_ тері сынамалары(Манту, атр) (1). тері сынамалары(Манту, атр)
Скачать 112.9 Kb.
|
*Фтизиатрия 1*30*1 #1 *! Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы туберкулезді диагностикалауда маңызды болып табылады? * объективті зерттеу мәліметтері * 2 ТЕ туберкулин сынамасы * Кох туберкулин сынамасы * +ТМБ қақырықты талдау * зертханалық мәліметтер #2 *! Аталған рентгенологиялық белгілердің қайсысы өкпе ұштарының плевральды жабысуына тән? * өкпе кеңістігінің қараңғылануы * өкпе кеңістігінің тарылуы *+"плевральды шапка» * тісті диафрагма * тегістелген синустар #3 *! "Туберкулезді менингит, асқынған ағым. Босанғаннан кейінгі кезең". Туберкулез ауруының аталған жағдайларының қайсы классификацияға сәйкес болуы мүмкін? * + асқынған/запущенный жағдай *жаңа жағдай * аударылған * қайталану * басқа #4 *! Төменде көрсетілген мерзімдердің қайсысында өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезіне тән рентгенологиялық өзгерістер анықталады? * ауру басталғаннан 15-17 күні * ауру басталғаннан 18-20 күні * ауру басталғаннан 21-24 күні * + ауру басталғаннан 7-10 күн * аурудың алғашқы 1-3 күнінде #5 *! Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ошақтық туберкулезді диагностикалауда маңызды болып табылады? * объективті зерттеу мәліметтері * + рентгенологиялық зерттеу * 2 ТЕ туберкулин сынамасы * Кох туберкулин сынамасы * зертханалық мәліметтер #6 *! Туберкулезді менингитке қандай цитоз тән? *1 мл-де 700-800 жасушалар, нейтрофильді-лимфоцитарлы * + 100-300 жасуша 1 мл, лимфоцитарлы * 1 мл-де 800-1000 жасушалар, нейтрофильді * 1 мл-де 400-600 жасушалар, нейтрофильді * 1-10 жасуша 1 мл, лимфоцитарлы #7 *! Өкпенің инфильтративті туберкулезіне тән морфологиялық ерекшелігі: * + орталық орналасқан ошақтың айналасындағы перифокальды қабыну * екі жағынан ошақты көлеңкелердің полиморфизмі * өкпе тінінің диссеминациясы * түрлі қарқындылық ошақтары * өкпе тініндегі экссудат #8 *! Туберкулемаға тән ең ықтимал рентгенологиялық көрініс қандай? * ошақтық-фокустық қараңғылық * + 12 мм артық дөңгелек көлеңке * инфильтративті көлеңке * сақина тәрізді көлеңке * 1 см дейін көлеңке #9 *! Туберкулезді плеврит-клиникалық түрі, сипатталатын * +плевраның қабынуы және плевра қуысында экссудаттың жиналуы * плевраның қабынуы және ауаның болуы * плевра қатерлі ісік жасушаларымен зақымдануы *плевраның стафилококктармен зақымдануы * плевра нейтрофилдермен зақымдануы #10 *! Ересектерде перифериялық лимфадениттің пайда болуына ықпал етеді * + эндогенді реактивация * экзогенді реактивация * иммунитетті төмендеуі * екіншілік инфекция * суперинфекция #11 *!Туберкулездің инфекция ошақтарында індетке қарсы өткізілетін іс шаралардың мақсаты: * туберкулездің инфекция ошағын эпидемиологиялық есептен шығаруға дайындау *+науқастың айналасында кісілердіТМБ жұқтыруынан және аурудың жаңа анықталған жағдайларынан алдын ала сақтандыру * туберкулездің инфекция ошағында індетке қарсы іс шаралар жоспарын құру * пациенттің айналасындағыларды жұқтыру қауіпін бағалау * ТБ 093у есеп формасын рәсімдеу #12 *! Белсенді туберкулездің алғашқы диагнозы бар науқастарға қандай есеп нысаны толтырылады? *+089у *058у *063у *033у *093у #13 *!Қант диабетімен ауырған науқастар қай жиілікте туберкулезбен ауырады: * +2-6 есе жиі * 2-4 есе жиі * 2-3 есе жиі * 6-8 рет жиі * 6-9 есе жиі #14 *!Босанудан кейінгі кезеңде дамыған инфильтратты туберкулездің ағымы жиі қалай сипатталады: * жүктілік кезіндегі жағдайдан айырмашылығы жоқ *+процесстің өршу қаупі өте жоғары * қолайлы ағыммен * шектеулі ағыммен * торпидті ағыммен #15 *!Туберкулезбен ауыратын науқастың химиотерапиясының негізгі ұстанымдары: * препараттармен қамтамасыз етілуі * витаминдермен қамтамасыз ету * интермиттирлеуші *+бақылаушылық * парентеральды #16 *! Туберкулездің кең спектрлі дәріге тұрақты (ШЛУ) түрі кезінде емдеудің қарқынды фазасы IV санат бойынша жүргізіледі * 12-14 ай аралығында *+ 8-12 ай аралығында * 2-4 ай аралығында * 4-6 ай аралығында * 6-8 ай аралығында #17 *! Диссеминирленген туберкулез кезінде ТМБ таралуының негізгі жолы ? * байланыс *+гематогенді * бронхогенді * лимфогенді * перибронхиалды #18 *! Манту сынамасын қойғаннан кейін нәтижелерді бағалау қандай мерзімде жүргізіледі? * 8 сағаттан кейін * 24 сағаттан кейін * + 72 сағаттан кейін * 12 сағаттан кейін * 48 сағаттан кейін #19 *! 2ТЕ Манту сынамасы папуласының қандай өлшемімен оң деп саналады? * 2 мм бастап * + 5 мм * 12 мм бастап * 17 мм бастап * 21 мм бастап #20 *! Манту сынамасы қандай реакция түріне жатады? * цитотоксикалық типті аса жоғары сезімталдық реакциясы * шұғыл түрдегі жоғары сезімталдық * + баяу түрдегі жоғары сезімталдық * спецификалық емес резистенттілік * иммунокомплексті реакция #21 *! Туберкулезді менингит кезінде келесі бас сүйек-ми нервтерінің жұбы зақымданады: *+III, VI, VII жұп * III, IV, V жұп * IV, V, VI жұп * VII, VIII жұп * I, II, VI жұп #22 *! Адамдар үшін басты қауіпті ТМБ көзі болып табылады: * жұқтырылған ТМБ адамдар * + өкпе туберкулезімен ауыратын науқастар * "О" тобы бойынша бақылауда тұрғандар * туберкулезбен ауыратын жануарлар * өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастар #23 *! Өкпенің инфильтративті туберкулезінің морфологиялық ерекшелігі қандай? * + орталық орналасқан ошақтың айналасындағы перифокальды қабыну * пролиферативті реакциясы бар ошақты көлеңкелердің полиморфизмі * экссудативті реакциясы бар өкпе тінінің диссеминациясы * өнімді реакциясы бар әртүрлі тығыздық ошақтары * өкпе тінінің экссудативті реакциясы #24 *! Гистологиялық зерттеудің аталған мәліметтерінің қайсысы диагностикалық материалда "туберкулема" диагнозына келеді? * қан жолақтары * нейтрофилдер * гистиоциттер * лейкоциттер *+казеоз #25 *! Туберкулездік плеврит-клиникалық нысаны, сипаттайтыны: * +плевраның қабынуы және плевра қуысында экссудаттың жиналуы * плевраның қабынуы және плевралық қуыста ауаның болуы * плевра қатерлі ісік жасушаларымен зақымдануы * плевраның стафилококктармен зақымдануы * плевра нейтрофилдермен зақымдануы #26 *! Инфекциялық ауру туралы "шұғыл хабарлама" негізінде есептілікті тіркеу кезінде бактерия бөлгіштерге қандай есеп нысаны толтырылады? * 089у *+058у * ТБ11 * ТБ15 * ТБ14 #27 *! Өмірінде алғаш рет белсенді туберкулез диагнозы қойылған науқасқа қандай есеп нысаны толтырылады? * 058у *+089у * ТБ05 * ТБ06 * ТБ14 #28 *! Балалардағы кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінде жиі болатын асқыну қандай? *+ателектаз * диссеминация * кавернаның түзілуі * өкпеден қан кету * өкпе-жүрек жеткіліксіздігі #29 *! Бронх туберкулезінің жиі салдары болып табылады: * қан кету * + бронх стенозы * бронхөңештік жыланкөз * гематогенді диссеминация * плевра қуысының облитерациясы #30 *! Казеозды пневмонияның ерекшелігі: * +қабынудың казеозды-некротикалық компоненті * қабынудың өнімді компоненті * қабынудың экссудативті компоненті * фиброзды өзгерістерді қалыптастыру * спецификалық емес тін реакциясы *!*Фтизиатрия*2*50*2 #31 *!Еркек, тамағының аруына, қарлығуына шағымданып дәрігерге қаралған. Кеуде торының жалпы шолу рентгенограммасында полиморфты ошақтармен 2 жақты диссеминация анықталған. Екі өкпенің жоғарғы бөлігінде перифокальды қабынусыз қуыстың жіңішке қабырғалы дұрыс пішіні көрінеді (2,0 х 2,0 см). Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы маңыздырақ болып табылады? * атипиялық клеткаға қақырық сараптамасы және бронхоскопия * екіншілік флораға қақырық сараптамасы және бронхоскопия * макрафагтарға қақырық сараптамасы және бронхоскопия * кандидаға қақырық сараптамасы және бронхоскопия *+ТМБ қақырық сараптамасы және бронхоскопия #32 *!Еркек. Д., 29 жаста, дене қызуының t-38о көтерілуіне, әлсіздікке, қан жолақтарымен шырышты қақырықпен жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына шағымданып терапевтке қаралған. Туб қатынас болмаған. Өкпеде – оң жақта бірен- саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Қан сараптамасында: эр – 3,28х1012, Нb – 138, э – 2, лейк. – 10,2 х 109, с – 69, м – 11, л – 18, СОЭ – 38 мм/сағ. Кең спектрлі антибиотиктермен емнен әсер болмады. Қақырықпен және қан жолақтарымен жөтел сақталуда, кеуде қуысындағы ауру сезімі күшеюде. Науқасты жүргізу әдісінің дұрыс нұсқауын таңдаңыз? * дәріге сезімталдықты анықтаумен екіншілік флораға қақырық сараптамасы * атипиялық клеткаларға қақырық сараптамасы және онколог кеңесі *+ТМБ қақырық сараптамасы және фтизиатр кеңесі * атипиялық микобактерияға қақырық сараптамасы * кандидаға қақырық сараптамасы #33 *!Науқас С., 30 жаста, дене қызуының 37,7о көтерілуімен, кешкілік тершеңдік, әлсіздік, шаршағыштық, қақырықпен жөтел, оң жақ кеуде қуысының ауруы, салмақ жоғалтуымен шағымданып терапевтке қаралған. Туберкулезбен ауырған ағасымен қатынаста болған. Аталғандардың ішінде қайсысы орынды? *+ТМБ қақырықты зерттеу, жалпы шолу рентгенографиясы * екіншілік флораға қақырықты зерттеу, спирометрия * бронхоскопия, жалпы шолу рентгенография * спирография, жалпы шолу рентгенография * Плевра қуысының УДЗ #34 *!Науқас М, 50 жаста, дене қызуының 37,6о көтерілуімен, кешкілік тершеңдік, әлсіздік, шаршағыштық, қан жолақтарымен қақырықты жөтел, оң жақ кеуде қуысының ауруы, салмақ жоғалтуымен шағымданып терапевтке қаралған. Өкпенің фиброзды- кавернозды туберкулезімен ауырған апкесімен қарым-қатынаста болған. Аталғандардың ішінде қайсысы орынды? *+ТМБ қақырықты бактериоскопиялық зерттеу және GenеХpert * ТМБ қақырықты бактериоскопиялық зерттеу және ВАСТЕС * ТМБ қақырықты флюоросцентті әдіспен зерттеу және * ТМБ қақырықты бактериоскопиялық зерттеу * ТМБ қақырық сараптамасы Л-Й ортасына себіндісі #35 *!Бала, 11 жаста, «Абсцедирлеуші пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Анамнезінде: жиі бронхиттер. Қарап тексергенде: физикалық дамудағы артта қалу белгілері, 5 топта перифериялық лимфатүйіндерінің ұлғаюы, қатынас орнатылмаған. Манту сынамасы 2 ТЕ папула – 15 мм. Диаскинтест – 13 мм. Кеуде торы шолу рентгенограммасында оң жақты С9-10 біртекті емес күңгірттену ортасында ағартумен, кеңейтілген түбірмен байланысты. Антибактериальді емнің әсері жоқ. Қақырықта ТМБ ++. Келесі клиникалық диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің төменгі бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау кезеңі ТМБ+ * өкпенің диссеминирлі туберкулезі ыдырау кезеңі, ТМБ+ * оң өкпенің төменгі бөлігінің кавернозды туберкулезі, ТМБ+ *+біріншілік туберкулезді кешен ыдырау кезеңі, ТМБ+ * кеудеішілік лимфатүйіндерінің туберкулезі, ТМБ+ #36 *!Жасөспірімде, 14 жаста, дене қызуының 380С - қа дейін көтерілуі, сирақтың алдыңғы бетінде-түйіндік эритема, сыртқы өзгерістерсіз ұсақ буындардың артралгиясы байқалады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын әкесімен қарым-қатынас. Манту реакциясы 2 ТЕ – пап 12 мм. Кеуде қуысы рентгенограммасында - оң жақта өкпе тамырының кеңеюі және деформациясы, тамырдың сыртқы шекарасы дөңес, жайылған, тамыр маңындағы аймақта өкпе суретінің күшеюі. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? *+оң жақты кеудеішілік лимфатүйіндерінің туберкулезі шашырау кезеңі * оң жақты кеудеішілік лимфатүйіндерінің туберкулезі, кіші форма * біріншілік туберкулезді кешен оң жақты шашырау кезеңі * өкпенің оң жақты инфильтративті туберкулезі * оң жақ өкпенің туберкулемасы #37 *!Әйел. Ю. 25 жаста, екі апта бұрын сол жағында ауырсыну, жөтел, дене қызуының 380С дейін көтерілуі пайда болды. Туберкулезбен ауыратын ағасымен қарым-қатынас. Объективті: кеуде қуысының сол жағы тыныс алу актісінен қалыс қалады. Перкуторлы сол жақта IV қабырғадан төмен тұйықталу анықталады, бұл аймақта тыныс алу естілмейді. Қан талдауы: Л – 12×109, СОЭ – 38 мм/сағ. Қақырық сараптамасында ТМБ табылған жоқ. Диагнозды анықтау үшін төменде көрсетілген қандай іс-шараны тағайындау орынды? *+плевра қуысы пункциясы * пневмоперитонеум * эхокардиография * плетизмография * бронхоскопия #38 *!Еркек В., 54 жаста, дәрігерге тамақтың ауыруына, дауысының қарлығуына шағымданды. Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасында полиморфты ошақтармен 2-жақты диссеминация анықталған. Екі өкпенің жоғарғы бөлігінде перифокальды қабынусыз қуыстың жіңішке қабырғалы дұрыс пішіні көрінеді (1,5 х 1,0 см). Туберкулез ауруымен ауыратын ағасымен байланыс анықталды. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * инфильтративті туберкулез ыдырау және шашырау кезеңі * + өкпенің жеделдеу диссеминирленген туберкулезі ыдырау кезеңі * өкпенің жедел диссеминирленген туберкулезі ыдырау кезеңі * біріншілік туберкулезді кешен ыдырау кезеңі * өкпенің ошақты туберкулезі ыдырау кезеңі #39 *!9 жастағы бала, 2 ТЕ Манту туберкулинді сынамасы жүргізілді, нәтижесі-папула көлемі 12 мм, Диаскинтест-13 мм. Бала толық тексерілгеннен кейін "алғаш рет анықталған жұқтыру"деген диагноз қойылды. Бала жиі суық тию және бронхитпен ауырады. Төменде аталған тактиканың қайсысы ең қолайлы? * 0 тобында бақылау * спецификалық емес АБП терапиясын жүргізу * спецификалық терапия санаты бойынша жүргізу * химиопрофилактикасыз 3Б тобында бақылау * + химиопрофилактикамен 3Б тобында бақылау #40 *!Науқас Л., 33 жаста, кеуденің ауырсынуына, әлсіздік, жөтелге шағымданады. Қақырықта қан жолақтары. 7 күннен астам субфебрильді температура. Везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Қақырықта ТМБ табылған жоқ. Қан сараптамасында: лейкоциттер – 9,5 х 109/л, СОЭ – 20 мм/сағ. Рентгенограмма: - оң жақты жоғарғы бөлігінде ортасындағы жарықтандырумен қарқындылығы аз гомогенді емес қараңғылану. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * + өкпенің инфильтративті туберкулезі * оң жақ жоғарғы бөлігінің пневмониясы * эозинофильді инфильтрат * абсцедирлеуші пневмония * қатерлі ісік пневмония #41 *!Әйел., М., 35 жаста, ҚКА терапия бөліміне айқын интоксиация белгілерімен ауыр жағдайда жатқызылды. Амбулаториялық ем әсерсіз. Қан сараптамасында: лейк. -13,3 х 109, СОЭ-54 мм / сағ, лимф. – 9%. Қақырық сараптамасында: ТМБ -. Туб.күйеуімен байланыс. Кеуда қуысының жалпы шолу рентгенограммасында-оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің анық контурларымен, көптеген ағарту учаскелерімен біртекті қараңғылану. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ТМБ- * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің бұлт тәрізді инфильтраты, ТМБ- * + оң өкпенің жоғарғы бөлігінің казеозды пневмониясы, ТМБ- * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің дөңгелек инфильтраты, ТМБ- * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ- #42 *!Әйел. Б, 26 жаста, босанғаннан кейін (бала 5 айлық) дәрігерге бас ауыруы, жүрек айнуы, мезгіл - мезгіл-құсу, әлсіздік, шаршау, шаршағыштық, тітіркену, ұйқысының бұзылуы, жарықты сезіну, дене қызуы 37,3ос субфебрильді болуына шағымданды. Науқас өзін бір аптадан бері ауру деп санайды. Туб. қатынас- стационарда өкпенің инфильтративті туберкулезіне байланысты емделетін апкесімен байланыс. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы маңызды? * қанның биохимиялық талдауы * бойлық томография * + люмбальды пункция * қанның жалпы талдауы * Бас миының КТ #43 *!Әйел. 23 жаста, "жедел жәрдеммен" ҚКА жан сақтау бөліміне есі жоқ ауыр күйде жеткізілді. Әкесінің айтуынша, бір ай бойы ауырады. Симптоматикалық дәрілермен емделген, дәрігерге қаралмаған. Бала қараумен демалыста отырған. Қарап-тексергенде: оң жақты гемипарез, 4 п/п-да желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг, Брудзинскийдің симптомдары оң, БМН (III,VI,VII,IX) зақымдануы. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * туберкулезді базилярлық менингит * + туберкулезді менингоэнцефалит * іріңді менингоэнцефалит * серозды менингит * іріңді менингит #44 *!Бала, 12 жаста, оң жақта экссудативті плеврит қойылған. Анализінде: серозды сипатта экссудат, 162кл. (лимфоциттер 88 %, нейтрофилдер 8%, эозинофилдер 4%). Рентгенограммада: өкпе кеңістігі мөлдір, кеудеішілік лимфа түйіндері үлкейген жоқ. Манту сынамасы- 20 мм пап., Диаскинтест –15 мм. пап. 2 ай бұрын тізе буынының артриті бойынша емделген. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * туберкулезді перифокальды плеврит * + туберкулезді аллергиялық плеврит * ревматоидты плеврит * қызыл жегілік плеврит * іріңді плеврит #45 *!Еркек. С, 43 жаста, жоғары дене қызуымен t 390С, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуымен стационарға келіп түсті. Салқындағаннан кейін жедел ауырып қалды. Амбулаториялық емделді, нәтижесіз. Объективті: орташа ауырлықтағы жалпы жағдайы, тыныштықтағы ентігу, оң жақ кеуде қуысы тыныс алуда қалып, қабырға аралық аралықтар сіңірілген. Перкуторлы өкпе дыбысы қысқа, тыныс естілмейді. Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасында оң жақ өкпе өрісі субтотальды, гомогенді, қараңғыланған. Көкірек мүшелері солға ығысқан. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің инфильтративті туберкулезі * оң өкпенің ауруханадан тыс пневмониясы * + оң өкпенің экссудативті плевриті * оң өкпенің пневмоплевриті * оң өкпенің құрғақ плевриті #46 *!Еркек. Т., 25 жаста, алғаш рет анықталған оң өкпенің S1-2 инфильтративті туберкулезі, ТМБ+ төрт ТҚП-пен қарқынды кезең және 4 айлық сүйемелдеуші кезеңі жүргізіліп, стационарда 2 ай болған. Бактерия бөлу тоқтатылды. Рентгенограммада - оң өкпенің S1 проекциясында дөңгелек гомогенді көлеңке, d – 3 см айқын контурларымен анықталады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * дөңгелек инфильтрат * шеткі Обыр * толтырылған киста *+туберкулема * эхинококк #47 *! Бала 5 жаста, балабақшада тұңғыш рет Манту сынамасы 2 ТЕ, онда атап өтілді папула 10 мм. Толық тексерілуден оөткізіліп, спецификалық процесс алынып тасталды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * вакцинадан кейінгі аллергия * тыныс алу мүшелерінің туберкулезі * ТМБ-ны қайта жұқтыру * +жұқтыру алғаш рет анықталған * БЦЖ вакцинасын енгізуге жанама әсер #48 *!Перзентханада жаңа туған нәрестеге шала тууға байланысты БЦЖ вакцинациясын жүргізуге медициналық қарсылық берілген, туылған кездегі дене салмағы 1700 грамм. 2,5 айдан кейін дене салмағы 2400 грамм, педиатр тексергеннен кейін 2 ТЕ-ден Манту реакциясы вакцинация жүргізу үшін тағайындалған. Манту сынамасын қолдану мақсаты қандай? * туберкулезге қарсы иммунитетті құру үшін (ағзаны туберкулезден қорғау) * + ағзаның туберкулез инфекциясын жұқтыруын анықтау үшін * БЦЖ реакциясын бақылау үшін * диспансерлік бақылау үшін * туберкулезді диагностикалау үшін #49 *!Әйел. И., 30 жаста, мұғалім профилактикалық флюоро тексеруден кейін толықтай тексеруге шақырылды. Шағымдары жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс естіледі. Рентгенограмма: оң жақта жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суреті аясында қарқындылығы аз ошақты көлеңкелер. Қақырық сараптамасында туберкулез микобактериясы табылған жоқ. Қан сараптамасында лейкоциттер – 9,4 * 109, ЭТЖ – 18 мм/сағ. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздардың қайсысы ең ықтимал? * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің біріншілік туберкулезді кешені * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі * + оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі * оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы * өкпенің диссеминирленген туберкулезі #50 *!Еркек. 58 жаста, аздаған ентігу және қақырықпен жөтелге шағымданды. Жалпы шолу рентгенограммасында полиморфты ошақтармен 2-жақты диссеминация анықталған. Екі өкпенің жоғарғы бөлігінде перифокальды қабынусыз қуыстың жіңішке қабырғалы дұрыс түрі көрінеді (2,0 х 2,0 см). Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы ең маңызды? * атипиялық жасушалар мен бронхоскопияға қақырық сараптамасы * екіншілік флора мен бронхоскопияға қақырық сараптамасы * онкомаркерге және бронхоскопияға қақырық сараптамасы * кандидтерге және бронхоскопияға қақырық сараптамасы * +ТМБ қақырық сараптамасы және бронхоскопия |