Главная страница
Навигация по странице:

  • § 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері

  • Қайталау сұрақтары

  • Әлемдік туризм. Туризм географиясы


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеТуризм географиясы
    Дата12.10.2018
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘлемдік туризм.docx
    ТипДокументы
    #53169
    страница8 из 23
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
    § 5 Туризм географиясының мақсаттары мен міндеттері, зерттеу нысаны мен пәні

    Табиғи ортамен, қоғаммен және оның әлеуметтік-шаруашылық іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болғандығынан туризм географ-зерттеушілерді ертеден-ақ қызықтыра бастаған.

    Алғашқы туризм зерттеулері қолданбалы сипатына ие болып, әртүрлі географиялық пәндердің, әсіресе халық және көлік географиясы шеңберіне кірген еді. Тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін туристік қозғалыстың қарқынды дамуы осындай зерттеу жұмыстарын едәуір жылдамдатып, олардың теориялық жәнеәдістемелік негіздерін құрай бастады.Бұл үрдіс география ғылымының жаңа пәні - туризм географиясының бөлініп шығуына әсерн тигізді.

    Туризм мен рекреация ұғымдарының бірдей еместігін ескерсек, туризм географиясын коғамдық-географиялық пәнретінде қарастыру   қажет, оның оқу объектісі - туризм болып табылады. Рекреациялық география демалыс пен туризм мәселелерін ғылыми географиялық негізінде түсіндіретін қоғамдық географиялық пәндердің ішіндегі жаңа бағыт болып саналады, ол XX ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында - 70-ші жылдарының басында ғана география ғылымынан туындаған. Бұрынғы КСРО-да география ғылымында оның негізін қалаушы профессор B.C. Преображенский болды. Кеңістікте болатын туристік құбылыстардың түрлері мен қатынастарына және соған байланысты кеңістікті өзгертетін үрдістеріне талдау жасау туризм географиясының оқу пәнінқұрайды. Туризм, халықшаруашылығының баска да салалары сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-спорттық, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты. Бұрынғы КСРО-да басқару шағын салаларға - курорттарды басқару бойынша орталық кеңес,туризм және экскурсия бойынша орталық кеңес, «Спутник» халықаралық жастар туризмінің бюросы, «Интурист» бүкілодақтық акционерліқ қоғамы және басқалары жатты. Осындай шағын салалардың әрқайсысы өзінің мекемелерімен, басқару органымен, жоспарлау бөлімімен, материалдық-техникалық базасымен біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеп тұрды. Бірақ, олардың мекемелері ортақ табиғи ресурстарын, бірыңғай технологиялық жәнеәлеуметтік инфрақұрылымын қолданды, сонымен қатар халық шаруашылығының өзге салаларына бірдей әсеретті. Сондықтан жоғарыда айтылған шағын салаларды тұтгнушылар бір-бірін толықтыратын жуйе ретінде қарастырды. Сондықтан жалпы туризм саласына талдау жасап, оның дамуын жоспарлап түру қажет. Осындай жұмыстармен туризм географиясы айналысады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық жәнеәлеуметтік мәселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым болып табылады.

    Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты - туристік қоз-ғалыстың табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да аспектілерін ескере отырып, туризмді басқарудың теориялық негіздерін құрастыру. Туристік-географиялық зерттеулер туристік функциялары қалыптасып үлгерген аумақтарымен бірге туристік-рекреациялық ресурстары бар болғанымен туристік қозғалыс әзірше ойдағыдай дамымаган жерлерді де қамтиды.

    Сонымен, туризм географиясы туризмнің түрі мен мезгілдігін ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа және оның шаруашылық кешенінің калыптасуына туризмнің әсерн; туризмнің дамуынан туындайтын және қоғамның шаруашылық іс-әрекетіне әсерететін аумақта болатын құблыстар мен үрдістерді қарастырады. Міне, осыған байланысты, туризм географиясыньщ алдыңда біртүтас маңызды міндеттер қойылады. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971ж. Б.Б. Родоман дәл тауып айтқан: «Географтардың мақсаты - басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, аумақты үнемдеп пайдалану, табигатты қорғау және ландшафтардың рекреация үшін сүлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандардың типтік модельдерін жасау, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу». Рекреациялық жәнетуристік ресурстар үллмдары тектес, бірақ біріншісі екіншісінен кеңдеу және туристік ресурстар рекреациялық ресурстарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризм ресурстарына керемет көп нысандар: сулар, таулар мен ормандардан бастап сәулет өнері мен өндірістік-шаруашылық нысандарына дейін - кіреді.

    Табиғи ресурстарының жарамдылығы, демалыс пен туризм мақсатында аумақтарды таңдау және қорғау ел аумагын пайдалану аудандарына дұрыс бөлінуімен, яғни халық шаруашылығының ұтымды құрылысын анықтаумен тығыз байланысты. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің ұлғаюына және осыған байланысты табиғи ортаның өзгерістеріне, урбандану үрдісі салдарынан халықтың рекреациялық белсенділігінің өсуіне байланысты, бұлмәселе ерекше маңызға ие болып тұр.

    Рекреациялық баға тек қана табиғи ресурстарына емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық ресурстарына да (тарихи-мәдениобъектілер мен құблыстар, қаражат, материалдық, еңбек және т. б. ресурстар) берілуі қажет. Туристік тартымдылық жагынан олар табиғи қасиеттерін толықтыруы мүмкін, сонымен қатар, материалдық немесе рухани мәдениет аясының нысандары ретінде өздері де туристік қозғалыс мақсаты болуы мүмкін.

    Әртүрлі дәрежедегі ТРЖ-ді олардың мамандандырылуы мен шоғырлануын негіздеу,құрамындағы жүйелер  арасындағы  өзаратәуелділіктерін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеулерінің де маңызы жоғары.

    Жоспарлап реттеудің тәжірибесі жағынан туризм географиясының маңызды мәселелерінің біреуіне оның болжам жасау функциясы жатады. Туризмді дамыту облысында түрлі модельдерді қолданып туристік қозғалысқа болжам жасау қажет. Халық табысы деңгейінің өсуі, көліктің дамуы,урбандану үрдісі, бос уақыттың көбеюі туристік қозғалыстың құрылымына қатты әсерн тигізеді.

    Туристік қозғалысты басқарудың факторы - туристік шаруашылықты дамыту саясаты болып табылады. Осындай саясат туризмнің экономикалық жәнеәлеуметтік аспектілерін, табиғат қорғау шараларын ескеруі қажет. Бұл саясаттың мағынасы-рекреация мен туризмдегі тұтыну категориясы ретіндегі қажеттіліктерді шаруашылық әрекет көрсеткіші ретіндегі туристік қызметтер ұсынысымен үйлестіру болып табылады, жәнебұлсаясат табиғи орта әулетіне сәйкес болуы керек.

    Табиғи ортаның қасиеттері мен туристік козғалыс, оның ішінде халықаралық туризм жасайтын экономикалық эффект арасындағы үтымды пропорцияларын анықтап орындау өте маңызды мәселе екені түсінікті. Осындай тәуелділікті анықтау үшін қызмет көрсету аясындағы еңбекпен қамтылу, халықтың туризмнен түсетін табысы, туризм дамуынан болатын шаруашылық құрылымындағы өзгерістер, материалдық игіліктің өсуі, туризмнін халық шаруашылығындағы орны сияқты мәселелерін зерттеу қажет.

    Туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізгі түсініктеріне көп орын бөлінген.

    Сонымен, туризм географиясының алдыңда бірқатар міндет қойылады, олардың ішіндегі ең бастылары - гносеологиялық (танымдық) және конструктивтік (өзгерістер енгізуші). Аумақтың туризммен айналысуға жарамдылығын, оның формалары мен маусымдық сипатын, туризмнің аумаққа тигізетін әсерн ескере тура географиялық зерттеу, туристік өнімдердің кеңістікте топтастырылған туристік сұраныс пен ұсынысты зерттеу үлкен маңызға ие. Туристік аумақтардың тұрақты және қауіпсіз дамуы стратегияларын негіздеуде, туризмнің кешенді ұйымдастырылған жүйелерін басқару негіздерін орнатуда олардың дамуын болжауда географтардың релі маңызды болмақ.

    Туризм географиясының тағы да бір міндеті туризмнің аумақты жүйелерін жобалау. Оның басты мақсаты - табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың өзара әрекеттесуіне негізделетін туризмнің кеңістіктегі ұйымдастырылуын жетілдіру болып табылады. Туризмнің кеңістіктегі ұйымдастырылуы адам мүдделерін қанағаттандыру, өмір деңгейі мен сапасын арттыру, оның ішінде туристік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Туризм географиясының құрастырушы рөлі мен әртүрлі ғылыми әдістері мен тәсілдерін біріктіру негізінде жүргізілетін қолданбалы туристік-рекреациялық зерттеулердің стратегиялық бағыты осындай.

    Әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) географияның бөлігі ре-тінде туризм географиясы мәдени-ағартушылық, тәрбие, білім беру міндеттерін орындайды. Сонымен қатар, туризм географиясының ерекше маңызды функциясы халықты аумақтардың туристік-әлеуметтік жөнінде хабардар қылу болып табылады. Туризм географиясы туризмнің түрлері мен формалары, табиғат, мәдениет, тарих объектілері, өз елінде және шет елде орналасқан туризм индустриясының кәсіпорындары жөнінде ақпарат жеткізеді.

    Сөйтіп, туризм географиясы потенциалды саяхатшылардың қолданыстағы немесе жаңадан қалыптасып жатқан туристік орталықтарына деген қызығушылығын туғызады.

    Туризм географиясының білім беру жүйесіндегі орны маңызды. Туризм географиясы болашақтағы туризм мамандарына туризмнің аумақтық жүйелері жөніндегі білім беріп, осы білімін өндірісте, ғылымда, аудандық жоспарлауда қолдануына мүмкіндік туғызады.

    Қайталау сұрақтары

    1.  Туризм географиясының зерттеу нысаны мен пәні ұғымдарына сипаттама беріңіз.

    2.  Туризм географиясы зерттеулерінің мақсаттары жөнінде айтып беріңіз.

    3.  Туризм географиясының зерттеу облыстарына:- аумақтыңтуризм дамуына жарамдылығы;

    - туризмнің аумацтың шаруашылық кешенінің цалыптасуына тигізетін әсері;

    - туризм дамуына байланысты пайда болғанжәне шаруашылықіс-әрекетіне әсерететін цүбылыстар мен үрдістер - сипаттама беріңіз.

    4.  Туризм географиясының алдыңа қойылатын міндеттер қандай?

    § 6 Туризм географиясының негізгі мәселелері және зерттеу әдістері

    Туризм географиясының пәнаралық сипаты, әсіресе оның табиғи, әлеуметтік және экономикалық қырлары, осы ғылымдарының әдістерін қолдануға итермелейді, ал біріктіру қажеттілігіне орай бөлшектелген бастапқы материалдары негізінде өз әдістемесін жасақтау керек болып тұр. Жалпы айтқанда, туризм географиясына кіретін жаратылыстанулық, әлеуметтік-экономикалық салаларының әрқайсысы қорытындыларын дәл қылу үшін математикалық-статистикалық әдістерді қолдануын қажет етеді.

    Туризм географиясының зерттеу шеңберіне статикалық әлементі — туристік кеңістік, және динамикалық әлементтер - туристік қозғалыс пен онымен байланысты қызмет көрсету саласы кіреді. Осыған орай туризм географиясы қарастыратын мәселелердің үш тақырыптық тобын бөліп атауға болады:

    1)   географиялық кеңістіктің туристік қозғалыс үшін жарамдылығының мәселелері;

    2)   әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі туристік қозғалысқа байланысы бар мәселелер;

    3)   интегралдық (біріктіруші) критерийлер негізінде туристік құбылыстарды кеңістікте жіктеу мәселелері.

    Туристік қозғалыс үшін жарамдылығын бағалаудың басты критерийлері - туристік қасиеттер мен туристік инфрақұрылымның жабдықталуы болады. Көптеген сауалнама қорытындыларына сүйенсек, демалыс орнын таңдаудың басты түрткісі табиғи ортаның көркемдігі болатыны көрінеді.

    Табиғи қасиеттеріне баға беру оның әлементтері «өлшеуге» жатпайтын болғандығынан өте қиын іс болады, дегенмен мұндай баға абсолютты болмаса да, дәлболғаны жөн. Бағалау нәтижесінде бағалаудың таңдалған шкаласына байланысты кванттау болады. Сонымен қатар, ланшафтарға кешенді баға берген кезде ландшафт әлементтерін құратын бөлшектерді тауып анықтау қиын болады.

    Табиғи ортаның аттрактивтілігін (тартымдылығын) бағалау критерийлері - жер бедері, климат, гидрография, өсімдік жамылғысы. Бұл әлементтер өз заңдарына бағынса да, бір-бірімен тығыз байланысты.

    Табиғи ресурстарын рекреациялық мақсатта бағалау кешенді сипатқа ие, ал әлементтерінің, олардың топтарының тартымдылығы тек салыстырмалы болады. Мұның себебі - туристер мүдделерінщ әртүрлі болуы және осыған орай туризмнің әртүрлі формаларының болуы және маусымдық сипаты.

    Табиғи орта қасиеттері мен тартымдылығын бағалаудың сандық әдістерінің ішінде аумақтың туристік бонитировка әдісі, яғни баллдар суммасы бойынша баға беру әдісі жиі қолданылады.

    Бұл әдіс мағынасы мынадай: таңдалған шкалаға сәйкес әрбіраумақ аспектілеріне белгілі балл беріледі, ал аспектілеріне беріл ген   баллдарын  қосқан  кезде  табиғи   ортаның  тартымдылығынсинтетикалық түрде бағалауға мүмкіндж туады. Баллдар суммасыкеңістік бірліктерінің қүндылығына толығьшен баға бере алмайды,бірақ оларды салыстырмалы түрде бағалауға мүмкіндік береді.

    Туристік қасиеттеріне сандық баға беру қиындығы жөнінде бұрын да талай айтылған. Мысалы, B.C. Преображенский мен Ю.А. Веденин бұл жөнінде «адам іс-әрекетінін аз ғана салалары осыншама көп жобалау немесе жоспарлау шешіміне әсерететін және соншама ауқымды ақпаратты қамтитын көрсеткіштерді сипаттама жасау үшін қажет етеді», деп айтқан [6].

    Әзірше туристік нысандар қасиеттерін сандық түрде бағалау критерийлері жоқ, сондықтан аумақтар мен маршруттар бонитиров-касы тек салыстырмалы түрде баға бере алады.

    Аумақтың рекреация үшін жарамдылығын анықтау үшін негізгі физикалық-географиялық бірліктердің ірі масштабты картографиялық зерттеулері өте маңызды. Мысалы, физикалық-географиялық және ландшафттық аудандастыру карталары.

    Табиғи ортаны пайдалануымен байланысты тагы бір маңызды әдістемелік мәселе- оның туристік (рекреациялық) сыйымдылығын анықтау мәселесі. Бұлпроблема туристік қозғалыстың асқан көлемде шоғырланған аумақтардағы ыдырауына байланысты туындады.

    Туристік сыйымдылық дегеніміз аумақ ауданына келетін туристер саны. Сыйымдылық есебінің негізінде туристік тартылымдық түрлеріне ие болатын шағын құрылымдық бірліктердің зерттеулері болу керек. Табиғи жағдайды бағалау технологиялық, психологиялық, физиологиялық аспектілерін қамтитын туристік мүмкіншіліктерін бағалау жүйесіне әлемент ретінде кіреді.

    Туризм географиясы мәселелерінің екінші тобына әлеуметтік-экономикалық мәселелер кіреді.

    Статистиканың туристік қозғалыс зерттеулеріндегі жоғары маңы-зын В. Унцикер мен К. Крапф сияқты белгілі туризм теорияшылары белгілеп атайды.

    Статистикалық зерттеулердің ең күрделі мәселесі - туристік қозғалыстың экономикалық эффектін бөліп көрсету, яғни оны халық шаруашылығының жалпы табыс суммаларынан бөліп есептеу (мемлекет ауқымы бол сын, одан үсақ бірліктер болсын) болып түр. Мұндай жағдайда статистикалық массаны халықтың табыстары, шығындары, туристік базаның тұрақты құралдарының құны, ақша айналымы және т. б., сонымен қатар халықаралық туризмдегі валюталық табыстар мен шығындар құрады.

    Статистикалық бақылау мен зерттеулердің көптеген әдістері қолданылады. Ең жиі қолданылатын әдістерінің бірі қонақ үйдегі тіркеу (локалдық) әдісі болып саналады. Бұл әдісәртүрлі түнеу базалары қабылдайтын туристердің толық тіркеуіне негізделеді; белгілі күндері болтан демалушылар саны жөнінде нақты мәлімет береді. Осы мәліметтер негізінде ұзақ мерзімдік (айлық, жылдық) есеп жасалады. Онда туристер жерлер түрі (таулы, теңіз жагалауы, т. б.), түнеу базасының түрі (тип, стандарт) жәнеұлты бойынша бөлініп есептеледі.

    Нақты статистикалық бақылаудың тағы бір негізгі әдісі - шетелдік миграциялар, оның ішінде өз азаматтарының баруы мен келуін тіркейтін шекаралық тіркеу әдісі. Алдыңда айтылған әдіске қарағанда бұлдәлірек әдіс, себебі мұнда шекарадан өтетін туристердің, оның ішінде қонақ үй тіркеуінен өтпегендердің (мысалы, туысқандарының немесе таныстарының үйінде түнейтін) барлығы тіркеледі. Бірақ бұләдіс туристердің ел аумағында болуының орташа уақыт мерзімі жөнінен мәлімет бермейді. Осындай мәлімет алу үшін кейбір елдерде турист елге кіргенде алып, қайтқанда қалдырып кететін қосымша формуляр қолданылады.

    Аталған әдістер бір-бірін толықтырады да, кейде екеуі де қоса қолданылады. Туристік, әсіресе аймақтық зерттеулерде қосалқы (екінші жолғы) статистикалық материал маңызды орын алады. Осындай мәліметтерді ағымдағы тіркеулер немесе әкімшілік (немесе салық салу) мақсатында жергілікті және орталық мекемелер мен ұйымдаржүргізетін статистика береді. Халықаралық ауқымда осындай материал біртекті болмағанымен, танымдық және ғылыми құндылығы жоғары болады.

    Бүдан да күрделі мәселе- аумақтың көлік қол жетерлігі статистикасының мәселесі болып табылады. Мұндайстатистика көлік торы статистикасы мен көлік қызмет көрсету статистикасынан құрылады.

    Сонымен қатар, статистиканың басқа да түрлерінің: халықтың еңбекпен қамтылуы, ұлттық табыс, төлемақылар, халық табысы мен шығындары, негізгі қорлар құны, капиталдық салымдар және т.б. статистикаларының маңызы жоғары.

    Алайда, осындай дерекнамалардан алынатын статистикалық материал жалпы әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі туристік құблыстар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктер жөнінде, басқаша айтқанда, олардың даму заңдары жөнінде толық ақпарат бере алмайды. Мұндағы ең басты қиынніылық туристік қозғалыстың әлеуметтік аспектінде жатыр. Сондықтан «толық емес» бақылаулары да: анкета немесе сүхбат көмегімен жүргізілетін сауалнамалық әдістер - қажет болады.

    Туризм географиясында қолданылатын тағы бір әдіс- монография. Әдетте бұл бір үлкен мәселеге арналған жұмыс болады. Онда бұлмәсележан-жағынан, барлық қырларынан алынып зерттеледі. Мұнда аумақтық тетік жиі қолданылады. Зерттеу жұмыстары ретінде олар жан-жақты, нақты, тиянақты жиналған ақпаратты қамтиды, сондықтан жергілікті, әсіресе жоспарлау органдары үшін өте маңызды танымдық материал болып қарастырылады.

    Сонымен қатар, статистикалық есепке негізделген жанама әдістері де бар. Мұнда туристік қозғалыс жөніндегі мәліметтерді онымен белгілі қатынастарда болатын басқа статистикалық материалдарындағы өзгерістерге қарап жинақтайды деген сөз. Туристік көш-қон үшін маңызды өзгерістер ішінде ең бастысы тұтгну мен көліктегі өзгерістер болып табылады. Осы әдістің үлгісі ретінде Ф. Крибьенің «ұн әдісін» келтіруге болады: әкімшілік бірліктеріндегі ұн тұтгнуындағы өзгерістерге негізделіп, жыл мезгілдеріндегі туристік қозғалыс көрсеткіштерін есептеуге болады.

    Жинақталған статистикалық материал статистикалық қатарларға (географиялық, құрылымдық, динамикалық және т. б.) статистикалық  1

    кестелер түрінде топтастырылады. Статистикалық материалды гра-фикалық түрде (диаграммалар, графиктер, карталар, сулбалар) де көрсетуге болады. Жалпы туристік құбылыстарды суреттеу үшін әлеуметтік-экономикалық құблыстарды көрсетудің барлық ста-тистикалық әдістерін қолдануға болады.

    Бір тақырыптағы қатарларды біріктірілген сандық сипаттамалар (орташа арифметикалық көрсеткіш, стандарттық ауытқулар, асимметрия коэффициентт арқылы салыстырады.

    Туристік құбылыстардың статистикалық суреттеуінде біріктірілген сандық сипаттамалар арасында мынадай көрсеткіштер маңызды орын алады: жергілікті жердің туристік функциясы мен оның даму деңгейінің көрсеткіші, туристік қозғалыс қарқындылығы, түнеу базасы сыйымдылығын пайдалану көрсеткіші, маусымдық көрсеткіші және т. б.

    Әлеуметтік-экономикалық өмірдің басқа салалары сияқты, туристік құбылыстар тазатүрдегі себеп-салдар тәуелділіктерін көрсетпейді; олар ішіндегі байланыстар корреляциялық сипатқа ие, мысалы, туристік қозғалыс көлемі мен бір адамға шаққандағы халық табысы, туризмнен түсетін табыс пен негізгі өндіріс қорларының құны, туристік қозғалыс көлемі мен урбандану деңгейі және т. б. Осындай байланыстарды дұрыс анықтаудың теориялық жәнетәжірибелік маңызы зор. Корреляция коэффициентін дұрыс қолдану арқылы туристік шаруашылықтағы диспропорцияларды анықтауға болады.

    Мысалы, орта қасиеттері мен түнеу базасының даму деңгейі арасындағы байланыстары төмен болса, бұл инвестициялық сая-саттың дұрыс болмауы мен туристік функцияларын орындай алатын аумақ қорының бар болуы жөніндегі дәлелі деп айтуға болады. Тағы бір мысал: қозғалыс пен туризмнен түсетін табыс арасындағы байланысының томен болуы табысты аз түсіретін мерекелік демалыстың үлкен үлесі жөнінде айтады.

    Корреляциялық талдау статистикалық есеп жасауы қиын бола-тын туристік құбылыстар көлемін есептегенде қолданылады, мысалы, қозғалыс көлемі мен тұтыну көлемі мәселелерінде. Мұнда кейбір өнімдер (мысалы, нан) тұтынуы жөніндегі мәліметтерге сүйенуге болады.

    Туристік құблыстар зерттеулерінде математикалық статистика әдістері кең қолданылады.

    Туристік қозғалыстың жылдам дамуы мен оның болашағын анықтау қажеттілігіне орай болжау негіздерін жасау мәселесі туындады.

    Әлеуметтік-экономикалық зерттеулердің қандай да болсын болжамы сияқты, туристік болжам әртүрлі функционалды жүйелерге бағынатын әртүрлі уақыт-кеңістік өзгерістерді ескеретін статистикалық болжам сипатына ие.

    Туристік болжамдар туристік құбылыстар дамуының басты факторы болып табылатын туристік ағымдар көлемін анықтау болжамы деуге болады. Туристік құбылыстар дамуы дегеніміз олардың кеңістіктегі (күрлықтар, елдер, аудандар) жәнеуақыттағы (жақын уақыттағы, ұзақ мезгілдік, перспективалық болжамы) дамуы.

    Туристік функцияларын орындайтын кеңістік бірліктерінің негізгісі - туристік аудан (аймақ).

    Туристік аймақ функциялары келушілер талаптарына, табиғи ортаның түрі мен тартымдылығына, туристік дәстүрлерге және туристік қызмет корсету саласының жұмысына тәуелді.

    Иерархия жағынан туристік аймақтар күрделі жүйелер болып табылады. Географиялық зерттеулердің қазіргі кезеңіндегі өзекті мәселесі - аймақтық синтездің әдістемелік тұжырымдамасын құрастыру және оның негізінде аймақтың біртүтас құрылым ретіндегі сипаттамасын жасау.

    Қайталау сұрақтары

    1.  Туризм географиясының әдістемелік ерекшелігі қандай?

    2.   Туризм географиясының зерттеу пәнінің статикалықжәне динамикалықәлементтері қандай?

    3.  Табиғи цасиетптеріне баға берудің әдістемелік циындыгы неде?

    4. Аумацтыңтуризм мен рекреация үшін жарамдылыгын аныңтау үшін қандайкарталарды пайдалану қажет?

    5. Аумақтың рекреациялық кеңділігін (сыйымдылыгын) анықтау мәселесіне сипаттама беріңіз.

    6.  Туристік-географиялықзерттеулердегі статистиканың мацызы қандай?

    7.    Туристік-географиялық зерттеулердегі корреляциялық талдаудың рөлі қандай?

    8.  Туризм географиясындағы болжамдар жөнінде айтып беріңіз.

    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23


    написать администратору сайта