Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Құтыру

  • 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз

  • Ошақта індетке қарсы шаралар

  • 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Туляремия

  • 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

  • 1.Болжамды диагнозды табыңыз; СПИД

  • 50 балл ИШБП Эпид. 1. Болжамды диагнозды табыыз


    Скачать 0.51 Mb.
    Название1. Болжамды диагнозды табыыз
    Дата13.05.2023
    Размер0.51 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла50 балл ИШБП Эпид.docx
    ТипДокументы
    #1126815
    страница5 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    20. 2 күннің ішінде зауыттың емханасына 20 адам ауырып келген. Олардың іштері ауырған, іші жиі өткен, құсқан. Барлық ауырғандар зауыттың асханасында тамақтанған, түсте қаздың жұмыртқасы бетіне құйылған, туралған еттен жасалған макарон жеген. Бұл тағамды 400 адам жеген, ең соңғы порциялар пеш үстінде тұрған, екінші термиялық өңдеу жасалмаған.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз;

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    Салмонелез

    Инфекция көзі. Негізгі инфекция көзі - үй жануарлары мен үй құстары: ұсақ және ірі қара мал, шошқа, тауық, қаз, үйрек. Сальмонеллез зооантропонозды инфекция болғандықтан инфекция көзі - науқас адам және созылмалы түріндегі бактерия тасымалдаушылар. Ауырғандар арасында 2-7% бактерия тасымалдаушылық пайда болып, адамдар арасында инфекцияны таратып отырады. Бактерия тасымалдаушылар әсіресе аурухана ішіндегі сальмонеллездің таралуына ықпал етеді, көбіне жас балалар және түрлі сырқаттардан әлсіреген

    науқастар арасында жиі кездеседі. Инкубациялық кезеңі - 6 сағат-72 сағат (орташа 12-14 сағат)

    Беріліс механизмі- нәжіс-ауыздык механизм. Берілужолдары: тағам, су және тұрмыстық заттар.Негізгі таралу жолы -тағам арқылы. Әсіресе. еттен жасалған тағамдар қауіпті (туралған ет, котлет, ливер, шұжық,

    паштет, студень т.б.), сонымен қатар сүттен, балықтан жасалған тағамдар арқылы да жиі жұқтырады. Сальмонеллез ауруын таратуда жұмыртқа мен жұмыртқа ұнтағынан жасалған кремдік және кондитерлік тағамдарының маңызы өте үлкен. Көбіне сальмонеллез қоздырғыштары жартылай дайын тағамдарда, соустарда, сорпада, балаларға арналған тағамдарда жақсы көбейіп, өсіп-өнеді. Сондықтан мұндай тағамдарды дұрыс сақталмаған және жөндеп қыздырып, қайнатпаған жерлерде сальмонеллез ауруы жеңіл тарап, жайылады. Сальмонеллез сиректеу су жолымен таралады. Тұрмыстық қатынас жолы арқылы көбіне жас сәбилер арасында ауруханаішілік инфекция түрінде таралады. Сальмонеллез әсіресе нәрестелер бөлімшесінде, инфекциялық аурулар ауруханасында және жабық балалар үйлерінде жиі таралады. Негізгі таратушы факторлар күтім жасаушы анасының және медицина қызметкерлерінің ластанған қолы, жаялықтар, сүлгі, төсініш заттары, ойыншық, горшок, емізіктер болыптабылады. Аурухана ішінде сальмонеллез ауруын тудыратын көбіне S.typhimurium серовары, оларды «аурухана штаммдары» - деп бөліп атайды. «Аурухана штаммдары» көптеген антибиотик дәрілеріне, арнайы бактериофаг дәрілеріне шыдамды келеді, сондықтан бұл штаммдар жылдам тарап, адамға тез жұғады және аурудың ағымы ауыр түрде өтеді.Сальмонеллездің 45-70% алиментарлы жолмен, әсіресе жануарлар және құс еттері арқылы таралады. Мал мен құстардың еттері тірі кезінде (алғашқы немесе эндогенді ластану) және сойылғаннан кейін (экзогенді) ластануы мүмкін. Эпидемиологиялық тұрғыдан еттердің экзогенді ластануы өте қауіпті, өйткені етке түскен қоздырғыштар төменгі температурада, мұздатқышта сақталған күнде де тіршілік қабілетін сақтап, қолайлы жағдайда көбейіп, еттің ішкі, терең аймақтарын ластауы мүмкін. Мұндай еттен жасалған туралған ет, басқада жартылай дайын тағамдар өте қауіпті болып келеді. Еттердің экзогенді ластануы малды сою кезінде, етті өңдеу, тасымалдау, сақтау кезінде санитарлық нормалар мен ережелердің орындалмауынан болуы мүмкін. Негізгі себепшісі - тағам өндіру мекемелерінде қызмет ететін созылмалы бактерия тасымалдаушылар. Сальмонеллез жылдың барлық мерзімінде кездеседі, әсіресе жаз және күз мезгілінде жиі тіркеледі.

    Алдын алу шаралары. «Сальмонеллез ауруларын ескерту жөніндегі санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялықережелеріне сәйкес жүргізіледі. Алдын алу шаралары санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық және індетке қарсы іс-шаралардан құралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қоздырғыштың инфекция көзін, берілу жолдарын анықтап, залалсыздау әдістерін, ластанудан қорғау шараларын ұйымдастырудан құралады:

    1. Тағам өндіру, көпшілік тамақтандыру, сауда мекемелерінде тағам өнімдерінің талаптарға сәйкес дайындалу, сақталу, тасымалдау жағдайларын қадағалау.

    2. «Декреттелген» қызметкерлердің уақтылы медициналық тексеруден өтуін қадағалау.

    3. Ет өндіру, ет сату, сүт жинау, өңдеу мекемелерінде санитарлық- ветеринарлық шаралардың орындалуын қадағалау. Тағам өнімдерін сараптау, шикі етөнімдерін ветеринарлықанықтамасыз қабылдауға тыйым салу.

    4. Көпшілік тамақтандыру мекемелерінде, қоймаларда, базарларда, мұздатқыш камераларында дезинфекциялық-дератизациялық жұмыстарды жүргізу.

    5. Сальмонеллездің ауруханаішілік инфекция ретінде таралуын алдын алу, балалар ауруханасында, босану үйлерінде індетке қарсы тәртіптің орындалуын қадағалау, госпиталдық эпидемиолог қызметінкүшейту.

    Ошақта індетке қарсы шаралар. Сальмонеллез ошақтарында эпидемиологиялық тексеру декреттелген контингент немесе 2 жасқа дейін балалар науқастанған жағдайда жүргізіледі. Басқа жағдайда эпидемиологиялықтексеруқажеттілігін эпидемиологанықтайды.

    1. Науқасты ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі.

    2. Реконвалесценттер ауруханадан клиникалық жазылғаннан және нәжісті бактериологиялық зерттеу қорытындысы 1 рет теріс болғанда шығарылуы қажет. Зерттеу емделіп болған соң 3 күннен кейін жүргізіледі.

    3. Диспансерлік бақылауға ауырғаннан кейін тек декреттелген контингент алынады.

    4. Аурудан жазылғандарды диспансерлік бақылауды тұрғылықты жері бойынша инфекциялық аурулар кабинетінің дәрігері немесе учаскелік (жанұя) дәрігер жүзеге асырады;

    5. Сальмонелла бөлмейтін реконвалесценттер жазылғаннан кейін жұмысқа жіберіледі.

    Емдеу аяқталғаннан кейін сальмонелла бөлуді жалғастыратын реконвалесценттерді және бактериятасымалдаушыларды негізгі жұмысынан 15 күнге шеттету және және басқа жұмысқа ауыстыру қажет. Бактериятасымалдаушылық 3 айдан астам уақыт бойы анықталса, созылмалы тасымалдаушы ретінде негізгі жұмысынан 1 жылдан кем емес мерзімге шеттетіледі. 1 жылдан кейін нәжіс пен өт арасы 1-2 күннен 3 рет тексерілуі керек. Теріс қорытынды болса жұмысқа рұқсат беріледі, 1 рет оң болса созылмалы тасымалдаушы ретінде қарастырылады, жұмыстан босатылады. Ошақта медициналық бақылау 6 күн. Науқас адаммен қарым- қатынаста болған адамдар бактериологиялық әдіспен тексеріледі. Бактериологиялық тексеруге тамақ қалдықтары, асқазан шайынды сулары, құсық, нәжісалынады. Арнайы ем ретінде сальмонеллезге бактериофаг аралығы 5 күнде 2-3 ретберіледі. Сальмонеллез ошағында алдын алу шараларды ұйымдастыру әдістемесі. Сальмонеллез ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың жанұясында тіркелмеген басқа ауруларды және бірге тамақтанған басқа адамдарды анықтау керек. Жаңадан табылған аурулар ошақтың көлемін, аурудың таралу жолдарын, инфекция көзін анықтауға мүмкіндік береді. Инфекцияның таралу себебін анықтау мақсатында науқастан және онымен бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегендерін сұрау қажет. Сонымен қатар түрлі тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағаны және қабылдау уақыты анықталады, өйткені тағамдарды ұзақ уақыт бөлме температурасында

    сақтау қоздырғыштардың онда көбеюіне ықпал етеді. Тағамның дайындалу уақытын, қабылдау уақытын, сақталу жағдайын анықтау арқылы күдікті тағамды табуқажет. Эпидемиологиялық тексеру барысында ветеринарлық зерттеуден өтпеген, белгісіз немесе ауру малдардың өнімдерін қолдану мүмкіндігіне ерекше назар аудару керек. Тамақ өнімдерінің сақталу жағдайы, өңдеу, дайындау әдістері, дайын тағамдардың сақталу уақыты мен жағдайы анықталады. Қоздырғыштармен ластанған тағамдардың органолептикалық қасиеттері бұзылмау мүмкіндігін де ескеруқажет. Күдікті, қауіпті деген тағамдардың сынамасы бактериологиялық тексеруге алынады. Ет және ет тағамдарының сынамалары әр жерден алынады, лимфа түйіндерін, сүйек кемігін және күдікті бөлшектерін міндеттітүрде зерттеуге алукерек. Май, қаймақ, маргарин, крем сынамалары 100-200 грамм мөлшерде стерильді ыдысқа алынады. Ошақта тексеру барысында қоршаған орта объектілерінен жұғынды алу керек. Тарелкалардан, ыдыстардан, үстелдардан жұғынды стерильді тампонмен алынады, тампонды натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде немесе сорпасында сақтау керек. Барлық сынамалар стерильді немесе қайнатылған ыдыспен апарылады. Науқас адамнан және зерттелген тағамдардан табылған қоздырғыштардың серологиялық варианттары сәйкес болғанда ғана сол тағамды ауруды таратушы, себепшісі деп санауға болады. Тағам өнімдерінің ластану механизмін, қоздырғыштардың көбею жағдайын анықтау үшін оның шығу, өңдеу жерінен бастап қолданғанға дейін «жылжуын» зерттеу, санитарлықталаптардың орындалуын мұқият

    тексеруқажет.

    Ошақта науқаспен бірге тұратындар клиникалық, зертханалық тексеруден өткізіледі, өйткені олардың арасында жіті ішек аурулары немесе тасымалдаушылар болуы мүмкін. Сонымен қатар ошақта кеміргіштердің, шыбындардың бар-жоқтығы анықталады, бар болса оларды да бактериологиялықтексеруге алуға болады. Егер жас балалар сальмонеллезбен ауырса, тұрмыстық заттар арқылы таралумүмкіндігін де ескерукерек(ойыншықтар, жөргектер, емізіктер). Егер сальмонеллез ауруы топтасқан түрде таралған болса, барлық ауырған адамдарды және ауырмағандарды (бірақ бірге тамақтанғандарды) соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегені жөнінде мұқият сұрау керек.

    21. емханаға 11 жастағы бала келген, оны мысық тістгенен, қолы жырылған. 4 күн бұрын өз үйінің қорасында балалармен (5 бала) ойнап жүрген кезде белгісіз мысық баланың қолына келіп жабысқан. Келесі күні тістелген жер қызарып сыздап ауыртқан. Балада судың дыбысынан қорқу, жарықтан, қатты дыбыстан қорқу сезімі пайда болған.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз;Құтыру

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз

    Инфекция көзі табиғи ошақтарда – жабайы жануарлар- қасқыр, түлкі, шибөрі. Антропургиялық ошақтарда- ит(95%),мысық.

    Беріліс механизмі: жанасу- құтырған жануардың тістеуі және сілекейінің түсуі арқылы жұғады. Таратушы фактор- сілекей. Сілекеймен вирустар жараға түседі, нерв тамырлары арқылы таралады, орталық нерв жүйесін зақымдайды. Ауру жануардың сілекейінде вирустар 10-шы күннен бастап пайда болады, ауырып өлгенге дейін.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу шаралары:

    І – Санитарлық-ветеринарлық шаралар:

    -Үй жануарларын жұқтырудан сақтандыру, ветеринарлық тексеру.

    -Елді мекендерді уақтылы тазарту, қалдықтарды жою.

    -Иесіз ит, мысықтарды ұстап, жою.

    -Жыртқыш, жабайы жануарларды елді мекенге жолатпау, жою.

    -Ит, мысықтарға құтыруға қарсы вакцина егу, қайта егу-жыл сайын.

    -Адамды тістеген, құтыруға күдікті ит, мысықтар 10 күн ветеринарлық бақылауға алынады. 10 күннен кейін ауру белгілері пайда болмаса «сау» деген мал дәрігерлік анықтама беріледі.

    ІІ – Ауру жануар табылған кездегі шаралар:

    -Ошақта мал дәрігерімен бірге эпидемиологиялық тексеру жүргізу, ошақтың шекарасын табу, жою шараларын ұйымдастыру.

    -Үйме-үй аралау арқылы малдарды тексеру, вакцина егу. Егуден кейін 60 күн бақылау.

    -Күдікті жануарларды ветеринарлық бақылауға алу.

    -Ауру жануарлар өртеу арқылы жойылады. Өлген малдың терісін сылуға тиым салынады.

    -Мал қораларын, иттің орнын, ыдыстарды, киімдерді дезинфекциялау

    .Ошақта індетке қарсы шаралар: Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында тістеген жануар туралы мәлімет жиналады, жануардың түрі, тістеген уақыты, ол қазір қайда, құтыру белгілері байқалды ма, зақымның сипаты, қандай жағдайда тістеді, адамның өзі тиісті ме, иесі бар ма немесе қаңғып жүреді ме, жануарды ветеринарлық бақылау нәтижесі, тістелген адамның емдеу шаралар және ошақта жүргізілген шаралар. Тексеру барысында тістеген жануармен қатынаста болған, яғни жұқтыру қаупі төнген адамдар анықталады, әсіресе үй жануарларымен жиі ойнайтын жас балаларға ерекше назар аудару қажет. Ошақта атқарылатын шаралар Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің “Адамдардың құтырмамен науқастануының алдын алу туралы” бұйрығымен бекітілген бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Ошақты эпидемиологиялық тексеру барысында №332/е бекітілген үлгі бойынша эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады.

    22. Науқас В., 28 жаста, орманшы, ауылшаруашылық академиясының аңшылық бөлімінің сырттай студенті. Екі апта бұрын «тамақ» ауруын сезген кезде ауырып қалды. Ол медициналық көмекке жүгінбей, үйде ол «баспа, ангина» деп болжап, тамақты шаю арқылы емделді. Түнде аспирин мен супрастин қабылдады. Аурудың 4-ші күні оң жақ асты аймағында ісік пайда болғанын байқады. Алғашқы 10 күнде температура 38-39 ° аралығында болды, соңғы күндері субфебрильді (37,5-37,7 °).Тершеңдік, жалпы әлсіздік, бас ауруы, бұлшық еттері ауырады, тәбеті төмендейді. Аурудың беті көгеріп, көзі қызарып, денесінде бөртпелер пайда болады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаяды.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Туляремия

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекция көзі - ауру жануарлар: егеуқұйрық, дала тышқандары, су тышқандары, саршұнақ, үй тышқандары, қояндар. Үй жануарларынан - қой.Иксод кенелері туляремия ауруының табиғаттағы сақтаушысы – қоры болып саналады, өйткені кенелердің денесінде қоздырғыштар даму кезеңін өтеді, ауру ұрпаққа таралып, көбейеді. Жануарлар арасында су, жем, шөп, кене, масалар арқылы ауру таралады.

    Берілу механизмдері:

    1. Трансмиссивті механизм - кене, маса, соналардың шағуы арқылы таралады.

    2. Жанасу механизмі - кеміргіштердің, ондатраның, қояндардың терісін сылу, етін өңдеу кезінде жұғады.

    3. Аэрогенді механизм - ауа - шаң жолымен сабан, шөп, бидай жинау өңдеу кезінде жұғады.

    Алиментарлы жолмен қоздырғыштармен ластанған су, тамақ өнімдері арқылы таралады. Иммунитет: тұрақты, қайта жұқтыру болмайды.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    Алдын алу шаралары:

    1. Инфекция көзіне бағытталған шаралар - кеміргіштердің санын азайту мақсатында агротехникалық жұмыстар жүргізу, қоймалар мен тұрғын үйлерді кеміргіштерден қорғау, дератизация жасау.

    2. Жануарлардан адамға жұғуын алдын алу шаралары:

    a)тасымалдаушы кене, маса, соналарды жою - дезинсекция;

    б) құдықтарды тышқандардан қорғау;

    в) тағамдарды тышқандардан қорғау, дұрыстермиялықөңдеу;

    г) өндірістік өршуді болдырмау үшін туляремия ошағынан теріні 4 ай сақтағаннан кейін, астықты температура 70°С градуста 1сағат кептіргеннен кейін шығаруға болады.

    Ошақтан келген қант қызылшасын хлорланған сумен жуу, теріні хлорпикринмен залалсыздау қажет. Малдарды кенеге қарсы тексеріп, тазалау, дезинсекция жасап тұру қажет.

    Арнайы алдын алу: Туляремияға тірі құрғақ вакцина егілу қажет:

    А) жоспарлы түрде- табиғи ошақ тұрғындарына, туляремияны жұқтыруға қауіпті өндірістердің қызметкерлеріне;

    Б)Эпид. қажеттілікпен туляремия ауруы бұрын болмаған жағдайда, ауру адам немесе ауру жануар табылған жағдайда.

    23. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 20 жасар науқас 9 ай бұрын Индияда оқып қайтып келген. Соңғы 1 айла дене қызуына, түнгі тершеңдікке және салмағының көп төмендеуіне шағымданады. Тексеріп қарағанда: субфебрильді температура 37,2°С, қолтықасты, шынтақ ЛТ екі жақты ұлғайған, дене салмағы 75 кг-нан 67 кг-ға дейін жүдеген, арқасының жоғарғы бөлігінде пиодермия. Анамнезінен: Қазақстанға келуден бұрын 2 жыл бойы ер адаммен жыныстық қатынаста болған, ол 1 ай бұрын инфекциялық аурудан мерт болған.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз;СПИД

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекция көзі науқас адам және вирустасымалдаушы. АИТВ-инфекциясын жұқтырған және науқас адам аурудың барлық кезеңдерінде қайтыс болғанға дейін жұқпалы болады. Вирустар көп мөлшерде қан, жұлын сұйықтығы мен спермадан табылады, аз мөлшерде сілекей, көкірек сүті, тер, зәр, нәжісте табылады.

    Берілу механизмі: жанасу. Жұқтыру жолдары:

    1. Парентералдық жолмен - АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамның қаны, қан препараттары, залалсызданбаған медициналық құралдар (қан жұққан шприцпен инені қайта пайдалану, қан құю, емдеудиагностикалықтексеру, татуировка) арқылы таралады.

    2. Жанасу механизммен, яғни жыныстық жолмен – қорғану тәсілдерін қолданбаған жыныстық қатынас арқылы жұғады. Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныс мүшелерінің шырышты сілекей қабығындағы жарақатқа, қанға немесе сары суға вирус түссе ауруды жұқтырады. Қатерлі жыныстық қатынастар гомосексуалисттер, бисексуалисттер, жезөкшелер арасында кеңінен таралған.

    3. АИТВ вирусын жұқтырған анадан балаға вертикальді механизммен және босанунемесе емізукезінде жұғады.

    АИТВ-инфекциясын жұқтырғандардың негізін нашақорлар құрайды, яғни 70% инъекциялықесірткіні тұтынушылар. Жыныстық жолмен ауру тез таралуда, жыл сайын гетеросексуалдық жолмен берілу үлесі 2001жылғы 5% -дан 2008 жылы 29,1 пайызға дейін артты.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Елімізде ЖИТС-пен күресу және алдын алу жөніндегі республиикалық, аумақтық орталықтар мен арнайы зертханалар жұмыс істейді. ЖИТС-пен күресу орталықтарының жұмыс бағыттары:

    -Вирус кездесуіне мүмкіндігі бар қауіп топтарын тексеріп, вирус жұққан адамдарды тауып, емдеу;

    -Инфекция жұқтырғандарды, ЖИТС ауруларын тіркеуге алу;

    -Аурудың ошағын эпид. тексеру , инфекция көзі, жұқтыру жолдары, қатынаста болғандарды анықтау, медициналық тексеру, диспансерлік бақылау, алдын алу шараларын ұйымдастыру;

    -Медицина жіне фармация қызметкерлері арасында алдын алу шараларын жүргізу, АИТВ инфекциясын жұқтырса кәсіптік міндеттен аластату, басқа жұмысқа ауыстыру

    -Санитарлық ағарту жұмыстарын, жастар арасында жыныстық тәрбие жұмыстарын жүргізу.

    АитВ инфекциясына қатерлі, осал топқа жататындар:

    -Инъекциялық есерткіні қабылдаушылар;

    -Коммерциялық секс қызметкерлері;

    -гомосексуалисттер;

    -жыныстық жолмен жұғатын ауруларды жұқтырғандар;

    -жиі қан құйдыратындар;

    -гемофилия аурулары.

    Науқас адам арнайы ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық қажеттілік бойынша жатқызылады. ЖИТС-ке арнайы вакцина әлі жоқ, сондықтан симптоматикалық және антиретровирусты ем жүргізіледі.

    Аурумен қатынаста болғандар ИФА әдісімен тексеріледі, оң болса қайта тексеру басқа тест жүйені қолдануарқылы жүргізіледі.АИТВ жұқтырған анадан туылған балалар 1 жыл бақылауға алынады. АИТВ-инфекциясы ошагында індетке қарсы шаралар. АИТВ инфекциясын тіркеуге алу, ошақта эпидемиологиялық тексеру және алдын алу шараларын ұйымдастыру жұмыстарын ЖИТС-пен күресу орталықтары жүргізеді.Ошақта эпидемилогиялықтексеру барысында анықтау қажет: Шет елге барды ма? Қатерлі топқа жатады ма? Парентералды медициналық ем алды ма? Алған болса қашан, қайда емделді? Кімдермен жыныстық қатынаста болды? Таныстары арасынды қатерлі топқа жататындар бар ма?
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта