Главная страница

тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика


Скачать 1.34 Mb.
Название. А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Дата18.05.2021
Размер1.34 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлатест воп.docx
ТипДокументы
#206463
страница2 из 31
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Жалпы дәрігерлік практика мамандандырылған топтары үшін

ШЫМКЕНТ-2014

!

Тітіркенген ішек синдромының жетекші себебі - бұл:

/нейроваскулярлық күйзелістер

/иммунологиялық бұзылыстар

/инфекция

/тағамның белгілі түрлеріне сезімталдықтың ұлғаюы

/қатерлі қайта пайда болулар

!

Енгізілген атропин мөлшерінің әсерлілігі келесі бойынша бағаланады:

/жүрек соғу жиілігі, қарашықтың көлемі, бронхоспазмның болмауы

/қарашықтың көлемі, жүрек соғу жиілігі

/мидриаздың болуы, сілекей бөлінуінің болмауы

/сілекей бөлінуінің, бронхореяның, тершеңдіктің, брадикардияның болмауы

/сілекей бөлінуінің, миоздың, тершеңдіктің болмауы

!

Егде жастағы науқастың дәрігерге қаралғандағы шағымдары: қою және жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, 3 апта ішінде жүдеу. Анамнезінде: 10 жылдан бері эпилепсия ұстамаларымен ауырады. Рентгенограммада - жоғарғы сегментте ішінде сұйықтығы бар қуыс анықталды. Диагноз қою үшін көз жеткізу керек:

/соңғы тырысу ұстамасы қашан болғанына

/қақырықта қанның болуына

/плевралық ауыру сезімдері болуына

/бұрын пневмония болғанына

/жанұясында туберкулез болғанына

!

Науқас, 74 жаста, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: қою және жағымсыз иісті қақырықпен жөтел, 2 апта ішінде жүдеуі. . Анамнезінде: 10 жылдан бері эпилепсия ұстамаларымен ауырады. Соңғы ұстама шамамен 2 апта бұрын болған. Рентгенограммада - жоғарғы сегментте ішінде сұйықтығы бар қуыс анықталды. Сіздің диагнозыңыз:

/аспирациядан кейінгі өкпе абсцессі

/өкпе туберкулезі

/пневмония

/өкпе фиброзы

/бронхоэктаз ауруы

!

Жасөспірім, 18 жаста, дәрігерге келесі шағымдармен қаралды: ентігу, шуылдап тыныс алу, құрғақ тамақтарды жұтудың қиындығы. Рентгенограммада - кеуде ішілік бөлігіндегі трахея шеміршегінің жұмсаруы. Осы жағдайдың себебі:

/кеуде ішілік бөлігіндегі трахеяның туа пайда болған тарылуы

/дауыс байламдарының екі жақты салдануы

/трахеяның қан тамырлық сақинасының патологиясы

/жүрек патологиясы

/бронх демікпесі

!

Дәрігерге 35 жастағы науқас көп мөлшерде іріңді қақырықпен жөтел, кейде жағымсыз шірік иісті қақырықты «аузын толтыра» тастау, әлсіздік, ашуланшықтық, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданым келді. Анамнезінде: бала кезінен бронхитпен жиі ауырады. Қарап тексергенде: саусақтары "дабыл таяқшалары", ал тырнақтары "сағат әйнегі" тәрізді өзгерген. Рентгенограммада: күшейген өкпе суреті үстінде сол өкпенің төменгі бөлігінің торлануы байқалады. Орталық ағзалар солға ығысқан. Сіздің диагнозыңыз:

/өкпе туберкулезі

/пневмония

/өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

/өкпе абсцессі

/бронхоэктаз ауруы

!

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен науқастанатын ер кісі Сізге қаралды. Заманауи жіктелу бойынша Сіз аурудың ауырлық дәрежесін анықтайтын негіз:

/сыртқы тыныс қызметінің көрсеткіштері (ТШТК1 және пикфлоуметрия)

/бронхография

/ентігу ауырлығы

/гипоксия дәрежесі

/кеуде ағзаларының рентгенографиясы

!

Көп мөлшерде іріңді қақырықпен жөтелуге шағымданып келген 25 жастағы науқаста бронхоэктаз ауруын жоққа шығару үшін нақты мәлімет беретін зерттеу әдісі:

/бронхография

/микрофлораны анықтау үшін қақырық себіндісі

/томография

/өкпенің шолу рентгенографиясы

/өкпе сцинтиграфиясы

!

Дәрігерге 68 жастағы науқас жөтел, дене қызуының көтерілуі, терең тыныс алғанда кеудесінің оң бөлігінің ауыруына шағымданып келді. Анамнезінде: көп жылдан бері маскүнем. Рентгенологиялық зерттеуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде пневмония анықталды. Пневмонияның болуы мүмкін қоздырғышы:

/протей

/клебсиелла

/ішек таяқшасы

/гемофилді таяқша

/пневмококк

!

Темекі шегетін жас жігіт дәрігерге қан түкіру мен ентігуге шағымданып келді. Лабораториялық зерттеуде жеңіл дәрежелі анемия мен микрогематурия анықталды. Қоюға болатын диагноз:

/қатерлі ісік

/артериовенозды аномалия

/өкпе абсцессі

/туберкулез

/Гудпасчер синдром

!

Бұрын ешқашан ауырмаған 27 жастағы ер кісі шұғыл жәрдем бөліміне қатты қалтырап тоңу, тыныс алғанда кеудесінің сол бөлігінің ауыруы, қызба, 4 күннен бері жөтелуге шағымданып келді. Тез шаршағыштық пен қимылдағанда ентігу пайда болатынын айтады. Қақырығы тұтқыр, мол, темір таты түсті. Кеуде ағзаларының рентгенораммасында: сол өкпенің төменгі бөлігінде көлеңке бар (гомогенді қараю) . Осы жағдайда пневмонияның болуы мүмкін қоздырғышы:

/ішек таяқшасы

/алтын сары стафиллококк

/гемофильді таяқша

/клебсиелла

/пневмококк

!

Қабылдау бөліміне 22 жастағы жігіт төбелес кезінде кеудесінің сол бүйірінен аяқпен соққы алғаннан кейін қатты ентігу пайда болуына шағымданып қаралды. АҚ 88/54 мм сын. бағ., пульсі 120 рет/мин, тыныс жиілігі 40 рет/мин. Дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: трахеяның солға қарай ығысуы мен оң жақта әлсіреген тыныс анықталған. Пульсометрия бойынша қанның оттегімен қанығуы - 95%. Осы жағдайда емді бастау керек:

/хирургтың жедел кеңесінен

/шұғыл торакотомиядан

/эндотрахеальді интубациядан

/кеуде қуысының пункциясынан

/торакоцентезден

!

Науқас 50 жаста, пескоструйщица қызметін атқарған, ІІ топ мүгедегі. 5 жыл барысында туберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрады. Шағымдары: ентігу, субфебрильді қызба, қақырықты жөтел, қан қақыру. Өкпе-жүрек шамасыздығының ауырлауымен ауруы бір өршіп, бір басылады. Анамнез негізінде күдіктенугі болатын үрдіс:

/туберкулезден кейінгі пневмосклероз

/өкпенің созылмалы диссеминирленген туберкулезі

/өкпенің фиброзды-каверналы туберкулезі

/өкпенің циррозды туберкулезі

/силикотуберкулез

!

Дәрігер қабылдауына 28 жастағы науқас жөтел, сол кеуде қуысының ауыруы, дене қызуының 380С көтерілуіне шағымданады. Аускультацияда сол жауырын астында ылғал майда көпіршікті сырылдар естіледі, перкуторлық дыбыс сол жерде тұйықталған. 5 күн бұрын суық тигеннен кейін жедел ауырып қалған. Емханада науқасқа «Пневмония» диагнозы қойылып, амоксициллин күніне 500 мг х 4 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет тағайындалған. Сіздің қолданатын шараңыз:

/амоксициллинді азитромицинге ауыстыру

/амоксициллинмен емді сол мөлшерде жалғастыру

/амоксициллин дозасын көбейту

/амоксициллинді тетрациклинге алмастыру

/емге гентамицинді қосу

!

Жанұялық дәрігерге 52 жастағы науқас келесі шағымдармен қаралды: қиын бөлінетін қақырықпен жөтел, тыныш күйде ентігу және физикалық күштемеде оның күшеюі. Анамнезінде: 30 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді. Соңғы 20 жылда күнде таңертең жөтеліп, қақырық тастайды. Қарап тексергенде: кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуссияда өкпелік дыбыс қорапты. Аускультацияда тынысы әлсіз, тыныс шығаруы ұзарған, екі өкпесінен де құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Рентгенологияда өкпе суреті мен мөлдірлігі күшейген. ТШТК1 45%. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:

/«ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну; оксигенотерапия

/«ӨСОА, І сатысы»; қақырық түсіргіштер, амоксиклав 625 г х 3 рет, теотард 200 мг х 2 рет күніне тағайындау

/«Созылмалы обструктивті бронхит»; эуфиллин 2,4% - 10 мл физиологиялық ерітіндіде к/т тамш., бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау

/«ӨСОА, ІІ сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет күніне тағайындау

/«ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет, ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ емдеу, оксигенотерапия тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну

!

72 жастағы науқас ӨСОА-мен ауырады, ентігу, жүрек тұсында соғудың бұзылуына, аяқтарының ісінуіне шағымданып, дәрігерге қаралды. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. Осы жағдайда қолдануға тиімсіз препарат:

/новокаинамид

/нифедипин

/конкор

/пропранолол

/дигоксин

!

Жедел жәрдем көлігімен бронх демікпесімен ауыратын 22 жастағы науқас ауруханаға жеткізілді. Науқас қозулы, дене қызуы 36,70С, ЖСЖ 120 рет/мин, ТЖ 32 рет/мин. Өкпе аускультациясында тыныс күрт бәсеңдеген, бірең-сараң құрғақ сырылдар бар, рН - 7,3, раО2 - 50 мм сын. бағ. 1 тәулік ішінде беротектің 15 ингаляциясын қабылдаған. Осы жағдайдағы науқасқа қолдануға болмайды:

/симпатомиметиктер мөлшерін көбейту (сальбутамол, беротек)

/кортикостероидтар

/эуфиллин парентеральді

/көктамырға регидратация

/оттегі ингаляциясы

!

Салқын тигеннен кейін амбулаториялық жағдайда дамыған, пенициллин әсерсіз пневмониясы бар 30 жастағы науқасқа тағайындалатын антибиотик:

/азитромицин

/карбенициллин

/стрептомицин

/тетрациклин

/гентамицин

!

Науқас Р., 25 жаста, бала кезінен тізе, шынтақ буындарының артрозымен науқастанады, мұрнынан жиі қан кетеді, анамнезінде - бұлшықеттер аралығында гематомалар анықталады. Нағашысы да осылай ауырған, миына қан кету салдарынан өліп кеткен. ЖҚА - өзгеріссіз, тромбоцит - 220,0х109/л; БЖТУ ұзарған, Ваалер-Розе реакциясы теріс. Ем шарасын таңдаңыз:

/гепарин

/криопреципитат

/преднизолон

/эритроциттік масса

/плазмаферез

!

Науқас А., 53 жаста., мамандығы ветеринар, айқын спленомегалиямен ауруханаға түсті. ЖҚА: Эр. - 3,2х1012/л; Нв - 98 г/л, ТК - 0,9, лейкоцит - 120х109/л, промиелоцит - 12%, миелоцит – 10%, п/я - 12%, с/я - 32%, лимф. - 19%, баз. - 7%, эоз. - 8%, ЭТЖ - 42 мм/сағ. Райт және Хеддельсон реакциялары - теріс. Қолданылатын ем шаралары:

/преднизолон

/цитозар

/гидреа

/винкристин

/циклофосфан

!

Науқас Б., 16 жаста, лимфоаденопатия, айқын әлсіздікке шағымданады. ЖҚА.: Эр. - 2,5х 1012/л; Нв - 79 г/л, ТК - 0,8; лейк. - 6,1х109/л, лейкограммада: бласттар - 85%, лимфоцит - 10%, с/я - 5%, тромбоцит - 100х109/л. Миелопероксидаза мен липидтерге цитохимия - теріс, Шик-реакция - түйіршіктер түрінде оң. Емдеу кестесін тағайындаңыз:

/винкристин + преднизолон + рубомицин + L-аспарагиназа

/гидреа

/цитозар + рубомицин ("7 + 3")

/аз дозада цитозар

/в-интерферон

!

30 жастағы науқас эпигастрий аймағының ауыруы мен ауыр циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде – созылмалы геморрой. Тері жабындысы бозғылт. Қан анализінде: Нв - 90 г/л, Э - 3,5х 1012/л, ТК - 0,7, тромбоциттер - 180,0х109/л, ретикулоциттер - 0,5%. Билирубин - 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Дәрі таңдаңыз:

/пероральді темір дәрілері

/B12 витамині

/парентеральді темір дәрілері

/эритроциттік массаны құю

/преднизолон

!

Вирусты С гепатитін емдеуде ПегИнтронның (Пегинтерферон б-2В) дене салмағының кг шаққандағы тиімді мөлшері:

/0,5 мкг/кг

/1,0 мкг/кг

/1,5 мкг/кг

/2,0 мкг/кг

/2,5 мкг/кг

!

Бауыр циррозы бар науқастардағы энцефалопатия кезінде аммиакты ішекте залалсыздандыратын дәрі:

/орницетил

/флумазенил

/лактулоза

/глютамин қышқылы

/калий оротаты

!

А. атты науқас, 22 жасар, айқын арықтау, ауыздың құрғауы, шөлдеу, кіші дәретке жиі бару, жүрек айну, нашар тәбетке шағымданды. Объетивті: тері қабаттары құрғақ, алақандары мен табандары сары түсті, фурункулез. Несеп талдауында: қанттың болуы анықталды - 3, 5% және ацетонурия (++) . Алдын ала қойылған диагноз:

/I типті қантты диабет, декомпенсация, кетоацидоз

/қантты емес диабет

/II типті қантты диабет, декомпенсация

/вирусты гепатит

/пиелонефрит

!

Жүйелі қызыл жегіде теріде болатын өзгерістер:

/бетінде «көбелек»тәрізді эритема

/көздің айналасында қызғылт түсті эритема

/санында түйінді эритема

/анулярлы эритема

/папулезді бөрітпе

!

Ер адам 65 жастағы науқас, Стенокардиямен жәнғ обструктивті бронхитпен ауратын. Ақырғы кезде науқаста тұншығу, кеуде қуысының шаншылуы кенеттен пайда болған. Тексеру кезіңде: галоп ритмі, жайылған құрғақ сырылдар мен қоса өкпенің төменгі сегментінде ылғалды сырылдар табылды. ҚҚ 85/90 с бб. Нитроглицерин қабылдағанда басылады. Болжам диагноз:

/миокард инфарктісі, кардиогенді шокпен және өкпе ісінуімен асқынған

/миокард инфаркті

/миокард инфаркті, кардиогенді шокпен асқынған

/ӨАТЭ

/бронхиальды астма

!

Науқасты үйде қарағанда оның жағдайы ауырлаған,тері бозғылт, терлеген., АҚ 150/100 мм сын.бағ. пульс 120 минутына. Өкпесінде ірі көпіршікті сырылдар, жүрек тондарын басады.Анамнезде – артериальды гипертензия 5 жыл бойы қинайды.

Сіздің дәрігерлік әрекетіңіз:

/арнайы бригаданы шақырып, ауруханаға жатқызу.

/науқасты үйде қалдыру

/жедел жәрдемді шақыру

/науқасты үйде қалдырып, бақылау

/күндізгі стационарда емдеу

!

Емханаға науқас әйел қалтырау, дене қызуының 380С 2 ай ішінде болуына аорталық ақау, сол санының қан тамырларының тромбозымен келді. 6 ай бұрын екі жақты пневмониямен ауырып шыққан, үйде емделген. Сіздің диагнозыңыз:

/бактериальды эндокардит

/пиелонефрит

/бауыр абсцессі

/холангит

/лимфогранулематоз.

!

80 жастағы әйел жүрек жетіспеушілігінен стенокардия талмалары күшейген. Ол фуросемид, дигоксин, нитроглицерин және калий препараттарын қолданады. Бірнеше уақыттан кейін науқаста маңдай бөлігінде жүйелі пульстегі бас ауруы пайда болған. Дәрігер ең бірінші кезекте қолдану қажет:

/миға КТ жүргізу

/самай артериясына биопсия жүргізу

/пропранололды ұсыну.

/ауырған кезде тіл астына эрготамин ұсыну

/нитроглицеринді қолданбау

!

58 жастағы ауруда тамақтанғаннан кейін, әсіресе жара ауруына байланысты ұсталып отыратын 1-ші дастархан шетінде жүрек соғуы, әлсіздік, қорқыныш, жартылай естен тану жағдайы, коллапс, көңіл-күйінің жылдам өзгеруі, тершеңдік, қозу бақыланады. Болжам диагноз:

/демпинг-синдромы

/гипогликемии

/агастральды астения

/ілмекті тудыратын синдром

/анастомоздың пептикалық жарасы

!

27 жастағы ер адам қабырға асты мен эпигастрий аймағында аяқасты ауру сезімін сезген. Бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі азайды. Объективті түрде: тілі құрғақ, қарны тартылған. Құрсақ бұлшық еттері қатайған. АҚ 90/60 мм рт. ст., пульс 120 соққы./мин. Болжам диагноз:

/ойық жара ауруы, ойық жара перфорациясы 12 п.к.

/созылмалы гастрит

/өт шығару жолдарының дискинезиясы

/құрсақтық аорта аневризмасының ажырауы

/қатты ішекті өткізілмеуі

!

25 жастағы науқаста идиопатиялық оң жақты плеврит, экссудаттың клеткалық құрамын талдауда лимфоциттер анықталды. Қай тактика дұрыс?

/туберкулезге қарсы арнайы ем тағайындау

/интраплевралды кең спектрлі антибиотиктерді енгізу

/кең спектрлі антибиотиктерді тағайындау

/екі антибиотикті тағайындау

/плевралды қуысты дренаждау

!

Науқас Е., 24 жаста, шағымдары: белдеме тұсында ауырсыну, дизуриялық өзгерістер: жиі ауырсынумен зәр бөлу, зәр синдромы: протеинурия, лейкоцитурия, цилиндрурия. Пиелонефритты қай зерттеу арқылы анықтауға болады.

/преднизолон сынамасы

/иммунологиялық сынама

/зәрдің бактериологиялық зерттеуі

/ультрадыбыстық зерттеу

/тамыр ішіне контрастты урография

!

26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштыққа, жүдеуге, жөлетуге, түнгі тершеңдікке. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі кезекте жұмыс істейді. Флюрограммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай жолмен. Сіздің тактикаңыз:

/БК-ға қақырық талдауы

/фтизиатрға жіберу

/антибактериалды ем жүргізу

/туберкулезге қарсы ем тағайындау

\пульмонология бөліміне жіберу

!

23 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Осы науқасқа ем тағайындаңыз?

/азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн

/макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн

/эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн

/тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн

/цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

!

33 жастағы науқас оң жақ қолтық астындағы ауырсынатын түзіліс пайда болуына шағымданады. Қарағанда оң жақ қолтық астында конситенциясы қамыр тәрізді, қатты ауырсынатын, қозғалмалы, көлемі 1,5х2,0 см. Ішкі мүшелер бойынша патология анықталған жоқ. Оң жақ 2 саусақта іріңдеген жара бар. ЖҚТ: лейкоциттер 9,0х109 (эозинофилдер-3, сегм./яд-74, лимфоциттер-19, моноциттер-4) , ЭТЖ -16 мм/сағ. Қандай жағдайда науқасқа лимфа түйінінің биопсиясын жасау керек?

/бақылау антибактериалды ем жүргізгенге дейін және одан кейін

/бақылау антибактериалды ем тиімсіз болғанда

/стерналды пункция жасар алдында

/бақылау химиятерапияның тиімсіз болғанда

/операциялық ем жүргізу алдында

!

1,5 айында перзентханада БЦЖ егілмеген балаға аймақтық педиатрдың әдісі:

/Манту сынамасыз 2 айға дейін егу

/Манту сынамасынан кейін 2 айдан соң егу

акцинация қарсы көрсетілген

/Манту сынамасыз,1 айға дейін егу

акцинация 1 жасқа толғанда егу

!

ЮРА кезінде буындық синдром ұзақтығы:

/3 аптадан жоғары

/4 аптадан көп

/10-15 күн

/бір тәулікке дейін

/7-10 күн

!

Науқас 6 жаста, стационарға мұрнынан қан кетумен, бөртпемен ауыр жағдайда түсті. Ауруы ЖРВИ-мен ауырғаннан 6 күн өткеннен кейін басталған. Тексеріп қарағанда бүкіл денесінде полиморфты, полихромды симметриялы емес бөртпе элементтері, ауыздың шырышты қабатына қан құйылған, мұрынынан қан кетуде. Жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия, жүрек ұшында систоликалық шу.

Диагноз қойыңыз.

/Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, ылғалды форма, жедел ағымды

/Геморрагиялық васкулит,терілік форма

/Гемофилия А, өршу кезеңі

/Жедел лейкоз

/ДВС-синдром, I кезең

!

Балаға 10 ай, жасына сай өсіп, дамыған. ЖРВИ-дан кейін 6-шы күні баланың жағдайы нашарлады, балада ентігу, әлсіздік және бозару байқалды. Қараған кезде: пульсі әлсіз, тахикардия. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң жақ парастернальды сызық бойынша, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 3 см солға. Тондары тұйықталған. Өкпесінде көптеген мөлшерде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы.

Диагноз қойыңыз:

/Жүре пайда болған кардит

/Туа пайда болған жүрек ақауы

/Ерте туа пайда болған кардит

/Ауруханадан тыс пневмония

/Созылмалы бронхит

!

Оксана К. 7 айлық-ІІ физиологиялық ағымды өткен жүктілікте туылған. 2 айлығынан бастап тұтас сүтпен қоректенген. Көкөніс пюрелерін жаұсы жемейді. Көбірек каша жейді. Объективті: өзі еркін отыра алмайды, айқын төбе және маңдай бұдырлары байқалады, Гаррисон тілкемі. Бұлшықет тонусы төмендеген. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Басқа ағзалар ерекшеліксіз.

Болжам диагноз:

/Рахит II, өршуі, жеделдеу кезеңі

/Рахит I, өршуі, жедел кезеңі

/Рахит I, өршуі, жеделдеу кезеңі

/Рахит II, өршуі, жедел кезеңі

/Рахит II, өршуі, қайталану кезеңі

!

9 айлық ұл балада: құсу, сұйық нәжіс, 2 дәрежелі гипотрофия, ұма гиперпигментациясы, гиперкалиемия-6,2 ммоль/л, гипонатриемия- 122 ммоль/л.

Қандай ауру туралы ойлауға болады:

/Адреногениталды синдром

/Нефритикалық синдром

/Нефротикалық синдром

/Катаралды синдром

/Ауырсыну синдром

!

Нәресте 1,8 жаста дене салмағы 10100,0 гр., сұр, акроционоз, көз асты көгерген, жүйке-рефлекторлы қозған, себепсіз жылайды. Қарау кезінде: баланың қалпы мәжбүрлі-отыр, қорқынышты қарау, дем шығару кезінде монотонды жылаумен ларингоспазм, қол аяқтарында дистальді бұлшықеттерде тетаникалық жиырылу (қолында –«акушер қолы», аяқтарында-карпо-педальді спазм) .

Сіздің болжам диагнозыңыз:

/Спазмофилия

/Тырысу

/Хорея

/Эпилепсия

/Пароксизм

!

Ұл бала 8 жаста, 1 сағат көлемінде ессіз жатыр, Куссмауль тынысы, беті гиперемияланған, терісінің құрғауы, көз алмастары жұмсақ, аузынан ацетон иісі шығады. 3 аптадан бері шөлдеу, жиі несеп шығару, 1 кг салмақ жоғалтуға шағымданған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

/Кетоацидозды кома

/Гипогликемиялық кома

/Қант диабеті

/Қантты емес диабет

/Менингит

!

Қабылдауда 4 айлық сәби. Жедел ауырған, таңғы уақытта дене қызуы 38,7°С-қа дейін жоғарылаған, әлсіз болып, тәбеті төмендеген, мұрынжұтқыншақтан катаральді өзгерістер, тұмау және жөтел пайда болған. Емізулі, дамуы қалыпты. Өкпесінде қатаң тыныс. Диагноз қойыңыз және екпеге медициналық бұру парағын толтырыңыз:

/ЖРА, орташа ауырлық дәрежеде, медициналық бұру 2-4 аптаға

/Гипертермия, медициналық бұру 3-6 күнге

/Катаральді баспа, медициналық бұру 1-2 аптаға

/ЖРА, орташа ауырлық дәрежеде, медициналық бұру 2-3 аптаға

/ЖРА, ауыр дәрежесі, медициналық бұру 1 айға

!

Ұл бала 7 жаста, суықтаудан кейін жедел ауырған, дене қызуының жоғарылауы 39,0 С-қа дейін, құрғақ жөтел пайда болған, бас ауруы.

Тексеру кезінде оң жақты пневмония анықталып, стационарға жолданды. Жазылғаннан кейін емханада қанша уақыт емханада бақылау қажет?

/1 жыл

/6 ай

/2 жыл

/5 жыл

/15 жас

!

3 айлық нәресте, дене салмағы 5,0 кг, қарау кезінде дене қызуы 38,9°С жедел респираторлы аурумен ауруына байланысты. Дене қызуын төмендету үшін қандай дәрі тағайындау қажет?

/Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, парацетамол - 0,05г

/Сұйықтық ішу, парацетамол - 0,01г

/Денені суытудың физикалық әдісі, парацетамол - 0,025г

/Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, в/і физиологиялық ерітінді 0,9%, парацетамол - 0,1г

/Сұйықтық ішу, денені суытудың физикалық әдісі, в/і 5% глюкоза ерітіндісі, парацетамол - 0,2г

!

14 күндік жаңа туылған нәресте дене қызуы 37,8°С-қа дейін жоғарылаған. Аталған дене қызуы кезінде тыныс алу жиілігі мен жүрек соғуы қатынасы:

/44/160

/28/140

/20/130

/36/150

/52/170

!

Ұл бала 14 жаста. Тамақатанудан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын қыжыл, эпигасрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: әкесі асқазан ойық жарасымен ауырады. ФГДС-да: асқазан антральді бөлімінде жаралы ақау анықталды. Бірінші емдеу кестесіне тән:

/Омепразол 20 мг тәулігіне 2рет әр 12 сағ., кларитромицин 15 мг/кг 2 рет қабылдауға, метронидазол 20 мг/кг 2 рет қабылдау 14 күн көлемінде.

/Субцитрат висмуты 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 рет қабылдауға, фуразолидон 10 мг/кг 3рет қабылдауға.

/Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан 3-4 рет тәулігіне.

/Пантопразол 20 мг 1 рет тәулігіне, кларитромицин 30 мг/кг 3рет қабылдауға, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет.

/Омепразол 50 мг 2 рет күніне, әр 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3рет қабылдауға, тетрациклин 25 мг/кг 4рет қабылдауға.

!

19 жасар науқас оң құлақтағы ауырсынуға, есту қабілетінің төмендеуіне, бет асимметриясына шағымданады. Өзін бір апта бойы ауырған деп санайды, қатты тоңғаннан кейін. Кеше беттің оң жағынан асимметриясы пайда болды. Объективті: оң жақ дабыл жарғағы қызарған, шығыңқы. Бет асимметриясы күрт айқындалған, оң жақ көзін жабалмайды, ауыз бұрышы төмен түскен. Сіздің диагнозыңыз? және қандай асқынуы байқалады?

/Оң жедел ортаңғы отит. Бет жүйкесінің оң отогенді перифериялық парезі.

/Оң жедел ортаңғы отит. Мастоидит.

/Оң жедел ортаңғы отит. Лабиринтит

/Оң жедел ортаңғы отит. Отогенді ми абсцессі

/Оң жедел ортаңғы отит. Отогенді мишық абсцессі

!

Жедел жәрдем машинасымен 16 жастағы науқас ауруханаға әкелінген. Шағымдары: мұрын ауруына, тыныс алуы қиындауына, мұрыннан қан кетуіне, бас ауруына. Науқастын сөзінен: соққыны төбелес нәтижесінде алған. Қарғанда: беті ассиметриялық, мұрын сүйектері оңға ысырылған. Сіздің қандай көмегіңіз?

/Мұрын сүйектеріне жанынан рентген жасау, неврологиялык симптоматиканы шығару, мұрын сүйектеріне репозиция жасау, анальгетиктер

/Мұрын сүйектеріне репозиция жасау, антибиотиктер, анальгетиктер

/Невропатолог, окулист қарау, мұрын сүйегінің репозициясы, анальгетиктер

/Стационарда 24 сағат бақылау, анальгетиктер, антибиотиктер

/Мұрын сүйектеріне тікелей рентген жасау, анальгетиктер, мұрын сүйегіне репозиция жасау

!

Көз түбінде келесі өзгерістер анықталды:OU – көру нервісінің дискісі ісінген,ұлғайған, веналар кеңейген,диск маңайында және диск бетінде геморрагиялар,тор қабаттың шет жағында - геморрагиялар, плазморрагиялар және сары дақта – толық емес «жұлдызша» симптомы.Классификацияға сай диагноз қойыңыз.

/Гипертониялық нейроретинопатия

/Гипертониялық ангиоретинопатия

/Гипертониялық ангиосклероз

/Гипертониялық ретинопатия

/Гипертониялық ангионейропатия

!

Ер адам 28 жаста.2 жұма бұрын басынан соққы алған.Қазір оң көзінің соңырлығына шағымданады.Сырттай көзде өзгерістер жоқ.Көздің оптикалық орталыры мөлдір.Көз түбінде көру нервісінің дискісі ақшыл түсті,шекарасы анық,қан тамырлары тарылған.Басқа көз түбінде басқа өзгерістер жоқ.Сол көзде - диск қызыл түсті,қан тамырлары,тор қабат өзгермеген.ОҢ көздің көру өткірлігі дұрыс жарық сезгіштікке тең.Сол көздің көру өткірлігі бірге тең. Диагноз қойыңыз.

/ОД-Көру нервісінің жарақаттық біріншілік семуі

/ОД-Жарақаттық нейропатия

/ОД -Жарақаттық ишемиялық нейропатия

/ОД-Көру нервісінің жарақаттық екіншілік семуі

/ОД-Көру нервісінің жартылай жарақаттық семуі

!

Сүйек арқылы ошақтан тыс компрессионды-дистракционды остеосинтез қажет құрылымдар:

1) винттер және спицалар

2) штифттер

3) пластиналар

4) Илизаров аппараты

5) Калнберз аппараты

/4,5

/1,2

/2,3

/3,4

/1,3

!

Буын шығулары жаңа деп есептелетін уақытты көрсетіңіз:

/бірінші 2 күн

/1-2 апта

/2-3 апта

/3-4 апта

/4-5 апта

!

Крипторхизм

/Аталық без түсуінің жоқтауы

/Аталық без гипоплазиясы

/Аталық без эктопиясы

/Аталық без қабығына сұйық жиналуы

/Шәует өзегі веналар варикозды кеңеюі

!

Жыныс мүшесі рагынің Т2 -3 N1 Mo қолданылады

/Жыныс мүшесіне ампутация + Дюкена операциясы

/Химиотерапия + жыныс мүшесіне ампутация

/Сәулелік терапия + операция Шевассю

/Дюкена операциясы

/Шевассю операциясы

!

Мэллори-Вейса синдромы дегеніміз?

/Сызықты тіліктен қан кету;

/Өңештің кеңейген веналарынан қан кету;

/Асқазан жарасынан қан кету;

/Асқазан эрозиясы кезінде қан кету;

/Асқазан обырынан қан кету;

!

Науқаста созылмалы параректалды жыланкөз бар. Оперативті ем үшін фистулография жүргізу керек. Фистулограммадан не көресіз?

/Жыланкөз аймағындағы қуысты түзілістер болуын, жыланкөз жолының тармақтануын

/Жыланкөз аймағында тыртықты өзгерістерді

/Тік ішек ампуласының көлемін

/Тік ішектің моторлы қызметі

/аналды жомның қызметін

!

Науқас 35жаста туыстарының айтуынша соңғы 1 ай көлемінде науқастың мінез-құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 5-6 күн көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен–кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді .

Болжам диагноз:

/Шизофрения, кататониялық формасы

/Энцефалит

/Ми ісігі

/Эпилепсия

/Депрессиялық ступор

!

Науқас 30 жаста туыстарының айтуынша соңғы 2 ай көлемінде науқастың мінез-құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 2 апта көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен –кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді.

Қандай жағдайды сипаттайды:

/Кататониялық ступор

/Асқынған энцефалит

/Ми ісігі

/Эпилепсия

/Апатия

!

Науқсас 30 ер адам опийынды нашақорлықпен (героин) зардап шегеді, соңғы 3 күнде героин қабылдамаған. Шағымы денесінің дел салдығы, сүйектерінің сырқырап ауырсынуы , ұйқыздық, іш өту, әлсіздік, жасаурау. Жалпы қарағанда мазасыздық іс-әрекетінде абыржулық анықталды, сұрақтарға амалсыздан тітіркенгішпен жауап береді. Шыдамсыз тез арада дәрілік зат егуін немесе есірткі зат беруін сұранады.

Емін тағайындауда маңызды:

/Психофармакотерапия

/Иглореф лексотерапия

/Психотерапия

/Электрлі –шокты терапия

/Электросон

!

Наркологиялық сараптама кабинетіне ЖПП қызметкерлері жол апаты болған оқиға орнынан куәләнушы жеткізеді. Жалпы қарағанда қойылған сұрақтарға тітіркенгіштікпен жауап береді ашушаң, жан-жақты бағдары дұрыс, өзіне бағдары сақталған. Неврологиялық жүйесі бойынша: көздері қызарган. Ромберг сынамасында тұраксыз. Координациялық сынамаларды орындай алмайды, дірілдейді. Денесінен жағымсыз алкаголь иісі шығып тұр.

Дәрігер мастық күйді анықтау үшін қандай лабораториялық тексеру әдісіне сүйенеді.

/Қанды, зәрді алкогольге тексеру

/Сілекей

/Алко тест апаратын қолдану

/Рапопорт әдісі

/Мохо-Шинкоренко

!

Науқас 30 жаста, ер адам созылмалы алкоголизммен зардап шегеді, соңғы тоқтаусыз ішуі 5-6 күнге созылған, өздігінен тоқтай алмаған, сол себепті тұыстарының жеткізуімен наркологиялық орталыққа келген. Бұрын ем қабылдамаған. Жүргізетін іс-шаралар:

/Дәрігер - наркологтің қабылдауы

/Сот- наркологиялық сараптама

/Мастық күйді анықтау

/Психологтің қабылдауы

/Психотерапевт кеңесі

!

Наркологиялық сараптама кабинетіне ЖПП қызметкерлері күәләнушіні жеткізді. Жалпы қарағанда қойылған сұрақтарға тітіркенгіштікпен амалсыздан жауап береді, тілі күрмеленген, ашушаң, жан-жақты бағдары дұрыс, өзіне бағдары сақталған. Неврологиялық жүйесі бойынша: көздері қызарган. Ромберг сынамасында тұраксыз. Координациялық сынамаларды орындай алмайды, дірілдейді. Денесінен жағымсыз алкаголь иісі шығып тұр.

Мастық күйдің қай дәрежесі:

/Орта

/Жеңіл

/Патологиялық мастану

/Ауыр

/Созылмалы

!

Iрiңдi менингитке төмендегi ми-жұлын суы құрамы өзгерiстерiнiң қайсы тән?

/Нейтрофильды плеоцитоз

/Лимфоцитарлы плеоцитоз

/Ақуыз-жасушалық диссоциациясы

/Қан мөлшерінің кебеюі

/Хлоридтердің мөлшерiнiң кемуi

!

Сырқат адамның оң аяғында терең сезiмталдылықтың өткiзгiштiк бұзылысы анықталған. Нерв жүйесiнiң төмендегi құрылымдарының қайсысы зақымданған?

/Голль өткiзгiшi

/Жұлынның артқы мүйiзi

/Шеткерi нерв

/Жұлынның артқы түбiршегi

/Жұлын-құру төмпешiгi арасындағы сезiмталдық өткiзгiшi

!

Бұлшық еттердiң солғындана семiп сал болуы,төмендегi нерв жүйесi құрылымдарының қайсының зақымдануына тән?

/Жұлынның алдынғы мүйiзiндегi клеткалар

/Мидың алдынғы ортаңғы ирелеңi

/Мидың артқы ортаңғы ирелеңi

/Тор тәрiздi формация

/Брок аймағы

!

Пирамида тәрiздi қозғалыс - қимыл өткiзгiшi жұлынның мойын тұсындағы жуанданған жерiнен жоғары зақымданғанда төмендегi симптомдар мен синдромдардың қайсысы кездесер едi?

/Аяқ-қол бұлшық еттерiнiң қатая сiресiп әлсiреуi

/Қол бұлшық еттерiнiң қатая сiресiп сал болуы

/Аяқ-қол бұлшық еттерiнiң солғындана семiп әлсiреуi

/Бұлшық еттердiң серпiмдiлiгiнiң бәсеңдеуi

/Бұлшық еттердiң семiп қалуы

!

23 жастағы науқас, мамыр айында 1,5 сағат бойы электрлік пойызда ашық терезеге оң бетімен қарап тұрған,таң ертең оң көзі нашар жабылады, ауызы қисайған сол жаққа, тамақты оң жақ ұрты мен қызыл иек арқылы шайнаған. Сұйық тамақ ауыздың оң жақ бұрышынан ағып кеткен.Қарағанда аурудың 3-ші күні беті асиметриялы, оң көзі кеңіген, жас ағады, жыбырлайды. Оң жақ мұрын-ерін қыртысы жазылған. Ауызы солға тартылған. Қасын жиғанда оң жақта вертикальды қыртыс түзілмейді. Оң жақта қасы жоғарыға көтерілмейді. Оң көзі жабылмайды. Тістерін ақситқанда солға тартылады, ұртымен үре алмайды және ысқыра алмайды, оң жақ ұрт парусы оң нәтижелі.

Болжамды диагноз қойыңыз? Емдеу шаралары?

/Бет нервінің нейропатиясы оң жақты, гормонотерапия, микроциркуляцияны жақсартатын препараттар, витаминотерапия.

/Үшкіл нервтің нейропатиясы оң жақты, ноотропты , витаминді препараттар

/Бет нервінің нейропатиясы сол жақты, гормонотерапия, микроциркуляцияны жақсартатын препараттар, витаминотерапия.

/Әкетуші нервтің зақымдалуы сол жақты, вазоактивті препараттар, витаминотерапия.

/Кезеген нервтің зақымдалуы оң жақты, ноотропты препараттар, витаминотерапия.

!

52 жасар науқас. Стационарға түскен кезде сол аяқ қолының шағымданады.Гипертониялық аурумен ауырғанына 10 жыл болған.

Таңертең өзін нашар сезінген әлсіздік,сол аяқ қолының ұюы пайда болған.Неврологиялық статуста: VII, XII жұп нервте парез байқалады, сіңір рефлекстері анизорефлексия.Барре симптомы сол жақты оң мәнді,сол қолының күшінің азаюы,сол жақты гемигипестезия.Ошақты симптоматика 24 сағат көлемінде болып өтті.

Клиникалық диагноз қойыңыз? Қосымша тексеру әдістері?

/Ишемиялық инсульт, бас миының КТ-сы, МРТ-сы, көз түбін тексеру

/Геморрагиялық инсульт, бас миының КТ-сы, МРТ-сы, көз түбін тексеру

/Субарахноидальды қан құйылу, бас миының КТ-сы, МРТ-сы,көз түбін тексеру

/Транзиторлы ишемиялық соққы,бас миының КТ-сы, МРТ-сы, көз түбін тексеру

/Дисциркуляторлы энцефалопатия,бас миының КТ-сы, МРТ-сы, көз түбін тексеру
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


написать администратору сайта