Главная страница
Навигация по странице:

  • Қайталау сұрақтары

  • § 4 Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері

  • Әлемдік туризм. Туризм географиясы


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеТуризм географиясы
    Дата12.10.2018
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаӘлемдік туризм.docx
    ТипДокументы
    #53169
    страница7 из 23
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
    § 3 Туризм тарихын географиялық тұрғыдан зерттеу

    Демалыс мақсатындағы сапарлар санының артуы урбандану үрдісінің өсуі мен XIX ғасырдағы темір жол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристік қасиеттерге, әсіресе демалыс үшін жайлы территорияларға деген қажеттілікті арттырды.

    XIX ғасырда медицинаның дамуы нәтижесінде климат пен теңіз суының емдік қасиеттері өте жоғары бағаланатын болды. Темір жолдардың салынуы мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік сұраныс территорияларына «жақындатты».Ал техниканың дамуы үлкен ауқымды туристік инвестицияларға мүмкіндік берді. Бұл кішігірім және белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жагалауларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло,Ницца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.

    Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу XIX жүзжылдықтың екінші жартысында басталды (И.Г. Коль). XIX және

    XX ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандану мен туристік, курорттық қоныстардың пайда болып, кеңею үрдісінің арасындағы тәуелділікті анықтау мәселесін қарастыруға итермеледі. Неміс географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.

    «Туризм географиясы» (Fremdenverkehrs geographic) деген терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым туристік козғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік қолайлылық пен сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау қажет.Туристік құбылыстардың экономикалық аспектісіне географтар XIX ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шпутцтың (1919) еңбегінде табуға болады.

    Қоғамдық сұранысына сай, туризм географиясы туристік ағымдарды зерттеуден бастап, курорттық-туристік ресурстарды зерттеу мен рекреациялық аудандастыруға назар аудара бастаған.

    Алғашқы демалыс пен туризм зерттеулерінде ішкі және халықаралық туристік ағымдар мен жергілікті жерлердің туристік игерілуіне көп назар аударылған.

    Францияда алгашқы туризм географиясы шеңберіндегі зерттеулерді Альпыдағы туристік қозғалыс пен туристік шаруашылық мәселелерімен айналысқан Р. Бланшар болды. Италияда осындай зерттеулерді А. Мариотти жүргізген.

    Отызыншы жылдары туризм географиясының әлем бойынгда серпінді дамуына, әсіресе Германияда (Р.Глюксманн, А.Борман, X. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В.Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р.Браун, К.С.Мак-Мерри) мүмкіншіліктер туады. Зерттеулердің басты нысанасы туризмнің ауылдық жерлері мен туристік (ең алдымен табиғи) ресурстарына тигізетін әсерболды. Осындай зерттеулерге байланы-сты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу Институты ашылды. Осы тәрізді мекемелер Берн мен Гренобльде пайда болды.

    Бұлтуризм географиясының қарқынды дамыған жылдары болған. Оның зерттеу нысаны мен пәні дұрыстап анықтала бастайды. Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі аумақтық жоспарлаудың дамуынәтижесінде осындай зерттеулерде демалыс пен туризм мәселелері кең көлемде қарастырылады. Осыған орай табиғи ортаны терең зерттейтін географиялық жұмыстар қажеттілігі өседі.

    Осындай жұмыстардың мысалы - Ягеллон университета тұсындағы Краков туризм студиясының (1936-1939 жж.) зерттеулері. Бұлстудия туризмді зерттеу мен мамандарды даярлау бойынша түңгыш университеттік орталық болып есептеледі (М. Бочваров, 1977). Дәл сол кезде С. Лещицкийдің туризм географиясы деген түсінікті ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм ұғымын енгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм ұғымын дәл анықтау әрекеті үлкен рөл атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәденижәне қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристік қозғалыспен байланысты [16].

    Туризмнің теориялық негіздерінің қалыптасуы мен осы саладағызерттеулер арқасында туризм географиясының мағынасын дұрыстап анықтауға мүмкіншілік туындады. Туризм географиясының мақсаты «аумақтың туристік артықшылықтарын ғылыми тұрғыдан анықтау, ландшафтың жаратылыстық қасиеттерін сақтай тұра туристік қозғалыс мүмкіндігін зерттеу және осы қозғалыстың экономикалық пайдалануының ең тиімді жолдарын жоспарлау» болып табылады (С. Лещицкий, 1932). Осындай анықтамадағы зерттеу мәселелері «адаммен, географиялық ортамен, жерді шаруашылық мақсатында пайдалануымен, адамзат жетістіктері жәнемәдениетімен» тығыз байланысты. Бұл өте маңызды қадам болды, өйткені бұдан бұрынтуризм географиясы туристік қозғалыспен байланысты тек сұрапталған әлементтерін зерттейтін ғылым болып есептелген.

    Туризм географиясының дамуы нәтижесінде көптеген жаңа зерттеу орталықтары, әсіресе туризм қоғамдық және шаруашылық өмірінде маңызды рол ойнайтын елдерде пайда болды. Дегенмен алғашқы кезеңде туризм географиясы саласындағы зерттеулер көбінесе Германияда жүргізілген. Әрине, бүған 1929 жылы Берлинде Жоғары сауда мектебі жанында ашылған туризм зерттеулерінің Институты (директоры Роберт Глюксман) ықпал етті.

    IIДүниежүзілік соғыстуризм географиясы саласындағығылыми зерттеулерді тежейді. Алайда, мұндайзерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері туристік қозғалыс үлкенқарқынмен дамыған. Осындай даму көрсеткіші - өте ауқымды ғылыми әдебиет көздерінің шығуы. Туризм географиясы ауыл шаруашылығы географиясы мен өнеркәсіпгеографиясы сияқты географияның дербес саласына айналды.

    IIДүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталыгы Франция (П. Дефер, Ж. Вейре-Вернье, Дж. Шабо, П. Жорж, Б. Барбье, Ф. Крибер, Р. Баретье) және АҚШ (К.С. Мак-Мерри, М. Клаусон, Л. Митчел, Дж. Стансфелд) болды, 1970 жылдардан бастап, сондай-ақ, КСРО (B.C. Преображенский, Ю.А. Веденин), Канада (Р. Вольф, РВ. Батлер), Австрия (К. Синнхубер), Ұлыбритания (Дж. А. Пэтмор, М. Пасион, С. Смит, Дж. Т. Соррок), Аустралия (Д. Меркер, Д. Пирс), Жапония (Э. Ширасака, Т. Исикава, С. Яма-тото), Чехословакия (С. Шпринцова, М. Хаврлант, В. Гардавски, П. Мариот), Югославия (3. Пепеоник, 3. Джовичич, М. Джершич, А. Го-сар), Болгария (Л. Динев, М. Бачваров), ГФР (К. Рупперт, И. Майер, И. Матцнеттер), ГДР (Б. Бентхим), Польша (М.И. Милеска, К. Либера, А. Вжосек, А. Марш, О. Рогалевский, Я. Варшиньска, А. Яцковски) солардың қатарына енді.

    Кейбір географтардың пікірінше, туризм зерттеулерінің көлемі әдеттегі туризм географиясы шеңберінен асып түсе бастады. Осының нәтижесінде әдебиетте бұрынғыға қарағанда кең мағынада түсінілетін ұғымдар пайда болды. Осыған орай бұл пәнді рекреация географиясы ретінде қабылдай бастаған. Еуропа географтары осы атауды аме-рикан әдебиетінен алып пайдаланады («рекреация географиясы», «рекреациялық география»). 1945-1960 жылдардың арасында жаңа ұғым - «демалыс географиясы» пайда болып, ол туризм географиясы және рекреация географиясымен қатар қолданыла бастады. Ал енді тағы бір топ зерттеушілер туризм географиясы атауын «туризмнің экономикалық географиясы» атауына ауыстыруды ұсынған. Олар өз пікірін осындай атау географиясының тиесілі саласының зерттеу шеңберіне кіретін қазіргі туристік қозғалысқа басқаларға қарағанда үйлесімді деп дәлелдеген.

    1950 жылдардың соңында Америка әдебиеттерінде жаңа ұғым- «таза ауадағы рекреация» пайда болды. Бұлұғымды М. Клаусон енгізді. Мұндай демалыс деп қала сыртындағы ашық аспан астында демалуды атайды екен.

    Жалпы айтқанда, «рекреация географиясы» ұғымының әдеттегі «туризм географиясынан» айырмашылығы шамалы. Себебі рекреация географиясы демалысқа байланысы бар кеңістік құблыстарын, атап айтсақ, туристік көш-қонды, туристіксұраныс орталықтары мен олардың демалыс аудандарына байланыстылыгын, әртүрлі аймақтардағы туристік қозғалыс қарқындылығын, туристік шаруашылық дамуының нәтижесіндегі аумақтың өзгерістерін, аумақтың туристік сыйымдылығын, туризмнің экономикалық сипаттарын және баска да туризмге байланысты мәселелерін зерттейді. Сонымен қатар, американ рекреациялық географиясы, АҚШ экономикалық географиясының басқа салалары сияқты, әлеуметтік мәселелерге (әсіресе туристік сұраныс зерттеулерінде) ерекше назар аударады.

    Туризм географиясы бойынша зерттеулер өткізілген елдердің барлыгында дерлік туристік қозғалыстың ең көп шоғырланған аймақтарына ең үлкен көңіл бөлінген, алайда болашақта туристік ресурстарына ие аймақтары да ұмытылған жоқ.

    Туристік шаруашылық дамуы мен туристік ағымдардың өсуіне байланысты 60-шы жылдарынан бері демалыстың ең жайлы ауданда-рынан жайлылығы төмен аудандарының игерілуіне көшуі басталды. Жаңа рекреациялық аумақтарын игеру қажетіне байланысты туризм географиясының екінші бағыты - табиғи-рекреациялық ресурстарды бағалау жұмыстары көбейе бастады. Осы жылдарда КСРО-да демалыс пен туризм орындарының аудандық жоспарлау жұмыстары өріс алды. Географтар табиғи кешендерінің рекреациялық баға беру кезеңдерін бекітті (Л.И. Мухина, 1973), олардың рекреациялық сыйымдылығы, рекреациялық жүктемелерге деген төзімділігін анықтау бойынша зерттеулерді өткізді (И.С. Казанская, 1972; Е.Г.Шеффер, 1973). М.В.Ломоносов атындағы ММУ ландшафттанушы-географтары (Е.Д. Смирнова, В.Б. Нефедова, Л.Г. Швидченко және т. б.) елдің ірі курорттық аудандарының қолданбалы зерттеулерін орындады, рекреациялық аумақтары қорын жасау бойынша ұсыныстар енгізді.

    Табиғи рекреациялық ресурстарын бағалау және пайдалану фо-маларын зерттеу жұмыстарын америка (Богарт, 1968; Девис, 1971), канада (Р Вольф, 1966; Д. Хеллайнер, 1972) географтары жүргізді. Табиғи ландшафтарына түсетін оңтайлы рекреациялық жүктемені анықтау сұрақтарымен поляк географтары (А. Костровицки, 1970; Я. Варшиньска, 1973), туризмнің табиғижәнемәдени-тарихи ресурстарын  бағалау және  картографиялауымен чехословак ғалымдары (П. Мариот, 1971; Т. Шулавикова, 1973) айналыскан.

    Рекреациялық ресурстарының жаратылыс ресурстарының бір ерекше түрі ретіндегі зерттеулері тәжірибесін Б.Н. Лиханов (1973) біріктірді. Бұл ғалым олардың зерттеулерін рекреациялық география міндеттерінің бірі деп есептеген.

    Туристік қозғалыстың одан әрі дамуы оның жоспарлық реттелуі мен басқару міндеттерін қажет етті. Осыған орай әртүрлі аудандардың туристік мамандандырылуын анықтау мен рекреациялық аудандастыру қажеті пайда болды. Осының нәтижесінде туристік шаруашылыгының аумақтық құрылымын реттеу бойынша зерттеулерді жүргізетін ғылыми бағыты қалыптасты.Рекреациялық аудандастыру қағидалары мен әдістерін, рекреациялық аудандарының мағынасын анықтау бойынша (И.В. Зорин, 1969; Н.С. Мироненко, 1972; Б.Б. Родоман, 1971; М.Бачваров, 1970), олардың экономикалық-географиялық сипаттамаларын жасау бойынша зерттеулер орындалды. Бұл тақырыпта маңызды жұмыстар ПХР, СФЮР жәнетуристік аудандастыру тұжырымдамасы бүкіл ел ауқымында жасалған ЧССР-да өткізілді.Шетел капиталистік елдерінің географтары одан ауқымы тар мәселелерімен: рекреациялық жерлерді сатып алу, ауыл мен орман шаруашылық жерлерімен салыстырғанда олардың тиімділігі, ұйымдастырылмаған нарық жағдайындағы туризмнің бэсекеге қабілеттілігі (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, ГФР) проблемаларымен айналысқан.

    Зерттеу мен жобалау жұмыстары ауқымының кеңеюіне, урбандану жағдайындағы қала маңындағы демалыстың жылдам дамуына орай әлеуметтік-географиялық зерттеулерінің көлемі тез өседі. 60-шы жылдардың екінші жартысынан бастап КСРО географтары (B.C. Преображенский, И.В. Зорин, Ю.А. Веденин, 1972) демалыс пен туризмнің әлеуметтік сипаттарымен тығыз айналысады (демалыс жайы мен орындарын таңдап алу сипаты, рекреациялық шаралар циклдары, алдың ала талап еткен қасиеттеріне не рекреациялық жүйелерді модельдеу, демалыс тиімділігі мен қажеттіліктерді қанагаттандыру деңгейі). Америка жәнеканадалық мамандары жұмыстарының әлеуметтік-географиялық бағыты басым болған, олар қоныстану жерінен арақашықтыққа байланысты демалыс аудандары сұранысының қисық сызығын жасау мен гравитациялық модельдердіорындауға негізделген (И. Кнетш, 1963; М. Клаусон, И. Кнетш, 1966; Р. Вольф, 1972).

    ГФР-да қала маңы рекреациялық ағымдары, қала ішіндегі демалыс орталықтары кең ауқымда зерттелген, сондықтан «туризм географиясынан» «бос уақыт географиясына» көнгу тезисі пайда болды (К. Рупперт, И. Майер, 1973; К. Рупперт, 1977). Туристік кешендер мен аудандардың үтымды жұмыс істеуі мақсатында бағдарламалар жасау мен имитациялық модельдеу әдістері қолданылады.

    Туристік қозғалыс зерттеулерінің (оның ішінде туризм географиясы) дамуында сол кездегі халықаралық туристік ұйымдар маңызды рөл ойнаған. 1930 жылы пайда болған Туризмді насихаттау ресми ұйымдарының Халықаралық Одағы 1947 жылы резиденциясы Жене-вада орналасқан Ресми туристік ұйымдарының Халықаралық Одағына (РТҰХО) айналды. 1958 жылға дейін осы ұйымның жанында Туристік зерттеулердің халықаралық институты жұмыс істеген. 1949 жылы Туризм аясының ғылыми сарапшыларының халықаралық ассоциациясы (АИСТ) ұйымдастырылды. Монте-Карлода ұйымдастырылған Туризмнің халықаралық академиясы (АИТ) жөнінде де айту қажет. Бұл ұйым 1953 жылы Халықаралық туристік сөздік шығарды.

    Барлық елдерде туризмнің қарқынды дамуы бұл құблыста географиялық талдау қажеттілігінің артуына себеп болды. Сонымен қатар, туризмге байланысты терминологияны біркелкі қылу қажеті, біржолата осы саланың нысаны мен пәнін анықтап бекіту қажеттілігі пайда болды.

    Қазақстандағы демалыс пен туризм географиясы аясындағы зерттеулер XXғасырдың 70-ші жылдарында басталды деп те айтсақ болады. Ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын алғашқы болып Мемлекеттік жобалау институты - «Казгипроград» жүргізе бастады. Ол кездері онда маманданған сәулетшілер, географтар, экономистер, инженерлер мен басқа маман өкілдерінің ұжымы қалыптасып үлгерген еді.

    Қайталау сұрақтары

    1.  «Туризм географиясы» терминінің авторы кім?

    2.  Туризмді ғылыми тұрғыдан зерттеу тарихын кезеңдерге бөлген кім?

    3.  Франция мен Италияда туризмнің алгашқы зерттеулерін жүргізген кім?

    4.  Қашан және қай жерде туризмді зерттеу бойынша алгашцы Институт құрылған?

    5.  Ягеплон университетінің Краков студиясының туризм зерттеулері туралы айтып беріңіз. Осы зерттеулерді қандайгалымдар жүргізген?

    6.   XXғасырдың 30-шы жылдары туризм географиясы қандай елдерде ец қаркынды дамыган?

    7.  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм зерттеулері мен ец белгілі галымдарды атап беріңіз.

    8.   Соғыстан кейін туризм географиясымен бірге әдебиетте қандай жаца ұғымдар пайда бола бастаган?

    9.  Бұрынгы КСРО-гы рекреация мен туризм зерттеулері жөнінде әңгімелеп беріңіз.

    § 4 Туризм географиясында қолданылатын негізгі түсініктер мен атау сөздері

    «Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиетте XVIII ғасырдың соңында пайда болып, XIX ғасырда, әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour- саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVIII ғасырда Британ аралында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын атау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.

    1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарғатанымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсаттағы саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда әр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай уақытты өткізіп жүретіндерді турист деп атады.

    Ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archiv fur Fremden-verkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан.

    Туризм өте кең түсінік, әдебиет беттерінде туризмнің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттьгқ жарыстарды» туризмгежатқызды. КСРО-да 1952 жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайык анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул жәнеұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің әр түрлі ауданда-рында болып, сол ел халқының өмірімен жәнемәдениетімен танысу, әлеуметтік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» - деді.

    Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энци-клопедиясы) берді: «туризм - бос уақыттағы адамның белсенді са-яхаты, сапары, жорық жасап демалуы». П.Г. Олдак туризмнің тар жәнекең магынасындағы анықтамасын береді: біріншісі - «демалысты саяхат жасап жүргізу», екіншісі - «түратын орнын немесе жұмыс орнын ауыстыру мақсатында көшіп кетумен байланысы жоқ, демалыс, емдеу, ғылыми, іскерлік жәнемәдениеттік кездесулерге қатысу мақсаттарындағы саяхаттар».

    XX ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтырып, «туристік-сауыктыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, күқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» - деп анықтама берді [16]. Осындай анықтама толық болып табылады жәнеқазір де жиі қолданылады.

    Туризм географиясы аясына еңбегі сіңіп, атағы шыққан B.C. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:

    а) демография мен халық географиясы жәнезаң ғылымы зерттейтін халық қозгалысының ерекше түрі;

    э) экономика саласы, экономика мен экономикалық география айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттерін өтейтін салалардың біреуі;

    б) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерінен тыс жерде бос уақытты өткізу түрі.

    Сөйтіп, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс бола түра, туризм халық шаруашылығыныңәртүрлі салалары мамандарын қызықтырады, олардың әрқайсысы туризмді өз қажеттілігіне байланысты жәнеөз пікірінше қарастырады.

    Халықаралық туристік академиясының (Монте-Карло) баспаларында «туризм» ұғымы «рахаттану, демалыс немесе емделу үшін жаяу түрде немесе көлік қолданып жасалатын саяхаттар» деп түсіндіріледі, және де аталған саяхатты туризм деп атаудың негізгі шарты - оның мақсатын еркін түрде таңдау және табыс іздеу мен туристік аумақта отырып қалу максаттары болмау керек. Көптеген энциклопедиялық ба-сылымдарда туризм көңіл көтеру (ойын-сауық), танымдық (өлкетану, ғылыми, т.с.с), демалыс, емделу, діни мақсаттарында жасалатын саяхат деп түсіндіріледі, және де ол табыс табу немесе мекендеу орнын ауыстыруымен байланысты болмауы керек.

    «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында (2001) «туризм» ұғымының қате анықтамасы берілген: «жеке тұлғалардың ұзақтыгы 24 сағаттан 1 жылға дейін, немесе 24 сағаттан кем, бірақ тунеусіз, баратын елінде (жерінде) табыс табу мақсатында емес жасалған саяхаттары». Қарап отырсақ, бұл«туризм» анықтамасы емес, «туристік сапар немесе саяхат» анықтамасы.

    Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм деп «адамдардың табыс табу мақсатынсыз күнделікті тұратын орнынан тыс жерде саяхат пен қысқа мерзімде болуы нәтижесінде пайда болатын құблыстар мен қатынастар жиынтығын» түсінеді. Осындай жиынтық туристің жолға шыққан мезетінен (кейде тіпті оған дейін) басталып пайда болады, барған жерінде жалғаса береді және үйіне қайтып келгеннен кейін аяқталады.

    Қазір туризм анықтамасы екі топка біріктірілуі мүмкін - жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.

    Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді.

    Ең алғашқы «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист» ұғымының анықтамалары ресми халықаралық туристік ұйымдар одағының (РТ¥ХО) жиындарында (Дублин," 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм бойынша парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория жәнетәжірибе жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетті.

    Халықаралық туризм мен саяхаттар бойынша БҰҰ конференциясында (Рим, 1963) «туристер» ұғымына ел жерінде бір тәуліктен ұзақ уақыт болатын тұлғаларды жатқызды, және де олардың түрткілері (мотивтері) демалыс, емделу, танымдық мақсаттағы саяхаттар немесе іскерлік не жанүялық кездесулер болып түсінілген.

    1937 жылы «халықаралық туризм» ұғымы, ал 1953 жылы «халықаралық келуші» ұғымы енгізілді [17]. Қазіргі кезде 1991 жылы Оттавада өткен туристік статистика бойынша халықаралық конференциясында кабылданған анықтамалар қолданылады.

    «Турист» ұғымы XVIII ғасырдың соңынан бері, Полынада -1847 жылдан бері белгілі (Варшиньска, Яцковский, 1978). «Турист» анықтамасының қандай үлкен өзгерістерге ұшырағанын көрсету үшін, сол кездегі анықтамасын тағы да келтірейік: «Туризм-континент (Еуропа) ЖОО-ға (Франция, Италия, Германия) баратын ең жоғары қоғамға жататын ағылшын жастарының саяхаттары...».

    Қазіргі кездегі анықтама бойынша турист ең болмағанда бір рет гүнейтін және келу мақсатын үш топтың біреуіне: бос уақыт пен демалыс, іскерлік мүдделер немесе басқа туристік мақсаттарга жатқызуға болатын уақытша келуші (ЮНВТО). Сондай-ақ тұрақтайтын орнынан 12 айдан аспайтын уақытқа баратын жәнемақсаты барған жерінде ақылы жұмыс істеуге болмайтын кез келген саяхатшы «турист» терминімен айқындалады [16].

    «Уақытша келушінің» нақтылы анықтамасын С. Медлик береді (1995). Осы автордың пікірінше, уақытша келуші деп өзінің тұрақты елінен басқа елге келетін, өзінің күнделікті белсенділік аумагынан тыс шығатын немесе өзінің тұрақты қызметі аумағынан тыс 12 айдан аспайтын мерзім бойы саяхат жасайтын, ал басты максаты болғанаумақ қаражатынан өтелетін қандай да болмасын жұмысты орындау болып табылмайтын кез-келген тұлғаны айтамыз.

    Туристер де, экскурсанттар да ішкі жәнешетелдік (халықаралық) туристер (экскурсанттар) болып бөлінеді. Мұнда ішкі немесе халықаралық келуші деп атала алмайтын тұлғаларды белгілеу қажет. Ішкі келушілерге:

    - өз елінде басқа жерге көшіп кету үшін келгендер;

    - табыс табу үшін келгендер;

    - жұмыс немесе оқу орны болып табылатын көршілес жерге өте жиі баратындар;

    - ел аумағында уақытша жұмыс істейтіндер немесе әскери маневрларда қатысатындар;

    - көшпелілер және тұрақты тұратын жері жоқ тұлғалар [17].

    Халықаралық келушілерге жатпайтындар:

    - иммигранттар немесе эмигранттар;

    - шекаралық қызметкерлер;

    - дипломаттар, консулдық қызметкерлер, әскери қызметшілер;

    - қашқындар мен көшпелілер;

    - транзиттік жолаушылар.

    ЮНВТО қабылдаған саяхатшылар жіктелуі 9-суретте көрсетілген. Жіктелу қағидасы мен саяхатшылардың арасында туристерді беліп көрсету критерийі - шетелде болу мақсаты (түрткісі). Сапар мақсатына қарай саяхатшылар екі үлкен топқа бөлінеді.

    Бірінші топқа туристік мақсатпен сапар шекпейтін адамдар жатқызылады. Бұлар шет елдерге ақша табу мақсатында кәсіби әрекетпен айналысып жүретін адамдар, яғни шет елдерге барып жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көршілес шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенде қалушылар. Екінші топқа жататындар - уақытша келушілер, яғни туристік мақсатпен саяхат жасаушылар. ДТҰ-ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: кеңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау жәнебасқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит және т. б.).

    Осындай жіктелу саяхатшылардың екі тобының экономикалық сипатын көрсетеді. Экономикалық тұрғыдан шетел мемлекетінің шаруашылығында істейтін және бірінші топқа жататын тұлғалар тауарлар мен қызметтерді, яғни сол елдің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) өндіреді. Өз еңбегін өтейтін ақшасын өз еліне әкеледі. Сондықтан шетел азаматтарының елде жұмыс істеуі елден валютаның кетуімен және де өз еліне ақшалай табыстың келуімен байланысты.

    Екінші топқа жататын саяхатшылардың біркелкі болмауына, саяхаттың әртүрлі ұзақтығына, сапар географиясына, қозғалыс әдісіне қарамастан осылардың барлығы «уақытша келушілер» деп аталады. Бірінші топ өкілдерінен бүлардың айырмашылығы - олар уақытша

    болған елдің ұлттық өнім тұтынушылары болып табылады. Уақытша келушілердің туристік сапар ұйымдастыруға және саяхат кезшдеп жұмсайтын ақшасы қабылдаушы ел мен оның салаларының экономикасында маңызды орын алады.

    Туристік саяхат жасаушылар қандай мақсатпен шетелдік сапарға аттанса да, өз елінен қабылдаушы елге ақшасын әкеліп оның бюджетш толықтырады. Сондықтан оларды бір топқа біріктіру, бірінші топ тұлғалары сияқты, экономикалық көзқарастан өте дұрыс болып көрінеді.

    Дегенмен, уақытша келушілердің барлығын турист деп атай алмаймыз: мұнда- тұратын жерінен тыс болу уақыты маңызды. Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер «таза» туристер және экскурсанттар болып бөлінеді. Турист - бұл бір тәуліктен артық және бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам. Туристік мақсатпен келген, бірақ белгіленген уақыттан ұзақ мезгілге қала беретін адам (одан ұзақ уақыт болуға рұқсат берілмесе немесе жылдық рұқсаты жаңадан үзартылмаса) қазіргі стандарт бойынша тұрақты тұрғындарға жатады.

    Экскурсант-түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам. Саяхатшылар классификациясында олар бөлек категорияға бөлінеді, бірақ арнайы әдебиетте олар кейде туризмнің бір бөлігі ретінде қарастырылады,ал экскурсанттар туризм статистикасында есептеледі.

    Айтып кететін жағдай, туристік атау сөздер толығымен өңделіп бітпеген. Сондықтан рекреациялық география мен туризм географиясындағы кейбір анықтамалар, ұғымдар мен қағидалар екіталай.Дегенмен алдымыздағы басылымда авторлар зерттеушілердің көпшілігі ұстанатын козқарастарга сүйенеді.

    Демалыс пен туризм дамуының басты шарты - әлем, мемлекет, аудан ауқымында қарастырылатын рекреациялық потенциалдың бо-луы. Рекреациялық потенциал дегеніміз белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға және дамытуға арналған табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайлардың жиынтығы. «Рекреациялық потенциал» түсінігі «рекреациялық іс-әрекет дамуының факторлары мен шарттары» түсінігіне сәйкес келеді.

    Туристік-рекреациялық ресурстар рекреациялық потенциалдың құрамының маңызды бөлігі. Туристік-рекреациялық ресурстар - демалыс пен туризмді дамытуға арналған эстетикалық жағынан тартымды, емдік-сауықтыру қасиеті бар табиғи ортаның компоненттері мен антропогендік іс-әрекеттің объектілері.

    Туризм географиясының өте маңызды ұғымы - туристік аттрактивтілік (тартымдылық).Мұнда объективті факторлармен бірге субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды, басқаша айтқанда бұл интегралдық сипаттама. Туристік қозғалыс дамуының әлементтерін осы қозғалыс қажеттіліктерін қанағаттандыратын туристік инфрақұрылымымен біріктіретін ұғым (10-сурет). Туристік аттрактивтілік ұғымының туристік ұсыныс ұғымымен ұқсастығы бар (бұл жөнінде кейін айтылады).

    Халықтың рекреациялық қозғалысының қалыптасуы белгілі бір жердің туристік қүндылығына байланысты, Туристік қүндылықтар дегеніміз - табиғи және табиғи емес ортаның әлементтерінің жиынтығы. Туризмді дамытуға арналған табиғижәнеәлеуметтік-экономикалық шарттары бар колайлы аумақтар өз бетімен туристік-рекреациялық ресурс бола алмайды. Туристік-рекреациялық ресурс болу үшін оларды технологиялық дәрежеге жеткізу қажет.

    Туристік қүндылықтар келесі түрлерге бөлінеді:

    1.   Табиғи ортаның жағдайына тікелей байланысты демалуға арналған түрлері.

    2.  Табиғи ортаның ерекшеліктеріне байланысты арнайы түрлері. Олар туризм түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, минералды су мен климат жағдайы жайлы болғанда туризмнің емдік және сауықтыру түрлерін дамытуға болады.

    3.  Табиғаттың ерекшеліктерімен қатар (қорық, табиғат ескерт-кіштері және т. б.), материалдық және рухани мәдениет әлементтері (ескерткіштер, фольклор, мәдениет объектілері), сонымен қатар қоғамның қазіргі жетістіктерін қамтитын туристік қүндылықтың танымдық түрлері.

    Жергілікті жердің тартымдылығы мен туристік қасиеттерінің деңгейі белгілі бір сандық көрсеткіштерімен анықталуы өте қиын. Бұл мақсатта интегралдық (біріктірілген) көрсеткіштер - баллдар, категориялар, дәрежелер және т. б. қолданылады.

    Туризм географиясының теориялық жәнетәжірибелік мәселелерін шешуде географиялық орта кеңістігінің таксономиясы маңызды рөл ойнайды. Негізгі таксономиялық категорияларды (бірліктерді) қарастырайық.

    Туристік жергілікті жер - бұл қоныстану бірлігі (қала, кент, ауыл), ол туристік  кұндылығына,  туристік  инфрақұрылымы  мен  көлік ынтайлылығына орай туристік қозғалыс мақсаты немесе кезеді болатын белгілі бір елді мекен.Таулы немесе жағажайлы туристік жерлер болады. Туристік жерлердің олардық туристік қасиеті мен орындалатын функцияларына байланысты бірнеше түрі бар:

    а)демалуға арналған  орындар;

    ә) курорттар; б)танымдық, туризм жерлері;

    в) транзиттік туризмнің орындары (мысалы, шекаралас жерлер).

    Туристік орталық (туризм орталығы) - бұл елді мекен, белгілі бір жердің учаскесі, табиғи объект және т. б. Мұнда туристік-рекреациялық ресурстардың негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін кешен құрылады.Кешеннің құрамына туристерді орналастыру, тамақтандыру орындары, туристік-экскурсиялық қызмет көрсететін мекемелер кіреді. Туристік орталық бірнеше көрсеткіштер бойынша бөлінуі мүмкін. Мысалға, маңыздылығы бойынша -халықаралық, мемлекеттік, ауданаралық, жергілікті; функционалдық бағыты бойынша - емдік, сауықтыру, танымдық орталықтар болып бөлінеді.

    Туристік аудан - туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи-мәденижәнеәлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар салалық экономикалық аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс-әрекеттер басым болып келеді. Әртүрлі дәрежедегі - жергілікті туристік, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі туристік аудандар болады. Рекреациялық география мен туризм географиясының тағы бір маңызды ұғымы - «рекреацияның шаруа-шылық әулеті» немесе «демалыс пен туризмнің материалдық-техникалық базасы» болып табылады (кейбіреулер оны «туристік инфрақұрылым» деп атайды). Бұл ең алдымен демалушыларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің негізгі корлары және бұл үрдіске тікелей қатыспаса да,рекреация жағдайын өңдейтін қосымша еңбек құралдары [18].

    Туристік инфрақұрылым (туризмнің материалдық базасы) ресурстар мен көлікпен қол жетерлігімен бірге туристік аттрактивтілікті қалыптастыратын үш факторлардың бірі болып табылады. Туристік инфрақұрылым дегеніміз аумақтың, маршруттың немесе жергілікті жердің жабдықталуын құратын және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын нысандар мен құрылғылардың жиынтығы.Туристік инфрақұрылымына бір күннен астам уақытта болуына мүмкіндік беретін түнеу базасы; тамақтандыру базасы; коммуникациялық база; туристерге барлық қалған қызмет көрсетуге арналған қосалқы (қосымша) база (О. Рогалевский, 1974; Я.Варшиньска, А.Яцковский, 1978).

    ЮНВТО бойынша, түнеу базасы - жүйелі түрде немесе анда-санда турист түнейтін кез келген объект.

    Түнеу базасы туристік шаруашылықтың негізгі бөлігі, туристердщ түнеуі үшін бұл жерде барлық объектілер орналасқан. Түнеу базасы түнеу мекемелеріне (туристік қонақ үйлер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар, мотельдер, қонақ пэтерлері) және лагерлерге (кемпингтер, шатыр қалашығы) бөлінеді. Пайдалану мезгілі бойынша үнемі пайдалану (жыл он екі ай) және маусымдық базалары болады; қызмет көрсету мүмкіншілігі бойынша ашық (жү-рттың барлығы үшін) немесе жабық - тұтынушылардың белгілі топтары үшін - базалары болады.

    Түнеу базалары мемлекеттік және меншікті (жергілікті тұрғындар туристерге ұсынатын пәтерлер) болады.Коммуникациялық база туристерге демалыс орнына жетуге жәнедестинация (жетіп бару) елі (ауданы) ішінде жүруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кейбір көлік түрлерінің (мысалы, круиз кемесі, авиалайнер) өзі де туристерді қызықтыруы мүмкін.

    Демалушылар мен туристердің азық-түлік пен сусындарға деген сұранысын тамақтандыру базасы қанағаттандырады.Оның құрамына мейрамхана, кафе, бар, бистро, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу базалары сияқты, олар да үнемі істейтін немесе маусымдық; ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, меншікті немесе меншіктің басқа формаларындағы тамақтандыру орыидары болуы мүмкін.

    Туристік шаруашылықтың коммуникация базасын көлік пен бай-ланыс желісі құрайды. Көлік болмаса туризм де жоқ.

    Қосалқы база келесі қызмет түрлерін: табигаттың байлығын пайдалану (жағажай мен суға түсетін орындарды абаттандыру және т. б.); спортпен айналысу; көңіл көтеруді ұйымдастыру; туристікжабдықтар мен сувенирлерді өндіру; ақпарат қызметтерін және т.б. ұсынады. О. Рогалевский (1974) қосалқы базасында нысандар мен қондырғылардың төрт түрін бөліп атайды:

    - туристерге туристік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін;

    - туристік саяхаттарды жасауды жеңілдететін;

    - көңіл көтеру;

    - қызмет көрсету

    Бірінші түріне жаяу серуендеу орындары; тау, жазық, су маршруттары; спорт алаңдары; стадиондар, теннис корттары, бассейндер, шаңғы мен шана трассалары, айлактар, көрініс алаңшалары және т.с.с. жатады.

    Екінші түріне туристік жәнеэкскурсиялық бюролар, саяхат бюролары, туристік ақпарат орталықтары, туристік құрал-жабдықтарын жалдау және сақтау орындары, автотұрақтар және т.с.с. жатады.Мысалға, саяхат бюролары сапарға шығуды ұйымдастырады,түнеу орындарын, көлік билеттерін сату мен резервілеуде делдал болады. Сол сияқты, басқа ұйымдар туристерге гид, экскурсия жүргізуші, топ жетекші қызметтерін ұсынады. Туристік ақпарат орталықтарында туристерге брошюралар, буклеттер, карталар, саяхат ауданы жөніндегі мәліметтер беріледі.

    Қызмет көрсету қондырғылары мен нысандары:

    -сауда нысандары (туристік құрал-жабдықтарды, сувенирлерді, прессаны, туристік басылымдарды, туристік киім, санитария мен гигиена тауарларын және т. б. сататын дүкендер);

    - шеберханалар (фотоқызмет, шаштараз, тұрмыс қызметтері және т. б.);

    - инфрақұрылымдық (банк, сақтандыру агенттіктері, пошта, телеграф, телефон, дәріханалар, тау жәнесудағы құтқару станциялары және т. б.) объектілер.

    Туристік инфрақұрылым нысандарының қажеттілігі уақыт өте және талгам мен сән талаптарына сәйкес өзгеріп тұрады. Туристердің талаптарына сай көпфункционалды орталықтардың саны өсуде. Олар туристерге көптеген мәдени-көңіл көтеру, спорттық және басқа да шараларын ұсынады. Туристердің сұранысын өтеу үшін осыған сәйкес базаның құрылуы кең көлемдегі қаржыны қажет етеді.

    Бұқаралық туризм дамуының теріс салдарларының нәтижесінде туристік-рекреациялық ресурстарының дәрежесі төмендейді жәнедемалыс сапасына зиян келтіріледі. Туристік ауыртпалыққа туризм үшін нағыз маңызды әлементтер - өсімдік, су, топырақ және т. б. өте нэзік келеді. Осыған орай туристік (туристік-рекреациялық) кеңдік пен сыйымдылық көрсеткіштері енгізілген. Біріншісі табиғи ортаны, екіншісі географиялық ортаны сипаттайды.

    Туристік кеңдік ресурстардың азып кетпейтіндей адамның физикалық және психоэмоционалды күштерін қалпына келтіруге жеткілікті көлемде пайдалану мүмкіншілігімен анықталады (Швихтенберг, 1991).

    А. Костровицкий (1997) бойынша аумақтың туристік сыйымдылығы - бұл түнеу (түнеу орындарының саны), тамақтандыру (отыру орындары, тағам саны), қосалқы базалардың (орын саны немесе ауданы) сыйымдылығы. Сыйымдылық дегеніміз туристік база нысандарының туристік қызмет көрсету сапасын төмендетпей қабылдай алатын туристердің максималды саны болып табылады.

    Туризм географиясының тағы бір негізгі ұғымы - жергілікті жердің немесе нысанның «туристік аттрактивтілігі» (тартымдылығы). Бұл күрделі ұғым. Объективті табиғи жағдай мен ресурстармен (табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық) бірге туристік аттрактивтілікті бағалаған кезде субъективті психологиялық фактор маңызды рөл ойнайды. Сөйтіп, бұл аумақ немесе объектінің интегралдық сипаттамасы; ол нысанның объективті табиғи және әлеуметтік-экономикалық құндылыгы мен олардың сезімге жасайтын әсерн, яғни олардың субъективті эстетикалық қүндылығын ескереді, және мұнда эмоциялық аспект басты рел ойнайды. Туристік тартымдылық ұғымының туристік сұраныс ұғымымен біршама үқсастығы бар.

    Рекреацияның шаруашылық әулеті аумақты рекреациялық мақсатта игеру үрдісі кезінде қалыптасады. Осыған орай рекреациялық игеру мен рекреациялық игеру деңгейі ұғымдарын енгізу қажет болды. Рекреациялық игеру - кез келген рекреациялық шараларды өткізу үшін территорияны дайындау үрдісі. Аумақтың рекреациялық игерілу деңгейі - аумақтық еңбек бөлісі үрдісіндегі рекреацияның шаруашылық әулетінің деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі аумақтың игерілу деңгейі рекреациялық ресурстар мен рекреациялық жүктемелердің физиологиялық-психологиялық әлеуметтік жайлылығы нормаларына байланысты.

    Аумақты туристік қозғалыс қажеттіліктеріне лайықты қылу әрекетінде үш негізгі тенденция байқалады:

    1) келушілердің қажеттілігін

    қанағаттандыру үшін аумақты қорғау мен бейімдеу;

    2) көлікпен қол жетерлікті қамтамасыз ету;

    3) туристерге арнайы қызмет көрсететін мекемелер арқылы қолайлы жағдай жасау. Осының барлығы «туристік шаруашылық» немесе «туристік инфрақұрылым» ұғымдарына жатады.

    Қайталау сұрақтары

    1.   «Туризм» және «турист» ұғымдары цашан пайда болған және олардың алгашкы магынасы қандай болған?

    2.    Туризмнің   жұмысжәне   концептуалдық   (түжырымдамалық)   анықтамапарының айырмашылыгы неде?

    3.  «Туризлтің» цазіргі аньщтамасын беріңіз.

    4.  «Уақытша келуші» ұғымын түсіндіріңіз.

    5.    Саяхат   жасаушы   түлгалар   калай   жіктеледі?   Осындай   жіктелудің экономикалық мщызы қандай?

    6.  Туристік аттрактивтілік, туристік касиеттер (алғышарттар), туристік-рекреациялықресурстар аныңтамаларын түсіндіріп беріңіз.

    7.Туристік жергіліктіжер, туристік орталық, туристікаудананыңтамаларын беріңіз.

    8.Туристікшаруашылық, туристікинфрақұрылымментуризмніңматериалдың-техникалық базасы анықтамаларын беріп, айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз.

    9. Туристік шаруашылыңтың төрт базасының кысцаша сипаттамасын беріңіз.

    10.  Туристік кеңдік пен туристік сыйымдылықанықтамаларын беріңіз.

    11. Рекреацияның шаруашылық әлеуеті (потенциалы) мен аумақтың туристік-рекреациялық игерілуі анықтамаларын беріңіз.

    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23


    написать администратору сайта