Главная страница
Навигация по странице:

  • Жер аландарына шомылу үшін қолайлылығына баға беру [2]

  • Баға берудіқ медициналық-биологиялық түрі

  • Психологиялық-эстетикалық баға бергенде

  • Табиғи кешендер жүптарының контраст деңгейіне салыстырмалы баға беру ( Ю.А. Веденин, Л.С. Филиппович, 1975)

  • Технологиялық баға беру

  • Рұксат берілген рекреациялық жұктеме нормалары [36]

  • Әлемдік туризм. Туризм географиясы


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеТуризм географиясы
    Дата12.10.2018
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘлемдік туризм.docx
    ТипДокументы
    #53169
    страница11 из 23
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
    §4 Территорияға рекреациялық баға берудің әдістемесі мен критерийлері

    Туризмнің ғылыми зерттеулері жаңа әдістемелік тетіктерді қажет етеді. Туризм географиясының қазіргі кезеңі - бұл жүйелену, жіктеу, теориялық түжырымдамалар, қолдағы білімдер синтезінің кезеңі. Туризм жөніндегі әртүрлі көзқарастарды жалпы түжырымдамаға біріктіретін жалпы әдістемелік негізі - жүйелік тәсіл. Оның мақсаты -объектілердің (мұнда қарастырып отырған объект - туризм) жүйелер ретіндегі мәнін ашу, олардың ішкі және сыртқы байланыстарын зерттеу, жүйелердің тұрақты құрылымын қалыптастыру, тетіктерін анықтау болады.

    Туризм географиясының әдістемелігі қазір даму жолында. Оған кіретін әдістер саны өте көп. Жалпы айтқанда әдіс дегеніміз - бұлтәсіл, мақсатқа жету жолы, әрекеттер қалпы. Туризм географиясы әртүрлі жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың әдістерінпайдаланады. Дәстүрлі географиялық әдістердің ішіндегі туризм географиясы үшін ең бастылары - типологиялық, салыстырмалы-географиялық, картографиялық әдістер. Олармен бірге туристер мен туристік индустрия қызметкерлерінің социологиялық зерттеулер әдісі, физиологиялық және ағымдағы дәрігерлік бақылау әдісі (климат факторлары мен микроклиматтық жағдайлардың, жер бедерінің, өсімдіктің және т. б. адам ағзасына жасайтын әсерн талдау), математикалық, математикалық-статистикалық әдістер қолданылады. Өрістегі және камералдық әдістер жақсы нәтижелерді көрсетеді.

    Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау - туризм географиясының ең ба-сты мақсаты. Мәденижәне тарихи объектілерінің туристік-рекреа-циялық ресурстардағы маңызды, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен туризмнің дамуының негізгі алғышарты табиғи орта болып табылады. Сондықтан, КСРО және шетелдік зерттеушілер ертеден-ақ географиялық әдебиетте туристік-рекреациялық ресурстардың табиғи жағына ерекше баға берген.

    Рекреациялық табиғи шарты ретінде табиғи-аумақтық және аквалды кешендер және олардың компоненттері мен жеке қасиеттері болып табылады, олардың ішінде аттрактивтілік, контрасттылық кедергілерден өту мүмкіндігі, экзотикалық, қайталанбайтын немесе үлгі болатын сипаты, табиғи нысандарының ауқымы мен формасы және олардың орналасуы.

    Алғашқыда табиғи ресурстар мен аумақтар санаторлық-курорт-тық яғни емдік мақсаттарда бағаланған. Кейін табиғи кешендердің рекреациялық бағалану қағидаларына, әдістемесіне және критерийлеріне назар аударыла бастады. Ресурстар мен шарттар демалыс пен туризм ұйымдастырушылар жағынан да, саяхатшылар жағынан да қарастырылғандықтан оларға баға беру өте қиын.

    Табиғи әлеуеттің демалыс пен туризм үшін баға беру кри-терийлерін көптеген ғалымдар іздестіруде. Осындай зерттеулердің ішінде Л.И. Мухинаның «Принципы и методы технологической оценки природных комплексов» [35] еңбегін атап айту қажет. Л.И. Мухина рекреациялық баға беру мәселесін әлеуметтік мәселелер қатарына қояды. Бұл жұ_мыста аумақтың рекреациялық әлеуетін демалушылардың    демалыс    шарттарына   деген    көзқарастарынанегізделген баға беру нұсқаулары берілген. Мұнда табиғи ортаның демалысты ұйымдастыру үшін физиологиялық жайлылығы мен ландшафтардың, табиғи және мәдени-тарихи нысандарының әлеу-меттік-психологиялық аттрактивтілігін ескеру ұсынысы берілген.

    Қазіргі кезде аумақты бағалаудың бірнеше әдістемесі жасалған. Алайда, ғылымның медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық салаларында демалушылардың табиғи кешендеріне қоятын талаптары әзірше дұрыстап анықталмаған.

    Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайына баға беру өте қиын. Емдік ресурстарына баға беруден айырмашылығы, мұнда пейзаждың тартымдылығы, экзотикалыгы, қайталанбайтындылығы бағаланады.

    Баға беру субъекті мен объектінің арасындағы катынастарды көрсетеді. Сондықтан баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

    1) баға берудің объектісін анықтау, яғни табиғи кешендердің компоненттері мен қасиеттерін бағалау;

    2)    субъектіні анықтау, оны позициясы бойынша бағалау. Рекреациялық ресурстардың баға беру субъектісі ретінде туризм жиі қолданылады;

    3)  зерттеудің мақсатымен және субъектінің қасиеттерімен анықталатын баға берудің критерийлерін бөлу;

    4)   баға беру шкалаларының көрсеткіштерін құрастыру. Шка-лалар субъекті мен объектінің арасындағы бағалық қатынастарды көрсетеді. Бұл жағдайда шкала сатылардың саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты объекті мен субъектінің арасындағы байланыстың интенсивтілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін бағалаудың 5-сатылы шкаласы келесі градациядан тұрады: 1 - ең қолайлы; 2 - қолайлы; 3 -біршама қолайлы; 4 - аз қолайлы; 5 - қолайсыз.

    Мысал ретінде КСРО FA география институтының КСРО орталық аумақтары үшін жасалған суаттарды шомылу мақсатында (5-кесте) бағалау шкаласын (ең қолайлы жағдайға 4 балл беріледі) қарастырайық.

    5-кесте

    Жер аландарына шомылу үшін қолайлылығына баға беру [2]



    Көрсеткіш

    Сипагтама

    Баға (балл)

    1

    Таяз су зонасының ені, м

    5-10 10-20 20-40 40-100 > 100

    4 3 2 1 0

    2

    Таяз су зонасының түбіндегі топырак литологиясы

    ұсақ қиыршык тас

    дөңбек тас

    саз тұнба

    4 3 2 1 0

    3

    Судың орташа тәулік темпера-турасы 18-22 с С болатын жазгы күндерінің саны

    80 60-80 50-60 30-50 <30

    4 3 2 1 0

    4

    Ағыс жылдамдығы, м/с

    00-1 1-22-3 3

    4 3 2 1 0

    5

    Жағалау маңындағы су өсімдігінің аумағы, су периметрінін 100 метріне келетін %

    0

    0-10 10-50 50-80

    >80

    4 3 2 1 0

    Сатылар арасындағы интервал сүрагы да әзірше шешілмеген. Оған жауап беру үшін объекті мен субъекті арасындағы байланыстар тікелей немесе тікелей емес екендігін анықтау қажет.

    Туристік-рекреациялық ресурстарға баға бергенде бағаланатын объектінің (ресурстың түрі, объект немесе аумақ) және субъектінің (туризмнің түрі, рекреациялық шаралардың циклі, демалушылардың категориясы) ерекшеліктерін ескеру қажет.

    Туристік ресурстарға баға берудің негізгі үш түрі бар:

    1. Медициналық-биологиялық (физиологиялық) баға беру - дема-лысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дәрежесін табу;

    2. Психологиялық-эстетикалық баға беру - демалушыларға тиетін табиғат ерекшелігінің эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;

    3.  Технологиялық баға беру - мамандандырылған және кешенді ТРЖ калыптасуының мүмкіндіктерін және туризмнің әралуан түр-лерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтау.

    Ресурстардың құндылығын анықтау және олардың түрлерін тишді пайдалану үшін, рекреациялық ресурстардың кешенді сипаты баға берудің үш түрін үйлесімді болуын қажет етеді.

    Баға берудіқ медициналық-биологиялық түрі табиғи факторлардың адам ағзасына тигізетін әсерн көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медициналық-биологиялық баға бергенде климат басты рол атқарады. Климатологтар мен курортологтар демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарга баға беру әдістері жүйесін ұсынған. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

    Климатқа рекреациялық баға бергенде адам организмінің метеорологиялық факторларга байланысын тексеру қажет. Курортологтар ауа райының адамға жасайтын физикалық әсерімен бірге оның эмоциялық әсерн де ескереді.

    Ұзақ уақыт бойы ауа райының адам ағзасына әсерететін әлементтері мен құбылыстарын елшеу әдістері іздестірілген. Бірақ адам ағзасына бір мезгілде коптеген метеорологиялық әлементтер әсеретеді, сондықтан мұндай іздестірулер нәтижесіз болды. Әдістерді таңдау барысында шартты (эффективті) температураның жүйесі құрастырылған. Осындай шартты температуралар метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, оның ылғалдылығы, жел күші мен күн радиациясы мен үзын толқынды сэулелену интенсивтілігі) кешенді әсерн сипаттайды.

    Температура мен ылғалдылықтың әсерн сипаттайтын кешенді көрсеткіш эффективті температура (ЭТ) деп аталады. Температура, ылғалдылық және жел жылдамдығын сипаттайтын кешенді көрсеткіш - эффективті-эквивалентті температура (ЭЭТ). Температура, ылғалдылық, жел күші және күн радиациясын сипаттайтын   кешенді   корсеткіш  радиацитың-эквивалентті   температуpa(РЭТ) деп аталады. РЭТ есептері күн сэулесінің адам денесін қыздыратынын көрсетеді. 1 минутта адам денесінің 1 шаршы сантиметріне күн энергиясының 0,7 кіші калориясы келіп түрса, адам оны температураның 3° көтерілгеніндей болып сезінеді. Кесте мәліметтеріне сүйенсек, жоғары температураны ауа құрғақ болған кезде оңай шыдауға болатыны анық.

    Адам организмі үшін қолайлы температура мен ылғалдылықтың үйлесімді көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген (6-кесте).

    6-кесте Адам ағзасына қолайлы температура мен салыстырмалы ылғалдылық үйлесімі [1]

    Температура, °С

    Салыстырмалы ылғалдылық, %

    20

    85

    25

    60

    30

    44

    35

    33

    Шартты температура жүйесімен «комфорт зонасы» байланысады, көптеген адамдар үшін оның температурасы 17° пен 23°С арасында болады. Белсенді рекреанттар үшін «комфорт зонасы» 12° пен 16° арасындағы эффективті-эквивалентті температурада бола алады. «Комфорт зонасынан» тыс эффективті-эквивалентті температура адам ағзасына қолайсыз. «Комфорт зонасы» адамның денсаулығына және жыл мезгіліне қарай өзгеріп тұрады.

    Медициналық-биологиялық баға берудің келесі әдісі - кешенді климатологиялық әдісі. Бұләдіс адам организміне тигізетін метео-рологиялық әлементтер кешенінің әсерн ескереді. Бұләдіс арқылы «тәулікауа райы» мен «бір мезет ауа райын» және ауа райы өзгеруінің жылдамдығын сипаттауға болады. «Тәулікауа райы» түсінігін қолдану себебі адам ағзасының кептеген функцияларының ауа райының тәуліктегі өзгерістеріне байланысты болуы. Алдыңда өткен түн мен келесі күннің метеорологиялық жағдайлары бір-бірімен байланысты, бұл жағдай адамның тәуліктік ритмикасын анықтау үшін «Тәулік ауа райы» ұғымы курорттық аудандар климаттарын зерттеп салыстырған кезде өте пайдалы болды. Ауа райы оның морфологиялық негізінде құрастырылған классификациясы арқылы сипатталады. Бұл жіктелуге ауа райының 16 класы кіреді, оның ішінде аязсыз ауа райы тобы (8 класс), ауа температурасы 0°-тан өтетін ауа райы (2 класс) және аязды ауа райы (6 класс).

    Соңғы жылдары ауа райының күрт өзгерісі көрсеткішін бағалау қолдануда. Ауа райының күрт өзгерістерге үшырауы ағзаның физиологиялық функцияларының ойдағыдай өзгерістеріне әкеліп соғады. Мұндай өзгерістер атмосфералық фронттар өткен кезде және жергілікті циркуляция жағдайында да байқалады. Өзгеріс көрсеткішінің мөлшеріне қарай (пайыз) ауа райының мынадай режимдері: өте тұрақты (25%), тұрақты (25-34%), құбылмалы (35-50%) және өте құблмалы (50%) режим болады. Ауа райының өзгеріс көрсеткіші жоғары болса, ауа райын болжау қиынға түседі.

    Климаттық зерттеулермен бірге климаттық факторлар әсерне ұшыраған ағзаның күйін суреттейтін көрсеткіштер іздестірілуде. Климат ерекшеліктері мен ағза күйі арасындағы байланыстарды табудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі - сүрапталған топ ішінде олардың субъективті пікірлері жөніндегі сауалнама жасау. Объективті бағалау критерийі ағзаның терморегуляторлық тетіктерінің кернеуі болып табылады. Ол адам денесінің орташа температурасының немесе терлеу көлемінің өзгеруі бойынша анықталады.

    Адам терісінің орташа температурасына байланысты жылу сезімін ескеруімен ауа райы түрлері тоғыз категорияларға - өте суықтан өте ыстыққа дейін бөлінеді. Ыстық болған кезде адам терісінің температурасы көп өзгермейтіндігінен ыстық ауа райының әсерін бағалау үшін терлеу көрсеткішін қолданған жөн.

    Комфорттық жағдай - дене терісінің орташа температурасы 31-33° болған кезде байкалады, бұл жағдайда адам ыстықтамайды да, тоңбайды да. Температураның белгілі бір мөлшерге төмендеуі адам денесінің белгілі бір мөлшерде салқындауына әсеретеді. Көрсетілген әдістерді қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды шешуге болады: демалыс, туризм, емдеу үшін климаттың қолайлылығы бойынша географиялық аудандастыруды жүргізуге болады. Адам организмі үшін қолайлы ортаның ұзақтығы - климатқа медициналық-биологиялық баға беру жұмысының негізгі көрсеткіші болып табылады.

    Тау аймақтарының климатын бағалау әдістемесі жөнінде атап айту керек. Біріншіден, тау климаты теңіз деңгейінен жергілікті жердің биіктігіне, беткей көлбеуі мен бағытына, жер бедеріне қарай жылдам өзгерістерге ұшырайды. Екіншіден, өзіне тән ерекшеліктерімен бірге, айналасындағы ландшафт сипаттарына да ие болады. Таулы аудандарының климаттық жіктелуі тау курорттарының классификациясында көрініс табады. Бұл классификацияда курорт мамандандырылуы; тау аймағы орналасқан табиғи зонасы; биіктік белдеуі (аласа таулы - 1000 м-ге дейін, орта таулы - 1000-2000 м, биік таулы - 2000 м-ден жоғары); курорт ауданындағы өсімдік көрсетілген.

    Негізгі көрсеткіші адам ағзасы үшін қолайлы мезгіл ұзақтығы болып табылатын климаттың медициналық-биологиялық бағалануы әсіресе территориясы үлкен елдер үшін қажет. Осындай жұмыстар шетелдік туризм дамуы үшін де маңызды. Олардың қорытындылары жолнамалар мен жарнамалық буклеттерге енгізіледі.

    Психологиялық-эстетикалық баға бергенде адамға тиетін табиғи ландшафттың ерекшеліктерінің эмоционалды әсер бағаланады. Баға берудің әдістемесі өте күрделі. Сондықтан ол кез келген табиғи кешенге адамның эмоциялық реакциясымен анықталып қана қояды.

    Сұлулықты аңсау адамның рухани дүниесінің ең маңызды қырының бірі болып табылады. Осыған орай табиғи туристік-рекреациялық ресурстарды бағалаған кезде оларды психологиялық-эстетикалық жағынан қарастырған жөн болады. Басқа қасиеттері теңдес болған жағдайда эстетикалық қасиеттері жоғары аумақтар ре-креанттарды өзіне көбірек тартатыны белгілі.

    Ең соңғы уақытқа шейін ландшафтың эстетикалық құлдылығы жөніндегі көзқарастар ландшафтық сәулетшілер талғамдары мен пікірлеріне ғана негізделген. Соңғы жылдары психологтар, социологтар және географтар ландшафтың эстетикалық қасиеттерін өлшеу үшін бірқатар көрсеткіштер ұсынған. АҚШ-тың ұлттық паркінде туристердің орналасуы туралы зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары тартымды әсерді шеткі зоналар мен фокустік пункттер алып түратыны анықталды. Шекаралық зоналар деп әртүрлі екі ортаның арасындағы шекаралық сызықты айтады: су - құрлық (күшті әсер), орман - алаңқай (орташа әсер), төбешіктер - жазық (шамалы әсер) (7-кесте).

    7-кесте Табиғи кешендер жүптарының контраст деңгейіне салыстырмалы баға беру ( Ю.А. Веденин, Л.С. Филиппович, 1975)



    Табиғи кешендерінің жұбы

    Баға (балл)

    1

    Орман-суат

    4

    2

    Орман (өріс)-суат

    3

    3

    Орман-жайылым (өріс)

    3

    4

    Қалық бұталар-жайылым (өріс)

    2

    5

    Орман-калың бұталар

    2

    6

    Өріс-жайылым

    1

    Бірқалыпты орманды алаптар, батпактар немесе аса ылғалды жерлер, ландшафты қатты ыдырапкеткенжерлер ешкімді қызықтырмайды. Осындай бақылаудың арқасында сандық көрсеткіштерді шығаруға мүмкіндік туды, жеке алғанда аумақтың «шектік» әсерлерімен қанықтық көрсеткіші:

    Қ     =L  /S,

    ш.э.ш7

    мұндаL  - шеттік сызықтың үзындығы, S - аумақтың көлемі.

    Аумақтың фокустік пункттермен қанықтығы көбінесе жер беде-ріне байланысты. Ландшафттың осы қасиетін бағалау үшін, мысалы, орташа максималды салыстырмалы биіктіктердің аумақ бірлігіне де-ген қатынасын қолданады.

    Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құлдылық ландшафтың морфологиялық құрылымына, табиғи пейзаждың әр-түрлілігіне тәуелді. Осыдан «табиғи пейзаждың әртүрлілігі» деген түсінік енгізілді. Бұл түсінік 1) табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2) басқа табиғи кешендермен сыртқы байланыстан тұрады.

    Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігі ландшафтың ішкі морфологиялық құрылымы арқылы анықталады (жер бедері, өсімдік түрлері, гидрологиялық ерекшеліктері, әртүрлі компоненттердің өзара бай-ланысы және т. б.). Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігінің мынадай көрсеткіштері болады: ландшафттың морфологиялық бөліктерінің контурларының   ландшафтық   аудан   көлеміне   деген   қатынасы;морфологиялық бөліктері түрлерінің ландшафт ауданына қатынасы; фондық доминанталар мен құрылымдық детерминанттардың маршруттағы жиілігі.

    Табиғи кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды аудандар үшін басым белгі - кеңістіктің орман тығыздығының дәрежесі. Орман тығыздығының пайызына байланысты кеңістік ашық, жартылай ашық және жабықболып бөлінеді.

    Мысалы, орманның тығыздығы 50% асқанда ландшафтың эстетикалық қасиеті төмендейді. Қалың орман ішінде рекреант жаяу жүргенде жылдам шаршайды және табиғат пейзаждарының өзгерістерін дұрыс қабылдай алмайды. Ең жоғары баллды жартылай ашық кеңістік алып тұрады. Ашық кеңістіктер де жалықтыруы мүмкін.

    Жер бедері мен өсімдіктің үйлесуі де маңызды болады. Төбелі жер бедерінің биік жерлерінде орналасқан орташа биік орманымен үйлесуі ландшафттың тілімделуін күшейтіп көрсетеді, ал ойпаттарда орман орналасса ландшафт жазық болып көрінеді. Бірінші мысалда эстетикалық бағасы жоғары, екіншісінде бағасы төмендейді.

    Сыртқы пейзаж әртүрлілігі көршілес табиғи кешендерінде көрініп тұратын пейзаждық әралуандығымен сипатталады. Жазық жерлерде таулы аудандарға қарағанда табиғи кешеннің сыртқы айналасының эстетикалық қасиеттері шамалы рөл ойнайды. Жазықта эстетикалық жағынан орман аумақтары маңызды орын алады.

    Сыртқы пейзаж әртүрлілігінің көрсеткіштері мынадай: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғи пейзаждар-ды қабылдау бүрышының тікелей және көлденең мөлшері, көкжиек сызықтарын кесілуі, сонымен қатар сыртқы пейзаждарды жақсы көру үшін көп орындардың пайда болуы. Мысалы, таулы аудандар-да ең жоғарғы бағаны тау шыңдары алуы керек, себебі солар арқылы барлық табиғи кешендер жақсы қабылданады, ең төменгі бағаны-тау шатқалы алып тұрады. Сыртқы пейзаждарды көру бұрышы үлкен болса, көршілес кешендердің көрінісі кең болады, пейзаждардың әртүрлілігі жоғары.

    Психологиялық-эстетикалық бағалаудың жаңа түрлері - табиғи кешеннің экзотикалық және қайталанбау сипаттары. Экзотикалық сипаты дегеніміз демалыс орнының турист түратын жеріне ұқсамау мөлшері. Қайталанбау сипаты - нысандар мен құбылыстардың кездесу (қайталану) немесе кездеспеу (қайталанбау) жиілігі.

    Технологиялық баға беру: адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс-әрекеттің «технологиясы» мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, технологиялық баға беру бүкіл рекреациялық жүйедегі жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инженерлік-құрылыс мүмкіндіктерін бағалайды. Мұндарекреант көзқарасынан бағалау субъекті рекреациялық сала болады. Рекреациялық салада пайдалануы үшін табиғи кешен біршама халықтың демалысы мен санаторлық емдеуін ұйымдастыруға жарай-тын қасиеттеріне (жайлылық, шипалық қасиеттері және т. б.), коры мен көлеміне жәнеұзақ уақыт пайдалану мүмкіншілігіне ие болуы қажет.

    Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалау үшін ең қолайлы тәсіл- ландшафтық картаны пайдалану, себебі мұндай жағдайда бағалау объекті ретінде синтетикалық бірліктер - табиғи аумақтық кешендер болады. Бірлік дәрежесі зерттеу және оған сәйкес карталардың масштабымен анықталады: орта масштабта - аудандар, ландшафтар немесе олардың ірі бөліктері (жергілікті жерлер), ірі масштабта - урочище (мекендер) мен фациялар.

    Ең алдымен рекреацияның шектеулер сулбасы құрастырылады, ол үшін табиғи және шаруашылық шектеуші факторлар ескеріледі. Тек осыдан кейін баға беру жұмысына кірісуге болады. Шектеуші факторлар мынадай болуы мүмкін: климаттың қолайсыздығы, жыртқыш жануарлардың кездесіп қалу мүмкіндігі, санаторлық-курорттық емдеу үшін қолайсыз микроклиматтық жағдай; жағажай, су, құрылыс жерінің жетіспеуі және т. б. Алдың ала табиғи аумақтық кешендердің қазіргі пайдалану сүлбасы құрастырылады және халық шаруашылық жоспарлары ескеріледі. Қалалар мен өнеркәсіп нысандарының әсерету зоналары, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, ауыл шаруашылық жерлері және т.с.с. бағаланатын аумақтарға кірмейді.

    Технологиялық баға беру критерийлерін таңдау - кәдімгі үлкен зерттеу жұмысы, ол әлі де толығымен аяқталған жоқ. Критерийлер біздің субъект-объект қатынастары жөніндегі білімімізді көрсетеді. Ал біздің қарастырып отырғанымыз жеке тұлғалар мен әлеуметтік  топтардың талаптары емес, бүкіл сала болғандықтан, баға беру субъектісі жалпылану керек, тіпті кейбір субъективтік талаптар қарастырылмау керек. Сонда баға беру субъекті ретінде рекреациялық шаралар түрі, олардың кешені, демалыс пен туризм формалары мен түрлері және т.б. қарастырылуы мүмкін.Ал енді шаруашылық іс-әрекетінің ірі аялары үшін жер бөліну бойынша екіталай жағдай туындаған кезде аумақты бүкіл рекреациялық сала үшін бағалау қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

    Баға беру жұмысының соңғы кезеңі - бағаның түрін анықтау. Қазіргі шақта бағаның екі түрі бар: сапалық және баллдық. Сапалық баға аумақтардың морфологиялық құрылымның анализі бойынша бағалық белгілерді логикалық түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді. Соның негізінде кысқаша сипаты бар баллдық баға дұрыс қойылады. Сонымен қатар, математикалық әдістерді қолданған кезде сапалық тетік факторлардың салмақтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

    Рекреация үшін табиғи жағдайларға баға берудің критерийлерін анықтау жұмыстарымен көптеген елдердің ғалымдары айналысады. Осындай зерттеулердің арасында 1973 жылы шыққан Д .И. Мухинаның «Методы и принципы технологической оценки природных комплексов» (Табиғи кешендерге технологиялық бағаберудің әдістері мен принциптері) атты жұмысы маңызды болып табылады. Бұл еңбекте рекреациялықбағалау үшін әдістемелікұсыныстар келтірілген. КСРО-ның табиғи аймақтарына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы 1969 жылы шыққан Ю.А. Веденин мен Н.Н. Мирошниченконың жұмысы бар.

    Я. Варшиньска (Польша, 1974) табиғи ресурстарының туризм мен демалыс мақсаттарында бағалауды сандық көрсеткіштерін таңдап алынған математикалық функция арқылы өтетін трансформациясына негізделген бағаберу әдісін ұсынған. Бұлұсыныс Краков аймағын тау туризмі мақсатында бағалау үшін қолданылған. Ол үшін негізгі ландшафттық сипаттамалар: жер бедері, гидрографиялықторы, өсімдік ескерілген.

    Бұл тақырыптағы жұмыстар әсіресе 60-шы жылдардың соңынан бастап белсене жүргізілуде. Жалпы туристік қасиеттер жүйеленетін, терминология анықталатын теориялық жұмыстармен бірге туристік қасиеттердің аттрактивтілігін (тартымдылығын) анықтауға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда қолданатын ең сүйікті әдіс - бонитировка әдісі. Бұләдіс кең қолданылады және мұнда субъективтік элементтерден құтылу әрекеттері жүргізіледі, себебі субъективтік фактор баға бергенде дұрыс қорытынды жасауға кедергі болады. Кейінгі кезде «тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті» деген синтетикалық көрсеткіш қолданылады. Ол 0-ден 1-ге шейін өзгереді және1 дегеніміз тартымдылықгың максималды деңгейі болып табылады.

    Демалушылар мен туристердің табиғи-рекреациялық айналасына деген таңдау сипаты бәріне мэлім. Рекреациялық зонасының табиғаты әртүрлі болған сайын, оның табиғи әлементтерінің саны да көп болады, жәнерекреациялық іс-әрекеттің көптеген түрлеріне қолайлы болады. Рекреациялық жергілікті жерді функциялары бойынша бағалау көптеген әлементтерге тәуелді. Мұнда рекреациялық жергілікті жер деп рекреациялық мақсатта қолдану алгышарттарына ие болатын табиғи кешенді айтамыз. Жергілікті жер функциялары дегеніміз табиғи кешеннің рекреациялық іс-әрекет түрлері үшін пайдалану мүмкіншілігі. Рекреациялық іс-әрекет түрлері, яғни функциялар саны сандық көрсеткіш арқылы сипатталады, әрбір функция бір түріне теңдес.

    Рекреациялық жергілікті жердің қабілеті жететін функциялар сум-масын білсек, оның тартымдылық (жарамдық) коэффициентін табуға болады. Ал осы коэффициент арқылы қандай да болсын аймақтың рекреациялық жергілікті жерлердің бағалануы өткізіледі.

    Тартымдылық (жарамдылық) коэффициент! бойынша рекреа-циялық жергілікті жерді бағалау үшін ландшфтық карта, ландшафтық сипаттама және зерттелу аймағының рекреациялық функцияларының суммасы қажет.

    Тартымдылық (жарамдылық) коэффициенті бойынша рекреа-циялық жергілікті жерлердің бағалану бағдарламасы мынадай кезең-дерден тұрады:

    а)   аталған аймақта мүмкін болатын рекреациялық іс-әрекет түрлерін болжап, зерттеу және олардың санын анықтау;

    ә) рекреациялық жергілікті жер мен айналасын сипаттайтын материалдарды талдау, мұнда табиғи компоненттер бөлек түрде және біріктіріліп зерттеледі;

    б)   әртүрлі рекреациялық іс-әрекет жүргізу мүмкіншіліктерін анықтау;

    в) рекреациялық жергілікті жер функцияларының суммасын есептеу;

    г) аталған жердің жарамдылық коэффициенты (Кж) мынадай формула бойынша есептеу:

    К = С./С. ,

    жфа      фж'

    мұндаС   - аймақ функцияларының суммасы;

    С    - жергілікті жер функцияларының суммасы.

    Сонымен бірге туристік-рекреациялық ресурстарды дифференциалдық рентаның қалыптасуын ескеруімен, бір тектес ресурстарды игеру күндарын салыстыру арқылы, рекреациялық қызметтің экономикалық эффектін анықтау арқылы, рекреациялық ресурстарды пайдаланудан түсетін табысты анықтау арқылы бағалау әдістеріжасақталуда.

    Табиғи ресурстарды демалыс пен туризм мақсатында антропогендік жүктеме нормаларына сәйкес пайдалану кджет. Осындай нормаларды анықтау үшін биологиялық және психологиялық әдістер қолданылады. Биологиялық әдіс бойынша туристік ауыртпалық табиғи кешен өз биологиялық қасиеттерінен айырылмай шыдай алатындай 1 гектарға келетін адамдар санымен анықталады. Бұл көрсеткіштер әртүрлі табиғи кешендер үшін бірдей емес және олардың антропогендік әсерне деген шыдамдылығына, мысалы, тапталуға, топырақтың нығыздалуына, тамырлардың бұзылуына тәуелді. Орман мен жайылым биоценоздарына түсетін рекреациялық ауыртпалықтың рұқсатты нормалары 8-ші кестеде көрсетілген.

    8-кесте

    Рұксат берілген рекреациялық жұктеме нормалары [36]



    Табиғи кешен

    Норма, адам/га

    1

    Өте құрғақ топырактағы қарағай орманы

    0,5-1

    2

    Құрғақ топырактағы қылканды орман

    1-2

    з

    Аралас және жапыракты К¥Рғақ орман

    2-3

    4

    Құнарлы топырақтағы жалпақ жапыракты орман

    3-5

    5

    Құрғак анғардағы, жайылмадағы, ойпаттағы және баска да орташа ылғалды жерлердегі жайылымдар.

    5-10 10-20

    Туризм мен демалыс ресурстарына табиғи ресурстарымен бірге антропогендік (мәдени) ландшафтар ресурстары да жатады. Мәдени-тарихи әлеует дегеніміз — бұл тарихи ескерткіштер, естелік орында-ры, қолөнер, мұражайлар және материалдық және рухани мәдениеттің басқа да нысандары. Мәдени-тарихи ресурстар туристік қызметте қолданылады. Олардың ішінде ең көп тараған түрлері - мұражайлар мен экскурсиялық-туристік қызмет көрсету.

    Мәдени-тарихи ресурстарға баға беру әдістері мынадай [13]:

    1. Экскурсиялық нысандардың аудан бірлігіне келетін тығыздығын, олардың санын және аумақ бірліктері (әкімшілік, экономикалық) мен туристік орталықтары бойынша қүрьілымын анықтау.

    2. Экскурсиялық нысандардың демалыс пен туризм ұйымдастырушылар көзқарасы жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша (танымдық құлдылығы, әйгілі болуы, аттрактивтілігі, келбеті, қоршаған ортаның медициналық-географиялық қасиеттері) баллдық баға беру.

    3. Нысанның экскурсиялық әлеуетін оны қарап шығу үшін қажетті және жеткілікті уақытын анықтау арқылы есептеу. Нысандардың белгілі түрлерін қарап шығу үшін орташа уақыты көрсетілген типологиялық кестені құрастыру.

    4. Экскурсиялық трассалар мен маршруттардың аттрактив-тілігін трассада да, маңындағы зоналарда да орналасқан мәдени-тарихи ны-сандарды ескеріп бағалау.

    Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурстарды құрасты-ратын неше түрлі объектілерді талдауға оларды санақтау, сипаттау және топтастыру кіреді. Мәдени-тарихи нысандарын тіркегенде және оларға сипаттама бергенде оның атауын, орналасуын, маркировкасын (белгіленуін), иесін, нысан бойынша эдеби жәнебасқа көзнамаларды, орналасу сүлбасын атап көрсетіп, оның қысқаша суреттемесін жасау керек.

    Мәдени-тарихи нысандарға баға берудің келесі, бұдан маңызды кезеңі - олардың рекреациялық, маңызы бойынша типологиясы. Типологияның негізінде мәдени-тарихи нысандардың ақпараттық мәні жатыр: қайталанбауы, аталған түрге жататын нысандар арасында үлгілі болуы, танымдық және тәрбиелік маңызы, көркемділігі (аттрактивтілігі).

    Әлеуметтік-экономикалық нысандардың рекреациялықмақсаттағы акпараттьшығын оларды тамашалау үшін қажетті және жеткіліктіуақыт мөлшерімен өлшеуге болады. Осындай уақытмөлшерін анықтау үшін нысандардың мынадай көрсеткіштер бойынша жіктелуін жасау керек:

    1) нысанның көрсетуге арналған ұйымдастырылу деңгейі;

    2) экскурсантгардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы. ¥йымдастырылу деңгейі бойьшша нысандар арнайы ұйымдас-тырылған, мысалы, мұражайлар, монументтер т. б., және көрсетуге ұйымдастырылмаған нысандар, мысалы, қаланьщ көріністері, көшенің перспективасы және т.с.с. болады. Қарап көру мақсаты мен экскурсияның негізі болғандықтан, ұйымдастырылған нысандарды көру үшін ұйымдастырылмаған нысандарға қарағанда ұзақ уақыт керек. Ұйымдастырылмаған нысандар экскурсия бағдарламасындағы ұсақ-түйектерге үңіліп қарайтындай емес жалпы көрініс болып табылады.

    Экскурсанттардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы бойынша нысандар интерьерлік (экскурсант нысанның ішінде орналасады, ішкі жағынан қарап кору) жәнеэкстерьерлік (экскурсанттар нысан сыртында, сырттан қарап шығу) нысандарға бөлінеді. Экстерьерлік нысандарды көріп шығудың жалпы уақыты интерьерлік объектілеріне қарағанда ұзақ болады.

    Экскурсия тақырыбына орай (бұрынғы КСРО-да кәсіподақтық туризмде экскурсиялар 9 тақырыптық топқа жіктелген) онда мақсаттық, қосымша және қосалқы нысандар болады. Мақсаттық нысандарды көріп шығу үшін экскурсия уақытының 50%, қосымшаларына 30% шамалы, қосалқы нысандарға 20% шамасында жүмсауға келісіп алуғаболады.

    Мәдени-тарихи нысандарына (тарих пен мәдениет ескерткіштері) экономикалық баға берген кезде осы ескерткіштер орналасқан аумақтарға дифференциалдық рента қолданылмайды, есептерге кіргізілмейді. Экономикалық баға көрсеткіші ретінде ескерткіштерді пайдаланудың тікелей эффекті (кіру бағасы, экскурсиялық қызмет көрсету бағасы) және танымдық, тәрбиелік ақпаратынан болатын жасырын экономикалық эффекті қабылданады.

    Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм мәселелерін кешенді түрде зерттеу қажеттілігі талқылануда. Сондықтан туристік ресурстар (мүмкіншіліктер) ұғымына тұрмыс жағдайы мен қызмет көрсету жүйесін (қонақ үйлер, туристік базалар, қызмет көрсету мәдениеті, көлік жағдайы мен құралдары және т. б.), яғни инфрақұрылымды кіргізу керек. Кейбір авторлар мұнда сонымен қатар нақты туристікаудандардың салт-дәстүрлері мен көпшілік үшін сүйікті болуын қосады.

    Географиялық жағынан туризмнің даму жолдарын анықтаған кезде табиғи, мәдени-тарихи жәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайьша баға беру; туристік мекемелер мен маршруттардың қалыптасқан торын тал-дау; рекреациялық аумақтардың сыйьімдьілығьін анықтау қажет. Осьшың нәтижесінде рекреациялық аудандастыруды откізуге болады.

    Е.В. Ефременконың (1980) айтуынша, кешенді бағаның құрамына 1) табиғаттың мүмкіншіліктері; 2) аумақты мәдени жағынан игеру дәрежесі; 3) экзотикалығы; 4) бос уақытта өткізілетін шаралардың әртүрлілік дәрежесі бойынша туристік мүмкіншіліктер; 5) тарихи-мәдени объектілер; 6) тұрмыстық қызметтер; 7) әйгілілік дәрежесі мен салт-дәстүрлер бағалары кіреді. Сойтіп, туристік мүмкіншіліктерді кешенді түрде анықтау үшін әрбіреуі бірнеше басқа көрсеткіштерден тұратын 6-7 көрсеткішті қосып есептеу керек. Факторлардың біреуінің басым болуына негізделіп, рекреациялық іс-әрекеттің функционалды типтерін анықтауға болады. Сауықтыру туризмі үшін 1+2+3+4+6, спорттық сауықтыру туризмі үшін - 2+3+4, танымдық туризмі үшін 2+3+5 факторларының интеграциясы маңызды. Басқаша айтқанда, «біріктірілген туристік әулет» ұғымын енгізу және оның анықтау критерийлерін табу уақыты келді.

    Бонитировка арқылы ең үлкен туристік ағымдарды анықтауға, туристер құрамы жонінде жанама мәліметтерді табуға болады. Әдетте табиғи әулеті жоғары маршруттарға жастар аттанады, ал белгілі мәдени-тарихи ескерткіштері орналасқан жерлерге жасы келіп қалған адамдар барады. Бірақ қалай да болса, туристер бонитеті жоғары жер-лерде шоғырланады.

    Бонитировка жүйесі туристік аудандарды топтастырудың объек-тивті, шынайы критерийлерін береді.

    Қайталау сұрақтары

    1.  Туризм географиясының әдістемелігі жөнінде әцгімелеп берініз.

    2.  Қандай себептен аумаща рекреациялықбаға беру туризм географиясының басты міндеттерінің бірі болып табылады?

    3. Табиғи туриспгік-рекреациялықресурстарга баға беру жөнінде айтып беріңізҚандай себептен оларга әлеуметтік-экономикалықресурстардан бұрын баға беріле бастаган?

    4. Табиғи туристік-рекреациялық ресурстарга баға берудің медщиналық-биологиялық туріне сипаттама беріңіз.

    5. Туристік-рекреациялықресурстарга бағаберудің психологиялық-эстетикалықтүріне сипаттама беріңіз.

    6.  Туристік-рекреациялық ресурстарга бағаберудің технологиялық түріне сипаттама беріңіз.

    7. Аумацтың туристік бонитировкасы деген не?

    8. Жарамдылықкоэффициент! деген не? Оны капай есептейді?

    9.   Әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялықресурстарга баға беру жөнінде айтып беріңіз.

    10. Жалпы туристік әпеует деген не?

    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23


    написать администратору сайта