Әлемдік туризм. Туризм географиясы
Скачать 0.5 Mb.
|
§ 8 Туристік қызметтер нарығын мемлекеттік тұрғыдан реттеу Аталған сөйлем үш ұғымнан тұрады. Қысқаша айтсақ, мемлекет - егеменді, тарихи қалыптасқан және өндіріс қатынастарының басым бір жүйесіне негізделген қоғамның ұйымдастырылу формасы. Реттеу (орысшасы регулирование, латын тілінде regula - ереже, тәртіп, рет) дегеніміз адам іс-әрекетінің белгілі бір сферасындағы (біз туристік іс-әрекетті қарастырамыз) қатынастарды ретке келтіруге арналған, мемлекет жүргізетін шаралардың кешенді жүйесі. Ал енді туристік іс-әрекет болса - бұл туристік өнімді туристік іс-әрекет субъектілерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес өндіру мен сатуды ұйымдастыру. Туристік қызметті мемлекеттік тұрғыдан реттеу мақсаттары мына-дай: азаматтардың демалыс қүқыгын, туристік іс-әрекет шеңберінде қозғалыс бостандығын қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау, туристерді тәрбиелеуге, білім беруге, оларды сауықтыруғабағытталған іс-әрекет үшін жағдай туғызу;азаматтардың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын, жаңа жұмыс орындарын беретін, мемлекет пен азаматтардың табыстарын ұлғайтатын туристік индустрияны дамыту және т.б. Туристік іс-әрекетті мемлекеттік тұрғыдан реттеу жолдары мынадай: туризм индустриясын дамыту жәнетуризмді қаржыландыру саясаты; туристік іс-әрекет аясындағы қатынастарды жетілдіруге, лицензиялау, стандарттау мен сертификациялауды реттеуге арналған нормативтік құқыктық актілерін қабылдау; бюджет заңнамасына сәйкес туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру үшін бюджет қаржыларын бөлу; туристік іс-әрекетті мамандармен қамтамасыз етуді қолдау; отандық туристердің, туроператорлардың, турагенттердің, олардың бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларда қатысуына қолдау жасау; туристік өнімді ішкі және халықаралық туристік нарықта жылжытуын қолдау; елдің туристік ресурстарын тиімді пайдалануды, тіркеуді және қорғауды қамтамасыз ету. Туризмді реттеудің нормативтік (мемлекеттік-құқықтық) формалары: 1) туристік іс-әрекет негіздерін нормативтік тұрғыдан реттеу; 2) кәсіпкерлік субъектілер статусы мен олар жүргізетін іс-әрекет түрлерін ресми түрде растау, рәсімдеу (тіркеу, лицензиялау және т.с.с); 3) шаруашылық іс-әрекетті жүргізуді реттеу; 4) іс-әрекет мазмүны мен сапасына қойылатын нормативтік талаптарын орнату; 5) заңның орындалуын қадағалау, нормативтердің бұзылуы үшін айып салу. Туристік бизнесті мемлекеттік тұрғыдан реттеудің маңызды әдісі лицензиялау болып табылады. Лицензиялау институты лицензиялау қағидалары мен ретін, лицензияланған іс-әрекет түрлерін, кәсіпкерлердің міндеттерін орнатады. Лицензиялаудың міндеті - лицензиаттың кәсіби талаптарына сәйкес болуын рәсімдеу. Туристік іс-әрекетті мемлекет тұрғысынан реттеудің басты сайманы - бюджеттік-салық жүйесі. Салық жүйесін мемлекет саясаты биіктігіне көтеріп, қоғам жалпы ұлттық табысьш туристік іс-әрекеттен түсетін панда арқылы өсіріп, туристік инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Жүйелі түрде салықтар мен мемлекеттік бюджетке түсетін басқа төлемақыларсыз мемлекет туристік саланы қажетті қаржымен қамтамасыз ете алмайды. Мемлекеттің бюджеттік-салық жүйесі салықтарды, мемлекеттік баж салықтарын және басқа міндетті төлемақыларды жинаумен айналысадьх Мемлекет жеке және занды тұлғалардың салықтар мен баска міндетті төлемақыларын қатал қадағалайды. Туризм ресурстық салалар қатарына жатады, яғни туристік өнімнің тұтгнушылық құны рекреациялық ресурстардың сапасына байланысты. Қазақстан туристік ресурстар жағынан өте бай мемлекет: елімізде қайталанбайтын және өте көркем табиғи ландшафтар, мәдени, тарихи және рухани мұрабар, еліміз қонақжайлылығымен әлемге әйгілі. Туристік іс-әрекетті мемлекет тұрғысынан реттеудің тағы бір сайманы - стандарттау - бұл нормалар, ережелер мен сипаттамаларды орнату қызметі. Оның мақсаттары - өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің қоршаған орта үшін, туристердің өмірі, денсаулығы мен мүлігі үшін қауіпсіздігін; өнімнің технологиялық және ақпараттық үйлесімділігі мен бір-бірін ауыстыру сипатын; өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің ғылым, технология мен техника деңгейіне сәйкескелетін сапасын; өлшеулердің бірқалыптылығын; ресурстардың үнемделуін; табиғи, техногендік апат пен баска төтенше жағдайлардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Туристік қызмет көрсету сапасын арттыру әдісі - сертификаттау. Өнім (қызмет) сертификаттауы дегеніміз өнімнің (қызметтің) орнатылған талаптарға сәйкес болуын растау қызметі: нарықта кәсіпкерлік іс-әрекет үшін жағдай жасау; халықаралық экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық саудада қатысу; тұтгнушыларға өнім таңдауында көмек беру; тұтынушыны өндірушінің (сату-шы, орындаушы) арамдығьшан қорғау; өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің қоршаған орта үшін, туристердің өмірі, денсаулығы мен мүлігі үшін қауіпсіздігін қадағалау; өнім сапасының өндіруші ұсынған көрсеткіштерін растау. Сертификаттау міндетті және өз еркімен өтетін сертификация болады. Міндетті сертификаттау заңнамалық актілерде жазылған жағдайларда өткізіледі. Туризмде қауіпсіздікке қойылатын талаптарды сертификаттау міндетті болып табылады. Заңнамалық актілермен жарнамаға және міндетті сертификаттауға жататын қызметтерге, егер сертификаты болмаса, тыйым салынады. Әкімшілік заң бұзылу Кодексі бойынша лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлерге сертификаттанбаған қызмет көрсету мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жөніндегі белгіні рұқсатсыз пайдаланғаны үшін 100 минималды еңбекақы көлемінде айыппүл салынуы мүмкін. Міндетті сертификаттау мен лицензиялау қонакүй-туристік қызметтер аясындағы мемлекеттік реттеу әдістері болып табылады. Туристік қызмет көрсетуді сертификаттауды сертификаттау орындары жүргізеді. Сертификация функцияларын тәуелсіздік пен біліктілік талаптарына сәйкесболатын кәсіпорындар мен ұйымдар орындай алады. Сертификаттау жүйесі коммерциялық қүпияны сақтауға міндетті. Туризмдегі сертификаттау объектілері мынадай: қызмет көрсететін кәсіпорындар, қызмет көрсетушілер, қызмет көрсету процестері, сапа жүйелері. Туристік қызметтерді сертификаттау кезінде қызметтермен қызмет көрсету жағдайларының сипаттамалары (көрсеткіштері) тексерілу қажет және қызметтің классификациялық тобына жата-тындығын, техникалық құжаттарға және функциясына сәйкес болуын (маршрут паспорты, ақпараттық-жарнамалық проспект, жолдама жәнет.с.с), нормативтерге сәйкес қызметтердің қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік беретін тексеру (бағалау) әдістерін қолдану керек. Мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды сайманы - салық жүйесі: ұлттықжәне жергілікті салықтар санын азайту арқылы әлеуметтік туризм үшін қаржы табылатын болады. Салық ауыртпалығының азаюы туризм нысандарын, кәсіпорындарын және мекемелерін жан-дандырады, ал қосымша қызметтер жаңа жұмыс орындарын беруге, жергілікті және аймақтық бюджетті толықтыруға, ғылыми зерттеу-лерге қосымша қаражат бөлуге мүмкіндік береді. Туристік саланың сәтті дамуы үшін экологиялық заңнаманы жетілдіру қажет. Қазіргі құкыкта кез келген технологияның кінэлік презумпциясы қағидасы орындалады - егер осы технологияның адам үшін қауіпсіздігі дәлелденбесе. Мұндай жағдайда не қорғау зонасын үлкейтеді, не адамдарды ол жерден басқа жерге көшіреді. Туристік қызмет көрсетудің кейбір мәселелері туризм аясындағы уәкілді органдары қабылдаған ережелерімен реттеледі. Туризм жағынан жетекші болып есептелетін елдердің туризмді басқару, оның ішінде заңнамалық әдістер арқылы реттеу бойынша бай тәжірибесі бар. Қазақстанда (және Қырғызстан мен Грузияда) құқық жүйесіндегі бастапқы жобаларды жасау ведомстволық қағида бойынша өткізіледі. Жоспарланған актілерді жоспарланған жоба мазмүнына сәйкесминистрліктер мен мемлекеттік органдар әзірлейді. Заң жобаларын бір министрлік немесе орган, ал әзірленіп түрған жобаның мазмүны бірнеше министрлік пен ведомстволар жұмысына қатысы бар болса, онда жобаны бірнеше министрлік немесе мемлекеттік орган дайындайды. Осындай жұмысты министрлік немесе ведомство өз еркімен немесе ең жоғары мемлекеттік орган тапсырмасымен орындайды. Министрлік немесе ведомство жобаны өзі жасаса, басқа ұйымдар мен бөлімшелерді жобаны әзірлеуге шақыруға құқықты. Заң жобаларында заңдық нұсқауларды келтіру әдісінің бірі -сілтемелерді қолдану. Заңнамада сілтемелердің екі түрін: ішкі және сыртқы сілтемелер - бөліп көрсетуге болады. Егер нормативтік күқықтық актінің бабында дәл осы актінің бабына (пунктіне) сілтемежасалса, бұл ішкі сілтеме. Егер нормативтік құқықтық актінің бабында басқа актінің бабына (пунктіне) сілтеме жасалса, бұл сьфтқы сілтеме. Заң баптарының атаулары болады. Преамбұла нормативтік құқық-тық актінің міндетті әлементі болып есептелмейді. Егер тиісті баптар мазмүлында мақсаттар мен міндеттері және арналуы түсінікті болып тұрса, преамбұланың қажеті жоқ. Дегенмен, ең маңызды, кағидалық нормативтік құқықтық актілерінде нормативтік нү_сқаулардың алдың-да преамбұла жазылу керек. Нормативтік қү-қықтық актінің негізгі әлементтері - құқық нормалары жазылған бап және тармақ. Баптар тек қана заңнамалық актілеріне, тармақтар басқа да нормативтік қү-қықтық актілеріне енгізіледі. Нормативтік құқықтық актілердің осындай безендірілуі нормалық нұсқаулар логикасын түсінуге мүмкіндік береді, сілтеме жасауды, актіні қолдануды жеңілдетеді. Нормативтік құқықтық актіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу реті мынадай: ескі актіндегі анықтамаларды жаңа актіне сәйкес келтіру; егер заңнамашы ескі актін толығымен өзгертудің қажеті жоқ деп есептесе, бұрын шыққан нормативтік құқықтық актіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңында туристік сала үшін мынадай маңызды сұрақтар анықталған: туризмнің мемлекеттік реттелуі; туристік өнімді қалыптастыру, жылжыту және өткізу; туристік ресурстар; туристік фирмалардың клиент алдыңдағы жауапкершілігі; туристердің қоғамдық бірлестіктері мен турис-тік іс-әрекет субъектілерінің қызметі; туризм аясындағы қауіпсіздік мәселелері. Сонымен қатар, туристік маршруттарды сертификаттау мен туристік қызметтерді стандарттау институты енгізілген; туристік фирма жарғысында туристік қызмет көрсетілсе, ол фирманың басты қызметі болуы міндетті. Заңда туристік фирма басшысына да талаптар қойылады, бұл да туристік ұйымның көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілігін арттыратын болмақ. Заңда өз базасын кеңейтетін, кіру және ішкі туризмді ұйымдастыру іс-әрекетін дамытатын туристік қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау жасау шаралары қарастырылады. Туризмді мемлекеттік тұрғыдан тиімді реттеу үшін әлемдік және отандық туристік бизнес жөніндегі шынайы, сенімді ақпарат көздері болуы қажет. Сондықтан туризмді мемлекеттік тұрғыдан реттеудіңбір қыры - сала мәселелерін ғылыми талдау мен осының негізінде дұрыс шешімдерді қабылдау болады. Туризм аясының республикалық уәкілді органына бағынатын ғылыми күрьшым ретінде туризм индустриясының ғылыми-зерттеу институтын ашу қажет екені бүгін түсінікті болып тұр. Осындай институт 2008 жылы Спорт пен туризм академиясында ашьшған, бірақ оңца көбінесе спорт туризмінің тар мамандары істейді. Туризмді мемлекеттік тұрғыдан реттеу формаларын таңдағанда Қазақстанда шағын туристік фирмалар басым екенін ескеру қажет. Мұндай формалар мынадай: мемлекет мүдделері мен азаматтардың жөнді демалыс құқығын максималды түрде қорғау; кіру және ішкі туризммен айналысатын туристік кәсіпорындарды экономикалық және қүдықтық тұрғыдан қолдау; туристік қызметтерді лицензиялауды, стандарттауды және сертификаттауды жетілдіру (шығу, кіру, ішкі, спорттық, балалар-жасөспірімдер туризм түрлері үшін әрбіреулеріне бөлек); Қазақстан Республикасы Үкіметі тухындағы Туризм кеңесіне туризмді басқару бойынша кең уәкілділік беру. Ә леумет үшін пайдалы кіру, ішкі, спорттық, бал ал ар-жасөспірімдер туризмімен айналысатын фирмаларды лицензиялауына ерекше назар аударылу қажет. Туристік фирмалардың бұл категориясына мынадай талаптар қойылады: қызметкерлердің ерекше жоғары біліктілігі және өз меншігіндегі (немесе сенімді келісімшарттармен рәсімделген серіктестердің меншігіндегі) көлік, орналастыру мен тамақтандыру құралдары болуы қажет. Туристік қызметті сертификаттауына қойылатын талаптар: клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі, барлық іске асырылатын туристік бағдарламалардың экологиялық сипаты және клиентке берген уәделердің кепілдігі. Сертификаттау міндетті болуы қажет. Мемлекеттік реттеудің алдыңда қазақстандық туристік өнімді шетелде, әсіресе әлемдік туристік ағымдарды қалыптастыратын елдерде жариялап жылжыту үшін максималды қаржы бөлу міндеті тұр. Туризм жөніндегі құқықтық актілердің ішіндегі ең маңыздылары шетел туристері үшін тіркеу рәсімдерін жеңілдету мен виза бағасын түсіру болып табылады. Тур бағасына енгізілген визалар мен тіркеу рәсімдерінің бағалары елдің туристік бағдарламаларының халықаралық туристік нарықта бэсекелестікке қабілетті болуына мүмкіндік беруі қажет. Қайталау сұрақтары 1. Туристік іс-әрекетті мемлекеттік тұрғыдан реттеу мақсаттарын атап шығыңыз. 2 .Туризмдіреттеудің нормативті формаларын атап шығыңыз. 3. Туристік қызметті мемлекеттік тұргыданреттеудің ең басты әдісі қандай? 4. Туристік қызметтерді сертификаттауга қойылатын талаптар қандай? 5. Зацнамалық актілерінің туризм дамуындағы рөлі қандай? Заң гиыгару реті қандай? 6. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Зацының негізгі тарауларына сипаттама беріңіз. 5-mapay ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ § 1 Халықаралық туризм - сыртқы экономикалық қатынастар түрі Халықаралық туризм - бұл мемлекеттіліктің дамуында маңызды рөл атқаратын өте күрделі құблыс. Бұл жағынан халықаралық туризмнің ұлттық экономика мен әлем саудасына тигізетін әсерн зерттеу өте маңызды болып табылады. Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстары алмасудың әртүрлі формалары: банк салымдары, шетелдік салымдар (инвести-циялар), халықтың көшіп-қонуы, мәдениет аясындағы алмасу, сауда қызметін көрсету және т.б. арқылы іске асады. Дүниежүзілік сауданың дамуы әлем бойынша халықтың қозғалысының өсуіне әсеретеді. Бұл өз ретінде елдердің төлем балансына әсерн тигізетін шетелдік туризмді дамытады. Қандай бір ел болмасын оның маңызды экономикалық іс-әрекетіне сыртқы экономикалық алмасу жатады, оның ішінде нәтижесі валютамен анықталатын сыртқы сауда. Халықаралық алмасу теориясы елдердің сыртқы сауда процесінде жететін нәтижелеріне әсерететін факторларды ескереді. Сыртқы сауда әрекетіне қатысы бар осы теорияның жалпы қағидаларын туристердің алмасуына да қолдануға болады. Халықаралық сауда секілді халықаралық туризм экономистерді ішкі туризмнен бұрын қызықтыра бастаған. Олардың пікірі бойынша, туристік қозғалыс толем балансына тауарлар алма-суы сияқты әсеретеді. Сондықтан, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп айтуға болады, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі [42]. Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынас-тардың түрі ретінде шетел туристерінің әралуан қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған туристік қызмет көрсетуге бағытталған. Халықаралық туризмге шетелге баратын және онда төлемақылы іс-әрекетпен айналыспайтын тұлғалар жатқызылады. Халықаралық нарықта көрсетілетін қызметтер саны өте көп. Оның ішінде туристі баратын елге дейін жеткізу және сол ел ішіндегі көлік қызметі, орналастыру, тамақтандыру, туристердің әлеуметтік-мәдениетгік, іскерлік қажеттіліктерін қанағаттандыру жәнеәртүрлі құжаттарды рәсімдеу қызметтері. Туриске оның таңдауы бойынша қызмет түрлері көрсетіледі немесе қызметтердің толық жиынтығы ұсынылады. Тур құрылымы ел ерекшеліктеріне, туристер құрамына, олардың сатып алу қабілетіне, ұсынылатын қызметтер сипатына, ассортиментіне және сапасына байланысты. Халықаралық туризм операциялары соңғы жылдары ойдағыдай өзгерістерге үшырады. Қазіргі халықаралық туризмнің ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері мынадай: туристік индустрияның ірі монополияларының құрылуы,туристік бизнеске сауда фирмаларының, банктердің, сақтандыру компанияларының, өнеркәсіптің «туристік емес» капиталының еншілес компаниялары ретіндегі өз турагенттіктерін құрастыру арқылы немесе туристік операцияларды өз кухнімен жүргізу жолымен енуі [44]. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де бар. Біріншіден, әлем нарығында сату-сатып any заттары ретінде тікелей сыртқы сауда алмасуына жатпайтын тауарлар мен қызметтер ұсынылады. Тауарлар да, туристерге көрсетілетін қонақ үйінде орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялар, кір жуу және тағы сол сияқты қызметтер де тауар сипатына ие. Нарықта тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи жәнеәлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар да сауда затына айналады. Бірақ осындай сауда процесінде олар әдеттегі экспорттағыдай аумақтан үзілмейді. Ішкі туризмнен түсетін пайда сияқты, шетел туризмінен түсетін валюталық табыстар аумақтың қызықтыратын жерлері, шипалы касиеттері үшін төленетін рекреациялық рентасы деп айтуға болады [42]. Екінші ерекшелігі - тауар мен қызмет өндірісіне жұмсалған еңбек өндірілген жерінде өтеледі. Мұнда тауарлардың тұтынушыға емес, керісінше тұтгнушы тауар-қызмет өндірілетін жерге келеді. Сондықтан капитал айналымының уақыты қысқартылады. Бұл халықаралық туризмді басқа экспорттық баптардан айыратын басты ерекшелігі. Біріншіден, сатып алушы (турист) көлік шығындарын өзі төлейді. Екіншіден, шетел туристерінің сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдерде әртүрлі салалар осы «ішкі экспортқа» арналғанжұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлар мен бейн-аппаратуралардың, фотоаппараттардың үлкен бөлігін сатып алады; Швейцарияда - сағаттарды, шоколад пен сырларды; Францияда -парфюмерия мен сэн бұйымдарын; Италияда - аяқ киім мен былғары бұйымдарын; Ұлыбританияда - виски және т. б. сатып алады. Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта жәнемедициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы. ЮНВТО туристік қүжаттардың реттеуіне ерекше маңыз бере отырып, жаңа ұсыныстар жасады: - паспорт формалдылықтары; - виза формалдылықтары; - валюта формалдылықтары; - кедендік формалдылықтар; - медициналық формалдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету. Туристік формалдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып есептеледі. Неғүрлым мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен айырмашылығы үлкен болады. Халықаралық туризмде өз ерекшеліктері болғанымен сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрлері: экспорт, импорт және реэкспорт операциялары іске асырылады. Халықаралық экономикалық қатынастың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің басты ерекшелігі - кез келген сыртқы сауда мэмілесі сияқты қызметтерді сатып алу шетелдік контрагент (контрагент ретінде турфирма да, шетелдік туристің өзі де болуы мүмкін) арқылы өткізіледі. Осыған байланысты халықаралық туризмде экспорт дегеніміз - шетел қонақтарын қабылдау, ал импорт - өз елінің туристерін шетелге жіберу болып табылады. Халықаралық туризмде реэкспорт деген түсінік бар. Теория бойынша осы категорияға бұл мемлекеттің туристік ұйымынан үшінші мемлекетке сапар шегу үшін тур сатып алған барлық шетелдік туристер жатуы керек. Бірақ қазіргі кезде есеп жүргізу жүйесінің жетілмегендігінен бұл категорияға жататын туристерді бөліп көрсету өте қиын. Сондықтан реэкспорт операциялары кең тарағанымен, олардың көрсеткіштері экспорт операциялары статистикасында жоғалып кетеді. Туризм арқылы іске асырылатын экспорттың өз артықшылықтары бар. Біріншіден, әдетте үйренішті жолдармен экспортталатын тауарлардың экспорттық нарығы кеңейеді. Екіншіден, басқа жағдайда шетел валютасына сатылмайтын тауарлар енді шетел валютасына үлкен көлемде сатыла бастайды. Оның үстіне шетел туристеріне сатылатын тауарларға шетелдік валюта түріндегі салық салынады. Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі - елдің төлем балансына тигізетін әсер. Сондықтан шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оан қарама-қарсы, туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерн тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді емес» немесе «пассивті» дейді. Туристердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристік іс-әрекеттің қаражат нәтижесімен байланысты, ол ішкі туризмге тарамай, халықаралық туризмде ғана пайда болады. Кейбір жағдайда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық жәнеәлеуметтік дамуын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін. Шаруашылық жүйесінде туризм - еңбек бөлінісінің көрсеткіші, онда экономикасы жоғары дамыған елдер басты рөл атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуына түседі. Халықаралық туристік алма-суда да нақ осыған үқсас жағдай қалыптасқан. Әлемдегі туристік сапарлардың ең үлкен жігі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, оларда азаматтардың шет елге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, ¥лыбритания жәнет.с.с). Сондай-ақ, туристер алмасуыосы елдер мен экономикасы орташа дамыған елдер (Грекия, Португалия, Түркия) және дамушы елдер (Тунис, Таиланд және т. б.) арасында да жүреді. Осыған байланысты Дүниежүзілік туристік ұйым«туристерді ең алдымен жіберуші елдер» және«туристерді ең алды-мен қабылдаушы елдер» анықтамаларын қабылдады. Туризм мамандары шетелдік туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету ісінің өте жоғары экономикалық тиімділігін және экономиканың туризм дамуына бағытталуының өте пайдалы болуын атап көрсетеді. Мемлекеттер арасындағы туристік байланыстар екі жақты болады. Шетел туристер санының өсуі валюталық қор қалыптастыруына үлес қосады. Оның үстіне қабылдаушы елде жұмсалған валюталық қаражат жіберуші елге импорттың өсуі арқасында қайтып келетін болады. Экономикалық жағынан белсенді туризмді (туристерді қабылдау) туристік итіліктерді экспортқа шығару, ал белсенді емес туризм (азаматтардың шығуы) - импорт деп атауға болады. Тауарлар мен қызметтер туристік экспорт арқылы алмасу қабілетіне ие болады. Мұның нәтижесінде ішкі сауда ынталандырылады, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіншіліктері пайда болады жәнеәдеттегі тауарлар экспортының орнын туристік тауарлар мен қызметтер эксперты тартып алуы мүмкін. Белсенді және белсенді емес туризмнің экономикалық тиімділігін есептеу онша қиын емес. Бірақ шетел туристерінің жергілікті өндірістің өнімдеріне сұраныс түрлері мен көлемі туралы мәліметтер жоқ болғандықтан нақты ақпарат жинақтау қиынға соғады. Бұл сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек шамалауға болады. Шекарадан өту мен акша айырбастау рәсімдерінің жеңілдетілуі нәтижесінде кейбір ақпараттарды табу оңай емес. Келген туристердің саны мен елде болу уақытын ғана дәл анықтауға болады. Статистикалық есептің қиын болуының тағы бір себебі тұтгну процесі қабылдаушы елде жүрсе, ал сатып алынған тауарлар турист түратын еліне шығарылады. Бұлтауарлар шекараны өткенде тіркелмейді. Осыған орай белсенді туризмді «көрінбейтін экспорт», ал пассивті туризмді «көрінбейтін импорт» деп атауға болады [21]. Сауда дамуына түрткі болатын шешімдердің бірі - азық-түліктің туристік экспорты. Кейбір елдер тұтгну тауарлар экспортын туристік экспортқа ауыстыруда. Дамушы елдер оз экспортын туристік импортарқылы қолдау жолдарын іздестіруде. Пассивті туризм қабылдаушы елге валюта әкеледі,бұл ұлттық табыс үшін өте пайдалы. Осының нәтижесінде қабылдаушы ел туристік балансының оң сальдосын туристерді жіберуші елден тауар импортын ынталандыру үшін пайдалануға тырысады. Өнеркәсібі жақсы дамыған елдердің өзі үшін алмасудың осындай түрі - өз өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту жолы болып табылады. Экспорттың шамалы болуы экономикалық дамуын тежейтін елдерде туризм өркендеу факторына айналуы мүмкін.Шетелдік туризмді елдің экономикалық дамуын тездететін, толем балансын түзейтін және валюталық қорын ұлғайтатын сайман ретінде қарастыруға болады. Өнімдердің және қызметтердің халықаралық алмасу тиімділігі дәстүрлі экспорттан және туристік экспорттан түсетін валютаны салыстыру арқылы есептеледі. Импортты қарастыратын болсақ, импорт тиімділігі импортталған өнімге жұмсалатын қоғамдық шығындармен (валютада) анықталатынын білу қажет. Шетел сапарлары, импорт сияқты, ішкі сұранысты қысқартады. Сонымен бірге, пассивті туризм турист шыққан елінде ешқандай материалдық игілік жасамайды. Тұтыну тауарлары ұсынысы шектеулі болса, туристік импорт сұранысты азайтады да ішкі тұтгнушы нарығындағы жағдайды жеңілдетеді. Және де туристік импортты колдау үшін елдің туристерге сатқан бағасынан арзан бағаға алынған валютасы болу керек. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай, туристерді жіберуші елге туристер жүмсаған ақшасы импортқа жасалған тапсыры-стар арқылы қайта оралып келеді. Мұндай жағдайда жұрт туристік сапарға аттануға мүмкіндік алады, ал мемлекет бюджетіне зиян келтірілмейді. Туристік импорт пен экспорттың мемлекет экономи-касына тигізетін әсерін толығымен бағалау үшін туризммен байланысты барлық өндіріс факторларын, инвестициялық қажеттіліктерін және мемлекеттің халықаралық байланыстарын ескеру қажет. Зерттеуге жататын тағы бір тенденция - туристік импортты туристік экспорт арқасында жүргізу, яғни «турист орнына турист» формуласы. Қорыта айтсақ, халықаралық туризм қоғам өміріне үлкен әсертигізеді. Шетеддік туризмнің, туристік қызметтің дамуы мемлекеттіңтөлем баланеының тұрақты болуына, ұлттықтабыс өсуіне септігін тигізеді, саяси жағдайды түзеу құралы болып табылады. Халықаралық туристік ағымдардың өсуі мемлекет арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге әсерн тигізеді, материалдық байлықтар мен мәдени қүндылықтарды құруда басқа ұлттардың тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Осының арқасында, сыртқы экономикалық байланыстың түрі ретінде, халықаралық туризмнің маңызы өсе береді. Қайталау сұрақтары 1. Мемлекеттер арасындағы сырткы эконолшкалық байланыстардың қандай формаларын білесіз? Халықаралық туризмді осындай формалардың цайсысына жатқызуга болады? 2. Халықаралықтуризмнің сыртцы экономикалық байланыстардың формасы ретінде қандай өзіне тән ерекшеліктері бар? 3. Халықаралық туризмдегі экспорт, импорт жәнереэкспорт деген не? Олардың ерекшеліктерін атап беріңіз. 4. Туризм арқылы экспорт жасаудың артықшылықтары қандай? 5. Халықаралық туристік алмасудағы тиімділік есебі калай жасалады? |