Тарих_а дейінгі кезе_дегі адамны_ м_дениеті туралы жазы_ыз. Тариха дейінгі кезедегі адамны мдениеті туралы жазыыз
Скачать 322.43 Kb.
|
37. Түргеш мемлекетінің құрылуы және нығаюы туралы жазыңыз Түргеш қағанаты (түркіше: 𐱅𐰇𐰼𐰏𐰾 - Türügesh) — 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатыныңыдырауы нәтижесінде құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктерін этникалық емес, саяси жағынан қарастырған жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты - "қара түргеш" деп атаған.) Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра түсті. Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісудаөз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінің әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он оқ бұдун» құрамына кірген тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. 694 жылы таққа отырған Ашина Туйцзы тибеттіктермен одақтаса отырып, шығыста қытай әскеріне қарсылық ұйымдастыруға әрекет жасаған кезде, Жетісудыңөзінде азғыр Нүзұқ-Иркин, түргеш Чыкан және ұлық-оқ тайпасының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекінісін қоршауды ұйымдастырған, бірақ шежірешінің сөзіне қарағанда, олар жеңіске жете алмаған. Мұның өзі, шындыққа үйлеспейтін болса керек. Қалаға шабуылдың сәтсіз аяқталуы туралы шежірешінің сөздері өкілдердің мәлімдемесіне ғана негізделген. Әдеттегідей, шайқастың қалай болғанын нақты суреттеп баяндау жоқ, шежіреші тек «жеңілді» дейді де қояды. Ол былай тұрсын, бұдан кейін бірден аймақтың халқын тыныштандыру үшін түрік Хусэлоның бастауымен қосын ұйымдастырылды (бұлар түріктерден құрылған болуы керек) делінеді. Бірақ жорыққа әзірленіп жатқан кездің өзінде қағанатта жаңа бір күш пайда болады да, мұның куаттылығы соншалық, Хусэ- ло батысқа жорық жасаудың орнына асығыс түрде тайып тұрады. Бұл күш Баға тархан деген атағы бар Үшлік бастаған түргештер болды. Бытыраңқылық және Хусэлоқағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын 20 аймаққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік-батыс жағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп, оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кіші ордасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда XI ғасырда да тұрған, мұны Махмұд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айтылғандай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен (яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста — хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Тұрфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерді алып жатқан». Бұл екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұрған болатын. Үстемдік үшін күрестің барысында Іле түргештері Қапаған қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды. Олардың арасындағы күрес көріністерінің бірі Ертістен бір түндік жердегі Бөлу Шу өзені бойындағы шайқас болып табылады. Шу түргештері (басқаша айтқанда, сары түргештер) қатты жеңіліске ұшырады, мұның нәтижесінде үстемдік олардың бәсекелестеріне (қара түргештер, бұлар өз ордасын Таласқа көшірді) ауысты. Бұлар қаған тағына қара түргештердің шапыш (чэбиши) тайпасының өкілі Сұлуды отырғызды. Құжаттар сол кездегі Түргеш қағанатында әлеуметтік өзгерістердің болғанын көрсетеді. «Жаңахында» былай делінген: «Шығындар (ақсүйектердің) күн сайын өсіп жатты, ал қор дегенің болған жоқ. Соңғы жылдары ол (қаған) тапшылықты сезіне бастады, сондықтан талап алынған олжаларды бірте-бірте бөліске салмай, өз қолында ұстады. Міне, осы кезде бағыныштылар да одан бөлініп шыға бастады». Дау-жанжалдар қара түргештер мен сары түргештердің билеуші топтары арасындағы күреске ұласты. 738 жылы Сұлу қаған өлген кезден бастап бұл күрес өте-мөте шиеленісе түсті. Шежіреде айтылғандай, Түргеш қағанатында «Сақалдың ұрпақтарын сары рулар (сары түргеш) деп, ал Сұлу ұлысын қара рулар (қара түргеш) деп атайды, (олар) бірімен-бірі жауласады, біріне-бірі сенбейді». Түргеш шонжары шумекен Бекан-Күлүг-шорасының (Фу- Янь-Цюэлю-чо) хатында да осы туралы айтылады: «Біз далада, толқып тұратын елде тудық, біріне-бірі шабуыл жасап, кескілесіп жатады...»[1] Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түрік қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үшлік қаған (704-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасады. Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сұлу қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер үш майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті, солтүстікте Шығыс Түркі Қағанаты күш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сұлу шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сұлу қағанды арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылұлудықты өз қолбасшысы Б ға-Тархан өлтіреді. 38. 1930-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуалы туралы баяндаңыз. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы. 30-шы жылдардағы алапат ашаршылық ұлттық апат – кездейсоқ тап болған зобалаң емес. 1917-1919 жж. Түркістан Республикасына қарайтын Сырдария және Жетісу облыстарында көшпенді халықтың миллионнан астамы, яғни бір ширегі опат болды. Мұның басты себебі – өлкедегі кеңес билігінің қолдарындағы қару-жарақ күшімен құлаған режімнің қанау саясатын жалғастырғанында жатқан. Бұл ХХ ғасырда қазақ халқының басына түскен ұлттық апаттың бірінші кезеңі еді. Екінші кезең Қазақ Республикасында 1921–1923 жылдары орын алды. Оның да басты себебі – жергілікті халықтың отарлық қанау салдарынан кенеуі кете бастаған дәстүрлі шаруашылығын әуелі азамат соғысы, одан соң орталықтың азық-түлік жинау жасақтары одан әрмен күйзелтуінде еді. Қазақ халқы сол шақтағы жалпы санының тағы да бір ширегін жоғалтты. Қазақ қайраткерлері ұлттық межелеу нәтижесінде екі өлкедегі жер-суы мен халқы бірігісімен, ашаршылықтың Үлкен Қазақстанда қайталануына жол бермейтін амалдарды қарастырған. Ресей Компартиясы Қазақ обкомының 1925 жылғы сәуір пленумында мал бағудың көшпенді түрі – егін егуге қолайсыз даланы шаруашылық кәдесіне асырудың бірден-бір ықтимал тәсілі ретінде мойындалды. Сондықтан да жайылымдарды суландыру, жем-шөп әзірлеу, қой тұқымын асылдандырып, құрамының сапасын жақсарту үшін көшпенді халыққа кең көлемде несие беруді аса маңызды шара деп тапты. Сөйтіп Қазобком пленумы ауылшаруашылық несиелерін ауылға тікелей бағыттау, кооперацияны күшейту жайында тиісті шешім шығарды. Кең даланы игерудің бірден-бір тиімді жолы – көшпенді мал шаруашылығын дамыту екенін қаулысында атап көрсетті. Мал бағуды ынталандыру, оны одан әрі өркендету үшін арнайы қаржыландыру, өнімдерін тиімді жолмен қалаларға тасымалдап тарату әдістерін, халықты жерге орналастыру реттерін қарастырды. Бұл мәселелер бойынша іргесі кеңейген республика Кеңестерінің Ақмешіттегі 1925 жылғы сәуірде өткен тұңғыш съезінде жан-жақты ойластырылған қарарлар қабылданды. Алайда олардың орындалуына Мәскеу кедергі келтіре берді. 1925 жылғы қыркүйекте Қазақстанды басқаруға келген БК(б)П Орталық Комитетінің эмиссары Филипп Голощекин тоталитарлық ойлау жүйесінің қазақстандық «ұлы құрылысшысы», яғни сол кезгі қайраткерлердің өздері атап айтқандай, диктаторға айналып, ұлттық мүддені көздейтін шешімдерді қилы большевиктік айла-амал қолдану арқылы жоққа шығарумен шұғылданды. 1927 жылғы БК(б)П XV съезі шешімі бойынша елдің ауыл шаруашылығы 1932 жылдың көктеміне дейін жеке қожалықтардан ұжымдық шаруашылықтарға айналып үлгеруге тиіс еді. Партия алға қойған осы міндетті орындау үшін, 1928 жылғы 27 тамызда Қазатком жартылай феодалдарды тәркілеу туралы арнайы декрет шығарды. 1928 жылғы 13 қыркүйекте тәркілеуге қарсылық көрсеткендерді қылмыстық жауаптылыққа тарту және байларды жер аудару туралы қаулы қабылдады. Тәркілеу соңынан «Алаш ісі» атанған саяси репрессиялар басталып, «кеңес өкіметінің қас-дұшпандары» деп танылған алаштықтарды түрмеге жапты. 1930 жылғы 19 ақпанда ауыл шаруашылығын социалистік тұрғыда қайта құру ісін нығайтуды және кулактар мен байларға қарсы ымырасыз күресуді көздейтін қаулы қабылданды. Халыққа қисынсыз ауыр салықтар салынды. Тәркілеу мен ұжымдастырудағы солақайлықтар салдарынан республиканың әр жерінде үш жүзден астам халық көтерілісі туды, олар әскери күшпен басып-жаншылды. Соның бәрі ел-жұртты жаңа апат иіріміне құлатты. Ұлттық Апаттың үшінші, ең қасіретті кезеңіне айналған сол 1931–1933 жылдары көшпенді халықтың жартысына жуығы аштан қырылды. Шамасы жеткендер басқа өлкелерге босып, шетелдерге өтіп кетті. Мал басы он шақты есе азайды. 30-шы жылдардың басында аштан бұралған алғашқы босқындардың пайда болуы мен үдеп келе жатқан аштық күйзелістері жайында жер-жерден жекелеген азаматтар Мәскеуге, Алматыға жеделхаттар жөнелтті. Ф.Голощекиннің атына 1932 жылғы 4 шілдеде өлкекомның жауапты қызметкері Ғабит Мүсірепов, Қазмембаспа меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Комвуз басшылары Мұташ Дәулетғалиев пен Емберген Алтынбеков, Госпланның сектор меңгерушісі Қадыр Қуанышев қол қойған «бесеудің хаты» түсті. Хатта ауыл шаруашылығындағы құлдырау деректері келтірілді (1930 жылғы 40 миллион бас малдан 1932 жылы 5 миллион ғана қалған еді). Қазақтар арасында аштан өлудің тым көбейіп кеткені және осынша мүшкіл халге «солшылдық» асыра сілтеулер мен Қазөлкекомның қате саясаты жеткізгені айтылды. 39. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі туралы жазыңыз
40. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық деректер мен зерттеулер туралы жазыңыз ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс және батыс европалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғолдық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» және «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған. ХІІ-ХІІІ ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа – ақсүйек нояндарға және еңбекші халық – араттарға бөлінді 1207-1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжіңді) бағындырды. Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді. Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қаз-нды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлікханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе Ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. моңғолдар Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағықалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс ханұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахыМұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді. 1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды.Бұхар, Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол әскерлеріныңбасшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды. Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «моңғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгіжағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді.Жошының ордасы Ертіс алқабындаболды. Шыңғыс ханның екіншібаласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды. Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жеріқарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы. Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді. Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді |