Главная страница
Навигация по странице:

  • Қайталау сұрақтары

  • Әлемдік туризм. Туризм географиясы


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеТуризм географиясы
    Дата12.10.2018
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘлемдік туризм.docx
    ТипДокументы
    #53169
    страница16 из 23
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
    § 4 Туризм индустриясы және туристік нарық

    Қандай да болсын экономикалық іс-әрекет белгілі орнымен, уақытымен, технологиясымен, тауарлар мен қызметтер көлемі және түрлерімен, олардың сатылуымен сипатталады. Тауарлар мен қызметтер өндірісі адам қажеттіліктеріне, біз қарастырып тұрған жағдайда - туризм қажеттіліктеріне сәйкес болуы керек.

    Туристік қызмет көрсетудің күрделі жүйесін басқа осы дәрежедегі жүйелермен бірге халық шаруашыльіғының супер-жүйесіне кіретін жүйе ретінде қарастыру керек. «Халық шаруашылық» жүйесі туристік қажеттіліктер мен төлемге қабілетті сұранысты қалыптастырады, туризм индустриясының мақсаттық бағытталуын, іс-әрекетінің қаржылық, материалдық-техникалық, еңбек, нормативтік-құқықтық қамтамасыздануын басқарады, басқа теңдес жүйелермен байланыстырады.

    Алдыңда біз рекреациялық сала мен туризм индустриясы ұғымдарының қатынасын қарастырдық. Енді туризм индустриясы ұғымын тәптіштеп қарастырайық.

    «Турист» энциклопедиясында (М., 1973) «туризм индустриясы» туралы мынадай анықтама берілген: бұл- материалдық-техникалық базалардың құрылуын, туристік рекреациялық ресурстарды игеру мен пайдалануын, туристік тауарлар мен қызметтерді айырбасталуы мен қолданылуын материалдық және материалдық емес сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.

    Туризм индустриясының мекемелері мен кәсіпорындары шартты түрде үш топқа бөлінеді:

    1) д емалыс орындары мен маршруттардағы туристік-экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаторийлер, кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; туристік-экскурсиялық тасымалдауға арналған арнайы көлік; туристерді сауықтыру, емдеу қызметтерімен, сонымен қатар сувенирлермен және басқа туристік тауарлармен қамтамасыз ететін демалу орындары мен туристік орталықтары;

    2)    демалыс орнында туристерге жәнежергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар және т. б.);

    3) туризмнің материалдық-техникалық базасын құрумен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп мекемелері және оларға еңбек құралдарын, шикізат, жабдықтау жеткізетін кәсіпорындар, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандарды дайындайтын мекемелер.

    Ресей халықаралық туризм академиясы шығарған «Менеджмент туризма» оқу құралындағы (М., 1996) туризм индустриясының анықтамасы мынадай: «Туризм индустриясы - бұл функциялары бос уақыттағы демалыс пен көңіл көтеру түрлеріне деген әралуан және үнемі өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру болып табылатын салалар мен кәсіпорындар топтарынан түратын ірі дербес шаруашылық кешені».

    Туризм индустриясына туризмсіз болмайтын тауарлар мен қызметтерді өндіретін кәсіпорындар кіреді:

    - қонақүй кәсіпорындары;

    - тамақтандыру кәсіпорындары;

    - көлік кәсіпорындары;

    - экскурсиялық, туристік бюролар мен агенттіктер;

    - сувенирлерді шығаратын кәсіпорындар;

    - туристік оқу орындары;

    - ақпараттық және жарнамалық қызмет;

    - туристік ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары;

    - туристік тауарларды өндіретін кәсіпорындар.

    Сөйтіп, құрылымы жағынан туризм индустриясы туризмнің өзінің жүйесінен (сферасынан) және туристерге қызмет көрсетуге қатысы бар халық шаруашылығының басқа салаларынан (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы және т. б.) тұрады.

    Сонымен, туризм индустриясының жуйесіне мынадай мамандандырылған кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар кіреді: 1) түнеу қызметін ұсынатын кәсіпорындар (қонақүйлер, мотелдер, кемпинг-тер, пансионаттар, меншікті пэтерлер мен үйлер; туристік базалар, паналар, санаторийлер, демалыс үйлері, басқа орналастыру орындары); 2) тамақтандыру кәсіпорындары (мейрамханалар, кафе, бар-лар, асханалар, аспаздық фабрикалар және т. б.); 3) көлік қызметін көрсететін мекемелер (авто-, әуекәсіпорындары, темір жол, теңіз және өзен флотының кәсіпорындары және т. б.); 4) туристік өнім әзірлеу және өткізу фирмалары (туристік бюро, экскурсиялық бюро,туристік фирмалар, туристік агенттіктер, жолдама сату бюролары); 5) жарнамалық-акпараттық туристік кәсіпорындар (жарнамалық агенттіктер, жарнамалық бюро, ақпарат агенттіктері); 6) өндірістік туристік кәсіпорындар (туристік сувенирлер фабрикалары, туристік кұрал-жабдықтар өндірісі, туристік жиһаз жасайтын фабрикалар және т. б.), 7) сауда кәсіпорындары (туристік құрал-жабдықтар дүкендері, туристік сувенирлер дүкендері, жалдау пункттері және т.с.с.); 8) туризмдегі көңіл көтеру кәсіпорындары (киноконцерт залдары, клубтар, ойын автоматтары залдары және т.б.); 9) өзіндік туризм мекемелері (туристік клубтар, альпинистік клубтар, туристік велосипед клубтары, су туризмі клубтары және т. б.); 10) туризмді басқару органдары (туризм комитеттері, басқармалары мен департаменттері, қоғамдық туристік ұйымдар мен бірлестіктер және т. б.); 11) туристік оқу орындары (жоғары және орта арнайы туристік оку орындары, біліктілікті жоғарылату мен қайта даярлау институттары, оқу курстық комбинаттар және т. б.); 12) ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері (ғылыми-зерттеу туристік институттары, орталықтары, зертхана-лары, жобалау институттары, туристік зерттеу полигондары және т. б.). Әрине, бұл толық тізім емес: туризм индустриясына, сонымен катар жанама түрде теңіз, өзен, әуе, қала көлігі және көліктің басқа түрлері, жол және қалалық коммуналдық қызметтер, байланыс, сауда ұйымдары, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының жәнетұрмыста қызмет көрсетудің басқа кәсіпорындары да кіреді.

    Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуы ресурстарға бағыт-талады; екіншіден, туристік қызмет көрсетудің маусымдық қасиеті; үшіншіден инфрақұрылымының даму деңгейіне қойылатын жоғарғы дәрежедегі талаптар.

    Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар, солар арқылы туризм саласы халық шаруашылығының басқа да салаларынан ерекшеленеді. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) белгілі бір жерде өндіріледі жәнетұтгнылады (тасымалдауға уақыт кетпейді). Туризмнің екінші ерекшелігі - оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Сондықтан өзгеріп түратын сыйымдылығы тән өндіріс қуаттарын пайдаланған дұрыс (мысалы,турбазада өзгеріп түратын орналастыру қорын пайдалану). Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы - қызмет өндіру объектісіне тұтгнушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылығымен байланысады - турист алған өнімдерді «өзімен бірге алып шығады», яғни денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, жаңадан толықтырылған білім және т. б.

    Еңбектің географиялық бөлінісі жөнінде Н.Н. Баранский былай деп жазған: «еңбектің географиялық бөлінісінің шарты мынадай: ел-дер (аудандар) бірі үшін бірі жұмыс атқаруы қажет, еңбек өнімдері бір жерден екінші жерге жеткізілуі керек, сөйтіп, өндіріс орны мен тулыну орны арасында белгілі бір арақашықтық болуы қажет». Туризмдегі осындай алшақтау екі түрде көрініс табады: 1) тұратын жері (рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасатын жері) мен дема-лыс (саяхат) ауданы арасындағы алшақтау; 2) туристік-рекреациялық іс-әрекет жүргізу бойынша әртүрлі аудандар арасындағы функцияларының бөлінісі.

    Сонымен қатар, бір-бірінен алшақ болған тауарлар мен қызметтер бір-бірінен тәуелсіз түрде тұтынылмауы туризмдегі қызмет көрсету технологиясының ерекшелігі болып табылады. Олар туристік тұтынудың біріктірілген түрлері болып қосылады. Тұтынушының өзі осы біріктіруге уақыты мен қаражатын жүмсап, осы біріктіру процесін басқарып тұрады.

    Туристік қызмет көрсету материалдық игілік пен қызметтердің та-ратылуымен, алмасуымен және тулынуымен байланысты іс-әрекеттің барлық түрлерін біріктіретін қызмет көрсету сферасына жатады.

    Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің сипатын білу керек. Туристік қызмет корсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар мен қызметтер сатып алған кезде әртүрлі қажеттіліктерін камтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенділігі және күрделілігі келесі жағдайға байланысты:

    -  қызметтердің көбісі бір жерде өндіріледі және тұтынылады, сондықтан қызметтің өндірілуі материалдық емес сипатқа ие болады;

    - туристерге өндірілу мен қызмет көрсетудің әралуан технология-сы бар қызметтер мен тауарлар ұсынылады;

    -  туристік қызмет корсету материалдық-техникалық базасында (қонақ үйлерде, мейрамханаларда, көлікте, спорттық құрылыстарда, денсаулық сактау мекемелерінде) орындалады;

    - туристерге ұсынылатын тауарлар мен қызметтер әртүрлі әрекет барысында пайда болады. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдар мен мекемелерде, екіншілері - халық шаруашылық салаларында (көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сактау және т. б.) іске асады;

    -қызметті әртүрлі кәсіби дайындығы және білім деңгейі бар адам-дар орындайды.

    Туристік қызмет корсету үрдісі тұтынудың ерекше сипатына орай қызметтерді пайдалану кезегі болатындығынан біраз уақытқа созылады. Саяхат жасаған кезде туристер көлік, қонақ үй, спорттық-көңіл көтеру мекемелерінің және т. б. қызметтерін пайдаланады, ал ол үшін уақыт қажет.

    Туризмде ұсынылатын қызметтер территория бойынша бөлінеді. Туристерге көрсетілетін қызметтердің кейбіреулері тұрғылықты өмір сүретін жерлерінде атқарылады (ақпараттық, делдалдық қызмет). Басқаларын (ақпараттық, көліктік қызметтер) турист саяхат кезінде тұтынады. Үшіншісін - туристер туристік орталықтарда (орналасу, тамақтандыру, емдеу, көңіл көтеру қызметі) алады.

    Туризмде әдетте сату-сатып алу акті уақыты мен орны бойынша қызмет орнына сәйкес келмейді, яғни олардың бір бөлігін бір туристік кәсіпорындары сатса, басқалары өндіреді. Бұл үдеріс үш бірлескен процестерден тұрады: оған сату-сатып алу кезіндегі, саяхат кезіндегі және туристік орындардағы қызмет корсету процестері кіреді. Осының ең болмағанда біреуі жетіспесе, туристік қызмет корсету процесін кешен ретінде қарастыруға болмайды. Сату-сатып алусыз саяхат жоқ, саяхатсыз туристерді қызықтыратын жерге жетуі болмайды. Сөйтіп, туристік қызмет корсету өндіріс, ұсыныс және тауарлар мен қызметтерді сату іс-әрекеттерін қамтиды.

    Қызмет көрсетудің өзі өндіріс, ұсыныс және тауарлар мен қызметтерді сату үрдістері жүргізілетін процесс.

    Қызмет корсету процесін туристерге бағыттап, шартты түрде былай бөлуге болады:

    1. Қызмет пен тауарға туристің көңілін аударту.

    2. Туристік өнімге туристің қызығушылығын тудыру.

    3. Ұсынылып отырған тауар мен қызметтерді пайдалануға турис-тің қызығушылығын тудыру.

    4. Туристік қызмет пен тауарды сатып алуға туристі еліктіру.

    Туристердің барлығы үхынылатын қызметтерге бірдей қара-майды, сондықтан жоғарыда аталған кезеңдер кезегі дәл сондай бо-лып түзілмейді. Олай болса, қызмет көрсетушілер туристін қандай топқа жататынын, тауар немесе қызмет үхынған кезде қандай әдіс қолданылатынын білуі керек. Қызмет көрсетудің сэттілігі қызмет-керлердің тұлғалық касиеттеріне - біліктілігіне, мәдениетіне, өнегелі болуына, ширақтығына, белсенділігіне және т. б. байланысты.

    Туризм индустриясы туристік өнім өндірушісі болып табы-лады, туризм индустриясы арқылы халықтың туристік сұ-ранысы қанағаттандырылады. Ал сұраныс болса адамдардың рекреациялық қажеттіліктері әсернен туындайды.

    Қандай бір фирма болмасын, оның нарықтағы табысы шығаратын өнімдерінің тартымдылығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі және жылдам таралуы да соган байланысты.

    Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлікке бөлінеді (18-сурет):

    -тур;

    - қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;

    - туристік тауарлар.

    -   тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және тур-оператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бастапқы (міндетті) туристік өнімнің бірлігі. Туроператор - туристік өнімді әзірлейтін және турларды жинақтайтын, оларды іске қосатын, туристік өнімді нарықга жарнамалайтын және итермелейтін, бағаларын тағайындайтын және турагенттерге сату үшін өткізетін туристік кәсіпорын (ұйым).

    Тур екі құрылымдық бөліктен: 1) туристік пакет және 2) маршрутта көрсетілетін қызметтер кешені - тұрады.

    Туристік пакетті туроператорлар үхынады, пакет құрылымы маршрутта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден:

    - туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып қайту;

    - трансфер;

    - орналастыру және тамақтандыру;

    - міндетті түрдегі экскурсиялық жәнемәдени бағдарлама -тұрады. Міндеттілік - бұл туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы. Себебі, төрт міндетті әлементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдіктер алуы мүмкін, өйткені ол турфирманың сериялық туристік өнімін сатып алып жатыр,

    сонымен қатар туристік өнімге басқа да қосымша қызметтер қосып беруге туроператордан сүрап алуға туристің күкығы бар.

    Туроператор туризмде жетекші рөл атқарады, себебі ол әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т. б. қызметтерді) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.

    Турагент - туроператордың туристік өнімін іске асыратын, турис-тік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Турагенттің туроператордан айырмашылығы - турагент турдың сапасына жауапты емес. Өз жұмысы үшін турагент комиссиялық сыйлық, турдың жалпы баға-сынан 7-15% алып тұрады.

    Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі және міндетті бөлігі. Туристік өнімге бірдей талаптар қойылады, себебі бір жерде сатып алынган тур екінші жерде тұтынылады. Бұл жағдайда туроператор, турагент пен туристің талаптары мен жұмысы толыгымен үйлесуі қажет, тек сонда ғана өзара келісілген міндеттер толыгымен орындалады. Осындай келісілу келісім-шарт негізінде туристік жолдама немесе ваучер түрінде іске асырылады. Оларды туроператор толтырады, туристік жолдама немесе ваучер барлық фирма мен клиент үшін міндетті қызметтердің кепілі болатын қүжаттар. Осы күжаттың екеуінде де тур жөніндегі толық ақпарат беріледі:

    - турист баратын ел (туристік орталық);

    - көлік құралы;

    - туристерді орналастыру шарттары;

    - тамақтандыру шарттары;

    - турдың басталу мен аяқталу мерзімдері;

    - күндер бойынша жазылған багдарлама;

    - паспорттық-визалық формалдылықтар;

    - медициналық сақтандыру қүжаты;

    - турға қатысушылардың ең темен (минималды) саны;

    - турды жоюдың ең соңғы мерзімдері;

    - турдың кешенді бағасы;

    - туристің саяхатта болу мерзімінің, бағдарламасының және сапарда болу шарттарының орындалмауы үшін салынатын айыппұл;

    - туроператор мен турагент атаулары мен реквизиттері. Ваучер бойынша туроператор:

    - саяхатта болу бағдарламасының орындалуына;

    -  жарнаманьщ және туриске берілген ақпараттың шындыққа сәйкес болуына;

    - тур бағасын өз еркімен өзгертуіне;

    - туристік пакет жөніндегі ақпараттың шындығына жауапты болады.

    Туристік өнім әлементтері бойынша турист шығынының құрылымы мынадай:

    - тур - 50%;

    - қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер - 30%;

    - туристік тауарлар - 20% (18-сурет).

    Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз - бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, жалдау, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т. б. жатады. Қосымша қызметтерді туристер өз ақшасына бөлек сатып алады.

    Туристік тауар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған туристік карталар және қаланың сұлбасы, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі дефицит немесе қымбат болатын тауарлар және т. б. жатады.

    Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен:

    - барлық өндірістің шығынының толық есебінің әдісі;

    - туристердің барлық шығынының, яғни туризмнен түскен табыс есебінің әдісі - бағалануы мүмкін.

    Туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа: көлік қызметі; туристердің туристік аудандарда болуына байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, орналастыру, тамақтандыру жәнет.б.қызметтер); бір рет көрсетілетін қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т. б.) топтарына біріктіруге болады. Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тагы да бірнеше түрлерге жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің түріне және комфорттылығына қарай топтастырылады.

    Туристік саяхаттар тұтгнудың ерекше формаларын пайда қылады және туристің өзін ерекше тұтгнушыға айналдырады. Туристік тұтгну туристің төлем қабілетіне,  ал шығындарының көлемі туристік қызметтерге, ушының талғамына, туристік сұраныс пен ұсыныстың маусымдық сипаты мен тауарлар мен қызметтердің тұтыну ерекшеліктеріне байланысты. Туристердің шығындары көлемі мен құрылымына туристердің жасы, жынысы, үлты да әсеретеді. Туристер көлік пен тауарларды сатып алуға ең көп ақша жұмсайды: осыларға жалпы шығынының 60%, оның ішінде сатып алуға 25% кетеді.

    Туристік тұтынуға туристің қызметтермен ақшаға және тегін қамтамасыз етілуі жатады. Туристік саяхаттың нағыз ерекшелігі -саяхат мақсаты (теңіз, көркем ландшафттар, саябақтар, ескерткіштер және т. б.) әдетте тікелей ақша шығынын қажет етпейді. Бірақ онымен бірге тұтгнушылық туристік құндылықтар тауарлар немесе ақылы қызметтер болып табылады. Сөйтіп, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыру дегеніміз бір жағынан ақылы тауарлар мен қызметтерді пайдалану, екіншіден, тауар формасына өтпейтін тегін байлықтарды тұтгну болып табылады [42].

    Туристік сұраныс жәнеұсыныс туризмнің экономикалық құрылымының әлементі ретінде туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату сферасын құрайды. Туристік қызмет түрінде тауарларды тұтыну арқасында туризм өзінің басты экономикалық функциясын орындайды. Туристік қызметтерді сату ішкі және сыртқы сауданың маңызды бөлігі болып саналады. Тауар ретінде туристік қызметтер нарыкта сату-сатып алу заты болып табылады. Территориялық аспектінен қарасақ, туристік нарықты жергілікті бір жерде болатын жергілікті туристік нарыққа, елдің аумақтық бірлігіндегі аудандық (аймақтық) нарыққа, ел деңгейіндегі ұлттық нарыққа және туристік қызметінің дүниежүзілік нарығына белуге болады.

    Критерий ретінде туристік қызметтердің сипатын алсақ, мынадай нарықтарды бөліп атауға болады:

    - қонақүй қызметтерінің нарығы;

    - мейрамхана қызметтерінің (қоғамдық тамақтандыру) нарығы;

    - көлік қызметтерінің нарығы және т. б.

    Саяхат мақсаты бойынша мынадай нарықтар болады:

    - танымдық туризм нарыты;

    - рекреациялық туризм;

    - емдік туризм;

    - ауыл туризмінің нарыты жәнет. б.

    Алмасу затын, субъектілерін, сұраныс пен ұсынысты, нарыққа шығу шарттарын сипаттап, нарықтың кез келген түрін суреттеуге болады. Туристік нарықтың осындай сипаттамаларын туристік шаруашылық субъектілері өз жұмысын сэтті жүргізу үшін білуі қажет.

    Туристік нарықтың тек өзіне тән ерекшеліктері бар. Егер дүние-жүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің көлікке кететін шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында. Туристердің көлік шығындары, басқа туристік қызметтерге жұмсалатын шығындарымен бірге, саяхат күнын анықтайды және туристік қызметтердің жалпы бағасына кіреді.

    Туристік нарыққа саяси, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық және басқа да факторларға байланысты туристердің қозғалыс белсенділігі әсеретеді. Сонымен қатар, оған туристік-рекреациялық ресурстар, ұсынылатын қызметтер көлемі, қызмет көрсету сапасы, әртүрлі мәдени-бұқаралық шаралардың өткізілуі, көлік ахуалы, маусым, ауа райы, сэн және т. б. әсеретеді.

    Өзінің тұрақсыздығымен сипатталатын туристік қызметтер сұранысы дүниежүзілік туристік нарықтың конъюнктурасына әсеретеді. Туристік қызметтерді калыптастыру ісі белгілі туристік ауданмен шектеледі. Дегенмен оларды сату жұмысы мемлекеттік немесе дүниежүзілік туристік нарықтың бір бөлігі болып табылады,сондықтан бағаның қалыптасуы осы нарықтардың конъюнктурасына тәуелді.

    Экономикалық категория ретінде халықаралық туристік нарық тауар-ақшалық қатынастар сферасы болып табылады жәнеоның ерекшеліктері мынадай:

    -  нарық кешендік сипатына ие, онда бір уақытта тауарлар мен қызметтердің сұранысы мен ұсынысы орын табады;

    -  тауарлар мен қызметтер тұтгнуы өндіруші елде өтеді. Мүны сыртқы сауда операцияларының табысты формасы деп айтуға болады, өйткені сату үрдісі көтерме сауда бағаларынан әлдеқайда жоғары болатын ішкі нарьщтың бөлшектеп сату бағаларымен жүргізіледі. Бөлшектеп сату бағасына ішкі салық салынады, ал экспортқа шығарылған тауарларға осындай салық кейде салынбайды;

    -  сұраныс субъективті сипатқа ие. Тұтыну формасы ретінде ол   тұтгнушылардың   жеке   табыстарына   тікелей   тәуелді   бола ды. Игілігінің өсуімен біргі түратын жеріндегі шығындары мен демалыстағы шығындары арасындағы айырмашылығы өседі. Туристік шығындардың демалыс жеріндегі өсуі нәтижесінде күнделікті түрған жеріндегі шығындарын қатты өзгертпейді. Ал демалыс кезіндегі шығындары әдеттегі шығындарынан әлдеқайда көп болады. Қоғам өмірінің тек жоғары деңгейінде ғана туризмге жұмсалған қаражат ойдағыдай жоғары болады. Туристік қажеттілік өндіріс күштерінің жоғары даму деңгейінде, оларға сәйкес қоғамдық экономикалық жағдай шартында ғана пайда болып, қалыптасады. Ең анық түрде осындай үрдіс экономикасы жақсы дамыған елдерде байқалады;

    - туризмдегі ұсыныс өте икемсіз, яғни жылдам өзгерістерге ұшырау қабілеті төмен. Мұның себебі - өндіріс мүмкіншіліктері қатал шектелген, маусымдар бойынша ауытқып тұратын сұраныс өзгеруіне сәйкес болып жылдам өзгере алмайды. Сұраныстың үлкен жігі туристерге көрсетілетін қызмет болғандықтан, ұсынысты дамыту үшін туристік инфрақұрылым мен негізгі қорғау үлкен капитал салымын жасау қажет;

    -  туристік кәсіпорын жұмысының ерекшелігі - өнімнің стратегиялық қорын жасап сақтау мұнда мүмкін емес. Мұндай жағдайда «шың маусымында» үхынысты кеңейтіп «өлі маусымды» өтеуге болмайды. Қонақ үйінде, үшақта бос кдлған орын кәсіпорын үшін өтеле алмайды, атымен жоғалды деген сөз.

    Сондықтан туристік әлеуетті, туристік қызмет сұранысы мен ұсынысын кешенді түрде бағалау арқылы туристік шаруашылық рентабелділігін (тиімділігін) және оның болашақтағы даму болжамын жасауға болады.

    Қайталау сұрақтары

    1.  «Туризм индустриясы» ұғымының аныңтамасын айтып беріңіз, оның құрылымын, мацсаттары мен міндеттерін атап шығыңыз.

    2. «Халық шаруашылың саласы» мен «туризм индустриясы» ұғымдарын түсіндіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастығын көрсетіңіз.

    3.  Туристік саланың тек оған тән ерекшеліктерін атап шығыңыз.

    4.  Туристік қызмет көрсету үрдісін, оның күрделілігін және кешендік сипатын суреттеп беріңіз.

    5.  «Туристік өнім» ұғымының анықтамасын беріңіз, оныңқұрылымына сипат-тама жасаңыз.

    6.  «Туристік пакет» деген не?

    7.  Туроператорлар мен турагенттер жұмысына сипаттама беріңіз.

    8. Туристің турга, косымша туристік-экскурсиялыққызметтерге және туристы тауарларга жүмсайтын шығындарының өзара катынастары қандай?

    9.Туристік жолдама мен туристік ваучер арасындағы айырмашылықты түсіндіріп беріңіз

    10.   Туристік нарыц ұғымының анықтамасын  беріңіз.   Оның ерекшеліктері кандаіі?

    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


    написать администратору сайта