Әлемдік туризм. Туризм географиясы
Скачать 0.5 Mb.
|
§ 7 Туризм географиясының географиялық және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны Ұзақ уақыт бойы туризм географиясының географиялық ғылымдары жүйесіндегі орны анықталмай жүрген. Оны біресе көлік географиясына, саяси географиясына, мәдениет географиясына, біресе шаруашылық географиясына жатқызган. Алайда, мүлшң бәрі соғысқа дейін болған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін осы жөніндегі сөз таласы көптеген елдерде жалғаса берген. Өзгелерден бұрын, 1950 жылдары туризм географиясы АҚШ пен Канадада экономикалық географиянын дербес пәні ретінде мойындалды. Кейбір елдерде 60-шы жылдардың соңына дейін туризм географиясын қызмет көрсету аясының географиясына жатқыза берген. Поляк географы Е.Костровицкий 1973жылы географиялық ғылымдардың бөліну схемасын және олардың басқа салалары арасындағы орнын ұсынды. Осы сұлба бойынша туризм географиясы ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, көлік, қызмет көрсету аясы, халық, қалалар географиясымен бірге экономикалық жәнеәлеуметтік географияның дамып келе жатқан тармағын құрады. B.C. Преображенский туризм географиясын басқа кезкелген салалық әлеуметтік-экономикалық-географиялық пәні сияқты, экономикалық жәнеәлеуметтік географиянын саласы деп түсіндіреді. Сірэ, бұл ең дұрыс анықтама болар. Туризм географиясы бойынша әлемдегі түңғыш оқулыгының авторлары поляк географтары Я.Варшиньска мен А. Яцковский туризм географиясының міндеттері мен зерттеу нысандары оны жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарының қиылысында орналасқан пәнаралық және синтетикалық ғылым, дербес географиялық пән қылып отырғанын айтады. Туризм географиясы басқа ғылымдармен, әсіресе географиялық ғылымдармен, ең алдымен экономикалық жәнеәлеуметтік географияның басқа пәндерімен (халық географиясы, қалалар географиясы немесе геоурбанистика,қызмет көрсету сферасының географиясы,көлік географиясы, өнеркәсіпгеографиясы, ауыл шаруашылық географиясы, мәдениет географиясы және т.б.), физикалық географиямен (геоморфология, ландшафттану, құрлық гидрологиясы, климато логия, биогеография, зоогеография және т. б.), медициналық географиямен байланысты ғылым (11-сурет) болып табылады. ГТ - туризм географиясы РГ - рекреациялық география
11-сурет. Географиялық және баска да ғылымдар жүйесінде туризм географиясының орны [1] Әлеуметтік-экономикалық-географиялық пәндер туризм геогра-фиясына туристік-рекреациялық іс-әрекетінің, оның ішінде халық шаруашылық саласы ретіндегі туризмнің аумақтық ұйымдастырылу мәселелерін шешуге, рекреацияның ауданның аумақтық құрылымына жасайтын әсерн анықтауға, оның туристік сыйымдылығын сұраныс пен экономикалық тиімділігін ескеруімен дәлелдеуге, халықтың көш-қонын зерттеуге көмек береді. Физикалық география туристік қасиеттер мен табиғи ортаны бағалау, табиғи ландшафтарының рекреациялық жүктемелерге деген пп>щамдылыгын анықтау, бұқаралық туризмнің дамуына байланысты табиғат қорғау мәселелерін зерттеу арқылы туризм географиясымен байланыста болады. Медициналық география туризмнің емделумен байланысты зерт-теулерінде қатысуы сөзсіз. Ең алдымен, бұл табиғи орта мен аймақтық ерекшеліктерінің, еңбек пен демалыстың халық денсаулығына тигізетін әсерн және рекреациялық іс-әрекеттің басқа медициналық-биологиялық аспектілерінің зерттеулері. Туризммен байланысты үрдістердің салааралық сипаты мен күрделілігі себебінен туристік құблыстарды зерттейтін географтар басқа ғылымдар жетістіктерін пайдалануы қажет. Жаратылыстану ғылымдарының зерттеулерін бұрыннан бері туристік мәселелермен айналысатын географтар пайдалануда. Туризм географиясы медицина мен оған жақын ғылымдардың, әсіресе адам экологиясының зерттеулерін жиі қолданады. Осындай зерттеулер нәтижелерін пайдалану арқасында демалушылардың хал-күйін қалпына келтіруіне мүмкіндік беретін демалыстың аумақтық ұйымд астырылуы қамтамасызданады. Соңғы жылдары географтар, туризм географтары жәнебасқа да жаратылыстану ғалымдары бірігіп табиғи ортаны қорғау мәселелерін шепгуде. Баяғыдан бері географтар туристік қозғалыстың асқан шоғырлануының табиғи орта үшін қауіпті екенін аңғарған. XIXғасырдың өзінде жоғары туристік қасиеттеріне ие болтан Австрия, Швейцария, Италия жәнебасқа елдердің географтары аумақтарды ыдырау қаупінен сақтау үшін оларды арнайы қорғауға алу қажетін атап айтқан. Туризм географтары үшін туристік құбылыстардың табиғи орта әлементтеріне (өсімдік, жануарлар, топырақ, ауа, су, т. б.) тигізетін әсерлерін зерттеу жұмыстары өте маңызды. Мұндай ақпарат сапасы мен көлемі жылдан жылға артуда. Осындай мәліметтер туристік қозғалыс пен туристік инфрақұрылымның дамуы мен орналастырылуының болжамын жасау үшін өте маңызды. Туризм географиясы жаратылыстану мен техникалық ғылымдардың шекаралас салаларының жетістіктерін, мысалы, ландшафтты жаңарту мен қайта абаттандыруда, демалыс аудандарын көгалдандыруда және т.с.с. кең пайдаланады. Туризм географиясының зерттеулерінде экономикалық мәселелер маңызды орын алады. Экономикалық және географиялық ғылымдар салаларының мамандандырылуы нәтижесінде осы салалардың әрқай-сысында өзінің зерттеу тетіктері мен әдістемелері бар, сондықтан туризмнің экономикалық мәселелерін географтар мен экономистер бірігіп шенгуде. Ал, географтар осындай зерттеулерді өздері жүргізсе де, экономи-калық ғылымдар әдістемелерін пайдаланады. Экономикасында туризм маңызды орын алатын елдерде туристік зерттеулерде туризм экономикасына байланысты мәселелер ерек-ше маңызды рөл ойнайды, атап айтсақ: туристік талаптар мен сұраныстар, туристік ұсыныс, туристік көш-қонмен байланысты ақша қозғалысы, туризмнің жергілікті, аймақтық, мемлекеттік экономикасы мен іпаруашылыгындағы рөлі, т. б. Осындай жалпы мәселелермен бірге, одан гөрі тар мағынадағы мәселелерді, мысалы: туризмнің материалдық базасын дамытуға жұмсалған капиталдық салымдардың тиімділігі, туризм дамуының халықтың материалдық игілігіне байланысты болуы және т. б. атауга болады Туризмнің географиялықзерттеулерінің ең маңызды құралдарының бірі статистика болып табылады. Бұл саладағы жұмыстар соғыс аяқталуымен бірге басталған, қазір туристік статистика ауқымы өте үлкен және оның критерийлері дәл анықталған. Демография халық құрылымы және дамуымен айналысатын ғылым болғандықтан оның зерттеулері әрқашан туризм географиясы үшін қажетті болады. Басында бұл сауықтыру мен туристік жерлеріне демалушылардың келуіне байланысты жергілікті тұрғындар санының өсуіне қатысы бар материалдар болған. Кейінірек демографтар туристік миграцияларға ден қоя бастады, бірақ олар тек осы көш-қонның көлемін ғана қарастырған, ал қалған аспектілерін социологтар мен географтар назарына қалдыра берген. Мұндайзерттеулер соңғы жылдары халық табысы мен оның туристік белсенділігінің өсуіне байланысты кең өріс алуда. Сонымен қатар, туризм географиясында демографтардың туристік қызметтегі еңбекпен қамтылу құрылымы, туристік қозғалысқа қатысушылардың жас мөлшерлік жәнеәлеуметтік құрылымы жөніндегі зерттеулері жиі қолданылады. Туристік қозғалыс жергілікті жердің шаруашылығы мен аумақтық ұйымдастырылуына әсеретіп, оның функционалдық құрылымын қалыптастыруына орай, қоныстану түрлерімен (қала мен ауыл) байланысты урбанистика мен руралистика туризм географиясымен тығыз үйлеседі. Қала тұрғындарының демалыс орындарына деген сұранысының өсуі нәтижесінде урбанистикалық зерттеулер қаладан тыс, жақын және алые орналасқан аумақтарды қамтитын болды. 50-ші жылдары дамыған елдерде «бос уақыт» және қоғамның оны пайдалану мәселесі пайда болды. Осыған орай туризм мәселелерімен әлеуметтану (социология) айналыса бастады. Жұмыс уақытының қысқартылуы мен бос уақыттың үзаруына, туристік белсенділіктің өсуі мен шаруашылық, әсіресе қоғамдық өзгерістеріне байланысты туризмнің социологиялық зерттеулер қажеттілігі пайда болды. Әлеуметтану зерттеулерінің тақырыптық топтары мынадай: туризм дамуының әлеуметтік себептері, туризмнің әлеуметтік салдарлары (халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрылымының өзгерістерін ескеруімен), туризмнің тәрбиелік функциялары, әлеуметтік құрылым мен туристік қозғалыс формалары арасындағы тәуелділік, туристердің қоғамдық топтар және таптарға жатуы мен туристік сапар жасау түрткілері арасындағы тәуелділік, туризм жөніндегі қоғам пікірлерін зерттеу. Әлеуметтану материалдарынсыз туризмнің экономикалық-географиялық үрдістерінің түсіндірмесі мүмкін болмас еді. Туризм географтары өз зерттеулерінде социологтардың сауалнамалық зерттеулер тәжірибесін кең қолданады. Географтар туризм бойынша жоспарлау жұмыстарына белсене қатысады, сонымен қатар, олар туристік аумақтық жоспарлаудың теориялық негіздерін жасайды. Өз кезегімен туризм географиясы әртүрлі жоспарлаулық еңбектер нәтижелерін өз зерттеулерінде жиі пайдаланады. Экономикалық жәнеәлеуметтік географияның басқа салалары сияқты, туризм географиясы тарихи материалдарын, әсіресе халық шаруашылығының даму тарихы жөніндегі мәліметтерді қолдануы міндетті. Бұлтуризм әсернен болатын шаруашылық пен әлеуметтік өзгерістерін талдау үшін қажет. Туризм коптеген жылдары дамып келе жатқан елдерде туризм тарихы бойынша зерттеулер жиі өткізіледі. Осындай еңбектердің саны бұрынғы КСРО аумағында, әсіресе Қазақстанда әзірше шамалы. Қайталау сұрақтары 1. Туризм географиясының басқағылымдар арасындағы орны мен осы мәселені қарастыру тарихы жөнінде айтып беріңіз. 2.Туризм географиясының басқа географиялықғылымдармен байланыстары қандай? 3. Туризм географиясының географиялық емес ғылымдармен байланыстары қандай? 4. Туризм географиясының ғылымдар жүйесіндегі орны қандай? § 8 Қазіргі туризм классификациясы Қазіргі туризм классификациясы туристік шаруашылықты, туристік қозғалысты, жалпы туризмнің аумақтық ұйымдастырылуы мен дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификацияның мәні -туризмнің жеке түрлерін бөліп корсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған, себебі, қазіргі туризмнің таза бір түрін, формасын бөліп көрсету мүмкін емес. Бірақ, классификация туризм мен оның инфрақұрылымының дамуын зерттеу үшін, белгілі бір туристік қызметтер сұранысын анықтау үшін, сонымен қатар туризмнің материалдық-техникалық базасының дамуын жоспарлау үшін қажет. Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай: мақсатына, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына, қозғалыс түріне, орналасу орнына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т.б. классификациялауға болады. Бірақ, саяхаттың мақсаты негізгі белгі болып табылады. Туризм формалары мен кластарына қарағанда оның түрлері әр алуан болып табылады. Олар біркатар факторларға: - бос уақыттың бар болуына жәнеұзақтығына; - туристердің жас мөлшері мен жынысына, денсаулығы мен рухани дамуының деңгейіне, адамның жеке талғамы мен материалдық молшылығына; - табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігіне; - белгілі қозғалыс кұралдарының бар болуына және т. б. байланысты. Сапардың мақсаты, шарты, бағыты мен масштабы бойынша туризмді формаларға, кластарға және түрлерге бөлуге болады (12-сурет). Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойыншатуризмнің үш негізгі формасы бар: емдік, спорттық-сауықтыру және танымдық, формасы. Осылардың барлығы адамның физикалық және рухани күштерін калпына келтіру қажетін кдмтамасыз етеді. Жұрт денсаулығын сақтау, еңбек қабілетін көтеру қандай да болсын мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады, ал осындай міндетті орындауда туризмнің рөлі өте маңызды. Емдік туризм дегеніміз жұмыстан бос уақытта күнделікті әдетті жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасау (В. Гаворецкий, 1997). Мұнда осыған байланысты пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жөніндегі сөздер жетіспейтін сияқты. Мысалға, В.А. Набедрик өзінің диссертациясында [19] емдік туризмге мынадай анықтама береді: «... бұл саяхат жасау себебі қаралу, емделу және ағзаның реабилитациясы болған адамдардың саяхат жасау мен бір жерде болғанынан пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы». Туризмнің бұл формасының ең басты түрткілері мынадай: - туристің эбден болдырып кетуі; денсаулық күйінің белгілі бір жерде, белгілі маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді қажет етуі; - демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке- дара қабілетіне лайық болуы қажет [18]. Емдік туризмге курорттық туризмді жатқызуға болады. Туризмнің бұл түрінің басты ерекшелігі - курорттық орындардың та-уларда, қыраттарда, теңіз бен көлдер жағалауларында шоғырлануы. Тағы бір ерекшелігі - курорттық туризмге көбінесе жасы келіп қалған адамдар қатысады, оның ішінде әйелдер саны басым. Емдік туризмнің тағы бір ерекшелігі - туризмнің басқа түрлеріне қарағанда (мысалы, рекреациялық, мәдени-танымдық) маусымға онша тәуелді болмауы және жергілікті сипатқа ие болуы. Мұның себебі - мемлекеттің немесе басқа бір каржы көзінің қаржымен қолдауы [20]. Қазақстандағы ең атақты курорттар - Сарыағаш, Рахман бұлақтары, Мерке, Алмаарасан, Қапаларасан, Жаңақорған, Бурабай және т. б. Туризм арқылысауықтыру - шаршаған адамның хал-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорықтар, қайық, велосипед тебу сияқты) пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының функцияларын қалпына келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес. Танымдық туризм туризмнің басты үш формасының бірі. Танымдықтуризмтуристердіңтануқажеттіліктерінқанағаттандырады. Тану болмаса туризм құры жай бір жерден басқа жерге барып келу болар еді. Туризмнің танымдық формасы көптеген қоғамдық функцияларды орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы - тәрбиелік, білім беру, мәдени, саймандық-техникалық функциялар [18]. Тәрбие функциясы адамның дамуын қалыптастырады және оны қоғамдық өмірге дайындайды. Білім беру функциясы айналадағы, туған жердегі болмысты білуге бағытталған. Мәдени функциясы адамды кең мағынада тәрбиелейді, белгілі мәдениетке тәнұғымдар мен бейнелерді тануға мүмкіндік береді. Саймандық-техникалық функция ел шаруашылығы жөніндегі білім береді. Туристік саяхатта турист әртүрлі мәдени-тарихи орындарды көріп шығады, өз ой-өрісін кеңейтеді, барған жер географиясын, тарихын, мәдениетін, этнографиясын біле бастайды, жергілікті тұрғындармен қатынас жасайды. Осының бәріне сүйеніп, танымдық туризм туристік қозғалыста жетекші рөл ойнайды деп айтуға болады. Жоғарыда айтылған формалар одан әрі жіктеледі. Осындай жіктелу алуан түрлі белгілер мен критерийлерге сүйенеді [1]. Туристік ағымның бағыты мен сипаты бойынша, сонымен қатар күқық статусы бойынша туризм екі үлкен класқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) жәнехалықаралық (шетелдік) туризм. Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм -бұл азаматтардың өз елінен тысқары жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге жасайтын сапарлары. Шетелдік туризм - бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі. Туризмнің осындай жіктелуі халықаралық туризмнің екі басқа түрімен - кіру және шығу туризмімен тығыз байланысты, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсаты оның шыққан немесе баратын елін анықгайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса - мұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елінде кіру туризмі деп аталады. 1993 жылы ЮНВТО-ның Оттавада өткен конференциясында туризмнің кейбір ұғымдары анықталды, атап айтсақ жаңа ұғымдар: ұлттықтуризм және ел ішіндегі туризм түсініктері қабылданды. Ұлттық туризм ішкі және шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм - ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды. Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бүндай саяхаттарда туристер елдің шекарасынан өтпейді, туристік күжаттарды толтырмайды. Күнделікті ұлттық ақша айналым құралы, ал туристің ана тілі қатынас құралы болып қала береді. Осындай саяхаттарды ұйымдастыру онша қиынға түспейді, сондықтан олар туристік сапарлардың 80-90%-ын құрады, ал ішкі туризмге жұмсалатын қаражат халықаралық туризмінен 5-10 есе артық (Е. Веллас, 1985). Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік мемлекетке барады. Шет еліне бару үшін туристік формалдылықтардан: шетелдік паспорт пен визаны жасату, кедендік рәсімдерден өту, валюталық және медициналық бақылаудан өту қажет. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады. Туристік формалдылықтарды жеңілдету (немесе қатал қылу) халықаралық туризм дамуына тікелей әсеретеді. Шығу қүжаттарын жасату рәсімінің ұзақжәне қиын болуы, орындау мерзімінің бұзылуы немесе заңсыз түрде бас тарту, асып кеткен төлемақысы; валюта ай-ырбасын қатал түрде шектеу сияқты шаралар туристік саяхаттардың дамуына зиян келтіреді. Кедендік декларациялары мен аса тиянақты кадағалау да туризм көлемін азайтады. Осыларға тіл тосқауылын да қосуға болады. Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсер. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп те атайды. Ал туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерн тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» немесе пассивті дейді [21]. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Олар туризмнің екі бөлігі болып табылады. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады.Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралықтуризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады. Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі осы уақытқа дейін көптеген пікірталас туғызады. Австриялық туризмолог профессор П. Бернекердің айтуынша, «қаншама авторлар болса, соншама анықтамалары да бар». Көптеген авторлар оның басты мәселесін бір ауыздан мақүлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс пен көңіл көтеру мақсатымен өткізілетін саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70% келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді. Қандай да болсын туристік саяхатта туристер мәдени-тарихи кереметтерді тамашалайды, мұражайларға, галереяларға, театрларға барады. Басқаша айтқанда, адам барған жердің географиясы мен онда түрған халықтың мәдениетіне, тарихына, өнеріне, дініне, этнографиясына қызығушылық білдіреді. Барған жер халқының өмірі жөніндегі көзқарастары туризм арқылы қалыптасады, сондықтан көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың дамуында басты рөлді танымдық туризмге береді. Соңғы уақытта этникалық туризм де дамуда, яғни туысқандарына, таныстарына немесе ата-бабаларының туған жеріне баруы; этникалық мақсатпен туристік сапарлар дүниежүзілік туристік ағымның 10% құрайды. Туризмнің түрлері әралуан белгілері бойынша одан әрі клас-сификацияланған. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); ә) әуесқой (өз жоспары бойынша); б) ұйымдастырылмаған («жабайы») болып бөлінеді. Турист өз қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыра алады. Олар туристік фирма қызметін пайдалануы немесе пайдаланбауы да мүмкін; толық қызмет көрсетілетін саяхат бағасын алдың ала төлеуі мүмкін немесе демалыс орнына келгеннен кейін әрбір қызмет үшін бөлек төлесе де өз еркі. Туристік фирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдың ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады. Оның ұйымдастырылмаған туризмінен айырмашылығы - әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің ұйымдастырылмаған туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланыста жұмыс істейді: туристік ұйымдар саяхат өткізу жөнінде кеңес беруі мүмкін, туристік құрал-жабдықтарды жалға беруі, кейде туристерді маршрут басталатын жеріне жеткізуі мүмкін және т.е.с.Сонымен қатар, әуесқой туристер туристік ұйымдарға маршруты, өткізу мерзімі жөнінде мәлімет береді, сондықтан бұл ұйымдар маршрут өткізілуін бақылай алады, ал қажет болса, көмек көрсетуі де мүмкін. Жабайы туристер туристік фирмалармен, туристік ұйымдармен байланыс жасамай-ақ, тек қана өздерінің таңдауымен дербес түрде саяхат жасайды. Ұйымдастырылмаған туризмнің мысалы - автостоп әдісімен саяхат жасау. Ұйымдастырылмаған туризм Батые елдерінде кең тараған - туристік сапарлардың үштен екісі осындай түрде өтеді. Тұрактар мен түнеу орындарының ұйымдастырылған жүйесі болмаған жағдайда ұйымдастырылмаған демалыс орындары пайда болады. Осындай орындар саны жылдан жылға өседі, нәтижесінде олар тез «тозады» да, нәтижесінде демалыс пен туризм ресурстары азаяды. Осындай демалыс орындарының көбеюі мен тозуы туристерді тартатын сүйікті аудандарымен бірге осындай елдің бүкіл аумағында байқалады. Туризм жеке жәнетоптық туризм болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке-дара туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкесұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи турлар, шаңғы жорықтары және т. б. болуы мүмкін. Аудандық жоспарлау үшін аудан бірлігіне келетін рекре-анттар санымен анықталатын әлеуметтік контакттар тығыздығы маңызды. Мүмкіндігінше жалғыздықты іздеуді центрден тепкіш, ал контакттардың максималды санына ұмтылуды центрге тартқыш деп атауға болады. Әрине демалысты ұйымдастырудың центрден тепкіш формалары центрге тартқыш формаларына үдсамайтын болады. Біріншісінде қызмет көрсету сферасы шашыраңқы, көлік торының тығыздығы темен болады, рекреациялық ресурстар экстенсивті түрде пайдаланатын болады. Демалыстың центрге тартқыш формаларының микроортасы демалыстың урбанданған формаларына жақын. Курорттарды зоналарға бөлген кезде контакттары минималды тыныш зоналары мен контакттары максималды зоналарды қалыптастыру қажет. Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризм, біріншіден, тұратын жерінен демалыс орнына келу, екіншіден, демалыс орындарының өзінде туристер қимылы жоғары болғандықтан бұл, әрине, шартты түріндегі бөліну. Стационарлық туризм деп айтсақ, бұл саяхат белгілі бір курортта болу үшін жасалды деген сөз. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм дегеніміз үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып түратын туризм түрі. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм тенденциясы күшейетін сияқты. Рекреациялық іс-әрекетінің қимыл деңгейінің өзгеруі нәтижесінде туризмнің материалдық-техникалық базасы да өзгерістерге үшырауда. Қимыл сипатының өсуі, әсіресе автотуристер санының көбеюі туризмнің аумақтық ұйымдастырылуының сызықтық-тораптық қағидасын күшейтеді. Туризмнің материалдық-техникалық базасы бірте-бірте жолдарға қарай тартылады. Жеке меншіктегі көлік құралдарының көбеюіне байланысты туристердің бірнеше жерде болу уақыты үзарып, есесіне бір жерде болу уақыты азаяды. Туристік щаруашылықтың кеңістіктегі кеңеюі және аумақтық еңбек бөлісінің тереңдеуі байқалады. Қозғалыс деңгейі туризмді зерттеу әдістемесіне, оның ішінде рекреациялық ресурстарға баға бергенде әсеретеді. Мысалы, автомобиль жолының айналасындағы пейзаждардың әртүрлілігін бағалау оларды жаяу немесе стационарлық туризм үшін бағалауынан басқаша болады: жаяу туризм үшін автотуризмге қарағанда көріністер жиірек ауысып түрғаны жөн. Маршруттық туризмді жалпы туризммен жұрт жиі теңестіреді. Маршруттық туризм спорттық (квалификациялық) немесе әуес-қойлық, яғни жай ғана сауыктыру мақсатындағы туризм болуы мүмкін. Өтетін кедергілер сипатына қарай әдетте ол жазықтағы туризм және тау туризмі болып бөлінеді. Рекреацияның осындай түрі адамның кедергілерден өту, табиғатпен күресу, оған жақын болу ынтасына негізделеді. Маршруттық туризм танымдық өлкетану туризмімен, жастардың патриоттық қозғалысымен тығыз байланысты. Пайдаланатын қозғалыс әдістері бойынша маршруттық туризм жаяу, мототуризм және т. б. болады. Қамтитын ауқымы бойынша жергілікті (елді мекен айналасындағы), аймақтық, жалпымемлекеттік маршруттьщ туризм болады. Су туризмінің серуендеу жәнеспорттық түрлері дамып келе жатыр. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, сушаңғы спорты, каноэда ескекпен жүзу, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен үштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешендерде кең тараған. Су астындағы жануарлар мен өсімдікті суретке түсіру, олардың емірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі (дайвинг) әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Мысалы, жерортатеңіз елдерінде жақсы дамыған су астындағы археологиялық туризмнің танымалдық сипаты айқын. Мұндатуристер су астындағы антикалық порттардың қалдықтарын тамашалайды. Тропик елдеріндегі коралл рифтеріндегі су астындағы туризмнің де болашағы бар. Балық аулау туризмнің сүйікті түрлерінің бірі болып табыла-ды. Мысалы, АҚШ халқының рекреациялық тауарларына жүмсай-тын шығындарының ішінде балық және аң аулау саймандарына жұмсайтын қаражатының үлесі 26%-ды құрады. Аң аулау туризмі ең алдымен табиғат ортасындағы дема-лыс мақсатында іске асырылады. Фото-кино-аң аулау туризмі оның танымдық түріне жатады. Аңшылық қазіргі кезде жануар-лар дүниесін қорғау мәселелеріне орай қатал ережелерге бағынуы қажет. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрінің бірі - аң аулау туризмі. Африкадағы сафари әсіресе қымбат тұрады. Қалтасы қалың шетелдіктер Африка, Азия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Аустралия елдеріндегі аңшылық зоналарына қызығушылық көрсетуде. Аңшы туристердің үлкен жігі осы елдерге өздерінің аңшылық жерлері азып кеткен, халқы тығыз елдерден: Франциядан, Италиядан, Бельгиядан, Швециядан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан келеді. Аңшылық туризм шетел валютасы көзі ретінде кейбір бұрынғы социалистік елдерде дамып келе жатыр. Соңғы жылдары тау шаңғы туризмі жылдам дамуда. Жақсы дамыған қызмет көрсету жүйесімен жабдықталған арнайы тау шаңғы курорттары салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда. Рекреациялық-спорттық туризм түрлері табиғи-аумақтық кешендерге жоғары деңгейдегі талаптарды: өтуге арналған кедергілердің саны мен қиындығы, тау шаңғы трассаларына койылатын талаптар және т.с.с. қояды. Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа (демалыс күнгі немесе уикэнд туризмі және көршілес шекара маңындағы туризм) жәнеұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар - туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты. Саяхаттың арақашықтығына қарай туризм жақын жәнеалые болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алые саяхат шетелдерге бару деген сөз. Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып түруын айтады. Мезгілдері мен ырғағына қарай туризм жыл бойындағы (үнемі) жәнемаусымдық болып бөлінеді. Біріншісі - туристік аудандарға немесе елді мекендерге туристер жыл бойы біркелкі түрде келсе болады, ал белгілі жыл мезгілінде келіп түрса маусымдық туризм деп айтааламыз. Маусымдық туризмнің өзі жазғы, қысқы әне маусымаралық туризм болып бөлінеді. Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризмі; ә) жастар туризмі; б) ересектер туризмі. Ересектер туризмін орта жастағылар мен қарт адамдар туризміне бөлуге болады. Әлеуметтік құрылымы бойынша а) қала тұрғындарының туризмі; ә) ауыл тұрғындарының туризмі; б) отбасы туризмі болады. Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типтес және ә) қонақ үй типті емес туризм. Туристік саяхат мақсатына қарай туризм келесідей: а) рекреа-циялық, ә) экскурсиялық және б) мамандандырылған немесе арнайы туризм болып бөлінеді. Рекреациялық туризмге емделу және сауықтыру мақсатындағы саяхат кіреді. Рекреациялық туризм климатпен емдеу, бальнеологиялық және балшықпен емдеуден түратын курорттық емдеу туризмі мен демалыс үйлері мен пансионаттардағы және спорттық жорықтардағы сауықтыруды қамтитын сауықтыру-спорттық туризміне бөлінеді. Экскурсиялық туризм - табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық (антропогендік) тұрғыдан қызықты орын-дармен танысу мақсатындағы саяхат, бұл басқа аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм - арнайы бағдарлама және маршрут бойынша өткізілетін саяхат. Әдетте оған мақсаттары немесе кәсіби мүдделері ортақ болатын адамдар қатысады. Қозғалыс әдісі мен көлік құралдарын қолдану бойынша туризмнің үш тобы бөлінеді: а) белсенді (көлік құралдарынсыз); ә) пассивті (мо-торлы көлік құралдарын пайдалануымен, бұл топтың бір бөлігі көлік туризмі деп аталады); б) моторсыз көлік құралдарын қолданатын туризм түрі. Осындай белгілер бойынша жасалған жіктелу, әрине, шартты түрдегі жіктелу екені түсінікті. Мұнда ең басты белгіні тауып анықтау маңызды. Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен (жеке), автобуспен, авиациялық (рейс немесе чартер), темір жолмен, теплоходпен (теңіз, өзен, көл кемелері) саяхат жасау болып бөлінеді. Дүние жүзіндегі жолаушылар тасымалының бір ширегі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Еуропада туристердің 70% өз көліктерімен саяхаттайды (50-ші жылдары бұл көрсеткіш 25% болған), АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды. Алыс емес жерлерге туристерді көбінесе автобус көлігі тасымалдайды, алыс және өте алыс жерге - авиация көлігі. Мысалы, атлантикалық желілерінде авиациялық тасымалдың дамуы нәтижесінде теңіз жолаушылар тасы-малы күрт азайды. Чартерлік авиациялық тасымал қазір кең қолданылады. Чартерлік ұшақ дегеніміз бір немесе бірнеше тасымалға жалданған үшақ. Чартерлік үшақтармен инклюзивтурлар, яғни алдың ала келісілген маршрут бойынша көлік шығындары күні бұрын төленген топтық туристік саяхаттар іске асырылады. Туристік темір жол тасымалының маңызы төмен, әсіресе аумағы кішкентай елдерінде. Дегенмен темір жол көлігі жайлылығын жоғарылату мен жылдамдығын 200-250 км/сағатқа шейін жеткізу арқылы бэсекелестікте жеңу әрекеттерін жасауда. Темір жол көлігіне инклюзив-турлары да енгізілуде. Рекреацияның туристік пойыз сияқты формасы кең тараган. Сонымен қатар, темір жол тасымалының арзан бағасы да маңызды рөл ойнайды. Теңіз көлігінің паромдық тасымалдағы, оның ішінде туристердің автомобильдерін тасымалдауындағы рөлі жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде круиз туризмі де шапшаң дамуда. Круиз дегеніміз - бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиз маршруттары көбінесе жылы теңіздерге қарай бағытталады. Жерорта теңізі бойынша, оның ішінде Грекия аралдарына жасалатын круиздер ең жақсы дамыған. Екінші орында Кариб ауданы орналасады, онда алдыңғы қатарда Бағам аралдарындағы круиздер. Скандинавия елдерінің порттары да артта қалмайды. Тынық мұхит алқабында да круиздер саны өсуде. Круиздік кемелерін шығару бойынша бірінші орында Нью-Йорк порты орналасады. Круиздік туризммен айналы-сатын алдағы қатардағы елдер - Англия, Норвегия, Грекия, Италия, Франция, АҚШ. Алғашқыда барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, одан түсетін кіріс туристік мекемелердің жұмысының басты нәтижесі болды. Табыстарын көбейту үшін туристік фирмалар мен агенттіктер өз шығындары мен туристік өнім арасындағы оңтайлы баланс іздестіреді, сондықтан олар ұсынатын тауарлар мен қызметтер табыстары жоғары немесе орташа тұлғаларға арналған. Бірте-бірте коммерциялық туризмге қарсы мағынадағы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Оның негізгі қағидалары мынадай: қоғам мүшелерінің барлығын табыстары шамалы таптарды туризм аясына тарту арқылы қамтамасыз ету; табысы аз адамдар туризмін қолдау мен үкіметтік, қоғамдық, муниципалдық және коммерциялық құрылымдардың оның дамуына белсене қатысу. Сонымен, әлеуметтік туризм - бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды. Әлеуметтік туризмнің дамуында зейнеткерлер кассаларының арнайы қорлары, кәсіподақтар, зауыт комитеттері, орталықтандырылған қаржы көздері беретін төлемақыларының маңызы жоғары. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға ғана емес,туристік мекемелері үшін де өте тиімді. Демалыс чектерінің енгізілуімен бірге олар өз нарығын кеңейтеді және көрсеткен қызметінің өтілу кепілдігіне ие болады. Бұл бағытта мемлекеттің қаржылық, жеңілдетілген салық және несиелік саясаты жүргізіледі. Осындай жүйе табысы төмен тұлғалардың көптеген топтарын қамтиды. Басынан бастап бұл жүйе қол еңбегімен айналыскан біліксіз жұмысшылар үшін құрылған, сондықтан оны жұмысшылар туризмімен теңестірген. Бірақ уақыт өте бере оның әлеуметтік базасы кеңейді, енді бұл жүйе қызметін әртүрлі қоғам мен жас мөлшер сатыларына жататын топтар пайдаланады. Кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық органдардың табысы темен халық топтарының де-малысын ұйымдастыруында қатысуы нәтижесінде әлеуметтік туризм қоғам өмірінің коммерциялық туризммен салыстыруға келетін құбылысқа айналды. Қазіргі кезде бұқаралық туризм ұғымы туристік қозғалыстың демократиялануы мен кеңеюін көрсетеді. Жақсы дамыған Батыс ин-дустриалды елдерінде халқының жартысынан көбі туристік өнімнің, яғни туристік тауарлар мен қызметтердің тұтынушылары болып табылады. Бұқаралық туризм ұғымы XIXғасырдағы ақсуйектер туризміне қарама-қарсы түсінік ретінде енгізілді. Ақсүйектер немесе аристократиялық туризм тұтынушылардың өте жүқа таптарына арналған, ал дамушы елдерінде өмір деңгейі өте төмен болғандықтан бұл жергілікті тұрғындардың қолы жетпейтін туризм түрі. Бұқаралық туризмге тағы бір қарама-қарсы мағынасы бар түсінік - қалтасы өте қалың клиенттерге арналған элиталық туризм. Бұлар үшін туристік нарықтағы бағалар маңызды емес, бірақ ұсынылатын тауарлар мен қызмет көрсету сапасына олардың қоятын талаптары өте жоғары. Элиталық туризмнің дамуы букіл туристік бизнеске ықпал жасайды, қызмет көрсетудің жаңа жоғары стандарттарын бекітіп таратады жәненәтижесінде қалай да болса халық өмірі деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Элиталық туризм сондықтан «туристік локомотив» деп жай аталмаған. Рекреациялық туризм. Туристік сапар жасау түрткілерінің ең бастысы - демалу. Әрине, бұл ең алдымен эдемі жерлерде, яғни туристік аттрактивтілігі жоғары жерлердегі (теңіз жағалауы, тау-лар, көлдер мен өзендер сияқты) жүйелі демалыс, уикэнд кезінде жанүясымен бірге демалу. Рекреациялық туризмге демалыс пен уикэнд өткізу, спорт пен рекреация, мәдени шаралар, туған-туысқандарға барып шығу сияқты мақсаттарда жасалатын саяхаттар жатады [22]. Ең жиі кездесетін рекреациялық шаралар мынадай: пассивті демалыс, жағажайда болып шомылу, су спорты, серуендеу, теннис, волейбол ойнау, велосипед тебу сияқты демалыс. Рекреациялық туризм шеңберінде этникалық, әлеуметтік және уикэнд түрлерін де белуге болады. Көңіл көтеру мен демалу мақсатындағы саяхаттарға әлемдік туризмнің 70% келеді. Оларға сауықтыру, спорттық, танымдық мақсатындағы саяхаттар, шоп-турлар жатады. Халықтың ең сүйікті демалыс түрі бұрынғыдай шомылу-жағажай демалысы болып қала береді: бұл адам денсаулығы мен көңіл-күйін қалпына келтірудің ең жақсы әдісі болып саналады. Алайда, мамандардық болжауы бойынша, тәуекел мен шытырман оқиға әлементтері бар саяхаттар бірінші орынға шығуына байланысты, теңіз курорт сапарын жасау «сэні» өтіп кетіп, тауға аттану басталмақ. Рекреациялық ағымдардың негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка, Шығыс Азия жәнеТыньщ мүхит аймагында қалыптасады. Осы аймақтардың үлесіне халықаралық шығу туризмінің 90% келеді. Туристерді «жіберуші» елдерге (70% дейін) Еуропажатады. Негізінен Германия, ¥лыбритания, Франция, Чехия, Польша, Ресей, Румыния, Словения елдерінен коп туристер саяхатқа шығады. Еуропадан кейін екінші орында рекреациялық туристерді жет-кізуші аймаққа Солтүстік Америка жатады, әсіресе АҚШ, оның үлесіне туристік ағымдардың 15%-ы түседі. Үшінші орында Шығыс Азия мен Тынық мүхит аймағы, туристік ағымдардың 10%-ы алады. Қазіргі кезде Шығыс Азия мен Тынық мұхит аймагы шығу рекреациялық туризмнің қарқынды дамып келе жатқан нарығы. Іскерлік туризм - бұл қызмет бабымен іссапар орнында табыс табу мақсатында емес сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, ондірістік семинарға және кормелерге катысу. Бүған барған елде лауазымды орны бар тұлғалар кірмейді. ОА. Смирнованың (2006) іскерлік туризмнің анықтамасы мынадай: «Негізгі мақсаты оздерінің күнделікті қоныстауы мен жұмыс орнынан озге жерлерде отетін іскерлік кездесулерде қатысу болып табылатын жұмыс уақытындағы орнын ауыстыру кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы» [23]. Іскерлік туризм -бұл туризмнің ең болашағы зор саласы. Іскерлік туризм өзінің ағымдарын қалыптастырады. Олардың негізгі болігі Еуропа, Солтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға келеді. Іскерлік туристерді қабылдайтын Еуропа мемлекеттердің алдыңгы қатарында Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария орналасады. Еуропа Одағының астанасы болып есептелетін Брюссель (Бельгия) ерекше орын алады. Іскерлік туризм нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті - конгрестік туризм. Конгресс дегеніміз бірнеше жылда бір рет бірнеше мың адамға шейін жиналатын пленарлық отырыс тұріндегі жиналыс. Әдеттегідей осындай форумдарда жаһандық, әлемдік маңызы бар мәселелер қарастырылады. Альтернативалық туризм табиғи ортаға ең аз колемде әсерететін, жәнебұқаралық және коммерциялық туризмге қарама-қарсы бола-тьш туризм [24]. Альтернативалық туризмді «сәйкесті», «жүмсақ», «тепе-теңдік», «жауапкершілікті» және «жасыл» деп атайды [24]. Альтернативалық туризмнің басты мақсаты - жергілікті тұрғындар қоғамдарымен қатынасқа кіру. Туризмнің бұл түрі жақсы даярлықты қажет етеді. Жеке жәнеұйымдастырылған альтернативалық туризмболуы мумкін [18]. Экологиялық туризм (экотуризм) жақында ғана «жасыл» революция толқынында пайда болды жәнеелдің тұрақты даму кон-цепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Арнайы әдебиетте экологиялық туризм табиғи ортасы жақсы сақталған аудандарға жергілікті жердің табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алу мақсатында жасалатын саяхаттар деп анықталады, сонымен қатар экологиялықтуризм экожүйелердің біртұтастығын бүзбайды және табиғатты қорғау жергілікті тұрғындар үшін пайда әкелетіндей экономикалық шарттарды қалыптастыратынболады [25, 26]. Экотуризмді кейде бұқаралық туризмге қарама-қарсы мағынада қарастырады, сондықтан әдеттегі туризмге қарағанда оның негізгі белгілері мынадай: - экотуризмнің басты нысандары болатын қайталанбас табиғи кереметтерінің бар болуы; -туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы; - басқаларға қарағанда томен капиталды, материалды жәнеэнергосыйымдылығының болуы; - экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі экологиялық білім беру және экологиялық ойлауды қалыптастыру; - бүкіл мемлекеттер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалықдамуын қолдау. Қысқа уақыт мезгілінде табиғатта уикэнд жасаған кезінде демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін, экологиялық туристер әртүрлі міндеттерді орындайды. Соңғы жылдары экотуристер әртүрлі қиын емес таза ауадағы жұмыстарга қатысады. Олар құстар мен басқа жануарлар санын есептейді, сирек кездесетін өсімдіктерді бақылайды, басқа да осыған ұқсайтын жұмыс жасайды. Экотуристерді қайталанбайтын өсімдік қоғамдастықтары мен биоценоздар, мысалы экваторлық ормандар, жазғы тундра немесе көктемдегі шөл, өлі табиғат нысандары (үңгірлер, каньондар, таулар және т.б.), кейбір антропогендік ланд-шафтар қызықтырады. Экологиялық туризмнің диверсификациясымен бірге оның туризмнің баска туризм түрлерімен жанасуы байқалуда. Мысалы, іскерлік сапарлар кезінде қатысушылары ұлттық немесе табиғи-этнографиялық саябақтарға барады, жагажайда шомылып демалады немесе құрыжай таза ауада серуендеп қыдырады. Сөйтіп, экотуризм шекараларын табу өте қиын. Альтернативалық туризм сияқты емес, экотуризм маркетинг зерттеулерін қажет етеді. Экотуризм шеңберіндегі рекреациялық шаралардың мысалы - «birdwatching», яғни құстарды олардың табиғи ортасында бақылау; «фото-сафари» (жануарларды суретке түсіру). Бүгінгі таңда экотуризм дамыған елдермен бірге дамушы елдерде де сэнге айнала бастады. Экотуризмді белсене насихаттайтын елдерге Колумбияны, Соломон аралдарын, Малайзияны, Уганданы жатқызуға болады. Квалификациялық (спорттық) туризм ең алдымен жақсы шыныгуды қажет етеді. Квалификациялық туризмді спортпен теңдестіруге болмайды, себебі оның мақсаты - рекреация, денсаулық пен физикалық форманы сақтап қалу, өлкені жан-жақты білу болып табылады [27]. Сонымен қатар квалификациялық туризм мақсаты ең жоғары жетістіктерге жетіп бэсекелестерді жеңу болып табылады. Квалификациялық туризмнің ең сүйікті түрлері - желкен спорты, байдарка мен каноэ қайықтарында жүзу, виндсерфинг, альпинизм, дай-винг, спелеотуризм, аң аулау және т. б. Жалпы айтканда спорттық туризм туризмнің қымбат түріне жата-ды. Онда қолданылатын құрал-жабдықтар қаражат қажет етеді. Және де мүлдай туристің белгілі бір білімдері, дағдылары мен ептілігі болуы қажет. Осыған орай, бір жағынан спорттық туризмді элита туризміне жатқызуға болады. Экстремалды туризм үнемі тәуекелмен, шытырман оқигалармен байланысты. Қазір туризмнің осы сегменті әлемнің туристік нарығының 10%-ын құрайды жәнебұл көрсеткіш өте жылдам өсуде. Лион университетінің география профессоры Ж.-М. Девайли «біздің қоғам жүйкені қытықтайтын көңіл көтеруді есірткі сияқты қажет етеді», - деп есептейді. Экстремалды туризм скейтбординг, сноу-бординг, скайсерфинг, треккинг, хелиски, фрирайд, рафтинг сияқты спорт түрлерімен тығыз байланысты. Ауыл туризмі-бос уақытты ауылды жерде өткізу. Оның ерекшелігі - ауыл пейзажы мен ауьшды жерге тәнүйлер мен жайлардық болуы. Ауыл туризмінің инфрақұрылымын ауылды жерде орналасқан пансионаттар, паналар, шағын отельдер, жекеменшікті үйлер, қонақ жайлары (бөлмелер), кемпингтер құрады. Ауыл туризм түрлеріне ауыл аумақтарында өткізілетін, жергілікті жағдайларға лайықтанған жәнежергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдаланатын барлық түрлерін жатқызуға болады [28]. Ауыл туризмінің бір шағын түрі - агротуризм. Агротуризм дегеніміз ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қонақтарды қабылдаумен байланысты іс-әрекет түрі (И. Ендрейчик, 1995). Агротуризм ауыл шаруашылығымен, ауыл шаруашылық кәсіпорны жұмысымен тығыз байланысты. Мұнда туристердің ауылды жерге оларды итермелейтін түрткісі - мал өсіруге, егістікпен айналысуға деген қызығушылығы. Ауыл туризмінің, оның ішінде агротуризмнің қасиеттері мынадай: - таза тамақ; - бұзылмаған, таза табиғат; - тыныштық; - ауыл өмірімен, фольклормен танысу малмен айналысу, - ауыл шаруашылық жұмыстарын өз қолымен жасау [29]. Агротуризмнің тағы бір жақсы жері - жұмыссыздықты азайту,жаңа еңбек орындарын қалыптастыру Мұндай әсер тікелей және жанама болуы мүмкін. Тікелей жасайтын әсер- агротуристік шаруашылық иесі туристерге қызмет көрсетуге арналған әрекеттер жасайды, мысалы: - пәтерін жалға беру жәнетамақтандыру; - жол көрсетуші жұмысы (арба, велосипед қолданып немесе жаяужүру); - туристерге көлік қызметін көрсету; - туристік құрал-жабдықтарды жалға беру (қайыктар, велосипел, моторлы қайық және т. б.); - атқа мініп жүруді, жүзуді үйрету; - механик қызметтері (өз көлігімен келген туристерге); - күзет, мүлікті сақтау қызметі; - балаларын күтіп, қарау және т.е.с Жанама түрдегі әсер: -туристердің келуінен болатын ауыл шаруашылық өнімі көлемінің өсуі; - туристер үшін азық-түлік, жартылай фабрикаттарды, басқа бұйымдарды алдыңала даярлап қою; - жалға берілетін пэтерлер мен үйлердегі құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу; - сауданың дамуы; - туристер келетін аумақтарда тазалық сақтау мен реттеу жұмыстарының қажеттілігі; - көркем қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың өсуі; - ақпараттық, дистрибьюторлық, промоушн сияқты қызметтердің дамуы, мысалы, картосхемалар мен буклеттерді шығару агротуристік бюролар мен агенттіктердің пайда болуы жәнет.с.с. [30]. Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінажат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады [31]. Олардың ішінде ең алдымен мінажат ету сапарларын атау керек. Бұл қасиетті діни орталықтарына бару болып табылады. Ең ірі үш монотеистік дін мінажат етушілері үшін қасиетті жер - Иерусалим. Еврейлер мұнда Інжіл жерлерін, жылау қабырғасын, Ғибадатханалық тауын көру үшін келеді. Христиандар Иеруалимді Исаның жердегі баспанасы ретінде мойындайды және Құдай Бейітіне тізе бүгу үшін келеді. Мүсылмандардың осындағы қасиетті орындары - Омар, аль-Акса мешіттері және т.б. Алайда мұсылмандардың ең басты қасиетті «хадж» (қажылық) орталығы - Мухаммед пайғамбар туған Сауд Арабиясындағы Мекке қаласы. Қүдайға табынушы като-ликтер Рим папасына Ватиканға барады. Туристік діни маршруттар-ды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар. Мәденитуризмі. Мәдениет пен туризм бір-бірімен өте тығыз байланысты. Туризм мәдениет объектілерін қорғайды,байытады және насихаттайды, мәдениет болса туризм дамуына өз септігін тигізеді. Мәденитуризм - бұл ойдағыдай мәдени қүндылықтарына ие орындарын: мәдениет, тарих пен сәулет өнері ескерткіштерін; археологиялық ескерткіштер мен қазбаларды; атақты тұлғалармен байланысты орындарды; мұражайларды, көрмелерді және т. б. көріп шығу Мәденитуризмі ең жақсы дамыған елдер - еуропалық мемлекеттер. Басқа елдер арасынан Израиль, Үндістан, Қытай, Мексика, Жапония сияқты елдерді бөліп атауға болады [18]. Уикэнд туризмі (мерекелік туризм). Бұл туризмнің ең сүйікті түрлерінің бірі. Жұмыс орны мен түратын жерінен тыс, бірақ онша алыс емес жерде демалу қажеттілігінен туындайды. Уикэнд туризмі ұйымдастырылған (топтық) немесе жеке уикэнд туризмі болуы мумкін. Туристер әртүрлі көлік құралдарын, ең алдымен меншікті автомобильдерін пайдаланады. Туризмнің бұл түрі өте жиі «екінші баспанаға» бару түрінде өтеді. Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және прак-тикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерн тигізеді. Туристік қызметтердің сапасы мен көлеміне қойылатын қосымшаталаптарының және қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен формаларының, сондай-ақ туризмнің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты туризм клас-сификациясы жетілдіріледі және толығымен мәреге жетті деп оны есептеуге болмайды. Қайталау сұрақтары 1. Қазіргі туризм жіктелуінің критерийлерін атап шығыңыз. 2. Туризмнің формаларга, кластарга, типтерге, турлергежәне шағын турлеріне бөлінуі жөнінде айтып беріңіз. 3. Туризмнін негізгі формаларын атап шығыңыз. Оларды бөлу критерийлері қандай? 4. Туризмнің негізгі кластарын атап шығыңыз. Оларды бөлу критерийлері қандай? 5. Туризм типтерін атаңыз. Осы ұгымдарды кім және щшан енгізген? 6. Ұйымдастыру сипаты бойынша туризмнің жіктелуі жөнінде айтып беріңіз. 7. Туризм туристік саяхат мақсатына қарай қалай бөлінеді? 8. Туризм қозгалыс әдісіне қарай қалай бөлінеді? 9. Әлеуметтік туризм деген не? 10. Рекреациялық туризмге сипаттама беріңіз. 11. Іскерлік туризмнің туризмніңбасқа түрлерінен айырмашылыгы қандай? Іскерлік туризмнің сипаттамасын беріңіз. 12. Экологиялықтуризм анықтамасын беріңіз. 13. Квалификациялықтуризм деген не? 14. Ауыл туризмі деген не? 15. Агротуризм деген не? 16. Діни туризм туралы әңгімелеп беріңіз. 3 –тарay РЕКРЕАЦИЯЛЫҚБАҒА БЕРУ ЖӘНЕАУМАҚТЫ РЕКРЕАЦИЯ ҮШІН ПАЙДАЛАНУ. ТУРИСТІК АУДАНДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ |