Главная страница
Навигация по странице:

  • Дәрігер жұқпалы ауруханаға жолдама берді. Ауруханада науқастың жағдайы нашарлаған. Температура 40ºС. Сандырақтай бастаған, ұйқышылдық, ақыл есі нашарлаған.

  • 50 балл ИШБП Эпид. 1. Болжамды диагнозды табыыз


    Скачать 0.51 Mb.
    Название1. Болжамды диагнозды табыыз
    Дата13.05.2023
    Размер0.51 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла50 балл ИШБП Эпид.docx
    ТипДокументы
    #1126815
    страница8 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    35. 38 жастағы әйел терапевтке баяу жасырын түрде басталған, тұмау тәрізді ауруға шағымданып барған. Клиникалық белгілері : дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, анорексия, бас ауруы, бел аймағындағы ауырсыну. Соңғы аптада температура күндіз көтеріліп, түнде басылып отырған, қалтырау туындатады. Науқас жыныстық қатынаста болмағанын және саяхатқа шықпағанын айтады. Дәрігер қосымша сұрақтар қоя отырып, әйелдің жергілікті фермерлердің базарынан тек органикалық тағамдарды пайдаланатындығы анықталған, толық термиялық өңдеуден өтпеген ет қосылған тағам өнімдерін тұтынатындығын айтқан.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Бруццелез

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекция көзі-ауыл шаруашылық жануарлары: қой,ешкі,сиыр,шошқа. Ауру мал қоздырғышты сүтпен, зәрмен, нәжіспен, ұрықтық сұйықтық пен түсікпен шығарады. Ластанған жем, шөп, су арқылы малдан малға жұғып отырады. Ауру адам жұқпалы емес, адамнан адамға жұқпайды.

    Беріліс механизмі- нәжіс- ауыздық.

    Адамдарға жұғу жолдары: 1) жанасу

    2) тағам өнімдері

    3) ауа шаң

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу: бруцеллезге қарсы санитарлық ветеринарлық шараларды СЭҚБ қызметкерлері ветеринарлық қызметкерлермен бірігіп жүргізуі қажет. Алдын алу шаралары ДСМ “ҚР бруцеллезбен күресу шараларын күшейту” бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

    Жануарлардың бруцеллезбен күресу шаралары 3 топқа бөлінеді:

    1. Сау қожалықтарды инфекция енуінен сақтау шаралары: малдарды бруцеллезге тексеру, ветеринарлық куәлікпен тек сау малдарды қожалыққа кіргізу, 1 ай карантинге қою, теріс болған жағдайда ғана басқа малдарға қосу

    2. Жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бақылау.

    3. Ауру табылған қожалықты сауықтыру шаралары. Малдарда бруцеллез табылса немесе сериологиялық тексеру оң болса мұндай қожалық бруцеллез бойынша қауіпті болып саналады, онда санитарлық ветеринарлық шаралар жүргізу. Ауру малды сау малдардан жекешелеп, арнайы жабдықталған пунктерде, ет комбинаттарында сойып, өнімдерін жою, мал ұстаған жерлерді дезинфекциялау қажет.

    Ауру адам инфекциялық аурулар ауруханасына клиникалық көрсеткішпен жатқызады. Емделгеннен кейін диспансерлік бақылауда болады.

    Диспансерлік бақылау— клиникалық түрде жазылғаннан кейін 2 жыл ішінде, бірінші жылы - 1,2,3,6,9,12 айда тексеріледі, екінші жылы- квартал сайын. Ошақта ауру малмен қатынаста болғандарды клиникалық және зертханалық әдістермен тексеру және 3 айдан кейін қайта тексеру қажет. Шұғыл алдын алу ретінде тетрациклин 0,5гр* 3 рет, рифамицин 0,3гр* 2 рет беріледі.
    36. Науқас 25 жаста. Шағымдары болмаса да, зерттеу барысында тексерілушінің бауыры үлкейгендігі анықталды. Науқас 16 жасында бірнеше жасөспірімдер болып наша шегіп көргенін, нашаны көктамырға салуда бір шприцті қолданғандарын жасырмай айтты.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Гепатит В

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекция көзі жіті, созылмалы түріндегі ауру адам және вирус тасымалдаушы.

    Созылмалы вирус тасымалдаушы өмір бойы жұқпалы болады, ауруды жұқтыру үшін 10 мл. қаннның қалдықтары жеткілікті.

    Беріліс механизмі парентаералдық- қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен қоса жүретін манипулияциялар, шағын жарақаттар және тұрмыстық жанасу арқылы жұғады.

    1. Жасанды жолмен жұқтыру жолдары:

    • Қан және қан препараттарын құю;

    • Емдеу- диагностикалық емшара ( гинекологиялық, хирургиялық, стоматологиялық, диагностикалық).

    • Инемен емдеу.

    • Татуировка, құлақ тесу.

    Жасанды жолмен қаннан дұрыс тазартылмаған,залалсызданбаған медициналық құралдар мен қондырғылар арқылы жұқтыру мүмкін.

    2. Табиғи жолмен жұқтыру жолдары:

    • Жыныстық қатынас.

    • Тұрмыстық заттар- тіс щеткасы, қырыну және маникюр заттары, тарақ, ысқыш-шағын жарақаттар арқылы.

    • Жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан өту кезінде.

    • Кәсіптік қатынас-қан және қан препараттарымен жұмыс істегенде.

    Вирусты В гепатитімен жиі қан құйдыратындар, донорлар, нашақорлар, гомосексуалисттер, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері (хирург, гинеколог, зертханашы) ауырады. Хирургиялық ота жасау және манипуляцияларға қатысатын медицина қызметкерлерінде қандағы В жіне С гепатиттері вирустарының репликациясын растайтын ПТР зерттеудің оң нәтижелері анықталса, жұмысқа жіберілмейді.

    - ВГВ жіті және созылмал түрде өтеді.

    - Сарғаю 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-да, 5 жастан асқан балалар мен ересектерде 30-50%- да тіркеледі.

    - Өлім-жітім- 0,5-1,0%.

    - Жіті ВГВ нәтижелері: сауығу -80%.

    - Созылмалы ВГВ асқынуы: бацыр циррозы және қатерлі ісіктің дамуы.

    Иммунитет

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    Арнайы алдын алуы. В және Д вирусты гепатиттерінің өзіндік алдын алуы- вакцинациялау. ВГВ-ға вакциналаудың басты мақсаиы созылмалы гепатиттерді қоса алғанда В және Д гепатиттерінің барлық түрлерінің алдын алуы.

    ВГВ-ға моноваленттілік вакцина құтыларда сұйық түрінле, тек ВГВ-дан ғана қорғайтын бір мөлшерлі немесе бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады, ВГВ-ға поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен комбинацияда (АКДС-пен немесе гемофильдік инфекцияға вакцинамен бірге) шығарылады.

    Туылған кезде алғашқы мөлшері ретінде ВГВ-ға моноваленттік вакцина қолданылады, себебі поливаленттік вакциналарды балаларға туылған кезде енгізуге болмайды. Вакциналық кешен 3 мөлшерден тұрады.

    Вирусты гепатиттердің алдын алу шаралары. Медицина қызметкерлерін вирусты гепатит ауруын жұқтырудан сақтандыру үшін бір рет қолданатын инемен қамтамасыз ету, жеке, бір рет қолданатын шприцтер қолдану, бетпердемен, қолғапмен жұмыс істеуі қажет. Жұмысқа тұрар алдында және жыл сайын HBs-а/г тексеруден өту қажет. Көп рет қолданатын медициналық, зертханалық құралдар тазартылып, дезинфекциялануы және залалсыздануы керек.

    Залалсыздау 2011 жылғы №87 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» Қаулысына сәйкес жүргізіледі. Бір рет қолданатын бұйымдарды тек өртеу арқылы жою керек, тазарту, залалсыздау, инесін алудың қажеті жоқ. Әр бір донор қан тапсырар алдында ВГВ антигенге тексерілуі керек.

    Бұрын ВГВ ауырғандар, қан қабылдағандар, соңғы б ай ішінде аурумен қатынаста болғандар донорлықтан аластатылады.

    Hbs Ag антиген тасымалдаушылары қан алу, қан дайындау, қан құю жұмыстарына жіберілмейді, арнайы таңбалау жасалады. Әр бір емдеу мекемесінде алынған, қабылданған қан туралы мәліметтер арнайы журналға тіркеледі, гемотрансфузия туралы мәліметтер аурудың жеке картасына жазылады. Қанды жиі құйдыратын науқастар Hbs Ag антигенге тексеріледі. Клиникалық зертханаларда, қан құю станцияларында үстелдар жұмыстың соңында, қолданған пипетка, пробиркалар 1% кальций гипохлориді ерітіндісіне 60 мин. батыру арқылызалалсызданады.
    37. 2017 жылдың қараша айында Ахметовтар отбасында 13 жасар баласы жөтел, мұрын ағуы, дене температурасының көтерілуімен ауырған. Ата-анасы баланы дәрігерге көрсетпей өздігінен емдеген. Анасы - мүгедек қарттар үйінде мейірбике болып жұмыс істейді, әкесі- мектепте мұғалім. Оқушы толық жазылмастан жөтел қайта басталғандығына, әлсіздікке және тәбеттің болмағандығына шағымданған. Қаңтар айында бала келесі симптомдармен жатқызылды: екі аптаға созылған жөтел, түнгі уақытта терлеу, жауырын астында қатты ауырсыну сезімі. Инфекционист «созылмалы бронхит» деген болжамды диагноз қойды.Эпид. анамнезінде: бала тамыз айының соңында ауылда әжесімен демалған, шикі сүтті пайдаланған, үй жануарларына күтім жасаған және әжесімен бірге тұратын бас бостандығынан айыру орнынан босатылған туысқанынан

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Туберкулез

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Эпидемиялык процеске сипаттама. Инфекция көзi- өкпелік түрiндегi науқас адам. Эпидемиологиялық тұрғыдан туберкулез таяқшаларын бөлетiн бацилярлы түріндегі ауру аса қауіпті болып саналады, жетелгенде 1 мл қақырыкпен 100.000 микобактериялар шығарылады. Қоздырғышты шығару көлемі инфекциялық процестін белсендiлiгiне және емдеудiң тиiмдiлiгiне байланысты. Инфекция кезі ретінде үй жануарлары болуы мүмкін, әсіресе ірі кара малдар. Сиректеу инфекция көзі ретінде туйелер, ешкілер, шошқалар, үй кұстары болуы мүмкін. Әсіресе сиырлардың желiн туберкулезі кауіпті - 1мл сиырдың сүтінде бірнеше миллион микроб жасушалары болуы мүмкін. Сүтпен катар туберкулез таякшалары ауру малдын қанында, егiнде және баска мушелерiнде кездеседі.

    Берiлiс механизмі- аспирациялы, аэрогендi. Берiлу жолдары: ауа-тамшы, ауа-шан (64-сурет), тұрмыстық-жанасу, алиментарлы. Негiзiнен аэрогендi механизммен, ауа-тамшы, ауыз -шаң жолдары арқылы жұғады. ДДҰ мәлiметiне сәйкес туберкулез ауруы жылына 40 адамга инфекция таратады, оның 10 туберкулезбен ауырады. Туберкулез таякшалары сырткы ортада тезiмдi болғандықтан жанасу және тұрмыста қолданатын заттармен, ыдыс-аяқтар, сүлгi, тесек жабдықтары, кітаптар аркылы таралуына мүмкiндiк туындайды.

    Иммунитет. Туберкулезге инфекциялык иммунитет клиникалык белгiлерi болмай пайда болады, бірақ қоздырғыш көп мөлшерде болғанда аурудан сақтандыра алмайды. Организмде қоздырғыштары болса оны арнайы аллергиялык (Манту) сынама аркылы айқындауға болады. Жұқтырған организмде аллерген енгiзiлген жерде қабыну процесі пайда болады-оң нәтиже береді.

    Туберкулездiң инкубациялык кезенi 3-12 апта.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз

    Туберкулезді арнайы алдын алу.

    Арнайы иммунизацияның максаты - балаларды сактандыру.

    Туберкулез вакцинасының (БЦЖ) кұрамында микобактериялардық авирулентті штамдары бар. Ондай штамды А.Кальмет және К.Герен iрi кара малдардын микобактерияларынан алған. Вакцина натрий глютаминінің 1,5% ерiтiндiсiнде құрғатылган. Бiр ампулада препараттың 20 дозасы болады. Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінін 0,9% ерітіндісімен сұйылтады. Нәрестелерге вакциналауды туылганнан кейiнгi төртiншi күнге дейiн педиатрдың тексеруiнен соң таңертен егу белмесiнде жүргiзедi. Медициналық қарсы көрсеткіштер (егу жүргiзуге болмайтын жағдайлар): шала туылу (салмағы 1500 грамнан кем немесе бала көтерген уакыты 33 апта), жанұясында тұкым куалаушылық иммундытапшылық болуы. БЦЖ-мен кайталап егу (ревакцинация) 6-7 жаста жүргізіледі. Қарсы көрсеткіштері: бұрын туберкулезбен ауырғаны, БЦЖ-ның бiрiншi мөлшерiне тыртықша пайда болуы, АИТВ инфекциясы. Егуден кейiн асқынулар сирек болады. Әдетте,ондайлар егу техникасын бұзғанда және вакцина ерi астына түскенде пайда болады (терi астының iрiндеуі,ойық жара пайда болу, бездерiнiн ісінуі).

    Егу әдісі, мөлшері: Алғашкы егу жаңа туылған балаларга 0-4 күні, қайта егу 6-7 жаста жүргiзiледi. Егу арнайы егу бөлмесiнде жасалады. Егу бөлмесінде мұздатқыш, термоконтейнер, 1 рет қолданатын туберкулин шприцтерi, егу материалдары болуы керек. Егулер дәрігер педиатрдың мұқият тексеруiнен кейiн жасалады. Егуден кейiн медбике егілген вакцина туралы мәлiметтi (серия, мөлшерi, сакталу мерзiмi, егу мерзiмi) жана туылған баланың картасына және баланың егу куәлiгiне жазады.

    БЦЖ вакцинасы терi iшiне сол иыктың сырткы орта аймағына егiледi. Жана туылған балаларға 0,05мл, 1 жастан жоғары балаларга 0,1 мл. (Ресейде шығарылган вакцина тек 0,1 мл көлемінде салынады). Ревакцинация 6-7 жаста Манту сынамасы нәйкес жасалады. Ревакцинация 1 сынып оқушыларына, жана оқу жылының алғашқы айында мектепке жасалады. Манту сынамасы және БЦЖ вакцинасын егу аралығы 3 күннен кем емес, бiрақ 2 аптадан аспауы керек.

    Егер БЦЖ вакцинасы босану үйінде жасалмай калса, 2 ай ішінде емханада жасалуы тиіс, Манту сынамасынсыз. 2 айдан кейiн БЦЖ вакцинасын егу алдында Манту сынамасы жасалуы керек.

    Егер 1 жасқа дейінгі балаларда БЦЖ вакцинасын егу белгілері болмаса, 6 айдан кейін кайта егу керек (Мантусыз). 1 жастан үлкен баларға кайта егу алдында Манту сынамасы жасалады.

    БЦЖ вакцинасы карангы жерде сақталады. БЦЖ вакцинасы ерітілгеннен кейін 6 сагат iшiнде қолданылуы тиiс. 6 сағаттан кейін вакцина қалдықтары 30 минут қайнату немесе 2% кальций гипохлориді ерітіндісіне 2 сағатқа батыру арқылы залалсызданады.

    Вакцинаны колдануға болмайды, егер:

    1. ампула сыртында жапсырмасы болмаса немесе жазулары анык көрінбесе.

    2. қолдану мерзiмi етiп кетсе;

    3. физикалык касиеттері өзгерсе (түсi, түрi, кұрамы өзгерсе);

    4. бөгде заттар болса немесе толық ерiтiлмесе. Вакцина салынган жерді байлауға, йод ерiтiндiсiн жағуға болмайды. Егу салынган жерде 5-10мм ортасында түйiн қабықшасы бар арнайы инфильтрат пайда болады.

    Егуден кейінгі асқынулар:

    1. Тері астындағы сулы абцесс

    2. Жаралану

    3. Егуден кейінгі лимфаденит

    Туберкулез ошақтарында жүргiзiлетiн iндетке карсы алгашкы шаралар.

    Ошақтагы шаралар үшке бөлiнедi: алғашқы, кезектi және қорытынды.

    Алғашқы шараға наукасты оқшаулау және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады.

    Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алгашкы 3 кун iшiнде ошақта эпидемиологиялық тексеру, алғашкы дезинфекция жүргізіп, эпидемиологиялық тексерудін картасы (330-у) толтырылады.

    Ошақты алғаш аралағанда науқасты және онын жанұя мүшелерінің деке куәліктерінің мәліметтерін анықтау өте маңызды. Науқас әртүрлі жерлерде тұратын болса немесе тіркелеген болса, кезекті жүргізілетін шаралардың мәселесі толығымен мекен- жайларды толығымен аралағаннан кейін ғана шешіледі.

    Медицина қызметкерлері ошақты толығымен тексергеннен кейін, науқастың жанұя мүшелерінің тазадық, әлеуметтік және басқада өмір жағдайларын ескере отырып, сауықтыру шараларының жобасын құрады.

    Ошақты тексергеннен кейін оны сауықтырудың жобасын құрады.

    Ошақты сауықтыру жобасына кіретіндер:

    1. наукасты окшаулап емдеу:

    2. балалар мен жасөспірімдерге нұскау бойынша алдын алулар жүргізу

    3. наукасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету;

    4. катынаста болған жандарды тексеру;

    5. ересек катынаста болғандар мен науқастарға iндетке карсы срежелерді үйрету және алдынгы кезекте дезинфекция шараларын жүргізу

    Наукаска «Туберкулезге карсы мекеменiң диспансерлік аймағының картасы» - ТБ 16 форма атты медициналык карта толтырылады.

    Дәрігер туберкулез инфекциялық ауруының ошағы жөніндегі мәліметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргізілетін шаралардын мәліметтерін аймақтық медбикенің картасына (No93 формасы) тiркеуi кажет.

    Ошақтағы күнделікті дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлуші науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргізіледі. Бұл шаралар санитарлык эпидемиологиялық жүйенi жобалау мен емдеу, мал дәрiгерлiк негiзде жүргізіледі.

    Ошақта жүргізілетін шаралар:

    1. күнделiктi дезинфекция; балаларды оқшаулау, онын iшiнде жана туылған нәрестелердi;

    2. қатынаста болғандарды тексеру;

    3. наукасты, жанұя мүшелерiң жеке бастың тазалығына үйрету;

    4. тұрмыстағы санитарлық-гигиеналык жағдайды жаксарту;

    5. емханалық негiздегi науқастың емiн және катынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдын алуды бақылау.
    38. Науқас 29 жаста, учаскелік терапевтке жоғары температура, әлсіздік, бас ауруы, тәбетінің болмауы, лоқсу, үлкен дәретінің бұзылысы шағымдарымен қаралды. 3 апта бұрын базардан алынған жүзім жеген. Тексеру кезінде жағдайы орташа ауырлықты, іші жұмсақ, бауыры мен көкбауыры үлкейген. Дәрігер жұқпалы ауруханаға жолдама берді. Ауруханада науқастың жағдайы нашарлаған. Температура 40ºС. Сандырақтай бастаған, ұйқышылдық, ақыл есі нашарлаған.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз;

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    Салмонелез

    39. 3 жасар бала жедел жәрдем бөліміне қатты жөтелмен түскен, одан кейін айқайлаған, сосын құсу болған. Ата-анасы ұлдарына соңғы бірнеше күнде суық тигенін айтады, бірақ жаңадан пайда болған ауыр белгілер оларды медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр еткен. Отбасының үйлері жоқ, балаға жоспарлы екпелер жасалмаған. Дәрігер мұрын-жұтқыншақтан жағынды алды.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз;

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    40. Гинеколог қабылдауына 31 жастағы əйел жүктіліктің 10 аптасында келді. Науқас болашақ баласының денсаулығы үшін мазасызданады. Әйел мойын арты құлақ аймағындағы лимфа бездерінің үлкеюі, дене қызуының көтерілуі, бүкіл денесінде майда папулезді бөртпелердің пайда болуына шағымданады.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз;

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    41. К.есімді науқас, 46жаста, жүргізуші, поликлиникаға екінші рет 23.04 күні келіп, оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданды. 2апта бұрын әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде ірі буындарында ауырсынуды байқап, поликлиникаға келіп, ибруфен қабылдаған. Буындарында ауырсыну азайып, бірақ қайта пайда болған. Зәрі қарайып, 19.04 күні склерасының сарғаюын байқаған. жағдайы нашарлап, тәбеті жоғалып, дене температурасы жоғарылап, екі рет құсқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі және шырышы шамалы сарғайған, буын бөлігі өзгермеген, тілі жабылған, бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. көкбауыры перкуторлы ұлғайған. Пульсі минутына 56 соққы, жүрек тондары естілмейді. Өкпесінде сырыл жоқ. Зәрі «сыра» тәрізді, нәжісі түссіз. Басы ауырады, ұйқысы нашар. Эпиданамнезінде – қаңтарда оң жақ бүйрегінде кистаны алып, операция жасаған. Б/х: қанда тура билирубин 84, тура емес – 42мкмоль/л, АлАТ-624, АсАТ-123нмоль/л, тимол сынамасы -4ед. Серологиялық зерттеуде HbsAg және Ig M HB cor Ag-ға.

    1. Болжамды диагнозды табыңыз;

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз

    Гепатит
    42. М.есімді науқас 55жаста, бас ауруға, тоңуға, жүрек айнуға, бас айналуға, ссол жақ бетінде күйдіргіш сезімге шағымданды. Қарағанда аурудың бірінші күні температура 39.5oС, сол жақ бетінде қызарған дақ сау теріден шеті анық, зақымдалған жерінің терісі қызарған, ыстық. Беттің және төменгі қабағының тері асты клетчаткасы айқын ісінген, эритема шетін пальпациялағанда ауырсынады. Екінші күні эритема бір кішкентай везикула пайда болды, сол жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады. Бұрын ондай байқалмаған.

    1. Болжамды диагнозды табыңыз;

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта