тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Скачать 1.34 Mb.
|
! Төменде көрсетілгендердің қайсысы «Реальды объектінің жалған қабылдау» мағынасына тән? / Иллюзия / Галлюцинация / Жалғангаллюцинация / Екеулену сандырағы / Дереализация ! Төменде көрсетілгендердің қайсысы «Бос қиялдық, қоршаған ортаның шынайы еместік сезім» мағынасына тән? / Дереализация / Инсцинировка сандырағы / Метаморфопсия / Көру иллюзиясы / Деперсонализация ! Төменде көрсетілгендердің кайсысы «Өз – өзін сезіну өзгешелік» мағынасын анықтайды? / Деперсонализация / Жалғангаллюцинация / Аутопсихикалық галлюцинация / Екеулену сандырағы / Дереализация ! Кандинского-Клерамбо синдромына қандай сандырақ түрі тән? / Әсер ету / Мегаломаниялық / Резидуальды / Өзін өзі қорлау / Ұлылық ! Ер адам 30 жаста, белгілі бір халық аралық ұйым «оны әртүрлі іс – әрекеттерді істеуге, оған өздерінің ойларын айтады, үнемі артынан қалмайды, оны бағыттайды» деп айтады. Төменде көрсетілген синдромдардың ең мүмкін? / Психикалық автоматизм / Галлюцинаторлы / Сандырақты / Паранойяльды / Парафренды ! 42-жастағы шизофрениясы бар науқас интервью беріп жатқандай кезінде ортасында тоқтап қалады. Бірақ, ол неге тоқтап қалғанын түсіндіре алмайды. Төменде көрсетілген симптомдар ең мүмкін? / Шперрунг / Ментизм / Персеверация / Ввербигерация / Неологизм ! Науқас 45 жаста, психиатриялық стационардың наркологиялық бөлімшесіне психомоторлы қозу жағдайында жеткізілді. Қабылдау бөлімінде зооптикалық мінездегі шынайы көру галлюцинациялары анықталды. Осы науқасқа қандай психикалық патология тән? / Алкогольды делирий / Эпилепсия / Реактивты психоз / Шизофрения / Ақыл – ой кемтарлығы ! Науқас 45 жаста, көміртегі газымен уланған соң, фиксационды амнезия, амнестикалық дезориентировка және конфабуляция анықталды. Төменде көрсетілген синдромдардың ең мүмкін? / Корсаковский синдром / Кандинский-Клерамбо синдромы / Делириозды синдром / Параноидты синдром / Паранойяльды синдром ! Науқас 35 жаста, зооптикалық мінездегі анық шынайы көру галлюцинациялары бұжыр болып көрінеді. Төменде көрсетілген синдромдардың ең мүмкін? / Делириозды синдром / Депрессивты синдром / Маниакальды синдром / Астениялық синдром / Паранойяльды синдром ! Науқас 72 жаста, терапевтикалық бөлімшеде стационарлық емде жүрген кезде фиксационды амнезия, амнестикалық дезориентировка, конфабуляции анықталды. Төменде көрсетілген психикалық патологиялардың қайсысы тән? / Корсаковский психозы / Шизофрения / Акогольды галлюциноз / Алкогольды қызғану сандырағы / Психоз Гайе- Вернике ! Науқас 48 жаста, бірнеше рет психиатриялық ауруханада стационарлық емде болып, әсер ету сандырағы, жалғангаллюцинация және психикалық автоматизм анықталды. Қандай синдром ең тән? / Кандинский-Клерамбо синдромы / Паранойяльды синдром / Астениялық синдром / Жабысқақ жағдайлар неврозы / Апато-абулиялық синдром ! Төменде көрсетілгендер қабылдау бұзылыстары шұғыл госпитализацияға көрсеткіш? / Императивты галлюцинация / Комментирлеуші галлюцинация / Сценотәрізді галлюцинация / Сенестопатия / Астениялық жағдайлар ! 26 жастағы науқас кардиальды қауіп қатерсіз инфаркт миокардасын басынан өткереді. Қандай затты қолданған уақытта осы жағдай туындайды? / Стимуляторлар / Фенциклидин / Седативты заттар / Галлюцинагендер / Алкоголь ! Қыз 18 жаста терапевтке келді. Осы кезде ол тамақпен проблемасы бар екендігін айтты. Ол тым көп және тез тамақтанады, бұрыңғыға қарағанда, осы кезеңділіктерді бақылай алмайды, әсіресе жалғыздықта көп жейді. Осы «ашқарақтық ұстамалардан кейін» көп мөлшерде іш өткізгіш дәрілерді ішеді. Төменде көрсетілген симптомдар ең мүмкін? / Булимия / Импульс бақылау бұзылысы / Анорексия / Жабысқақ ойлар / Сверх жоғары идеялар ! Босанудан кейін әйелде үрей, тамақ ішпейді, қобалжулы және оның баласы емделмейтін ауру мен ауыратындығына сеніп, қауіптілігін білдіртіп, оны зерттеуді сұрайды. Қандай маманның кеңесі шұғыл түрде қажет? / Психиатр / Гинеколог / Неонатолог / Терапевт / Психолог ! Психиатриялық стацинарға өз еркіндігінсіз жатқызылған адамды қанша уақыт ішінде дәрігер – психиатрлар комиссионды куәләндіру міндетті? / 48 сағат / 15 тәулік / 24 сағат / 10 тәулік / 30 тәулік ! Ер адам 37 жаста, соңғы 3 айда қозулы, тежелулі, әйелдерге әдепсіз комплименттер айтады. Үнемі күлімсірейді, анық емес, айқын емес сөйлейді, қисынсыз қалжындайды. Қарапайым санағанда қателеседі, мәтел – мақалдардың ойын тіке түсындіреді. Өзінің жағдайына деген сын жоқ. Ең алдымен диагнозды растау үшін қандай диагностикалық зерттеу жүргізу керек? / Ультрадыбысты зерттеу / Электроэнцефалография / Вассерман реакциясы / Психологиялық зерттеу / Реоэнцефалография ! Ер адам 47 жаста, ұйқысының қашуына, тәбетінің төмендеуіне, құсу, бас ауыру сезіміне, жүрек қағуына, жүрек аймағындағы қысып ауыру сезіміне, көңіл – күйінің нашарлауына, ашуланшақтыққа, АҚҚ- 180/100 мм.сын.бағ., алкогольды ішпеген кезде жоқ болатынына шағымданады. 10 жылдан бері ішімдікке салынған, соңғы уақытта дозасынан тым көп ішеді, бірақ, масаймайды. Бірнеше рет жұмысқа алкоголь иісімен барған. Науқасқа дәрілердің қандай комбинициясын тағайындау керек? / Физ ерітінді к/т тамшылатып, «В» витамин тобы және аскорбинды қышқылы, күкірт қышқылды магнезию, реланиум, сонапакс / Пирацетам, нейролептики / Транквилизаторы / Тетурам, УРТ, «эспераль» / Нейролептики, антидепрессанты ! Қандай нейрон немесе ағзаның зақымдалуы бұлшықет гипотрофиясымен сипатталады? / Перифериялық қимыл нейроны / Орталықтанған қимыл нейроны / Мишық / Ішкі капсула / Алдыңғы ортылық қатпар ! Төменде келтірілген рефлекстердің қайсысы бүгілу типіндегі негізгі патологиялық рефлекс болып табылады? / Россолимо / Бабинский / Оппенгейм / Гордон / Чеддок ! Ауылдық амбулаторияның қабылдау бөлімшесіне 42 жастағы ер кісі жеткізілді, эмоциональды күйзелістен кейін есін жоғалтқан. Объективті: беті қызарған. Артериальды қысымы 170/100 мм сын. бағ, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты оң. Жарыққа қарашықтың реакциясы жоғалған. Беті симметриялық, тілі ортаңғы сызық бойымен. Тонусы өзгермеген, рефлексте біркелкі екіжақты жоғарылаған. Қандай ауру осы аурудың дамуына алып келді? / Бас ми тамырларының аневризмасы / Жүректің ишемиялық ауруы / Анемия / Қант диабеті / Ревматизм ! 42 жастағы ер кісі, естуінің төмендеуіне, құлағындағы шуылға, сыбырлаған сөздерді нашар естуіне, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 7 жыл аралығында экскаваторда машинист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі – сыбырлаған сөздерді екі метрлік қашықтықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады. Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс? / Профессиональды кереңдік. / Вибрационды ауру. / Меньер ауруы / Миелит / Энцефаломиелит ! 43 жастағы ер кісі тер шаршағыштыққа, жүрек соғуының жиілеу ұстамаларына, ауа жетпеу сезіміне, қозғыштыққа, кезеңдік қатты бас ауруына, бас айналуына, жалпы жүдеуіне, әсіресе иық және қолының жүдеуіне шағымданып қаралды. 12 жыл бойы шахтада бұрғышы болып жұмыс истейді. Қарап тексергенде: науқас астенизирленген, саусақтар мен табанның акроцианозы. Сухожильды рефлекстері біркелкі төмендеген. Барлық сезімталдық түрлерінің бұзылыстары, әсіресе айқын вибрационды. Ромберг қалпында тұрақсыз. Координаторлық сынамасы жеңіл интенциямен. Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс? / Вибрационды ауру / Гийена-Барре синдромы / Бүйірлі амиотрофиялық склероз / Полиомиелит / Сәулелік ауру ! 37 жастағы ер кісі, естудің төмендеуіне, сыбырлаған сөздерді нашар естиді, сөйлесу кезіндегі жақсы қабылдаумен, кезеңдік бас ауруына, бас айналуына шағымданып қаралды. 9 жыл бойы авиационды моторист болып жұмыс жасайды. Қарап тексергенде: естудің әлсіз төмендеуі, сыбырлау сөздерін екі метрлік аралықтан қабылдайды. Басқа бұзылыстар анықталмады. Қандай алдын алу диагнозы дұрыс? / Кохлеарлы неврит / Меньер ауруы / Миелит / Энцефаломиелит / Омыртқаның мойын бөлімінің остеохондрозы ! 63 жастағы ер кісі. Ертеңгісін ұйқыдан кейін, бас айналуы мен сол қолы мен аяғындағы әлсіздікті сезінген. Әлсіздік үдеген және үш күн аралығында сол аяқ қолының салдануы пайда болған, сонымен қатар оң көзімен көруі нашарланған. Объективті: АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульс жүйелі минутына 80 соққы, толуы мен қуаты қанағаттанарлық. Жүрек үндері көмескі. Оң жақ ұйқы артериясының соққысы төмендеген. Сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, тілін сыртөа шығарғанда солға қисайған. Сол жағының аяқ қолының белсенді қимылы шектелген, ондағы білектің бүгілу және жіліншіктің жазылу бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған. Сол жақты Бабинский патологиялық рефлексі шақырылады. Қандай топикалық диагноз дқрыс? / Бас миының оң жақ жарты шары зақымдалған және оң көру нерві / Мидың сол жақ жарты шары зақымданған және оң көру нерві / Ми қабықтары зақымдалған / Екі жарты шар да зақымдалған және сол жақ көру нерві / Бас миының қытысы зақымдалған ! Науқас 25 жаста, ағаш кесуші. Көктемде орманда жұмыс жасап жүріп, кене шағуына жол беріп, оған мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Дене қызуының 39°жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі пайда болған. Тұмауратқан науқас ретінде амбулаторлық жағдайда ем қабылдаған. Науқастың жағдайы нашарлаған және 2—3 күннен кейін қолында және мойын бұлшықетінде әлсіздік пайда болған. Неврологиялық статусында: мойын және қол бұлшықеттерінің әлсіз салдануы. Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс? / Кенелік энцефалит / Масалық энцефалит / Экономо энцефалиті / Тұмаулық энцефалит / Шильдер лейкоэнцефалиті ! 33 жастағы әйел кісі оң жақ білегіндегі күйдіретін сипаттағы ауру сезіміне, жұмыс кезінде оның күшеюіне шағымданып қаралды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2-3 апта аралығында мазалайды. Қарап тексеруде: бұлшықет және оның беку орны ауру сезімімен, ісінуі анықталады, крепитациясы, оң иық буынының қимылы шектелген. Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс? / Миозит / Бүйірлі амиотрофиялық склероз / Миастения / Плексит / Миелит ! 46 жастағы ер кісі. Соңғы 1,5 жыл бойы қолындағы ауру сезімі және парестезиялар, жалпы жүдеу, кезеңдік бас ауруы, бас айналуы, ашуланшақтығы мазалайды. Көңіл күйі кешке қарай нашарлайды. 10 жыл аралығында құрылыста бетонщик болып жұмыс жасайды. Қарау кезінде: қолындағы беткей және терең сезімталдықтың төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталады. Ромберг қалпында теңселу. Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал? / Вибрационды ауру / Миастения / Паркинсонизм / Полинейропатия / Гиена-Барре синдромы ! 38 жастағы әйел кісі лет, жедел ауырды, тұмаудан кейін сол төменгі жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды, ұстама тәрізді сипатта, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, түшкіргенде, шайнау және жуынғанда күшейеді. Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты V нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, курковая зона сол жақты ауыз бұрышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз. Қандай препарат тағайындау ең ықтимал? / Финлепсин / Циклодол / Клоназепам / Глицин / Фенозепам ! 42 жастағы әйел кісі, жедел ауырды, суықтанудан кейін беті қисайған, оң көзін жұму мүмкін емес, оң жақ құлақ артындағы аймақта ауру сезімі пайда болған. Неврологиялық статусында: оң жақ маңдай қатпары тегістелген, лагофтальм, Белла симптомы, оң көзінен жас ағу, оң жақ бетінің жартысында қимыл шектелген (маңдай, қас, жақтары),оң ауыз бұрышы түскен, ауыз ақсайту кезінде оң ауыз бұрышы қимылсыз. Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте? / Кортикостероидтар / Антибиотиктер / Тамырлық / Вирусқа қарсы / Диуретиктер ! 25 жастағы ер кісі. Өткерген отиттан кйін, беті қисайған, сол жақ құлақ арты аймағында ауру сезімі пайда болған. Ертеде ештеңемен ауырмаған. Неврологиялық статусында: сол жақ маңдай қатпары тегістелген, көз қатпары S>D, сол жақ ауыз бұрышы түскен, аузын ақсайту кезінде ауыз бұрышы қимылсыз, сол көзінен жас ағады. Басқа неврологиялық симптоматика анықталмады. Лайықты емді тағайындаңыз. Қандай препарат тағайындау лайықты? / Дексаметазон / Финлепсин / Пирацетам / Маннитол / Мексидол ! 27 жастағы ер кісі, клиникаға сол бетінің жартысының ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып түсті. Ауру сезімі кенеттен, күйдіретін , ұстаманың ұзақтыңы бірнеше секундтан минутқа дейін. Ауру сезімі сол жақ жоғарғы ерін аймаңынан басталады , шайнаумен, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімі гиперемиямен, сол жақты жас ағумен жүреді. Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте? / Карбамазепин / Актовегин / Тиамин / Церебролизин / Милдронат ! 56 жастағы ер кісі, кенеттен эмоциональды жүктемеден кейін оң аяқ қолындағы әлсіздікті және жансыздануды, сөйлеудің қиындауын сезінді. Көп жылдар бойы артериальды қысымның жоғарғы сандарымен жүретін гипертониялық аурумен ауырады. Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң жақты мұрын ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа қисайған, жеңіл оң жақты гемипарез. Барлық көрсетілген белгілер үш сағаттың ішінде шешілген. Қандай тактика жүргізу дұрыс? / Шұғыл түрде стационарға госпитализация / Жоспарлы түрде стационарға госпитализация / Амбулаторлы жағдайда ем алу / Хирургиялық ем / Жоспарлы түрде поликлиникаға қаралу ! 57жастағы ер кісі ертеңгісін кенеттен артериальды қысымның 150 /100 мм рт.ст. жоғарылау фонында пайда болған қатты бас ауруына, құсуға, оң аяқ қолының жансыздануына және ілсіздігіне, сөйлеудің бұзылуына шағымданады. Объективті АҚ- 200/115 мм рт. ст., пульс – минутына 94 соққы. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақпен, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты. Бет және оң жақты тіл мимикалық бұлшықеттерінің орталық салдануы, тонусы мен рефлекстердің жоғарылауымен оң жақты гемиплегия және гемигипестезия. Қандай препарат тағайындау ең лайықты? / Сульфат магния / Гепарин / Аспирин / Теофиллин / Пентоксифиллин ! 33жастағы ер кісі, қатты бас ауруына , бас айналуы шағымдарымен жеткізілді. Қарау кезінде: шүйде бұлышқеттірінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалып интоксикация көріністері, қандағы Вассерман реакциясы оң, ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз. Бұл жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты? / Пенициллин / Преднизолон / Изониазид / Грамицидин / Тетрациклин ! 40 жастағы әйел кісі, кенеттен ауырды, өткерген тонзиллиттан кейін, толқын тәрізді қызба, петехиальды бөртпе, мұрнынан қан ағу, жалпы улану көріністері, буындарындағы ауру сезімі мазалаған . Неврологиялық статусында: есінде, сұрақтарға әлсіз жауап береді. Горизонтальды нистагм. Бұлшықет тонусы төмендеген. Гипергидроз түріндегі айқын вегетативті бұзылыстар, аяқ қолдың акроцианозы. Райт-Хеддельсон реакциясы оң нәтижелі. Қандай препарат тағайындаған бірінші ретті болып табылады? / Рифампици / Преднизолон / Изониазид / Маннитол / Тиамин ! 34 жасар ер кісі, дене қызуының 37,5° градусқа жоғарылауымен, айқын бас ауруына, бас айналуына, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуына шағымданып қаралды. Симптомдар 2 апта ағымында пайда болды және біртіндеп күшейді. Неврологиялық статусында: сол жақты айқаспалы қылилық, сол жаққа қарағандағы диплопия, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 3см, Керниг симптомы 120°градуспен, аяқ қолдың салданулары жоқ. Осы жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты? / Арнайы емдік мекемеге жатқызу. / Терапевтикалық бөлімшеге жатқызу. / Пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу. / Емді амбулаторлы жүргізу / Инфекционды ауруханаға жатқызу ! 43 жастағы ер кісіде, толық дені сау фонда дене қызуының 38° градусқа жоғарылауы, бас ауруы және құсу, көз алмасында ауру сезімі пайда болды. Неврологиялық статусында: қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 2 см, Керниг симптомы 120°градуспен, ошақты неврологиялық симптоматика анықталмады. Қандай терапия тағайындау бірінші кезекте болып табылады? / Вирусқа қарсы терапия / Дегидратационды терапия / Гипотензивті терапия / Антибактериальды теапия / Антигистаминдітерапия ! 33 жастағы ер кісі жұмысқа барар жолда, жығылып, құлады, желкесімен бордюрға басын соғып алды. Есін бірнеше секундқа жоғалтқан, өздігінен тұрып, жұмысқа жеткен, жұмысында бір сағаттан кейін қатты бас ауруы, бас айналуы және жүрек айнуы пайда болған. Медпунктке қаралды. Қарау кезінде: жұмсақ тіндердің жарақаттары жоқ. Пульсі ритмді, мин 82 соққы., АҚ—110/70 мм.рт.ст. Есі анық. Өзін ұстауы дұрыс. Есте сақтауы сақталған. Менингеальды және ошақты неврологиялық симптомдар жоқ. Қандай диагностикалық әдіс бірінші ретте тағайындалады? / Компьютерная томография / Люмбальды пункция / Ульразвуковая доплерография / Допплерография / Реоэнцефалография ! 22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді. Ең ықтимал диагноз? / Ботулизм / Мидың ісігі / Гипертониялық криз / Тағамдық токсикоинфекция / Ми қан айналымының жедел бұзылысы ! 28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с. Қай диагноз ең ықтимал болады? / Жедел дизентерия / Тырысқақ / Салмонеллез / Тағамдық токсикоинфекция / Жедел гастроэнтероколит ! Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады? / Жұқпалы мононуклеоз / Листериоз / Иерсиниоз / Лептоспироз / Вирусный гепатит ! 17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған. Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді? / Оральді дезинтоксикация / Серотерапия / Антибиотикотерапия / Вирусқа қарсы терапия / Өт айдайтын препараттарды қабылдау ! Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады. Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады? / Аутоиммунды тиреоидит / Калькулезді холецистит / Криглер-Найяр синдромы / Өкпе туберкулезі / Өт шығу жолдары дискинезиясы ! 35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? / Іш сүзегі / Ку-қызбасы / Кенелік бөртпе сүзегі / Эпидемиялық бөртпе сүзегі / Солтүстік Азияның кенелік сүзегі ! 32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? / Бруцеллез / Безгек / Иерсиниоз / Іш сүзегі / Ку-қызбасы ! 20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? / Безгек / Грипп / Лептоспироз / Ку-қызбасы / Кенелік бөртпе сүзегі ! 23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді. Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша): / III (үшінші) / I (бірінші) / II (екінші) / IV (төртінші) / Терминальді ! 42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады? / Оба / Грипп / Бруцеллез / Пастереллез / Ку-қызбасы Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән? |