50 балл ИШБП Эпид. 1. Болжамды диагнозды табыыз
Скачать 0.51 Mb.
|
24. Бала бақшада 3 күн ішінде 45 баладан 28 ауырған. Ауырған балалар түрлі топтарға қатысады. Таңғы асқа ыдыстармен қаймақ берілген. Қаймақ бөлме температурасында сақталған. Балаларда жалпы интоксикация, құсу, іштің бұрап ауруы, қан аралас іш өту белгілері болған. 1.Болжамды диагнозды табыңыз;Дизентерия 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі: жіті, созылмалы түріндегі аурулар, және бактерия тасымалдаушылар. Беріліс механизмі: нәжіс- ауыз механизмі. Берілу жолдары: тұрмыстық заттар, жанасу, су, тағам және шыбындар. Қабылдағыштық және иммунитет. Дизентериямен барлық адамдар ауырады(60%). Аурудан кейін тұрақсыз, ұзаққа созылмайтын түрлік, типтік арнайы иммунитет пайда болады. Дизентерия қоздырғыштарының антигендік варианттары көп болғандықтан иммунитет тұрақсыз, қайта ауру реинфекциясы, суперинфекция түрінде өтеді. Инкубациялық кезең: 1-5 күн аралығы. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Жіті ішек инфекцияларымен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі Жіті ішек инфекциясы наукастарын ауруханаға жаткызудын клиникалык көрсеткіштерi: 1 ) 2 айлыққа дейінгі балалардағы аурудын барлык түрі ; 2 ) баланың жасына карамастан катты сусыздандыратын ауру турлері: 3 ) косымша патологиясы, созылмалы аурудың түрі ; 4 ) әртүрлі деңгейдегі катты созылмалы iш өту; 5 ) дизентериянын созылмалы турлерi . Жіті ішек инфекциясы наукастарын ауруханаға жаткызудын эпидемиологиялык көрсеткіштері: 1 ) наукастын тұрғылықты жерi бойынша қажеттi iндетке карсы тәртiптi сактау мүмкiндiгi болмаганда (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар , жатакхана , казармалар , коммуналдык пәтерлер) 2 ) емдеу , алдын алу ұйымдарындағы , мектеп - интернаттардағы, балалар уйiндегi , нәрестелер үйiндегi , санаториялардағы , қарттар және мүгедектер үйiндегi , жазгы сауықтыру мекемелеріндегі , демалыс үйiндегi ауру жағдайлары. Реконвалесценттердi ауруханадан шығару толык клиникалык сауыкканнан кейiн жүргiзiледi , амбулаториялык жагдайда ауруханадан шыкканнан кейiн*, бiрак антибиотикпен емдеуді тоқтатқаннан 2 күннен сон 1 рет нәжісті бактериологиялык тексеру жүргiзiледi .Таралу жолдарына багытталган шаралар. Дизентерия ауруынын таралу жолдарына багытталган шаралар үнемi жургiзiлуi тиiс және оған жатады: -Сумен камтамасыз ету мекемелерiнде технологиялык, санитарлык эпидемияга карсы тартiптiн сакталуын калагалау . -Тағам өнiмдерiн тасымалдау , кабылдау , сактау , дайындау , тарату ережелерiнiн сакталуын кадағалау . -Тағам ендiру мекемелерiн , кепшілік тамактандыру мекемелерiн санитарлык кадағалау . . -Балалар мекемелерінде санитарлык - эпидемияга карсы тартiптiн сакталуын кадағалау. Дизентерия ошактарда эпидемиологиялык тексеру жүргізіледі : 1 ) когамдык тамактану жане азык - тулiк саудасы , сумен камтамасыз ету обьектілерінін , мектепке дейінгі балалар мекемелерiнiн кызметкерлері , азык - тулiктер ендіру , сактау және сатумен байланысты кәсiпкерлiк жумыспен айналысатын жеке тұлғалар жіті ішек инфекциялармен ауырган кезде , 2 ) мектепке дейінгі балалар уйымына , балалар уйiне , мектеп интернатына баратын балалар ауырган кезде ; 3 ) психоневрологиялык ауруханалардын , балалар уйінін , нәрестелер үйінін , карттар үйінiн кызметкерлерi ауырган кезде 4 ) бір аурудын дамуынын инкубациялык кезенiнде 3 және одан да коп адамнын наукастану жагдайы тіркелген инфекция ошактарындагы адамдар . 25. Науқас С., 38 жаста, аяқбасын жарақаттағаннан кейін 8 күн өткен соңшүйде, арқа, іш бұлшықеттерінің ширығуына шағымданған. Аурудың үшінші күні – барлық бұлшықет топтары тоникалық түрде керілген. Тексеру кезінде: t - 38,9°С, ақыл-есі бүтін. Пульс минутына 112 рет. Ырғақты, қанағаттанарлық, АҚ 120/70 мм сынап бағаны. Аузын əзер ашады, тілі ылғалды, ақ қабықпен жабылған. 15-20 минут сайын жайылымды құрысулар болады. Китта-Тароцци ортасынан бөлінген дақылдан жасалған жағындыны микроскоптан қарағанда барабан таяқшасына ұқсас микроорганизмдер анықталды 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Сіріспе 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі - шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер, құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан–ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қоздырғыштың жұғу механизмі - қарым-қатынас немесе жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының кілегей қабаты арқылы өтуі де мүмкін (аэрозольды механизм). Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медициналық, өндірісте. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң, ластанған әр түрлі тұрмыс заттары, хирургиялық, акушерлік құралдар. Ауру негізінен жылдың жылы, ыссы мезгілдерінде байқалады. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді. Қабылдағыштық: адамнан адамға жұқпайды, науқас адам эпид.тұрғыдан қауіпсіз. Көбіне жаңа туылған нәрестелер мен 60-тан аскандарауырады. Қабылдағыштық өте жоғары, әсіресе жарақаттану көлемі үлкен болса.Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі- 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 3-14 күн. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алуы- белсенді және енжар иммунизация.Белсенді егу жоспарлы түрде егу күнтізбесіне сәйкес жасалады: -АКДС вакцинасы-2,3,4, айда егіледі, қайта егу-18 айда -АДС вакцинасы- 6-7 жаста. 16-17 жаста егіледі Жарақат алған жағдайда алғашқы хирургиялық көмекпен қатар тқтенше, шұғыл алдын алуы жүргізіледі: 1. Жара хирургиялық өңдеген соң жараның жан жағына 3000- 10000 МЕ сіреспеге антитоксикалық сарысу егіледі. 2. Бұлшық етке 50 000-100 000 МЕ сіреспеге ПСС-антитоксикалық сарысу егіледі. Адамның қанынан жасалған иммундыглобулин ПСЧИ 900 МЕ 6мл егіледі. Шұғыл иммунды алдын алу ДСМ бұйрығына сәйкес, алдыңғы сіреспеге алған жоспарлы егулеріне сәйкес жасалады: a)шұғыл ревакцинация - АС-анатоксин немесе АДС-анатоксин; б)белсенді-енжар иммунизация - АС-анатоксин + ПСС немесе ПСЧИ. ПСЧИ-адамның қанынан жасалған сіреспеге сарысу - 250 MЕ егіледі. ПСС-жылқының қанынан жасалған сіреспеге сарысу - 3000 МЕ Безредко әдісімен егіледі. ПСС егу алдында сынама жасалады, 1:100 есе ерітілген сарысудың 0,1 мл тері ішіне егеді, 15 мин. кейін ешқандай өзгерістер байқалмаса 0,1 мл ерітілмеген сарысуды егеді, 30 мин. Кейін сынама теріс болса қалған мөлшерін енгізеді. Сіреспеге егулер №63 үлгідегі «Алдын алу егу картасына» сәйкес алдыңғы егулеріне қарап егіледі, егілген дәрмектің атауы, сериясы, мөлшері аурудың жеке картасына жазылады. 26. 2 сынып оқушысы емханаға жалпы әлсіздік, тәбетінің болмауы, дене температурасының 37.5-38 градусқа дейін көтерілген шағымымен келген. Баланы қарау кезінде денеде папула түріндегі бөртпенің бар екендігі байқалған. Бұл бөртпелер бірінші күнде тек қызарған түрде болған. Сыныпта 24 бала бар. Ауырған бала жағдайына қарамастан 3 күн сабаққа барған. Отбасында екі ағасы және 3 жасар қарындасы бар. 1.Болжамды диагнозды табыңыз;Желшешек 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі тек ауру адам. Науқас адам инкубациялық кезеңнің соңғы күнінен бастап бөртпелер шыққаннан кейін 5 күнге дейін жұқпалы болады. Герпес вирусымен ауыратын адамдар да жұқпалы болуы мүмкін. Беріліс механизмі - аэрогенді. Берілу жолы - ауа-тамшы. Қабылдағыштық өте жоғары. Иммунитет тұрақты, өмір бойы сақталады. Эпидемиологиялықерекшеліктері: -желшешек барлық жерде бірдей таралған ауру; -балаларда желшешек түрінде, үлкендерде теміреткі түрінде өтеді; -көбіне 2 - 7 жас аралығындағы балалар және 1-4 сынып оқушылары ауырады; -15 жасқа дейін халықтың 70-90% ауырып үлгереді, 15 жастан кейін өте сирек кездеседі; -күз-қысайларында жиі таралады; -балалар мекемелерінде эпидемиялық өршу түрінде таралады. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Желшешек ауруы көбіне ұйымдасқан мекемелерде таралатын болғандықтан, бала бақшада күнделікті балаларды қабылдау кезінде бөртпелерге қарсы тексеріп, ата-анасынан сұрастыру қажет. Ауруға күдікті болған жағдайда бала үйіне қайтарылады немесе уақытшы изоляторға оқшауландырылады. Бала бақшада карантин 21 күнге беріледі. Медициналық бақылау барысында қатынаста болғандардың күнделікті дене қызуын өлшеу, терісін бөртпелерге тексеруқажет. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, таралу жолдарын және аурумен қатынаста болған адамдарды анықтау қажет. Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалық жәнеэпидемиологиялық қажеттілікке сәйкес жүргізіледі. Ауру үйінде жекешелендірілсе бөртпелер шыққаннан 5 күннен кейін жекешелеу мерзімі аяқталады. Егер аурумен қатынаста болғандар арасында 7 жасқа толмаған бұрын ауырмаған балалар болса, оларды 21 күнге үйінде қалдыру қажет. Егер аурумен қатынасқан уақыт дәл белгілі болса, қатынаста болғандарды жекешелеу 11 күннен бастап 21- ші күнге дейін созылады. Шұғыл алдын алуы ретінде паротитпен бұрын ауырмаған, әлсіз балаларға гаммаглобулин беріледі. Желшешек ошағында дезинфекция жасалмайды, бөлмені жиі желдетіпылғалды жинау қажет. Әлемде желшешекке қарсы вакцина қолданылады, бірақ Қазақстанда вакцина әлі қолданылмайды. 27. К.есімді науқас, 46жаста, жүргізуші, поликлиникаға екінші рет 23.04 күні келіп, оң жақ қабырға астында ауырсынуға, тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданды. 2апта бұрын әлсіздік, жұмыс істеу қабілеті төмендегенде ірі буындарында ауырсынуды байқап, поликлиникаға келіп, бруфен қабылдаған. Буындарында ауырсыну азайып, бірақ қайта пайда болған. Зәрі қарайып, 19.04 күні склерасының сарғаюын байқаған. жағдайы нашарлап, тәбеті жоғалып, дене температурасы жоғарылап, екі рет құсқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, терісі және шырышы шамалы сарғайған, буын бөлігі өзгермеген, тілі жабылған, бауыры ұлғайған, пальпациялағанда ауырсынады. көкбауыры перкуторлы ұлғайған. Пульсі минутына 56 соққы, жүрек тондары естілмейді. Өкпесінде сырыл жоқ. Зәрі «сыра» тәрізді, нәжісі түссіз. Басы ауырады, ұйқысы нашар. Эпиданамнезінде – қаңтарда оң жақ бүйрегінде кистаны алып, операция жасаған. 1.Болжамды диагнозды табыңыз;Гепатит В 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі жіті, созылмалы түріндегі ауру адам және вирус тасымалдаушы. Созылмалы вирус тасымалдаушы өмір бойы жұқпалы болады, ауруды жұқтыру үшін 10 мл. қанның қалдықтары жеткілікті. Инкубациялық кезеңі орташа 60-90 күн (диапазоны 45-тен 180 күнге дейін.) Беріліс механизмі парентералдық- қан құю, шырышты қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен қоса жүретін манипуляциялар, шағын жарақаттар және тұрмыстық жанасу арқылы жұғады. Жасанды жолмен жұқтыру жолдары: -Қан және қан препараттарын құю. -Емдеу-диагностикалық емшара (гинекологиялық, хирургиялық, -стоматологиялық, диагностикалық). -Инемен емдеу. -Татуировка, құлақтесу .2) Табиғи жолмен жұқтыру жолдары: Жыныстық қатынас. Тұрмыстық заттар - тіс щеткасы, қырыну және маникюр заттары, тарақ, ысқыш - шағын жарақаттар арқылы. Жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан өту кезінде. Кәсіптік қатынас- қан және қан препараттарымен жұмыс істегенде. Вирусты В гепатитімен жиі қан құйдыратындар, донорлар, нашақорлар, гомосексуалисттер, қанмен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері (хирург, гинеколог, зертханашы) ауырады. Хирургиялық ота жасау және манипуляцияларға қатысатын медицина қызметкерлерінде қандағы В және С гепатиттері вирустарының репликациясын растайтын ПТР зерттеудің оң нәтижелері анықталса, жұмысқа жіберілмейді 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. ВГВ-ға вакцинациялаудың басты мақсаты созылмалы гепатиттерді қоса алғанда В және Д гепатиттерінің барлық түрлерінің алдын алу. ВГВ-ға моноваленттік вакцина құтыларда сұйық түрінде, тек ВГВ-дан ғана қорғайтын бір мөлшерлі немесе бірнеше мөлшерлі қаптамада шығарылады, ВГВ-ға поливаленттік вакцина бірнеше ауруларға қорғанышты дереу қамтамасыз ететін басқа да вакциналармен комбинацияда (АКДС-пен немесе гемофильдік инфекцияға вакцинамен бірге) шығарылады. Алдын алу: науқас адам клиникалық жағдайына сәйкес ауруханаға жатқызылады; ВГВ ауруын ВГА ауруымен бір палатаға жатқызуға болмайды; ВГВ ауруы басқа аурулармен бірге емделуге, тексерілуге жіберілмейді, бөлек қабылданады, қолданған құралдарын бөлек залалсыздау қажет; жеке бас гигиенасын сақтау; қырыну және маникюр құралдарын, щеткаларын жеке, бөлек сақтау, залалсыздау; механикалық контрацептивтер қолдану; санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу; реконвалесценттерді диспансерлік бақылау клиникалық көрсеткіштер бойынша гепатологиялық орталықтарда немесе аумақтық емханалардың инфекциялықаурулар кабинеттерінде б ай жүргізіледі; есептен шығару клиникалық белгілер болмаған кезде жүргізіледі. 28. науқас 50 жаста, диабетпен ауырады, темекі шегеді. Жедел жәрдем бөліміне дене температурасы көтеріліп, қалтыраумен түскен, соңғы бірнеше аптада салмақ жоғалтқан. Жөтел қақырықпен және кеуде қуысының рентгенограмасында ауамен толтырылған қуыстар көрінеді. Арнайы қорғаныш шараларын қолдана отырып , аурухана қызметкерлері бояу үшін қақырық сынамаларын жинайды. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Туберкулез 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Эпидемиялык процеске сипаттама. Инфекция көзi- өкпелік түрiндегi науқас адам. Эпидемиологиялық тұрғыдан туберкулез таяқшаларын бөлетiн бацилярлы түріндегі ауру аса қауіпті болып саналады, жетелгенде 1 мл қақырыкпен 100.000 микобактериялар шығарылады. Қоздырғышты шығару көлемі инфекциялық процестін белсендiлiгiне және емдеудiң тиiмдiлiгiне байланысты. Инфекция кезі ретінде үй жануарлары болуы мүмкін, әсіресе ірі кара малдар. Сиректеу инфекция көзі ретінде туйелер, ешкілер, шошқалар, үй кұстары болуы мүмкін. Әсіресе сиырлардың желiн туберкулезі кауіпті - 1мл сиырдың сүтінде бірнеше миллион микроб жасушалары болуы мүмкін. Сүтпен катар туберкулез таякшалары ауру малдын қанында, егiнде және баска мушелерiнде кездеседі. Берiлiс механизмі- аспирациялы, аэрогендi. Берiлу жолдары: ауа-тамшы, ауа-шан (64-сурет), тұрмыстық-жанасу, алиментарлы. Негiзiнен аэрогендi механизммен, ауа-тамшы, ауыз -шаң жолдары арқылы жұғады. ДДҰ мәлiметiне сәйкес туберкулез ауруы жылына 40 адамга инфекция таратады, оның 10 туберкулезбен ауырады. Туберкулез таякшалары сырткы ортада тезiмдi болғандықтан жанасу және тұрмыста қолданатын заттармен, ыдыс-аяқтар, сүлгi, тесек жабдықтары, кітаптар аркылы таралуына мүмкiндiк туындайды. Иммунитет. Туберкулезге инфекциялык иммунитет клиникалык белгiлерi болмай пайда болады, бірақ қоздырғыш көп мөлшерде болғанда аурудан сақтандыра алмайды. Организмде қоздырғыштары болса оны арнайы аллергиялык (Манту) сынама аркылы айқындауға болады. Жұқтырған организмде аллерген енгiзiлген жерде қабыну процесі пайда болады-оң нәтиже береді. Туберкулездiң инкубациялык кезенi 3-12 апта. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз Туберкулезді арнайы алдын алу. Арнайы иммунизацияның максаты - балаларды сактандыру. Туберкулез вакцинасының (БЦЖ) кұрамында микобактериялардық авирулентті штамдары бар. Ондай штамды А.Кальмет және К.Герен iрi кара малдардын микобактерияларынан алған. Вакцина натрий глютаминінің 1,5% ерiтiндiсiнде құрғатылган. Бiр ампулада препараттың 20 дозасы болады. Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінін 0,9% ерітіндісімен сұйылтады. Нәрестелерге вакциналауды туылганнан кейiнгi төртiншi күнге дейiн педиатрдың тексеруiнен соң таңертен егу белмесiнде жүргiзедi. Медициналық қарсы көрсеткіштер (егу жүргiзуге болмайтын жағдайлар): шала туылу (салмағы 1500 грамнан кем немесе бала көтерген уакыты 33 апта), жанұясында тұкым куалаушылық иммундытапшылық болуы. БЦЖ-мен кайталап егу (ревакцинация) 6-7 жаста жүргізіледі. Қарсы көрсеткіштері: бұрын туберкулезбен ауырғаны, БЦЖ-ның бiрiншi мөлшерiне тыртықша пайда болуы, АИТВ инфекциясы. Егуден кейiн асқынулар сирек болады. Әдетте,ондайлар егу техникасын бұзғанда және вакцина ерi астына түскенде пайда болады (терi астының iрiндеуі,ойық жара пайда болу, бездерiнiн ісінуі). Егу әдісі, мөлшері: Алғашкы егу жаңа туылған балаларга 0-4 күні, қайта егу 6-7 жаста жүргiзiледi. Егу арнайы егу бөлмесiнде жасалады. Егу бөлмесінде мұздатқыш, термоконтейнер, 1 рет қолданатын туберкулин шприцтерi, егу материалдары болуы керек. Егулер дәрігер педиатрдың мұқият тексеруiнен кейiн жасалады. Егуден кейiн медбике егілген вакцина туралы мәлiметтi (серия, мөлшерi, сакталу мерзiмi, егу мерзiмi) жана туылған баланың картасына және баланың егу куәлiгiне жазады. БЦЖ вакцинасы терi iшiне сол иыктың сырткы орта аймағына егiледi. Жана туылған балаларға 0,05мл, 1 жастан жоғары балаларга 0,1 мл. (Ресейде шығарылган вакцина тек 0,1 мл көлемінде салынады). Ревакцинация 6-7 жаста Манту сынамасы нәйкес жасалады. Ревакцинация 1 сынып оқушыларына, жана оқу жылының алғашқы айында мектепке жасалады. Манту сынамасы және БЦЖ вакцинасын егу аралығы 3 күннен кем емес, бiрақ 2 аптадан аспауы керек. Егер БЦЖ вакцинасы босану үйінде жасалмай калса, 2 ай ішінде емханада жасалуы тиіс, Манту сынамасынсыз. 2 айдан кейiн БЦЖ вакцинасын егу алдында Манту сынамасы жасалуы керек. Егер 1 жасқа дейінгі балаларда БЦЖ вакцинасын егу белгілері болмаса, 6 айдан кейін кайта егу керек (Мантусыз). 1 жастан үлкен баларға кайта егу алдында Манту сынамасы жасалады. БЦЖ вакцинасы карангы жерде сақталады. БЦЖ вакцинасы ерітілгеннен кейін 6 сагат iшiнде қолданылуы тиiс. 6 сағаттан кейін вакцина қалдықтары 30 минут қайнату немесе 2% кальций гипохлориді ерітіндісіне 2 сағатқа батыру арқылы залалсызданады. Вакцинаны колдануға болмайды, егер: 1. ампула сыртында жапсырмасы болмаса немесе жазулары анык көрінбесе. 2. қолдану мерзiмi етiп кетсе; 3. физикалык касиеттері өзгерсе (түсi, түрi, кұрамы өзгерсе); 4. бөгде заттар болса немесе толық ерiтiлмесе. Вакцина салынган жерді байлауға, йод ерiтiндiсiн жағуға болмайды. Егу салынган жерде 5-10мм ортасында түйiн қабықшасы бар арнайы инфильтрат пайда болады. Егуден кейінгі асқынулар: 1. Тері астындағы сулы абцесс 2. Жаралану 3. Егуден кейінгі лимфаденит Туберкулез ошақтарында жүргiзiлетiн iндетке карсы алгашкы шаралар. Ошақтагы шаралар үшке бөлiнедi: алғашқы, кезектi және қорытынды. Алғашқы шараға наукасты оқшаулау және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады. Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алгашкы 3 кун iшiнде ошақта эпидемиологиялық тексеру, алғашкы дезинфекция жүргізіп, эпидемиологиялық тексерудін картасы (330-у) толтырылады. Ошақты алғаш аралағанда науқасты және онын жанұя мүшелерінің деке куәліктерінің мәліметтерін анықтау өте маңызды. Науқас әртүрлі жерлерде тұратын болса немесе тіркелеген болса, кезекті жүргізілетін шаралардың мәселесі толығымен мекен- жайларды толығымен аралағаннан кейін ғана шешіледі. Медицина қызметкерлері ошақты толығымен тексергеннен кейін, науқастың жанұя мүшелерінің тазадық, әлеуметтік және басқада өмір жағдайларын ескере отырып, сауықтыру шараларының жобасын құрады. Ошақты тексергеннен кейін оны сауықтырудың жобасын құрады. Ошақты сауықтыру жобасына кіретіндер: 1. наукасты окшаулап емдеу: 2. балалар мен жасөспірімдерге нұскау бойынша алдын алулар жүргізу 3. наукасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету; 4. катынаста болған жандарды тексеру; 5. ересек катынаста болғандар мен науқастарға iндетке карсы срежелерді үйрету және алдынгы кезекте дезинфекция шараларын жүргізу Наукаска «Туберкулезге карсы мекеменiң диспансерлік аймағының картасы» - ТБ 16 форма атты медициналык карта толтырылады. Дәрігер туберкулез инфекциялық ауруының ошағы жөніндегі мәліметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргізілетін шаралардын мәліметтерін аймақтық медбикенің картасына (No93 формасы) тiркеуi кажет. Ошақтағы күнделікті дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлуші науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргізіледі. Бұл шаралар санитарлык эпидемиологиялық жүйенi жобалау мен емдеу, мал дәрiгерлiк негiзде жүргізіледі. Ошақта жүргізілетін шаралар: 1. күнделiктi дезинфекция; балаларды оқшаулау, онын iшiнде жана туылған нәрестелердi; 2. қатынаста болғандарды тексеру; 3. наукасты, жанұя мүшелерiң жеке бастың тазалығына үйрету; 4. тұрмыстағы санитарлық-гигиеналык жағдайды жаксарту; 5. емханалық негiздегi науқастың емiн және катынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдын алуды бақылау. |