Главная страница

тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика


Скачать 1.34 Mb.
Название. А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Дата18.05.2021
Размер1.34 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест воп.docx
ТипДокументы
#206463
страница1 из 31
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Пән бойынша тесттік тапсырмалар

«Жалпы дәрігерлік практика»
Пробиотиктерге жатады:
хилак-форте

β-каротин

токоферол ацетаты (Е витамині)

пектиндер

бифидумбактерин

!

Шок кезінде ең бірінші пайда болады:
АҚҚ төмендеуі

Сағаттық диурездің төмендеуі

Тері жамылғысының цианозы

Естің бұзылуы

Ақ дақ симптомы оң мәнді

!

Сізді таңертең жүгіріп жүргенде есінен танып қалған 32 жастағы науқасқа қабылдау бөліміне шақырып жатыр. Бұрын осындай естен танулар болып тұрған. ЭКГ-да I, аVL, V2-V6 тіркемелерінде Т сермесі терең инверсияланған. Анамнезінде төс артының ауыруы және ентігу ешқашан мазаламаған. Ойлауға болатын ауру:
дилатациялық кардиомиопатия

миокард инфаркты

миокардит

тұрақты стенокардия

гипертрофиялық кардиомиопатия

!

Арнайы емес жаралы колит емінде дұрыс емес жауап қайсысы?
стероидтарды жергілікті қолдануға болмайды

стероидтардың сульфаниламидтерге қарағанда әсерлілігі жоғары

иммуносупрессорлармен мақсатты терапия

ем әдетте сульфосалазиннен басталады

ем бірнеше айға жалғасады

!

Жедел холецистит диагностикасы кезінде Ортнер симптомына тән:
оң жақ қабырға доғасын соққылағанда ауырсыну

musculus stemodaidomastoideus аяқшалары арасында оң жақ бұғанаүсті аймағын пальпациялағанда ауырсыну

дем алғанда оң жақ қабырға доғасының терең пальпациясында ауырсыну

іш аймағының қуысты жерлерінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы

өт қапшығы проекциясында қысым жасағанда немесе соққылағанда ауырсыну

!

АПФ ингибиторларынмен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста жалпы әлсіреу, үдемелі ісінулер, зәр мөлшерінің азаюы және дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Науқаста болған жағдай:
бүйрек артериялары тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған

жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы дамыған

зәр шығару жолдарының инфекциясы қосылған

амилоидоз дамыған

науқаста созылмалы бүйрек жетіспеушілігі үдеген

!

Шағымдары, анамнезі, қарап тексеру мәліметтерінің нәтижесінде Сіз «Созылмалы панкреатит, рецидивті ағымды, өршу кезеңі» диагнозын қойдыңыз. Сіздің диагнозыңызды дәлелдейтін клинико-лабораторлық зерттеулер:
қан және зәрдегі диастаза белсенділігін анықтау

қант деңгейін анықтау

қандағы холестерин деңгейін анықтау

қандағы АСТ және АЛТ белсенділігін анықтау

қандағы α-фетопротеин деңгейін анықтау

!

Науқас, 54 жаста, "кофе тұнбасы" түсті құсуға, үлкен дәреттің қара түске өзгеріп жиілеуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. АҚ=90/60 мм сын. бағ., пульсі - 98 рет/мин. Тік ішекті саусақпен тексергенде қара түсті нәжіс анықталды. Төмендегі аталғандардың ішінен болжам диагнозды таңдаңыз:
аталғандардың кез келгені болуы мүмкін

қан кетумен асқынған асқазанның ойық жара ауруы

Меллори-Вейс синдромы

өңештің варикозды кеңейген көк тамырларынан қан кету

қан кетумен асқынған ІІІ дәрежелі гастроэзофагеалді рефлюкстік ауру

!

Миокард инфарктын алған науқаста 6 аптадан кейін кеудесінде ауырсыну мен қызба пайда болды. Тексеру барысында перикардит пен плеврит анықталды. Болжам диагнозы:
Дресслер синдромы

нейроциркуляторлы дистония

миокардит

кардиомиопатия

диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

!

Тұмау эпидемиясы кезінде бұрын көктамырға нашаны қабылдап жүрген 17 жасар адам басының ауыруына, денесінің дел-салдығына, мазасыздануына, оянған кездегі жарықтан қорқуына шағымданды. Дене қызуы 37,30С, желке бұлшық еттерінің ширығуы. Дәрігер төсектік тәртіп, көп сұйықтық ішу, панадол қабылдауды ұсынған. 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, басы ауырған. Науқас ұйқылы-ояу күйде болды. Шақыруға келген кезекші дәрігер науқасты ауруханаға жатқызды. Диагнозы болуы мүмкін:
менингококкты менингит

СПИД-энцефалопатия

герпестік энцефалит

лейкоэнцефалит

ауыр тұмау

!

Жас әйелді алдын ала тексеру кезінде АҚ 160/90 мм сын. бағ. дейін көтерілгендігі анықталды. Мерзімді түрде мазалайтын бас ауруына шағымданған. Несеп талдауында дерттану табылмаған. ЭКГ: ST сегментінің айрықша емес өзгерістері. 10 жыл бойы оральді контрацептивтерін қабылдайды. АҚ көтерілуі туындауының едәүір пайда болу себебі:
оральді контрацептивтерін қабылдау

артериялық гипертензия

нейроциркуляторлы дистония

оральді контрацепцияны дұрыс пайдаланбау салдарынан болған жүктілік

электролиттік бұзылыстар

!

35 жасар әйел кейде пайда болатын, 5-10 минутқа созылатын кеуде тұсындағы ауырсынуға жалпы тәжірибелік дәрігерге шағымданды. Ауырсыну тыныш күйде де, дене жүктемесі кезінде де пайда болады, ешқайда берілмейді. Қазір темекі тартпайды, АҚ бұрын көтерілмеген. Отбасы мүшелерінің екеуі (50 және 56 жастА) жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде - науқастың жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сын. бағ., ЖСЖ 70 рет/мин. Жүрек ұшы түрткісінің күшеюі анықталады, кеуденің сол жақ бойында систолалық шуыл естіледі, шуылдың қарқындылығы тұрған күйде күшейеді. ЭКГ: ST және Т арнайы емес өзгерістері. Алдын ала қойылған диагноз:
функционалды шуыл, вегето-тамырлық дистония

митральды стеноз

қолқалық стеноз

гипертрофиялық кардиомиопатия

өкпе артериясының стенозы

!

24 жасар емделуші жалпы әлсіздікке, дене қызуының 38,60С дейін көтерілуіне, басының ауыруына, мойынының тартылуына, арқасының ауырсынуына, жүрегі айнып, құсатындығына, тамағының ауырсынуына шағымданды. Әйгіленістері екі күн бұрын саяжайда пайда болған. Бүкіл денесінде шеті анық көріне қоймаған қызыл дақтар түрінде бөртпелер бар. Қарап тексергенде - жағдайы қанағаттанарлық, мойнының лимфа түйіндері ұлғайған, ұлғайған көкбауыры пальпацияланады, аңқасы қызарған, желке бұлшық еттері ширыққан. Сіздің болжам диагнозыңыз:
ЖРВИ

вирусты менингит

этиологиясы белгісіз сепсис

Лайм ауруы

тағаммен улану

!

Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардияны басу үшін едәуір әсерлі дәрі-дәрмекті (таңдамалы дәрі-дәрмек) таңдаңыз:
аденозинтрифосфат

новокаинамид

верапамил

лидокаин

ритмилен

!

Инфаркттан кейінгі кардиосклерозы мен І-ІІ дәрежелі жүрек жетіспеушілігі бар 68 жасар науқастың жыбыр аритмиясына (тұрақты, 4 жыл бойы) қатысты дәрігерлік тактиканы таңдаңыз:
жүрек глюкозидтері көмегімен жыбыр аритмияның нормосистолалық түрін сақтау, ал жеткіліксіз әсерде - β-адреноблокаторларды үйлестіру

стационарда жыбыр аритмияны синусты ырғаққа ауыстыру (хинидин немесе ЭИТ көмегімен)

синусты ырғақты қалпына келтіру мақсатында ритмилен немесе изоптинмен (немесе балама дәрі-дәрмектермен) алдын ала емдеу

тұрақты электрокардиостимуляцияға өту мақсаттырақ

Е) мұндай науқасқа тұрақты терапия талап етілмейді

!

64 жасар емделуші басының айналуына, әлсіздікке, қолдарының діріліне, көз алдында «шібін-шіркей ұшуына» байланысты жалпы тәжірибелі дәрігерді үйіне шақырды. Ол ІІ типті қантты диабетпен ауырады, осыған орай глибенкламидті (манинил) қабылдайды. Емделушінің үйінде сіз шұғыл әдіспен қандағы 3,1 ммоль/л қант деңгейін анықтадыңыз және шағымдану себептерінің пайда болуынан 2 күн бұрын тізе буындарының ауыруына байланысты "американ аспиринін" қабылдағанын білдіңіз. Осы жағдайда жедел жәрдем шараларынан басқа сіздің ұсыныстарыңызға енуі тиіс:
емдәміне тәулігіне бір рет картоп немесе макарон өнімдерін қосу

глибенкламид мөлшерін төмендету (артритті емдеу мерзімінде)

аспирин мөлшерін ұлғайту

емдәмді бұдан да қатаң сақтау

ревматолог кеңесі

!

І дәрежелі жүрек жетіспеушілігін емдеудің дәрі-дәрмектердің оңтайлы кешенін таңдаңыз:
диуретиктер мен ААФ ингибиторлары

β-блокаторлар мен добутамин

диуретиктер, жүрек гликозидтері мен милринон

β-блокаторлар, жүрек гликозидтері мен лидокаин

кордарон, кальций антагонистері мен жүрек гликозидтері

!

Науқас A., 34 жаста, ауыр вирустық инфекциядан (тұмау) кейін 2 аптадан соң әлсіздік, ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарап тексергенде АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖСС 80 рет/мин тыныштық жағдайда, I тон әлсіреген. ЭКГ: Т тісшесі V1-V4 шықпаларында теріс Т сермесі. Жоғарыда берілген мәліметтерге қарап науқасқа миокардит диагнозы қойылған. Неғұрлым дұрыс болып табылатын ем:
глюкокортикостероидтарды тағайындау

ААФ ингибиторларын, рибоксинді тағайындау

тыныштық, төсектік тәртібі, симптомдық ем

антибиотиктерді тағайындау

СЕҚҚП тағайындау

!

ААФ ингибиторларынмен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста жалпы әлсіреу, үдемелі ісінулер, зәр мөлшерінің азаюы және дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Бұл жағдай бүйрек артерияларының тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған деп анықталған. Бұндай жағдайда тағайындауға қажет ем:
ААФ ингибиторларын АТ ІІ рецепторларының блокаторларына ауыстыру

кальций антагонисттерін тағайындау

нитраттардың үлкен дозаларын тағайындау

гидралазинді изосорбид динитратымен біріктіріп тағайындау

гемодиализ жүргізу

!

WPW синдромы бар науқас бөлімшеге жүрекшелер жыбыры мен жиіленген қарыншалық ырғағымен түскен. Тұрақты гемодинамика кезінде жедел түрде енгізу қажет препарат:
прокаинамид

дигоксин

кальций антагонисті

АТФ

β-блокатор

!

52 жасар науқас әйел трансмуральды миокард инфарктімен ауырған. 2 аптадан кейін субфебрильді қызба, ентігу, буындарының ауыруы пайда болған. Қарап тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталған. Аускультативті перикардтің үйкеліс шуылы анықталған. Инфаркттан кейінгі асқыну Дресслер синдромы анықталған. Ең тиімді ем:
жоғары дозадағы аспирин немесе преднизолон

антибиотиктер

ААФ ингибиторлары

диуретиктер

диуретиктермен қосарласқан жүрек гликазидтері

!

Климактериялық кезеңдегі әйелде остеопороз белгілері бар АГ-ны емдегенде тағайындау керек:
ААФ ингибиторларын

орталық әсерлі дәрілерді

тиазидті диуретиктерді

β-блокаторларын

α-адреноблокаторларын

!

Шағымдары, анамнезі, қарап тексеру мәліметтерінің нәтижесінде Сіз «Созылмалы панкреатит, рецидивті ағымды, өршу кезеңі, ауыру түрі» диагнозын қойдыңыз. Науқасты емдеудің басты мәселелерін анықтаңыз:
қабынуға қарсы антибактериалді терапия

массивті инфузиялық терапия

орынбасушы полиферменттік ем

ұйқы безінің сыртқы секреция қызметін реттеу

ауыру синдромын басуға бағытталған терапия

!

Науқасты зерттеу және бақылау нәтижесінде «Өттас ауруы, өт шаншуы» диагнозы қойылып, зерттеу әдістері тағайындалды. Төмендегі зерттеу жоспарының қателігін табыңыз:
АЛТ және АСТ зерттеулеріне қан тапсыру

өт қапшығының УДЗ

жалпы қан және зәр анализі

жалпы билирубин мен оның фракцияларын зерттеу

дуоденальді сүңгілеу

!

Науқас 65 жаста. Бойы 160 см, дене салмағы 105 кг. Шағымы жоқ. Аш қарындағы қандағы глюкоза деңгейі - 6,2 ммоль/л. Осы емделушіні жүргізу тактикасын таңдаңыз:
емделушіні жүргізу тактикасын шешу үшін пероральды глюкозаға толеранттылық тестілеуін жүргізу қажет

науқаста - қантты диабет, емдәм сақтап, қарқынды күйдегі қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет

емделушінің дені сау, бұдан әрі зерттеу мен емдеуді қажет етпейді

емделушіде - гипогликемия, анамнезін мұқият жинау керек

несептегі глюкозаның деңгейін анықтау қажет

!

Науқас, 35 жаста, құрғақ жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. 10 жылдан бері темекі шегеді. Анамнезінде: суық тигеннен кейін жедел ауырып қалды. Рентгенограммада: өкпе суреті күшейген және екі жақтан да инфильтратты ошақтар, көбінесе орталық бөліктеріне шоғырланған. ЖҚА: ЭТЖ 36 мм/сағ. Аускультацияда: екі өкпесінен де майда көпіршікті ылғал және құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі, перкуссияда дыбыс сол жерден тұйықталған. Науқасқа диагноз қойып, ем тағайындаңыз:
«Пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы»; ципролет 500 мг әр 12 сағат сайын, бромгексин 2 таб. х 3 рет, эуфиллин 0,15 мг 1 таб. х 2 рет тағайындау

«Созылмалы бронхиттің өршуі»; ампициллин 0,5 г х 4 рет б/е, қақырық түсіргіш дәрілерді тағайындау

«Пневмония, созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі»; теотард 200 1 капс. х 2 рет, эритромицин 0,5 әр 6 сағат сайын, бромгексин 2 таб. х 3 рет тағайындау

«Пневмония, қосымша: ӨСОА»; амоксиклав 0.625 г әр 8 сағат сайын, ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау

«Пневмония»; цефазолин 1 г әр 12 сағат сайын б/е, бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау

!

Жедел коронарлық синдром байқалады:
жедел миокардтың инфарктін күманданатын синдромдармен

НЦД

тұрақты стенокардиямен

миокардтың ауырсынусыз ишемиясымен

кардиомиопатиямен

!

35 ж., науқас жүрек айну және құсумен сипатталатын қатты бас ауру ұстамасына шағымданады. Қарағанда: терлегіштік, терісі боз, дірілі бар, тахикардия, АҚ - 230/140 мм. с.б.б. Гипергликемия. Глюкозурия. Протеинурия. Лейкоцитоз. Болжам диагноз:

/

феохромоцитома

/

қант диабет

/

Иценко-Кушинг ауруы

/

Конн синдромы

/

гипоталамикалық синдром.

!

42 ж., науқас, геолог, жанұя дәрігерінде П-түрдегі орталық ауырлықтағы, компенсациялық кезеңдегі қант диабет ауруымен диспансерлік есепте тұрады. Науқастың еңбек түрін анықтаңыз:

/

ауа райы қолайлы жерде жұмыс жасау тұжырымын ДККберу

/

П топтық мүгедектікті анықтау үшін ӘМСКжіберу

/

ПІ топтық мүгедектікті анықтау үшін ӘМСКжіберу

/

мамандығын өзгерту туралы кеңес беру

/

жұмыс түрін өзгертуге мәжбүрлі емес.

!

ЖИА, күштемелі стенокардиясы, ҚЖ IІ бар 55 ж., ер кісіде ауырсыну ұстамасы, жүрек қағуы мен бетінің қызаруы кезінде қолданылатын препарат:

/

метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет

/

тіл астына нитроглицерин (шектеусіз)

/

кардикет 20 мг 3-4 рет тәулігіне

/

тромбоАсс 100 мг тәулігіне

/

симвастерол 10 мг тәулігіне

!

Науқас 5 жыл бойы ревматоидты артритпен аурады. Индометацин 25 мг 3 рет, метотрексат 7,5 мг - аптасына қолданылады. Жалпы қан анализі: Нв 92 г/л, эрит. 3-10№І/л, лейкоц. 6,8*109/л, ӘТЖ-48 мм/сағ, трансферрин және темір төмендеген. Грегерсен реакциясы (-) теріс. Анемияның себебі:

/

ревматоидты қабынудан болған гипохромды анемия

/

асқазан – ішектен СЕҚҚП қолданғанда ассоцирленген гастропатия болғандағы қан кету

/

метотрексат қолданғандағы фоли-жетіспеушілік анемиясы

/

гипопластикалық анемия

/

гемолитикалық анемия

!

20 ж. науқаста бiр жыл бойы АҚҚ 170/120мм.с.б.б. көтерілген, гипотензивтi терапияға рефрактерлi. Iшек аймағында толғақ тәрiздi ауырсынуға шағымданады. Кiндiк үстiнен систолалық шу естiледi. Болжам диагноз:

/

Бүйрек артериясының атеросклероздық стенозы

/

Қолқа коарктациясы

/

Бүйрек артериясының аневризмасы

/

Нефроптоз

/

Феохромоцитома

!

47 жастағы ер адам 2 ай бойы орташа темппен 500м жүргеннен кейін, 3-этажға көтерілгеннен кейін пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағым айтады. Сирек ауырсыну тыныштық кездеде пайда болады. Стенокардияның осы түрін былай жіктеуге болады:

/

тұрақты күш түсу стенокардиясы

/

тұрақсыз стенокардия

/

ЖИА-ның аралық формасы

/

вариантты стенокардия

/

алғаш пайда болған стенокардия

!

Науқас В. 33 жаста, профосмотр кезінде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты көлеңке анықталған. Анамнезінде: кейінгі 2 апта ішінде әлсіздік, шырышты қақырықпен жөтел, кеудесінде шәншіп ауырсыну байқалады. Қанның жалпы зерттеуінде: Нв- 128 г/л, Л- 9,8*109/л, ЭТЖ- 21 мм/сағ. Пневмониямен өкпенің қатерлі ісігінің ажырату диагностикасын өткізу үшін қай зерттеу ең мағыналы болып есептеледі.

/

компьютерлық томография

/

өкпе рентгенографиясы

/

қақырықты атипты жасушаларға зерттеу

/

бронхография

/

қанның иммунологиялық зерттеуі

!

Асқазанның ойық жара ауруы бар науқас ранитидин (150 мг 2 рет күніне) қабылдап жүр. Зерттей келе осы науқаста созылмалы бүйрек жетіспеушілігі анықталды (кретинин клиренсы 50 мл/мин аз) . Дәрігердің тактикасы.

/

ранитидинның орнына антацидтар тағайындау

/

ранитидинның орнына циметидин тағайындау

/

ранитидинмен қатар диуретиктер тағайындау

/

ранитидинның дозасын екі есе азайтып, емді жалғастыру

/

ранитидинның орнына омепразол тағайындау

!

72 жастағы ӨСОА науқас суық тиген соң басталған дене қызуының жоғарылауына, кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде инфильтрация анықталады. Қай ем дұрыс?

/

кларитромицин + амброксол + ипратропиум бромиді

/

тетрациклин + метрогил + лазолван

/

амоксиклав + гентамицин + бромгексин

/

кларитромицин + преднизолон + бромгексин

/

метронидазол + амброксол + ипратропиум бромиді

!

Науқас 45 жаста, шағымдары: оң жақ аяғының басы қатты ауырады, әсіресе I-II плюснефалангалық буын. Алдындағы күні қонақта болған, көп мөлшерде ет және алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқастынан басталған, осыдан 6 сағат бұрын. Объективті: оң жақ бақайы қатты ісінген, қызылкөк түстес, ыстық, пальпация кезінде қатты ауырсынады, қозғалыс және жүру мүмкін емес, дене температурасы – 37,6° С, басы ауырады. Жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы қандай болу керек.

/

қанды зәр қышқылына тексеру

/

ауырған буынның пункциясы

/

қанның жалпы зерттеуі

/

оң жақ аяқ басының рентгенографиясы

/

зақымдалған буынның УДЗ

!

Науқас 23 жаста, шағымдары: тізе және тобық буындары қатты ауырсынады, дене температурасы 37,5°С жоғарлайды, зәр шығаруы ауырсынумен өтеді, уретрадан ірің бөлінеді. Кәзіргі уақытта венерологиялық диспансерде емделіп жүр. Уретра жұғындысында гонококтар анықталған. Осы артритты емдеу үшін ең тиімді қай дәрі.

/

пенициллин

/

индометацин

/

преднизолон

/

тетрациклин

/

диклофенак

/

зақымдалған буынның УДЗ

!

Науқас 33 жаста, шағымдары: кеудесінде ауырсыну сезімі, кернеп тұрғандай. Алдынғы кеште балық жеп отырып қақалып қалған. Объективті: жұтыну ауырсынумен, температурасы 37.3°C, мойын тұсы және бетінің төменгі жағы ұлғайған, пальпация кезінде крепитация анықталады. Кеуде рентгенограммасында: средостение көлеңкесі кеңейген, паравертебрально газ көрінеді. Дәрігердің тактикасы қандай.

/

жедел хирургия бөліміне госпитализация

/

мойын клетчаткасына пункция жасап, Дюфо инесін бекітү

/

эзофагоскопияға жолдамалау

/

антибиотик тағайындап, жұмыстан босату парағын беру

/

гастроэнтерологқа бағыттау

!

3-жастағы баланың плевральды сұйықтығында нейтрофильдердің басым болуы орын алатын экссудативті плевриттің даму себебі болып табылады:

/

Плевропневмония

/

Туберкулез

/

Обструктивті бронхит

/

Муковисцидоз

/

Созылмалы бронхит

!

Стационарға Фалло Пентадасы іштен туа біткен ақауы бар науқас түсті. Оттегі жетіспеушілігі белгілерінің даму себебін атаңыз?

/

Кіші қан айналым шеңберінің кедейленуі

/

Қарыншалардан қанның шығуына кедергінің болуы

/

Жүрекшелерден қанның шығуына кедергінің болуы

/

Кіші қан айналым шеңберінің байытылуы

/

Үлкен қан айналым шеңберінің кедейленуіне байланысты

!

9 айлық бала өмірінің алғашқы жылында ауруханаға айқын токсикоз, дене қызуы t – 38оС және ентігумен түсті. Перкуссия кезінде қорап тәрізді перкуторлы дыбыс естіледі. оң жақ жауырын аймағында тұйықталу, сонымен қатар ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Болжам диагноз қойыңыз:

/

Бронхиолит

/

Обструктивті бронхит

/

Пневмония

/

Бронхит

/

Бронхты демікпе

!

Баланың шолу рентгенограммасында плеврит анықталды. Дәлелдеу үшін міндетті түрде жүргізу керек:

/

Плевра қуысын пункциялау

/

Спирометрия және пикфлоуметрия

/

Бронхография, бронхоскопия

/

Томография, бронхография

/

Бронхоскопия, томография

!

11 айлық бала, физикалық дамуы жағынан артта қалуда, салмағы 7 кг. Емізген кезде ентігу, ерін мұрын үшбұрышының цианозы. Тері жабындылар көкшіл түсті, шеткі цианоз, "барабан саусақтары, сағаттың шынысы". Жүректі шекаралары біраз ұлғайған. ЖСЖ-140 соғу/мин, ТАЖ-40 рет 1 минутқа. Төстің сол жағында қатқыл тембрлі систолалық шу, II тон II қабырғааралықта әлсіреген. Ж?А: Hb-170г/л, Эр-5,4х1012/л. Диагнозын атаңыз?

/

Тетрада Фалло ауруы

/

Қарыншааралық перденің ақауы

/

Жүрекше аралық перденің ақауы

/

Үшашпалы қақпақшаның ақауы

/

Эбштейн ауруы

!

Балаға 11 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз:

/

Жүре пайда болған кардит

/

Созылмалы бронхит

/

Туа пайда болған жүрек ақауы

/

Ерте туа пайда болған кардит

/

Тума пайда болған пневмония

!

11 жастағы қыз бала, дене қызуының жоғарылауына, буындардағы, бұлшықеттердегі ауырсынуға, беттегі және кеуде бөліміндегі бөртпелерге. Объективті: бет сүйегі, кеуде аймағында эритематозды бөртпелер. Жүрек шекаралары сол жаққа қарай 2 см-ге ұлғайған, тондары тұйықталған, функционалды тембрлі систолалық шу. ЖҚА: L–4,2х109/л, ЭТЖ – 40мм/са?ат, Нв – 100г/л, эр – 3,1х1012/л. ЖЗА белок–0,628‰, эр - 10-12 көру аймағында. Болжам диагноз және диагнозды нақтылау үшін не анықтау керек:

/

Жүйелі қызыл жегі, LE-жасушалар, ДНК-ға антиденелерді анықтау

/

Ревматикалық қызба, СРБ, дефиниламиндік пробаны анықтау

/

Ревматоидты артрит, СРБ, LE-жасушаларды анықтау

/

Дерматомиозит, LE-жасушаларды анықтау

/

Склеродермия, ДНК-ға антиденелерді, дефиниламиндік сынаманы анықтау

!

6 жастағы қыз бала. Қол-аяқ буындарының және арқа бұлшықеттердегі ауырсынуға, қатты тамақты жұтудың қиындауына. Объективті: терісінде – жоғары қабақта қызыл-күлгін түсті ісінген эритема, Готтрон белгісі – саусақтардың буындарының жазғыш беткейінде қызыл-күлгін кератикалық атрофиялық эритема. Лабораторлы: трансфераза, КФК, ЛДГ белсенділігінің жоғарлауы. Диагноз қойыныз:

/

Склеродермия

/

Жүйелі қызыл жегі

/

Ревматизм

/

Ревматоидты артрит

/

Ювенильді дерматомиозит

!

Науқас 14 жаста, стационарға жедел жәрдем көлігімен, кома жағдайында түсті. Диабетпен 4 жылдан бері ауырады. 40 бірлік дозада инсулинотерапия қабылдайды. Жағдайы 3 күн көлемінде нашарлаған. Тексеру кезінде қандағы глюкоза – 28,2 ммоль/л., несепте ацетон - ++++. Науқасқа қандай зерттеу жүргізу қажет?

/

Сағат сайын қанда глюкоза анализі

/

Сағат сайын несепте ацетон анализі

/

Стационарға түскен кезінде және шығудан алдын қандағы глюкоза анализі

/

Сағат сайын глюкоза және ацетонға зәр анализі

/

Қан кетонды денелеріне сағат сайын анализ

!

Бала 6 жаста. Салмағы 25 кг. Дене қызуының бір апта бойы 37,2-37,5°С жоғарлауына, құрғақ жөтелге, аз мөлшерде қақырықтың болуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Ж?А-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасыны? R-граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз:

/

Азитромицин бірінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг

/

Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х күніне 1 рет, 3 күн бойы

/

Азитромицин 125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы

/

Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн

/

Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг

!

Науқас, 9 жаста, стационарға ауыр жағдайда түскен. Диабетпен 3 жылдан бері ауырады. 28 бірлік доза инсулинотерапия қабылдайды. Жағдайының нашарлауы емдәмді бұзылуымен байланыстырады. Тексеру кезінде қандағы глюкоза – 24,2 ммоль/л., несепте ацетон - ++++. Сіздің науқасқа инсулинотерапия жасау әдісіңіз?

/

Қысқа әсерлі инсулин 0,1Ед/кг есеппен сағат сайын

/

Ұзақ әсерлі инсулин 0,5Ед/кг есеппен сағат сайын

/

Қысқа әсерлі инсулин 0,7Ед/кг есеппен сағат сайын

/

Комбинирленген инсулиді терапия 0,3 Ед/кг әр 6 сағат сайын

/

Қысқа әсерлі инсулин 1,0Ед/кг есеппен сағат сайын

!

14 айлық бала, дене қызуының жоғарлауына, түндегі ылғалды жөтелге, құсуға, салмағының төмендеуіне. Бір жаста ЖРВИ ауырған, сол кезден бастап ойын кезінде тез шаршайтын болған, ентігу, мазасыздық, құсу пайда болған. Жағдайы ауыр, белсенді емес. Өкпенің төменгі бөлімінде аздаған ылғалды сырылдар, ТАЖ – 44 рет/мин. Жүректің шекаралары сол жаққа қарай ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында қатқыл емес систолалық шу. Бауыр + 5 см. Ж?А: Hb-112 г/л, Эр-4,1х1012/л, Л-10,0х109/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. ЭКГ: стандарты әкетулерде QRS төмен вольтажы, синусты тахикардия, жүректің сол жа? б?ліміне күш түсу белгілері. Осы баланы емдеу үшін тағайындау ?ажет:

/

ЭхоКГ; жүрек гликозидтері, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, антибактериальді терапия

/

ЭхоКГ; стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар, β-адреноблокаторлар, седативті терапия

/

ЭКГ, ФКГ; жүрек гликозидтері, β-адреноблокаторлар, гепарин

/

ФКГ; β-адреноблокаторлар, диуретиктер, десенсибилизациялық терапия

/

ЭКГ; β-адреноблокаторлар, седативті терапия, перикард пункциясы

!

14 жастағы ұл бала. Кіші қол буындарындағы ауырсыну, таңертеңгілік буындардың құрысуы, дене қызуының 37,50 С-ге дейін жоғарылауы, қышқыл фосфатазаның лимфоциттерде, сілтілі фосфатазаның нейтрофилдерде жоғарылауы. Тағайындалды ацетилсалицил қышқылы 0,015 г 50-70 мг/кг дене салмағына тәулігіне, алмагель 1 ас қасық күніне 3 рет. Ацетилсалицил қышқылы қандай мақсатпен тағайындалды?

/

Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы мақсатпен, алмагель ульцерогенді әсерінің алдын алу үшін

/

Ацетилсалицил қышқылы дене қызуын төмендететін әсерімен байланысты, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты

/

Ацетилсалицил қышқылы қанның ұю қабілетін төмендету үшін, алмагель қоршайтын (обвалакивающим) әсеріне байланысты

/

Ацетилсалицил қышқылы қанны? ұю қабілетін төмендету үшін, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты

/

Ацетилсалицил қышқылы ауырсынуды басатын, алмагель қоймалжың (вяжущие) қабілетіне байланысты

!

ЛОР дәрігерде қабылдауда еркек науқас 38 жастағы тамағының ауырғанын, көбінесе солжағы, ауызын аша алмағынына және дене қызуына шағымданады. Анамнезінен: жіті ауырған, 5 тәулік, мұздай су ішкеннен кейін, емделмеген. Анамнезінде баспалар жиі болады. Қарағанда: басы солға бұрылған, сөздері анық емес. Шайнау еттердің тризмы орташа. Фарингоскопияда: ауызжұтқыншақтың кілегей қабыға қызарған, сол жағында инильтрат артқы таңдай доғамен бадамша бездің аралығанда орналасқан, тілшік пен жұмсақ таңдай ісінген және инфильтрилленген. Болжамды диагнозы қандай?

/

Солжақты артқы паратонзиллит

/

Солжақты алдынғы паратонзиллит

/

Жұтқыншақ артының абсцессі

/

Солжақты бүйірлі паратонзиллит

/

Солжақты төменгі паратонзиллит

!

28 жастағы әйел мұрыннан тыныс алуының нашарлауына, иіс сезу қабылеті төмендеуіне, бас ауруына шағымданасы.Сөзіне қарағанда 6 жыл бойы мазалайды, сонғы жылдары тамыртарылтқыш тамшылары көмектеспейді. Риноскопияда: төменгі кеуілжірлер гипертрофияланған, беті бүдір, қанды, жалпы мұрын жолдары тар, мұрын пердесі ортаңғы сыуықта. Мұрын қосолқы қуысының Рентгенограммасында пневматизациясы қалыпты. Қандай хирургиялық ем кілегей қабағын қорғайды?

/

Шырышты асты конхотомия

/

Аяншақ конхотомия

/

Транмукозды электрокаустика

/

Конхоэктомия

/

Мұрын кеулжірлерді жартылай алу

!

22 жастағы ер кісі, зоотехник. Жарықтан қорқу, көру қабілетінің аздап төмендеуі, көзінде шаншып ауру сезімі, ірi буындарда және омыртқаның бел-сегізкөз бөлiмiнде ауру сезімдері, субфебрилді температура, тершендік, әлсiздiкке шағымданады. Көз Түбiнде – макулалы аймақта торлы қабаттың дистрофиясы, көру нервінің невриті, шыны тәрізді дененiң майда лайланулары, алдыңғы камерада сұрлау-сары түсті экссудат, қасаң қабатта преципитаттар және алдыңғы синехиялар; лимфа түйіндері мен көк бауыры үлкейген.

Емдеуiдің қайсысы ең орынды?

/

Преднизолон таблетка түрінде

/

Интерферон тамшы түрінде

/

Левомицитин таблетка түрінде

/

Витамин кешені тамшы түрінде

/

Табиғи жас сұйықтық тамшы түрінде

!

Әйел адам 40 жаста. Шағымдары: ентігу, жүрек қағуы. Анамнездерінен: ревматикалық қызба. Объективті: акроцианоз, I тон әлсіреген, дөрекі систолалық шу оң жақ IV қабырғааралықта. ЭКГ: Р тісшесінің болмауы және (0,11 сек жоғары) деформацияланған қарыншалық комплекстің анық кеңеюі.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

/

қарыншалық экстрасистолия

/

жүрекшелер жыпылықтауы

/

қарыншаүстілік экстрасистолия

/

Пароксизмальды тахикардия

/

жүрекшелік экстрасистолия

!

Транспорттық иммобилизацияны дұрыс емес салған кезде қандай ерте асқыну дамуы мүмкін

/

ісіктің дамуы

/

аяқ-қолдың деформациясы және қысқаруы

/

аяқ –қол деформациясының қалыптасуы, буындардың контрактурасы

/

гематоманың қалыптасуы,жараның іріңдеуі

/

тамырлар ,жүйкелердің зақымдалуы,екіншілік ашық сынық

!

6 айлық балада, сан қатпарларының асимметриясы, сол аяғының 4 см қысқаруы, жалпақ валгусты табан анықталады. Жамбас сан буынында аяқты сыртқа қарап ашылуы нашар. Рентгенограммада сол сан сүйегінің сүйектену ядросы оң аяққа қарағанда кішкентай. Диагноз қойыңыз.

В) сол жақ аяқтың 4 см-ге қысқаруымен жүретін дисплазия, жазық –вальгусты табан

/

балалардың церебральды параличі

/

полиомиелит

/

туа біткен оң санның шығуы

/

туа пайда болған жалпақ вальгусты табан

!

Қосымша кан тамырларының төменгіполюсіндегі орналасқандагы гидронефротикалық трансформация кезінде,жедель серозды пиелонефритпен асқынғандағы қолданылатын ем

/

терілік пункционды нефростомия

/

Culp de Weerd операциясы

/

шүмекше-несепағар сегментін резекциялау

/

Фолея б/ша операция

/

антевазальды пиелоуретероанастомоз

!

Қуық экстрофиясы

/

Алдыңғы қабырғасының туылғаннан болмауы

/

Марион ауруы

/

Қуық екі еселенуі

/

Қуық эктопиясы

/

Қуық атониясы

!

Механикалық сарғаю байқалады:

/

Калькулезді холециститте

/

Жедел вирусты гепатитте

/

Созылмалы персистирлеуші гепатитте

/

Созылмалы гепатитте

/

Бауыр циррозында

!

Науқас іштің жоғары бөлімінде, белді айналдыратын, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық омыртқа бұрышында ауырсыну, осы аймақты алақан қырымен соққанда ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

/

Созылмалы панкреатит, өршу

/

Созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу

/

Созылмалы калькулезді холецистит, өршу

/

Созылмалы белсенді гепатит, өршу

/

Созылмалы аутоиммуннды гепатит, өршу

!

Сананың өшу формасы:

/

Сопор

/

Амнезия

/

Сенестопатия

/

Апатия

/

Галлюцинация

!

Шизофренияның паранойдты формасы жиі дамиды:

/

Ересек жас

/

Балалық шақ

/

Жасөспірім

/

Инволюция кезеңінде

/

Кәрілік жас

!

Науқас 37 жасар ер адам, кокайнды алғаш рет қабылдағанда күш қуатының артқанын сезінген, өзіне сенімділігі жоғарылаған, творчествалық қабілетінің артқанын сезінген.

Мұндай жағдай:

/

Мастық

/

Делирий

/

Абстиненция

/

Параноид

/

Деперсонализация

!

Науқас 65 жаста, ер адам ,есте сақтау қабілетінің бұзылысына, жазу, сөйлеу бұзылысына шағымданады, кеңістікті бағдарлауы бұзылған. Өзіне сын тағады, көңіл-күйі төмен, кемшілігіне байланысты қысылып, ыңғайсызданады.

Алғашқы диагноз:

/

Альцгеймер ауруы

/

Пик ауруы

/

Инволюциялық депрессия

/

Деперсонализация

/

Амнезия

!

Науқас 40 жаста, сонғы 2 жылда спирттік ішімдіктерді шамадан артық қабылдауда, соңғы тоқтаусыз ішуі 40 күнге созылған өздігінен 2 күн бұрын спиртік ішімдік тоқтатқан, осы уақыттан бастап мазасызданып түнде ұйықтамай, өз-өзінен гүбірлеп сөйлейді, сөздері түсініксіз. Қабылдау кезінде тынымсыз, тыпыршып бір орында тұра алмайды, жүзінде қорқыныш үрей сезімі байқалады. Қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды. Уақыт пен кеңістікті бағдарлай алмайды, өзіне бағдары сақталған қолының саусақтарымен айналасындағы құмырсқаларды теріп отырғанын айтады.

Жедел психотикалық бұзылыстың қай түрі сипатталған:

/

Делирий

/

Паранойд

/

Галюциноз

/

Алкогольдік мастанудың ауыр дәрежесі

/

Маниакалды-депрессивті психоз

!

Науқас 43 жаста, сонғы 3 жылда спирттік ішімдіктерді шамадан артық қабылдауда, соңғы тоқтаусыз ішуі 12 күнге созылған өздігінен 2 күн бұрын спирттік ішімдік ішуді тоқтатқан, осы уақыттан бастап мазасызданып түнде ұйықтамай, қорқынышты түстер мазалап ұйықтай алмаған, таныс емес дауыстар, айқайлаған адамдардың дауысын, атылған оқ дауысы естілген. Қабылдау кезінде қорқыныш сезімі сақталған.

Жедел психотикалық бұзылыстың қай түрі сипатталған:

/

Галлюциноз

/

Иллюзия

/

Делирий

/

Алкогольдік мастанудың ауыр дәрежесі

/

Маниакалды-депрессивті психоз

!

Моторлы (козғалу) афазия ненің зақымдануымен байланысты.

/

Брок аймағы (44 өрiс)

/

Мидың төбе бөлiмi (39-40 өрiс)

/

Тiласты нервi (12 жұп)

/

Вернике аймағы (22 өрiс)

/

Мидың қарақұс бөлiмi

!

Сырқатта VII және XII бас сүйек нервтерiнiң орталықтан зақымдану белгiлерi сол жақта, сол қолының ұшы сiресiп, сал болып қалған. Зақымдану ошағы қайда орналасқан.

/

Мидың оң жақ бөлігінде

/

Мидың сол жақ бөлігінде

/

Ортаңғы мида

/

Мишықта

/

Сопақша мида

!

Iсiк мидың қай жерінде орналасса атаксия, бұлшық ет серпiмдiлiгiнiң жойылуы, буын буынға бөле сөйлеу және нистагм пайда болады.

/

Мишықта

/

Ми бағанасында

/

Мидың маңдай бөлiгiнде

/

Мидың қарақұс бөлiгiнде

/

Мидың самай бөлiгiнде

!

Мидың артқы артерия бассейiнi зонасында болатын ишемиялық инсультқа тән:

/

Гемианопсия, гемиатаксия, амнестикалық афазия, ауырсыну, гемианестезия, алексия

/

Моторлы афазия, сенсорлы афазия, спастикалық гемиплегия,гемигипестезия

/

Гомонимдi гемианопсия, спастикалық гемиплегия, гемигипестезия

/

Көз-қимыл нервi (көз қозғалтқыш) арқылы қозғалатын көз алмасы бұлшық еттерiнiң сал болуы

/

Бет бұлшық еттерi қимылының жойылуы, спастикалық гемиплегия

!

45 жасар науқас әйел физикалық жүктемеден кейін пайда болған интенсивті бас аурумен, жүрек айнумен және қайталамалы құсумен ауруханаға түскен. Сырқаттанғанға дейін өзін дені сау сезінген.Тексерген кезде есі анық, артериальды қан қысымы -160/100 мм сын.бағ., пульс –минутына 70 рет соғады, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус; жарықтан қорқу, мойын бұлшық етінің ригидтілігі оң мәнді, парездер және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ.

1. Неврологиялық синдром ?

2. Болжамды клиникалық диагноз?

3. Қосымша зерттеулер?

/

Менингеальды синдром, субарахноидальды қан құйылу, люмбальды пункция, бас миының КТ-сы

/

Ортаңғы милық синдром, геморрагиялық инсульт,бас миының КТ-сы, люмбальды пункция

/

Жалпы милық синдром, геморрагиялық инсульт, допплерография, электроэнцефалография

/

Бульбарлы синдром, бас ми бағанына қан құйылу, люмбальды пункция, бас миының КТ-сы

/

Псевдобульбарлы синдром, ми инфаркты, бас миының КТ-сы

!

52 жасар науқаста суықтап аурудан кейін бел аймағында оң жақты балтырдың ішкі беткейіне және санның алдыңғы беткейіне берілген сыздап ауырсыну пайда болған. Обьективті: бел аймағында бұлшықет тығыздығы,бел лордозының тегістелуі,ауырсыну салдарынан алдыңғы артқы бағытттарда бел бөлімінің қозғалысының шектелуі. Мацкевич және Вассерман сиптомдары оң жақты оң нәтижелі.Оң жақты тізе рефлексі төмендеген.Оң балтырдың ішкі қырында гипоалгезия. Омыртқаның бел бөлімінің рентгенограммасында:L4-L5 дискілерінің биіктігінен төмендеуімен жүретін остеохондроз белгілері.Бел лордозының тығыздығы. 1) Диагноз қоюңыз. 2) Емін тағайындаңыз.

/

Омыртқа остеохондрозы , екіншілік түбіршікті синдроммен жүретін, жедел оң жақты радикулопатия L3-L4. 2.Омыртқа иммобилизациясы, анальгетиктер, рефлексотерапия, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, витаминотерапия (әсіресе В тобындағы витаминдер) , физиотерапия.

/

Тұмаудан кейінгі полинейропатия 2.ддезинтоксикациялық терапия,нерв-бұлшықет өткізгіштігін және нерв ұлпаларының метаболизмін жақсартатын препараттар, физиотерапия, ЕДШ және массаж

/

Созылмалы дистальды сенсорлы полинейропатия, 2. Төсектік режим, иммобилизация, анальгетиктер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, дегидратациялық ем, витаминотерапия, физиотерапия, рефлексотерапия

/

Гийена –Барре типтегі жедел сенсомоторлы полинейропатия, дезинтоксикациялық ем, витаминотерапия, физиотерапия

/

Жедел мультифокальды көптік полинейропатия. 2. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, витаминотерапия (әсіресе В тобындағы витаминдер) , физиотерапия

!

Дақты – папулёзді бөртпе қай ауруға тән:

/

Скарлатина

/

Қызылша

/

Жел шешек

/

Герпестік инфекция

/

бөртпелі сүзек

!

20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ғ С –қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++) , нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Қандай аурулар туралы ойлануға болады?

/

Менингококкты инфекция, менингит + менингококкемия

/

Тұмау, асқынуы менингит

/

Менингококкты инфекция, менингит

/

Менингококкты инфекция, менингококкемия

/

Екіншілік іріңді менингит

!

24 жастағы әйел сүйектерінің, буындарының, бұлшық еттерінің, басының ауырсынуына, мұрнының бітелуіне, құрғақ жөтел,тамағының аздап ауырсынуына шағымданады. 10 күннен бері дене қызуының субфебрильді болуы сақталуда. Эпигастрий аймағының ауырсынуы,1-2 рет ішінің өтуі болған. Қараған кезде: склерасының қан тамырларының инъекциясы және конъюнктивиті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, полилимфоаденопатия байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

/

Аденовирусная инфекция

/

Тұмау

/

Менингит

/

Парагрипп

/

Риновирусты инфекция

!

34 жастағы еркісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8 ғ С. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз:

/

Нәжісті бактериологиялық зерттеу

/

Қанды бактериологиялық зерттеу

/

Комплемент байланыстыру реакциясы

/

Полимеразды тізбектік реакциясы

/

Копрология

!

20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ғ С –қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++) , нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Менингококкты менингитте негізгі патогенетикалық терапияның компоненті болып табылады:

/

Дегидратация

/

Регидратация

/

Гемостатикалық терапия

/

Десенсибилизация

/

Серотерапия

!

40 жастағы еразамат тұрмыстық жағдайы төмен жұқпалы аурулар ауруханасына қалтырау, басының ауырсынуы, бөртпелердің шығуымен шағымданып келген. Клинико- эпидемиологиялық диагноз «Эпидемиялық бөртпелі сүзек» қойылды. Ең тиімді этиотропты препаратты көрсетіңіз:

/

Доксицилин

/

Трихопол

/

Пенициллин

/

Фуразолидон

/

Стрептомицин

!

Туберкулезге қарсы иммунитет түзілуі үшін қолданылады:

/

БЦЖ вакцинасы

/

АКДС

/

Қызылшаға қарсы вакцина

/

Полиомиелитке қарсы вакцина

/

Тұмауға қарсы вакцина

!

Адам ағзасына туберкулез көбіне қандай жолмен жұғады:

/

Аэрогенді

/

Трансмиссивті

/

Жатыр ішілік

/

Қатынас

/

Алиментарлы

!

22 жастағы медицина институтының студенті, шағымы жоқ, профилактикалық тексеру барысында кеуде сарайы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында сол өкпенің жоғарғы бөлігінде шеттері айқын емес аз интенсивті ошақты қараю анықталған. Бактерияскопияда қақырығы таза.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

/

Ошақты туберкулез

/

Инфильтративті уберкулез

/

Кавернозды туберкулез

/

Циррозды туберкулез

/

Туберкулема

!

Емханаға 16 жасар науқас қаралуға келді. Анамнезінде 8 ай бойы туберкулезге қарсы диспансерде емделген. Қақырық анализінде туберкулез микобактериясы изониазид пен рифампицин дәрілеріне тұрақты болған. Категориясын анықтаныз:

/

IV

/

II

/

І

/

III

/

V

!

Жүктіліктің қай мерзімінде жүрек-қан тамыр жүйесіне күш түседі?

/

28-29 аптада

/

12 аптаға дейін

/

16 аптаға дейін

/

23-24 апта

/

35-36 аптада

!

Жүктілік кезінде туберкулездік процесстің өршуі қай кезде байқалады?

/

жүктіліктің І және ІІI триместрінде

/

жүктіліктің І триместрінде

/

жүктіліктің ІІ триместрінде

/

жүктілік аяғында

/

жүктіліктің ІІ жіне ІІІ триместрінде

!

Әйелдер кеңесіне С.атты жүкті әйел келді, жүктіліктің мерзімі 34-35 апта. Шағымдары таңертең жоқ болатын аяқтарының, іштің алдыңғы қабырғасының, беттің ісінулері. Соңғы аптада 700 гр салмақ қосқан. АҚҚ 110/70 мм с. бағ.екі рет өлшеуінде,зәр талдауы патологиялық өзгеріссіз екі рет тексергендеде. Сздің болжама диагнозыңыз?

/

жүктілердің ісінуі

/

жүктілітің 34-35 аптасы

/

преэклампсияның жеңіл дәрежесі

/

преэклампсияның ауыр дәрежесі

/

эклампсия

!

Қайталап жүкті болушы 25 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасы, плацентаның жолда орналасуы мен қанды бөліністер көрінгенннен кейін 1 сағаттан соң түсті. Не істеу керек?

/

босануды қоздыру

/

кесар тілігі

/

акушерлік қысқаш

/

спазмолитиктер енгізу

/

қан тоқтатаын дәрілерді енгізу

!

Қайталап жүкті болушы 26 жаста, ұрық қимылын сезбегеннен 30 минуттан кейін жедел жәрдем көмегімен келіп түсті. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 90/60 мм сын бағ, жатыры қозған, ұрық бөліктері анықталмайды, ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды бөліністер бар. Толғақ қызметі жоқ, қандай патология туралы ойлау керек?

/

жатырдың жыртылуы

/

плацентаның уақытынан бұрын толық ажырауы

/

плацентанның ұрық жолында орналасуы

/

плацентаның уақытынан бұрын жартылай ажырауы

/

кіндік бауының қабыққа бекуі (плевистое прикрепление)

!

Сүйектің туберкулездік зақымдануы бар жүкті әйелдерді жүргізу тактикасы:

/

жүктілікті мерзіміне дейін жеткізу

/

12 аптаға дейін жүктілікті үзу

/

35-36 апталық мерзімде жүктілікті үзу

/

жүктілік кезінде туберкулезге қарсы ем жүргізу

/

туберкулездің бұл түрінде кез келген мерзімде жүктілікті үзу

!

Жүктілердің қанында не үшін α -фетопротеин деңгейі анықтылады:

/

туа біткен және тұқым қуалаушылық ұрық ауруларын және жүктілік асқынуларын анықтау үшін

/

токсоплазмозды анықтау үшін

/

гестоздың ауырлық дәрежесін анықтау үшін

/

жүктілікті анықтау үшін

/

жүктіліктің мерзімін анықтау үшін

!

Мерзімі 32 апта жүкті әйелде дамып келе жатқан бала жолдасының мезгілінен бұрын бөліну белгілері пайда болды.Ұрықпен әйелдің жағдайы қанағаттарлық. Перзентханаға жедел жатқызылды. Акушерлік тактиканың ең мүмкіні:

/

кесар тілігі

/

интенсивті терапия и жүктілікті сақтау кесар тілігі

/

босануды қоздыру және окситоцинмен ынталандыру

/

амниотомия

/

динамикада бақылау

!

Әйелдер кенесіне келген жүкті әйел көз алдындағы қарауытулардың пайда болуы мен басының ауруына шағымданады. Тексеруде АҚҚ 170/90 мм.с.б.б. Дәрігердің іс-әрекеті?

/

магнезия сульфатты көк тамырға еңгізу және жедел жәрдем көлігімен шұғыл стационарға жатқызу

/

стационарға жолдама беру

/

шұғыл госпитализация және жүктілік патологиясы бөлімінде гестозды емдеу

/

амбулаторлы бақылау жүргізу

/

келесі дәрігерлік қабылдауға шақыру қағазын беру және үйіне жіберу

!

Протеинурия жүктілік кезінде қандай патологияға тән?

/

преэклампсияға

/

гломерулонефритке

/

циститке

/

жатыр қосалқыларының қабыну ауруларына

/

Пиелонефритке

!

Преэклампсияның ауыр дәрежесін емдеу нәтижесіз болып, әрі жатыр мойыны жетілмегенде қандай іс - әрекет қажетті?

/

кесар тілігі операциясымен босандыру

/

табиғи жолмен босандыру

/

жатыр мойынын жетілдіру

/

амниотомия жасап, босануды қоздыру жүргізу

/

қарқынды терапияны жалғастыру

!

Жүкті әйелдерде ауыр преэклампсия кезінде диурез неге байланысты:

/

шумақтық фильтрациядан

/

түтікшелік реабсорбциядан

/

бүйрек паренхимасының өзгерістерінен

/

тамырлардың перифириялық қарсылығынан

/

бүйрек тамырларының тарылуынан

!

27 жаср қайта босанушы, анамнезінде 3 өздігінен түсік тастау, мерзімі 38-39 апталық жүктілік тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Ең ықтимал диагноз:

/

Бала жолдасының жатуы

/

Бала жолдасының бөлінуі

/

Кіндіктің перделік жабысуы

/

Босану хабаршысы

/

Босану қызметінің басталуы

!

Лимфогранулематоз диагнозы ... жолмен нақты анықталады.

/

морфологиялық

/

рентгенологиялық

/

эндоскопиялық

/

клиникалық зертханалық

/

клиникалық

!

Жатыр мойыны қатерлі ісігіне тән белгілер.

/

жыныс жолдарынан ақ түсті сұйықтық және қан бөлінуі, ауырсыну

/

тәбет төмендеуі, жүрек айнуы

/

дене қызуы жоғарылауы, лейкоцитоз

/

анемия, әлсіздік, диспепсия

/

кахексия, салмақ жоғалту

!

Асқазан-ішек жолдары қатерлі ісіктерін анықтаудағы мәліметі жоғары тексеру әдісі.

/

эндоскопиялық тексеру

/

асқазан сөлін анықтау

/

биохимиялық талдау

/

ангиография

/

қан, зәр талдаулары

!

Асқазанның жекелеген полиптері кезінде негізінен ... емі қолданылады.

/

эндоскопиялық полипэктомия

/

оперативтік

/

сәуле

/

химиотерапия

/

үйлестірілген

!

Капоши саркомасы ... терісінде жиі орналасады.

/

аяқ

/

бет

/

бас

/

кеуде

/

дененің кез келген жерінің

!

Остеобластокластомалардың қатерлі ісікке айналғанының белгілері.

/

ауырсыну, ісіну, қызметтік бұзылыстар

/

тез салмақ тастау

/

дене қызулауы, қан талдауында ЭТЖ жоғарылауы

/

сүйектердің патологиялық сынулары

/

әлсіздік, тәбет төмендеуі, ұйқышылдық

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


написать администратору сайта