тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Скачать 1.34 Mb.
|
! Науқас психиатриялық стационарда бола тұра, кеше «Марсқа ұшқанын» еске түсіреді. Науқаста еске сақтаудың қай бұзылысы? / Конфабуляция / Криптомнезия / Псевдореминисценция / Амнезия / Экмнезия ! Вуайеризм дегеніміз не? / Подглядывание Сығалап қарау / Анасына жыныстық құмарлық / Қарама-қарсы жыныстын киімін кию / Қоғамның жерде шешіну / Әкесіне жыныстық құмарлық ! Науқас үнемі дәкелік байламмен жүреді, қолғабын шешпейді,күніне бірнеше рет душқа түседі, әр сағат сайын қолын сабындап жуады, лас беткейлерге жақындамауға тырысады. Бұл: / Мизофобия / Танатофобия / Эритрофобия / Орнитофобия / Андрофобия ! Нейролептиктерді қолданғаннан болатын клиникалық эффекті көрсетіңіз: / Антипсихотикалық эффект / Стимуляциялаушы эффект / Седативті эффект / Эйфориялық эффект / Таңдаулы эффект ! Көңіл-күйдің түсуі, сенестопатия, өз ауруының ауырлығын асыра бағалау. Аталған шағымдар қандай синдромға тән: / Ипохондриялық / Параноидты / Депрессивті / Психосенсорлы / Сенестопатиялық ! Науқас, 58 жаста. Церебральды атеросклерозға байланысты емделуде. Көңіл-күйі үнемі түсінкі, қозғыш, көңілі толмайды. Тез ашуланады, кез-келген нәрсеге айқайлайды, одан соң жылайды, кешірім сұрайды. Дұрыс синдромды тандаңыз: / Дистимиялық / Психопаттәрізді / Астеникалық / Истериялық / Пароксизмальді ! Науқасты қарау кезінде қозғыш, бір орында отыра алмайды, көп сөзді, есту галлюцинациялары байқалады, аузынан алкоголь иісі бар. Алкогольдік қозғыштықты емдегенде не қолданылады? / Тизерцин / Кофеин / Соли лития / Пирацетам / Адреналин ! Төменде көрсетілгеннің қайсысы реактивті галлюциноз белгісіне тән: / Психиканы жарақаттаушы жағдайды көрсетеді / Сананың бұлынғырланумен сипатталады / Наркотикалық заттарды қабылдағаннан екйін пайда болады / Алкогольды қабылдағаннан кейін пайда болады / Интеллект пен мнестиканын томендеуімен сипатталады ! Невроздық күйде қандай дәрілік препараттар қолданылады: / Транквилизаторлар / Нейролептиктер / Антидепрессанттар / Психостимуляторлар / Атипиялық нейролептиктер ! Науқас, 16 жас, психиатриялық аурухананың қабылдау бөлімшесіне түсті. қарау кезінде: психомоторлы қозған, тентек, қырсығады, айналасындағыларға түкіреді, ата-анасына қастықпен қарауда, ойлауы бұзылған, эмоциональді тұрақсыз. Ата-анасының сөзі бойынша мектепке баруды қойған, бұрынғы істеріне қызығушылығы қалған. Сіздің диагнозыңыз: / Гебефреникалық шизофрения / Реккурентті шизофрения / Ұстама тәрізді шизофрения / Жәй дамушы шизофрения / Параноидті шизофрения ! Науқас наркологиялық диспансерге опийлік заттарды қолданған деген күдікпен түсті. Опийн абстиненциясын қандай заттың көмегімен экпресс-әдіс арқылы анықтайды: / Налоксон / Метадон / Бупренорфин / Лево-альфаацетилметадил / Трамадол ! Созылмалы алкоголизммен ауыратын науқаста емнен кейін 3 айдан соң алкогольге құмартушылығы пайда болған,жағдайы нашарлаған. Сүйемелдеу терапиясын тағайындаңыз: / Трихопол, инсулиннің аз мөлшері / Аминазин 300 мг/тәу-дейін / Амитриптилин 150 мг/тәу-дейін / Галоперидола деканоат / Седуксен, сульфат магния ! Қандай емдеу мекемесінде факультативті қатерлі ісік алды аурулар диспансерлік есепте тұрады? / Жалпы емдеу мекемелерінде (хирургта, терапевтте, гинекологта және басқа мамандарда) / сан – эпид. станциияда ( санитарлық дәрігерлерде) / Онкологиялық мекемеде (онкологта) / Туберкулезді диспансерде / еңбекке жарамдылық және мүгедектер мекемесінде (МСЭК – ВТЭК) ! Онкологиялық оперативті ем кезінде аймақтық және футлялықты орындау мақсаты: / Абластикалық орындалуы / Антибластик орындалуы / Хирургиялық қауіптіліктің орындалуы / Мүше қызметін максимальді сақтаушы операциялар / Мүше қызметін минимальді сақтаушы операциялар ! Аяқтың ампутациясы деңгейін анықтау кезінде төменгі жағдайларды ескеру керек: / Ісік локализациясы / Ісіктің морфологиялық құрылысы / Протездеуге қажетті қалдықты / Науқастың жасы / Дәрігер хирургтің тәжірибесін ! Науқас 35 жаста, сан аймағының артқы бетінде мелонома анықталады тері, асты клетчаткасынына өспеген және метастаз бермеген, көлемі 2 см. Қандай әдісті қолданған тиімді? / Ісікті хирургиялық радикальді алып тастау және химиоиммунотерапия / Жақынфокусты рентгенотерапия және операция / Қосарланған сәулелік терапия және химиотерапия / Химиотерапия, сонан соң операция / Тек химиотерапия ! Науқас 60 жаста, сигма ішектің толық бітелген қатерлі ісігі (ішік өткізбеушілігі), лапаратомия кезінде ісік көрші мүшелерге өспеген, метастаз жоқ. Емдеу әдісі? / Гартман операциясы орындалады / Операцияны аяқтау / Сол жақты гемиколиэктомию / Айналмалы трансверзоректоанастомоз / Колотомию және ісіктің электрокоагуляциясы ! Мына анықтама қандай гистологиялық вариантқа сәйкес келетінін көрсетіңіз «Лимфоидтық элементтер мен гистиоциттердің айқын пролиферациясымен сипатталады, Березовский-Штернберг клеткалары сирек кездеседі» / Лимфогистиоцитарлық вариант / Аралас-клеткалы вариант / Түйінді-склероздық вариант / Лимфоидтық таусылу / Ретикулярлық вариант ! Өкпенің жоғарғы бөлігінің ісігі кезінде иықтық нерв талшықтарының ісікке қосарлана жүруі қандай неврологиялық симптоммен сипатталады: / Барлық жауаптар дұрыс / Қол басының бұлшықеттерінің әлсіздігі / Қол басының және иық аймағының сезімталдығы / Синдром Горнера / Дұрыс жауап жоқ ! Қандай диагностика әдістері жаралы тері меланомасын анықтауға мүмкіндік береді? / Радиоизотопты зерттеу / Меланомаға күмәнді ошақ пункциясы немесе патологиялық ошақтың инцизионды биопсиясы / Термография / УЗИ / Пальпация ! Өкпенің қатерлі ісігі жоғарғы қуыс венасына қосарлана өскен, бронхопульмональді лимфа түйіндерінде метастаздар анықталады қандай топқа жатқызасыз: / III б стадия / III а стадия / IV а стадия / IV б стадия / II б стадия ! Өкпенің қатерлі ісігі жоғарғы қуыс венасына қосарлана өскен, бронхопульмональді лимфа түйіндерінде метастаздар анықталады қандай топқа жатқызасыз: / III б стадия / III а стадия / IV а стадия / IV б стадия / II б стадия ! ЛГМ мен ауыратын науқастың мойын лимфа түйіндері үлкейген және профузды терлеу анықталады. Бұл сәйкес келеді: / IIб стадия / Iа стадия / IIа стадия / IIIа стадия / IIIб стадия ! Өкпенің қатерлі ісігі кезінде аймақтық лимфа түйіндері зақымдануы қалай аталады (классификацияға сәйкес): / Бронхопульмональді, медиастинальді / Эндопульмональді, медиастинальді / Бұғана үстілік / Пульмональді, бронхопульмональді, бұғана үстілік / Пульмональді, медиастинальді, бұғана үстілік ! Жұмсақ тіндердің саркомасы кезінде қандай емдеу әдісі тиімді? / Комплексті ем / Радиотерапия / Химиотерапия / Хирургиялық ем / Тормонотерапия ! Мына көрсетілген дерттердің қайсысы қатерлі лимфомаларға жатады: / лимфосаркома / лимфо-ретикулосаркома / лимфогранулематоз / ретикулосаркома / эозинофилді гранулема ! 12. Өкпенің жергілікті және алғашқы симптомдарына төменгі көрсетілген қайсысы жатпайды: / Дене қызуының көтерілуі / Жжөтел / Қан түкіру / Көкірек тұсында ауырсыну / Дұрыс жауып жоқ ! Өңештің қатерлі ісігі кезіндегі тән белгілер: / Сілекейдің шамадан тыс бөлінісі / Жүрек айну / Ықылық / Құсу / Іш қату ! Аталған симптомдардың қайсысы сезімталдық бұзылысына жатады? / Дизестезия / Афазия / Анартрия / Прозоплегия / Апраксия ! Бұлшық ет тонусының спастикалық түрі бойынша жоғарылауына тән: / «Бүктемелі пышақ»симптомы / «Тісті доңғалақ» симптомы / Аяқ-қолдардың берілген кейіпінде қатайып қалуы / Аяқ-қолдардың жазғыш бұлшық еттерінің гипертонусы / Аяқ-қолдардың бүккіш бұлшық еттерінің гипертонусы ! Науқас А. қосарлана көрінуіне шағымданады. Объективті түрде қарағанда ішке қарай қитарлану, көз алмасын сыртқа қарай әкету қызметі бұзылған. Бас сүйек нервтердің қайсысы зақымдаоған? / Әкеткіш / Көзқозғалтқыш / Үшкіл / Бет / Шығыр ! Н. науқаста объективті түрде қараған кезде гиперакузия анықталады. Қандай бас сүйек нервтің зақымдануына бұл симптом тән болып келеді? / Бет нерві / Кезбе нерві / Тілжұтқыншақ нерві / Кіреберіс-ұлу нерві / Үшкіл нерві ! Науқаста сол жақты орталық гемипарез анықталалды. Бұл синдромға қандай патологиялық рефлекс тән болып келеді? / Россолимо симптомы / Мацкевич симптомы / Нери симптомы / Васссерман симптомы / Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі ! 60 жастағы науқаста келесі симптомдар анықталады: дисфагия, дисфония, дизартрия. Бұл жағдайда қандай синдром туралы ойлауға болады? / Бульбарлы синдром / Таламикалық синдромы / Джексон альтернирлеуші синдромы / Вебер альтернирлеуші синдромы / Мийяр-Гублер альтернирлеуші синдромы ! Науқаста гиперкинетикалық синдромы анықталады. Бұл жағдайда қандай жүйенің зақымдануы туралы ойлауға болады? / Экстрапирамидтік / Пирамидтік / Вегетативті / Сезімталдық / Бас ми қыртысы ! А. науқас бас айналу, қозғалыс координациясының бұзылуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қиындауына, зәр мен нәжіс шығаруының тоқталуына шағымданады. Анамнез мәліметтері: үш ай бұрын көз көру қабілетінің кенет жойылып, бірақ содан соң спонтанды түрде қайта қалпына келгені анықталған. Жағдайның нашарлауы 2 аптаның ішінде пайда болған. Объективті түрде төменгі спастикалық парапарез және мишықтық атаксия анықталған. Қандай қосымша зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді? / Контрасттеумен өткізілетін бас мидың МРТ-сы / Ангиография / Краниография / Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы / Спондилография ! АҚҚ қысымы с.б. бойынша 200/120 мм-ге дейін жоғарылайтын артериялық гипертензиямен ауруатын 45 жасар науқас, кенет, эмоциялық стресстен кейін оң жақтағы аяқ-қолының әлсіздігі мен сөйлеу қабілетінің бұзылуын сезген. Неврологиялық статуста: моторлы афазияның элементтері, оң жақты мұрын-ерін қыртысы тегістелуі, тілдің оң жаққа қарай девиациясы, жеңіл дәрежелі оң жақты гемипарез анықталады. Бұл симптомдар үш сағаттың ішінде регрессияланған. Қандай профилактика әдістерін тағайындайсыз? / Гипотензивті терапия / Витаминотерапия / Антибиотикотерапия / Седативті терапия / Спондилография ! 32 жасар А. науқас көздің қосарланып көруіне, бастың айналуына, жүрген кезде шайқалуына, аяқтардағы әлсіздікке, жүрісінің қыиндауына шағымданады. Неврологиялық статуста: сол жақтағы ішке қарай қитарлану, мишықтық атаксиясы және төменгі спастикалық парапарез. Бас мидың МРТ-сында демиелинизация ошақтары анықталады. Патогенетикалық емі ретінде қандай препаратты тағайындау қажет? / Бетаферон / Маннит / Пирацетам / Цераксон / Актовегин ! 40 жастағы науқаста, ЖРВИ-дан 2 апта өткен соң аяқтарында әлсіздік және жансыздану байқалды. Бұлшықеттерінің әлсіздігі тез арада қолдарына жайылып, дауысы өзгеріп, жұтынуы киындай басталды. Зерттеу кезінде: тетрапарез, терең рефлекстерінің жойылуы, гипалгезия «шұлық» және «қолғап» түрінде, Ласег симптомы анықталады. Дисфагия, дисфония. Жұтыну рефлекстің жойылуы. Сіздің емдеу тактикаңыз: / Плазмаферез / Трентал / Финлепсин / Мильгамма / Аскорбиновая кислота ! 20 жастағы науқас әйел. Ауруы жедел түрде басталған, босанғаннан кейін оң жаққа қараған кезде қосарлану (диплопия) пайда болды. Диплопия екі аптадан кейін регрессияланған. Бір жылдан соң жүрген кезде теңселу, аяғында әлсіздік пайда болып, дизартрия байқалды. Объективті түрде қарағанда: эйфория, горизонталды нистагм. Құрсақ рефлекстері жойылған. Төменгі спастикалық парапарез. Бабинский симптомы екі жағынан анықталады. Саусақ-мұрын сынамасында интенционды діріл және теңселу, дисдиадохокинез, дисметрия байқалады. Ромберг сынамасында теңселеді. Несеп шығаруында императивтік білінуі (позыв) бар. Ең маңызды параклиникалық зерттеуді тағайындаңыз: / Бас мидың МРТ-сы / Бас сүйектерінің рентгенографиясы / қанның жалпы анализі / Бас ми қан тамырларының УДДГ-сы / Электромиография ! Интерстициальді пневмонияға тән диагностикалық критерий: / артралгия белгілері / жергілікті белгілердің болмауы / қызбаның болуы / Инспираторлы ентігу / өкпеде жергілікті белгілері ! Ревматикалық миокардиті бар науқас ЭКГ-да PQ0,24-0,26-0,30 сек, кезеңді QRST кешенінің түсіп қалуы байқалады. Өткізгіштіктің бұзылу түрін көрсетіңіз: / Синоатриальді блокада II дәрежесі / Атриовентрикулятлы блокада I дәрежесі / атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі, Мобиц I / Атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі, Мобиц II / Атриовентрикулярлы блокада III дәрежесі ! Науқас, 44 жаста, жүрек аймағында қатты соғу? Ауа жетпеу сезіміне шағымданады («тыныс алудың қанағатсыздығы»). Аурудың симптомдары соңғы 3 айда басталған, екі күн бұрын алкоголь қабылдағаннан соң өршіп кеткен. Анамезінде, шылым шегеді, 10 жыдан аса уақыт алкоголь қабылдайды.Қарау кезінде: тотальді гипергидроз, аяқта ісіну, жүректің оң жақ шегінің ұлғаюы, гепатомегалия; жүрек аускультациясында : қосарлаған, топтық экстрасистола,ЭКГ-да негізделген (қарыншалық). Аурудың болуы мүмкін себебін көрсетіңіз: / алкогольді кардиомиопатия / токсикалық миокардит / ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз / тиреотоксикалық кардиомиопатия / гипертрофиялық кардиомиопатия ! 45 жастағы науқас дене қызуының 40° дейін көтерілуіне ,қалтырауға, терлеуге, кеуде аймағында ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде: 2 аптадан бері науқас крупозды пневмонияға байланысты ем қабылдап жатыр. Соңғы күндері жағдайының нашарлауы , қалтырау, ентігу, дене қызуының көтерілуі қайталаған. Жалпы жағдайы ауыр, тұрақты ентігуге байланысты. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Объективті: оң жақ кеуде бөлігінің тыныс алудан қалыс қалуы. Қабырғааралық кеңейген, шығыңқы. Перкуторлы: перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Өкпенің оң жақ бөлігінде тыныстың әлсіреуі. Қанда- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы. Науқаста қандай диагноз? / Өкпе гангренасы / Крупозды пневмония қайталауы / Өкпе абцесі / Борнхоэктазиялық ауру / Өкпе эмпиемасы ! Науқас қолын көтергенде, оқыс қимылдағанда туындайтын кеуде клеткасыда ауырсынуға шағымданады. Шамадан тыс физикалық жүктемемен байланыстырады.Қарау кезінде: өкпе тыныс алуға қатысады, 2-3 қабырға үстін пальпациялағанда гиперстезия, ауырсыну байқалады. Аускультацияда везикулалық тыныс. Қандай ауру туралы ойлауға болады? / Қабырғааралық невралгия / қабырға сынығы / Құрғақ плеврит / миалгия / перикардит ! 69 жастағы науқас, химия өндірісінде жұмыс жасайды , соңғы жылдары тұрақты жөтел, қиын бөліетін қақырық, аз физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағым айтады. 20 жыл бойы шылым шегеді. Қарау кезінде: аускультацияда- өкпеде қатқыл везикулалық тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Т.Ж.-24рет 1мин. Жүрек тондары тынықталған. ТФК 70% төмен . Науқаста қандай ауру деп ойлауға болады? / ӨСОА / Созылмалы бронхит / бронхиальді демікпе / Өкпе бронхоэктазы / жүрек жетіспеушілігі ! 49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды. Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері. Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда « целлофан сықыры» тәрізді крепитация . Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай? / Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит / созылмалы обструктивті бронхит. / өкпе эмфиземасы / бронх демікпе / жүрек демікпесі ! К. деген 18 - жастағы науқас, ауруханаға дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, есекжемге шағымданып түсті. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, тәуліктік өзгерісі 1°С жоғары дене қызуының жоғарлауы, бетінің ісінуі, есекжемді байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады. Бөлімшеде преднизолон салғаннан кейін көз айналасының ісіну мен есекжем азайып, қызуы төмендеген. Бірақ, 7 сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, ентігу, жүрек қағуы пайда болып, АҚ 80/60 мм с.б. дейін төмендеді. Сіздің болжам диагнозыңыз? / инфекционды эндокардит / жүйелі васкулит / жедел лейкоз / жүйелі қызыл жегі / дәрілік ауру ! Науқас , 30 жаста. Бас ауруына, бас айналуға, жүрек аймағында ауырсынуға, жүргенде тез шаршағыштыққа шағымданады.Бұл жағдайлар бала күннен байқалады. Қарау кезінде : дене қалпының пропорционалды емес (кеуденің жоғарғы бөлігі жақсы дамуы, төменгі жағы дұрыс дамымаған). Аяқта пульс әлсіз, толықтығы аз. ІІ қабырғааралығында және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғанаасты артерия үстінде систолалық шу, қабырғааралық артериялардың пульсациясының күшеюі. АҚҚ қолда — 170/100 мм сын.бағ., аяқта – 90/60 мм сынбағ.. АГ себебі не деп ойлайсыз: / Қолқа коарктациясы / Бейарнамалы аортоартериит / Қолқа саңылауының стенозы / Лериш синдромы / Рейно ауруы ! Бронхоэктазиялық сырқаты бар 23 жастағы науқаста, 2 аптадан бері жағдайы нашарлаған, ентігу, қан түкіру, қызба, қалтырау болған. Салқындаумен байланыстырады. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Өкпенің төменгі артқы перифериялық бөлігінде ірі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қол саусақтары « дабыл жарғағы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрзді. Қан анализінде-лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Бұл сырқатты диагностикалау үшін қандай тексеру информативті? / Бронхография / Рентгенография / Спирография / Томография / Ангиография ! 25 жастағы ер адам, баскетбол бойыша қалалық құраманың мүшесі, шағымдары: жаттығудан соң 10 мин пайда болатын ентігу мен ұстамалы жөтел пайда болуы, тыныштық жағдайында басылады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз: / Физикалық жүктемемен сынама / Бронходилатациялық сынама / бронхоскопия / спирометрия / пневмотахометрия ! 72 жастағы науқас көп жылдан бері ӨСОА зардап шегеді, жағдайы нашарлаған. Ентігу тұрақты, ұйқы кезінде горизонталды жағдайда күшейеді, в-агонистерімен нашар басылады. Өкпеде құрғақ ысқырықты және бірен саран ылғалды сырылдар. Спирографияда: ДФК 50% төмен. Дәрігер бронхолитиктермен сынама тағайындады. Бронхолитикпен сынама қадай мақсатта тағайындалды? / бронхиальды демікпені диагностикалау мақсатында / Ем мақсатында / алдын алу / өмір сапасын жақсарту / Жүрек демікпесін диагностикалау мақсатында ! 65 жастағы науқас, көп жылдан бері ӨСОА сырқаттанады, соңғы жылдары аз физикалық жүктемеде ентігу, тұрақты жөтел, әлсіздік байқалған.Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт. Саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары «сағат әйнегі тәрізді». Өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, төменгі бқлігінде бірен саран ылғалды сырыл. Т.Ж.-38 рет мин.ЖСЖ-102соққы 1 мин. АҚҚ 140/90мм.сын.бағ. Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде: ДФК 60% төмен .Холинолитиктер ентігуді нашар басады. Науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс? / спирива / преднизолон / ипотропиум бромид / Вентолин / теофиллин ! 49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды. Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері. Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда « целлофан сықыры» тәрізді крепитация . Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай? / Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит / созылмалы обструктивті бронхит. / өкпе эмфиземасы / бронх демікпе / жүрек демікпесі ! Науқас, 30 жаста, прекардиалды аймақта қысып ауырсынуға шағымданады, ұзақтығы 5-7 мин, ешқайда тарамайды, тез жүргенде туындайды, өздігінен басылады.Қарау кезінде: төстің сол жақ шегі бойынша қатқыл систолалық шу , ЖСЖ 80 рет мин. АҚҚ 115/70 мм сы.бағ. ЭКГ: Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде терең. Эхокардиоскопияда: қарыншааралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүрек лақтыру көлемі 80%. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз: / гипертрофиялық кардиомиопатия / митралды қақпашаның ревматикалық стенозы / рестриктивті кардиомиопатия / дилатациялық кардиомиопатия / ЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфаркті ! Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар. Сіздің диагнозыңыз: / Кон синдромы / Ишемиялық инсульт / Реноваскулярлы гипертензия / Артериялық гипертензия / Созылмалы пиелонефрит ! 32 – жастағы науқас – ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Соңғы бір жылда төс артындағы және балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынуға байланысты жүктемені нашар көтереді. Дәрігерге сол жақ балтырының ауырсынуы мен ісінуіне байланысты қаралған. ЛЛп-0,6 200м. дейін жүргеннен кейін ұстамалы ақсақтық пайда болады. Болжам диагнозы қандай? / облитерлеуші тромбоангиит / гиганттық жасушалық артериит / бейспецификалық аортоартериит / түйінді периартериит / геморрагиялық васкулит ! Науқас 80 жаста, клиникага жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылау кезінде науқаста кезеңді түрде эпилептикалық тырыспалар мен Чейн – Стокс тынысымен бірге есінен танып қалу эпизодтары анықталды. ЭКГ – да: Р тісшесі QRS комплексімен байланыспаған, Р – Р интервалының ұзақтығы = 0,80 с, R – R == 1,5к. ЖСЖ 35 рет минутына. Болжам диагноз? / Толық атриовентрикулярлы блокада / Эпилепсия / Жүрекшелер жыбыры, брадикардиялық түрі / Қарыншалар фибрилляциясы / Синустық брадикардия ! Науқас 47 жаста, клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылаудың алғашқы тәулігінде кенеттен есінен танып қалды. Пульс және қысым анықталмайды. ЭКГ – да: қарыншалар асистолиясына өтетін синустық ритм. Емі? / Дефибрилляция / Лидокаин / Симпатомиметиктерді жүрекішілік енгізу / Көктамырға индерал / Ганглиоблокаторлар ! Науқас К. 55 жаста үйінде қаралды. Жиі жүрек жиырылуы фонында 2 рет есінен танып қалған. ЖСЖ – 35 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы 100 рет минутына, қарыншалар ырғағы 30 – 35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16", деформацияланған. Миоглобин және Т тропонин жоғарылаған. Миокард инфарктісі анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған? / Толық атриовентрикулярлы блокада, Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы / Кардиогенді шок / Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Венкебах периодтарымен / Идиовентрикулярлы ырғақ / Синоаурикулярлы блокада ! 19 жастағы жас адам, дәрігерге жүрек аймағында қысып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде физикалық жүктемеде естен жағдайы болған. Ана жағынан туыстары арасында жас кезінде кенеттен болған өлім жағдайлары кездескен. Қарау кезінде: физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, кеуде торның деформациясы жоқ. Тері қабаты түсі қалыпты. Аускультацияда жүрек ұшында өрескел систолалық шу естіледі, төс бойымен тарайды. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ЖСЖ 84 рет мин. ЭКГ патологиялық Q тісшесі І, aVL, V5, V6 тіркемелерінде анықталады. Эхокардиограммада қарыншааралық перде және сол жақ қарынша айқын гипертрофиясы. Бұл жағдайда кардиалгияның генезі қандай? / Коронарлы жетіспеушілік / Бейарнамалы коронарит / Тәж артериясының спазмы / Қанда эндорфиндер төмендеген / Тәж артерияларының атеросклерозы ! Науқас, 37 жаста. Шағымдары: әлсіздікке, дене қызуының 37,5ОС көтерілуі, физикалық жүктемеде аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну.Қарау кезінде: жүректің сол жақ шекарасының үлкеюі, бүйрек артериялары проекция аймағында систолалық шу естіледі. Пульс сол білек артериясында әлсіреген. АҚҚ оң қолында– 140/100 мм.сын.бағ., сол қолда анықталмайды, аяғында – 170/120 мм.сын.бағ. АГ себебі не деп ойлайсыз: / Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы / Бейарнамалы аортоартериит ( Такаясу ауруы) / Вегенер гранулематозы / Шенлейн-Генох ауруы / Қолқа коарктациясы ! 11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз: / тетрада Фалло / Өкпе артериясының ақауы / Өкпе артериясының стенозы / митралды қақпақша пролапсы / қолқа коарктациясы ! 25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді. Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады. Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет? / Бүйректің сцинтографиясы / Инфузияық ренография / Бүйректі ультрадыбысты тексеру / Бүйректің рентгенографиясы / Бүйрек веналарын катетеризациялау ! Науқаста ақшыл көпіршікті қақырықпен жөтел, тыныштық күйінде ентігу, дене қызуының көтерілуі, жүдеу, жөтелге күшейетін төс аймағында ауырсыну. Қарау кезінде: науқас нашар тамақтанады (3 айда 12 кг арықтаған). Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері қабаты бозғылт. Аускультацияда өкпенің ортаңғы төменгі бөліктеріде құрғақ сырылдыр. Перкуторлы ортаңғы және төменгі бөлікте перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, анемия. Рентгенологиялық тексеруде: жиегі айқын емес ошақты өзгерістер, кей жерлерде біріккен, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінің интерстициалды өзгерістері. Бұл жағдайды диагностикалау үшін қандай зерттеу маңызды? / фибробронхоскопия / көзделген томография / Бронхография / пневмотахометрия / жалпы клиникалық тексеру ! Әскери қызметкер, 19-жастағы ер адам, казармада тұрады, бөлімшеге құрғақ сырыл, қалтырау, дене қызуының 37.5 С дейін көтерілуіне, артралгия және миалгияға шағымданады. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөліктерінде шекарасыз дақты қараюлар.Пенициллин және цефалоспоринмен емнен нәтиже жоқ. Бұл жағдайда қандай қоздырғыш мүмкін: / микоплазма / Көк ірің таяқшасы / Гемофильді таяқша / пневмококк / стафилококк. ! 45 жастағы науқас жедел алдыңғы - пердеаралық миокард инфарктысы симптоматикасымен дәрігерге келді. 10 сағ. кейін жүрек жұмысының «қатып қалғанын» сезеді, әлсізддік күшейген, бас айналу пайда болған. ЭКГ-да: синустық ритм, ЖСЖ 78 рет минутына. Периодты түрде ұзақтығы 0,18с-тан жоғары, бұрыс, полиморфты пішінді, 2-3 кең қарыншалық комплекс пайда болады, одан кейін толық компенсаторлы пауза бар. Миокард инфарктысының қандай асқынуы орын алған? / Қарыншалық экстрасистолия / Толық атриовентрикулярлы блокада / Қарыншалық тахикардия / Түйінді экстрасистолия / Суправентрикулярлы тахикардия ! С. деген 45 жастағы науқас өңештен варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Алкогольмен көп әуестенеді. Объективті: Жүдеу. Терісі мен көздің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-34 мм/сағ. жалпы билирубин тікелей фракциясы есебінен -74 мкмоль/л. Зерттеудің жоғары ақпаратты әдісі болып табылады: / белок, белоктық фракциялар / бауырдың пункционды биопсиясы / трансаминазалардың белсенділігі / иммунологиялық статустың өзгерісі / тұнбалы сынамалардың өзгерісі ! Әйел адам 32 жаста, профилактикалық тексеруге келген. Анамнезінде 14жасында буындарының және эндокардитпен өткен біріншілік ревматикалық шабуыл. Әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, физикалық күштемеден кейін ентігуге, кешке қарай табанның сыртқы бетінде ісіктің пайда болуына шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері қабаттары таза,бозғылт. Жүрек тондары тынықталған,дөрекі пансистолалық шу естіледі. Тізелері пастозды. Сіздің әрекетіңіз: / Жүрек УДЗ мен доплерографиясына жолдау / Динамикада бақылау / Ревматолог консультациясына жолдау / Кардиохирург консультациясына жолдау / Антибиотиктер және фуросемид тағайындау ! Ер адам, 62 жаста, Дәрігерге трофикалық жара шығуына байланысты келген. Анамнезінде – қант диабеті 2 түрі, 2 жыл бұрын манинил 1 т. 3 рет/күніне қабылдаған. Объективті: терісі құрғақ, ісік жоқ. АҚҚ 130/70 мм.с.б. ЖЖС – 88 рет/ мин. Status localis: оң жақ табаны гиперемирленген, аздап ісінген, сыртқы бетінде шеттері біркелкі емес жара бар, көлемі 5х6 см. Оң жақ табанының перифериялық пульсациясы азайған. Қандағы қант – 14 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия – 35г. Науқастың еміндегі емханалық дәрігердің тактикасы? / стационарлық емге жіберу / сульфаниламидтер көлемін ұлғайту / сульфаниламидтерді бигуанидтармен бірге қолдану / диета және рациональды физикалық күш / бигуанидтерге ауыстыру ! Науқас 40 жаста. Шағымдары: тұрақты шөлге, полиурияға, іш қатуға, эпигастрий аймағының ауырсынуына. 10 жылдан бері қант диабетімен ауырады.Ұзақ әсерлі инсулин қабылдайды - таңертең және кешке, қысқа әсерлі инсулин қабылдайды- таңертең, түскі уақытта және кешке. Анамнезінде: 12 ай бұрын ұзақ температуралы гриппен ауырған. Қарағанда: бет аймағы үлкейген, білезік буындары ұлғайған, бет терісінде безеулер байқалады. Тері жамылғысы құрғақ. Тексергенде - полиурия, зәр тығыздығы төмендеген. Аш қарынға гликемия 7.0ммоль/л, тамақтанғаннан кейін - 8.5ммоль/л. Бас сүйек рентгенографиясы – Түрік ершігі үлкейген. Басқа қандай тексерулер жүргізуге болады? / Бас миының КТ / Көз түбін қарау / МРТ / УДЗ / Хирург кеңесі |