тест воп. . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті пн бойынша тесттік тапсырмалар Жалпы дрігерлік практика
Скачать 1.34 Mb.
|
! АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады? / Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы / Ас қорыту жүйенің зақымдалуы / Тыныс алу жүйенің зақымдалуы / Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы / Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы ! Доғашықтардың, таңдай кілігей қабатының гиперемиясы, цианозы, бірен-саран петехиялар. Қай ауруға осы арандағы белгілер тән? / Грипп / Аденовирусты инфекция / Энтеровирусты инфекция / Парагрипп / Риновирусты инфекция ! 40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады. Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық. Аурудың ағымын бағалаңыз. / Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже / Вирусты гепатит В, ауыр ағымы / Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже / Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже / Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже ! 20 жасар науқастың шағымдары: көп мөлшерлі, сулы, «күріш қайнатпасы» тәріздес жиі нәжіс, көп реттік құсу, бұлшық еттердің әлсіздігі, шөлдеу, ауыз құрғауы, бұлшықеттердің құрысуы . Дене қызуы қалыпты. Тері қабаты құрғақ, тургоры төмен, ауз қуысының кілегей қабаты құрғақ, дауыстың қарлығып шығуы байқалады. Науқастың жағдайы сусызданудың қай дәрежесіне сәйкес? / II дәрежесіне / 0 дәрежесіне / I дәрежесіне / III дәрежесіне / IV дәрежесіне ! 17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ. Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия. Сіздің болжам диагнозыңыз? / Жедел бруцеллёз / Иерсиниоз / Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1 / Cозылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2 / Жеделдеу (баяу) бруцеллёз ! 32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған. Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз. / Псевдотуберкулёз / Жәншау (Скарлатина) / Лептоспироз / Қызылша / Листериоз ! 35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жан ұйясында барлығы сау. Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн? / Иммуноглобуллин / Дексаметазон / Цефтриаксон / Ацикловир / Вакцина ! 21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ. Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында. ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%. Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес? / Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л / Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л / Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л; ; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л / Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л / Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л ! 25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39°С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау. Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған. Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады? / Копроцитологиялық зерттеу / Серологиялық зерттеу / Паразитологиялық зерттеу / Биохимиялық зерттеу / Бактериологиялық зерттеу ! 45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы , көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин. Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ? / Жасанды дем алдыру аппаратына қосу / Асқазан-ішекті жуып тазарту / Ауыз арқылы регидратация жүргізу / К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу / Гемодиализді жүргізу ! 55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған. Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған. Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:
! 16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.
! Біріншілік босанғанға дейінгі патронаж учаскелік мейірбикемен жүргізіледі: / Жүкті әйелді емханада есепке алғаннан кейін; / Жүктіліктің бірінші триместрінде; / Жүктіліктің екінші триместрінде; / Босанғанға дейінгі кез келген уақытта; / Жүктіліктің соңғы триместрінде; ! I дәрежелі гипотрофия типі бойынша пренаталды дистрофияға тән салмақ –бой коэффициентін көрсетіңіз: / 59-56 / 44-40 / 49-45 / 54-50 / 60-57 ! Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-) . Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл . 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л , трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай: / физиологиялық сарғаю / пренаталды гипотрофия / Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру / АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы. / асфиксия кезіндегі сарғаю. ! 7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5тен 1,5 см дейін , серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктердің негізі эритематозды дақтар фонында инфилтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз : / Туа біткен буллезді эпидермолиз / Туа біткен сифилис / Синдром Лайела / Эксфолиативті Риттер дерматиті / Пемфигус (нәресте көпіршігі) ! 2 апталық қыз бала. Шағымдары мазасыздық, себепсіз жылау, кенеттен шыңғыру. Анамнезінен: бірінші жүктілік ,екінші жартысы гестоз фонында өткен, түсік тастау қаупі. Босану мерзімінде, асфиксиясыз. Объективті қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта.Мазасыз, кезеңді құсулар болады. Гиперестезия, қылилық, симптом Грефе анықталды. Үлкен еңбегі 2,5х2,3см, керілген. Рефлекстер жылдамдатылған, мазасызданған кезде аяқ қолдары дірілдейді. Окулист қарауы: көз түбін зерттеген кезде веналардың толығуы, көру нервісінің дискісіне қан құйылған. Диагноз қойыңыз: / орта дәрежелі церебралды ишемия, бас ішілік гипертензия / жұлын-милық босану жарақаты / орта дәрежелі асфиксия / жеңіл дәрежелі церебралды ишемия, қозу синдромы / перинаталды энцефалопатия, тежелу сидромы ! 2 жастағы балаға 2 апта бұрын АКДС екпесін жасады. 15 күні түнде кенеттен денесінде массивті ісік пайда болды. Анасарка. Зәр аз бөлінеді. Болжам диагноз: / Нефротикалық синдром / Жедел гломерулонефрит / Аллергиялық реакция / Жедел пиелонефрит / Жүрек шамасыздығы ! Отбасылық дәрігерімен уш жасар бала уй жағдайында тексерілді. Үш куннен бері науқастанып қалған дене қызуы 38 С. Жөтел, мұрыны бітелген. Жағдайы түнде нашарлаған, мазасыздық пайда болған, дауысы қарылығып жөтелі үрмелі боып қзгерген. Тыныс алуы шулы, тыныс алуы арақашықтықта естіледі, мұрық-ауыз үшбұрышының цианозы,боз, өңеш кілегей қабаты гиперемияланған, түйіршектелген. қабырға аралықтың ішке кіруі, сырыл естілмейді, пулсі 120рет минутына.Болжам диагнозыңыз: / ЖРВИ ларинготрахит / бронхопневмония / обструктивтікбронхит / бронхиалдық демікпе ұстамасы / бронхтағы бөгде денелер ! 14 жастағы бала, шағымдары: жөтел, іріңді қақырықтың бөлінуімен, әлсіздік. Объективті қарағанда: өкпеде перкуторлы – қорапты дыбыс, аускультативті – қатқыл тыныс, барлық аймақта әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхограммада – бронхтың дистальды шеттерінің «сынған ағаш тәрізді» өзгеруі. Сіздің диагнозыңыз: / Созылмалы бронхит; / Жедел бронхиолит; / Ошақты пневмония; / Обструктивті бронхит; / Бронхиальды демікпе. ! 22 күндік нәресте. Өмірінің алғашқы күнінен көкжөтел тәрізді жөтел мазалайды.Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Перкуссияда: өкпенің кей аймақтарында өкпе дыбысының тынықталуы мен қысқаруы байқалады, аускультацияда – өкпенің екі жағында әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Нәжісі көп мөлшерлі, өткір жағымсыз иісті, жабысқақ жылтыр түйіршіктермен, тәулігіне 6 ретке дейін. Сіздің болжам диагнозыңыз: / Муковисцидоз; / Обструктивті бронхит; / Жедел қарапайым бронхит; / Ошақты пневмония / Қайталамалы бронхит. ! Бала 2 жаста, 5 күннен бері дене қызуы жоғары. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39оС, ылғалды жөтел, мұрын – ауыз үшбұрышының цианозы, мұрын қанаттарының керілуі, көз астында қара дақтар байқалады. Оң жақ жауырын астында өкпе дыбысының локальды қысқаруы және сол жерде әлсіз тыныс алу фонында, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз: / Жедел пневмония; / Обструктивті бронхит; / Жедел бронхиолит; / Жедел бронхит; / Плеврит. ! 12 жастар науқаста жоғары температура, «тотық тусті» қақырықпен ылғалды жөтел, ентігу, бронхиальды тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, нәзік крепитациялы сырылдар. Айтылған симптомдар нені көрсетеді: / Крупозды пневмонияны; / Жедел бронхитті; / Обструктивті бронхитті; / Бронхоэктаз ауру;ын / Экссудатты плевритті. ! Бала 10 жаста, кезеңді түрде болатын тыныс алудың қиындау ұстамасына шағымданады. Анамнезінде: тыныс алудың қиындау ұстамасы соңғы 1,5 жылда жылына 3-4рет мазалайды, өздігінен басылады,түнгі ұстама болмайды.Анамнезінде: атопиялық дерматит. Обьективті қарағанда және кеуде қуысының рентгенологиялық тексеру нәтижесінде патология анықталмады. Пикфлоуметрия нәтижесі – ДШЖ (ПСВ) 85%. Диагноз қойыңыз: / Интермиттерлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы / Интермиттерлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы / Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы / Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы / Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр сатысы ! Бала А,, 5 жаста. Айқын цианоз, ойын ойнағанда және тыныш уақытта ентігу, жиі ұстама, ұстама кезінде бала тізерлеп отырып қалады. Бойы–100см, салмағы–12кг. АҚҚ- 110/70ммс.б.. ЖСЖ-115 рет/мин. Аускультативті: жүрек тондары қатты, төстің сол жақ қырында, эпи центрі II қабырға аралығына келетін систолалық шу естіледі. Ритмі ырғақты. ЭКГ: α бұрышы +160 . Тахикардия ЖСЖ 142 рет мин. Оң жақ бөлімнің гипертрофиясы ЭхоКГ: ОЖ 3,0 см. ОҚ ұз 5,0 см. СЖ 1,9 СҚ 2,0 см. Оң жақ өкпе сабауы 0,50 см, сол жағы 0.51 см. ФВ 64%. Қарыншааралық пердеде, аорта астылық ақау бар, өлшемі 1,6 см. Жүрекшеаралық перде деңгейінде (сброса) лақтырыс жоқ. Оң жақ қарыншаның шығу бөлігінің гипертрофиясы. Сол жақ қарынша гипоплазиясы. Аортаның оң жаққа бөлінуі 50% жоғары. Болжам диагнозыңыз ? / Фалло тетрадасы / Фалло триадасы / Магистральды тамырлардың екіге ажырауы / Магистральды тамырлардың транспозициясы / Жүрекше аралық перденің ақауы ! 6 жастағы балада кенеттен қорқыныш сезімі, мазасыздық, әлсіздік, салқын тер пайда болды. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, мойын тамырында пульсация көрінеді. Пульс 180 соққы минутына. Жүрек тоны қатты, жие. Жүрек, бауыр көлемдері –ұлғаймаған. Ісіктер жоқ. Диагноз қойыңыз: / Пароксизмальды тахикардия. / Кардиопатия / Синусті тахикардия. / Симпатико-тоникалық коллапс, бастапқы фазасы / Миокардит ! Қыз бала 4 жаста, жағдайы ауыр. 10 күн бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, цианоз, беті ісіңкі, ентігу миутына 60 рет.Жүректің көлденең шекарасы үлкейген,, сол жаққа көбірек.Жүрек тондары тынықталған, өкпе артериясында II тонның акценті, топталған экстрасистолалар. Жүрек ұшында және V нүктеде орташа интенсивті систолалық шу, I тонға жақын естіледі. Өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырыл. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз. / Ревматикалық емес кардит, вирусты-бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б» / Ревматикалық емес кардит, вирусты этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н1 «А» / Ревматизм, активті фаза, кардит, Н1 «А» / Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық түрі, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы,, жеделдеу ағымы, ауыр, Н2 «Б» / Ревматикалық емес кардит, бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б» ! Қыз бала, 6 жаста. Девочка, 6 лет. Аяқ – қолдағы, арқадағы бұлшықет пен буындардың ауырсынуына, қатты тамақты жұтудың қиындығына шағымданады. Объективті: тері жамылғысы қызыл – күлгін түсті, жоғарғы қабағында ісікті эритема, Готтрон белгісі анықталады. Болжам диагноз / Ювенильді дерматомиозит / Склеродермия / Ревматизм / Ревматоидты артрит / Жүйелі қызыл жегі ! Науқас К., 10 жаста , шағымы тыныш кезіндегі ентігу, ісік,тез шаршау. «ҚАПА» диагнозы бойынша кардиологта «Д» есепте тұрады.Жағдайы ауыр,мәжбүр қалпы. Акроцианоз. Бетінде,алдыңғы іш қабырғасында,тізе және табанда ісік анықталады. Тыныш жағдайда ентігу ТАЖ (40 рет мин.), өкпесінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек шекарасы кеңейген. Тахикардия, ЖСЖ 128 рет мин. Бауыр қабырға доғасынан - 4,0 см ге шығыңқы. Осы науқаста жүрек жетіспеушілігінің қандай сатысы және түрі? / Тотальды ҚЖ IIб / Сол жақ қарынша ҚЖ IIб / оң жақ қарынша ҚЖ IIб / Тотальды ҚЖIIа / Оң жақ қарынша ҚЖ Iiа ! ЖТД дәрігеріне, 3 айлық баланың анасы шағымданды, оның қызы соңғы 2 айда аз әрі әлсіз еметін болды, тек 50-70 грамм еміп сосын ұйықтап кетеді. Ему уақытында қатты терлейді, терісі бозарарып, жиі тыныс алады, ауызы және көз айналасы көгереді. Бала боз , жылағанда ауыз мұрын ұшбұрышында цианоз, ентігу болады. ТАЖ- 60 рет 1 мин, ЖСЖ - 150 рет 1 мин. Жүрек тондары тынықталған. Жүрек ұшы соққысы сол жақ бұғана орта сызығынан 2,5 см сыртқары. Шу жоқ. Өкпесінде қатқыл тыныс. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см шығыңқы.Анасы жүктіліктің 20-ы аптасында ЖРА мен ауырған.Босануы қалыпты өткен.Клиникалық диагноз қоюға қандай әдіс ең маңызды? / Эхокардиография / Электрокардиография / Фонокардиография / Жүрек рентгенографиясы / Спирография ! Бала 12 жаста, баспамен ауырған, 2 аптадан кейін буындарда "ұшпалы" ауырсыну, олардың ісінуі және қозғалысының шектелуі, қызба пайда болды. Анықталғаны: тахикардия, жүрек шекарасының үлкейуі, тондарының әлсіреуі, ат шабыс дыбысы, жүрек ұшында жұмсақ соғатын шу, бауыр ұлғайған. Қан анализінде: ЭТЖ – 60 мм/сағ, лейкоцит 15.2 Г/л, АСЛ-О-600 АЕД; СРБ (+++); серомукоид-0,800. Диагноз: ревматизм, белсенділігі III дәреже. Біріншілік ревмокардит, полиартрит, жедел кезең. ҚЖ IIA. Патогенетикалық мақсатпен төмендегі препараттардың қайсысын тағайындауға болады? / Преднизолон / Цефазолин / Делагил / Дипразин / Эритромицин ! Қыз бала 16 жаста, ауырсынуға, тізе буынының ісінуіне, денесіндегі бөртпеге, қызбаға, тамағының қышуына шағымданады. Объективті қарау: іш аймағында – сақина тәрізді эритема, тізе буынының ісінуі. Жүрек тоны әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. АҚҚ 110/70 мм.с.бағ Науқасқа қандай тексеру әдістері қолданылады? / Антистрептолизин «О» / Ревматоидты фактор / Антитела нативті ДНК / Райта-Хеддельсон реакциясы / С- реактивті белок ! Бала 14 жаста диагнозы: Қайталамалы ревмокардит, біріккен митральды ақауы. Күн тәртібін сақтамайды. Келген туысқандарын тамаққа тойып алып үйлеріне шығарып салды, 3 ші қабатқа баспалдақпен түсіп қайтадан баспалдақпен көтерілген. Осыдан кейін жағдайы нашарлаған, ентігуі күшейген, аритмиялық пульсі мин 120-ға дейін, ал ЖСЖ мин 150 болды.Көбікті қақырықпен жөтел пайда болды. Тағайындалған ем- аспирин, АТФ, кокарбоксилаза, преднизолон. Тағы қандай дәрілік зат тағайындау керек: / строфантин / делагил / гепарин / кофеин / эуфиллин ! Бала 14 жаста диагнозы: Ревматизм, активті фазасы, біріккен митральды ақау. Күн тәртібін толық сақтамайды. Келген туысқандарын тамаққа тойып алып үйлеріне шығарып салды, 3 ші қабатқа баспалдақпен тусіп баспалдақпен көтерілген. Осыдан кейін жағдайы нашарлап,ентігу күшейген, аритмиялық пульсі 120 ға дейін жоғарылады, ал ЖСЖ мин 150 болды. Көбікті қақырықпен жөтел пайда болды. Қандай асқыну жайында ойлауға болады: / Жедел жүрек жетіспеушілік,сол жақ қарыншалық түрі / Жүрек жетіспеушілік,оң жақ қарыншалық түрі / Жедел пневмонии / Септикалық эндокардит / Ревмокардит ! Бала 5 жаста, ЖРВИ-ді бастан кешірген. Жазылғаннан 6 күннен кейін жағдайы нашарлаған. Әлсіздік, ұйқысыздық, ентігу пайда болған, тәбеті төмен., жүректің көлденең шекарасы ұлғайған. Пульсі 120 рет мин., АҚҚ-80/40 мм.сн.бағ. ЭКГ-де тісшелер төмендеген, тыныс алу аритмиясы. ЭХО-КГ–да миокардтың жиырылуы төмендеген және сол жақ қарыншаның іші кеңейген. Қойылған диагноз: Ревматикалық емес кардит. Ем жүргізілді. Баланың жағдайы жақсарды, бірақ жүрек шекараларымен ЭХО-КГ өзгеріссіз. Бала ауруханада 5 ай болған. Осы аурудың ағымы қандай: / Жеделдеу / Жедел / Созылмалы қайталанбалы / Жылдам / Жазылу ! 7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық түрі, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, созылмалы ағымы,ауыр, НК2Б» диагнозы анықталды. Қанайналым жетіспеушілігінің қандай белгілері балада бар? / Жөтел, ентікпе, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі калибрлы сырылдар, бауыры қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы / Бетінде ісік, асцит, жөтел, ентікпе, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард / Асцит, жөтел, бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы, гидроперикард / Аяғында ісік, ентікпе, гидроторакс, жөтел, тахикардия,өкпеде құрғақ сырылдар / Асцит, жөтел, ентікпе,бауыры қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард ! Бала М., 12 жаста, тез шаршағыштыққа шағымданады, физикалық жүктеме кезінде ентікпеге. Қаралудан 2 күн бұрын баспамен ауырған.Қарау кезінде бозарған,көз асты көгерген. Жүректің оң жақ шекарасының кеңейгені анықталды, жүрек ұшында II тон әлсіреген , систолиялық шу естіледі. Басқа жүйелермен ағзалары өзгеріссіз. Кандай клиникалық симптомдар жүректің зақымдалуының ревматикалық емес екенін білдіреді? / Анамнезінде баспаны бастан кешіру / Бозарған, көз асты көгеруі / Жүректің сол жақ шекарасының ұлғаюы / Жүрек ұшында II тонның тынықталуы / Митральды қақпақша шамасыздығы ! Карина, 8 жаста. 1,5 ай бұрын ЖРВИ – мен ауырған. Тәбетінің төмендігіне, әлсіздікке, қызбаға, бұлшықеттегі, буындағы, сүйектегі ауырсынуға шағымданады. Қыз бала 5 кг – ға арықтаған. Бетте, мойында, кеудеде, аяқ – қолда эритематозды бөртпе. Жарыққа сезімталдығы байқалады. Шаштары қатты, сынғыш. Жүрек жағынан – тахикардия. Гепатоспленомегалия, лимфааденопатия. Қанда қабыну реакциясы, зәрде нефритке тән әлсіз көріністер. Дәрігер жүйелі қызыл жегіге күмәнданады. Нақты диагнозды қою үшін мына лабораториялық көріністердің қайсысы спецификалық? / Антинуклеарлы антиденелер / Гемолитикалық комплемент / Сиал қышқылы, жалпы белок, альбуминдер / Аминотрансфераза, альдолаза / Холестерин, фибриноген ! Бала 4 жаста, ауырғанына 2 күн, дене қызуы 37,7º С, мұрны бітелген, жөтел, араны қызарған, ТАЖ 25 р/ 1 мин, ЖСЖ -115 р/ мин. Өкпеде қатты тыныс, біркелкі естіледі, сырыл жоқ, перкуторлы дыбыс өзгермеген. БЖАИЖ бойынша сіздің емдеу тактикаңыз?: / жылы сұйық ішу, қақырық түсіретін препараттар / антибиотиктер + қақырық түсіретін препараттар / анальгетиктер + сульфаниламидтер / эуфиллин, сульфаниламидтер / антигистаминдер, қақырық түсіретін препараттар ! Балада біріншілік екпеде АКДС вакцинасынан кейін 2 күні аллергиялық бөртпе, құрысулар, температура 39°С жоғары, «мозговой крик». Вакцина жасауға ары қарайғы сіздің іс – әрекетіңіз: / абсолютты медbициналық қарсы көрсетпе / күнтізбемен индивидуальды егу / қалыпты уақытта егу / АКДС вакцинасын жасау қарсы көрсетілген / иммунизация АДС – М анатоксинімен жалғастырылуы мүмкін ! Қынап арқылы зерттеуде: жатыр мойны тегіс, толық ашылған, қағанағы жоқ, ұрық басымен келуі, кіші жамбасқа тіреліп тұр. Пальпациялағанда мұрны, аузы және иегі анықталады, сегізкөзге қараған. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде. Босану ісігі иекте орналасқан. Орналасудың қандай түрі ? / алдыңғы баспен. / шүйдемен; / бетпен; / маңдаймен; / бөксемен ! Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауындағы қан кетудің ерекшелігі: / Жиі ішкі, сыртқы-ішкі / Әрдайым сыртқы / Тыныш күйде, жиі түнде / Әрдайым ауырсынусыз / Көп, сыртқы ! Кесар тілігі операциясынан кейінгі 5 тәулік. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38°С, пульсі 100 рет минутына. Іші керілген. Іштің төменгі аймағындағы ауырсыну. УДЗ-да іште сұйықтық, жатырдағы тігіс аймағында «қуыс» белгілері анықталады. Сіздің диагнозыңыз? / Перитонит / Эндометрит / Параметрит / Метрит / Жатырға қосымша тігіс салу ! 38 жастағы науқас 12 күннен бері жыныс жолдарынан қан кетуіне байланысты гинекологқа келді. Тексеру кезінде жатыр мойнының патологиясы анықталған жоқ. Жатырдың көлемі мен консистенциясы қалыпты, қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Болжам диагноз: / Жатырдан дисфункциональды қан кету / Жатыр миомасы / Кілегей асты туылатын түйін / Өзіндік түсік / Аденомиоз ! Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауырсынады. Науқаста қандай аменорея байқалады? / жалған біріншілік / физиологиялық / шынайы біріншілік / шынайы екіншілік / жалған екіншілік ! 27 жастағы науқас әйелдер консультациясына біріншілік бедеулікке шағымданып келді. Айнамен қарағанда: жатыр мойнында көкшіл түсті көздер анықталды, 3-4 дана көлемі 2-3 см. УДЗ-да:оң аналық бездің кистасы анықталды, көлемі 4-5 см, біртекті емес. Түзілістің перифериясында аналық без тінінің өзгермегені анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз: C.Сыртқы генитальды эндометриоз, оң аналық безінің эндометриозды кистасы / Эндометриоз. Сары денешіктің кистасы / Аналық бездің поликистозы, Жатыр мойнының эндометриозы / Оң аналық безінің фолликулярлы кистасы / Жатыр мойнының рак алды ауруы, аналық безінің серозды кистасы ! Түтіктік жүктіліктің үзілуіне байланысты операция жасау кезінде аналық безде түзіліс анықталды 4-5 см, бір камералы, сырты тегіс, сары түсті. Сіздің диагнозыңыз және тактикаңыз: / Түтіктік жүктілік, сары денешік кистасы. Кистаны алуға көрсеткіш жоқ. / Түтіктік жүктілік, хорионэпителиома. Қосалқыларымен бірге гистероэктомияға көрсеткіш / Түтіктік жүктілік, жай серозды кистома. Зақымдалған жағына аднексэктомия жасау. / Түтіктік жүктілік, сары денешік кистасы. Тубэктомияға және цистэктомияға көрсеткіш. / Түтіктік жүктілік, аналық без кистасы. Аднексэктомия және үлкен шарбымай резекциясына көрсеткіш. ! Науқас 31 жаста, ауырсынуға, 9 күнге дейін келетін етеккірге шағымданады. Циклдың 10 күні келіп қаралды. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Бөлінділер қоңыр түсті, аз. PV: жатыр көлемі қалыптыдан жоғары. Қозғалысы шектелген, жатыр қосалқылары анықталмайды,күмбездер бос, терең. Етеккір алдында қайта қарағанда: жатыр 7-8 апталық жүктілікке сай. Сіздің диагнозыңыз? / аденомиоз. / жатырдас тыс жүктілік. / жатыр миомасы. / эндометрит. / жатырлық жүктілік ! Жүкті әйел 36 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі керіп тұрған тәрізді ауру сезіміне, аздаған қанды бөліндіге шағымданып келіп түсті. Объективті жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаты әдеттегі түстес. АҚҚ 90/50 мм с.б.б. Пульсі 100 рет минутына. Аяқтарында ісінулер бар, зәріндегі белок деңгейі - 1,5 г/л; жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғайған, қатайған, нәрестенің ұсақ бөліктері пальпацияланбайды. Диагноз қойыңыз: / Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия орташа дәрежесі. / Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі. / Жүктіліктің 35-36 аптасы. Плацентаның жатуы. / Жүктіліктің 35-36 аптасы. Көпсулық. Нәрестенің антенаталдық өлімі.. / Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсия ауыр дәрежесі. ! Босанушы 24жаста патологиясы палатасына 38 апталық жүктілікпен түсті. Дене салмағы-70кг, бойы - 160 см. Іш айналымы 110 см,жатыр түбінің биіктігі-45см. Жатыр қалыпты тонуста, 3 ірі бөлімдер анықталды, көбісі кішкентай бөлімдер. Сіздің диагнозыңыз? / Жүктілік 38 апта.көп ұрықты. / Жүктілік 38 апта.Ірі көлемді ұрық / Жүктілік 38 апта. Көп сулы. / Жүктілік 38 апта.семіздік. / Жүктілік 38 апта.Жатыр миомасы ! Жедел жәрдем машинасымен жүкті әйел келді.Әйелдер кеңес орталғында болмаған ,бас ауруына,көрудің нашарлауына,құсуға шағымданады. АҚҚ- 180/120 мм.с.б.Төменгі бөлімдерде айқын ісік.Тексеру барысында ұстамалар болды.Сіздің диагноз? / эклампсия / ауыр дәрежелі нефропатия / преэклампсия / гипертониялық ауру / эпилепсия ! Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . Ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшеміндей, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімінсіз. Дұрыс диагноз таңдаңыз? / қыздық перденің атрезиясы / аналық без ісігі / жатыр миомасы / хорионкарцинома / жатыр саркомасы ! 22 жасар К.Гинекология бөліміне етеккірдің 2,5айға кідірунен кейін қан кетумен тусті.Қынаптық тексеруде: жатыр мойны қысқарған,мойын өзегі 2 саусақ өткізеді.Жатыр жүктіліктің 6-7 аптасына үлкейген,жұмсақ.Қосалқы бөліктер анықталмайды диагноз қойыңыз: / Жүктілік 8-9 апта.Жартылай түсік. / Жүктілік 6-7 апта.Басталған түсік. / Жүктілік 6-7 апта.Түсік қаупі. / Жүктілік 8-9 апта.Толық түсік. / Жүктілік 6-7 апта.Жартылай түсік. ! Жүкті әйел, жүктілік мерзімінің 30 аптасында жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келді. Анамнезінен: жүктілігі – 4, алда бірінші босануы түр, жыныс жолдарынан қанды бөліністер осыған дейін де жүктіліктің 21 және 27 апталарында болған. Ең ықтимал диагноз қайсысы? / Плацентаның төмен орналасуы / Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бүрын ажырауы / Жатыр жыртылуы / Аралықтың жыртылуы / Сыртқы жыныс мүшелерінің варикозды кеңеюі ! Жүкті әйел 28 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінен: созылмалы пиелонефрит ремиссия сатысында, асқынусыз 2 рет жедел босану. Осы жүктілігі үшінші, 34-35 аптада преэклампсияның жеңіл дәрежесімен асқынды. Осы жүктілігі қандай қауіп қатер тобына жатады: / орташа / төмен / жоғары / жеңіл / ауыр ! Науқас К.15жаста, 1 жыл бойы іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Соңғы айларда сыртқы жыныс мүшелерінің керіп ауыру сезімі мазалайды. Соматикалық сау. Етеккірі жоқ. Обьективті: жағдайы қанағаттанарлық. Екіншілік жыныс белгілері жеткілікті дамыған. Пальпация жасағанда қасаға үстінен дөңгелек құрылым анықталады, жоғарғы шекарасы қасағадан екі көлденең саусаққа жоғары. Сыртқы жыныс жолдарын қарағанда көгілдір түсті томпаюлар көрінеді . ректальды тексерілді: кіші жамбас қуысында дөңгелек құрылым анықталды, жаңа туылған баланың басының өлшемімен, консистенциясы тығыз эластикалық, тексергенде ауру сезімді. Дұрыс ем тағайындаңыз? / қыздық пердені крест тәрізді жару / оперативті ем- аналық без ісігін алып тастау / консервативті ем / оперативті ем- жатырдың қосалқыларымен бірге қынап үстілік ампутациясы / лапаротомия, іш пердені ашқан сәтте оперативті ем көлемін анықтау ! Қайта босанушы,жүктілік мерзімі 32апта,патология бөліміне түсті,ұрықтың көлденең орналасуы,іштің төмен тартып ауырсынуына шағымданады.Ұрық соғысы анық,ырғақты,жүрек соғысы 140рет/мин.Қынаптық тексеру:жатыр мойны аз ғана қысқарған,цервикальды өзек саусақ ұшын ғана өткізетін,келуі бөлімі анықталмайды.Акушерлік тактика: / сыртқы ұрық айналымы / кесар тілігі / жүктілікті сақтап қалуға арналған шаралар / ұрықты сыртқы-ішкі айналым арқылы және экстракция арқылы босандыру / амниотомия ! Әйелдер кеңесіне алғашқы рет аяғы ауыр әйел ішіндегі нәрестесінің әлсіз қозғалысына шағымданып келді. Жүктілік уақыты — 35-36 апта, жатыр түбі кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің арасында,ұрықтың жүрек соғуы тынық, ритмді, аяқтарында ісік, қосқан салмақы - 10 кг.Қандай зерттеу әдісі ең қолайлы? / сыртқы акушерлік зерттеу әдісі; / гормональды зерттеу әдісі ( эстриолды анықтау); / функциональды пробалармен қосарланған кардиотахография; / УДЗ; / КТГ. ! 23 жасар бірінші босанушы босану үйіне үйінде ұстаған эклампсия ұстамасынан соң келіп түсті. Жүктілік — 37-38 апта,жағдайы ауыр, АҚҚ - 150/100 мм рт. ст., пульс - 98 рет/мин. Аяғында айқын ісік, санасы тежелген. Жүктіге көмек көрсету түрін таңдаңыз: / босануды қоздыру және акушерлік қысқыштарды қолдану / қолданылатын ем нәтижесінде жүктілікті сақтау / Тез арада кесарева тілігіне алу / 2-3 күн бойы қосарланған интенсивті терапия алу / интенсивті терапия фонында жедел кесар тілігі операциясын жасау ! Жүкті әйел 32 жаста әйелдер кеңесінде «Д» есепте тұрады. Анамнезінде біріншілік бедеулік 6 жыл бойы. Зерттеу кезінде созылмалы арнайы инфекциялар анықталды- ЦМВ, ВПГ, токсоплазмоз. Осы жүктілікте нәрестеде қандай асқынулар болуы мүмкін? / нәресте даму ақауы / ірі нәресте / изосерологиялық сәйкессіздік / нәрестенің көлденең жатуы / нәрестенің жамбаспен жатуы ! Алғаш босанушы 22 жаста босанғаннан кейін 3 күні аралықтағы тігісте ауырсыну мен қышу пайда болған. Жүктілік кезінде кандидозды кольпит, босану уақытының ұзаруы, аралықтың 1 дәрежелі жыртылуы болған. Нәрестенің салмағы 3800,0 гр. Дәрігерлік қарау кезінде тігіс аймағы ісінген, іріңді бөліністер бар, тігіс қиылған. Дәрігер қандай ем тағайындау керек ? / Тігісті алып тастап, іріңді жараларды емдеу принципін қолдану / Жараны өңдеу, екіншілік тігіс салу. / Антибиотиктер тағайындау / Инфузионды терапия, иммундыкорректорлар / Құрамында антибиотиктері бар мазьдарды қолдану ! Жүкті әйел ауыр жағдайда жеткізілді. Осы жүктілігі -5ші. Алғашқы екеуі мерзімімен босанумен аяқталды, 3-шісі кесар тілігі операциясы арқылы, операциядан кейін екі апта дене температурасы көтерілді, 4-жі жүктілігі жасанды түсік арқылы үзілген. Таңертең төсекте бүйіріне қарай аунағанда, кенеттен іштегі ауру сезімін байқады, әлсіздік, нәесте қимылын сезбейді. Объективті қарағанда: пульсі минутына 120 ерт. АҚҚ -90/50 мм с.б.б, мұздай тер басқан, апатипті. Жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сәйкес ұлғйаған, пальпация кезінде ауру сезімді, әсіресе төменгі сегмент аймағында. Нәрестенің жатуы ұзынша, басымен жатыр. Нәрестенің жүрек соығысы тыңдалынбайды. Құрсақ қабырғасы арқылы нәрестенің ұсақ бөлшектері пальпацияланады. Қаныптан көп емес қанды бөлінділер бөлініп жатыр. Емдеу тактикасын таңдаңыз: / наркоз беру, гемотрансфузияны бастау, лапаротомия жасау / диагнозды дәлледеу үшін УДЗ жүргізу / қан құю, ВГГК фонжасау, босандыру / спазмолитиктер, анальгетиктер енгізу, қан құю және бақылауды жалғастыру Е. Кесар тілігін шұғыл бастау ! 19 жас алғашқы босанушыда мерзімінде босану болды . Анамнезінде – 2 медициналық аборт. 3 кезең активті жүргізілді: нәресте туылғаннан кейін 1 минуттың соңында бұлшық етке 10Ед окситоцин жасалды. Жатыр жиырылған кезде акушерка сол қолымен жатыр түбіне қысым жасап тұрып бір уақытта кіндік бауын тартты. Босанушының жағдайы кенет нашарлап кетті, есінен танып қалды, лоқсу, іштің төменгі бөлігінде қатты ауырсыну пайда болды. АҚҚ – 90\50-95\55 мм.с.б.б. Пульс жиілігі – 100 рет минутына . Іш аймағын пальпациялағанда іштің төменгі бөлігіндегі қатты ауырсыну, бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды, жатыр қасаға үстінде анықталмайды. Кіші жамбас қуысына кіреберіс жерде шұңғыма тәрізді қуыс пальпацияда қатты ауырсынады, жамбас қусына өтеді. Жыныс жолдарында жұмсақ консистенциялы домалақ, қызыл-күлгін түсті түзіліс анықталады. Ілініп тұрған түзілістің орталық бөлігіне плацента жабысып тұр, ұрық қабымен қапталған. Босанудың асқынуын ата және ол неден болды: / Жатырға контрқысым дұрыс жасалмағандықтан жатыры айналып кетті / Босану тез болғандықтан жатырдың толық жыртылуы / Акушерлік анамнезі ауыр – жатырдың жартылай жыртылуының қауіп факторы / Босану кезінде құрсақішілік қысымның жоғарылауына байланысты жатыры түсіп кетті E. Бұрын анықталмаған қынап кистасы ! Босанушы 26 жаста, екінші жүктілік. Бірінші жүктілік жедел босанумен болған, босанудан кейін эндометрит болған.Толғақ қысқа, әлсіз. Жыныс жолдарынан белгілі мөлшердегі қанаралас бөліністермен келді. Кіші жамбасқа басымен келуі. Ұрықтың жүрек соғысы 140рет/мин. Қынаптық тексеру барысында:жатыр мойны 4см ашылған, ұрық жолдасының шеті көрінеді.Ұрықтың суы бүтін. Қан аралас бөлініс жеткілікті. Не істейміз? / ұрық шарын ашу / босануды консервативті жүргізу / кесар тілігі отасына кірісу / босану барысын жылдамдату / спазмолитиктер енгізу ! 80. 26 жастағы науқас етеккірге дейінгі 5 күнде жағдайының нашарлауына шағымданады, дене салмағының қосылуына, сүт бездерінің ауырсыну сезіміне, тітіркенгіштігіне, көңіл күйінің болмауына, бас ауруына. Етеккір басталысымен жоғарыдағыдай шағымдар жойылады. Гинекологиялық тексеру кезінде патологиялық өзгерістер жоқ. Бұл жағдайдың туындауына тікелей әсер ететін гормон / Прогестерон. / Эстрогендер / Андрогендер / Глюкокортикоидтар / Эстрадиол ! Перзентханаға алғаш босанушы әйел келіп түсті, 19 жаста, іштің төменгі бөлігінде керіп тұрғандай ауру сезіміне шағымданады. Босанудың басталғанына 12 сағат, сусыз кезең 4 сағат болған. Жамбас өлшемдері: 25-28-31-17 см. Пульсі минутына 96 рет, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.б мерзімі жеткен жүктілік, нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген. Жатырдың төменгі сегменті ауру сезімді, контракциялық сақина кіндік деңгейінде. Нәрестенің жүрек соғысы 10 рет минутына, аритмиялық, тұйықталған. Күшенулер бірінің артынан бірі болып жатыр. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Нәресте басы кіші жамбастың кіреберісіне бекіген, жебе тәрізді жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын. Мүйіске қол жетеді. Диагоналдық коньюгата 11,5 см. Қажетті емдеу әдістерін таңдаңыз: / кесар тілігі / окситацинмен босануды ынталандыру / акушерлік қысқыш / нәрестенің вакуум- экстракциясы / нәрестені бөлшектеп алу ! Құрғақ жөтел кезінде ұзақ уақытқа созылған қан қақыру болғанда неден сезіктену керек: / Бронхтың қатерлі ісігінен / Өкпенің кавернозды туберкулезінен / Бронхоэктатикалық аурудан / Пневмокониоздан / ӨСОАнан ! Науқаста иықтың гипертрофиясы;аяқтарының салқындауы;2-3 қабырға аралығында систолалық шу; рентгенмен тексергенде қабырғалардың узурациясы қай ауруға тән? / Аорта коартациясы / Феохромоцитома / Такаясу ауруы / Кон синдромы / Иценко-кушинга ауруы ! 17жастағы науқас, тамағының ауырып кұрғауына, құрғақ жөтелге, жұтынғанда тамағының ауыруына., жөтелдің түнге қарай күшеюіне шағым айтады. Ауыруын тоңып қалумен байланыстырады. Ауырғанына 2апта болған. Тұмаудың дәрілерін ішкен. Жөтелі кетпеген.Дене қызуы көтерілмеген. Жалпы жағдайы бұзылмаған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық. Терісі қалыпты. Араны-қызарған. Өкпесін тыңдап қарағанда-перкуторлы өкпелік тыныс күшейген. Сырылдар жоқ. Жүрек тондары айқын, ритмді.Қан қысымы 120/70мм.сын.бағ. Бірінші қандай ауруды ойлайсыз? / брохит / пневмония / Трахеит / тыныс демікпесі / туберкулез. ! Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар. Сіздің диагнозыңыз: / Кон синдромы / Ишемиялық инсульт / Реноваскулярлы гипертензия / Артериялық гипертензия / Созылмалы пиелонефрит ! 28жастағы науқас әйел,жүректің ауырсынуына, ентігуге шағым айтып келді. Жүрек сыздап ауырады. Ауырсыну жүктемеге байланысты емес, тұрақты байқалады.Нитраттармен басылмайды. Осыдан 2апта бұрын іріңді гайморитпен ауырып, емделген.Жалпы жағдайы қанағатанарлық.Дене қызуы 38 градус. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ .Жүрек ұшы соққысы әлсіреген,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систола шуы,оның екпіні дене қалпын өзгерткенде күшеймейді; 1тонмен байланысты емес.ЭКГ-де ритмнің бұзылыстары-блокадалар. Сіздің диагнозыңыз? / Миокардит / Кардиомиопатия / Ревматикалық ауру / Перикардит / НЦД ! 65 жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды.Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ. Терісі бозғылт, салқын тер. Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған , ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагноын қою қажет? / миокардтың инфаркті / тұрақсыз стенокардия / өкпе артериясының тромбоэмболиясы / аорта аневризмасы / нейроциркуляторлы дистония ! 25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді. Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді. Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады.Тамаққа тәбеті жоқ..Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады. Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады. Қандай ем қолдану қажет? / микотикалық дәрілер / гликопептидтер / макролидтер / фторхинолондар / цефалоспориндер ! Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған? / Дресслер синдромы / Аорта аневризмасы / Өкпе артериясының тромбоэмболиясы / Қайталанған миокардтың инфаркті / Инфарктан кейінгі стенокардия ! Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған? / Дресслер синдромы / Аорта аневризмасы / Өкпе артериясының тромбоэмболиясы / Қайталанған миокардтың инфаркті / Инфарктан кейінгі стенокардия ! 68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гипертеник,дене бітімі толық. Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында. Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады? / Амиодарон / Дигоксин / Верапамил / Магнезий сульфат / Этмозин ! 5 жастан асқан балаларда 1 секундта форсирленген дем шығару көлемі (FEV1), өкпенің форсирленген өмірлік сыйымдылығы (FCV) және дем шығарудың максимальды жылдамдығы (PEF) нені бағалауға мүмкіндік береді : / Бронх обструкцияның дәрежесін |