Главная страница
Навигация по странице:

  • Инфекция көзі

  • Инфекция көзімен қатынаста болғандар

  • Тырысқаққа қарсы шаралардың бағыты мен көлемі Тырысқақ ауруы анықталған жағдайда

  • Инфекция көзіне бағытталған шаралар:.

  • Тұмаудың алдын алу шаралары Індетке дейінгі атқарылатын шаралар

  • Індеттің өршуі кезінде атқарылатын шарала

  • Тұмау, індетке қарсы шаралардың бағыты

  • 50 балл ИШБП Эпид. 1. Болжамды диагнозды табыыз


    Скачать 0.51 Mb.
    Название1. Болжамды диагнозды табыыз
    Дата13.05.2023
    Размер0.51 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла50 балл ИШБП Эпид.docx
    ТипДокументы
    #1126815
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8

    50 балл
    1. Қараша айында, Нұртас ауылында 3 жасар қызды ата-анасы шұғыл түрде Нұртас ауылдық медициналық амбулаториясына дене температурасы жоғарылыуымен, бетте және денесінде бөртпелердің көрінуімен, жалпы улану белгілерімен жедел хабарласты.Қызды орталық аурухананың балалар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызды. Дәрігер қарап тексергенде, ұрттың шырышты қабығынан Бельский Филатов Коплик белгісін және құлақ артында, бетте, мойында қызыл бөрітпелердің бар екендігін байқады. Эпид. анамнезден, қызға 1 жасар кезінде жопарлы түрде тірі ККП вакцинасы енгізілген. Баланың өз уақытында алдын ала егу жүргізілген күні №026 нысанды медициналық журналында көрсетілген.Орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде бұл инфекцияның қарқындылығын анықтау мақсатында қан алып тексергенде, нольдік иммунитетке сәйкес нәтиже алынды.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Қызылша

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекция көзі - ауру адам. Ауру адам жасырын кезеңінің соңғы 2 күндері, катаральді кезеңде, бөртпе шыққаннан кейін 4-5 күнге дейін жұқпалы болады. Барлығы 9-10 күн аралығында жұқпалы болады. Вирустасымалдаушылық болмайды.

    Берілу механизмі – аспирациялы, берілу жолы - ауа-тамшылы. Ауруды жұқтыру науқаспен қатынаста болу уақтынан және бөлменің тығыздығына байланысты. Қызылша ауруы тек бір бөлме ішінде таралып қана қоймай, ашық есік-терезе, желдету каналдары арқылы төбедегі қабаттарға таралуы мүмкін.

    Иммунитет. Жаңа туылған балаларда туа біткен баяу иммунитет 6 айға дейін сақталады. Қызылшаға қабылдағыштық өте жоғары: аурумен 1 күн қатынаста болғандардың 43%, 72 сағат қатынаста болғандардың 80%, 4 күн қатынаста болғандардың 100% ауру жұқтырады. Қайта жұқтыру, қайта ауыру болмайды

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    ДСМ ҚР қызылша, қызамық, эпидемиалық паротит ауруларымен сырқаттанушылығын эпидемиялық қадағалауды күшейту бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Науқас адам көбіне үйінде жекешеленеді, ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткішке сәйкес. Қызылша ауруы балалар үйі, мектеп-интернат секілді жабық мекемелерде немесе жатаханада тіркелсе жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.Ошақта қызылшамен ауырмағандар, вакцина егілмегендер 21 күн медициналық бақылауға алынады, 8ші күннен 17ші күнге дейін ұжымнан аластатылады. Медициналық бақылау барысында күнделікті дене қызуын өлшеу, сыртқы терісін, шырышты қабаттарын бөртпелерге қарсы тексеру қажет. Бала бақшаға баратын балалар 8ші күннен бастап жекешелендіріледі. Қызылшамен ауырған балалар, вакцина егілген балалар, үлкендер жекешелендірілмейді, медициналық бақылауға алынбайды. Балалар мекемесінде карантин 21күн. Карантин кезінде топтан топқа ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға болмайды. Вакцина егілмегендерге және егу туралы мәлімет жоқ болғандарға шұғыл түрде вакцина егіледі. 1жасқа дейін балаларға- иммундыглабулин егу қажет.

    Ауруға қарсы ең тиімді шара- бұл вакцина егу.Қызылшаға қарсы вакцина бірінші рет -12, 15 айда, ревокцинация 6-7 жаста егіледі.Егу үшін қолданады:

    • ЖКВ россия, тірі құрғақ вакцина

    • Рувакс-моновакцина Франция

    • ҚҚП тривакцинасы қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы егіледі

    Ошақтағы шаралар:

    1. Науқас адамды ауруханаға жатқызу немесе үйінде жекешелендіру.

    2. Науқаспен жанасқан балалардың егу құжаттарын, №63 алдын ала егу картасын тексеру.

    3. Қатынаста болған бұрын қызылшамен ауырмаған, вакцина егілмеген балаларды 21күн медициналық бақылауға алу, күнделікті дене қызуын өлшеу, бөртпеге қарсы тексеру, вакцина егу, ұжымнан аластату

    4. Бұрын қызылшамен ауырғандар және қызылшаға қарсы вакцина егілгендер медициналық бақылауға алынбайды, ұжымнан аластатылмайды.

    5. Бөлмені жиі желдету, ылғалды әдіспен жинау.

    Қызылша ошағындағы алдын алу шаралары

    Инфекция көзі

    Ауру адам- клиникалық, эпидемиологиялық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу

    Беріліс механизмі

    желдету

    Ылғалды жинау

    Инфекция көзімен қатынаста болғандар

    Қызылшаға қарсы вакцина егу:

    -медициналық бақылау 21 күн

    -термометрия күніне 2рет

    -ұжымнан аластату

    Вакцина егілмегендер:

    -вакцина егу

    -медициалық бақылау 21 күн

    -термометрия күнніне 2рет

    -жанасқаннан 8күннен 17 күнге дейін ұжымнан аластату

    Иммундыглобулин егу, егер вакцина егуге болмаса:

    -медициналық бақылау 21күн

    -термометрия күніне 1рет

    -ұжымнан аластату жанасқаннан 8ші күннен 21 күнге дейін

    Қызылшамен ауырғандар бақылауға алынбайды


    2. 5 жасар Есім, «Алия» балабақшасына барады. 20.02.18 күні қалтырап, температурасы жоғарылаған, интоксикация белгілері болған. 21.02.18 күні дәрігер педиатр баланы қарағанда келесі клиникалық көріністерді анықтайды: тамақтың қызаруын, бадамша бездерінің, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюын. Келесі күні баланың терісі қызарып, денеде ұсақ нүктелі бөртпелер пайда болған. 23-24.02.18 күндері бөрітпелер терінің қызарған жерінде ұсақ розеолаға өзгерген, «Алия» балабақшасын эпид. тексеру барысында келесі өзгерістер анықталды: топта дезинфекциялық тәртіп бұзылысы, бөлмеде желдету жүргізілмеген, сондай-ақ топта 7 бала келмегендігі анықталды, олардың келмеу себебі бақыланбаған және келу журналында тіркелмеген.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Қызамық

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекция көзі - ауру адам. Инфекциялы кезең вирус жұқтырғаннан кейін 7-8 күннен бастап бөртпе шыққаннан кейін 10 күн жалғасады.

    Берілу механизмі – аспирациялы, аэрогенді (горизонталды) және вертикалді. Берілу жолы - ауа- тамшылы. Вертикалді механизммен – анадан балаға жұғады. Жүкті әйелдердің алғашқы 3 айында ауырғаны аса қауіпті, өйткені туа біткен қызамық патологиясымен туылуы мүмкін. Туа біткен қызамық синдромы белгілері: бауыр, көкбауыр үлкеюі, жүрек патологиясы, микроцефалия, өлі туылуы, катаракта. Туа біткен қызамықпен ауырған балаларда вирус 1,5-2 жылға дейін сақталады.

    Инкубациялық кезеңі: 11-24 күн.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    Эпидемиологиялық тексерудің мақсаты инфекцияның көзін, таралу жолдарын және қатынаста болған адмдарды анықтау, індетке қарсы шараларды ұйымдастыру

    Науқас адам клиникалық жіне эпидемиологиялық көрсеткішке қарай ауруханаға жатқызылады. Науқасты жекешелеу бөртпе пайда болған күннен 5күнге дейін. Егер жүкті әйел болса оны 10күнге жекешелеу қажет. Қатынаста болған адамдарға шектеу шаралары қолданылмайды. Ошақта қорытынды дезинфекция жасалмайды, бөлмені жиі желдетіп, ылғалды әдіспен жинау қажет. Бала бақшада тіркелсе карантин берілмейді.

    Қызамыққа қарсы вакцина 12-15 айда егіледі, ревакцинация 6-7 және 15 жаста. ҚҚП тривакцина түрінде егіледі.
    3.Түркістан облысына Пәкістаннан оралман Орман отбасымен көшіп келді. Отбасында: әкесі-43 жаста, шешесі-40 жаста, қызы-16 жаста 6 жасар баласы бар. Әкесінің туыстарында тұрады. Медициналық көмекке және әлеуметтік жеңілдік алуға құжаттар дайындап жүр. Педиатордың қарауында 6 жасар бала іш аймағының ауыруына, әлсіздікке, тершеңдікке, және қолдарының ауыруына шағымданады. Баланың анамнезінде екі күн бұрын температура болғаны анықталды. Сондай-ақ анасының айтуынша, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің жоғалуына, жұтудың қиындығына, баланың әлсіз және жылауық болғандығына шағымданады.Баладене температурасының жоғары болуымен балалар ауруханасынажедел медициналық жәрдем көмегімен егу куәлігінсіз жатқызылды. Баланы қарап тексергенде сол қолының саусақтары қалтырауы, дәретінің бұзылғандығы, баланың мәжбүрленіп отыруы және тұрақсыз қалпы анықталды. Педиатр «жедел әлсіз парез» диагнозын қойды. Қосымша сұрастыру барысында, балаға екпе кезінде қателік жіберілгендіктен екпелерді толық алмағандығы анықтады. Ата-анасы балаға жоспарлы иммунизация жүргізуге қарсылық танытқан.

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Тырысқақ

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекция көзі-науқас адам және вибрион тасымалдаушы. Тырысқақ ауруы барлық кезде қоздырғышты сыртқы ортаға көп мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл мөлшерде бөліп шығарады. Эпидемиологиялық тұрғыдан атипті, жеңіл түріндегі науқастар және сау вибрион тасымалдаушылар таратушы ретінде өте қауіпті, өйткені олар тырысқақ қоздырғыштарын ұзақ уақыт бойы сыртқы ортаға шығарып, ластап отырады. Өт жүйесінде қалып қойған вибриондар тасымалдаушылықтың себепкері болады. Эль Тор вибрионын тасымалдаушылық 9 жылға дейін жалғасуы мүмкін.

    Берілу механизмі - нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: су, тағам, тұрмыстық заттар мен жанасу. Тырысқақтың негізгі таралу жолы- су арқылы. Тырысқақ су арқылы таралса ауырғандар саны 1-2 күн ішінде күрт өседі. Аурудың одан әрі таралуы індетке қарсы шаралардың жылдамда дұрыс, уақытылы ұйымдастырылуына байланысты болады. Тұрмыстық заттар арқылы ыдыстар, лас қол, есік тұтқалары, төсек жабдықтары, шыбындармен таралады. Соңғы кездері Эль-Тор тырысқағы тағам өнімдері арқылы, әсіресе сүт тағамдары, ет, балық, нан, жеміс-жидекпен жиі таралады. Инкубациялық кезеңі: бірнеше саған – 5тәулік.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз. Ошақтағы індетке қарсы шаралар. Тырысқаққа қарсы шаралар 27.09.2010 жылғы ҚР ДСМ Тырысқақ ауруының таралуын алдын алу және індетке қарсы іс шараларын жүргізу мен ұйымдастыру, кешенді шараларды жоспарлау әдістемелік нұсқауына сәйекс жүргізіледі.Тырысқақ ауруы міндетті түрде жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы бокстарға оқшауландырылады, тырысқақ ауруына күдіктілер – провизорлық мақсатта госпитализацияланады. Ошақта эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, жұқтыру жолдарын, аурумен қатынаста болғандарды толық анықтау, ошақтың шекарасын анықтау, және жою шараларын ұйымдастыру қажет. Тырысқақ ошағында төтенше эпидемияға қарсыкомиссия ЧПЭК, медициналық штаб жұмыс істейді, оның мақсаты: аурудың таралу аймағын, шекарасын анықтау, жою шараларын қйымдастыру:

    -ошақтан шығуға, ошаққа кіруге тыйым салынады

    -әрбір үйді аралау жұмыстарын ұйымдастыру арқылы науқастарды және ауруға күдіктілерді ере анықтау.

    -тырысқақ ауруларын арнайы көлікпен ауруханаға жатқызу.

    -іші өткен, құсатын тырысқаққа күдікті адамдарды провизорлық ауруханаға жатқызу, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру

    -аурумен қатынаста болғандарды анықтау, оқшаулау, 5күн медициналық бақылау, 3рет бактериологиялық әдіспен тексеру.

    -шұғыл алдын алу ретінде 5күн антибиотикпен емдеу.

    -көшіп қону арнайы көлікпен жүргізіледі, қызметкерлер 3 типті обаға қарсы киіммен жұмыс істейді

    - қорытынды дезинфекция

    Жіті ішек инфекциясынан қайтыс болған ануқастарды тырысқаққа қарсы бактериологиялық әдіспен тексеру

    -Қоршаған орта обьектілерін тексеру көлемін көбейту, бактериологиялық әдіспен тексеру

    Тырысқаққа қарсы шаралардың бағыты мен көлемі

    Тырысқақ ауруы анықталған жағдайда:

    1.медициналық қызметкерлерінің қорғану шаралары: қорғану киімін кию, қолды жуу, 0,2% хлорамин ерд

    2.СЭҚБ хабарлау

    3.антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес

    Инфекция көзіне бағытталған шаралар:.

    науқас адамды,

    ауруға күдікті адамды,

    вибрион тасымалдаушыны шұғыл ауруханаға жатқызу

    Берілу механизмдеріне бағытталған шара- дезинфекция.


    Құсық, нәжіс.

    Құрғақ хлор әгімен 1:5- 1 сағат залалсыздау

    Құрғақ ДТС ГК 1:10-1сағат залалсыздау

    Құрғақ кальций гипохлоридімен 1:10-1сағат

    5% лизол ерд-мен залалсыздау 1:2-1сағат

    Ыдыстар.

    2% сода ерд-мен 15 мин қайнату

    0,5% хлорамин ерд-е 15 мин залалсыздау

    0,25% ДТС ГК ерд-е 15мин залалсыздау

    Төсек заттары.

    0,2% сода ерд 15мин қайнату

    2% хлорамин ерд 2 сағат залалсыздау

    Тұрғын бөлмелер.

    2,5% ДТС ГК ерд 30мин тазалау

    Хлор әгі ерд 30мин тазалау

    3% лизол ерд 30мин тазалау

    Инфекция көзімен қатынаста болғандарды қорғау:


    Оқшауландыру немесе медициналық бақылау-5күн

    Нәжісті бактериологиялық зерттеу

    Антибиотикпен емдеу көрсеткішке сәйкес


    4.ХКТУ- нің құқық факультетінің 20 жасар студенті, науқастанған жолдасына хал сұрауға барған. 2 күні қалтырау, дене температурасының жоғарылауы, маңдай аймағының қатты бас ауруы, көз алмасының ауруы, буындарының және бұлшықеттерінің ауруы, тамаққа тәбеті төмендеуі басталды. 1 күннің соңында ауру - мұрнының бітелуімен, тамақтың тарылуымен, қурғақ жөтелмен басталды.Дәрігерге қаралғанда науқасты тексеру үшін арнайы фильтр бөлмеге орналастырды, тексеру барысында мұрынның бітелуі және беттің гиперемиясы анықталды.Эпид. анамиезинде студент 1апта бойы салқын сусын тұтынғандығы және кешкі уақытта кафеден тамақтанғандығы, ал түскі уақытта құрғақ тағаммен “тіске басар” тамақтанғандығы, тамақтану режимін сақтамағандығы және құрамында витамині аз мөлшердегі азықты пайдаланғандығы анықталды

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Тұмау

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Инфекцияның таралу көздерi: науқас адам. Науқас адам қоздырғыштарды жөтелу, түшкіру кезінде көп мөлшерде ауаға бөліп шығарады. Аурудың белгілері пайда болардан бірнеше сағат бұрын қоздырғыштар жоғары тыныс алу жүйесінен шығарыла бастайды. Науқас адам аурудың бастапқы 3 күні аса жұқпалы болып келеді, 5-ші күне дейін қоздырғыштардан тазаруы мүмкін, кейбір жағдайларда вирустарды аурудың 7ші күніне дейін табуға болады

    Беріліс механизмі аэрогенді, аспирациялы механизм. Берілу жолдары: ауа-тамшы, ауа-шаң. Берілу факторы: залалданған ауа.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз.

    Тұмаудың алдын алу шаралары

    Індетке дейінгі атқарылатын шаралар

    Барлық халық:

    -санитарлық ағарту жұмыстары

    -дене шынықтыру

    -вакцина егу

    Емханалар:

    -қызметкерлерге вакцина егу

    -дәрігерлермен тұмаудың диагностикасы, емдеуі жөнінде сабақ, дәрістер жүргізу

    -4қабатты бетпердемен қамтамасыз ету

    Ауруханалар:

    -қызметкерлерге вакцина егу

    -дәрігерлермен дәрістер өткізу

    -4қабатты бетпердемен қамтамасыз ету

    -тұмауға иммундыглобулин, ремантадин, интерферон қорын дайындап қою

    Індеттің өршуі кезінде атқарылатын шарала

    Барлық халық:

    - санитарлық ағарту жұмыстары

    -дәрігерлік көмекке ерте бару

    Емханалар:

    -тіркеу бөлімін кеңейту, қосымша сым тетігін орнату

    -көліктерді көбейту

    -науқастарды үйінде қарайтын дәрігерлерді көбейту

    -дене қызуы көтерілген науқастарды бөлек есіктен қабылдау

    Ауруханалар:

    -санитарлық ағарту жұмыстары

    -қабылдау бөлмесінің жұмысын көбейту

    -тұмау ауруларын изоляторға орналастыру

    -бетпердемен жұмыс істеу

    -палаталарды ультро күлгін сәулемен өңдеу

    -жиі желдету

    -тұмауға арнайы дәрі-дәрмектер, әдістер қолдану




    Тұмау, індетке қарсы шаралардың бағыты

    Инфекция көзі

    Ауру адам- клиникалық және эпидемиологиялық қажеттілікке сәйкес ауруханада емдеу

    Беріліс механизмі

    -желдету

    -ылғалды жинау

    -ультрокүлгін саулемен өңдеу

    -ыдыстарды, бет орамалдарды, сүлгіні қайнату

    Қатынаста болған адамдар

    -медициналық бақылау

    -күніне 2рет дене қызуын өлшеу

    -ауруларды ерте анықтау, оңашалау

    -4қабатты бетперде қолдану

    -арнайы алдын алу:ремантадин, иммундыглобулин

    -арнайы емес алдын алу: интерферон, оксолин майы


    5.2017 жылдың қараша айында Асановтар отбасында 13 жасар баласы жөтел, мұрын ағуы, дене температурасының көтерілуімен ауырған. Ата-анасы баланы дәрігерге көрсетпей өздігінен емдеген. Анасы - мүгедек қарттар үйінде мейірбике болып жұмыс істейді, әкесі- мектепте мұғалім. Оқушы толық жазылмастан жөтел қайта басталғандығына, әлсіздікке және тәбеттің болмағандығына шағымданған. Қаңтар айында бала келесі симптомдармен жатқызылды: екі аптаға созылған жөтел, түнгі уақытта терлеу, жауырын астында қатты ауырсыну сезімі. Инфекционист «созылмалы бронхит» деген болжамды диагноз қойды.Эпид. анамнезінде: бала тамыз айының соңында ауылда әжесімен демалған, шикі сүтті пайдаланған, үй жануарларына күтім жасаған және әжесімен бірге тұратын бас бостандығынан айыру орнынан босатылған туысқанынан

    1.Болжамды диагнозды табыңыз; Туберкулез

    2.Эпидемиологиялық сипаттамасын жазыңыз;

    Эпидемиялык процеске сипаттама. Инфекция көзi- өкпелік түрiндегi науқас адам. Эпидемиологиялық тұрғыдан туберкулез таяқшаларын бөлетiн бацилярлы түріндегі ауру аса қауіпті болып саналады, жетелгенде 1 мл қақырыкпен 100.000 микобактериялар шығарылады. Қоздырғышты шығару көлемі инфекциялық процестін белсендiлiгiне және емдеудiң тиiмдiлiгiне байланысты. Инфекция кезі ретінде үй жануарлары болуы мүмкін, әсіресе ірі кара малдар. Сиректеу инфекция көзі ретінде туйелер, ешкілер, шошқалар, үй кұстары болуы мүмкін. Әсіресе сиырлардың желiн туберкулезі кауіпті - 1мл сиырдың сүтінде бірнеше миллион микроб жасушалары болуы мүмкін. Сүтпен катар туберкулез таякшалары ауру малдын қанында, егiнде және баска мушелерiнде кездеседі.

    Берiлiс механизмі- аспирациялы, аэрогендi. Берiлу жолдары: ауа-тамшы, ауа-шан (64-сурет), тұрмыстық-жанасу, алиментарлы. Негiзiнен аэрогендi механизммен, ауа-тамшы, ауыз -шаң жолдары арқылы жұғады. ДДҰ мәлiметiне сәйкес туберкулез ауруы жылына 40 адамга инфекция таратады, оның 10 туберкулезбен ауырады. Туберкулез таякшалары сырткы ортада тезiмдi болғандықтан жанасу және тұрмыста қолданатын заттармен, ыдыс-аяқтар, сүлгi, тесек жабдықтары, кітаптар аркылы таралуына мүмкiндiк туындайды.

    Иммунитет. Туберкулезге инфекциялык иммунитет клиникалык белгiлерi болмай пайда болады, бірақ қоздырғыш көп мөлшерде болғанда аурудан сақтандыра алмайды. Организмде қоздырғыштары болса оны арнайы аллергиялык (Манту) сынама аркылы айқындауға болады. Жұқтырған организмде аллерген енгiзiлген жерде қабыну процесі пайда болады-оң нәтиже береді.

    Туберкулездiң инкубациялык кезенi 3-12 апта.

    3.Алдын алу шараларын ұйымдастырыңыз

    Туберкулезді арнайы алдын алу. Арнайы иммунизацияның максаты - балаларды сактандыру.

    Туберкулез вакцинасының (БЦЖ) кұрамында микобактериялардық авирулентті штамдары бар. Ондай штамды А.Кальмет және К.Герен iрi кара малдардын микобактерияларынан алған. Вакцина натрий глютаминінің 1,5% ерiтiндiсiнде құрғатылган. Бiр ампулада препараттың 20 дозасы болады. Қолданар алдында вакцинаны натрий хлоридінін 0,9% ерітіндісімен сұйылтады. Нәрестелерге вакциналауды туылганнан кейiнгi төртiншi күнге дейiн педиатрдың тексеруiнен соң таңертен егу белмесiнде жүргiзедi. Медициналық қарсы көрсеткіштер (егу жүргiзуге болмайтын жағдайлар): шала туылу (салмағы 1500 грамнан кем немесе бала көтерген уакыты 33 апта), жанұясында тұкым куалаушылық иммундытапшылық болуы. БЦЖ-мен кайталап егу (ревакцинация) 6-7 жаста жүргізіледі. Қарсы көрсеткіштері: бұрын туберкулезбен ауырғаны, БЦЖ-ның бiрiншi мөлшерiне тыртықша пайда болуы, АИТВ инфекциясы. Егуден кейiн асқынулар сирек болады. Әдетте,ондайлар егу техникасын бұзғанда және вакцина ерi астына түскенде пайда болады (терi астының iрiндеуі,ойық жара пайда болу, бездерiнiн ісінуі).

    Егу әдісі, мөлшері: Алғашкы егу жаңа туылған балаларга 0-4 күні, қайта егу 6-7 жаста жүргiзiледi. Егу арнайы егу бөлмесiнде жасалады. Егу бөлмесінде мұздатқыш, термоконтейнер, 1 рет қолданатын туберкулин шприцтерi, егу материалдары болуы керек. Егулер дәрігер педиатрдың мұқият тексеруiнен кейiн жасалады. Егуден кейiн медбике егілген вакцина туралы мәлiметтi (серия, мөлшерi, сакталу мерзiмi, егу мерзiмi) жана туылған баланың картасына және баланың егу куәлiгiне жазады.

    БЦЖ вакцинасы терi iшiне сол иыктың сырткы орта аймағына егiледi. Жана туылған балаларға 0,05мл, 1 жастан жоғары балаларга 0,1 мл. (Ресейде шығарылган вакцина тек 0,1 мл көлемінде салынады). Ревакцинация 6-7 жаста Манту сынамасы нәйкес жасалады. Ревакцинация 1 сынып оқушыларына, жана оқу жылының алғашқы айында мектепке жасалады. Манту сынамасы және БЦЖ вакцинасын егу аралығы 3 күннен кем емес, бiрақ 2 аптадан аспауы керек.

    Егер БЦЖ вакцинасы босану үйінде жасалмай калса, 2 ай ішінде емханада жасалуы тиіс, Манту сынамасынсыз. 2 айдан кейiн БЦЖ вакцинасын егу алдында Манту сынамасы жасалуы керек.

    Егер 1 жасқа дейінгі балаларда БЦЖ вакцинасын егу белгілері болмаса, 6 айдан кейін кайта егу керек (Мантусыз). 1 жастан үлкен баларға кайта егу алдында Манту сынамасы жасалады.

    БЦЖ вакцинасы карангы жерде сақталады. БЦЖ вакцинасы ерітілгеннен кейін 6 сагат iшiнде қолданылуы тиiс. 6 сағаттан кейін вакцина қалдықтары 30 минут қайнату немесе 2% кальций гипохлориді ерітіндісіне 2 сағатқа батыру арқылы залалсызданады.

    Вакцинаны колдануға болмайды, егер:

    1. ампула сыртында жапсырмасы болмаса немесе жазулары анык көрінбесе.

    2. қолдану мерзiмi етiп кетсе;

    3. физикалык касиеттері өзгерсе (түсi, түрi, кұрамы өзгерсе);

    4. бөгде заттар болса немесе толық ерiтiлмесе. Вакцина салынган жерді байлауға, йод ерiтiндiсiн жағуға болмайды. Егу салынган жерде 5-10мм ортасында түйiн қабықшасы бар арнайы инфильтрат пайда болады.

    Егуден кейінгі асқынулар:

    1. Тері астындағы сулы абцесс

    2. Жаралану

    3. Егуден кейінгі лимфаденит

    Туберкулез ошақтарында жүргiзiлетiн iндетке карсы алгашкы шаралар.

    Ошақтагы шаралар үшке бөлiнедi: алғашқы, кезектi және қорытынды.

    Алғашқы шараға наукасты оқшаулау және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады.

    Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алгашкы 3 кун iшiнде ошақта эпидемиологиялық тексеру, алғашкы дезинфекция жүргізіп, эпидемиологиялық тексерудін картасы (330-у) толтырылады.

    Ошақты алғаш аралағанда науқасты және онын жанұя мүшелерінің деке куәліктерінің мәліметтерін анықтау өте маңызды. Науқас әртүрлі жерлерде тұратын болса немесе тіркелеген болса, кезекті жүргізілетін шаралардың мәселесі толығымен мекен- жайларды толығымен аралағаннан кейін ғана шешіледі.

    Медицина қызметкерлері ошақты толығымен тексергеннен кейін, науқастың жанұя мүшелерінің тазадық, әлеуметтік және басқада өмір жағдайларын ескере отырып, сауықтыру шараларының жобасын құрады.

    Ошақты тексергеннен кейін оны сауықтырудың жобасын құрады.

    Ошақты сауықтыру жобасына кіретіндер:

    1. наукасты окшаулап емдеу:

    2. балалар мен жасөспірімдерге нұскау бойынша алдын алулар жүргізу

    3. наукасты, жанұя мүшелерін жеке бастың тазалығына үйрету;

    4. катынаста болған жандарды тексеру;

    5. ересек катынаста болғандар мен науқастарға iндетке карсы срежелерді үйрету және алдынгы кезекте дезинфекция шараларын жүргізу

    Наукаска «Туберкулезге карсы мекеменiң диспансерлік аймағының картасы» - ТБ 16 форма атты медициналык карта толтырылады.

    Дәрігер туберкулез инфекциялық ауруының ошағы жөніндегі мәліметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргізілетін шаралардын мәліметтерін аймақтық медбикенің картасына (No93 формасы) тiркеуi кажет.

    Ошақтағы күнделікті дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлуші науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргізіледі. Бұл шаралар санитарлык эпидемиологиялық жүйенi жобалау мен емдеу, мал дәрiгерлiк негiзде жүргізіледі.

    Ошақта жүргізілетін шаралар:

    1. күнделiктi дезинфекция; балаларды оқшаулау, онын iшiнде жана туылған нәрестелердi;

    2. қатынаста болғандарды тексеру;

    3. наукасты, жанұя мүшелерiң жеке бастың тазалығына үйрету;

    4. тұрмыстағы санитарлық-гигиеналык жағдайды жаксарту;

    5. емханалық негiздегi науқастың емiн және катынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдын алуды бақылау.
      1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта