_ тері сынамалары(Манту, атр) (1). тері сынамалары(Манту, атр)
Скачать 112.9 Kb.
|
#51 *!Еркек, 54 жаста, дәрігерге әлсіздікке, тершеңдікке, қан жолақтарымен қақырықты жөтелге шағымданып келген. Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасында 2 сегмент деңгейінде, анық емес, шашыраңқы сыртқы контурлары және ыдырау қуыстары бар біртекті емес көлеңке табылды. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * + инфильтративті туберкулез ыдырау және шашырау кезеңі * өкпенің жеделдеу диссеминирленген туберкулезі * өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі * өкпенің ошақты туберкулезі * өкпе туберкулемасы #52 *!Еркек, 54 жаста, дәрігерге тамақтың ауыруына, дауысының қарлығуына, 2 типті қант диабетімен ауырғанына шағымданды. Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасында- екі өкпенің жоғарғы бөліктерінде екі жағынан полиморфты ошақтар перифокальды қабынусыз (1,5 х 1,5 см) қуыстың жіңішке қабырғалы дұрыс пішіні көрінеді. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ең маңызды? * сүзілетін түрлерге қақырық сараптамасы * екіншілік флораға қақарық сараптамасы * L-формаға қақарық сараптамасы * кандидке қақарық сараптамасы * +ТМБ қақарық сараптамасы #53 *!Науқас К., 35 жаста, кеуденің ауруына, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. 5 күннен артық дене қызуы субфебрильді. Везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Қақырықта ТМБ табылған жоқ. Қан сараптамасында: лейкоциттер – 11,5 х 109/л, ЭШЖ – 25 мм/сағ. Рентгенограмма: оң жақта 2 сегментте, аз қарқынды қараңғылану диаметрі 4 см дейін анық емес жиектерімен. Туб. жұбайымен байланыс. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * + өкпенің инфильтративті туберкулезі * эозинофильді инфильтрат * абсцедирлеуші пневмония * казеозды пневмония * қатерлі ісік пневмония #54 *!Еркек. С., 32 жаста, терапевтке әлсіздік, тершеңдік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, шырышты қақырықпен жөтел, соңғы айларда 4-5 кг салмағының төмендеуі шағымдармен келіп қаралды. Қан сараптамасында: лейк. – 10,2 * 109, ЭШЖ - 25 мм/сағ. Кең спектрлі антибиотиктермен ем жүргізілді, әсерсіз, интоксикация синдромы бар. Қорытынды рентгенограммасында өкпелік инфильтратының шашырауымен теріс динамика. Науқасты жүргізу тактикасы қандай? * дәріге сезімталдықты анықтаумен екіншілік флораға қақырық сараптамасы * атипиялық жасушаларға қақырық сараптамасы және онколог кеңесі * +ТМБ қақырық сараптамасы және фтизиатр кеңесі * атипиялық микобактерияға қақырық сараптамасы * кандидке қақырық сараптамасы #55 *!Еркек. П., 28 жаста, терапевтке кешкі уақытта дене қызуының 37,7 о-ға дейін жоғарылауына, тершеңдік, әлсіздік, қан жолағымен қақырықты жөтел, оң жақ кеуде қуысының ауыруы, салмақтың жоғалуына шағымданды. Аталған іс-шараның қайсысы ең тиімді болып табылады? * +ТМБ қақырықты зерттеу, жалпы шолу рентгенограммасы * бронхоскопия, жалпы шолу рентгенограммасы * спирография, жалпы шолу рентгенограммасы * электрокардиография, спирометрия * Плевра қуысын УДЗ #56 *!Еркек. У., 33 жаста, терапевтке кешкілік дене қызуының 37,7 о-ға дейін жоғарылауына, тершеңдік, әлсіздік, әлсіздік, шырышты-іріңді сипатындағы қақырықты жөтел, оң жақ кеуде қуысының ауыруы, салмақтың жоғалуына шағымданды. Тексеру кезінде G-xpert әдісімен туберкулез микобактериялары анықталды, сезімталдығы сақталған. Аталған іс-шараның қайсысы ең тиімді болып табылады? * пульмонологиялық бөлімшеге жіберу * + 1-санат бойынша ТҚД-да стационарлық емдеу * 4 санат бойынша ТҚД амбулаторлық емдеу * 4 санат бойынша ҚКА стационарлық емдеу * 1 санат бойынша санаториялық емдеу #57 *!Әйел. Ж., 25 жаста, терапевтке әлсіздік, шырышты қақырықты жөтел, 3 ай ішінде 5-6 кг. салмақ жоғалуына шағымданды. Туб қатынас жоққа шығарады. Өкпеде оң жақта- бірен- саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Қан сараптамасында: лейк. – 12,2 * 109/л, ЭШЖ – 25 мм/сағ. Рентгенограммада: - оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде біркелкі емес, аз қарқынды қараңғылану, ағару бөліктерімен. Кең спектрлі антибиотиктермен ем әсерсіз. Қорытынды рентгенограммасында динамика байқалған жоқ. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * өкпенің диссеминирленген туберкулезі * + өкпенің инфильтративті туберкулезі * өкпенің ошақты туберкулезі * абсцедирлеуші пневмония * ауруханадан тыс пневмония #58 *!Еркек. 26 жаста, неврологиялық бөлімшеге ауыр халде жеткізілді. Т-38,8 оС. Жұбайының айтуынша, науқас бір айдан бері, бас ауруы, шаршау, тітіркену пайда болғаннан өзін аурумын деп санайды. Қарап- тексергенде: жалпы жағдайы өте ауыр, сопор жағдайында, құрысулар. Менингиальды симптомдар оң, бас сүйек-ми жүйкелерінің зақымдануы (III,VI, VII). Ликвор түсі – мөлдір, цитоз – 100 жасуша, лимфоцитарлы, ақуыз – 0,3 %, қант-төмендеген. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * туберкулезді базилярлық менингит * + туберкулезді менингоэнцефалит * іріңді менингоэнцефалит * жұлын менингит * іріңді менингит #59 *!Бала 8 жаста, тәбетінің төмендеуіне, тітіркенуге, жөтелге шағымданады. Анамнезінде: кератоконьюнктивиттен екі рет емделді. Туб қатынас жоққа шығарады. Объективті: төмен тамақтану, V топтағы лимфа түйіндері пальпацияланады. Манту реакциясы 2 ТЕ, 10мм. пап. Оң жақ өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ЭШЖ қан анализінде-20 мм/сағ, моноцитоз. Рентгенограммада: оң жақта жоғарғы бөлігінде өкпенің түбіріне апаратын гомогенді көлеңке анықталады, түбір оң жақ кеңейтілген, деформацияланған. Төменде көрсетілген клиникалық диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі; * + оң жақ жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулез кешені * оң жақта кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі * оң жақ жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі * оң жақ жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі #60 *!Қыз 5 жаста, кешкілік дене қызуының субфебрильді болуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. жаман Туб қатынас туберкулезбен аурырған анасымен ДУ тұрады, химиялық-профилактиканы 6 ай ішінде тұрақсыз түрде алған. Манту сынамасы 2 ТЕ – пап 13мм. Тыртық-3мм. Диаскинтест-12мм. Рентгенограммада – түбір маңындағы аймақта өкпе суретінің күшеюі, медиастинальды плевраның қалыңдауы және астын сызылуы, өкпе түбірінің құрылымы төмендеуі және айқын көрінбеуі. Қандай диагноз неғұрлым? * саркоидоз Бека * лимфогранулематоз * спецификалық емес аденопатия * біріншілік туберкулез кешені * +кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі #61 *!7 жастағы қыз. Туб инфекция ошағынан -әкесі туберкулездің белсенді түрімен ауырады, БЦЖ тыртығы – 5 мм, Манту сынамасы 2 ТЕ – 12мм пап. Диасинтест – 10 мм. Анамнезінен: 5 жылда "А" вирусты гепатитімен ауырған, материалдық-тұрмыстық жағдай қанағаттанарлықсыз. Гемограммада-лейк. – 12 * 109 с, лимф. – 17%, м-19%, э-13%, ЭШЖ - 23 мм/сағ. Жалпы шолу рентгенограммасында-өкпе суреті күшейтілді, S1-2 проекциясында оң жақ қараңғылау, кеңейтілген түбірмен байланысқан. Төменде көрсетілген клиникалық диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң жақ жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің кавернозды туберкулезі * оң жақта кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі * + оң жақ жоғарғы бөлігінің бірішілк туберкулез кешені * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі #62 *!Бала 3 жаста, Манту сынамасы 2 ТЕ - пап. 11 мм, Диаскинтест – 13 мм, БЦЖ тыртық – 5 мм, туб. қатынас жоққа шығарады. Объективті: интоксикация белгілері анықталған жоқ, ағза бойынша патологиясыз. Микрополиадения. Гемограммада-лейк. – 12х109, л. - 11%, ЭШЖ-32 мм / сағ. МБТ-ға аңқа жағындысын микроскопиямен талдау табылған жоқ. Жалпы шолу рентгенограммасында-өкпе суретінің күшеюі, оң түбір кеңейтілген, құрылымсыз, жиектері анық емес. Аталған клиникалық диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің диссеминирленген туберкулезі * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі * + оң жақта кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі * оң жақ жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулез кешені * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі #63 *!Науқас Н., 35 жаста, терапевтке кешкі уақытта дене қызуының 37,4 0-ге дейін жоғарылауына, тершеңдік, әлсіздік, шаршағыштық, шырышты-іріңді сипатындағы қақырықты жөтел, оң жақ кеуде қуысының ауыруы, салмақ жоғалтуына шағымданды. Туб. пенитенциарлық мекемелерден босатылған туберкулезбен ауыратын ағасымен қарым-қатынас. Жоғарыда аталғандардың қайсысы ең орынды болып табылады? * +ТМБ қақырықтың бактериоскопиясы, жалпы шолу рентгенограммасы * қақырықты екіншілік флораға зерттеу * диагностикалық фибробронхоскопия * өкпенің компьютерлік томограммасы * Өкпе УДЗ, спирометрия #64 *!Әйелде К., 33 жаста, алдын ала тексеру кезінде жоғарғы бөлікте оң жақта С2 сегментінде диаметрі 3, х 2,5 см.дөңгелек түзілімі анықталды. Тыныс алу ағзалары жағынан шағымы жоқ. Клиникалық талдаулар патологиялық өзгеріссіз. МБТ бронхының шайынды суларын талдауда атипиялық жасушалар табылған жоқ. Анамнезінде: туб. қатынас бұрынғы жұбайымен. Төменде аталған аурудың алдын ала диагноздарының қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің дөңгелек инфильтраты * + оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы * қалталанған плеврит * псевдотуберкулема #65 *!Еркек. 18 жаста, жұқпалы ауруханаға жеткізілді. Өзін 1,5 ай бойы науқас деп санайды, тұрақты емес бас ауруы мазалаған. Соңғы 10 күнде дене қызуы -390с көтерілген, құсу, бас ауруы. Тексеру кезінде: науқас есі анық, сұрақтарға баяу жауап береді. Менингеальды симптомдар: бұлшықеттердің ригидтілігі, Керниг, Брудзинский симптомы, қызыл дермографизм. Туб. контакт жоққа шығарады. Қан сараптамасында: лейк-13х109, л-8%, м-13%, ЭШЖ-27 мм / сағ. Төменде көрсетілген қандай іс-шара неғұрлым орынды? * қанның биохимиялық талдауы * + жұлын пункциясы * электрокардиография * қақырықты талдау * несепті талдау #66 *!10 жастағы балада, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, ұстама тәрізді жөтел. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын әкесімен қарым-қатынас. 2 ТЕ Манту реакциясы - 15 мм. АТР – 13 мм. Рентгенограммада - оң жақта өкпе түбірлерінің кеңеюі және деформациясы, түбірдің сыртқы шекарасы дөңес, шайылған, түбір жанындағы аймақта өкпе суретінің күшеюі. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші түрі * + оң жақты кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі инфильтрация кезеңі * оң жақты біріншілік туберкулез кешені инфильтрация кезеңі * оң жақты өкпенің ошақты туберкулезі инфильтрация кезеңі * оң жақты өкпенің инфильтративті туберкулезі #67 *!ҚРМУ 4 курс студенті, 21 жаста, профилактикалық флюоро тексеруден кейін толық тексеруге шақырылды. Шағымдары жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі. Рентгенограмма: оң жақта жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суреті аясында қарқындылығы аз ошақты көлеңкелер. Қақырық анализінде туберкулез микобактериясы табылған жоқ. Қан анализінде лейкоциттер - 4,6 *109, ЭШЖ – 4 мм/сағ. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі * + оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі * оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясы * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы * өкпенің диссеминирленген туберкулезі #68 *!Еркек. С., 32 жаста, кеуденің ауыруына, әлсіздік, тершеңдік, шырышты қақырық бар жөтелге шағым жасайды. Дене қызуының 37,6о С көтерілуі. Тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ. Қақырықта ТМБ табылған жоқ. Қан анализінде: лейкоциттер – 10,5 х 109, ЭТЖ – 29 мм/сағ. Рентгенограмма: - оң жақта 2-ші сегментте, аз қарқынды қараңғыда анық емес жиектермен, ортасында ағартумен. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң жақ жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі * оң жақ жоғарғы бөлігінің ошақты пневмония * + өкпенің инфильтративті туберкулезі * оң жақ жоғарғы бөлігінің туберкулемасы * жоғарғы бөліктік пневмония #69 *!Еркек. 19 жаста, студент, тұрғылықты жері бойынша терапевтке әлсіздік, сирек құрғақ жөтел, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына шағымданып келді. Объективті: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс алу әлсіреген, қанның жалпы талдауы: эритроциттер – лейкоциттер – 8,9×109/л, ЭТЖ– 24 мм/сағ.Диаскинтест – пап. 21мм. қақырықта – микроскопия әдісімен МБТ+. Жалпы шолу рентгенограммасында анық емес, шашыраңқы сыртқы жиектері және ыдырау қуыстары бар 3 сегмент шегінде біркелкі емес көлеңкелену анықталды. Науқасты жүргізу тактикасы қандай? * +ф.058 толтыру және туберкулезге қарсы стационарға жатқызу * ф. 033 толтыру және туберкулезге қарсы стационарға жатқызу * ф. 063 толтыру және туберкулезге қарсы стационарға жатқызу * ф.112 толтыру және туберкулезге қарсы стационарға жатқызу * ф. 026 толтыру және туберкулезге қарсы стационарға жатқызу #70 *!Әйел. Т. А, 47 жаста, терапевтке дене қызуының 380 С-қа дейін жоғарылауына, кеуде қуысының сол жақ бөлігінің ауыруына, көбінесе артынан, тыныс алудың қиындауына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Кеуде қуысы Флюрографиясын емханада тұрақты түрде өтіп тұрады. Қант диабетімен терапевтте 5 жыл ішінде есепте тұрады. Төменде аталғандардың қайсысы бірінші кезекте терапевт тағайындайды? * + рентгенологиялық зерттеу * биохимиялық зерттеу * глюкозотолерантный тест * клиникалық зерттеу * электрокардиография #71 *!Д. ер адам, 30 жаста, терапевтке 2 ай бойы қақырықпен ылғалды жөтел, әлсіздік, тершеңдік, тәбеттің нашарлауына шағымданды. Терапевтте "тәуекел тобына" қант диабеті бойынша есепте тұрады. Анамнезінде: 5 жыл бұрын туберкулезбен ауырған. Осы жағдайда төменде көрсетілген диагностикалық мақсатпен терапевт қандай іс-шара өткізеді? * Өкпе КТ * Өкпе УДЗ * тері ішілік Манту сынамасы * + ТМБ қақырық микроскопиясы * қақырықты екіншілік флораға себу #72 *!Әйел К. 32 жаста, 9 жылдан бері "АИТВ-инфекциясы диагнозымен бақыланады. Дене қызуы 38,8°С дейін, әлсіздік, тыныштықта ентігу, шырышты қақырықпен жөтелге шағымданып келді. Қарау кезінде-тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Аскультативті-өкпеде қатаң тыныс, сырылдар жоқ, тахикардия 122 соқ.мин. дейін. Қан анализінде: лейкоциттер-17,0×109 / л, ЭТЖ-56 мм / сағ. Бұл жағдайда төменде көрсетілген диагноз қандай? * + диссеминирленген өкпе туберкулезі * пневмоцистік пневмония * бактериялық пневмония * өкпе карцинаматозы * вирустық пневмония #73 *!Ер адам. Д., 29 жаста, терапевтке дене қызуы t-38о С жоғарылауына, әлсіздік, шырышты қақырықпен жөтел қан жолақтарымен, оң жақ кеуде қуысының ауыруына шағымданды. Туб. қатынас жоққа шығарады. Өкпеде – оң жақта бірен-саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Қан анализінде: эр-3, 28х1012, Нb-138, э – 2, лейкоз. – 10,2 х 109, с-69, м – 11, л – 18, ЭТЖ – 38 мм/сағ. Алгоритм бойынша кең спектрлі антибиотиктермен емдеу жүргізілді, әсері жоқ. Қорытынды кеуде қуысы шолу рентгеноргаммасында өкпе инфильтратының теріс динамикасы. Науқасты жүргізу тактикасы қандай? * дәріге сезімталдықты анықтаумен қақырықты екіншілік флораға талдау * қақырықты атипиялық жасушаларға талдау және онколог кеңесі * +ТМБ қақырықты талдау және фтизиатр кеңесі * қақырықты атипиялық микобактерияға талдау * кандидке қақырықты талдау #74 *!Ер адам, К., 25 жаста, мойын лимфа түйіндерінің грек жаңғағының мөлшеріне дейін ұлғаюына, түйін айналасындағы терінің қызаруына, ауырсынуына, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке шағымданады. Үйде шөптерден жасалған басқыштармен емделген, әсері аз болды. Диаскинтест – 10 мм пап. Биоптат анализінде: казеозды-некротикалық өзгерістер. Гемограммада: э-11%, лимф-13%, ЭТЖ-32 мм / сағ. Туб қатынас әріптестерімен. Аталған диагноз қандай болуы мүмкін? *перифериялық лимфа түйіндерінің мононуклеозы *лимфа түйіндерінің спецификалық емес периадениті *+ шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезі *кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі * туберкулезді бронхоаденит #75 *!Ер адам. К., 27 жаста, өкпеден қан кету шағымдарымен жедел жәрдем каретасымен ҚКА пульмонологиялық бөлімшесіне жеткізілді. Анамнезінде: туб.ағасымен қатынас. Өкпенің флюорографиясын 1 жыл бұрын өткен. Диагноз қоюда төменде аталғандардың қайсысы ең тиімді? * +ТМБ және G-xpert қақырықтың бактериоскопиясы * атипиялық жасушаларға қақырықты талдау * екіншілік флораға қақырықты талдау * аспергиллаға қақырықты талдау * кандидке қақырықты талдау #76 *!7 жастағы бала, туберкулезбен ауыратын әкесімен қатынаспен есепке алынды. Байланыстағы адамдарды есепке алу кезінде жоғарыда аталғандардың ішінен зерттеудің қандай нәтижесі орынды? * +Манту реакциясы және Диаскинтест * қанның биохимиялық талдауы * градуирленген сынама * қанның жалпы талдауы * Өкпе КТ #77 *!9 жастағы бала, туберкулезбен ауыратын әкемен байланыста болған, Манту сынамасы 15 мм папула, Диаскинтест – папула 19 мм жүргізілді. Тексерілген, жергілікті туберкулез алынып тасталды. Аталған іс-шараның қайсысы неғұрлым орынды? *+химиопрофилактика 6Н * химиопрофилактика 6НR * химиопрофилактика 4E * химиопрофилактика 4R * химиопрофилактика 4Z #78 *!5 жастағы бала, туберкулезбен ауыратын әкемен байланыста болған, Манту сынамасы 15 мм папула, Диаскинтест – папула 19 мм жүргізілді. Тексерілген, жергілікті туберкулез алынып тасталды. Аталған іс-шараның қайсысы неғұрлым орынды? * емдеуге жатқызу * десенсебилизациялайтын дәрілер * этамбутолмен химиопрофилактика * + изониазидпен химиопрофилактика * рифампицинмен химиопрофилактика #79 *!Әйел. 25 жаста, бір апта бұрын ауырып қалған: дене қызуы 37,8 °С дейін көтерілді, мойынның ісінуі пайда болды. Қабынуға қарсы терапия, мойынға жылыту компресс тағайындалды. Ем барысында дене қызуы 39,0 °С дейін көтерілді, кенеттен бас ауыруы, бірнеше рет құсу, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Брудзинскийдің симптомы оң, оң жақта птоз пайда болды. Бір жыл бұрын туберкулезбен ауыратындармен-бактерия бөлетіндермен байланыс болған. Төменде аталғандардың қайсысы ең тиімді? * клиникалық талдаулар * биохимиялық талдау * + жұлын пункциясы * плевральды пункция және УДЗ * бактериологиялық зерттеулер #80 *! Ер адам, Б., 38 жаста, кенеттен автобуста нашарлап: ол жөтеліп, ауыз қуысынан алқызыл көпіршікті қан қоспасы бар қақырық кетті. 50 мл-ден астам қан бөлінді. Жолаушылар "жедел жәрдем" шақырған. Осы симптоматикаға сәйкес келетін асқынудың ең ықтимал түрі? * өңештен қан кету * асқазан қан кетуі * өкпе қан қақыру * + өкпеден қан кету * мұрыннан қан кету |