50 балл ИШБП Эпид. 1. Болжамды диагнозды табыыз
Скачать 0.51 Mb.
|
29. 27 жастағы саяхатшы оңтүстік батыс сапарынан Мэндегі үйіне оралады. Оралғаннан кейін 3 күннен кейін ол жедел жәрдем бөліміне дене қызуымен, қалтыраумен, терінің пурпурасымен, шап лимфа түйіндерінің бубон түрінде ұлғаюымен түседі 1.Болжамды диагнозды табыңыз;Оба 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі. Оба ауруының негізгі инфекция көзі - кеміргіштер, өкпелік түрінде - наукас адам, үй жануарларынан - түйе, мысык Табиғи ошақтарда обаның негізгі таратушылары: сарышұнак, сұртышқан, кұмтышқан, тарбаған және қоянтәрізділер. Синантропты, антропургиялық ошақтарда: сұр және қара атжалмандар. Берілу механизмдері: 1. Трансмиссивті механизм - бүргелердің шағуы аркылы. Қан сорған бүргенің асқазанында қоздырғыштар тез көбейеді, жиналып оба блогы-тығыншық пайда болады. Аш бүрге қайта-қайта басқа кеміргіштерді шаққан кезде, қанға толған асқазаннан қоздырғыштарды лоқсу арқылы шаққан жеріне түсіреді, ауру таратады. 2. Жанасу механизмі - ауру кеміргіштің, түйенің терісін сылу, етін, жүнін өңдеу кезінде жұғады. 3. Аэрогендік механизм - ауа-тамшы жолымен обаның өкпелік түрі жұғады, эпидемия түрінде таралып кету қауіпі өте жоғары. Берілу жолы - алиментарлы тағамдар арқылы, дұрыс термиялық өңделмеген түйе, кояндардың етінен жұғады. Аурудан кейін тұрақты иммунитетсақталады. Обаның эпидемиологиялық ерекшеліктері. Обаның табиғи ошақтары шөлді, шөлейтті, далалы аймақтарда кездеседі. Табиғи ошақтар Қазақстанда, Орта Азияда, Африка, Америкада кездеседі. Жер шарының 6-7% жері обанын табиғи ошақтары, сондықтан «әр уақытта обаның өршу қауіп сақталады» - деп тұжырымдайды ДДҰ мамандары. Қазақстанның 40% жері обаның табиғи ошағына жатады, Онтүстік Қазақстан облысында обаның табиғи ошақтары Қызылқұм, Байырқұм аймағында бар. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алу түрде обаға қарсы вакцина егілуі қажет: 1. Табиғи ошақ тұрғындарына 2. Табиғи ошаққа жаңадан келгендерге (геологтар, кеншілер) 3. Тірі дақылымен жұмыс істейтіндерге. Обаға тірі, құрғақ вакцина тері астына, ішіне, үстіне егіледі, қайта егу жыл сайын. Адамдардың обамен наукастануы немесе оған күдікті жағдайлар туралы шұғыл хабарлама арнайы үлгідегі схема бойынша беріледі. Емдеу мекемесі аудандық СЭҚБ және обаға қарсы күрес мекемесі (1 сағат) Облыстык СЭКД жэне Денсаулық сақтау басқармасы (2с) Республикалык СЭС жэне МСЭҚК (3с). Оба ошағында ауру мен күдіктілерді ерте анықтау, арнайы палатаға немесе бокстарға міндетті түрде оқшауландыру. Ошақта әрбір үйді аралау арқылы аурулар мен күдіктілерді ерте анықтау үшін күніне 3 рет дене қызуын өлшеу, Обаға күдікті симптомдары анықталған адамдарды провизорлық мақсатта ауруханаға жатқызу. Аурумен, аурудың заттарымен, мәйітпен қатынаста болғандарды 6 күн медициналык бақылауға алу. Шұғыл алдын алу ретінде 5 күн антибиотиктер беру.Күнделікті жэне қорытынды дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау.Медицина қызметкерлері ошақта жеке бас гигиенасын сақтап, типтегі обаға қарсы киімді киюі кажет.Обаға қарсы киімнің құрамына кіреді: комбинезон немесе пижама, шұлық, резеңкелі етік, орамал немесе қалпак, хирургиялық халат, мақта- маталы бетперде, көзілдірік, резеңкелі қолғап, сүлгі. 30. жол көлік апатынан кейін 20 жастағы ер адам оң қолдың сынуымен аурухаға түскен. Сынық маңында эритематозды ауырсынатын ісіктің пайда болуына байланысты жараны тез арады хирургиялық тазарту үшін жеткізілді. Сынық маңындағы ашық жара ылғалданған, жақын тіндер пальпациясы кезінде жырылу сезімін тудырады. Жарадан шыққан эксудаттың жағымсыз иісі бар. 1.Болжамды диагнозды табыңыз;Газды гангрена 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі және таратушы фактор спорамен залалданған қоршаған орта объектілері, әсіресе топырақ. Беріліс механизмі - жанасу - түрлі жарақат кезінде әсіресе асептикалық жағдайда жасалған ота, қан алу, ауруханада көк тамырға қан және түрлі ерітінділер, дәрі-дәрмектер құю, босану кезінде жұғады.Инкубациялық кезеңі - 5 күн. Белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, жергілікті өзгерістер, некроз. Алғашқыда жара қаттыауырады, ісінеді, пульс жиілейді. Өлім-жітім 50-60%. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алуы: 1. Жараны уақытылы және дұрыс хирургиялық өңдеу негізгі шара болып табылады. 2. Алдын алу мақсатында антитоксикалық сарысу 10000 МЕ егу. 3. Бактериофаг + 0,5% новокаин жараға егу. 4. Антибиотикпен емдеу 31. Анасы 12 жасар баласын жедел жəрдем бөлімшесіне алып келді. Бала дұрыс тамақтанбайды, жиі құсу, енжар көрінеді, бұлшықет тонусы əлсіз. Баланың температурасы жоқ. Анасы жақында баласының консервіленген қияр жегенін айтты. Бұл консервіленген тағамды отбасында басқа ешкім пайдаланбаған. Диагноз анықтау үшін асқазан шайынды суын, құсық, нәжіс бактериологилық зерттеуге алынды. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Ботулизм 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі. Ботулизмнің қоздырғыштары жылы қанды жануарлардың, адамның ішегінде кездеседі, топырақта 9-33% зерттеулерде табылған. Беріліс механизмі-нәжіс-ауыздық, таралуы алиментарлы жомен. Соңғы жылдары ботулизм көбіне үйде дайындалған консервіленген (саңырауқұлақ, баклажан, қияр), ет балық тағамдарымен байланысты. Тамақ өнімдеріне қоздырғыштар топырақ арқылы түседі. Тағамның органолептикалық өасиеттері өзгермеуі де мүмкін. Иммунитет 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Негізгі алдын алу шаралар тамақ өнімдерін ластанудан сақтандыруға, қоздырғыштарды жоюға бағытталады. Консервілеуге арналған жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды топырақтан жақсылап тазарту, ет, балық өнімдерін ластанудан сақтау қажет. Тағамдарды жоғары қысымда және 120/C температурада залалсыздау ботулизмнен сақтандырады. Консервілеу барысында тұздың мөлшері 10% кем болмауы, сірке қышқылы 2% кем болмауы қажет. Консервілер төмен температурада сақталу қажет. Ет, балық, саңырауқұлақтар, жерде өсетін өсімдіктерді үй жағдайында консервілеуге болмайды. Күдікті тағамдарды 3-4см бөлшектеп, 100/C градус температурада 1 сағат қайнату қажет. Ботулизм ошағында атқарылатын шаралар. Науқас және күдіктілер ауырлығына қарай инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызылады. Науқастың асқазанын шайып, патогенетикалық емдеу жасау керек. Арнайы ем ретінде А, С, Е типтеріне 10 000 МЕ В типтеріне поливалентті антитоксикалық сарысу егіледі. Токсиннің типін ақ тышқандарға биологиялық сынама жасау арқылы анықтайды, анықталған типіне сәйкес, тек сол т.ріне антитоксикалық сарысу егіледі. Белсенді иммунитет пайда болуы үшін антитоксикалық сарысумен қатар ботулизмнің әр типіне 0,5 мл анатоксин 3 рет, аралығы 3-5 к.нде егіледі. Науқаспен бірге күдікті тағамды жегендерге алдын алу мақсатпен әр типке 1000 немесе 2000 МЕ антитоксикалық сарысу егіледі. Аурудың себебін анықтау үшін науқастың асқазан шайынды суын, құсық, нәжіс, қанын бактериологиялық әдіспен зерттеу қажет. Ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында күдікті тағамды анықтау, тағамның ластану себебін анықтау және бірге тамақтанған адамдарды анықтап, медициналық бақылауға алу қажет. Күдікті тағамдарды зертханалық зерттеуге стерильденген ыдысқа алу қажет, тағамдар жоқ болса ыдыстардан жұғынды алынады. Күдікті тағамды қолдануға тиым салынады. Бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағам жегендерін, қандай мөлшерде, қандай уақытта жегендігін, тағамды кім, қашан дайындағандығын, қалай сақталғанын қай жерден алынғанын сұрастыру керек. 32. 4 жасар науқасты клиникалық тексеруден өткізуде дәрігер температураның аздап жоғарылағанын, құлақ аймағындағы, тіласты лимфа түйіндерінің және жақ асты сілекей бездерінің үлкеюін байқады. Науқастың сілекейінен вирусолог вирусты бөліп алды, вирус тауық ұрығында көбейеді, гемагглютинациялық қасиетке ие және жасуша дақылында симпластар түзеді. Баланың отбасының үйі жоқ, сондықтан өз уақытында міндетті түрдегі екпелерді алмаған. Дәрігер баланың суретте көрсетілген вирусты жұқтырғанына күдіктенеді. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Паротитті инфекция 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі- ауру адам. Жұқпалы кезең инкубациялық кезеңнің соңғы 4-6 күннен бастап аурудың қызу кезеңінде жәнетаурудың 6-9 күніне дейін жалғасады. Сонымен науқас адам барлығы 13-15 күн жұқпалы болады. Беріліс механизмі- аспирациялық. Берілу жолы ауа-тамшы. Иммунитет- тұрақты, қайта ауру кездеспейді. Қабылдағыштық өте жоғары. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. ДСМ<<ҚР қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит ауруларымен сырқаттанушылығын эпидемиологиялық қадағалауды күшейту>> бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Науқасты ауруханаға жатқызу аурудың клиникалық белгілеріне және эмидемиологиялық көрсеткішке сәйкес жасалады. Науқас адам көбіне үйінде жекешелендіріледі. Ошақта 10 жасқа дейін бұрын эпидемиологиялық паротитпен ауырмаған, егулерін алмаған қатынаста болған балалар 21 күнге медициналық бақылауға алынады, үйінде жекешеленеді, бала-бақша және мектепке жіберілмейді. Балалар мекемелеріне 21 карантин беріледі, жаңадан балаларды қабылдауға, басқа топтан топқа ауыстыруға тыйым салынады. Топтағы вакцинация егілмеген және бұрын ауырмаған балалар медициналық бақылауға алынады. 21 күн медициналық бақылау барысында қатынаста болған балалардың дене қызуын күнделікті өлшеу, бадамша бездерін тексеру қажет. Дезинфекция жасалмайды, бөлмені жиі желдету, ылғалды жинау қажет. Барлық қатынаста болғандардың Ф. №63 егу картасын тексеріп, ішінде бұрын ауырмағандарға, вакцина егілмегендерге вакцина егіледі. Вакцина 1рет егілгендерге жіне соңғы егіден кейін 7 жылдан астам уақыт өткен жағдайда қосымша вакцина егі жасалады. 33. Бір апта бұрын 28 жастағы әйел кесір тілігімен босанды. 8 күн өткен соң шүйде,арқа,іш бұлшықеттерінің ширығуына шағымданған. Аурудың 3 күні барлық бұлшықет топтары тоникалық түрде керілген. Тексеру кезінде температура 38.9 градусқа көтерілген. Ақыл есі бүтін. Пульс минутына 112 рет , АҚ 120/80 мм с.б. ауызын әзер ашады, тілі ылғалды, 15-20 мин сайын құрұсулар болады. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Сіреспе 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі- жануарлар, кеміргіштер, құстар мен адам. Сіреспенің қоздырғыштары үй жануарларының және адам ішегінде кездеседі, бірақ ауру тудырмайды, себебі токсиндер зақымдалмаған ішек қабығы арқылы денеге ене алмайды. Нәжіспен топыраққа түсіп, онда споралы түріне айналады, ұзақ уақыт сақталады. Жазғы мезгілде қолайлы жағдайда споралар вегетативті түріне айналып топырақта көбейеді, сондықтан сапронозды инфекциялар қатарына жатқызуға болады. Беріліс механизмі- жанасу. Сіреспе ауруын Жарақат жұқпасы деп те атайды. Тұрмыстық жағдайда жарақат алса, күйік үсік, жануар тістеген жағдайда зақымдалған теріге қоздырғыштар түссе ауру туындайды. Қабылдағыштық өте жоғары, әсіресе жарақаттану көлемі үлкен болса. Иммунитет тұрақсыз, қайта жұқтырудан сақтандыра алмайды. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Алдын алуы- белсенді және енжер иммунизация. Белсенді егу жоспарлы түрде, егу күнтізбесіне сәйкес жасалады: • АКДС вакцинасы – 2, 3, 4 айда егіледі, қайта егу-18айда. • АДС вакцинасы – 6-7 жаста, 16-17 жаста егіледі. Үлкендерге АДС-М анатоксин әр 10 жылда қайта егіледі. Сіреспеге шұғыл егу жасалуы қажет: - Терінің зақымдалуымен байланысты жарақаттар; - II, III, IV дәрежедегі күйіктер; - II, III, IV дәрежедегі үсіктер; - Ауруханадан тыс жасанды түсік пен босану; - Гангрена, абсцесс, карбункул; - Жануарлардың тістеуі. Жарақат алған жағдайда алғашқы хирургиялық көмекпен қатар төтенше, шұғыл алдын алуы жүргізіледі: 1. Жара хирургиялық өңдеген соң жараның жан жағына 3000-10 000 МЕ сіреспеге антитоксикалық сарысу егіледі. 2. Бұлшық етке 50 000-100 000 МЕ сіреспеге ПСС- антиткосикалық сарысу егіледі. Адамның қанынан жасалған иммундыглобулин ПСЧИ 900 МЕ 6 мл егіледі. Шүғыл иммунды алдын алу ДСМ бұйрығына сәйкес, алдыңғы сіреспеге алған жоспарлы егулеріне сәйкес жасалады: a) Шұғыл ревакцинация – АС- анатоксин немесе АДС- анатоксин; b) Белсенді-енжар иммунизация – АС-анатоксин +ПСС немесе ПСЧИ. ПСЧИ- адамның қанынан жасалған сіреспеге сарысу -250 МЕ егіледі. ПСС- жылқының қанынан жасалған сіреспеге сарысу – 3000 МЕ Безредко әдісімен егіледі. ПСС егу алдында сынама жасалады, 1:100 есе ерітілген сарысудың 0,1 мл тері ішіне егеді, 15 мин. Кейін ешқандай өзгерістер байқалмаса 0,1 мл ерітілмеген сарысуды егеді, 30 мин. Кейін сынама теріс болса қалған мөлшерін енгізеді. Сіреспеге егулер іреспеге егулер №63 үлгідегі <<Алдын алу егу картасына>> сәйкес алдыңғы егулеріне қарап егіледі, егілген дәрмектің атауы, сериясы, мөлшері аурудың жеке картасына жазылады. 34. 12 жастағы қыз жедел ауырған, дене температурасы 38,5oC бас ауруы, әлсіздік, жұтынғанда ауырсыну пайда болды. Үйге учаскелік педиатрді анасы шақырды. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, белсенді емес, ұйқы мен тәбеті бұзылған. Дене температурасы 38,5oC , терісі бозғылт, құрғақ, тілі құрғақ, жабылған, бадамша безі, доға мен жұмсақ таңдай қызарған. Таңдай бадамшасы 1-2-дәрежеде ұлғайған, жабынды сұр-ақ түсті, шырыш беткейінен көтеріліп тұрады. Жабынды шырышпен тығыз жабысқан, қиын алынады, артынан қанталайды. Жақ асты және алдыңғы-мойын лимфа түйіндері ұлғайған, пальпациялағанда ауырады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 21I, жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ 108I, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Анасы жұқпалы науқаспен қатынас болғанын жолға шығарды. 1.Болжамды диагнозды табыңыз; Дифтерия 2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз; Инфекция көзі- ауру адам және бактерия тасымалдаушылар. Эпидемиялық тұрғыдан көмей, көмекей, мұрын дифтериясы қауіпті болып табылады. Себебі, қоздырғыш тыныс шығару кезінде көп мөлшерде ауаға таралады. Көз, тері, жарақат, жыныстық мүшелер дифтериясы таратушы ретінде қауіптілігі төмен. Сау тасымалдаушылар және жеңіл не симптомсыз формадағы науқас адамдар тек жаппай тексеру барысында, зертханалық тексеру кезінде кеш анықталады, дер кезінде ауруханаға жатқызылмайды, емделмейді, ауруды белсенді түрде таратып отырады. Дифтерия ауруының 90% сау тасымалдаушылармен байланысты екені анықталған. Бактерия тасымалдаушылықтың түрлері: Транзиторлы (1 рет лабораторлық тексеру кезінде анықталған); Жіті 15 күнге дейін; Орташа уақыт (3 айға дейін); Созылмалы (6 айдан астам); Сау тасымалдаушы (аурудың белгілері жоқ). Ұзақ уақыт тасымалдаушылық тонзиллит, ринит науқастарында кездеседі. Инфекция көзі ретінде сауыққан адам да болуы мүмкін, реконвалесцент қоздырғышты 2 аптаға дейін, кейде одан да ұзақ уақыт бөліп шығаруы мүмкін. Беріліс механизмі- негізгі берілу механизмі аэрогенді, аспирациялы. Берілу жолдары: 1) Ауа-тамшы, ауа-шаң; 2) Тұрмыстық заттар-ыдыстар, бет орамал, сүлгі, төсек жабдықтары, ойыншықтар; 3) Алиментарлы-сүт жіне кремдік тағамдар арқылы. 3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. ДСМ «Дифтерия ауруымен күресу шараларын күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі. 1. Инфекция көзіне бағытталган шаралар: Ауру адам және күдіктілер міндетті түрде инфекциялық аурулар ауруханасына жатқызылып емделеді. Науқас бокстарға немесе арнайы бөлімшелерге жатқызылады, жатқызған күні мұрнынан, жұтқыншағынан бактериологиялық тексеруге сынама алынады, күлге қарсы антитоксикалық сарысу, антибиотик беріледі. Клиникалық түрде жазылғаннан кейін және бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғанда ауруханадан шығарылады. Бактерия тасымалдаушылар ауруханада антибиотиктермен емделеді, ұжымнан аластатылады. 2. Беріліс механизміне бағытталған шаралар: Тиімді вентиляция орнату, ауаны жиі желдету, тағамдарды ластанудан қорғау, дезинфекциялық шаралар жүргізу. 3. Қабылдагыш организмге бағытталған шаралар: Ең тиімді алдын алу шаралары - бұл жоспарлы түрде вакцина егу ДСМ «КР халықты инфекциялық ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөнінде шаралар» бұйрығына, егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы түрде вакцина егіледі: АКДС- 2, 3,4 айда, қайта егу 18 айда; АДС-6-7 жаста; АД-М- 11-12 жаста; АДС-М- 16 жаста және әр 10 жылда. АКДС вакцинасының кұрамында тазартылған сіреспе мен дифтериялық анатоксин (алюминий гидрооксидіне адсорбцияланған) және көкжөтелдің мұқият шайылған микробтары бар. Вакцина сұйық және құрғатылған түрде шығарылады. Сұйық вакцинаны мұздатылғаннан кейін қолдануға болмайды. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке енгізіледі. Вакцина енгізілгеннен кейін қалыпты реакция 2 тәулік мерзімді қамтиды, дене қызуы көтеріліп, енгізген жері қызарып ісіңкірейді. Енгізгендердің 1%-да температура 38,5 С-тан асып, күштілеу реакция беруі мүмкін. Жұмсақтіндерінде диаметрі 5 см-дей ісік, 2 см-дей инфильтрат пайда болатын жергілікті күшті реакция 4%-тен аспауы керек. Егер де АКДС бірінші инъекциясына патологиялық реакция байқалса, кейінгі егулер АДС-Манатоксин енгізуарқылы жасалады. Вакцина егу туралы мәліметтер егу құжаттарына тіркеледі. Егумен қамту 95% кем болмау керек. Егулердің уақтылы жасалғанын картотека бойынша, №63 үлгідегі егукарталарын талдауаркылы анықтайды. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Ошақта эпидемиологиялықтексеру төтенше хабарлау алғаннан кейін 24 сағат ішінде жүргізілуі қажет. Ошақта тексеру барысында науқас адамның соңғы 7 күн ішінде кімдермен жақын қатынаста болғанын анықтап, оларды 7 күнге медициналық бақылауға алу қажет, оның ішінде: жанұя мүшелері, достары, туыстары, мектепте, бала бақшада, т.б. оқу мекемелерінде қатынаста болғандар, мекемеде бір бөлмеде жұмыс істейтіндер, медицина қызметкерлері. 7 күн медициналық бақылау барысында күнделікті дене қызуын өлшеу, мұрын-жұтқыншағын тексеру, бактериологиялық тексеруге 1 рет сынама алу қажет, 5 күн антибиотик - эритромицин тағайындалады. Науқаспен катынаста болған адамдардың егу карталарын (Ф63) тексеріп, иммунизациялау: - алғашқы комплексті толық алмағандарға (3 ретегу және қайта егу); - - егу кұжаттары болмаса; - - соңғы қайта егуден кейін 5 жылөтіп кетсе; Науқас адамға сауыкканннан кейін, ауруханадан шыкпай тұрып вакцина егіледі, егер: - бұрын вакцина алмаған болса- алғашқы мөлшері және ревакцинация жасалады; - толық егілген болса, бірақ соңғы егуден 5 жыл өтіп кетсе- бустерлі қосымша доза егіледі; - егер соңғы егуден 5 жылдан аз уақыт өтсе- вакцина егілмейді. Бала-бақшаға толық сауықканнан кейін және бактериологиялық тексеру қорытындысы 2 рет теріс болғаннан кейін баруға рұқсат беріледі. Балалар мекемелерінде карантин 7 күнге беріледі. Карантин кезінде топтан топқа ауыстыруға және жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салынады. Ошақта күнделікті дезинфекция жүргізіледі: ыдыстар 15 мин. қайнату немесе 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағат батыру арқылы залалсызданады. Төсек жабдықтары, ойыншықтар қайнату немесе 2% хлорамин ерітіндісіне 2 сағат батыру арқылы залалсызданады. Көрпе, матрас, төсектер камералық әдіспен залалсызданады. |