Әлемдік туризм. Туризм географиясы
Скачать 0.5 Mb.
|
§ 7 Территориялық рекреациялық жүйелер және оларды зерттеу мәселелері ТРЖ-нің негізгі қасиеттері оның жеке әлементтерінің қасиеттергі мен ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының қасиеттерімені жәнеәлементтер арасындағы байланыспен де айқындалады. Осыәлементтерінің өзара байланыстары туралы мәліметті жинақтау матрица байланысы түрінде болуы мүмкін, оларды ТРЖ-нің әлементтері құрайды (3-кесте). Ол үшін В.М. Кривошеев пен И.В. Зорин (1979) ұсынған әдіс-амалдарын пайдаланады. ТРЖ әлементтері матрица жолымен талданатын, белсенді шағын жүйе ретінде алға шығып, тапсырысты қабылдаушы болып саналады. Матрица бағанындағы мұндай әлементтер тапсырыстарды қанағаттандыратын ресурстар ретінде қарастырылады. ТРЖ-нің басты әлементі демалушылар тобы (ДТ) басқа элементтерімен рекреациялық шаралардың циклдері мен ТРЖ-нің кеңістік-уақыттық қщрылымның таңдауы арқылы байланысады. «Демалушылар тобының» «табиғи кешенмен» байланысы аттрак-тивтілік (тартымдылық), сыйымдылық, тұрақтылық және комфорттық қасиеттері арқылы жүзеге асырылады. Табиғи кешеннің аттрактивтілігі (тартымдылығы) экзотикалық және объектілер мен құбылыстардың қайталанбайтындығымен немесе пейзаждың әртүрлілігімен сипатталады. Осыған байланысты рекреациялық географияда табиғи кешендеріне баға берудің ерекше бір түрі - эстетикалық баға беру түрі бар. Табиғи кешендердің сыйымдылығымен тұрақтылығы- бұлрекреациялықіс-әрекет кезіндегі демалушылар тобы мен табиғи кешен арасында болатын байланыстарды көрсетіп тұратын көрсеткіш. Шектелген аумақта демалушылардың мөлшерден тыс жиналуы табиғи кешендерді рекреациялықдағдарысқа әкеліп соғады. Сондықтан, табиғи кешендерге түсетін рұқсат берілген салмақты анықтау жәнеландшафты қалпына келтіру қабілетін бұзбайтын рекреациялық шараларды ұйымдастыру қажет. Табиғи кешендерге технологиялық баға бергенде, рекреациялықшараларды өткізуге олардың сыйымдылығы мен жарамдылығы анықталғанда, пайдалану кезіндегі олардың тұрақтылыгын ескеру қажет, сонымен қатар рекреациялықаумақтардың қабілетін арттыру үшін арнайы шараларды ұйымдастыру керек. Табиғи кешеннің комфорттылығы - бұл адам организміне жағымды жағдайдың әсерету ұзақтығы. Бұл көрсеткішті медициналық-биологиялық (физиологиялық) баға бергенде қолданады. Бағаланатын объектісі климат болса, оны бағалау субъектісі - демалыс кезіндегі адам организмінің хал-күйі. Адам организмінің хал-жағдайы мен метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, желдің жылдамдығы, күн радиациясы) байланыстарының анализі ауа райы кластарының рекреациялық типологиясын құрастыру және демалуға арналған комфортты кезеңінің ұзақтығын анықтауға мүмкіндік береді. «Демалушылар тобының» «техникалық құрылыстар» шағын жүйесімен байланысы сыйымдылық, әртүрлілік және комфорттылық сиякты жүйелі қасиеттер арқылы көрсетіледі. Рекреациялық ағым өзінің құрылымы жағынан әртекті болғандықтан, рекреациялық шаралар жүргізу үшін арнайы мекемелер мен аумақтарды қажет етеді. 60-шы жылдары болтан сұраныс пен рекреациялық жүйенің үйқаспауы туристік мекемелер торының одан әрі дамуы мен сұранысы жоғары әлеуметтік топтарга (жанүллық туризм, автотуризм) қызмет көрсету саласына ықпал етті.Сонымен қатар орналастыру орындарының сыйымдылық және комфорт жағынан бірдей еместігі рекреациялық мекемелерді кластарға (люкс, жоғарғы, бірінші және т. б.) бөлуді қажет етеді. «Демалушылар тобы» «қызмет көрсетушілерден» жоғары сапада қызмет көрсетуін талап етеді, олардың өз ісін терең білетін, мүқият және эдепті болғанын қалайды және олардан демалушылардың сұранысына ықыласпен қарауын күтеді. Өз ісін жоғары дәрежеде білу біліктілік ұғымымен анықталады. Қызмет көрсетушілер жұмысы курамына екі компонент кіреді: 1) материалдық-заттық іс-әрекет (заттар мен еңбек құралдарымен жұмыс істеу); 2) коммуникативтік іс-әрекет (демалушылармен қатынас орнату). Жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатына жету ісінде субъективтік фактор рөлі өте маңызды. Тұтынушылардың қызмет көрсету сапасына баға беру арқылы қызметшілердің кәсіби деңгейін анықтауға болады. Ол үшін анкета сауалнамасы жүргізіледі немесе шағым жәнеұсыныстар кітапшасына талдау жасалады. Қызмет көрсетудің тағы бір көрсеткіші - демалушылар саны мен қызмет көрсетушілер санының арасындағы қатынас. Туристік саяхатқа (туристік тұтыну акты) дайындық және оны өткізу кезінде демалушылар тобы ақпарат қызметтерін талап етеді. Мысалға ТРЖ-нің жеке шағын жүйелерінің жағдайы, туристік қызметтің түрлері, демалатын жерлердегі көрсетілетін қызметтердің технологиялық ерекшеліктері туралы олар толық ақпарат алғысы келеді. Мұндай ақпараттарды рекреациялық жүйенің басқару органы беріп тұруы қажет. ТРЖ-нің бұл қасиетін ақпараттық қасиет деп сипаттауға болады. Жарнамалық-ақпараттық қызметтер баспа құралдарын, кино, теле-, радиожарнамаларын пайдаланып рекреациялық қызмет түрлері туралы мәліметтерді ұсынып тұрады. Жоғары дәрежеде хабардар болу рекреациялық ағымдарды реттеп түруына үлкен әсерн тигізеді. Табиғи кешен мен ТРЖ басқа әлементтері арасындағы байланыстары мынадай. Табиғи үрдістердің маусымдық сипатына байланысты табиғи кешен (ТК) демалушылар тобына бірқатар шектеулерді орнатады. Мысалы, рекреациялық шаралардың кейбір түрлері жылдың белгілі мезгілінде ғана іске асырылуы мүмкін (шомылу-жағажай циклы жазда, шаңғы туризмі қыста), басқаларына белгілі мезгілде толығымен тыйым салынады (уылдырық шашу кезінде балық аулау, орнатылған уақыттан тыс мезгілде аң аулау). Сөйтіп, табиғи үрдістердің маусымдьқ динамикасы туристік ағымдардың оған сәйкес ырғағын талап етеді. ТРЖ-нің осы ерекшелігі демалыс күнтізбесінде орын табуы мүмкін Осындай күнтізбе табиғи кешенге технологиялық баға беру кезінде кұрастырылады, онда экологиялық және технологиялық критерийлер бойынша анықталатын бөлек маусымдардағы рекреациялық шаралар тізімі мен олардың ұзақтығы жөніндегі мәліметтер көрсетіледі. «Табиғи кешеннің» «инженерлік-техникалық» шағын жүйесімен өзара байланысы туризмнің материалдық-техникалық базасының (орналастыру орындары, көлік) экологиялық қасиетімен сипатталады. Табиғи кешен оның рекреациялық ауыртпалыққа деген төзімділігіне қарай орналастыру орындарының көлемі мен түріне белгілі шектеулер салады. Рекреациялық ауыртпалық инженерлік-мелиоративтік шаралар мен абаттандыру арқылы күшеюі мүмкін екенін ұмытпау керек. Рекреациялық қызмет көрсетудің технологиялық процестері экология жағынан таза болуы қажет және табиғи кешендердің құнды рекреациялық қасиеттерінің азғындап кетуіне жол бермеуі керек. Осындай талап алдың ала, инженерлік-техникалық құрылыстарының жобалау кезеңінде, туристік тауарлар мен жабдықтардың жоспарлануы кезеңінде қойылуы керек. Екінші қатардағы шаралар, мысалы, демалыс орындарында қайық моторларын пайдалануға тыйым салу (суаттардың мұнай өнімдерімен ластануына жол бермеу үшін), автомобильдер мен мотоциклдарды пайдалануға тыйым салу (шу мен газбен ластанудан қорғау) аталған конструкциялардың (модельдердің) нашар экологиялық сипаттамаларының салдары болып табылады. Байланыстардың осы сипаттамасын құрылыс түрлерінің тығыздық нормалары, технологиялық үрдістердің қарқындылығының нормалары және ТК технологиялық тұрақтылығының коэффициенті көрсетеді (шаңғы желілері мен жаяу соқпақтарының аудан бірлігіне есептелген саны, акватория ауданына келетін кемелер саны және т. б.). Табиғи кешенді пайдалану барысьщца оның тұрақтылығы мен құндырекреациялыққасиеттерін сактап қалу үшін, калдықтарды жою үшін арнайы шаралар жүргізілу қажет. Табиғи кешеннің жерін өндеу мен рекультивация жұмыстарын қызмет көрсетушілер белгілі учаскелердің пайдалану мерзімі нормалары мен табиғи үрдістердің маусымдық динамикасына сәйкес жүргізеді. Реттеушілік табиғи кешен мен қызмет көрсетушілер арасыңдағы өзара байланыстардың жүйелі қасиеті ретінде, кайта өндеу шараларының (рекультивация) кезектігін және оньщ бағасын айқындайды. Сонымен қатар, табиғи кешен құнды рекреациялық жер көлемі аркылы қызметкерлер саны мен тьныздығьша, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымынаәсеретеді. Олардық аз болуы (немесе асып түсуі) бүкіл жүйе жұмысына әсер жасауда. Табиғи кешен мен басқару органының арасындағы қарым-қатынас актілер мен стандарттар ережелерін орындау, табиғи рекреациялық аумақтар мен мәдени-тарихи объектілерді тиімді пайдалану мен оларды сақтау арқылы орындалады. Сонымен қатар бүған жататындар: курорт пен демалыс зоналары туралы заңдар мен ережелер, рекреациялық ау-дандарда табиғи ортаның жағдайы туралы ережелер (ауа, су, жер), жобалау жәнеқұрылыс нормалары, рекреациялықсалмаққа табиғаттың төзімділігі жөніндегі нормалар және т. б. Демалыстың ландшафтық жағдайы рекреациялық қызмет көрсетудің құқықтық, нормативтік камтамасыздануын қиындатып жібереді, сондықтан салалық нормативтер мен стандарттарды дайындаумен қатар аймақтық жергілікті нормативтер мен стандарттарды әзірлеу қажет. Техникалық құрылыс және инфрақұрылым шағын жүйесі ТРЖ-нің басқа да әлементтерімен өзара байланысы жоғарыдағыдай ерекшеліктермен сипатталады. Рекреациялық мекемелер туристік ағымның біртүгастылығын қажет етеді, себебі олар туристерге қызмет көрсетуге мамандандырылады. Ағымның біртектестігі орналастыруға ыңғайлыжәнебарлық техникалық циклді өткізуге қолайлы.Ағымда әртүрлі топтардың болуы (осы цикдде қызмет көрсетуге сәйкес келмейтін, мысалы, белсенді маршруттарға денсаулығы нашар адамдардың қатысуы), қызмет көрсетудің технологиялық тізбегін бұзады. Техникалық құрылыстың табиғи кешен шағын жүйесімен байланысы сенімділік және ресурспен қамтамасыз ету арқылы сипатталады. Әсерлі жұмыс істеу үшін рекреациялық мекеменің ресурстық базасы болуы қажет. Оған жағажай орындары, серуендейтін жерлер, шипалы су көздері, экскурсиялық объектілердің саны және т.б. жатады. Ресурспен қамтамасыз етілу пайдаланатын қорлардың көлемімен, аумақ пен объектілердің өткізу қабілетімен сипатталады. Қолайсыз аумақтарды мелиорациядан кейін пайдаланады, сонда олар ресурстарды көбейтіп, жүйелердің сенімділігін арттырады. Рекреациялыққызметтің технологиясына сәйкестехникалық құрылыстар жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі қажет.Еңбекпен қамту техникалық шағын жүйе мен қызмет көрсетушілердің өзара байланысының сипаттамасы ретінде рекреациялық шаруашылықтын дамуына әсерін тигізеді. Еңбек ресурстарының жетіспеушілігі жаңа аудандарды игеруді тежейді және туристік маусымда қосымша қызметкерлерді шақыруды қажет етеді. Техникалық құрылыстар шағын жүйесінің басқару органымен байланысы қордың қамтамасыз етілуімен сипатталынып тұрады. Қордың қамтамасыз етілу көрсеткіштеріне рекреациялық мекеменің нормативті және айналымындағы құралдардың көлемі, сонымен қатар материалдық базаны кеңейтуге арналған қаражаттың мөлшері жатады. Қызмет көрсетушілердің ТРЖ-нің басқа да әлементтерімен өзара байланысы өз алдыңа бір күрделі жүйе болып есептеледі. Қызмет көрсететін адамдардың санытуристердің (рекреанттардың) жылдық ағымсанынабайланысты,салалықмөлшер бойыншадемалушылардың санымен немесе қызмет көрсететін орынның санымен анықталады. Технологиялық үрдістің ерекшелігіне демалушылар тобының сәйкес болуын қызмет көрсетушілер талап етеді. Рекреациялық мекемелер біртекті әлеуметтік-демографиялық топтарға қызмет көрсетуді қалайды, себебі гомогендік ағымдардың технологиясы жоғары болып келеді. Осыған байланысты рекреациялық мекемелер белгілі бір топка қызмет көрсетуге мамандандырылады. Мәдени-білім деңгейінің жәнерекреациялық ағымның әлеуметтік-демографиялық құрылымның көрсеткіштері рекреациялық ағымға қызмет көрсету дайындығын (технологиялық дәрежесін) ашып көрсетеді. Қызмет көрсетушілер мен табиғи кешеннің өзара қатынасынтабиғи ортаның адам өмірі үшін колайлы комфорттылық қасиеті анықтайды. Табиғи ортаға еңбек ету жәнетұрғылықты мекендеу үшін берілген баға демалуға арналған бағалармен әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалға, биік таулар мен аз қоныстанған аудандар - спорттық туризм үшін қолайлы болса, қызмет көрсетушілердің өміріне (нүхқаушылар, бакылау-құтқару қызметтерінің жұмысшылары және т. б.) жәнеолардың еңбек етуіне бұл аудандар қолайсыз болып есептеледі. Қызмет көрсетушілер мен техникалық құрылыстардың өзара байланысы еңбек әрекетінің қормен жарақталу касиетімен сипатталады. Сонымен қатар қызмет көрсетушілер рекреациялық инфрақұрылымның кешенділігін талап етеді. Рекреациялық мекемелердің жұмысшылары мен олардың жанүл мүшелеріне қызмет корсету үшін техникалық жүйенің жеткілікті түрде әлеуметтік-тұрмыстық жәнемәдени-ағартушылық мекемелер желісі болуы қажет. Қызмет көрсетушілер басқару органына жұмыс кезінде денсаулығын сақтауына және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне өз талаптарын қояды. Кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттарға карсы бағытталған шаралар ТРЖ-нің профилактикалық деңгейін анықтайды. Басқару органы мен демалушылар тобының өзара байланысының ішінде рекреациялық ағымға қойылатын ең негізгі талабы - біркалыптылық. Өйткені, тұрақты және бір қалыпты демалушылар ағымы ТРЖ-нің барлық әлементтерінің біркелкі жұмыс істеуіне, экономикалық тиімділігін жоғарылатуға, қызметкерлерді еңбекпен қамтуға жағдай туғызады. Қызметтер номенклатурасын кеңейту, рекреациялық инфрақұрылымын дамыту, табиғи орта күйіне онша назар аудармайтын топтар үшін демалыс бағдарламаларын әзірлеу (музыкалық фестивальдар, ұлттық-этнографиялық мерекелер, көрмелер, жәрмеңкелер, спорттық жарыстар) шараларының жүйесі туристік қызмет көрсетудің маусымдық сипатын төмендетуге және туристік ағымның бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Демалыс ауданының медициналық-географиялық жағдайына байланысты басқару органы табиғи кешенге бірқатар талаптар қояды. Жүқпалы аурулар мен улы өсімдіктер мен жәндіктердін болмауы, сондай-ақ табиғи кешеннің санитарлық нормаларға сәйкестігі гигиена қасиеті (гигиеналық) арқылы анықталады. Физиологиялық және технологиялық баға бергенде, табиғатты пайдалану кезінде санитарлық нормаларды құрастырғанда табиғи кешеннін медициналық-биологиялық қасиеттеріне талдау жасау қажет. Басқару органының техникалық құрылыспен байланысы инфра-құрылымды (орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік көлік және т. б.) толығымен пайдалану арқылы сипатталады. Технологиялық дайындықпайдаланатынорынсаныныңтізімқұрамыныңқатынасымен анықталады. Егер де кейбір себептерден (бұзылып қалу, техникалықжұмыстар жүргізу, бөлшектердің жетіспеуі) эксплуатациялық қоры жұмысқа пайдаланбаса, жүйенің жалпы көрсеткіштері төмендейді. Басқару органының міндеті - жоспарланған сыйымдылыққа сәйкес материалдық-техникалық базаны алдыңала дайындап, толығымеи пайдалану. Басқару органы қызмет көрсетушілердің білім деңгейіне үнемі талдау жасап, мамандарды оқытып, олардың білімін көтеруге арнайы шараларды курстар, семинарлар, мектептер жүйелері арқылы ұйымдастырып тұруы қажет. Жоғары және орта арнайы білімді және біліктілігін жоғарылатқан мамандардың саны қызметкерлер; біліктілігінің дәрежесін көрсетеді. ТРЖ-нің барлық сипаттамаларын зерттеп, оларға талдау жасау -рекреациялық географияның маңызды міндеті болып саналады. Қайталау сұрақтары 1. В.М. Кривошев пен И.В. Зориннің байланыстар матрщасы деген не және ТРЖ әлементтері арасындағы өзара байланыстарын қалай суреттейді? 2. ДТ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын реттеп беріңіз. 3. ТК-нің ТРЖ басқашағын жуйелерімен болатын өзара байланыстарын сурет-men беріңіз. 4.ТҚ-ның ТРЖ басқашағын жүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз. 5. ҚК-нің ТРЖ басқашағынжүйелерімен болатын өзара байланыстарын q реттеп беріңіз. 6. БО-ның ТРЖ басқашағынжүйелермен болатын озара байланыстарын реттеп беріңіз. 2 -тарay ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ § 1 Рекреациялық география және туризм географиясы туралы түсініктердің арақатынасы Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы атаулары кең тарады, осы атаулар кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла бастады. Өте жиі бұлатаулар, кейбір авторлардың пікірінше теңдес болмаса да, тең мағынада колданыла берген. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы түсінігі жиі пайдалануына жол ашылды. Осыдан кейінгі жылдары көптеген ғалымдар туризм географиясы, рекреациялық география мен демалыс география пәндерінің бір мағынада болуына қарсы келді. Осы пәндерді бір-бірінен бөліп түсіндірген ғалымдар П. Жорж (Франция), B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин (КСРО), И. Матцнеттер (ГФР), Б. Барбье (Франция), Ф. Хеллайнер (Канада) және т. б. болды. Бұрынғы Кеңес Одағында «рекреациялық география» мен «туризм географиясы» ұғымдары әртүрлі ғылым пәні ретінде қабылданды. Ең алдымен рекреациялық география (B.C. Преображенскийдің те-ориясы бойынша, 1975) пайда болды. Туризм географиясы болса Кеңес Одағының ыдырауына шейін дұрыс дамымаған. Бұл екеуінің арақатьшасы мынадай: рекреациялық география - бұлмәні жағынан емалыс пен туризм географиясы. География ғылымдарының шінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер әр түрлі болған. Кейбіреулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса,басқаларыоларды қоғамдық география ғылымдарының шеңберінде кіргізді. Бұл мәселені шешу үшін талдау жасауымыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі мен пәнін қарастырайық. Көп ғалымдар ол екеуін бір мағыналы емес десе де, бір-бірімен тығыз байланысып түратын екі түрлі ғылыми пән деп айтады. Олар бұл екі ғылымды қоғамдықгеография (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің саласына жатқызады.Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдархалық шаруашылығының екі саласын - рекреациялық сала мен туризм жүйесін зерттеп түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын сфераға жатады. Олардың негізгі өнімі-рекреациялық және туристік қызметтер. Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге әлеуметтік және экономикалық табыс әкеледі. Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пәндерін қоғамдық географияның зерттеу объектісі мен пәнінен бастаған жөн. Э.Б. Алаевтың айтуынша (1983), «қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын «ойку-мена» -қоныстанған, игерілген, немесе, басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына кіретін жердің географиялық қабығының бір бөлігі» [11]. Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаган ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен онын айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік), әлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық және басқа да сфераларын қамтиды. Осы аялардың барлығы дербес түрде де, біріккен түрде де іске асы-рылады. Яғни осы аяларды бөліп көрсету бір жағынан дерексіздену әрекеті, себебі олар тек бірлесіп гармониялық түрде жүзеге асырылады. Ойкуменаның әрбір сферасы кеңістікте күрделі түрде ұйым дастырылған. Мысалы, экономикалық сферасы кеңістікте әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық аудандар түрінде, демографиялық сферасы - халық орналасуының аумақтық жүйесі ретінде, әлеуметтік сферасы - халықтың территориялық орта түрінде, саяси сферасы - мемлекеттер түрінде және т.с.с ұйымдастырылған. Осындай кеңістік сфералардың әрқайсысында өзіне сай қоршаған ортасы бар және онымен олар үнемі байланыста болып тұрады. Қоғамның кеңістіктегі ұйымдастырылуының саяси, медициналық, әскери және басқа да аспектілерінің зерттеулері географиянын саяси, медициналық, әскери және баска да салаларының қалыптасуына ықпал етті. Территориялық қоғамдық жүйе (ТҚЖ) қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның пәні болады (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990). Территориялық қоғамдық жүйе дегеніміз - ойкуменаның кеңістік-уақыттық бөлігі, онда қоғамның өмір сфералары үнемі өзара байланыста болып, бір-бірін толықтырып тұрады. Зерттеу пәні мен объектісін түсініп, қоғамдық географияға мынадай анықтама бе-руге болады: «Экономикалық жәнеәлеуметтік география біртұтас интегралдық-синтетикалық ғылым ретінде табиғи ортаның нақты бір жағдайында қоғамның кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді» (А.И. Чистобаев, М.Д. Шарыгин, 1990) [12]. Қоғамдық географияның еншілес ғылымдары ойкуменаның бел-гілі бір сферасының кеңістікте ұйымдастырылуын зерттейді. Олар-дың өз зерттеу объектісі мен пәні болады. Сондықтан рекреациялық география да, туризм географиясы да қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) географияның салалық пәндері болып саналады. XXғасырдың 70-ші жылдарының соңында және 80-ші жылдары ның басында «демалыс», «рекреация», «туризм», «экскурсия» деген түсініктер қабылданды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981): «демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті»; «рекреация - бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда сауықтыру,спорттық,танымдық жәнемәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адамның бос уақытында іске асатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы»; туризм - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша, «туризм дегеніміз - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхат-тау кезінде пайда болатын қатынастар мен құблыстар жиынтығы. Әрине, егер де бүндай саяхаттар ұзақ уақыт қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе». Сонымен, туризм деген түсінік - ол тұрақты жерінен тыс жердегі 24 сағат немесе одан артық уақытта болатын рекреацияның барлық түрі. «Экскурсия - бұл танымдық, ғылыми, спорттық немесе көңіл көтеру мақсаттарын көздейтін, түнеуге тоқтамай 24 сағаттан аспайтын саяхат немесе серуен жасау». Осындай анықтамалар жалпы халықаралық ұғымдарга сәйкес. Енді осы ұғымдарды зерттейтін тиесілі географиялық пәндердің анықтамаларын да атау қиын емес сияқты. Дегенмен бұлмәселеәлі де толық шешілмеген. Мұның себебіаталған ұғымдардың бір-біріне деген қатынасында. Осы ұғымдардың ішіндегі ең бастысы - өзіне басқалардың барлығын қамтитын демалыс ұғымы. Осындай болса, рекреанттар, туристер мен экскурсанттар дегеніміздің барлығы демалушылар болып табылады. Ал рекреацияға туризм мен экскурсия да кіреді, яғни туристер де, экскурсанттар да рекреанттар екені түсінікті. Экскурсант болса, ол турист болмауы да мүмкін, мұндай жағдайда ол тек қана рекреант. Сөйтіп, демалыс географиясының құрамына рекреациялық география да, туризм географиясы да кіру керек. Ал бұрынгы КСРО-да шын мәнінде рекреациялық географияны туризм географиясы мен демалыс географиясының «қосындысы» деп түсінген. Шынында да, рекреацияның жогарыда келтірілген анықтамасына ұстансақ,егер демалыс «мамандандырылған» аумақтарда іске асырылса, ондарекреациялық географияны өзіне туризм географиясы мен демалыс географиясы кіретін пән ретінде қарастыру керек. Туризмнің зерттеулері өткізілген бірталай елдерде, оның ішінде Кеңес Одағында рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының түсіндірілуінде осындай екіталайлық кездеседі. Мысалы, туризм географиясы атауы кездесетін жұмыстарда (Е.А. Котля-ров, 1978; И.И. Пирожник, 1985) бұлұғым шын мәнінде рекреациялық географияға жатады [13, 14]. 1971 жылы кеңес одағы әдебиетіне B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин енгізген рекреациялық география ұғымы біраз эволюциялық өзгерістерге үшырап, 1975 жылы оның соңғы нұсқасы қабылданды. Сол нұсқа бойынша рекреациялық география географиялық пәндерге жатады. Территориялық рекреациялықжүйелердің пайда болуы,орналасу заңдылығын зерттеу, сонымен қатар тұрақты жерден тыс жердегі қоғамның бос уақытында іс-әрекетінін ұйымдастырылуы рекреациялық географияның зерттеу пәні болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, рекреациялық география табиғи орта мен демалыс арасындағы өзара байланыстарын анықтап, ТРЖ-нің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әдістемелік жұмыстарды жүргізіп тұрады. Туризм географиясы экономикалық пәндерге жатады. Оның зерттеу пәніне: - шаруашылық кешенінің қалыптасуында туризм мен туристік әрекеттің рөлі; - туристік қозғалыспен байланысатын шаруашылық әрекеттердің аумақтық түрлері кіреді. Әлемдегі туризм зерттеулерінде туристік ресурстар мен туристік қозғалыстың шоғырлануы арасындағытәуелділікке ерекше назар аударылады. Осындай тәуелділік нәтижесінде кеңістікте біршама өзгерістер пайда болады, ал осындай өзгерістер географиялық зерттеулерде орын табуы қажет. Туристік кеңістіктер «бет-әлпеті» мен олардың жіктелуін зерттеуде де географияның рөлі жоғары. «Рекреациялық іс-әрекет» пен «туристік іс-әрекет» анықтамалары қос мағыналы. Бір жағынан, бұл анықтамалар адам мен халық топтарының іс-әрекеттерін түсіндіріп тұрса, олармен рекреациялық шаралар, шаралар циклдері ұғымдары байланысты. Ал екіншіден, бұлұғымдар қоғамның халықтың демалыс Қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған іс-әрекеттерін (бұл дема-іс ұйымдастырушылардың іс-әрекеті деп аталады) қамтиды. Негізгі категория ретінде «іс-әрекет» категориясын қолдансақ, рекреациялық (туристік) іс-әрекет іліміне кеңістік пен уақыт қос рымдарын енгізуіміз қажет. Біріншіден, қандай да іс-әрекет болмасын, кеңістік пен уақытта іске асырылады, екіншіден, осындай іс-әрекетте уақыт пен кеңістіктің ерекше түрлері қалыптасады -әлеуметтік уақыт бөлігі болып табылатын рекреациялық уақыт және рекреациялық кеңістік - әлеуметтік кеңістіктің бір бөлігі. Әрине, уақыт пен кеңістікті бөліп көрсету - бұлзерттеу тәсілі, шын мағынадағы рекреациялық (туристік) іс-әрекет біртұтас «кеңістік-уақытта» өтеді. Өкініпже орай, әзірше рекреациялық «кеңістік-уақыттың» зерттеу стратегиясы анық емес. Сондықтан аталған пәндердің нысанасы жөнінде айтсақ,біз тек рекреациялық кеңістік немесе ойкуменаның рекреациялық шағын жүйесі туралы айтамыз. Рекреациялық кеңістік - рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруымен байланысатын әлеуметтік жәнемәдени кеңістіктің бөлігі. Және де әлеуметтік кеңістік, яғни адамдар іс-әрекетінің кеңістігі рекреациялық кеңістік ретінде қарастырылуы мүмкін (мысалы, өндірістік кәсіпорындарының өзі де қысқа мерзімді демалыс немесе туризм орындары болуы мүмкін). Ал айда рекреация кеңістіктің басты функцияларының бірі болатын, оны ұйымдастыратын кеңістік алқаптары болып бөлінуі мүмкін. Рекреациялық кеңістік жеке жәнеәлеуметтік кеңістікті кеңейтеді, ел аймақтары мен әлемнің мәдениқұндылықтарын қамтиды, мәденитүйісудің ерекше кеңістігі болып табылады. Туристік кеңістік рекреациялық кеңістікпен ұласады, себебі, біріншіден, туризм - рекреацияның бір бөлігі, екіншіден, туристік әрекет рекреациялық іс-әрекет сияқты белгілі бір кеңістік пен уақытта іске асады. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: рекреациялық география мен туризм географиясының зерттеу объектісіне ойкуменаньш рекреациялық шағын жүйесі жатады.Ал екеуінің зерттеу пәндері «рекреация» мен «туризм» анықтамалары тең болмағандықтан әр түрлі болып келеді. Рекреациялық географияның пәніне халықтың рекреациялық әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуы, ал туризм географиясының пәніне туристік әрекетінің аумақтықұйымдастырылуы жатады. Ал осы пәндердің әрқайсысы өз саласынын іс-әрекетінің аумақтық ұйымдастырылуын ТРЖ арқылы зерттейді [2]. Заңды түрде мынадай сұрақ туады, олай болса «демалыс» және«экскурсия» дегеніміз не? Біздің көзқарасымызша, бұл екі түсінік рекреациялық іс-әрекеттің бір бөлігі болып, рекреациялықгеографияның зерттеу шеңберіне кіреді. Ал туризм географиясына тек адам іс-әрекетінің бір түрі ретіндегі туризм кіреді. Адамның қандай да болсын іс-әрекеті кеңістік пен уақытта іске асырылады, бірак туристік іс-әрекетерекше географиялық сипатына ие. Тіпті туристік іс-әрекет кеңістік пен уақыттың ерекше түрлерін - туристік кеңістік пен туристік уақытты қалыптастырады деп айтсақ қате болмас. Туризм де рекреацияның бір бөлігі болса да, өзінің бұқаралық сипатына байланысты рекреациялық іс-әрекеттен бөлек ерекшеленеді. Сайып келгенде, рекреациялық географияның нысанасы - бұл демалыс пен экскурсия, ал туризм географиясы - бұл тек қана туристік қозғалыс географиясы. Сонымен, «рекреация» деген түсінік «туризм» деген түсініктен қаншалықты кең болса, рекреациялық география да өзінің зерттеу кеңділігінен туризм географиясынан соншалықты асып түседі. Қайталау сұрақтары 1. Рекреациялық география мен туризм географиясының бір-бірінен айырган кеңес және шетелдік галымдарды атап беріңіз. 2. Рекреациялық, география мен туризм географиясыныңбұрынгы КСРО-дағыдамуы жөнінде айтып беріңіз. 3. Рекреациялық, география мен туризм географиясы қандайғылымдарга жатады? Неге? 4. Рекреациялық, география мен туризм географшсын дүниеге келтірген «ана» ғылымының нысаны мен зерттеу шецбері жөнінде айтып беріңіз. 5. Рекреациялық, географияның нысаны мен зерттеу пәні. 6. Туризм географиясының нысаны мен зерттеу пәні. 7. Туристік-рекреациялық іс-әрекеттіц «дуализмінің» (қосмагынасы) мәні неде? 8. Рекреациялықкеңістік деген не? |