Главная страница

тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика


Скачать 1.34 Mb.
Название. А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Дата18.05.2021
Размер1.34 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест воп.docx
ТипДокументы
#206463
страница5 из 31
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
оциттер 16х109/л дейін.

Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысын бірінші кезекте орындау керек?

/

Кеуде қуысының рентгенографиясы

/

Қанның иохимиялық талдауы

/

Артериальды қанның газын анықтау

/

Қақырық талдауы

/

Қанның антибиотиктерге сезімталдығына себу

!

Ер адам 55 жаста, тәулік ішінде қақырықты жөтелге, тез жүрген уақытта, аздаған жоғарлыққа көтерілгендегі ентігу шағымданады. Анамнезінде 25 жыл ішінде күніне 1 қораптан темекі шегеді (20 сигарет). Соңғы 5 жылда тұмауратып ауырған кезде ентігудің күшеюін айтады.

Осы жағдайға ентігудің Medical Research Council Dyspnea Scale (MRS) шкаласы бойынша дәрежесі жатады?

/

1 дәрежесі

/

0 дәрежесі

/

2 дәрежесі

/

3 дәрежесі

/

4 дәрежесі

!

Ер адам 49 жаста, 2 айдан астам таңертеңгілік шырышты қақырығы бар жөтелге, физикалық жүктемеге ентігуге шағымданады. 20 жыл ішінде күніне 20 сигареттен шылым шегеді, ішімдікті көп ішеді. Қарап тексергенде –кеуде қуысының деформациясы - «етікшінің кеудесі».

Төменде көрсетілгендердің ішіндегісі созылмалы обструктивті өкпе ауруының (СОӨА) дамуына қауіп факторы болып табылады?

/

Белсенді және белсенді емес темекі шегу

/

Кеуде қуысының құрылысының аномалиясы

/

IgM өндірілуінің төмендеуі

/

Ішімдікті көп қолдану

/

Біріншілік өкпе гипертензиясы

!

Ер адам 43 жаста, жүргізуші. Профқарауда. Темкі шекпейді, ішімдік ішпейді. Тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек үндері анық, ритмді, артериальды қан қысымы 110/70 мм сын бағ, ЖЖЖ 70 соққы/мин. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауыру сезімсіз. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасының шетінде орналасқа, оң ортаңғы – бұғаналық сызықпен; жұмсақ, шамалы домаланған, тік, ауыру сезімсіз. Курлов бойынша бауыр өлшедері 9-8-7 см.

Қарап тексергенде – білезіктің дистальды саусақ фалангаларының қалыңдауы, науқастың айтуы бойынша – бала кезінен.

«Барабан таяқшаларының» симптомының пайда болуына ең мүмкін?

/

Тұқымқуалайтын аномалия

/

Идиопатиялық өкпе фиброзы

/

Өкпе обыры

/

Остеоартропатия

/

Бауыр циррозы

!

28 жастағы әйел адам, екі апта бойы мазалайтын жөтел, шырышты қақырықпен, мұрын қосалқыларының аймағындағы жағымсыз сезім, тыныс алу жолдарына шырыштың ағуы.

Қай диагностикалық зерттеу әдісін жүргізген жөн?

/

Мұрын қосалқыларының рентгенографиясы

/

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

/

Спирометрия

/

Бронхография

/

Кеуде клеткасының мүшелерінің рентгенографиясы

!

38 жастағы әйел адам, аздаған шырышты қақырық бөлінетін, ентікпемен бірге жүретін азапты жөтелге, дене температурасының 38,5ºС дейін жоғарлауына шағымданады. Тұмаудан кейін ауырған. Анамнезінен –15 жыл бойы темекі шегеді. Қарап тексергенде: аңқасында гиперемия. Аускультативті – тынысы қатаң, құрғақ сырылдар. Спирометрия кезінде – обструктивті синдром. Рентгенографияда - өкпе суретінің күшеюі.

Аталған жағдайда қай топ препараттарын тағайындағын жөн?

/

β2-адреномиметиктер

/

Антибактериалды

/

Вирусқа қарсы препараттар

/

Глюкокортикоидтар

/

Жөтелге қарсы

!

42 жастағы ер адам, ентікпемен қосарланып жүретін, үш аптадан аса мазалайтын жөтелге, соңғы бір аптада іріңді қақырық бөлінуіне шағым айтады. Анамнезінен –20 жыл бойы күніне 20 темекіден шегеді. Рентгенография – өзгерістер табылмады.

Аталған жағдайда қай маманның консультациясы қажет?

/

Пульмонологтың

/

Гастроэнтерологтың

/

Оториноларингологтың

/

Инфекционистің

/

Кардиологтың

!

Науқас туысымен бірге кездейсоқ өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бойынша денсаулық мектебіне қатысты. Үнемі темекі шегетіні жайлы айтады. Дәрігер темекінің зияны туралы түсіндіру жұмысын жүргізіп, ары қарай темекі шегетін болса ауруға шалдығатындығы жайлы айтады.

Егер науқас ары қарай темекі шеккенін тастамаса болжамалы қанша уақыттан кейін ӨСОА пайда болады?

/

10 жылдан кейін

/

3 жылдан кейін

/

5 жылдан кейін

/

7 жылдан кейін

/

15 жылдан кейін

!

42 жастағы науқас, суықтанудан кейін пайда болған жөтелге шағымданады. Анамнезінде созылмалы бронхит. Дәрігермен қақырықтың зерттеуі тағайындалады.

Асқыну кезінде қақырық зерттеуінде не болуы ықтимал?

/

Көп мөлшердегі нейтрофилды лейкоциттер

/

Көп мөлшердегі атипия белгілері бар жасушалар

/

Көп мөлшердегі эозинофилдер

/

Көп мөлшердегі эластикалық талшықтар

/

Көп мөлшердегі эритроциттер

!

32 жастағы ер адам, жатарда тойып жеген тамақтан кейін пайда болатын аз қақырықты жөтелге шағымданады. Жөтелі денесінің қалпын өзгерткеннен кейін басылады.

Ажырату диагностикасын жүргізу мақсатымен қандай диагностикалық зерттеу өткізу керек?

/

Фиброэзофагогастродуоденоскопия

/

Қақырықты бактериологиялық зерттеу

/

Бронхография

/

Спирометрия

/

Кеуде клеткасының мүшелерінің рентгенографиясы

!

57 жастағы науқас, тамақтан кейін бір сағаттан кейін пайда болатын орта сызықтан солға қарай төс шеміршек аймағындағы ауру сезімге, жүрек айну мен кекірікке шағымданады. «Деформациялаушы остеоартроз» диагнозымен диспансерлік санауда тұрады, жиі суықтанып ауырады; үнемі, кейде ұзақ уақыт ем алып тұрады.

Асқазанның шырышты қабатының жаралық зақымдануын төменде көрсетілген препараттардың қайсысы шақыруы мүмкін?

/

Диклофенак

/

Эритромицин

/

Алюминий сульфаты

/

Метронидазол

/

Амоксициллин

!

Науқас 49 жаста, шаштараз, тоңғақтыққа, жылы бөлмеде табанының суықтануына, көгеруіне, горизонтальды жағдайда күшеюіне; 200 метр жүрген кезде бұлшықеттерінде ауыру сезім мен қозғалысының шектелуіне шағымданады. 25 жыл ішінде күніне 10 сигареттен шегеді. Анамнезінде артериальды гипертензия; үнемі ем қабылдайды. Гиперстениялық дене бітімді. Иық-төстік индекс 0,7.

Осы жағдайда қандай маммандықтың кеңесң ең тиімді?

/

Қантамырлық хирург

/

Кардиолог

/

Жалпы хирург

/

Терапевт

/

Диетолог

!

Ер адам 57 жаста. Журек тұсында ұзақтығы 40 минутқа жететін қысып ауру сезімі пайда болғанына, аралас түрлі ентікпеге, үрейге, айқын әлсіздікке шағымданып келді. Объективті: жағдайы өте ауыр. Төсекте мәжбүрлі қалып, басы көтерінкі. Тері жабындысы бозғылт, ылғалды. Өкпесінде екі жақты кіші және орташа көпіршікті сырылдар, бірен саран құрғақ сырылдар. ЖСЖ 120 минөтіне, АҚ - 110/80 мм рт. бғ. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасымен. ЭКГ - ST сегментінің көтерілуі III де, AVF шығысында.

Қарыншалардың фибрилляциясы дамуының ең қауыпты уақыты?

/

Ауру басталғаннан 1,5-2 сағат ішінде

/

Ауру басталғаннан 2-3 күн ішінде

/

Ауру басталғаннан 7-10 күн ішінде

/

Ауру басталғаннан 20 күн ішінде

/

Ауру басталғаннан 30күн ішінде

!

Науқас 53 жаста, жұмыссыз. Дене қызуының 39,5 °С көтерілуне, тершеңдікке, қалтырауға, ентікпеге және аздаған физикалық жүктеме кезіндегі бас айналуға, әлсіздікке, тәбеттің болмауына, сонғы екі айда денен салмағының 2 келеге азаюына шағымданып келді. Екі жарым ай бұрын тісін жұлдыртқан. Жалпы қан анализінде - лейкоциттер 14 х109/л, ЭТЖ 24 мм/сағ. Жідеу. Тері жабындылары сарғыш бозғылт, тургоры төмендеген, алақандарында 3мм диаметрлі геморрагиялық дақ. ЭхоКГ: аорта клапанының бағанында 1,0х0,8 см өлшемді эхогенді түзіліс бар.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы гемокультуралардың теріс нәтиже бруіне себепкер болуы мүмкін?

/

Бактериемияның болуы, НАСЕК тобындағы микроорганизмдердің болуы шартымен

/

Әр көктамырлардан алынған қан.

/

Дене қызуының көтерілген кезде алынған қан

/

Катетерден алынған қан

/

Бактериемияның болуы, резистенті штамды стафилококк микроорганизмдердің болуы шартымен

!

Ер адам 23 жаста, көктамыр арқылы нашақор. Дене қызуының 5-6 апта аралығында 38ºС дейін көтерілуіне шағымданады. Астеникалық дене бітім. Денесінде және конъюнктивасында геморрагиялық бөртпелер. «Барабан таяқшалы» саусақтар, «сағат әйнекті» тырнақ пластиналары.

Көктамыр арқылы нашақорға нфекциялық эндокардит диагнозын қоюға төменде көрсетілген мағмұматтаррдың негізгісін табыңыз?

/

Пневмониямен, демалу жетіспеушіліктерімен және тромбоэмболиялық синдромның дамуымен асқынатын және систолиялық шумен көрінетін трикуспидальдық клапанның зақымдануы.

/

Қан түкірумен айқын өкпелік гипертензиямен көрінетін өкпе ұшындағы диастолалық шудың қалыптасумен болатын митральды клапанның зақымдануы.

/

Коранарды және ишемиялық симптоматикамен аорта клапанының екінші қабырға аралығында және мойын тамырларына берілетін систоликалық шумен қалыптасатын зақымдануы.

/

Диффузды гломерулонефрит симптомымен болатын аурудың монифестациясы.

/

Жүрек жетіспеушіліктерімен және тромбоэмболиялық синдромның дамуымен асқынатын және систолиялық және диастоликалық функциялардың жетіспеушілігімен көрінетін барлық камералардың дилатациясы.

!

Қыжыл, қышқылмен кекіру, жұтынудың қиындауы деген шағымдары бар науқас. Эндоскопия жүргізгенде жайылған рефлюкс эзофагит – жергілікті эрозия, циркулярлы емес.

Классификация Savari-Miller бойынша ГЭРА дәрежесін анықта?

/

II дрежесі

/

Степень 0

/

I дәрежесі

/

III дәрежесі

/

IV дәрежесі

!

Науқас 45 жаста гастроэзофагеальды рефлюкс ауруының II дәрежесі (Savary-Miller бойынша), ассоциирленбеген H. Pylori. Ем қабылдауда.

Фиброэзофагогастродуоденоскопияны пайдаланып ГЭРА емнің нәтижесін бақылауға қашан болады?

/

8 аптадан кейін

/

2 аптадан кейін

/

4 аптадан кейін

/

6 аптадан кейін

/

10 аптадан кейін

!

Науқас 56 жаста. Кеуде тусындағы қысқа уақытты қысатын ауру сезімдеріне шағымданып келді. Ұстама кезінде дәрігер ЭКГ жүргізді.

Стенокардия ұстамасына тән ЭКГ өзгерістерін көрсетіңіз?

/

ST сегментінің 1 мм ге депрессия

/

Интервал PQ > 0,20 с

/

ST на 5 мм сегмент көтерлуі

/

QRS комплексінің түсіп қалуына дейін баратын PQ интервалының узаруы

/

PQ < 0,12 с, дельта-толқындарының болуы,  QRS комплестері кең, интервал ST және  T тісі дискордантны комплекс QRS

!

Науқас 56 жаста. Бір ай бұрын миокард инфарктысын алды, анамнезінде ә типті қант диабеті. Дәрігерге бастапқыда келу жиілігін көрсетіңіз?

/

1 айда 1 реттен кем емес

/

2 айда 1 реттен кем емес

/

3 айда 1 реттен кем емес

/

4 айда 1 реттен кем емес

/

6 айда 1 реттен кем емес

!

Науқас 74 жаста. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауру, перенес аортокоронарды шунттау жүргізілген. Уақытылы ем қабылдап тұрады.

Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің мөлшерін көрсетіңіз ( ЕОК ұсынысы бойынша, 2012, 5 біріккен топ жұмысы)?

/

< 1.8 ммоль/л

/

< 2,5 ммоль/л

/

< 2,8 ммоль/л

/

< 3,0 ммоль/л

/

< 3,8 ммоль/л

!

1 жасқа дейінгі бала жылына ЖРА қанша рет ауырған кезде жиі ауыратын балалар санына қосамыз (жылына эпизодтар):

/

4 және көп;

/

2 және көп;

/

7 және көп;

/

6 және көп;

/

3 және көп;

!

Табиғи тамақтанууда қанша жаста бірінші қосымша тамақтануды енгізу ұсынылған?

/

5-6 ай

/

6-7 ай

/

7-8 ай

/

8-9 ай

/

9-10 ай

!

Қандай минусты ауа райы кезінде дала да серуендеуге болады?

/

«- 15ºС» дейін

/

«- 5ºС» дейін

/

«- 20ºС» дейін

/

«- 25ºС» дейін

/

«- 30ºС» дейін

!

Бала 1 ай. Туылғандағы дене салмағы 2200 г, ұзындығы 40 см. 1 айлығында жалпы тәжірибелі дәрігер қараған кезде: массасы 2800, ұзындығы 44 см; қыз аз қоғладаы, ұйқышыл, кеудені емгенде әлсірейді. Йық маңындағы тері жабындылары шашпен жабындылаған. Денесі мен аяқ – қолдарында тері асты қабаты нша дамыған. Тыныс алуы аырғақты, 4-5 сек апноэ болды. Тныс алуы 42 рет минутына. Жүрек үндері қатаң, ырғақты. Жүректің жиырылу жиілігі 140 рет минутына. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Буындық рефлекстер мен туа біткен рефлекс жоғарлаған, Моро рефлексі спонтанды.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

/

Шала туылудың 1 дәрежесі

/

Шала туылудың 2 дәрежесі

/

Шала туылудың 3 дәрежесі

/

Мерзіміне келіп туылғған

/

Мерзімінен асып туылған

!

Балаға 21 күн. Анасы баласының мазасыздығына, түңгі ұйқысының нашарлауына, қатты талапты айқайлауына шағымданады. Кеуде мен сосканы қызғанышпен емеді, тәулігіне 200 – 250 мл суды жақсы ішеді. Анамнез: 40 аптасында, дене салмағы 3750 г, ұзындығы 52 см туылды. Апгар бойынша 9/10 балл. Анасы баласын қатаң уаұыт бойынша тамақтандырады, тәулігіне 5 рет, түңгі 8 сағаттық үзіліспен. Өзінде лактация қалыпты де санайды. 21 күні дене салмағы 3940,бақылау тамақтануда 60 мл бір емшектен емді. Емізіп болған соң кеуде сыққан кезде тағы да 10 мл сут шықты. Тамақтану кезінде және одан кейңнде бала мазасыз, ашуланғыш. Объективті: тің тургоры шамалы төмен.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

/

Тамақтану бұзылысы, гипогалктия

/

Тамақтану бұзылысы, гипергалактия

/

Тамақтану бұзылысы, дистрофия

/

Тамақтану бұзылысы, гипертрофия

/

Тамақтану бұзылысы, гипотрофия

!

Бала 7,5 ай. Шағымы: мазасыздыққа, кенеттен дыбыстарға сілкенуі, әлсіздік; нашар ұйықтайды. Өз бетінше отырмайды, тістері жоқ. Анамнезінде: 1 айдай кеуде еміп, жасанды тамақтандыруға ауысты. Объективті: тері жабындылары таза, бозғылт. Шүйдесінде шашының түсуі мен қалындауы анықталады. Үлкен еңбегі 3,0х3,0 см, шеттері жұмсақ. Тің тургоры төмен. Кеуде қуысының апертурасы төмендеген. Бұлшықет тонусы төмен, іші «бақа тәрізді», іштің тік бұлшықеттерінің ажырауы. Қанның биохимилық талдауы: жалпы белок – 60 г/л, жалпы кальций – 2,5 ммоль/л, кальций иониз. – 0,8 ммоль/л, фосфор – 1,2 ммоль/л, ЩФ – 900 Ед/л.

Төмендегі диагноздардың қайсысы ең тән?

/

Рахит,өршу
/


Пиелонефрит,өршу
/

Спазмофилия,өршу
/

Рахит, ремиссия

/

Сау

!

Бала 6 ай. Объективті: тершендлікітің доғарлауына, краниотабес, кеуде қуысының төменгі апертурасы ашық. Бұлшықет тонусы төмен, іші «бақа тәрізді», іштің тік бұлшықеттерінің ажырауы, гипотониясы. Сиыр сүтімен тамақтантандырлды, қосыиша тамақтандыру қабылдаған. Қанда Са 2,04 ммоль/л, Р - 1,31 ммоль/л.

Осы жағдайда рахиттың қандай жағдайы болуы мүмкін?

/

Нағыз кезеңі
/

Бастапқы
/

Реконвалесценция
/

Қолған көріністер
/

Өршу

!

Бала 6 ай. Қарап тексергенде: іші пен аяқ – қолдарында тері асты қабаты жоқ. Тері жабындылары сұр реңді бозғылт, құрғақ, тез қатпарларға жиналады. Тің тургоры, бұлшықеттік масса мен бұлшықеттік тоныс кенеттен төмендеген. Дене салмағы қалыптымен салыстырғанда 23% төмендеген (бойына шаққанда).

Баланың жағдайын қалай бағалау керек?

/

Гипотрофия 2 ст.

/

Нормотрофия

/

Паратрофия

/

Гипотрофия 1 ст.

/

Дистрофия

!

Бала 8 лет. Шағымы: 2 күндей іш ауырады. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, барлық аймақтары пальпацияланады, бауыр қабырға доғасында, көкбауыр пальпацияланбайды. Дененің бүйір беткейінді – жұмсақ сақиналы эритема. Жалпы қан талдауы: лейкоцитер- 11х109/л, ЭТЖ 6 мм/сағ. Келесі күні буындарының ауыру сезімі, ісіңуі, жүрек үндерінің кеңеюі, жүрек үндерінің тұйықталуына, пульс 116 рет минутына, дене температурасы 37, С көтерілуі қосылды.

Осы науқаста қандай диагноз ең мүмкін?

/

ревматизм

/

жедел аппендицит

/

геморрагиялық васкулит

/

ревматоидты артрит

/

Жалған туберкулез

!

Бала 3,5 ай. 1,5 айынан бастап тершенділік, ұйқысының мазасыздығы, жоғары қозушылық, сілкену, ОЖЖ зақымдану белгілері деп анықталды. Шүйдесінде шаштың түсуі мен қалыңдауы, үлкен еңбегі 2,5х3,0 см, шеттері жұмсақ. Бассүйегінің пальпациясы кезінде шүйде сүйегінің ауыру сезімі мен жұмсаруы анықталады. Кеуде қуысы иілгіштік, төменгі апретурасының кеңеюі, «гаррисон төмпешігі» қалыптасқан. Айқын бұлшықеттік гипотония, тің тургоры төмендеген, «бақа тәрізді». Бала эмоциональды лабильды, мазасыз, жоғары тершенділік байқалады. Үлкен дәреті іш қатуға жақын.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

/

Рахит II дәрежесі, нағыз кезең, жедел ағым

/

Рахит III дәрежесі, реконвалесценции, жеделдеу ағым

/

Рахит I дәрежесі, қалдық көрініс, жедел ағым

/

Рахит III дәрежесі, өршу, жеделдеу ағым

/

Рахит II дәрежесі, бастапқы, жедел ағым

!

Бала 7 ай. Шағымы: тырысу ұстамаларына. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, мұрынна су ағу, сирек ылғалды жөтелге, қарап тексергенге белсенді қарсылық көрсетеді, айқайлайды. Балада шүйдеде шаштың түсуы мен қалыңдауы, айқын маңдай мен төбе төмпешіктері, үлкен еңбегі 3,5х3,5 см анықталады. «гаррисон төмпешігі», «қабырғалар моншағы» пальпацияланады, тісері жоқ. Карпо-педальды спазм, Хвостек симптомы оң анықталады. Бала аз эмоциональды, сирек бұрылады, жоғары қозушылық анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

/

Спазмофилия

/

Бронхиолит

/

Бронхит

/

Невроз

/

Эпилепсия

!

Қыз күндік. Туылғандағы дене салмағы 3100 грамм, ұзындығы 51 см. Объективті: Тері жабындылары шамалы иктерирленген, мұрын қалқанында, төмпешігінде ақшыл – сарғыш ұсақ дақтар, іште іріпластинкалы қабыршақтануы анықталады. Кіндік жарасы таза, сыртқы жыныс ағзаларының ісіңуі анықталады.

Осы клиникалық жағдай қандау шекаралық жағдайға тән?

/

Милия

/

Токсикалық эритема

/

Гемолитикалық ауру

/

Жыныстық криз

/

Жай эритема

!

Қыз 4 күндік. Бірінші жүктілік, бірінші туыттан. Туылғандағы салмағы 3100 грамм, ұзындығы 51 см, 3 тәулікте кеудесі мен ішінде бөлектенген теміреткі, сүт бездерінң симметриялы қатаюы мен қынаптан қан кетуі пайда болды. Іші жұмсақ. Дәреті каша тәріздес, тәулігіне 6 рет. Қанның биохимилық талдауы: билирубин: тікелей емес -140 мкмоль\л, тікелей – жоқ.

Осы симптоматика қандай жағдайға тән?

/

Жыныстық криз

/

Жаңа туылғандардың маститі

/

Гемолитикалық сарғаю

/

Жаңа туылғандардың физиологиялық диспепсиясы

/

Жаңа туылғандардың токсикалық эритемасы

!

Бала 2 жаста. Шағымы: дене температурасының 38,5°С дейін жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне, жөтелге, мұрынна бөлінісіне. Анамнез: кешке таман ұзақ уақыт серуендеген соң суықтанудан кейін ауырды. Объективті: әлсіз, капризды, дөрекі жөтел, «үрген тәрізді», мұрыннан суық ағуы, дауысының қарылдауы. Түнде жағдайы нашарлайды, төс тесігінің кіріңкілімен инсператорлы ентігу анықталады, тыныс алуы 40 рет минутына. Өкпесінде өкпелік дыбыс, қатаң тыныс естіледі.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

/

ЖРВИ, жедел ларинготрахеитпен асқынған, жұтқыншақ стенозы 2 дәрежесі

/

ЖРА, обструктивті бронхитпен асқынған, ТЖ 3 дәрежесі

/

ЖРВИ, ларингитпен асқынған, жұтқыншақ стенозы 3 дәрежесі

/

ЖРА, обструктивті бронхитпен асқынған, ТЖ 1 дәрежесі

/

ЖРВИ, жедел назофарингитпен асқынған

!

Бала 6 ай. ЖРВИ науқаспен контактіде болған. Жедел ауырды. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық. Бала мазасыз. Мазасыздық кезінде инспираторлы ентігу 60 дейін, үрген тәрізді ұстамалы жөтел пайда болды. Тыныштықта тыныс алу бір қалыпты, кеуде қуысының кіріңкі жерлері жоқ. Дауысы қарлыққан.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

/

ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз I дәрежесі

/

ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз II дәрежесі

/

ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз III дәрежесі

/

ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз IV дәрежесі

/

ЖРВИ, ларинготрахеит стеноз V дәрежесі

!

Ұл 13 ай. 8 кг салмағы. Дене тепературасы – 37,5ºC. Анасы соңғы 3 аптада құрғақ жөтел мазалайтыны айтты. Ешқандай жалпы қауіпті белгілер жоқ. Тыныс алуы 41 рет минутына. Кеуде қуысының кіріңкі жерлері жоқ. Бала тыныс шығарғанда сырыл естіледі. Тыныштық жағдайнда ысқырықты сырылдар жоқ. 3 реттік бронх кеңейткіш заттарды қабылдаған соң тыныс алуы 41 рет минутына анықталды. Іштің өтуі, қызба мен құлақпен проблемасы жоқ. Дене салмағының төмендеуі, аяқтарының ісіңуі де жоқ. Алақандары бозғылт, аппақ.

БАБЖ бойынша төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең мүмкін?

/

Пневмония

/

Бронхит

/

Анемия

/

Диарея

/

Гипертрофия

!

Қыз 10 күндік. Құсуға шағымданады. Объективті: бала айқайлайды, мазасыз, құсқан массасы тамақтанған тамақ көлемінен аспайды. Іші кепкен, пальпацияда ауыру сезімсіз, үнемі ауа шығып тұрады, дәрете сарғыш, каша тәрізді, зәр шығару еркін, ауыру сзімсіз.

Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ең тиімді?

/

Эндоскопиялық

/

Ультрадыбысты

/

Рентгенографиялық

/

Биохимиялық

/

Жалпы клиникалық

!

Қыз 2 апталық. Емізіп болған соң көп мөлшерде құсып, фонтанды құсумен жалғасты. Құсу массасы тамақтанған сүт көлемінен асады. Объективті: ұйқышыл, терісі құрғақ, тің тургоры төмен, аяқ – қолдарының треморы, бұлшықеттік гипертония анықталады. Баланы тамақтандырған кезде асқазанның перистальтикасы көрінеді. Зәр шығаруы сирек. Іш қатуға бейім.

Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ең тиімді?

/

Фиброгастродуоденоскопия

/

Рентгенологиялық зерттеу

/

Колоноскопия

/

Ішек флорасын зерттеу

/

Ультрадыбысты зерттеу

!

Қыз 3 ай, екінші АКДС + полиомиелит вакцинациясы алдын алу егуі жасалды. Алдында жасалған АКДС + полиомиелит вакцинациясын жақсы өткізді. Кешке қарай дене температурасы 390С дейін көтерілді, мазасыздығы жоғарылады, тырысу болды. Объективті: вакцина жасаған орында тің 8 см диаметріне қалыңдаған, гиперемия. Тырысулар литикалық қоспа мен суықтандырудың физикалық әдістерін қолданған соң қайталаған жоқ.

Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

/

Вакцинация аяқталды

/

АДС-М вакцинациясы ары қарай жалғасуы мүмкін

/

Вакцинация алдын ала дайындықпен жүргізіледі

/

Вакцинацияны қалыпты мерзімде жалғастырады

/

Вакцинацияға абсолютті медициналық әкетуі бар

!

Ұл 1,5 жаста, бірінші АКДС ревакцинациясы жасалды, алдындағы вкцианцияға реакция болған жоқ. 3 сағаттан соң терсінде бөріту, қабақ пен жоғарғы еріннің ісіңуі, аяқ – қолдарыныңда күлбіреуіктер байқалды.

Осы жағдайда ең алдымен қандай дәріні енгізу тиімді болып саналады?

/

Супрастин 2% - 0,5 бұлшықет ішіне

/

Лованник 10 мг 1 рет тәулігіне ішке

/

Преднизолон 2мг/кг/тәулігіне ішке

/

Кетотифен 500 мкг 2 рет тәулігіне ішке

/

Адвантан 0,1% 2 рет күніне, жергілікті

!

Қыз 5 күндік. Анасында бронхиальды демікпе бар. Босыну жылдам, кесір тілігі арқылы. Туылғандағы дене салмағыы 2800грамм, ұзындығы - 50 см. Бала кеудемен емізулі. Қыз белсенді, физиологиялық рефлекстері тірі. Кіндік жарасы таза. Үлкен еңбегі 3x3 см, іспеген. Тыныс алуы пуэрильды. Жүрек үндері анық. Іші жұмсақ, бауыру қабырға доғасынан 1 см шығып тұр. Дәреті күніне 5 рет, сарғыш, каша тәріздес.

Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

/

Алдын ала дайындықпен қалыпты мерзімде

/

Салыстырмалы медициналық әкету

/

Абсолютты медициналық әкету

/

Жалпы қолданған календарға сай қарапайым әдіспен егу

/

Жеке календарь бойынша аянышты әдіспен

!

Ұл 4 ай, АКДС-2 вакцинациясынан кейін 3 сағаттан соң ащы айқай, монотонды жоғары нотада, 8 сағатқа созылған айқайы пайда болды.

Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

/

Абсолютты медициналық әкету

/

Жеке календарь

/

Салыстырмалы медициналық әкету

/

Иммунизация АД мен жалғасуы мүмкін

/

Иммунизация АДС-М мен жалғасуы мүмкін

!

Ұл 1,5 жаста. Шағымы: тері қышуына, бөртуіне. Объективті: терісі құрғақ, беті гиперемирленген, аяқ – қолдарында, мойында, шап аймағында папуловезикулезды бөртпе.

Осы балада қандай профилактикалық егуді қолданған ең тиімді?

/

Жеке календарь

/

Салыстырмалы медициналық әкету

/

Абсолютты медициналық әкету

/

Уақытша медициналық әкету

/

жалпы календарьға сай

!

3 жастағы бала. Шағымдары: дене температурасының жоғарлауы мен іш өту. Объективті: жалпы қауіп-қатер белгілері жоқ, жөтел мен тыныс алу қиындауы жоқ. Іш өту екі апта бойы жалғасуда, нәжісінде қан жоқ. Бала мазасыз, шөлдеу жоқ. Көздері шүңіреймеген. Тері қатпары баяу жазылады. Құлақ аурулары жоқ. Тамақ аурулары жоқ.

Баладағы диареяны қалай классификациялаймыз?

/

орташа сусыздану

/

сусыздану жоқ

/

ауыр сусыздану

/

созылмалы диарея

/

Гемоколит

!

10 айлық бала. Салмағы 9600 кг. Дене температурасы – 38,6ºC. Анасының айтуынша соңғы екі аптада құрғақ жөтел мазалайды. Жалпы қауіп-қатер белгілері жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 48 рет. Кеуде клеткасының тартылуы жоқ. Бала дем алғанда ысқырықты шуыл естіледі. Тыныштық кезінде дем алғанда ысқырықты шуыл жоқ. Дене массасының төмендеуі жоқ, екі аяғының ісінуі жоқ. Алақандары боз, аппақ десе де болады.

БАБЖ бойынша аталған дәрілік препараттардың қайсысын тағайындауға болады?

/

Ибуфен

/

Парацетамол

/

Нистатин

/

Амоксациллин

/

Аспирин қышқылы

!

3 айлық бала. Шағымдары: дене температурасының жоғарлауы мен іш өту. Объективті: жалпы қауіп-қатер белгілері жоқ, жөтел мен тыныс алу қиындауы жоқ. Іш өту екі апта бойы жалғасуда, нәжісінде қан жоқ. Бала мазасыз, мазасыз, шөлдеу жоқ. Көздері шүңіреймеген. Тері қатпары баяу жазылады. Құлақ аурулары жоқ. Тамақ аурулары жоқ.

4 айға дейінгі орташа сусыздану кезіндегі алғашқы 4 сағатта берілетін ОРТ көлемі?

/

200-400мл

/

50-100 мл

/

100-200мл

/

400-700мл

/

700-1000 мл

!

2 айлық бала. Емшек емуден бас тартады. Қарап тексергенде кеуде клеткасының тартылуы, қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы.

БАБЖ-ға байланысты дәрігердің тактикасын атаңыз?

/

антибиотиктің бірінші дозасын беру, ауруханаға жіберу

/

антибиотиктің бірінші дозасын беру, учаскелік дәрігердің баұылауында қалдыру

/

антибиотиктің бірінші дозасын беру, екі күннен кейін қайта қарау

/

антибиотиктің бірінші дозасын беру, зертеуге жіберу

/

антибиотик қажет емес, үйде қарау

!

5 айлық бала. Шағымдары: жағдайының кенеттен нашарлауына, жөтел мен ентікпе. Анамнезінен: ауруы жедел дене температурасының 38°С жоғарлауынан басталады. Жанұялық анамнез: анасында – тағамдық және дәрілік аллергия, әкесінде айтарлықтай ауру жоқ. Объективті: жағдайы ауыр. Қосымша бұлшықеттердің тыныс алуға қатысуы, мұрын қанаттарының кернелуі, периоралды цианоз. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы: өкпе үстінде өкпелік дыбыс қораптық реңмен. Аускультативті: дем алғанда және дем шығарардың басында көптеген ұсақ көпіршікті және крепитацияланатын сырылдар. Кеуде клеткасының рентгенографиясы:өкпе тінінің мөлдірлігі күшейген, әсіресе периферияда, көкеттің төмен тұруы.

Аталған жағдайда төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған жөн?

/

Преднизолон 2 мг/кг/ тәу

/

Кандит 10 мг/кг/тәу

/

Цефалоспорин 100 мг/кг/ тәу

/

Метатрексат 5 мг/кг/ тәу

/

Адреналин 0,1 мг/кг/ тәу
!

Странгуляциялық ішек өтімсіздігінің АНАҒҰРЛЫМ жиі себебі:

/

Ішектердің түйілуі

/

Копростаз

/

Ішек өзегінің ісікпен бітелуі

/

Көкбауыр инфаркты

/

Ішек парезі

!

Асқазан-ішек жолынан қан кетудің анағұрлым жиі себебі:

/

Асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруы

/

Созылмалы эрозивті гастрит

/

Асқазанның қатерлі ісігі

/

Меллори-Вейс синдромы

/

Тоқ ішектің дивертикулез

!

Ер адам, 38 жаста. Алкоголь қабылдаған соң кенет эпигастрий аймағында өте қатты, шаншыған ауыру сезімі пайда болды. Объективті: тізелерін ішіне жинап алған, өте бозарған, салқын тер, іші тартылған, тақтай тәрізді, құрсақ қабырғасының бұлшықеттері өте тырысқан, Щёткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализі: эритроциттер 4,4х1012\л, лейкоциттер 15х109 \л, ЭТЖ 25 мм\ч.

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының дамуы анағұрлым ықтимал?

/

Жараның перфорациясы

/

Бауыр шаншуы

/

Шажырқай тамырларының тромбозы

/

Қалтқының стенозы

!

68 жасар әйел. Эпигастрий аймағында, кіндік айналасында кенет пайда болған, күшті, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, қайта-қайта құсуға, газдардың шықпауына шағымданады. Объективті: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші үрілген, кіндік айналасында оң жақтан тимпанит, «шалпылдау», қарқынды перистальтика. Қан анализінде: лейкоциттер 17х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Аш ішектің өтімсіздігі

/

Тоқ ішектің өтімсіздігі

/

Перитонит

/

Жедел аппендицит

/

Мезентериалды тамырлардың тромбозы

!

56 жасар ер адам. Ішінде кенет пайда болған, толғақ тәрізді ауыру сезіміне, құсуға, газдардың шықпауына, нәжісінің болмауына шағымданады. Объективті: боз, қозғалмайды, дене температурасы 37,80 С, тілі құрғақ. Іші ассимметриялы түрде үрілген, сол жақ мықын аймағында Валь, Кивуль симптомдары оң, перистальтика қашықтан естіледі. Қан анализінде: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

/

Құрсақ қуысының рентгенографиясы

/

Ирригоскопия

/

Ректороманоскопия

/

Колоноскопия

/

Құрсақ қуысының лапароскопиясы

!

23 жасар ер адам. 6 сағат бұрын эпигастрий аймағында күрт ауыру сезімі пайда болған, ол ақырындап бүкіл іш аймағына таралған. Қарағанда іші тырысқан, бүкіл аймағы ауырады, бауыр тұйықтығы анықталмайды. 2 сағаттан соң ауыру сезімі бәсеңдей бастады.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Құрсақ қуысының рентгенографиясы

/

Компьютерлік томография

/

ФГДС

/

Құрсақ қуысын УДЗ

/

Лапароскопия

!

22 жасар ер адам. Құрсақ қуысы мүшесінің жедел іріңді ауруы бойынша операция жасалған соң 5 күннен кейін дене температурасы 37,60С жейін көтерілді, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер пайда болды.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Дугласов кеңістігінің абсцесі

/

Құрт тәрізді өсінді тұқылының дәрменсіздігі

/

Ішек өтімсіздігі

/

Жедел пиосальпинкс

/

Инфекциялық колит

!

54 жасар ер адам. Беліндегі және оң қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шайқалумен байланыстырады. Үздіксіз аунай береді, ыңырсиды. Объективті: терісібоз. Іші ауырады және оң қабырға доғасы астында тырысқан, ұрғылау симптомы оң, бүйректері пальпацияда ауырмайды. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 4 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ18 мм/сағ. Зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

/

Шолу урографиясы

/

Экскреторлы урография

/

Компьютерлік томография

/

Ультрадыбысты зерттеу

/

Магнитті-резонансты томография

!

36 жасар әйел. Женщина 36 лет. Беліндегі және сол қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Ауыруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: Ыңырсып жатыр. Терісі боз. Іші сол қабырға доғасы астында ауырады және тырысқан. Ұрғылау симптомы оң. Пальпацияда бүйрегі ауырады. Қан анализі: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 100 г/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде эритроциттеркөру аймағында 10-15.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Зәр-тас ауруы

/

Асқазан жарасының тесілуі

/

Жедел панкреатит

/

Ішектің жедел өтімсіздігі

/

Жатырдан тыс жүктілік

!

35 жасар әйел. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Объективті: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан.Жалпы қананализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 1 %о? Цилиндрлер бірен-саран, жаңа эритроциттер және тұздар.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Зәр-тас ауруы

/

Жедел аппендицит

/

Ішек өтімсіздігі

/

Жатырдан тыс жүктілік

/

Асқазан жарасының тесілуі

!

56 жасар ер адам. Зәрінің кідіруіне, кіші дәретке шыққысы келуіне, ішінің төменгі бөліміндегі кернеген ауыру сезіміне, оның аралыққа және жыныс мүшелеріне таралуына шағымданады. Объективті: терісі боз, маңдайында салқын тер. Іші жұмсақ, қасағасының үстінен қуығы сезіледі, оның күмбезі кіндіктен төмен тұр. Қасаға үсті аймақты перкуссиялағанда – тұйық дыбыс. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде ол тегіс, серпімді, контуры тегіс, ауырмайды, орталық жүлгесі бар. Қуық катетеризациясы жасалды.

Қандай ем тактикасы бірінші кезекте жасалады?

/

Антибактериалды терапия

/

Қабынуға қарсы терапия

/

Аденомоэктомия

/

Цистостомия

/

Простатаның трансуретралды резекциясы

!

Жанұя дәрігеріне 5 жасар баласымен ана келді. Айтуы бойынша ,бірнеше сағат бұрын ұлы ойнап отырып құлағына пластмасса шарды тығып жіберген. Объективті: құлақ қалқаны мен құлақ төмпешігін пальпациялағанда ауырмайды. Сыртқы есту жолынан бөлінділер жоқ. Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартып қарағанда сыртқы есту жолының түбінен домалақ ақ бөгде зат көрінеді.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Сыртқы есту жолындағы бөгде зат

/

Сыртқы есту түтігіндегі бөгде зат

/

Ортаңғы құлақтағы бөгде зат

/

Жарғақты қуыстағы бөгде зат

/

Сыртқы отит

!

45 жасар әйел түстену кезінде (ет сорпасын ішіп отырған) шашалып қалған, тамағы ауырған, өздігінен құсық шақыруға тырысқан, нанның сыртын жеген. Бұл кезде мойнының төменгі бөлігінде қатты ауыру сезімін сезген. Объективті: жұтқыншақтың көмейлік бөлігінің шырышты қабатында жырылулар, көмекейдің бос жиегінде кішкене гематома, алмұрт тәрізді синустарда сілекей жиналып қалған. Дауыс саңылауы бос. Басқа ЛОР-мүшелер патологиясыз

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Өңештегі бөгде зат

/

Көмекей гемангиомасы

/

Жұтқыншақтың шырышты қабатының жырылуы

/

Құлақ маңы безінің жарақаты

/

Сілекей өзектеріндегі бөгде зат

!

4 жасар сәби сәбіз жеп отырып кенет шашалған, күшті жөтел пайда болған және тыныс алуы қиындаған.

Объективті: мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Айқын экспираторлы ентігу белгілері. Сол кеудесі көлемі ұлғайған, тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуссияда өкпелік дыбыс қораптық үнмен, аускультацияда сол өкпе тынысы әлсіреген. Рентгенологиялық зерттеуде: сол кеденің мөлдірлігі жоғарылаған, тыныс алу кезінде кеуде аралықтағы мүшелер оңға ығысады. Қандай зерттеу әдісі анағұрлым тиімді?

/

Жоғарғы бронхоскопия

/

Трахеотомия

/

Эндоскопия

/

Коникотомия

/

Кеңірдек интубациясы

!

4 жасар сәби тынысының қиындауына, күшті ұстама тәрізді жөтелге шағымдарымен жеткізілді. Бір сағат бұрын аузына бұршақ салып жүрген, кенет шашалған, көгеріп кеткен. Объективті: Жалпы жағдайы ауыр. Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Екінші дәрежелі стеноз белгілері, пульсі минутына 146 рет, әлсіз толумен, өкпесінде құрғақ сырылдар естіледі.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Кеңірдектегі бөгде зат

/

Көмейдегі бөгде зат

/

Өңештегі бөгде зат

/

Бронхтағы бөгде зат

/

Көмей-жұтқыншақтағы бөгде зат

!

6 жасар бала балық жеп отырған, кенет күшті ұстама тәрізді жөтел, цианоз пайда болған. Бір рет құсқан. Жөтел мезгіл-мезгіл қайталанады. Объективті: жағдайы ауыр, екінші дәрежелі көмей стенозының белгілері. Көмейдің шырышты қабаты алқызыл, ылғалды

Қандай шұғыл көмек тактикасы анағұрлым дұрысырақ?

/

Ларингоскопия

/

Коникотомия

/

Трахеостомия

/

Кеңірдек интубациясы

/

Ларингофиссура

!

26 жасар ер адам қарбыз жеп отырғанда кенет шашалып, көгеріп кеткен. Ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тынысы қиындаған.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, кұшті жөтелген кезде «щапалақ» симптомы естіледі Айқын экспираторлы және инспираторлы ентігу белгілері. Аускультацияда екі жақтан дөрекі, құрғақ сырылдар естіледі. «Шапалақ» симптомы кезінде қандай диагноз дәлірек?

/

Кеңірдектегі бөгде заттың қозғалуы

/

Гиперсаливация

/

Көмей экскурсиясы

/

Тыныс саңылауындағы бөгде заттың фиксациясы

/

Дыбыс байламдарының үстіндегі бөгде заттың қозғалуы

!

3 жасар сәби тынысының және жұтынуының қиындауына шағымданады. Бірнеше минут бұрын ауызына тиын салып жүрген, құлап қалған, сосын көрсетілген шағымдар пайда болған.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тыныс алу қиындаған. Саливация, сұйықты жұту қиындаған. Өңеш рентгенограммасында бөгде зат көрінеді. Анағұрлым жөндірек тактика?

/

Тікелей гипофарингоскопия.

/

Мезофарингоскопия

/

Гипофарингоскопия

/

Ларингоскопия

/

Коникотомия

!

6 жасар бала өңеш бойындағы ауыру сезіміне, тамақ жұтудың қиындауына шағымданады. Таңғы ас кезінде кенет төс артында ауыру сезімі пайда болған және тамақ өңештен өткен кезде қинала бастаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сілекейін жұтқан кезде қиналады. Алмұрт тәрізді синустарында сілекей жиналған. Земцов бойынша өңеш рентгенограммасында екінші физиологиялық тарылу деңгейінде тығыздығы сүйектікіндей қосымша көлеңке анықталады, өлшемі 2-0.5-0.7 см. Қандай тактика анағұрлым дұрыс?

/

Фиброэзофагоскопия

/

Эзофагоскопия

/

Фиброларингоскопия

/

Трахеостомия

/

Коникотомия

!

3 жасар сәби ауызына шемекі салып жүріп кенет шашала бастаған, көгерген, ұстама тәрізді жөтел пайда болған, тыныс алуы қиындаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, t-36.6, пульс минутына 118 рет, ырғақты, шырышты қабаты алқызыл, ылғалды. Көмей өзегі бос, стеноз белгілері жоқ. Оң кеудесі тыныс актісінен қалыңқы. Аускультацияда бүкіл оң өкпесінде тыныс әлсіреген. Перкуссияда өкпе дыбысы қысқарған. Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Оң бронхтағы бөгде зат

/

Өңештегі бөгде зат

/

Көмейдегі бөгде зат

/

Кеңірдектегі бөгде зат

/

Көмейдің аллергиялық ісінуі

!

12 жасар бала бөгетте шомылған соң бірден тынысы қиындаған және қан түкірумен ұстама тәрізді жөтел пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t -36.5 , пульс минутына 86 рет, АҚҚ - 100/60, мм сын. бағ. Қан түкірумен ұстама тәрізді жөтел қайталанып тұрады. Тікелей емес ларингоскопияда қызыл-көк түсті түзіліс көрінеді. Түзілістің перистальтикалық жиырылуы айқын байқалады. Түзілістің бекінген жерінде аздап қансырау бар.

Қандай емдеу тактикасы анағұрлым дұрыс?

/

Сүлікке ас тұзы ерітіндісін жағу. Сүлікті шығару.

/

Сүлікті корнцангпен шығару

/

Сүлікті пинцет көмегімен шығару

/

Сүлікке 1% салицил спиртін жағу

/

Сүлікке ас тұзы ерітіндісін жағу

!

52 жасар әйел оң көзінің, басының оң жартысының, желкесінің қатты ауыруына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Объективті: көз алмасының іркілген инъекциясы, қасаң қабық ісінуі, ұсақ алдыңғы камера, қарашығы кең, көру қызметінің күрт нашарлауы, көз ішілік қысым 45 мм сын. бағ.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Глаукоманың жедел ұстамасы

/

Жедел конъюнктивит

/

Жедел иридоциклит

/

Жедел кератит

/

Гемолитикалық криз

!

Бұзақылар көшеде 45 жасар ер адамның сол көзінен ұрып кеткен, жәбірленуші жұмсақ тіндеріне қан құйылуына, тұйық ауыру сезіміне, бұлдырлауға шағымданады, қара шіркейді көреді, оны ұстайын десе қашып кетеді.

Осы пациент үшін қандай тактика анағұрлым жөндірек?

/

Бинокулярлы таңғыш

/

Антибактериалды көз тамшылары

/

Конъюнктив қуысын жуу

/

Йодты калиймен электрофорез

/

Атропинмен инстилляция

!

37 жасар әйел офисті жинап жүргенде оң көзіне әйнек ұшқыны кіріп кеткен. Зақымдалған көзіндегі ашыған ауыру сезіміне, қызаруына, жас ағуына және жарыққа сезімталдықтың жоғарылауына шағымданады.



Осы жағдайда қандай көз тамшысы анағұрлым тиімдірек?

/

Левомицитин

/

Пенициллин

/

Линкомицин

/

Альбуцид

/

Сульфацил натрия

!

35 жасар әйел алма жинап жүргенде сол көзіне ағаш бұтағының қыртысы кіріп кеткен, ауыру сезіміне, жас ағуына, «көзінде құм тұрғандай» сезімге, жарықтан қорқуға, осы көзінің көруінің нашарлауына шағымданады.

Қандай жүргізу тактикасы бірінші кезекте жасалады?



/

Бөгде затты шығару,

/

Mонокулярлы таңғыш

/

Aнтибактериалды препарат

/

Бинокулярлы таңғыш

/

Сіреспеге қарсы сарысу

!

33 жасар әйел 2 күннен бері жарықтан қорқуға, оң көзіндегі ауыру сезіміне, жас ағуға шағымданады. Объективті: қасаң қабықтың артқы бетінде прецепитаттардың пайда болуы, нұрлы қабық түсі мен суретінің өзгеруі, қарашықтың тарылуы, артқы жабысқақтардың – синехиялардың түзілуі, шыны тәрізді дененің бұлдырауы, көз ішілік қысымның өзгеруі, OS/OD = 0.4/1, көз ішілік қысым OD=20мм.сын. бағ. ВГД OS=18мм.сын. бағ.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым жөндірек?

/

Иридоциклит

/

Кератит

/

Коньюнктивит

/

Витреит

/

Эписклерит

!

35 жасар ер адам цехта жұмыс жасап жүргенде қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан көзіне күкірт қышқылы кіріп кеткен. Күшті күйдірген ауыру сезіміне, жас ағуына, жарықтан қорқуға, көруінің нашарлауына шағымданады.



Осы науқас клиникасы бойынша сурет!!!!

Пациентке алғашқы көмек көрсету кезінде қандай шара анағұрлым тиімдірек? /

/

Салқын сумен жуу

/

Көз тамшыларын тамызу

/

Сода ерітіндісімен жуу

/

Мұз қою

/

Вишневский жақпасын салу

!

58 жасар ер адам жиі зәр шығаруына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, арықтауға шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Объективті: Терісі боз, тырнақ іздері. Оң шабында көлемі бұршақтай лимфа түйіндері сезіледі, консистенциясы тығыз. Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: беті бұдырланған, тығыз, аз қозғалмалы, ұлғайған. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 2,8 х1012/л, гемоглобин 87 г/л, лейкоциттер – 8,4 х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.

Қандай зерттеу әдісі анағұрлым күмәнсіз?

/

Нысаналы биопсия

/

Ультрадыбысты зерттеу

/

Магниттік-резонанстық томография

/

Компьютерлік томография

/

Радиоизотопты зерттеу

!

61 жасар ер адам, түнде зәр шығаруының жиілеуіне, алғашқы зәр тамшысы шығуын күту уақытының ұзаруына, зәр ағысының әлсіздігіне, аузының кебуіне, шөлдеуге, зәр ұстай алмаушылыққа шағымданады. Объективті: Простата безін тік ішек арқылы саусақпен зерттеу: простата тегіс, серпімді, контуры анық, ауырмайды, орталық жүлгесі тегістелген.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым бірінші кезекте жасалады?

/

Ультрадыбысты зерттеу

/

Экскреторлы урография

/

Шолу рентгенографиясы

/

Урофлоуметрия

/

Сцинтиграфия

!

22 жасар әйел, күндіз жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, қынапқа берілуіне шағымданады. Дене температурасы қалыпты, ісінулер жоқ. Өкпе, жүрек, ішкі мүшелері жағынан өзгерістер жоқ. АҚҚ 120/80 мм.сын. бағ. Жалпы қан және зәр анализдері өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу тактикасы анағұрлым тиімдірек?

/

Урофлуометрия

/

Цистоскопия

/

Лапароскопия

/

Қуықты ультрадыбысты зерттеу

/

Цистометрия
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


написать администратору сайта