрғындарына санақ жүргізілетіндігі туралы ақпарат беру, санаққа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ынталандыру, санаққа күштеп, мәжбүрлеп қатыстыруға жол бермеу сияқты мәселелер қамтылуы қажет.

    Халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында жүргізіледі. Санақ халықтың нақты тұрып жатқан жері бойынша ғимараттарды аралау, сауал салу негізінде тұрғындар тізіміне мәліметтерді жазу арқылы есепшілер дайындаған санақ парақшаларына мәліметтерді түсіру деген сөз.

    Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, ел аумағында үнемі тұратындар санақ кезінде ел ішінде болғандығына немесе уақытша болмағандығына қарамастан, санақтан өткізіледі.

    Халық санағы сәбилер үйінде, балалар үйінде, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттарда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, мейрамханаларда және басқа да мекемелерде сол мекемелердің әкімшілігі бөлген есепшілер арқылы жүргізілді. Ал, тұрғылықты тұратын жері жоқ азаматтардың санағы есепшілермен кездесетін орындарда өткізіледі. Бұл үшін осы санаттағы азаматтарға халық көп жиналатын жерлерде: вокзалдарда, автобекеттерде, стансаларда, аэропорттарда, сондай-ақ алысқа баратын пойыздарда да санақ пункттері құрылды. Тұрғындардың ескеруі тиіс бір жәйт, азаматтар туралы жеке мәліметтерді қолдану тәртібін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

     

    89Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы нәтижелеріне баға беріңіз 

     

    Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі іс-қимылы әлемдік қоғамдастықтың көз алдында. Осы орайда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына биыл (ҰҚШҰ) төрағалық жасап отырған еліміздің ұстанған негізгі бағытын ерекше атап өтуге болады.

    Жалпы, ауқымы кең БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ және ҰҚШҰ секілді бірлестіктердің қызметінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, ядролық қаруды жою және таратпау, кедейшілікпен күрес, азық-түлік қауіпсіздігі, саяси-экономикалық ынтымақтастық, экологиялық түйткілдер сынды басқа да өзекті мәселелерді қамтыған қазақстандық бастамалар бойынша қолға алынған шаралар жеткілікті. Бұлардың арасында аймақтық бірлестік болғанымен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өзіндік зор ықпалын тигізіп отырған, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері мүше болып табылатын ҰҚШҰ жұмысын жандандыруда шешуші рөлге ие Қазақстан тарапы белгілеген басымдықтардың аталған ұйымның негізгі бағыт-бағдарын айқындаудағы маңызы айрықша.

    Былтыр бұл бірлестікке мүше мемлекеттер Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл және осы келісім негізінде оның ұйым ретінде құрылғанына 15 жыл толғанын атап өткені белгілі. Саясат және қауіпсіздік саласында маңызы зор бұл екі бірдей мерейтойдың Минскіде (Беларусь) өткен қорытынды жиыны – ҰҚШҰ-ның бас органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында аталған бірлестіктің 2018 жылғы төрағасы болып Қазақстан бекітілген-ді.

    Осы алқалы жиында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық және халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету секілді стратегиялық басымдықтар қамтылған негізгі міндеттерді нақтылап берген болатын. Халықаралық және аймақтық бірлестіктерге төрағалық етуде мол тәжірибе жинақтаған Қазақстан бұл жолы да әлемдік сын-қатерлерді екшеп, оларды алдын-алуға байланысты басты мәселелердің күн тәртібіне қойылуына мұрындық болды.

    Осы арада жоғарыда айтылып өткен, Минскіде ұйымдастырылған мерейтойлық сессияда Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен басым міндеттерге қысқаша тоқтала кетейік.

    Мемлекет басшысы Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық жасайтын 2018 жылы мүше елдердің әскери саладағы өзара ынтымақтастығын, іс-қимыл көлемін кеңейту ісіне баса назар аударылатынын жеткізді. Осы орайда әскери-техникалық саладағы серіктестікті нығайтудың маңызы айқындала түседі. Бұл өз кезегінде халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті сақтау мен сын-қатерлердің алдын алуға оң ықпалын тигізеді. Сондай-ақ Елбасы ұйымның лаңкестік әрекеттерге қарсы тұрудың әлемдік жүйесін қалыптастыруға атсалысуын қамтамасыз ету қажеттігін күн тәртібіне шығарды. Бұл бірінші кезекте бірлестіктің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтуға, олармен бірлесе жұмыс істеуіне кеңінен жол ашады. Қазіргі таңда терроризм деген аждаһа барлық қауіп-қатерлердің басында тұрғанын ескере сөйлесек, ұжымдық күштерді ортақ мүддеге жұмылдырудың маңызы арта түсетіні анық.

    Бұлардан бөлек, ұйымға мүше мемлекеттердің киберқауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерге ауызбіршілікпен қарсы тұру, заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимылды жандандыру тәрізді бағыттар мен міндеттер де Қазақстан Президенті тарапынан ұсынылды. Міне, осы аталған басымдықтар қазіргі таңда ҰҚШҰ-ның жұмысында басшылыққа алынып отыр.

    Негізінде біздің еліміз күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық мәселелерді нақтылап, саяси тұрғыда дұрыс бағамдап, оларды шешу жолдарын көрсетіп қана қоймай, өзіндік батыл іс-қимылдарымен көптеген түйткілдерді оңтайландыруға белсенді түрде атсалысып келеді. Бұл іс-қимылдар шежіресіне тереңірек шолу жасар болсақ, тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытындағы Қазақстанның бітімгершілік бастамаларының, саяси кикілжің орын алған аймақтардағы дағдарыстарды дипломатиялық жолмен реттеудегі қадамдарының, адамзатты толғандырып отырған түрлі жағдаяттарды шешуге қатысты аса маңызды жобаларының тұтас тарихына куә боламыз. Әсіресе еліміздің әлемдік ауқымдағы іс-қимыл үдерісі 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымен, осы Кеңеске 2018 жылдың қаңтарында төрағалық етуімен жаңаша сипатқа ие болды. Бұл жасампаздық жолы Қазақстанның ҰҚШҰ-ға жетекшілік жасауы арқылы өз сәтімен жалғасын тауып отыр.

    Әлемдік қоғамдастықтан жоғары бағасын алып, беделді ұйымдар қатарынан көріне білген ҰҚШҰ жұмысының нәтижелі болуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан енгізілген ұсыныстардың оң әсерін тигізгенін баса атап өткеніміз жөн. Аймақтық бірлестік ретінде құрылғалы 15 жылдан астам уақытты артқа тастаған ҰҚШҰ аясындағы келісімдердің нәтижесінде қазіргі кезеңде елімізге шетелдік қару-жарақ, әскери техникаларды жеңілдікпен сатып алуға жол ашылып отыр. Мұның бюджет қаржысын үнемдеп, әскери құрылымдарымызды, құқық қорғау саласын жаңа әрі озық үлгідегі қару-жарақтармен және техникамен қамтамасыз етуге берілген үлкен мүмкіндік екенін түсінуіміз қажет. Бұл мәселеге қатысты ҰҚШҰ көлемінде көпжылдық Әскери-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы бекітілгенін, соның арқасында әскери техника мен қару-жарақтар саласында қызмет көрсететін құрылымдардың жүйесін құру ісі жүзеге асырылып жатқанын айта кетуіміз керек. Бұл өз кезегінде отандық әскери өнеркәсіптің әлеуетін көтеруге, заман талабына сай дамытуға кеңінен жол ашатыны анық.

    Сонымен қатар әскери сала мамандарын бірлесе дайындау шарасы да ҰҚШҰ шеңберінде оңтайлы жүзеге асуда. Бұл еліміздің әскери сала қызметшілерінің Ресей мен Беларусь елдерінде әскери жоғары оқу орындарында ақысыз немесе жеңілдікпен оқуына мүмкіндік береді.

    Бүгінде ұйым аясында құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар қызметі органдарының арнайы мақсаттағы бөлімшелерін, бітімгершілік күштерді қамтып отырған ұжымдық қауіпсіздік жүйесі өз деңгейінде жұмыс істеп тұр. Қазір халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күреске ерекше көңіл аударып отырған ҰҚШҰ-ның жұмысында аталған жүйенің қызметі зор. Жоғарыда айтылып өткен бөлімшелер түрлі оқу-жаттығу шараларына белсене қатысып, уақыт талабына сай өз деңгейлерін көтеруде.

    Биыл Қазақстан төрағалық етіп отырған ҰҚШҰ арнайы бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде өз жұмысын жүргізуде. 2025 жылға дейінгі аралықты қамтитын бұл жоспар әлемдік және өңірлік сын-қатерлерді ескере отырып, ұжымдық күштерді біріктіруді, өзара әріптестікті нығайту арқылы қауіп-қатерлермен жұмыла күресуді көздейді. Сондай-ақ орта мерзімге арналған аталған құжатта ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықты арттыру ісі қарастырылған.

    Қорыта айтқанда, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – әлемдік маңызды мәселе. Осы орайда халықаралық және аймақтық қауіпсіздік шаралары тең дәрежеде қарастырылуы тиіс. Сондықтан Орталық Азия өңіріндегі ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды бір ізге түсіре үйлестіруде маңызды құрал болып табылатын ҰҚШҰ-ның қызметі біз үшін өзге де ұйымдар секілді аса маңызды. Сол себепті біз ұйымның Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған, ең тиімді әскери топтасу болып саналатын Ұжымдық жедел ден қою күштерінің және Ұжымдық әуе күштерінің қызметіне, түрлі келеңсіз жағдаяттардың алдын алу шараларын қамтитын, бірлестік аясында өтетін «Канал», «Нелегал» сынды операцияларға айырықша маңыз берілуінің мәнісін түсіне білуіміз қажет. Өйткені Қазақстан тарапы белсене атсалысып отырған ҰҚШҰ аясындағы әрбір шара халықаралық және өңірлік тұрақтылықты сақтауға, жаңа сын-қатерлерге қарсы лайықты күресуге негізделген.

     

    90. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісімді талдап қорытыңыз

     

    Еліміздің тәуелсіздік алған 25 жылдың ішіндегі ең ірі жеңісіміз бен маңызды жетістіктеріміздің бірі – елімізде діни наным-сенім бостандығының, діни еркіндіктің толық бекуі, оның ішінде дінаралық татулықтың өркендеуі, барша халықтың 70 жылдық атеистік өмірден кейін өз діндерімен қайта еркін қауышуы десек, артық айтқандық болмас. Иә, бұл тәуелсіздіктің бізге берген бақыты, үлкен сыйы. Қазақстан – келісімді діни қатынастардың жоғары деңгейіне қол жеткізген ел. Біз конфессиялық сан алуандығымен ерекшеленетін әлемдегі азын-аулақ елдердің қатарына кіреміз. Біздің республикамыздың конфессияаралық келісімдегі құнды тәжірибесі әлемге танымал болып отыр. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде діннің игілікті рөлі артып, оның имандылық, рухани және әлеуметтік функциялары күшейе түсуде, дінге сенушілер мен діни нанымдағылар көбейіп, діни бірлестіктер қызмет атқаруда. Олардың қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық келісімді нығайтуға, қоғам мен мемлекеттің дамуына өз үлестерін хал-қадірінше қосып отырғандары бәрімізді қуантады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», деп анық бекітілген. Ар-ождан бостандығы – ең алдымен жеке адамның кез-келген идеологиялық бақылаудан бостандығын білдіретін адамның негізгі жеке құқықтарының бірі, әркімнің рухани құндылықтар жүйесін өз еркімен таңдау құқығы. Ар-ождан бостандығы адамның абсолюттік құқығы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның ар-ождан және діни сенім бостандығына кепілдік береді, сондай-ақ, 
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


    написать администратору сайта