Главная страница

тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика


Скачать 1.34 Mb.
Название. А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Дата18.05.2021
Размер1.34 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест воп.docx
ТипДокументы
#206463
страница16 из 31
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31

/

Етеккір тоқтауы,қынап шырышта қабатының цианозы,жатыр көлемі ұлғаюы

/

Етеккір тоқтауы, РС 96 рет/мин, қынап шырышты қабатының цианозы

/

Жатыр көлемі ұлғаюы,пульс-96 рет/мин.

/

Жатыр көлемі ұлғаюы,жұмсақ консистенциялы,пульс 96 рет/мин.

/

Атыр көлемі ұлғаюы,етеккір тоқтауы

!

ЖТЖ 25 жастағы әйел жүктілік бойынша бақыланады. Жүктіліктің 14-15 аптасында тұмаумен ауырған,содан кейін әйелде периодты түрде болатын ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну,прогестерон деңгейін анықтағанда оның көлемі азайғаны анықталған. Болжам диагноз қандай?

/

Жүктішлік үзілу қаупі

/

Толық токсикоз

/

Ұрықтың жатыр ішілік өлімі

/

Жолдағы түсік

/

Іш теспесі

!

Акушер-гинекологқа бір апта бұрын жұқпалы ауру стационарынан шыққан әйел келді. Қызамықпен ауырып шыққан. Әйел жүкті, мерзімі 9-10 апталық. Сіздің тактикаңыз?

/

Жүктілікті үзу

/

Жүктілікті жалғастыру

/

Гормон терапия және диспенсерлік бақылауды жалғастыру

/

Дәрумендермен емдеу

/

Ұрық даму ақауы анықталса жүктілікті үзу

!

4300,0 салмақпен ұрықты босанушы әйелде,жатыр мойнын айнамен қарауда қынап күмбезіне дейін жатыр мойны жыртылуы анықталған.Дәрігер тактикасы:

/

Жатыр жыртылуын бар жоғын тексеріп,жоқ болса,жыртылған жатыр мойнына тігіс салу

/

Жыртылған жатыр мойнына кетгутты тігіс салу

/

Жергілікті жансыздандыру арқылы жатыр қуысын колмн тексеру

/

Жатыр қуысын қолмен тексеріп,жатырға жұдырықпен массаж жасау

/

Лапаротомия,қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы

!

Әйелдер консультациясына 26 жастағы әйел,етеккірдің 2 ай бойы кешігуі,іштің төменгі бөлігінің тартып ауырсынуына шағымданып келді.Қынаптық қарауда жатыр 8апталық жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған,жатыр мойны каналы жабық,жатыр қосалқылары ерекшеліксіз.Төмендегі диагноздың қайсысы сәйкес келеді?

/

Жүктілік 8 апта.Түсік қаупі

/

Жатырдан тыс жүктілің

/

Дамымаған жүктілік

/

Жатыр миомасы

/

Толық емес түсік

!

ІА клиникалық топты анықтаңыз?

/

Қатерлі ісікке күдік бар науқастар

/

Ісік алды аурулары бар науқастар

/

Радикальді емге жататын қатерлі ісігі бар науқастар

/

Қатерлі ісіктен емделгендер (сауыққандар)

/

Асқынған түрдегі ісігі бар науқастар

!

Ісік алды аурулары бар науқастардың клиникалық тобын көрсетіңіз?

/

Іб

/

ІІІ

/

ІV

/

ІІ

/

Іа

!

Науқас В. 34 жаста келесідегі шағымдармен түсті эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, жағымсыз сезімге, тартып ауырсынуға. Тамақ көп ішкеннен кейін ауырсыну сезімі күшееді. Асқазанның рентгенологиялық зерттеуінде антральді бөлігінің тарылғаны және перистальтикалық толқынның төмендегені анықталды. Болжам диагноз?

/

Асқазанның антральді бөлігінің обыры

/

Асқазан түбінің обыры

/

Асқазанның пелорикалық бөлігінің обыры

/

ГЭРА

/

Асқазанның антральді бөлігінің жара ауруы

!

Науқас В. 68 жаста келесідегі шағымдармен түсті: дефекация кезінде анус аймағындағы ауырсынуына, қан бөлінуіне тұрақты түрде көп емес мөлшерде тік ішектен нәжіс массаларының бөлінуіне. Тік ішекті саусақпен зерттегеннен кейін тік ішек обыры деген диагноз қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін қолдану қажет?

/

Фиброколоноскопия + биопсия

/

ФГДС + биопсия

/

Құрсақ қуысы және құрсақ арты кеңістігі ағзаларының УДЗ-і

/

Ирригоскопия

/

Фиброколоноскопия

!

Науқас П. 39 жаста онкологқа келесідей шағымдармен жіберілді: қатты және жартылай сұйық тағамның қиындықпен өтуіне, әлсіздікке, 5 ай бойы ауруына, қатты тағамды жұтқан кезде қақалу және ауырсынуына. Диагностикалық орталықта ФГДС + биопсия жасалды. Гистологияда өңештің ортаңғы 1/3 бөлігінің жоғары диффиренцирленген аденокарцинома. Бұл жағдайда қандай ем тиімді?

/

Операция алды сәулелі терапиямен бірге

/

Тек қана химиотерапия

/

Операция жасауға келмейді

/

Тек қана симптоматикалық терапия

/

Сәулелі + химиотерапия

!

Науқас Р. 1964 жылғы. Оң жақ шынтақ буыны ұлғаюына, қозғалысының шектелуіне, активті және пассивті қозғалыстарда ауырсынудың болуына шағымданда. Анамнезінен: 2 жыл мерзімінде ауырады. Ревматологтан ем алып жүрді, әсері болған жоқ. 1 ай бұрын шынтақ буынының ұлғаюына, ауырсыну синдромының күшеюіне, оң жақ иық сүйегінің биопсиясы жүргізілді – дисплазия мәліметтері. Динамикада оң жақ сан сүйегінің МРТ-сы жүргізілді. РОД поликликасына жолданды, ЛКК шешімімен биопсия жүргізуге госпитализацияланды. Оң жақ иық сүйегінің КТ – оң жақ иық сүйегінің дистальді бөлігінің остеогенді саркома белгілері, остеопластикалық вариант. Оң жақ шынтақ буынының деформациялаушы остеоартрозы ІІ-ІІІ дәреже. Синовит. Білек сүйегінің проксимальді бөлігінің остеопарозы. Түскен кезде: жалпы жағдай қанағаттанарлық, тері жабындылары қалыпты түсте, ісінулері жоқ. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ. Гемодинамика тұрақты, пульс 78рет/мин, ырғақты. АҚҚ-120/70мм.с.б. Тілі ылғалды, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі мен газ шығаруы қалыпты. Диурез бұзылмаған. Тік ішек патологиясыз. Жергілікті: оң жақ шынтақ буынының көлемі ұлғайған, шамалы ісінген, бүккіш контрактура бар. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Тері өзгермеген. Оң жақ иық сүйегіне инсцизионды биопсия жасалынды. Интраоперционды сүйек және сүйек қабы құрылымының өзгермегені анықталды. Ашып қарағанда сүйек ми каналында ұнтақ тәрізді консистенциялы зат бар. Операциядан кейінгі гистология – оң жақ сан сүйегінің хондромасы. Сіздің кейінгі тактикаңыз?

/

Травматологқа қаралу, операциялық ем жүргізуді шешу.

/

Онкологиялық диспансер жағдайында емдеу, операциядан кейінгі химиосәулелі терапия;

/

Онкологиялық диспансер жағдайында емдеу, операциядан кейінгі химиотерапия;

/

Онкологиялық диспансер жағдайында емдеу, операциядан кейінгі сәулелі терапия;

/

Ары қарай жүргізу және онкологта емделу;

!

Дәрігерге 49 жастағы тізе буынында бұрын болмаған ауыспалы ауырсыну ер адам қаралды. Анамнезінде шылым шегеді, құрғақ жөтел. Тексеру кезінде буын деформациясы жоқ, ЭТЖ 48мм/сағ, ревматоидты сынамасы оң, рентгенограммада: бірінші өкпе алаңының ортаңғы бөлігінде – домалақ тегіс емес көлеңкелі сәулелі контурлы. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

/

Өкпе рагы артропатиямен

/

Өкпе эхинококкы ревматоидты артритпен бірге

/

Зақымдалумен жүретін өкпе туберкулезі

/

Өкпе абсцессі, ревматоидты артрит

/

Ошақты пневмония, ревматоидты артрит

!

Науқас Н. 70 жаста онкологқа келесідей шағымдармен барды: сол жақ құлақ арты аймағындағы түзілістің пайда болуына. Бұрын ешқандай аурулармен ауырмаған. 48 жыл аралығында темекі шегеді, күніне 0,5-1 пачка. Жіңішке инелі биопсия жасалынды, цитологиялық қортындылары қатерлі ісікке тән. Болжам диагноз және қосымша зерттеулер?

/

Өкпе обыры, өкпе рентгенографиясы ФБС биопсиямен бірге, кеуде қуысы ағзаларының КТ-і

/

Қуық алды безінің обыры, ПСА, тік ішекті саусақпен зерттеу қуық алды безінің УДЗ-і

/

Асқазан обыры, рентгеноскопия, іш қуысы ағзаларының УДЗ-і, ФГДС + биопсия

/

Қалқанша бездің обыры, қалқанша бездің УДЗ-і, жіңішке инелі биопсиямен бірге

/

Лимфогранулематоз, перифериялық лимфа түйіндерінің УДЗ-і

!

Науқас Ч. 80 жаста мұрын ұшы аймағында жара және ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен белгілі: 4 жыл бұрын ісікті түзіліс бетінен көтеріңкі орналасқан ісік пайда болды, уақыт өте келе өлшемі үлкейіп, жаралар түзілді. Стационарда емделді. Ем қабылдағаннан 1 жылдан кейін сол жерде жара пайда болды. Обьективті қарағанда пигментті жиектері тегіс емес жара, жара түбі – сары-сұр түсті серозды геморрагиялық бөлініспен. Сіздің диагнозыңыз? Негізгі диагностика? Емі?

/

Мұрын ұшы терісінің қатерлі ісігі рецедив, гистологиялық тексерулер, операция

/

Қызыл теміреткі, визуальді, медикаментозды

/

Терінің жаралы-некротикалық жарасы, цитологиялық, медикаментозды

/

Псориаз, цитологияға жағынды, гормональді

/

Қабыну, визуальді, қабынуға қарсы

!

Поликлиникаға 69 жастағы науқас ішінің үлкеюі, тері жабындыларының сарғаюы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы, дене температурасы 38-39 дейін жоғарлауына шағымданады. УДЗ-де бауырдың 4-ші сегментінің үлкеюі – гиперэхогенді түзіліс, 4 х 4см жиектері айқын емес. Қандай диагноз туралы ойладыңыз? Қандай зерттеу әдістері диагнозды айқындауға көмектеседі?

/

Бауырдың екіншілік рагы,ТИБ УДЗ, бауырдың КТ.

/

Бауырдың абцессі, УДЗ

/

Өт жолдарының нәжіс құрттарымен обструкциясы, нәжіс құрттарына анализ.

/

Бауырдың циррозы, бауыр венасыныңангиографиясы

/

Жоғары қуысты венаның қысылу синдромы ФГДС.

!

Науқас 58 жаста, ургентті клиникаға келесі шағымдармен түсті: іштегі ауырсыну, іштің желденуі, нәжістің болмауы, ретсіз құсу,батапқыда жеген тағаммен, одан кейін өтпен. 10 жэыл бұрын жуан ішекке иригоскопия жасалғанда – полип анықталған. 1 жыл бұрын асқазанға рагына – субтотальді резекция жасалған. Аускультативті: ішектің перистальтикасынң кұшеюі. Рентгенограмма көрінісінде Клойбер тостағаншалары анықталды. Қандайауру деп ойлайсыз? Емдік тактика?

/

Ішек өтімсіздігі, шұғыл түрде операция жасау.

/

Тоқ ішектің өтімсіздігі, қаралу.

/

Тігістердің ажырауы, перитонит.

/

Ішектің тітіркену синдромы, медикаментозды ем.

/

Жартылай органнның пенитрациясы, операция.

!

49 жастағы ер адам тізе буынындағы ауырсыну сехімімен дәрәгерге қаралды. анамнезінде: темекі шегеді, құрғақ жөтел. Қаралғанда: Буындар деформациясы жоқ, ЭТЖ - 48 мм.сағ., ревматойдты тәсілдер – оң, рентгенограмма көрінісінде: түбірлік аймақта ауырсыну, оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде дөңгелек, сәулелік контурлы біркелкі емес көлеңке тәрізді көрініс. Осындай жағдайда келесідей информативті таңдаңыз:

/

Бронхоскопия кезіндегі жуынды суларды цитологиялық зерттеу.

/

Туберкуленді тәсілдер, рентгенография

/

Буындардың пункциялық биопсиясы.

/

Өкпенің компьютерлі томографиясы+қарапайым бронхоскопия

/

Өкпе рентгенографиясы+қарапайым бронхоскопия

!

Өкпе тінінің іріңді-деструктивті еруімен, сұйықтықсыз жұқа қабырғалы түзіліс түзетін пневмония қандай қоздырғышпен шақырылады:

/

Стафилококпен

/

Микоплазмамен

/

Клебсиелламен

/

Стрептококпен

/

Пневмококпен

!

ДДҰ сарапшылары (1999ж) берген жіктемеге сәйкес артериальды гипертонияның І дәрежесіне қайсысы жатады:

/

140/95

/

125/85

/

135/85

/

145/105

/

160/85

!

Жара аурының жедел асқынуына жатады:

/

Перфорация

/

Пенетрация

/

Перивисцерит

/

Малигинизация

/

Тыртықты стеноз

!

Ревматоидты артрит дегеніміз:

/

Шеткі буындардың симметриялық эрозивті артритімен сипатталатын ауру

/

Буындарда зәр қышқылы кристалдарының түзілуіне байланысты буын қабынуымен сипатталатын ауру

/

Бірінші кезекте шеміршектің, буынның барлық компоненттерінің зақымдалуымен сипатталатын ауру

/

Бір немесе бірнеше буынның зақымдалуымен, конъюнктивитпен, уретритпен сипатталатын ауру

/

Фаланга аралық буындардың зақымдалуымен және саркоилеит белгілерімен сипатталатын ауру

!

Науқас 52 жаста, шағымдары: ауыр түсетін қақырықпен жөтелге, физикалық күш түскен кезде ентігуге, температурасының 37,7°С жоғарлауына. Екі рет пневмониямен ауырған, 15 жыл бойы жөтеледі, терапевтте диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ ысқырық сырылдар өкпе бойында түгел жерде естіледі. Қандай клиникалық диагноз қоюға болады:

/

Созылмалы обструктивті бронхит

/

Ошақты пневмония

/

Бронхиалды астма

/

Созылмалы жүрек жетіспеушілігі

/

Жедел іріңді бронхит

!

27 жастағы науқаста 3 күн бұрын аяқ астынан қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінде ауырсыну, қызба 38,5 С дейін байқалды. Кеуде торының оң жағы тыныс алғанда қалыңқырақ. Перкуссияда алдынан 3 қабырға аралықтан және артқы жағынан жауырын арасының ортасынан – тұйық дыбыс, осы аймақта тыныс алуы естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтылығының сол шегі бұған орта сызығынан 1,5 см сыртта орналасқан. Болжам диагноз қойыңыз:

/

Оң жақты экссудативті плеврит

/

Оң өкпенің крупозды пневмониясы

/

Оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

/

Созылмалы бронхиттің өршуі

/

Оң жақты гидроторакс

!

60 жастағы науқас ұзақ уақыт артериалды гипертензияға байланысты бақылауда болған. Бойы -165 см, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды ретті түрде қабылдамаған. Жағдайы апта ішінде нашарлаған. Перкуторлы – сол жақ шекарасы солға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ минутына 88 рет. АҚҚ 150/85 мм.сын.бағ. Эхо КГ-да - сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай диагноз:

/

Артериалды гипертония, I дәрежелі, қауіп қатер 3

/

Артериалды гипертония I дәрежелі, қауіп қатер 2

/

Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 4

/

Артериалды гипертония II дәрежелі, қауіп қатер 3

/

Артериалды гипертония, III дәрежелі, қауіп қатер 4

!

Науқас стационарға кеуде клеткасындағы тұйық, қысып ауырсынуға шағымданып түсті. Ұйықтағаннан бірнеше сағат өткен соң, ауырсынудан оянды. Анамнезінен: Ұстамалар 10-15 минут ішінде бірінен соң бірі кезектесіп, серия түрінде өтеді. ЭКГ-да ұстама кезінде сегменттің жоғарлауы байқалады.Мүмкін болатын диагноз:

/

Принцметал стенокардиясы

/

Күш түсу стенокардиясы ФК II

/

Күш түсу стенокардиясы ФК III

/

Күш түсу стенокардиясы ФК IV

/

Жедел миокард инфарктісі

!

Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

/

Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру

/

Созылмалы эзофагит

/

Өңештің пептитті жарасы

/

Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы

/

Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

!

Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз:

/

Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен

/

Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі

/

Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен

/

Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен

/

Тоқ ішектің қатерлі ісігі

!

Емхана дәрігеріне 25 жастағы науқас әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауырсынуға, бетіндегі, қолындағы, аяғындағы ісінулерге, зәр шығаруының сиреуіне шағымданады. Жиі суық тиіп ауырады. Қарағанда қабағында ісіну, ұрық қалтасының ісінуі, балтырдың аздаған ісінуі.Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 72 рет мин. АҚҚ -170/100мм.сын.бағ. Тәуліктік диурез 400мл/тәул. ЖЗА-де эритроциттер 60 көру алаңында, лейкоциттер 20-25 көру алаңында, дәнді және гиалинді цилиндрлер 2-4 көру алаңында.Диагноз қойыңыз:

/

Жедел гломерулонефрит, жайылмалы ағым, СБЖ 0

/

Жедел гломерулонефрит, моносимптомды ағым, СБЖ 0

/

Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ

/

Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

/

Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0

!

Стационардағы 42 жастағы науқас саусақ аймағындағы, аяқ саусақтарындағы, шынтақ, тізе буындарындағы ауырсынуға, буындарындағы таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: шамамен ауырғанына екі жыл болған, дәрігерге қаралмаған. Қарағанда: саусақтардың ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табандары halux valgus түрінде. Сіздің болжам диагнозыңыз:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31


написать администратору сайта