50 балл ИШБП Эпид. 1. Болжамды диагнозды табыыз
Скачать 0.51 Mb.
|
12. Науқас Алина. Индиадан ұшып келген «Боинг» ұшағының жерге қонғанынан кейін әуе жайдың инфекциялық изоляторынаарнайы медициналық көлікпен жеткізіліп, жатқызылды. Ұшақ бортында науқаста жедел іш өтуі басталды, ол ұшу барысында күшейе түсті, одан кейін улану белгілері пайда болып, бірақ температурасы қалыпты болды. Нәжісі және құсық массасы «күріш сорпасы» секілді.Науқастың шөлдеу сезімі күшейіп,ауыз қуысы құрғап, аяқ-қолдарының тартылулары байқалды. Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасың бокс бөлмелерінде диогностикалағанда науқастан «кір жуушы қолы» симптомы, еріннің және мұрынның цианозы, көз алмасының ішке кіріп орналасу симптомдарын байкады. Науқас жағдайы нашарлап, «күннің шығуы» симптомы мен «қара көзілдірік »синдромы байқалды. Науқас қайтыс болды. Клиникалық материал тексеру барысында құсық массасынан вибрион алынып, қосымша лабороториялық ПТР арқылы гендік эндотоксин анықталып, оң нәтиже көрсетті. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Тырысқақ 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі-науқас адам және вибрион тасымалдаушы. Тырысқақ ауруы барлық кезде қоздырғышты сыртқы ортаға көп мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл түріндегі науқастар және сау вибрион тасымалдаушылар таратушы ретінде өте қауіпті, өйткені олар тырысқақ қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы сыртқы ортаға шығарып, ластап отырады. Өт жүйесінде қалып қойған вибриондар тасымалдаушылықтың себепкері болады. Эль Тор вибрионын тасымалдаушылық 9 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Берілу механизмі - нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық заттар мен жанасу. Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су арқылы. Тырысқақ су арқылы таралса ауырғандар саны 1-2 күн ішінде күрт өседі. Аурудың одан әрі таралуы індетке қарсы шаралардың жылдамда дұрыс, уақытылы ұйымдастырылуына байланысты болады. Тұрмыстық заттар арқылы ыдыстар, лас қол, есік тұтқалары, төсек жабдықтары, шыбындармен таралады. Соңғы кездері Эль-Тор тырысқағы тағам өнімдері арқылы, әсіресе сүт тағамдары, ет, балық, нан, жеміс-жидекпен жиі таралады. Инкубациялық кезеңі: бірнеше саған – 5тәулік. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Тырысқаққа қарсы шаралар 27.09.2010 жылғы ҚР ДСМ Тырысқақ ауруының таралуын алдын алу және індетке қарсы іс шараларын жүргізу мен ұйымдастыру, кешенді шараларды жоспарлау әдістемелік нұсқауына сәйекс жүргізіледі.Тырысқақ ауруы міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы бокстарға оқшауландырылады, тырысқақ ауруына күдіктілер – провизорлық мақсатта госпитализацияланады. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, жұқтыру жолдарын, аурумен қатынаста болғандарды толық анықтау, ошақтың шекарасын анықтау, және жою шараларын ұйымдастыру қажет. Тырысқақ ошағында төтенше эпидемияға қарсыкомиссия ЧПЭК, медициналық штаб жұмыс істейді, оның мақсаты: аурудың таралу аймағын, шекарасын анықтау, жою шараларын қйымдастыру: -ошақтан шығуға, ошаққа кіруге тыйым салынады -әрбір үйді аралау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы науқастарды және ауруға күдіктілерді ере анықтау. -тырысқақ ауруларын арнайы көлікпен ауруханаға жатқызу. -іші өткен, құсатын тырысқаққа күдікті адамдарды провизорлық ауруханаға жатқызу, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру -аурумен қатынаста болғандарды анықтау, оқшаулау, 5күн медициналық бақылау, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру. -шұғыл алдын алу ретінде 5күн антибиотикпен емдеу. -көшіп қону арнайы көлікпен жүргізіледі, қызметкерлер 3 типті обаға қарсы киіммен жұмыс істейді - қорытынды дезинфекция Жіті ішек инфекциясынан қайтыс болған ануқастарды тырысқаққа қарсы бактериологиялық әдіспен тексеру -Қоршаған орта обьектілерін тексеру көлемін көбейту, бактериологиялық әдіспен тексеру
13. 32 жастағы жүргізуші 1 жарым ай ауылда астық жинауға көмектесіп үйіне оралған. 4 күннен кейін қалтырап, бас ауырған, тамаққа тәбеті нашарлаған, жарыққа, қатты шуға сезімтал болған, іші жиі өткен. Дене қызуы алғашқы 3 күнде 37.5-37.8, 4 күні 38.5 жеткен. Іс сапар кезінде жатақханада тұрған, асханада тамақтанған, ауыл тұрғындарынан түрлі тағамдар сатып алып жеген. Жанұясында бала бақшаға баратын 3 жасар баласы бар, әйелі – асханада аспазшы болып жұмыс істейді. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Іш сүзегі 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі. Іш сүзегінін инфекция көзі - наукас адам және бактерия тасымалдаушы. Созылмалы тасымалдаушылар 3 айдан астам және омiр бойы коздыргышты болiп шыгаруы мүмкін немесе белгiсi жок формада өтеді. Эпидемиологиялык тұрғыдан іш сүзегiнiн созылмалы тасымалдаушылары, жеңіл формадағы, атиптік формадагы науқастар кауіпті, өйткені олар аурулын белгілері болмағандыктан уақытылы емделмейдi, жекешеленбейді, кызметтiк мiндеттерiн жалғастырады, тамактану, сумен қамтамасыз ету мекемелерiнен аластатылмай калады. Ал жiтi түрiндегi науқастар қоздырғышты көп мөлшерде 1-5 апта iшiнде бөліп шығарады, уакытылы дәрігерлік көмекке келетіндіктен ерте жекешеленiп, толық емделiп шығады. Беріліс механизмі. Іш сүзегінін беріліс механизмі - нəжiс-ауыз механизмi. Берілу жолдары: - су арықлы - тағам арқылы - -тұрмыстык қатынас және қолданылатын заттар Берілу факторлары: су, тағам өнімдері, тұрмыстық заттар. микробтармен ластанған кiр колдар, шыбындар. Инфекциянын берілу жолдарына және таратушы факторларға байланысты эпидемиялык процесс су типті, тамақ типті, тұрмыстык типтi болып бөлiнедi. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Іш сүзегі ошағында індетке карсы шараларды ұйымдастыру әдістемесі Ошакта эпидемиологиялык тексеру жүргізу алдында СЭҚБ-дағы материалдармен танысу журналы кажет, яғни «Инфекциялық ауруларды тіркеу және бактерия тасымалдаушылардын картотекасымен танысып, бұған дейін іш сүзегі, парасүзектер ошағы қашан, кай жерде тіркелгенін, инфекция көзі мен жүру жолдарының байланысын, кездейсоқ сыркаттанушылық немесе эпидемиялык өршу екендiгiн анықтау керек. Ошакты эпидемиологиялык тексеру барысында анықтау қажет: 1. Аурудың айналасындағы адамдар iшiнде 15-25 күн аралығында қызуы көтерілгендердi аныктау, егер ондайлар болса диагноз қою үшін клиникалық және бактериологиялык әдiспен 1 рет тексеру. 2. Аурудың айналасында бұрын іш сүзегі, парасүзекпен ауырғандарды анықтау 3. Аурудың айналасында бактерия тасымалдаушыларды табу максатында ет пен зәр шығару жүйесі ауыратын адамдарды тауып тексеру. Аурудың және бактерия тасымалдаушының фаготиптері бірдей сәйкес болғанда ғана байланыс бар екендігін дәлелдеуге болады. 4. Аурудың таралу жолдарын анықтау үшін су, тамак өнімдерінен және сырткы орта объектiлерiнен зертханалык тексеруге сынама алу (қоздырғыштын табылмауы материалдын тексеруге кеш алынуымен байланысты болуы мүмкін). 5. Аурудың кәсібін, жеке бас гигиенасын сақтау жағдайын анықтау. 6. Аурумен бірге үйiнде, жұмыс орнында, оку орнында бiрге қатынаста болғандардын тiзiмiн жасау, олардың iшiнде су, тамақ өндірісінде, балалар мекемелерiнде жұмыс iстейтiндерге ерекше назар аудару. 7. Ауру адамның және онымен қатынаста болғандардын іш сүзегiне егiлгендiгiн, егiлген болса препараттын атауын, егу мерзiмiн, егу себебін аныктау 8. Ошақтың санитарлык жағдайын, тазартылуын, сумен камтамасыз ету жағдайын, шыбындардын бар-жоқтыгын анықтау. 9. Ошақтын эпидемиологиялык жағдайына байланысты алдын алу, күресу шараларынын жоспарын құру 10. Ошақта қатынаста болған адамдарга іш сүзегiне бактериофаг 3 рет аралыгы 5 кунде беру. 11. Егер iш сүзегiмен сырқаттанушылық 100 000 халыққа 25,6 жоғары болса аймақ тұрғындарына iш сүзегiне вакцина егу.
14. 5 жасар бала анасымен коммуналдық пәтерде тұрады. Анасы-төменгі сыныптар оқытушысы , 10 күн бұрын баспамен ауырған, дәрігерге бармаған, емделмеген, жұмысын жалғастыра берген. Көрші бөлмеде 4 адамнан тұратын басқа жанұя тұрады, оның ішінде сүт сатушысы және 2 жасар бала бақшаға баратын бала бар. Бала егулерін жасына сәйкес толық алған. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Дифтерия Инфекция көзі - ауру адам және бактерия тасымалдаушылар. Эпидемиологиялық тұрғыдан көмей, көмекей, мұрын дифтериясықауіпті болып табылады. Өйткені, қоздырғыш тыныс шығарукезінде көпмөлшерде ауаға таралады. Көз, тері, жарақат, жыныстық мүшелердифтериясы таратушы ретінде қауіптілігі төмен. Сау тасымалдаушылар және жеңіл не симптомсыз формадағы науқас адамдар тек жаппайтексеру барысында, зертханалық тексеру кезінде кеш анықталады, деркезінде ауруханаға жатқызылмайды, емделмейді, ауруды белсенді түрде таратыпотырады. Дифтерия ауруының 90% сау тасымалдаушылармен байланысты екені анықталған. Бактерия тасымалдаушылықтың түрлері: - транзиторлы ( 1 ретлабораторлықтексеру кезінде анықталған); - жіті 15 күнге дейін; - орташа уақыт ( 3 айға дейін); - созылмалы ( б айдан астам); - саутасымалдаушы (аурудың белгілері жоқ). Ұзақ уақыт тасымалдаушылық тонзиллит, ринит науқастарында кездеседі. Инфекция көзі ретінде сауыққан адам да болуы мүмкін, реконвалесцент қоздырғышты 2 аптаға дейін, кейде одан да ұзақ уақыт бөліп шығаруы мүмкін. Беріліс механизмі - негізгі берілу механизмі аэрогенді, аспирациялы. Берілужолдары: 1) ауа-тамшы, ауа-шаң; 2) тұрмыстық заттар - ыдыстар, бет орамал, сүлгі, төсек жабдықтары, ойыншықтар; 3) алиментарлы - сүт және кремдік тағамдар арқылы. Инкубациялықкезеңі: 3 -7 - 10 күн.Алдын алушаралары ДСМ «Дифтерия ауруымен күресушараларын күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар: Ауру адам және күдіктілер міндетті түрде инфекциялық ауруларауруханасына жатқызылып емделеді. Науқас бокстарға немесе арнайыбөлімшелерге жатқызылады, жатқызған күні мұрнынан,жұтқыншағынан бактериологиялық тексеруге сынама алынады, күлге қарсы антитоксикалық сарысу, антибиотик беріледі. Клиникалық түрдежазылғаннан кейін және бактериологиялықтексеру қорытындысы 2 рет теріс болғанда ауруханадан шығарылады. Бактерия тасымалдаушыларауруханадаантибиотиктерменемделеді, ұжымнан аластатылады. 2. Беріліс механизміне бағытталған шаралар: Тиімді вентиляция орнату, ауаны жиі желдету, тағамдарды ластануданкорғау, дезинфекциялық шаралар жүргізу. 3. Қабылдағышорганизмге бағытталған шаралар: Ең тиімді алдын алу шаралары - бұл жоспарлы түрде вакцина егуДСМ «ҚР халықты инфекциялық ауруларға қарсы вакциналаудыжақсарту жөнінде шаралар» бұйрығына, егу күнтізбесіне сәйкесжоспарлы түрде вакцина егіледі: АКДС - 2, 3, 4 айда, қайта егу 18 айда; АДС- 6-7 жаста; АД-М - 11-12 жаста; АДС-М - 16 жаста және әр 10 жылда. АКДС вакцинасының құрамында тазартылған сіреспе мен дифтериялық анатоксин (алюминий гидрооксидіне адсорбцияланған) және көкжөтелдің мұқият шайылған микробтары бар. Вакцина сұйық және құрғатылған түрде шығарылады. Сұйық вакцинаны мұздатылғаннан кейін қолдануға болмайды. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке енгізіледі. Вакцина енгізілгеннен кейін қалыпты реакция 2 тәулік мерзімді қамтиды, дене қызуы көтеріліп, енгізген жері қызарып ісіңкірейді. Енгізгендердің 1%-да температура 38,5°С-тан асып, күштілеу реакция беруі мүмкін. Жұмсақтіндерінде диаметрі 5 см-дей ісік, 2 см-дей инфильтрат пайда болатын жергілікті күшті реакция 4%-тен аспауы керек. Егер де АКДС бірінші инъекциясына патологиялық реакция байқалса, кейінгі егулер АДС-Манатоксин енгізу арқылы жасалады Вакцина егу туралы мәліметтер егу құжаттарына тіркеледі. Егуменқамту 95% кем болмау керек. Егулердің уақтылы жасалғанын картотекабойынша, №63 үлгідегіегукарталарын талдауарқылы анықтайды. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Ошақта эпидемиологиялықтексеру төтенше хабарлау алғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілуі кажет.Ошақта тексеру барысында науқас адамның соңғы 7 күн ішіндекімдермен жақын қатынаста болғанын анықтап, оларды 7 күнгемедициналық бақылауға алу қажет, оның ішінде: жанұя мүшелері, достары, туыстары, мектепте, бала бақшада, т.б. оқу мекемелерінде қатынаста болғандар, мекемеде бір бөлмеде жұмыс істейтіндер,медицина қызметкерлері. 7 күн медициналық бақылау барысындакүнделікті дене қызуын өлшеу, мұрын-жұтқыншағын тексеру, бактериологиялық тексеруге 1 рет сынама алу қажет, 5 күн антибиотик - эритромицин тағайындалады. Наукаспен катынаста болған адамдардың егу карталарын (Ф.63)тексеріп, иммунизациялау: - алғашқы комплексті толық алмағандарға (3 ретегу және қайта егу); - егу құжаттары болмаса; - соңғы қайта егуден кейін 5 жылөтіп кетсе; Науқас адамға сауықканннан кейін. ауруханадан шықпай тұрыпвакцина егіледі, егер: - бұрын вакцина алмаған болса - алғашқы мөлшері және ревакцинация жасалады; - толық егілген болса, бірақ соңғы егуден 5 жыл өтіп кетсе – бустерлі қосымша доза егіледі; - егер соңғы егуден 5 жылдан аз уақыт өтсе - вакцина егілмейді. Бала-бақшаға толық сауыққаннан кейін және бактериологиялықтексеру қорытындысы 2 рет теріс болғаннан кейін баруға рұқсатберіледі. Балалар мекемелерінде карантин 7 күнге беріледі. Карантин кезіндетоптан топқа ауыстыруға және жаңадан балаларды қабылдауға тыйымсалынады. Ошақта күнделікті дезинфекция жүргізіледі: ыдыстар 15 мин, қайнатунемесе 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағат батыру арқылызалалсызданады. Төсек жабдықтары, ойыншықтар кайнату немесе 2%хлорамин ерітіндісіне 2 сағат батыру арқылы залалсызданады. Көрпе, матрас, төсектер камералықәдіспен залалсызданады 15. Бала бақшаға бармайтын 6 жасар балаға скарлатина диагнозы қойылған. Інісі 1 жарым жаста , скарлатинамен бұрын ауырмаған бала бақшаға бармайды. Анасы жұмыс істемейді, әкесі инженер. Көршілерінің 1 сыныпта оқитын баласының қолында жазылған жараның қабыршақтары табылған. 1. инфекция көзін анықтаңыз, 2. скарлатинаның эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз 3. алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз Скарлатина Инфекция көзі ауру адам және бактерия тасымалдаушы (30%). Аурудың бастапқы кезеңдерінде ауру адам аса жұқпалы болады, тасымалдаушыларда қоздырғыш 100 есе кем табылады. Кейбір жағдайларда скарлатина ангина түрінде өтеді, диагноз қате қойылады, дер кезінде анықталмайды, тек қабыршықтар табылған жағдайда скарлатинамен бұрын ауырып өткендігіне күдіктенуге болады. Аурудан кейін миокардит, ринит, синусит, іріңді отит, нефрит, артрит секілді асқынулар болған жағдайда науқастың жұқпалы кезеңі ұзара түседі. Жалпы 20-22 күннен кейін науқас адам қоздырғыштарды бөліп шығаруды тоқтатады. Беріліс механизмі - аэрогенді, аэрозолді механизм. Берілу жолдары: ауа-тамшы, ауа-шаң, сиректеу тұрмыстық заттар (ыдыстар, төсек заттары, ойыншықтар) және тағам (әсіресе сүт, балмұздақ, кремдік тағамдар) арқылы таралады.Эпидемиологиялықерекшеліктері. скарлатина барлық жерде таралған ауру, әсіресе климаты суық аймақтарда жиі таралады; • көбіне 2-7 жасқа дейінгі балалар ауырады; • маусымдылық- күз, қыс, ерте көктем айларында жиі таралады; • жаңадан ашылған, ұйымдастырылған балалар мекемелерінде жиі кездеседі; • әр 5-7 жылда қайта өршубайқалады. Инкубациялық кезеңі 1-12 күн, орташа 5-7 күн. Науқас адам клиникалық (ауыр, орташа ауыр түрі) және эпидемиологиялық Эпидемиологиялық қажеттілік: a) Жатақханатұрғындары, коммуналдықпәтерде тұратын балалар. б) Бала бақша балалары, 1-2 сыныпта оқитын ауырмаған балалар және де балалар мекемесінде, хирургиялық, босану бөлімдерінде, балалар ауруханасында, тағам дайындау мекемесінде жұмыс істейтіндер болса. Бала бақшада карантин 7 күн, қатынаста болғандарды медициналық бақылау 7 күн, күнделікті температурасын өлшеу, сыртқы терісін, жұтқыншағын тексеру. Қатынаста болғандар арасында ангина, отит, ринитпен ауырғандарды анықтауқажет. Бала-бақшада, мектепте, емханада жұмыс істейтін қызметкерлер емделіп болғаннан кейін 12 күн уақытша басқа жұмысқа ауыстырылады. Аурумен ошақта қатынаста болған скарлатинамен бұрын ауырмаған бала бақша балалары және 1-2 сынып оқушылары 7 күн үйінде қалдырылады. Бұрын скарлатинамен ауырған балалар, балалар мекемелері, аурухананың хирургиялық, босану, балалар бөлімшелерінің қызметкерлері 7 күн медициналық бақылауға алынады. Егер науқас ауруханаға жатқызылмаса онымен үнемі қатынаста болған бала-бақша, 1-2 сыныпоқушылары 17 күн ұжымға жіберілмейді. Диспансерлік бақылау жұқпалы аурулар кабинетінде 1 ай жүргізіледі. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалмайды. Күнделікті дезинфекция ретінде ыдыстарды, заттарды 2% сода ерітіндісімен 15 мин. қайнату. Скарлатина ошағында алдын алушараларын ұйымдастыру әдістемесі Скарлатина ауруының инфекция көзін анықтау мақсатында науқастың тұратын жерінде және жұмыс орнында (мектеп, бала-бақша) бұған дейін аурутіркелгендігі туралы мәліметтерді, СЭҚБ құжаттарын қарап талдау қажет. Егер науқастың айналасында скарлатинамен ауырғандар жоқ болса, инфекция көзі ошаққа барғанда эпидемиологиялық тексеру барысында анықталады. Балалар мекемелерінде медициналық құжаттарды тексеріп, баспа, лимфаденит, отит ауруларын тіркеуге алу жағдайын, оларды тексеру, емдеу жағдайын анықтау керек. Өйткені, мұндай созылмалы науқастарда скарлатина диагнозын дұрыс қоймай, гемолитикалық стрептококктар толық анықталмаған болуы мүмкін. Скарлатина ауруымен қатынаста болғандарды клиникалық тексеруден өткізіп, әсіресе тамағын, жұтқыншағын, сыртқы терісін (қабыршақтар) мұқият тексеру керек. Ретроспективті диагноз қою үшін қанды, зәрді тексеруге болады. Эпидемиологиялықтексеру барысында инфекция көзі ретінде реконвалесценттер, сау тасымалдаушылар, аурудың барлық түрлері болуы мүмкін екендігінескеруқажет. Балалар мекемелерінде топтардың бір-бірінен оқшаулану тәртібіне ерекше назар аударылады. Қатынаста болғандардың барлығын толық анықтау мақсатындаолардың жасын, кәсібін, бала-бақшаға немесе мектепке баратындығын, бұрын скарлатинамен ауырғандығы туралы мәліметтерді жинау қажет. Бұл мәліметтер ошақта атқарылатын оқшаулау және карантиндік шаралардың көлемін белгілеуүшін керек болады. |