Главная страница
Навигация по странице:

  • Қайталау сұрақтары

  • Әлемдік туризм. Туризм географиясы


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеТуризм географиясы
    Дата12.10.2018
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘлемдік туризм.docx
    ТипДокументы
    #53169
    страница15 из 23
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
    § 2 Туристік сұраныс пен туристік ұсыныс

    Туризм тауарлар мен қызметтердің үлкен кешенін және халық-тың кең ауқымын қамтитын тұтыну сұранысының жаңа формасын туғызды.

    Туристік-рекреациялық миграция адамдардың демалыс пен сая-хат жасау қажеттілігінің көрсеткіші, ол материалдық-тұрмыстық жәнемәдени-танымдық қажеттерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін әртүрлі қызметтер мен тауарларға деген сұраныс түрінде байқалады. Қызмет көрсету кешеніне көлік, орналастыру, тамақтандыру және сауда кәсіпорындарының қызметі, мұражайлар мен мәдени-ағарту мекемелерінің, көңіл көтеру, спорттық, емдеу және т. б. мекемелерінің қызметі кіреді. Туристік қызмет көрсетуге сонымен қатар табиғи-климаттық жәнеәлеуметтік-экономикалық ресурстарды ұсыну ісі кіреді.

    Туризмді нарық жүйесі ретінде түсіну үшін «туристік сұраныс» ұғымын дұрыс түсіну қажет. «Туристік ұсыныс» ұғымымен бірге бұл бастапкы экономикалық категория туристік шаруашылық мәселелері мен оның жұмысын түсіну үшін өте маңызды.

    Әлемдегі мәдениеттер мен табиғаттың әртүрлілігін танып білу қүмарлығы адамдарды саяхат жасауға итермелейді. Алайда олардың мүмкіншіліктері шектелгендігінен мүны толығымен іске асыру мүмкін емес. Адамдар өз қалтасына қарап осы шеңбердегі ең үтымды нұсқаларды іздестіреді. Сондықтан сапарға шығудың алдыңда турист өз тұтгну талдауын жасауға мәжбүр болады. Белгілі бір жерде белгілі уақытта тұтгнушылар сатып алғысы келетін және оған қабілетіжететін туристік тауарлар мен қызметтердің көлемін туристік сұраныс немесе туристік тұтыну деп атаймыз.

    Тұтгну сұранысының категориясы ретінде туристік сұраныс туристердің әртүрлі қажеттіліктерін қанагаттандыра алатын заттық (тұтгну заттары) және заттық емес (қызметтер) тұтгну құндылықтарының тұтас жиынтыгын қамтиды. Туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған тұтыну құндылықтарының жиынтығы «туристік өнім» деп аталады.

    Туристік сұраныс әлеуметтік жәнебұқаралық категория болып табылады, оған динамизм, әралуан түрлерінің болуы, кешендік, икемділік, бірқалыпты болмауы және басқа да қасиеттер тән. Туристік сұраныс көптеген объективті және субъективті факторлар әсернен туындайды (15-сурет). Бүкіл әлемдегі туризм дамуы-на ең алдымен демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық факторлар әсеретеді. Сонымен қатар, тұтгнушылардың (туристердің) талгамдарын, ұлттық салт-дәстүрлерін, сән, престиж және т. б. біріктіретін субъективті факторлар тобын атау қажет [39].

    Туристік сұраныс қоғамның дамуымен бірге өзгерістерге ұшырайды: кейбір туристік қажеттіліктер жоққа шығады, кейбіреулері өзгереді, жаңалары пайда болады. Олардың саны үнемі өседі, ал қажеттіліктерінің өзі бұрынғыга қараганда жоғары болады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғылыми-техникалық про-греске, халықтың саяси, экономикалық жәнеәлеуметтік өміріндегі өзгерістерге байланысты туристік сұраныстың сандық және сапалық терең өзгерістері байқалуда. Олардың көзге түсетін бір ерекшелігі -туризмнің бұқаралық сипаты.

    Туристік сұраныс динамикасы қоғамдағысаяси жәнеэкономикалық үрдістерге байланысты. Жалпы айтқанда туристік қозғалыс жылдам дамып келе жатыр, бірақ туристік қызметтің тұтгну үрдісі бірде жылдам, бірде баяу өтеді. Саяси тұрақсыздық немесе кейбір елдердегі немесе аудандардағы экономикалық конъюнктураның нашарлауы халықаралық және ішкі туризм көрсеткіштерін төмендетеді, ал керісінше, саяси жәнеэкономикалық жағдай түзелсе туризм өркендей бастайды.

    Саяхат жасаған кезде турист қызметтердің жалпы, арнайы туристік және қосалқы түрлерін тұтынатынын түсіну қажет. Ең алдымен турист

    баспананы, тамақты және көлікті қажет етеді. Бұл жағынан туристің жергілікті тұрғыннан айырмашылығы шамалы.

    Сұраныстың екінші бөлігі, туристік сұраныстың дәл өзі, саяхат жасау түрткілеріне байланысты және өзіне тән сипаттамаларына ие: рекреациялық (демалу, көңіл көтеру, танымдық, әсер алу мақсатында), іскерлік (кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында), көңіл көтеру, ойын-сауық, емделу, демалу, кәсіби не діни қажеттіліктерін қанағаттандыру сияқты саяхат жасау түрткілері бір-бірімен шиеленісіп тиесілі қызметке деген сұранысты тудыруы мүмкін. Мысалға, симпозиум, конференция сияқты мэжілістерге келген адамдар үшін басқа да қосалқы қызметтер қажет. Олар өз жұмысын орындауымен бірге жергілікті қызықтыратын табиғи жерлерді, мұражайларды, ескерткіштерді көріп шығады, театрларға, концерттерге барады және т.с.с. Кейбір жағдайларда қосымша қызметтерден түсетін табыс конгрестік туризмінен түсетін табыстың жартысына дейін жетеді. Туристік сұраныс әртүрлілігі мен кешенділігіне орай біріктірілген туристік қызмет - «туристік тур» ұсынысы пайда болады.

    Туристік сұраныс көптеген факторларға тәуелді, олардың ішіндегі ең бастылары: тұтынушының (туристің) табысы; оның бос уақыт ұзақтығы, тауарлар мен кьізметтер бағасы, туристік қызметтер саны мен сапасы және т.б. Сондықтан факторлардың өзгерісіне орай туристік сұраныс та біресе өседі, біресе төмендейді. Мысалға, ақылы жүйелі демалыстың енгізілуімен және еңбекакының өсуімен бірге туристік қызметтер мен тауарлардың тұтынуы да өседі. Немесе, Шарджа Әмірлігінде 80-ші жылдарының соңында спирт ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу нәтижесінде осы елдің туристік индустриясы Батыс Еуропа мен Американың көптеген клиенттерінен айырылып калған.

    Сөйтіп, туристік сү-раныс икемділік қасиетіне ие деп айтсақ та болады: тұтынушының табысы, туристік тур бағасы, сапасы немесе қол жетерлігі, саяси, экономикалық, экологиялық және басқа жағдайлар өзгерсе туристік қызметтер тұтынуының құрылымы өте жылдам өзгеруіне қабілетті.

    Туристік сұраныс маусымдық қасиетіне ие: жылдың белгілі бір мезгілінде шыңына жетіп, басқа мезгілдерде құлайды. Туристік белсенделіктің шыңдары, маусымаралық мезгілі және өлі маусымы болады. Өлі маусым кезінде туристік ағымдар өзен суы сияқты «тартылып» қалады да өзінің төменгі шегіне жетеді (3-4%).

    Қоңыржай климат белдеуі елдерінде негізгі туристік маусымдар мынадай: жазғы маусым (шілде-тамыз) немесе шың маусым («сезон-пик»), қысқы маусым (қаңтар-наурыз), маусымаралық мезгіл (сәуір-маусым айлары, қыркүйек) және «өлі маусым» (қазан-желтоқсан). Статистикалық мәліметтер бойынша екі жазғы ай ішінде туристік сапарға Батыс Еуропа халқының жартысы аттанады.

    Туристік сү-раныстың өзгеріп тұру факторлары:

    -  климаттық және мотивациялық (түрткі) фактор: жұрт жазды күні демалған дұрыс деп ойлау әдеті;

    - экономикалық фактор - Батыс елдерінде шілде-тамыз айларында (еңбек өнімділігі ең томен болатын айлар) көптеген кәсіпорындар профилактика жұмыстарын жүргізіп өндірісті тоқтататын әдеті бар;

    - әлеуметтік фактор - ата-аналар өз демалысын мектеп каникулдарымен үйлестіріп балаларымен бірге демалғысы келеді;

    - «сән» факторы - белгілі жыл мезгілінде сән болып есептелетінкурортқа бару құмарлығы.

    Туризмнің маусымдық сипаты туризм экономикасына кері әсертигізеді, оның нәтижесінде көлік жыл бойы бір қалыгшен істей алмайды, тағы бір салдары - әртүрлі әлеуметтік проблемалар. Осындай жағымсыз әсерді төмеңцету үшін үкіметтер арнайы ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар кешендерін қолданады.

    Туристік сұраныстың кеңістіктегі шоғырлануы туристік ағымдар географиясында көрініс табады. Бұл ағымдарды іске асырылған туристік сұраныс деп айтуға болады. Туризмнің кез келген түрі өз бағыты мен кеңістіктегі таралуымен сипатталатын өз туристік ағымдарын қалыптастырады.

    Туристік сұранысқа туристердің қажеттерін қанағаттандыра ала-тын оған сәйкес туристік үхыныс болуы қажет. Ұсыныс жетіспейтін жағдайда, сұраныс болған кезде де туристік функция орындала алмайды. Туристік сұраныс өте шамалы немесе тіпті жоқ болған кезде де, егер туристік үхыныс бар болып тұрса, ауданның автоматты түрде туристік сипаты пайда болады. Сондықтан туристік үхынысқа сондай зор маңыз беріледі. Және де туристік ұсыныс туристік сұраныстан озып түруы керек - бұл әлеуметтік-экономикалық және табиғат қорғау жағынан да өте пайдалы.

    Туристік ұсыныс дегеніміз кұндылықтар мен ұсынылатын және көрсетілетін қызметтер жиынтығы болып табылады (16-сурет).

    Туристік ұсыныстың тағы бір анықтамасы: «белгілі бағамен белгілі уақыт кезеңінде сатуға ұсынылған туристік өнім мөлшері» (С. Водейко, 1997). Ал Я. Варшиньска мен А.Яцковский (1978) туристік ұсынысты «туристік нарықта қол жетерлік туристік тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі», деп түсінеді. Туристік ұсыныс ең алдымен екі негізгі әлементтерді - туристік тауарлар мен туристік қызметтерді қамтиды. Маркетинг көзкарасынан туристік ұсыныс мазмүнын туристік өнім орындайды. Сонымен қатар турист үшін туристік өнім - бұл баратын туристік жердегі уақытын өткізудің әртүрлі мүмкіншіліктеріне сүйенетін материалдық және материалдық емес тұтгнушылық құндылықтардың пакеті.

    Бұл пакетті турист белгілі төлемақыға алынған лэззаттану ретінде қабылдайды (В. Мидлтон, 1996).

    Жалпы туристік өнім ретінде түсінілетін туристік ұсыныс фактор-лары мынадай:

    - баратын жерінің қасиеттері мен ортасы;

    - баратын жерінің инфрақұрылымы мен қызмет корсету сапасы;

    - баратын жерінің көліктік қол жетерлігі;

    -тұтынушы төлейтін бағасы [41].

    Туристік ұсыныс бірінші қатардағы және екінші қатардағы ұсыныстар жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін (В.Гаворецкий, 1997). Біріншісіне:

    - табиғи орта (табиғи туристік-рекреациялық ресурстар, мысалы, теңіздер, көлдер, таулар, ормандар және т. б.);

    - антропогендік орта (әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар, мысалы, тарихи ескерткіштер);

    - қоғамдық-мәдени қүндылықтар (салт-дәстүрлер, тіл, қонақжайлылық, техникалық жетістіктер және т. б.);

    - жалпы инфрақұрылым нысандары (көлік, коммуналдық шаруашылық) кіреді.

    Екінші қатардағы ұсынысқа туристік инфрақұрылым нысандары мен жабдықтары, мысалы: қонақ үй мен мейрамхана шаруашылығы, демалыс пен спорт жабдықтары, саяхаттарды ұйымдастырудағы делдалдық қызмет - жатады.

    Туристік құндылықтар тобына туристік қасиеттерді қамтитын негізгі қүндылықтар және туристер қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдастырылған қосымша құндылықтар (туристік инфрақұрылым) кіреді. Кейде туристік құндылықтар жиынтығын туристік аймақ пен елдің байлығы (игілігі) деп те атайды.

    Туристік ұсыныстың тағы бір негізгі әлементі - туристік инфра-құрылымның бөлек буындарының туристерге көрсететін қызметтері. Олар негізгі, қосымша және крсалқы қызметтер болып бөлінеді. Негізгі туристік қызметтерге туристің саяхат жасау үшін міндетті қызметтер жатады - көлік, орналастыру, тамақтандыру. Қосымша қызметтер негізгі туристік құндылықтар арқылы осы құндылықтар орналасқан жерінде көрсетіледі-экскурсиялық, сауықтыру, спорттық, мәдени-көңіл көтеру қызметтері.

    Туристік ұсыныс үш негізгі әлементтерге: 1) туристік қасиеттерге; 2) көлік базасы мен оған байланысты қол жетерлігіне; 3) туристік шаруашылығына тәуелді. Ал осы әлементтерінің дәрежесі табиғи орта мен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты. Туристік ұсыныс ұғымы туризм географиясында жиі қолданылатын туристік аттрактивтілік (тартымдылық) түсінігіне өте жақын.

    Туристік қажеттілік қоғамдық-экономикалық шарттары мен өндіріс күштері дамуының белгілі деңгейінде пайда болып қалып-асады. Ол үшін ұлттық табыс көрсеткіші жеткілікті болуы қажет. Туризмге жұмсалатын қаражат көлемі қоғам байлығы белгілі бір жоғары деңгейге жеткенде ғана ойдағыдай үлкен болуы мүмкін.

    Қайталау сұрақтары

    1.  Туристік сұраныща әсерететін факторларды атап шығыңыз және оларга сипаттама беріңіз.

    2.  Туристік сұраныстың әлеуметтік окәне цогамдыңкатегория ретіндегі си-паттамаларын атап беріңіз.

    3.  Туристік сұраныс аньщтамасын беріңіз.

    4.  Туристік ұсыныс аньщтамасын беріңіз. С. Водейко, Я. Варшиньска мен А. Яцковский анықтамаларын айтып берініз.

    5.   Туристік қызметте туристік сұраныс пен туристік ұсыныс қалай өзара әрекеттеседі?

    § 3 Туристік шаруашылық

    Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайдасы ерте заманнан байқалған. Солай болса да, тек XIX жүзжылдықтан бастап туризм көптеген аймақтың экономикасына елеулі әсерн тигізе ба стады (мысалы, Жерорта жәнеҚара теңіз жағалаулары, Альпі, Карпат, Судет тауларының кейбір аудандары). Туристерге көрсетілетін қызметтен түсетін табыстың өсуіне байланысты, кейбір елдер мен аймақтарда XX ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын «туристік индустрия» деп атай бастады. Оньщ себебі - туризмнің шаруашылықтағы рөлін дамыған өнеркәсіппен салыстыруға әбден болады. Туристердің қажеттерін қанағаттандыру үшін туризм аудандарын шаруашылық жағынан игеру қажет.

    Туристік шаруашылық дегеніміз әртүрлі бөлімдердің белгілі бір кешені, олардың құрылуы және дамуы туристердің келуі және тұруымен байланысты. Туристік шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.

    Туристік шаруашылық ұғымының анықтамаларымен әр кезде О. Рогалевский (1974), Я. Варшиньска, А. Яцковский (1978), К. Наумович (1990) сияқты поляк ғалымдары айналысқан. Олардың анықтамасы мынадай: «туристік шаруашылық дегеніміз туристік ресурстары бар аумақты туристік қозғалыс қатысушыларының пайдалануы үшін бейімдеу процесі». Осы үрдістің нәтижесі - туристік техникалық әлеует құрамына кіретін жабдықтар жиынтығының пайда болуы.

    Туристік сұраныстың негізгі әлементтерінің бірі ретінде туристік шаруашылық аумақтық жүйеге және туристік қозғалыс ауқымына үлкен әсеретеді. Жылдан жылға өсіп келе жатқан сұраныс, демалыс түрлерінің одан әрі жіктелуі, туристердің әлеуметтік құрылымының өзгеруі нәтижесінде туристік шаруашылық құрылымы және геогра-фиясы жағынан да өзгерістерге үнемі ұшырауда.

    Туристік шаруаінылық - бұл туристік ресурстардың, материалдық өндіріс сферасында өндірілетін тауарлардың, туристік ресурстарды тұтгнуға мүмкіндік беретін қызметтердің жиынтығы, яғни туристік өнімнің өндірісі, таратылуы жәнетұтгнуы. Туристік шаруашылық нарық жүйесінде (техникалық қондырғылар, кәсіпорындарының, кооперативтердің,институттардың,мекемелердіңқызметі)адамдардың туристік (рекреациялық) қажеттіліктерін қанағаттандырады.

    Туристік шаруашылық экономикалық әлементтерді мемлекеттің әлеуметтік-саяси мақсаттарымен: тәрбиемен, рекреация және спортпен, ағартумен, денсаулық сақтаумен, адам күйін қалпына келтірумен,оның бос уақытын пайдалануымен, өлкетанумен, демалысымен, қоршаған ортаны қорғаумен байланыстырады (А. Корнак, 1998).

    Туристік шаруашылықтың басты мақсаты - адамның жұмыспен оқудан бос уақытындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болады. Туристік шаруашылық туристік сұранысты қанағаттандырады.

    Қорыта айтсақ, туристік шаруашылық - бұл адамның туристік тауарлар мен қызметтерге деген артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тікелей немесе жанама түрде дамитын әртүрлі шаруашылық және қоғамдық функциялардың кешені (В. Гаворецкий, 1997).

    Түнеу базасының, көліктің, тамақтандыру базасының рөлі өте маңызды, оларсыз, карастырылған ауданның туристік тартымдылығы қандай да жоғары болса да, бұқаралық туризмнің дамуы мүмкін емес. Туристік тартымдылығы жоғары болу үшін, қосалқы базасы да оған сәйкес болуы қажет.

    Туристерге қызмет корсету нысандары мен жабдықтардың орна-ласуы, олардың кеңістік және функционалдық құрылымы туристік қасиеттер мен туристік келулер мақсатына да тәуелді.

    Аумақтың туристік қозғалысты дамыту мүмкіншіліктерін сы-нау үшін оның табиғи жәнемәдени қасиеттерімен бірге туристік шаруашылық даму деңгейін де білу керек. Бұлмәселемен «туристік сыйымдылық» ұғымы да байланысты: мұнда туристік сыйымдылық дегеніміз түнеу, тамақтандыру және қосалқы базалардың сыйымдылығы, яғни туристік шаруашылық объектілерін бір мезгілде пайдалана алатын туристердің максималды саны.

    Туристік шаруашылықты тура және жанама түрлеріне белуге болады. Олар өзара тығыз байланысты және жеке түрде кездеспейді [42]. Бірінші топқа туристерге ғана қызмет көрсететін мекемелер мен объектілер: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар (паналар), арнайы жоддар мен көлік орталықтары және т. б. жатады. Олар, атап айтканда - туристік объектілер. Екінніі топқа туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер жатады, бірақ та оларды туристер анда-санда ғана пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық және мәдениет мекемелері. Мұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаларға: түнеу (орналастыру), тамақтандыру, коммуникациялық және қосалқы (17-сурет) базаларға жіктелген.

    Мекемелер мен нысандарды туристік шаруашылықтың белгілі бір тобына жатқызған кезде өндірілетін тауар немесе қызметтің физикалыққасиеттері ескерілмейді. Бір нысан туристердің пайдалану деңгейіне қарай тікелей әлде крсалқы туристік шаруашылық тобына жата беруі мүмкін [42]. Теориялық жағынан тікелей және қосалқы туристік шаруашылыққұрылымы мен құрамы ауданның нақты жағдайына тәуелді болады. Дегенмен тәжірибелік мақсатта, әсіресе нысандар құрылысы мен жаңартуын жасайтын шаруашылық қызметкерлері үшін осындай, туристік шаруашылықтың бір түрін екіншісінен айыруға мүмкіндік беретін қарапайым жіктелу қажет болады.

    Қандай да саяхат болмасын, ол туристерді орналастырудан бас-талады. Туристерге ұсынылатын қызметтердің ішіндегі бастысы -түнейтін орынды дайындау. Оған кіретіндер: қонақ үйлері, пансио-наттар, жергілікті тұрғындардың үйлері, турбазалар, мотельдер, кемпингтер, шатырлар және т. б.

    Туризмдегі түнеу базасының ең ескі жәнеең жиі кездесетін түрі - қонақ үйлер. Кейінгі кезде қонақ үйлер кешендерін қалыптастыру тенденциясы байқалады. Қонақ үйлердің осындай жүйелері жұмысты басқару мен ұйымдастырудың орталықтандырылған саясатын жүргізуге, объектілерді жабдықтауга және т. б. мүмкіндік береді. Туристік қонақ үйінде мәдени-тұрмыстық қызмет корсету орындары, мейрамхана формасындағы тамақтандыру кәсіпорындары, туристік және экскурсиялық жұмыс көрсету жайлары орналасады. Әдетте туристік қонақ үй туристік маршрут жолында қала маңында немесе туристік орталықта орналасады.

    Туристік база - бұлмәдени-тұрмыстық қызмет корсету орындары, тамақтандыру кәсіпорындары, туристік жұмыс болмелері бар қонақ үй тәрізді ғимарат (маусымдық немесе жыл бойы істейтін). Туристік база туристік маршрут жолында орналасады және демалушылар үшін туристік саяхаттар мен экскурсияларды ұйымдастырады.

    Пансионат - туристердің демалысына арналғанжәнекурорттық аудандар мен кала маңының демалыс зоналарында орналасқан конақ үй тәрізді сауықтыру мекемесі.

    Приют (баспана) - туристерді қысқа мерзімге орналастыруға арналғантамақ пісіру орны бар маршрутта демалыс жасайтын қарапайым демалыс орны. Осындай баспана туристік база филиалы болып есептеледі.

    Мотель - автотуристерге арналған туристік қонақ үй. Мотельде автотұрақ орны және автомобильдік техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жайлары болады.

    Кемпинг - автотуристерге маусымдық қызмет көрсету кешені. Онда қарапайым орналастыру орындары, автотұрақ, тамақ дайындауга арналған ошақтар немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары болады.

    Халықаралықжәне ішкі туризм дамуымен бірге орналастырудың арзан орындары - кемпинг сұранысы өсуде. Кемпинг күрьілысы үлкен қаражат салымын қажет етпейді және өте жылдам салынады. Сондықтан олардың болашағы зор деп айтсақ қате болмас. 60-80-ші жылдары кемпинг құрылысы өте қарқынды түрде іске асырылған.

    Орналастырудың негізгі құралдарына жататын қонақ үйлер, пансионаттар және мотельдермен бірге туризм индустриясына орналастырудың көптеген қосымша құралдары да: жастар турбаза-лары, жанүя демалысына арналған рекреациялық орталықтары, тау лашықтары, санаторийлер мен демалыс үйлері, сонымен қатар, жалға берілетін пэтерлер, дачалардағы үйлер, фермалар және т. б. жатады. Қосымша орналастыру құралдарындағы түнеу орындарының саны жылдан жылға өсуде. Кейде орналастырудың негізгі және қосымша орындарының арасында айырмашылықты табу қиын, себебі жалға берілетін пәтерлердегі қызмет көрсету деңгейі қонақ үйлердікінен ешқандай кем емес. Сондықтан ЮНВТО ұсынысы бойынша қосымша орналастыру орындарына қонақ үйлер, пансионаттар мен мотельдерден басқаларының барлығы жатады.

    Туризмде «екінші пәтерлер» рөлі 50-ші жылдардан бері жылдам өсуде.

    Туристерді орналастырудың әзірше кең тарамаған, бірақ болашақтағы перспективасы өте жоғары формасы - балықшы-лар мен аңшылар үйлері болып табылады.

    Енді ұйымдастырылмаған туризм туралы айтқан жөн болар. Даңғыл жолдардың (әуе,темір жол, кеме байланысы және т.с.с.) соңғы аялдамаларында қажетті азық-түлік сатып алуға, құрал-жабдықтарды жалдауға, кеңес алуға болатын базалар болса, көптеген «жабайы» туристер олардың қызметін пайдаланар еді. Өз еркімен саяхат жасайтын туристер - саны ең үлкен туристер тобы болғандықтан, оларға ең қарапайым қызмет көрсету мәселелерін шешу дегеніміз өзекті міндетболып табылады. Жәнеол үшін үлкен қаражаттың қажеті жоқ, ал жұмсалған ақша өзін жылдам өтейді.

    Қандай да болсын саяхат ең алдымен туристерді орналастыру-дан басталады. Туристік база, кемпинг, қонақ үй белгілі уақытқа туристердщ нағыз паналайтын үйі, демалыс орны болады, сондықтан ол көркемді, жайлы, жақсы салынған болуы қажет және туристерге ұнауы керек.

    Туристерді орналастыру әлеуетінің ең жиі қолданылатын көр-сеткіші - елдің (аймақтың) 1000 тұрғынына есептелген қонақ үй базасының көлемі болады. Аймақтар арасында бұл көрсеткіштің айырмашылықтары үлкен.

    Туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын қана-ғаттандырудың да зор маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады. Туристерді талондар мен жолдамалар бойынша тамақтандырумен бірге бұлкәсіпорындар тауарларын бөлшектеп те сатады жәнеосындай сату үлесі бөлшектеп сату тауар айналымының 50%-ын құрайды.

    Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырудың жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн.

    Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар белгілі бір жерде накты бір уақытта тамақтанады. Уақыты аяқталмай кетіп калған, кешігіп қалған немесе келмеген жағдайда туриске ақшасын қайтармайды.

    Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті тұрғындарға арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады. Кейде жергілікті саяхат бюрола-ры берген арнайы талон арқылы төлеуге де болады.

    Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан демалушыларға арнайы орындарда белгілі бір уақытта тамақтандыру қызметі көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша тамақтана бере алады. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы крғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.

    Демалушылар тамақтанудың екі түрлерімен қанағаттанады: біріншісі - міндетті, яғни рекреациялық іс-әрекет үшін жеткілікті жігер   (калория)   беретін   тамақ,   екіншісі   -   әуесқойлық,   яғнитуристердің жергілікті тағамдарға қызығушылық көрсетуі. Бұл қызмет көрсетудің маңызды әлементі, туристердің есінде сақталатын нәрсе және бос уақытын мәдени түрде өткізу формасы. Туристерді тартатын кәсіпорындар формасының бірі - этнографиялық мейрамханалар мен кафелер болып табылады. Мұнда ұлттықәлементтер интерьерде, даяшылар ісиімінде, оркестр репертуарында және ең алдымен ас мәзірінде көрініс алады.

    Мейрамханалар интерьері, ас мәзірі бойынша және мақсатына карай да бөлінеді. Біреуіне тамақ ішіп рахаттану үшін, екіншісіне көңіл көтеру, билеу үшін, тағы біреулеріне қызықтыратын эстрадалық бағдарлама көру үшін барады. Осыған орай мейрамханалар мен кафелер де мамандандырылуы мүмкін. Сонымен бірге олар жастардың, орта жастағы адамдардың, қарттардың талғамдары мен сұраныстарын ескеруі керек.

    Туризмнің дамуымен бірге мейрамхана бизнесі де жетілдіруде. Соңғы онжылдықтар ішінде неше түрлі автоматтандырылған қон-дырғылар, жаңа ақпарат технологиялар енгізілді. Саланың өзгеру факторлары мынадай: инфляция, еңбекақының үнемі өсуі, білікті еңбек күшінің жетіспеуі, жаңа кәсіпорындардың үлкен капитал салы-мын қажет етуі, диетология мен инженериядағы жаңа жетістіктер.

    Қазіргі кезде Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада қоғамдық тамақтандырудың бес жүйесі қолданылады:

    1) қоғамдық тамақтандырудың дәстүрлі, үйренішті жүйесі;

    2) жартылай дәстүрлі жүйесі;

    3) дайын тағамдарды қолданатын жүйе;

    4) дайын тағамдарды осы тағамдарды сататын кәсіпорындар үшін орталықтандырылған түрде даярлау;

    5)  толығымен дайын тағамдар арқылы тамақтандыру (жылдам аспаздық) жүйесі.

    Дәстүрлі жүйеде тағамдар бір жерде даярланып дәл сол кәсіпорынның өзінде уақыт өтпей тұтынылатын болса, қалған төрт жүйеде даярлау мен тұтгну арасында біршама уақыт (бір аптадан бір айға дейін) өтіп кетеді.

    Қонақ үй шаруашылығы үшін қонақ үйлерді пайдалану дәрежесі өте маңызды. Туристік кәсіпорындарын пайдалану коэффициент! олардың орналасқан аймағына байланысты. Туризм индустриясының кәсіпорындарына   жұмсалған   капитал   салымдарының   тиімділігі  олардың жұмысының маусымдық сипатына байланысты әлдеқайда төмендейді. Сондықтан осы фактордың әсерін төмендету, жұмыс мезгілін ұзарту әрекеттері жасалады. Соңғы жылдары қысты күні де-малатындар саны өсіп келе жатыр. Туристік қозғалыстың маусымдық сипатының әсерн төмендету үшін тиісті жарнама, шың маусымы-нан тыс уақытта демалушыларға жеңілдіктерді ұсынатын бағалар саясаты сияқты шаралар қолданылады. Сонымен қатар, топтармен, жанүяларымен саяхат жасайтын туристерге де жеңілдіктер жасалады; мұндай жағдайда туристердің жалпы саны көбейеді.

    Өлі маусым болмауына жеңілдетілген тарифтер мен қызмет корсету бағалары (жеңілдік 20-30%) және жазды күндегі туристердің қыруар топтарынан кейбіреулердің аулақ болғысы келуі өз септігін тигізеді.

    Қонақ үйлер жүйелерінің дамуы нәтижесінде орталықтандырылған брондау жүйесі пайда болды: қонақ үй квотасының 60-70% енді компаниялардың орталықтандырылған брондау жүйесінің қолында болып тұр. Қалған нөмірлерді қонақ үйдің өзі брондауы мүмкін. Осындай жүйе қонақ үйді өлі маусымдардағы қүлауынан қүтқарады.

    Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын рөлі өте маңызды. Көліксіз туризм жоқ. Жаяу экскурсиялар мен жорықтар туралы айтсақ, оларға қатысатын туристер саны да, маршруттардың арақашықтығы да шамалы.

    Турист үшін саяхат ұзақтығы, жайлылығы және бағасы өте маңызды. Көлік түрі мен туристің табысы, саяхат түрі және баратын жердің қашықтығы арасында тығыз байланыс бар.

    Туризм пайдаланатын көлік түрлері географиялық орналасуына, табиғи орта шарттарына, коммуникациялар жүйесінің даму деңгейіне тәуелді. Жалпы көлік сияқты, туристік көлік жер үстіндегі көлік, су (теңіз және өзен) көлігі жәнеәуе көлігі болып жіктеледі.

    Қоғамдық көлік туристің демалыс, көңіл көтеру, тамақтану орны болуы мүмкін. Осындай көлік туризмі халық демалысының сүйікті түріне айналуда. Бұл үшін ең қолайлы көлік түрі - кемелер, себебі олар-да комфорттың жоғары деңгейіне орай ең жоғары дәрежедегі қонақ үйлер деңгейіндегі демалыс шарттары орындалады. «Қозғалмалы үй» ретінде теңіз немесе өзен кемесі жасы келіп қалған туристер үшін өте тартымды болып табылады.

    Темір жол көлігі кеме сияқты өте сапалы қызмет көрсете алмаса да, оньщ да өз артықшылықтары бар: темір жол кеме бара алмайтын жерге жетеді және баратын пункттер саны әдетте кеме көлігіне қарағанда көп.

    Жақсы дамыған елдерде автомобиль жәнеәуетуризмі де туризмнің сүйікті түрлеріне айналды.

    Сонымен қатар экскурсиялық қызметте, яғни елді мекендерді, табиғи ескерткіштерді көріп шығуда, саңырауқүлақ теру мен балық аулауға бару үшін көліктің рөлі жоғары.

    Көліктің, ұйымдастырылған демалыстың түріне сәйкес, В.И. Азар (1972) туристердің келесі топтарын айырады: 1) арнайы туристік пой-ыздарда немесе кемеде саяхаттайтын туристер; 2) күнделікті пой-ыздар мен кемелерді пайдаланатын, бірақ та толық қызмет кешенін төлейтін туристер; 3) тек кана жол қүжаттарын алып өз бетімен сапар шегетін туристер.

    Темір жол құралдары үнемі жетілдіруде: электр немесе жылу локомотивтері қолданылады, жолаушы пойыздардың жылдамдығы өсуде, жол жүру комфорты жоғары болып келеді. Дегенмен, темір жол көлігінің халықаралық туризмдегі үлесі, әсіресе 60-шы жылдардан бастап, үнемі төмендеуде. Бұл жағдайды түзеу үшін теміржолшылар темір жол мен көлік құралдарын жаңартады және бағасын азайтады. Сонымен катар, жолаугпыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары ұсынылады, мысалы, туристік «жатын пойыздар».

    Халықаралық туризмде көп жылдар бойы теңіз тасымалдауы басым болды. Авиацияның дамуымен бірге теңіз көлігінің маңызы азайды. Мысалы, Франциядан АҚШ-қа Солтүстік Атлантика арқылы саяхаттау 80 сағатқа созылса, үшақпен 8 сағат қана болады. Тынық мүхиттағы жағдай да осыған ұқсас. Алайда Еуропаның батыс жағалауы маңындағы, Жерорта, Кариб теңіздеріндегі және т.е.с теңіз круиздері туристердің сүйікті демалысына айналды.

    Круиздік туризм 1950 жылдардың соңынан бастап қаулап дами бастады. Круизді саяхаттың алғашқы гиді болған - ағылшын жазушысы Уильям Теккерей. Круиз саяхатының негізгі формасы - теңіз жағалауы жанында жүзіп жағалауда қысқа экскурсияларды жасау. Қазіргі кезде круиздың жаңа формасы пайда болды: теңізде жүзу, содан кейін ел аумағында көліктің басқа түрлерін пайдаланып ұзақ саяхат жасау. Мысалы, Италияда тоқтаған кезде Жерортатеңіз круизіне қатысатын туристер Рим, Флоренция жәнебасқа атақты калаларды көріп шығады.

    Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуының себебі - автомобиль өндірісінің өркендеуі және тас, асфальт жолдары торының жетілдірілуі болды. Қазіргі кезде автомобиль арқылы елдің түпкір-түпкіріне жетуге болады. Автомобиль жолдарымен бірге оған сәйкес инфрақұрылым (паркингтер, мотельдер, мейрамханалар, кафелер, жанармай және техникалық қызмет көрсету станциялары) да қарқынды дамуда.

    Автосаяхаттарда караванинг (тұрғын автотіркемелер) рөлі өсуде.

    Туристерді арнайы жабдықталған автобустар тасымалдауы қажет. Мұндай автобуста көп күндік саяхат жасауға болады. Олар жайлы, айналасын көруге жақсы мүмкіндігі бар, жүгін қоятын орны және жетекші-гид үшін арнайы орны болады. Жеке меншікті автомобильдегі саяхаттар (автотуризм) да кең тарады. Автотуризмнің артықшылықтары: қозғалыс қабілеті, қысқа мерзімде өте алыс жерге бару жәнекөптеген туристік және басқа да нысандарды көріп шығу мүмкіншілігі. Автотуристер уақытша түнеу орнынан тез кайтып келе алады, ал караванинг, шатыр және т.с.с. кұрал-жабдықтары болса, кез келген жерде түней алады.

    Ұшақтардың тасымал қабілетінің, жайлылығының өсуімен, үлгу уақытының азаюымен бірге туризмдегі әуе қатынасының маңызы үнемі өседі. Мұндай жағдай әсіресе жылдамдығы 700-950 км/сағат реактивті ұшақтар (мысалы, ТУ-104, Боинг-707) пайда болған 50-шы жылдардан бастап байқалады. Қазір көпте-ген елдерде, әсіресе арал-дарда немесе туристік орталықтардан алыс орналасқан елдерде әуесаяхаттары басқаларға қарағанда басым. Кейбір елдерде әуекөлігінің рөлі ішкі тасымалда да жоғары. Ең алдымен олар аумағы өте үлкен (Ресей, Канада, АҚШ, Аустралия) немесе әуеқатынасы өте жақсы дамыған елдер (Франция, Ұлыбритания, ГФР).

    Әуе туризмінде көлікпен бірге қонақ үй қызметі де маңызды. Ірі әуежайлар туристерді қабылдауға да, жөнелтуге де қабілетті.

    Томен маусымдарда (мысалы, өлі маусымда) әуе көлігі ұйымдар мен кәсіпорындарға коммуналдық немесе көлік қонақ үйлерін пай-далатын жоспарланған чартерлік тасымал шартында екі күндік саяхат ұсынуы мүмкін. Чартер тасымалын ұйымдастырған кезде үпіақ салоны толық болса фирма өз тарифын әлдекайда төмендетуі мүмкін.

    Чартерлік тасымал мақсатында үшақты жалға алудың екі түрі бар -белгілі бір уақытқа үшакты жалдау немесе белгілі күн мен уақытқарейсті жалдау.

    Келешекте әуе көлігінің туристік қозғалыстағы рөлі жаңа үшақтардың пайда болуымен бірге өсетін болады.

    Бүгін көліктегі ақпараттық жүйеге жаңа биік талаптар қойылады. Көлікте ақпарат пен орындарды брондау қызметтері үшін жаңа техника, автоматтық кассалар және т.с.с. енгізіледі. Билет сату мен брондау жұмысының, ақпараттық қызметтің үлкен жігі турагенттіктердіңқарамағына көшуде.

    Көлікпен бірге, туристік салаға қызмет көрсететін технологиялар қонақ үйлер мен мейрамханаларды, коммуникациялық техниканы жабдықтауда қолданылады. Соңғы жылдары осындай жабдықтау әлдеқайда жаңартылды және қонақ үйлер мен мейрамханалар шаруа-шылықтарындағы жұмыс үрдістері жеңілдетілді.

    Көлік, түнеу және тамақтанудан басқа да туристік қызметтердің арасында қосалқы қызметті бөліп қарастыру керек [42]. Ол өзінің мақсаты жағынан әртүрлі сипаттағы туристік мекемелер мен ұйымдарды біріктіріп, жеті топты құрайды.

    Бірінші топқа жататындар - туристерге барған жердің байлықтарын көріп, тамашалауға көмегін тигізетін ғимарат құрылыстары, өйткені көбінесе туристердің келу себебі осы байлықтарды көріп, танысу. Бұл ғимараттар мен құрылыстарды күтіп, үнемі сақтау мен жөндеу жұмыстарын атқару қажет.

    Қосалқы қызметгің екінші тобы - туристерге спортпен айналысуға мүмкіндік беру. Спорттық құрылыстарды салу мен оларды пайдалану ісі қаражатты қажет етеді.

    Үшінші топқа туристердің көңілін көтеру қызметі кіреді. Осындай объектілер тек қана ірі туристік орталықтарда орналасады. Бұл топ нысандарының саны мен жұмысы туристердің жас мөлшері менкәсіптеріне байланысты.

    Төртінші топқа туристерге тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелер жатады.

    Бесінші топқа туристік жабдықтар мен сувенирлер шығаратын, оның ішінде туристік ауданның өзінде сатылатын бұйымдарды өндіретін және кез келген жерде өткізіле беретін тауарларды жасайтын мекемелер кіреді.

    Алтыншы топ - туристердің саяхатын ұйымдастыратын мекемелер мен ұйымдар, ең алдымен ақпарат желісі, яғни туристік саяхат жарнамасы. Оған аумақтың қасиеттері жәнеқызметтер бағалары жөніндегі ақпарат кіреді. Мұндай жарнамалар туристердің санын көбейтуімен бірге оларга таңдау мүмкіншілігін береді. Бұл топқа валюта айырбастау мен шетелге барғанда қажет болатын басқа да қызметтер кіреді. Алтыншы топка сонымен қатар гидтердің да қызметі кіреді. Жақсы гид - жарнаманың ең тиімді түрі деп айтуға болады.

    Жетінші топты туристік қозғалысты басқаратын ұйымдар құрайды.

    Қызметтердің осындай жіктелуі аймақтардағы шаруашылық іс-әрекеті үшін өте маңызды. Әдетте туристік аймақтардың индустриализациялық деңгейі томен және оларга туристер тек белгілі бір мезгілде келіп кетеді. Сондықтан жергілікті тұрғындардың еңбекпен жыл бойы қамтылуы өзекті мәселе болып табылады. Туристік маусым кезінде мұндаймәселе тұрмайды. Есесіне ма-усым аяқталған кезде жергілікті сувенирлерді, келесі маусымға дейін сақталып қалатын жергілікті туристік және спорттық құрал-жабдықтарды жасау ісі қосалқы қызметке айналуы қажет. Осындай өндіріс үлкен қаражатты қажет етпейді және осындай тауарлар күнында еңбекақының үлесі жоғары болады. Мұндай іс-әрекетке жөндеу реставрациялық және т.е.с жұмыстар жатады.

    Туристік-рекреациялық қызмет көрсетуге бірінен соң бірі түзілген туристерге қызмет корсету, туристік кәсіпорындар мен туристік шаруашылық қызметкерлерін өндіріс жағынан қамтамасыздандыру бойынша технологиялық операциялары кіреді. Олай болса кәсіпорындардың барлығын үш функционалды деңгейге: ар-найы, қосымша және қосалқы (И.В. Зорин, 1974) деңгейге белуге болады.

    Арнайы рекреациялық кәсіпорындар туристерге тікелей қызмет көрсетеді. Оларға орналастыру (туристік қонақ үйлер, турбазалар, пансионаттар т. б.), туристік көлік, қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар, кафелер), экскурсиялық қызмет (саяхаттар мен экскурсиялық бюролары) кәсіпорындары, туристік саяхаттар мен жорықтардың ұйымдастырушылық-әдістемелік және материалдық қамтамасыздану мекемелері (туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестер, туристер клубтары) жатады.

    Туристер мен қызмет көрсетушілерге қызмет көрсететін қосымша кәсіпорындар туристерге де, жергілікті тұрғындарға да қызмет көрсетеді (сауда, коммуналдық, тұрмыстық, байланыс қызметтері).

    Қосалқы кәсіпорындар қатарына рекреациялық қызметті қажетті тауарлармен, туристік және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін, шикізат, отын, жартылай фабрикаттарды және туристік шаруашылықтағы технологиялық үрдістерді қамтамасыз ететін басқа да өнімдерді жеткізетін мекемелер кіреді.

    Туристік қызмет көлемін, негізгі және қосымша қызмет көрсету тізімін кеңейту мақсатында туристік ұйымдар жалға алу келісім-шарттары негізінде жалға алынған туристік базаларды құрады, арнайы туристік тасымал үшін көлік құралдарын (пойыздар, кемелер, ұннақтар, автобустар) жалдайды. Жалға алынған туристік шаруашылықтар арнайы рекреациялық кәсіпорындар қорын кеңейтеді.

    Туристік шаруашылықтың кешенді сипаты, әлеуметтік, эконо-микалық, экологиялық және саяси функцияларының маңызы оның қоғамдағы заңнамалық, нормативтік және жоспарлаулық реттелуін қажет етеді. Бұл міндеттерді мемлекеттік және салалық басқару органдары орындайды.

    Қайталау сұрақтары

    1. Қашан және неге туризмді «туристік өнеркәсіп» (туристік индустрия) деп атай бастаган?

    2.  «Туристік шаруашылық» ұғымыныңанықтамасын беріп, оның мщсаттары мен міндеттерін атап шығыңыз.

    3.   Туристік шаруашылық цұрылымы, оның тікелей және цосалцы түрлеріне бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

    4.  Туристік шаруашылықтың түнеу базасының сипаттамасын беріңіз.

    5.Туристгк шаруашылықтың тамацтандыру базасының сипаттамасын беріңіз.

    6.Туристік шаруашылықтың коммуникациялық базасының сипаттамасын беріңіз.

    7.Туристік шаруашылықтың цосалцы (көмекші) базасыныңсипаттамасын беріңіз.

    8.  Чартер дегеніміз не?

    9. И.В. Зорин бойынша туристік кәсіпорындардың үш фунщионалдың деңгейге бөлінуі жөнінде айтып беріңіз.

    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23


    написать администратору сайта