Әлемдік туризм. Туризм географиясы
Скачать 0.5 Mb.
|
§ 2 Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәні және негізгі функциялары Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына түрлі мақсат қояды. Біреулері қызыктыратын жерлерді тамашалағысы келеді, басқалары - орманның не таудың тамаша таза ауасында демалып рахаттанғысы келеді, үшіншілері спорттық мақсатта туристік жорыққа аттанады. Рекреация мен туризм функциялары негізгі мақсатына карай танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік функцияларына бөлінеді. Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді. Жергілікті қызықтыратын нысандарды тамашалаған кезде адам ақыл-ойын осыған бағыттайды, яғни адам миы психологиялық жүктемесінен босайды. Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық, шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады. Таным - адамның психологиялық күшін қалпына келтірудің ерекше түрі. Табиғи-климаттық орындарының оң қасиеттеріне колайлы климат, желсіз ашық күндер, орман, тау, теңіз, көл, өзендер жатады. Мәдени-тарихи орындары - бұлсәулет ескерткіштері, мұражай-лар, көркем галереялары, театрлар және басқа да объектілердің жиынтығы. Этнографиялық объектілерге жергілікті халықтың салт-дәстүрі, киімі, аспаздық өнері, фольклор жәнебасқа да халық шығармашылығының қырлары жатады. Шаруашылық объектілеріне белгілі бір аудан шаруашылығының жетістіктері жатады. Сонымен қатар, белгілі жерге бару себептеріне жергілікті оқиғалар, мысалы, фестивальдар, конгрестер, мэжілістер, жәрмеңкелер, карнавалдар, ауқымды спорт жарыстары жатады. Туризмдегі тану туризм маршрутына, туризм мүмкіншіліктері мен мүдделеріне байланысты. Бұл жағынан туризмді ғылыми және саяси білімдерді таратудың ең тиімді түрлерімен салыстыруға болады. Туризм қоғамның басты міндеттерінің бірі - адамды тәрбиелеу міндетін орындауға септігін тигізетін болғандықтан, оның танымдық қасиетін арттыру қажет. Туризм арқылы сауықтыру - адамның физикалық және психо-логиялық шаршауын басу жолы болып саналады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді. Туристік жорықтарда адамның психофизиологиялық қасиеттері, дағдысы қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне көмектесуге, қойылған мақсатты орындауға бейімдейді. Соңғы кездегі туризмнің қарқынды дамуы ғылыми-техникалық революцияға байланысты. Адамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы, білім мен мәдени деңгейінің өсуі, бос уақыттың көбеюі туризмнің дамуына қатты әсерн тигізеді. Қазіргі шақта рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту болыптабылады. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, қазіргі өмір салтының әлементі. Туризмнің патриотизмді тәрбиелеудегі зор маңызын атап айту қажет. Өз елінде саяхат жасағанда турист өз елінің жетістіктерін, сүлу табиғатын, жұрттың өмірін көріп тамашалайды. Сонымен қатар, туризм табиғатты қорғау санасын тәрбиелейді. «Рекреация» мен «туризм» ұтымдары баршаға мэлім, бірақ ғалымдардың өздері де осы үтымдардың дәл анықтамаларын бере алмай тұр. Дегенмен, олай болса да, соңғы кездегі «рекреациялық миграцияның» қарқынды дамуына ешқандай кедергі жоқ. Халықаралық туризм әлемшаруашылығының жетекші салаларының бірі. Оған әлемнің жалпы ішкі өнімінің (ЖЮ) 11%, әлем экспортының 6%, жұмыс орындарының 10,5% келеді. Туризмнің жаһандану ұрдісі өтуде, халықаралық туристік байланыстар әлем халықтары арасындағы қатынастардың географиялық ауқымын кеңеюіне және олардың қарқындылығына себепкер болуда. Қазіргі кезде әлем халқының 10% өз елінен шетелге туристік мақсаттармен аттануда [9]. Туризмнің осындай дамуының бірнеше себептері бар. Оның ішінде ең басты себебі - бұқаралық туризм дамуы кезеңіне сәйкес болған, ғылыми-техникалық революциясы нәтижесінде көрініс тапқан материалдық өндіріс сферасындағы қоғамдық еңбек өнімділігінің қарқынды дамуы. Еңбек өнімділігінің деңгейі еңбекшілердің жеке және қоғамдық қажеттілігінің өтелуін көрсетеді. Материалдық, оның соңынан мәдени деңгейінің өсуі тұтгну құры-лымына өзгерістерді енгізеді: жұрттың материалдық қажеттіліктері-нен қызметтерге деген сұранысы жылдамырақ өседі. Мұның себебі - адамның қарапайым қажеттіліктерінің (тамақ, киім мен баспана) белгілі шектелуі болады, ал адамның зиялылық, интеллектуалдық сұраныстары оған қарағанда шексіз. Бұрынтек ақсүйектер қолы жеткен артықшылықтар бүгін еңбекшілердің кең қауымы үшін асқар таудай емес. Жоғары экономикалық көрсеткіштер бүгін адам қажеттіліктерін өтеу сайманы, өмір деңгейін жоғарылату құралы болып табылады. Материалдық өндіріс аясындағы еңбек өнімділігінің өсуі нәтижесінде қоғамдық өнім шығаруға бұрынғыға қарағанда аз уақыт жұмсалады. Бір жыл шамамен 9000 сағатқа тең. 1850 жылы осы уақыт былай жұмсалған: 5000 сағат - жұмыс уақыты, 3000 сағат - үйқыға, 1000 сағат - жұмыстан тыс уақыт (үйқы уақытынсыз). 200 жыл өткен соң: 3000, 3000 және 3000 сағат [1]. Сөйтіп, жұмыс уақытының қысқартылуы мен бос уакьптың көбеюі ушін экономикалық алғышарттар туды, яғни рекреациялық іс-әрекеттің дамуы факторларының бірі - еңбекшілер бос уақытының көбеюі болды. Жұмыстан бос уақыт мөлшері жұмыс уақытынан асып кетуі күтілуде. Әрине, онда да өндіріс және адамның еңбекке деген ықыласы адам өмірінің мәні болып қала бермек. Рекреацияға көпшілік қатысуының тағы бір алғышарты - көліктегі прогресс болды. Бүның себебі тек жылдамдықтың өсуі ғана емес: көлік тарифтерінің төмендеуі, қоғамдық көлік құралдары санының өсуі және жекеменшікті колік құралдарының пайда болуы. Әлемде миллиардтан астам жеке көлік құралдары бар. Әрине, колік сферасы жақсы дамыған көлік инфрақұрылымын қажет етеді. О л бүгін шартараптың ең алыс аудандарын, мемлекеттердегі елді мекендерін бір-бірімен байланыстыратын колік жүйесіне айналуда. Көлік жылдамдығы арқасында жолда болған уақыт қысқарады және де рекреациялық аудан немесе орталықта өткізген уақыт мелшері өседі, сөйтіп, өз қонысынан оте алыс орналасқан жерге баруға мүмкін болады. Бүгін Еуропадан Жердің кез келген ауданына ұшақпен сағат ішінде жетуге болады. Тарифтердің томендеуі арқасында туризмге қаражаты темен жұртта қолы жететін болды. Көлік түрлері арасындағы ұлттықжәне халықаралық ауқымдағы үйлестіру шарала-ры туризм үшін оте маңызды. Рекреациялық миграциялардың тағы бір факторы - халықтың ірі индустриялық орталықтарда шоғырлануының кері салдарла-ры. Механикаландыру мен автоматтандыру нәтижесінде физикалық ауыртпалық томендейді. Бұл, әрине, жеңілдік, бірақ жұмыстан тыс уақытта да физикалық ауыртпалықтың болмауы гиподинамияға, яғни қозғалыстың жетіспеуіне әкеліп соғады. Осыған орай қозғалыстың жетіспеуін толықтыратын белсенді рекреациялық іс-әрекеттердің рөлі артады. Гиподинамиямен бірге эмоциялық, яғни сезімдік шаршау қоса жүреді. Оның себебі - қазіргі өндірістің күрделілігі, омірдің қиын жайлары және жұмыстан тыс ортаның кейбір ерекшеліктері, атап айтсақ, корініс пен дыбыс тітіркендіргіштердің тез ауысып түруы, ауаның ластануы, ақпараттың ағыл-тегіл келуі, жылу қолайсыздығы (жаздағы ыстық, қысты күнгі аяз). Рекреациялық іс-әрекет осылардан аз да болса күтқарады. Бұлар капиталистік не дамушы елдерге тән рекреациялық «жа-рылыстың» басты себептері. Елдер арасындағы туристік байланыстардың үлғаюына саяси тыныштық та әсеретеді. Қазіргі таңда ішкі және халықаралық туризм тек маңызды құбылыс кана емес: бұлқұблыс қоғам алдыңда бұрынғыдай тек эмпирикалық әдістермен шешілмейтін күрделі міндеттерді арттырады. Туризм негіз салушы және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Шынында да, рекреациялық миграциялар саны ондаған, тіпті жүздеген миллиондарға жетті. Қазірдің өзінде жыл сайын келетін туристер саны елдің халық санынан асып кететін мемлекеттер бар. Мысалы, 7,8 млн халқы бар Австрияға 9 млн. турист келеді, 6,9 миллиондық Швейцарияға - 7 млн., 250 мың ғана халқы бар Бағам аралдарына- 1,5 млн. Рекреацияның қарқындылығы мен ауқымдылығы осы әлеуметтік-экономикалық құблыс мағынасы мен негізгі функциялары жоніндегі мәселені қойып тұр. Қазіргі әдебиет көздері адамның түратын орнынан уақытша сапарға аттануын әртүрлі себептермен (түрткілермен) түсіндіреді. Себептер мен түрткілер саны оңай, еркін түрде біресе көбейеді, біресе азаяды, дегенмен оларды әлеуметтік маңызы тең емес бірнеше дербес топтарға бөлуге болады. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша инстинкттерге негізделген миграция түрткісі бірінші орын алады. Олар саяхат-құмарлық барлық адамдарға тән қасиет деп есептеуде. Мүлда адам қылықтарының биологизациясы байқалады, қажеттілік пен инстинкт ұғымдары шатастырылады және қажеттілік орнына инстинкт қойылады. Тагы да басқа зерттеушілер инстинкт ұғымына қарсы қажеттілік ұғымын енгізеді. Осы ұғым негізінде адам қылықтарының мотивациясы жөніндегі ілім инстинкт негізіндегі ілімге қарағанда жаңа жолға қойылады. Қашан да болсын инстинкт адам дүниеге келгенімен бірге пайда болады. Ал қажеттілік болса, ол инстинкттен әлдеқайда күрделі жәнеәлеуметтік жайларға негізделген. Сөйтіп, адам мәні оның әлеуметтік жағдайға негізделген қылықтарында тұрады. Өндіріс күштерінің заманауи деңгейі мен белгілі қоғамдық қатынастар адам өмірінің негізінде жатыр, олар рекреацияның өсу қарқындылығы мен оның бұқаралық сипатына, мазмүлына себепкер болып тұр. Кейбір авторлар осы түрткілерді «еңбек қабілетін қалпына келтіру түрткілері», яғни белгілі өндірістік қатынастар жағдайларында өмір сүретін адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру деп біріктіреді. Сондықтан рекреация демалу мен еңбек қабілетін қалпына келтірумен теңестіріледі, адамдардың күшін қалпына келтіру қажеттілігі бұқаралық қоғамдық құблысқа айналғандығынан рекреация қоғамдық қажеттілік болып кетті. Рекреация қазір адам өмірінің қажетті шартына, кернеулерді тыю құралына, еңбек қабілетін қалпына келтіру сайманына және өндірістің өзін одан әрі жалғастыру шартына айналды. Қоғам мүддесі жағынан рекреацияның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру мен дамыту, оның рухани дүниесінің жан-жақты дамуы болып табылады. Ал, ең алдымен, қанагаттандыруға жататын ең жоғары қажеттілік - адамның рухани дүниесінің, шығармашылық қабілетін дамыту деп айткан жөн. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның мызғымас бөлігі, қазіргі өмір салтының әлементі. Рекреацияның қоғамдық функциялары бес негізгі топқа бөлінеді: 1) медициналық-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық. Медициналық-биологиялық функциясы санаторлық-курорттық емделу мен сауықтандыруда байқалады. Туризм арқылы сауықтыру -адамның өндіріс және өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басу жолы болып отыр. Әрине, бұл жалғыз әдісемес. Мысалы, ғалымдар адамның қала жағдайларында адам мен қоршаған ортасы арасындағы өзара әрекеттесуін реттейтін болашақтағы қалалардың үтымды аумақтық жоспарлануын ойластыруда. Мәдени-әлеуметтік функциясы - бұл рекреацияның ең басты, жетекші функциясы. Мәдени қажеттіліктер - бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп-түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың, тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы - жұмыс күшін қарапайым және кеңейтілген түрде толықтыру. Рекреация қоғамға қажетті уақытты сақтап қалып үнемдейді. Саяси экономия бойынша демалыс пен туризм аясындағы еңбек әуелі жинақталады да, одан кейін материалдық өндіріс қызметкерлері арқылы затқа айналады. Рекреацияның арқасында адамның еңбек қабілеті артады, толыққанды еңбек қабілеті сақталатын мерзімі өседі, ал оның арқасында аурулардың азаюы мен өмір пшрақтығы арқылы еңбек уақыты да ұзарады. Бұл жағынан рекреациялық эффект арқылы, мысалы, аурулар санының төмендеуі арқылы үнемделген адам-сағат санының үнемделуі жөніндегі есептер қызық болуы мүмкін. Экономикалық көзқарастан рекреацияның тауарлар мен қызметтердің тұтгнушылық сұранысының жаңа формасы ретіндегі рөлі маңызды. Рекреация арқылы өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортименты кеңейтетін тұтас бір шаруашылық аясы қалыптасады. Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық функцияларды атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын қарқынды дамыту; 2) еңбек сферасын үлғайту, яғни рекреациялық қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3) рекреациялық аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын балансының құрылымына үлкен әсерін тигізу; 4) шетелдік валютаны anyкөзі болатын шетелдік туризмді дамыту. Туризм еңбекшілердің саяси-идеялық тәрбиесінің маңызды құралы болып есептеледі. Ішкі туризм басынан бастап патриоттық қозғалыспен байланысты болған. Туризм жұртты табиғатты, тарихи ескерткіштерді, оқиғалар орындарын тамашалау арқылы туған жерін аялау сезімін тәрбиелейді. Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен жақындатады, сондықтан оның интернационалдық тәрбиедегі рөлі жоғары. Халықаралық туризм бейбітшілікті нығайту мен халықтар ынтымақтастығын бекітуде маңызды рөл атқарады. Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен өмір сапасына әсерн тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау және оны қалпына келтіру үшін өте кджет. Рекреациялықсұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм желілеріұйымдастырылып, туризм жүйесіреттеледі.Олүшінтабиғаты шамалы өзгерген аумақтары бөлінеді, мелиоративтік, орманшылықжұмыстар жүргізіледі, табиғи орман саябақтары жабдықталады, су ресурстары мен ауа алабын қорғау шаралары өткізіледі, осы шаралар өмір сүру ортасын жақсартады. Табиғи рекреациялық аумақ қоры адам мен табиғи ортасы арасындағы өзара динамикалықәрекеттесуін урбанизация, индустриализация, жаңа жер игеру жағдайларында өңдеуге септігін тигізеді. Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық-туристік аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялықтабиғатты оңтайлы пайдалануды жәнетабиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді керек етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың түрлерін дамытады, ресурстық әлеуетті үтымды пайдалану шарттарын қалыптастырады. Осы мақсатта рекреациялық игеру жобалары мен жоспарларын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, курорттар мен туристік орталықтарды табиғи кешендер тұрақтылығын ескерумен дамыту қажет. Қоғам сұранысының өсуі мен оның құрылымының өзгеруі нәтижесінде қорғалатын аумақтардың жаңа түрі - ұлттық саябақтар ұйымдастырылады. Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар кұнды табиғи және мәдени ландшафтарды қорғау мен демалысты ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылады. Қайталау сұрақтары 1. Рекреацияның негізгі үш мақсаттық функциясын атап беріңіз. 2. ТуризмніңXXғасырдың екінші жаршысындағы царцынды дамуының басты себептері қандайболды? 3. Адамның тұрақты өмір сүретін жерінен тыс жерге баруының себептері (түрткілері) қандай? 4. Рекреацияның қоғамдық функцияларының5 негізгі топтарына сипаттама беріңіз: - медициналық-биологияпыц; - әлеуметтік-мәдениеттік; - экономикалық; - саяси; - экологиялық. § 3 Рекреациялық қажеттіліктер – рекреациялық іс-әрекеттің кеңістік-уақыттық ұйымдастырылуының негізі Бұрынғы КСРО рекреациялық география зерттеушілері рекреациялық, іс-әрекеттің кеңістіктік-уақыттық динамикасы мен аумақтық ұйымдастырылуын қоғамдық, топтық және жеке рекреациялық қажеттіліктер анықтайды деп есептейді. Адамның кез келген қажеттілігі сияқты, рекреациялыққажеттілік өмірдің объективті жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Оларды канағаттандыру - өндіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді. Рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде қалыптасады. Рекреациялыққажеттіліктердің кеңістіктік-уақыттық динамикасы рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастырудың аумақтық форма-ларында көрініс табады. Сондықтан рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу барлық дәрежедегі рекреациялық аудандардың - демалыс пен туризм аясының жалпы мемлекеттік сүлбасынан нақты демалыс аудандары мен курорттардың функционалды зоналауына дейін - аумақтық ұйымдастырылуының қазіргі және болашақтагы формаларын зерттеуді керек етеді. Табиғи ортадағы демалыс түрін таңдау мен белгілі ландшафтқа көз салу адам мінезі мен темпераменті сияқты көп нұсқалы болады. Дегенмен, таңдауы қандай да болса, осы сұраныстарды осыған арнайы бөлінген жерсіз қанағаттандыруға болмайды. Демалыс ұйымдастыру үшін жер таратылуы қолайлы физикалық-географиялық жайларынан бұрын жұрт қажеттіліктеріне орай өткізілуі қажет. Жеке тұлғаның қолы бос уақытындағы әлеуметтік белсенділігі оның қажеттіліктері мен құлдылықтарына байланысты. Рекреациялық қажеттіліктер дегеніміз - субъектілер мен сыртқы орта арасындағы, өмірдің шын мәніндегі және қажетті жағдайлары арасындағы қайшылықтарды рекреациялық іс-әрекеттер арқылы шешу формасы болып табылады. Рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік-экономикалықдаму үрдісі кезінде сыртқы ортаның объективті факторлары әсернен қалыптасады және өмір өнімдерінің өндіріс тәсіліне, алмасуына жәнетаратылуына толығымен байланысты. Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық қажеттіліктер - қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді [5]. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер - қоғамның барлық мүше-лерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын, оның территориялық ұйымдастыру түрлерін орнатуға себеп болады. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі қажеттіліктер болып саналады. Топтық рекреациялық қажеттіліктер - белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастагы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтгнатын арнайы тобына жанүлны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі де әлеуметтік топ туризмі ретінде қарқынды дамып келе жатыр. Жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер жеке тұлғаның ден-саулығын қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара бай-ланыста болады. Жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық қажеттілік құрылымына әсеретеді, олар ар-қылы жалпы қоғамдық қажеттіліктер іске асады. Рекреацияның түрін таңдағанда адам немесе топ алдың ала бел-rimбір мақсат қояды. Жеке адамның немесе бір топ адамдардың қажеттілігі әралуан белгі бойынша жіктеледі. Сондықтан рекреациялыққажеттіліктерді жүйелі түрде зерттеу қажет. Зерттеу жұмыстары экономикалық, медициналық-биологиялық, демографиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерде жүргізіледі. Осыған байланысты рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуына белгілі бір фактор тобы әсеретеді. Рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуына әсерететін факторлар: 1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың табысы; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық қызмет пен заттардың жеке бағалары); көлік инфрақұрылымының даму денгейі; демалыстың ұзақтығы; рекреа-циялық аудандар мен маршруттар туралы жарнама және ақпарат беру; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-конуы; ұлттықдәстүрлер. 2. Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қаты-насы (урбандану дәрежесі); халықтың жыныстық-жас мөлшерлік құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; қоныстану ерекшеліктері. 3.Әлеуметтік-психологиялық факторлар: іскерлік жәнемәденибайланыстардың тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің (елігудің) әсері; жеке тұлғаның қүндылық бағыты. 4. Медициналық-биологиялық факторлар: халық денсаулығының ахуалы. 5. Табиғи факторлар: адам тұратын табиғи аумақ; аумақтың географиялық ерекшеліктері. Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға беру халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі арқылы жүргізіледі. Осындай анықтау мәселесі осы күнге дейін шешілген жоқ. Экономикалық ғылым азық-түлік, баспана және басқа материалдық игіліктерді жақсы зерттеген. Мұнда рекреациялық қызметтерді тұтынудың шынында қалыптасқан тұтгнуды көрсететін төлеуге қабілеті жеткілікті сұраныс туралы сөз қозғалып түрған жоқ, біз қажеттіліктер жөнінде әңгімелеп түрмыз. Болашақта тұтыну құрылымының өзгеріс қабілетін көрсететін рекреациялық қажеттіліктерді ескеру керек. Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға бергенде қоғамның мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескеру керек. Тек рекреациялық қажеттіліктер өзгерісінің экономикалық заңдарының негізінде рекреациялық іс-әрекеттің аумақтық ұйымдастырылу әдістері мен формаларын ойлаптабуға болады. Рекреациялық қажеттіліктер - бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің мүмкіншілігіне байланысты. Рекреациялық қажеттіліктеріне экономикалық баға берудің бір-неше: медициналық-биологиялық, әлеуметтанулық (социологиялық) және әлеуметтік-психологиялық аспектілері бар. Оның себебі -баға берген кезде қоғам мен оның мүшелерінің экономикалық мүмкіншіліктері өте маңызды, яғни қоғам мен оның мүшелерінің рекреациялық қажеттіліктеріне жүмсай алатын қаражаттары ескеріледі. Осы қаражат көлемі, ең алдымен, жалпы қоғамдық өнім көлемі мен оның таратылуына байланысты. Рекреациялық қажеттіліктерді өтеу рекреациялық тауарлар мен қызметтерді өндіру қажеті мен мүмкіндігіне байланысты. Қажеттілік пен мүмкіндік өзара әрекеттесіп, нақты елдегі және басқа елдердегі бүтінгі қажеттіліктерді қалыптастырады. Рекреациялық қажеттіліктердің медициналық-биологиялық аспектісі санаторлық-курорттық емдеудің құрылымы мен көлемімен анықталады. Аймақтық медициналық статистиканың негізінде курортологтар тұтгнушылардың санаторлық-курорттық емделу қажеттіліктерін және оларды қанағаттандырудың жиынтық балансын есептейді. Курорттар торының қажеттілігін әдетте нормативтергесәйкес анықтайды. Сауықтыру қажеттіліктері медициналық-биологиялық аспектісі жағынан әзірше нашар зерттелген. Әдебиетте рекреациялық ic-j әрекеттің медициналық-биологиялық функциялары (бұлшық етка салмақ түсіру) мен әртүрлілігіне (бір істен екіншіге ауысып түру) ғана жалпы мәліметтер кездеседі. Рекреациялық іс-әрекеттің медициналық-биологиялық функцияларының жұмыс істеу себебі адамның орталық жүйке жүйесінде жатыр: адамның жүйке орталықтары толығыментоқтағанда емес, басқа жүйке орталықтары жұмыс істегенде ғана белсене «демалады». Адам ағзасына демалыс орны мен мезгілінің, жас мөлшерінің, әлеуметтік табының, жүйке жүйесі түрінің және т. б. тигізетін әсер де дұрыстап зерттелмеген. Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық және әлеуметтік-психологиялық зерттеулері әлеуметтік топ немесе жеке тұлғаның рекреациялық қажеттілігінің қоршаган ортамен диалектикалық өзара байланысына бағытталған. Рекреациялық кеңістікті ұйымдастыру шарттары, кеңістіктің рекреант әрекеттеріне тигізетін әсері социологиялық және әлеуметтік-психологиялық сипатқа ие. Сондықтан рекреациялық іс-әрекетті зерттеуде осы екі ғылымның маңызы зор. Бос уақыт әлеуметтануы (социологиясы) әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, олардың кең әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғам қажеттіліктері арасындағы байла-ныстарын анықтап, зерттейді. Әлеуметтік психология әлеуметтік топ-тар мен жеке түлгалардың рекреациялық ортаға қоятын психологиялық талаптарын зерттейді. География үшін бір аумаққа байланған қоғам мүшелерінің әлеуметтік қүндылықтары және осы территорияда бірге тұрғандықтан пайда болатын қатынастар, яғни «жұрттың аумақтық бірлестіктері» өте маңызды. Рекреациялық іс-әрекет процесінде әрбір әлеуметтік топ немесе әртүрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес. Бірақ та рекреациялық әрекетті ұйымдастырғанда демалушылардың әралуан талаптарына ғылыми көзқарас болуы тиіс. Таңдаулылық деп рекреацияның белгілі бір түрін, әдісін немесе ауданын қалайтын қала, ауыл, аудан, республика халқының пайызын түсінеміз. Рекреациялық қажеттіліктің социологиялық зерттеулері кешенді түрде жүргізіледі. Олардың мынадай зерттеу кезеңдері болуы мүмкін: 1) демалыстың қазіргі шақтағы тенденцияларын статистикалық деректердің негізінде зерттеу; 2) рекреацияның мәні мен оның болашақтагы дамуы туралы ал-дыңала болжамдар жасау; 3) жұрт ішінде анкеталық сауалнама жүргізу; 4) рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау; 5) репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теориялық ере-желерді құрастыру. Мұндайәдіс статистикалық деректердің жетіспеуі жағдайында жүргізіледі, алайда осындай әдісті қолданғанда мэлі-меттерді зерттеу объектілерінен тікелей қолма-қол алуға болады. Рекреациялық қажеттілікті зерттеу үшін сұраптаулы зондаж әдісі қолданылады, яғни бүкіл халықты емес, халықтың бір бөлігін ғана сү_рап шығып «бүтінді оның бөлігі негізінде суреттеу». Бүкіл халық арасында сауалнама жүргізуді ұйымдастыру өте қиын және қыруар қаражат қажет етеді. Осындай сауалнаманың мысалы - ел халқының санағы. Зондаж болса, халықтың бір ғана бөлігін қамтиды және осыған негізделіп, кейбір сауалнама көрсеткіштерін бүкіл халыққа таратып қорытынды жасауға болады. Бұләдістің өз қағидалары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сауалнама аумақтық қағида бойынша екі орталарда: 1) адамның жұмыс және түратын орнында; 2) демалыс немесе туристік саяхат орнында жүргізіледі. Сауалнама жүргізгенде халықтың әлеуметтік-демографиялық құрылымының моделі қолданылады. Жұмыспен түратын орнында жүргізілетін сауалнамалар рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, маусымдылығын, құрылымын анықтайды. Тенденцияларды анықтау рекреациялық аумақтарды кеңістікте орналастыру ісінде, демалыс пен қызмет корсету мекемелері номенклатурасын таңдауда көмектесетін болады. Рекреациялық аудандағы сауалнамалар рекреацияның мазмүнын, демалушылардың бюджетін, олардың қанағаттануын, болашақтағы талаптарын анықтайды. Сауалнама жүргізгенде стратификацияланған («қатпарларға» бөлу) сұраптау негізіндегі интервью әдісі қолданылады. Сұраптаудың қиындығы - халықтың біркелкі болмауында. Сондықтан бұлсұраптау зерттелген ауданның, ал жалпы мемлекеттік зерттеу болса, бүкіл ел халқының әлеуметтік, жас мөлшерлік, жыныстық құрылымына толығымен сәйкес болуы қажет. Әлеуметтанушылар талаптарға сай болған адамдарының саны көрсетілген кестелерді құрастырады. Сауалнама жасауға жататын тұлғалардың саны да репрезентативті болуы қажет. Қолдағы ақпарат көлемін анықтаудың нақты алдыңала берілген статистикалық не социологиялық ережелері жоқ. Жалғыз бір жалпы ереже мынадай: статистика жағынан бас бірлестіктер біркелкі болған сайын, сұраптау тобының көлемі шағын болуы мүмкін, ал бас бірлестік жөніндегі ақпарат жетіспеген сайын сұраптау көлемі үлкен болуы керек. Кеңес Одағы әдебиетінде емдеу-курорттық ғимараттардың ЦНИ-ИЭП институтының әлеуметтану секторы жұмысының қорытынды-лары көрсетілген. Осындай зерттеулер бойынша бұрынғы КСРО-да туристердің көбісі орман мен теңіз жағалауын, су алқаптарымен шекаралас аумақтарды таңдаған. Орманда демалуды халықтың 34,5%, теңізде - 28,2%, өзен-көлде - 29,5% және жақын орналасқан орман-теңізді, орман-өзенді (көлді) қалаған. Тауда тек 5,5%, ал дала ландшафтында тіпті мардымсыз 0,1% демалғысы келген. Және де қалаулар құрылымы барлық жағдайда немесе әдетте адамның рекреация мүмкіншіліктері жөніндегі білімімен айқындалады. Осы жәйтті болашақтағы туризм мен демалыс қажеттіліктерінің болжамын жасағанда қате жібермеу үшін ескеру қажет. Келешекте қалаулар құрылымы өзгерістерге үліырамақ, мәселен, туризмнің бұрын дамымаған немесе беймәлім түрлерінің пайда болуына, олардың іске асырылу шарттарының немесе ұйымдастырылу аумағының өзгеруіне байланысты, жұрт осы-ларды тандауы мүмкін . Демалыс ландшафтын таңдауына халықтың жас сатылары құрылымы ең үлкен әсерететіндігі анықталды. Жасы келген сайын қала жұрты орманда демалуды коп таңдай бастайды: 16-24 жасарлардың 31,3%-ы ғана демалысын орманда өткізгісі келсе, 60 жасар және одан үлкендердің 47%-ы осындай демалысты қалайды. Керісінше, демалысын тауда өткізгісі келгендердің арасында жастар үлесі жоғары (9%). Шипалы суларда зейнеткерлер демалғысы келеді. Бір қызығы, сауалнама бойынша орман мен озен жағасындағы демалыс теңіздегі демалыстан гөрі көп таңдаулы болады екен. Бірақ, қала тұрғындары арасында Қара теңіз жағалауындағы демалысты таңдайтындардың саны өсуде. Осы ауданда ересектердің 24%-ы демалғысы келеді. Теңіз жағалауында демалғысы келетіндердің арасында 16-39 жасар адамдар коп. Осындай демалыстың ең сүйікті аудандары - Қырым мен Кавказдың Қара теңіз жағалауы болған. Рекреациялық қажеттіліктерді зерттеу - территориялық рекреа-циялық жүйелердің (ТРЖ) қалыптасуы, істеуі мен дамуының заң-дылықтарын анықтау жолындағы тек алғашқы маңызды кезеңі болып табылады. Социологиялық зерттеулердің нәтижелері медицина қызмет- t керлерінің, экономистердің, экологтардың, курортологтардың және басқа да мамандардың ұсыныстарымен толықтырылуы керек, өйткені жұрттың талаптары медициналық ғылымның, табиғат қорғау мақсаттарының және мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерінің ғылыми тұрғыдан дәлелденген талаптарына барлық жағдайларда сәйкес болуы мүмкін емес. Халықтың сұранысы қажеттіліктердің әсермен бірге ұсыныла-тын туристік қызметтердің көлемі мен құрылымының, рекреациялық шаруашылықтың материалдық базасының дамуына байланысты қалыптасады. Сөйтіп, туристік сұраныс, бір жағынан халықтың жеке, топтық және қоғамдық төлеу қабілеті мен қоғамдық тұтыну қорларымен өтелетін қажеттіліктермен анықталады, ал, екіншіден, рекреациялық қызмет көрсету жүйесі мен туристік қызметтер ұсынысына байланысты. Рекреациялық қажеттіліктер мен туристік сұраныс халықтың белгілі әлеуметтік-демографиялық тобының қалауы бойынша таңдалған туризм түрімен, осы топтардың төлеу қабілетімен және олардың экономикалық аудандағы немесе бүкіл ел көлеміндегі жалпы санымен анықталады. Рекреациялық қажеттіліктерге болжам жасағанда, бір жағынан демалыс пен туризмнің қазіргі құрылымын, ал екінші жағынан халықтың таңдауларын, оның ғылыми-техникалық прогресс пен тез өзгеріп түратын өмір жағдайы әсернен болатын динамикасын ескеруқажет. Рекреациялық қажеттіліктер құрылымы мен болашақтағы туристік ағымдар көлемін анықтау үшін халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістерімен бірге нормативтік көрсеткіштер әдісі колданылады. Нормативтік әдістер демалыс пен туризм мекемелерінің 1 мың адамға есептелетін нормаларға сүйенеді. Туризмді ірі экономикалық аудандарда ұйымдастыру сүлбаларын жасағанда халық топтарының бос уақыты балансының зерттеулеріне негізделген әдістер ең дұрыснәтижелерге жеткізеді, ал жеке ТРЖ аудандық жоспарлауы деңгейінде - табиғи ландшафтарға зиян келтірмейтін жүктемелерді ескерген нормативтік әдісі қолайлы. Қайталау сұрақтары 1. «Рекреациялық қажеттіліктер» деген не? 2. Қоғамдық, топтъщ және жеке рекреациялыққажеттіліктер деген не? 3. Рекреациялыққажеттіліктерінің қалыптасуына әсерететін факторлардың бес тобына сипаттама беріңіз. 4. Демалушылар топтарының демалыс орындарын таңдау себептерін атап беріңіз. 5. Халықтыңрекреациялыққажеттіліктерін зерттеу әдістері жөнінде айтып беріңіз. |