ИММУНОЛОГИЯ РК 1. 1. Иммунология пні мен масаты. Иммунология дамуыны тарихи кезедері. Иммунология сзі лат imunis бос, logos оыту,ілім,ылым. Иммунология
Скачать 87.08 Kb.
|
Топтық антигендік арнайылық – даралардың бір түрінің ішіндегі әр-түрлі топтардың ерекшелігі. Мысалы ретінде, адам эритроциттерінің изоантигендік жүйесі жатады, олар 15-тен астам, ал қүрамына 100 шамасында антигендер кіреді; олардың негізгісі қан тобындағы АВО жүйсенің изогемагглютиногендері. Лейкоциттердің изоантигендік жүйесі (HLA), мүшелер мен тіндердің ауыстырып салуында маңызды орын алады, ол антигендердің гистосәйкестік жүйесі деп аталады. Ағзаның мүшелерін ауыстырып салғанда (трансплантация) күшті гистосәйкестік антигендердің минималды айырмашылығына негізделіп, сәйкес донор мен реципиент таңдалады. Гранулоциттердің және тромбоциттердің изоантигендік жүйесі гемотрансфузия мен трансплантация кезінде маңызы бар. Изоантигендердің болуы ағзаның түрішілік жеке дара ерекшеліктерінің дәлелі болып табылады. • Тіндік арнайылық – бір ағзаның әр түрлі тіндеріндегі антигендік айырмашылық (миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендері). • Сатылық арнайылық - ор даму сатысында тұрған жасушалардағы антигендік айырмашылығы. Мысал ретінде, эмбрион антигендерін (афетопротеин немесе сүйек кемігінің бағаналы жасушаларында және Влимфоциттердің барлық дифференциялану кезеңдерінде болмайтын плазмалық жасушалардың антигені – РС-антигенін) алуға болады. РСантигені, тек антидене түзу кезінде плазмалық жасушаларда пайда болады. • Антигендердің органоидтық арнайылығы - әртүрлі жасушалар органоидтарының антигендік айырмашылығы (ядро, митохондрия, және т.б.). 12. Гуморалды иммунитет жүйесінің құрылысы мен қызметтері. В-лимфоциттердің дифференциялануы, В.лимфоциттердін рецепторторлары мен маркерлері. Тимустәуелді және тимустәуелсіз антигендерге гуморалды иммунды жауап. Гуморалды иммунитет жүйесі — антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы фагоциттер жүйесімен тығыз қарым-қатынасуына байланысты болады. Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасушалары антидене синтезіне жауапты В-лимфоциттер болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық комплексі түзілуіне байланысты. Иммундық комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және/немесе жойылады. Бұл негізі үш тәсілге байланысты: бейтараптау (нейтрализация), комплемент жүйесінің активтенуі және фагоцитоз. Сонымен, антидене гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі эффекторлы бөлігі болып табылады. Антидененің негізгі қызметі - антигенді арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененің арнайы әсерлесуі олардың арасындағы комплементарлық пен кеңістіктік сәйкестікке негізделген. В-жүйенің шеткері мүшелеріне көкбауырдың, лимфа түйіндердің және басқа (бадамша бездер, аденоидтар, ішектің пейер табақшалары, аппендикс) лимфоидтық түзілімдерің тимустәуелсіз аймақтары жатады. Бүл В-лимфоциттердің көп шоғырланған аймақтары, ал тимустәуелді аймақтарда қан айналым арқылы айырша безден көшкен Т-лимфоциттер орналасады. Негізінде ол бастапқы даму кезеңін сүйек кемегінде өтіп, шеткері лимфа мүшелеріне орналасатын толық жетілмеген жасушалардан тұрады. Лимфоидтық мүшелерде антигенмен байланысудан кейін, В лимфоциттер соңғы дифференциалану кезеңінен өтіп, антигенге қарсы антидене синтездеуде негізгі қызмет атқаратын плазмалық жасушаларға айналады. Ең біріншіден, гуморалды иммунитет жүйесі жасушадан тыс бактерия мен вирустарға қарсы белсенді болады, сондықтан оның негізгі қызметі инфекцияға қарсы иммунитет құруы болып табылады. В-лимфоциттердің шығуы мен дифференциялануы. В-лимфоциттер дифференциялануының негізгі кезеңдері: 1. Сүйек кемегiнiң көп қабілетті бағаналы жасушалары (КҚБЖ) 2. ДБК- лимфоциттердің бастаушы жасушалары (жалпы лимфопоэз бастаушысы) 3. Бастаушы В-лимфоциттер (б-В) 4. Во-лимфоциттер 5. В-лимфоциттер 6. В-лимфоциттер Сүйек кемегіндегі антигентәуелсіз дифференцияланудың кезеңдері: КҚБЖ » ЛБЖ -- бастаушы-В-лимфоциттер » Во В-лимфоциттердің негізгі рецепторлары және маркелері: В-лимфоциттердің бетінде келесі рецепторлар анықталған: • антигентанушы иммуноглобулиндік рецепторлары; • тышқан эритроциттеріне сай рецепторлар; • C3b-рецепторлар (комплемент жүйесінің С3b-фрагментіне) • Fc-рецепторлар (иммуноглобулиндердің F-фрагментіне) • Па-рецепторлар (HLA-комплексінің DR-нәруызына) В-митогендерге сай рецепторлар (декстран сульфаты, полисахаридтер, бактериалды липополисахаридтері, т.б.) • Эпштейн-Барр вирусына арналған рецептор (жұқпалы мононуклеоз қоздырғышы) 13. В-лимфоциттердің антигентәуелсіз және антигентəуелді дифференциялануы. Диференциялану үрдісі кезінде иммунды жауапка қабілеті. В-лимфоциттердің рецепторлары. Иммунитеттің шеткері мүшелерінің тимустәуелсіз аймақтарында өтетін антигентəуелді дифференцияланудың кезеңдері: В-лимфоциттер - В-лимфоциттер. В-лимфоциттердің бастаушысы, басқа қан жасушалары тәрізді, сүйек кемегiнiң көп қабілетті бағаналы жасушасына жатады. Барлық Т- және Влимфоциттердің жалпы бастауышы – жартылай бағаналы жасушалы кезеңі арқылы бастаушы В-лимфоциттер пайда болады, олар кейіннен жетілмеген Во-лимфоциттерге айналады. Бұл дифференциялануы сүйек кемегінде бөгде антигенмен байланыспай тұрып өтеді. Во-лимфоциттер қан айналым арқылы көшіп, шеткері лимфоидты мүшелердің тимустәуелсіз аймақтарында қоныстанады. Сол жерде Bлимфоциттердің әрі қарай жетілуі мен дифференциялануы өтеді, сөйтіп организиге түскен антигендермен байланысу арқылы, олар иммунологиялық серпілістерге бейімділігін алады. В0-лимфоциттердің - бүл Иммунологиялық жетілмеген лимфоциттер популяциясы. Олардың бетінде тек мкласына жататын иммуноглобулиндік антигентанушы рецепторлары орналасады. Олар белсенді орталықтары сыртқа қарап, В-лимфоциттердің плазмалық мембранасында тіркелді, бірақ ол рецепторлардың тығыздығы Во лимфоциттерде өте төмен болады, сондықтан олар антигенмен толық байланыса алмайды және шеткері қанға иммуноглобулиндерді синтездемейді. Во-кезеңі В-лимфоциттердің клондар қүрылу кезеңіне сай келеді. В-лимфоциттер клондары – ол бетінде бір арнайылықты иммуноглобулиндік рецепторлары бар лимфоциттер тобы. В1-лимфоциттер - бұл шеткері В-лимфоциттердің жартылай жетілген дифференциялану кезеңі. Олардың бетінде де рецепторлы м иммуноглобулиндері болады, бірақ олардың тығыздығы Во кезеңіне қарағанда, бірнеше рет жоғары болады. В-лимфоциттер тимустәуелсіз антигендерге қарсы шеткері қанға иммуноглобулин мсинтездейді; ол біріншілік иммунды жауаптың негізі болып саналады, бірақ сонымен қатар В-лимфоциттер макрофагтармен және Т-лимфоциттермен кооперацияға түсе алмайды, сондықтан тимустәуелді антигендерге антидене синтездей алмайды. В1-лимфоциттерге беткері СD5 маркері тән. CD5* B-жасушаларда арнайылығы төмен иммуноглобулиндік рецепторлар бар және олар бактериялық полисахаридтік антигендерімен байланысу қабілеті жиі көрінеді. В2-лимфоциттер – бұл популяция жағынан көп, иммунды хабарлы жетілген жасушалардан тұратын популяциясы. В2-лимфоциттер бетінде (дифференциялаушы) иммуноглобулин D-рецепторы пайда болады, ол лимфоциттердің жетілгендігін көрсетеді. Сонымен қатар, В,лимфоциттердің бетінде барлық иммуноглобулиндердің кластарына жататын антигентанушы рецепторлары пайда болады. В-лимфоциттер кезкелген антигенге қарсы (тимустәуелді және тимустәуелсіз) жауап қайтарады және барлық иммуноглобулиндерді синтездей алады, ол – екіншілік иммунды жауаптың негізін қүрады. В2-лимфоциттер тек иммуноглобулиндер синтездейтін плазмалық жасушаларға айналмайды, сонымен қатар олар антиген жайлы хабар сақтай алатын еске сақтаушы В-лимфоциттерге де айналады. Организмге қайта антиген енгенде, еске сақтаушы В-лимфоциттер көмегімен антиген тануы жеделірек жүріп, сай келетін В-лимфоциттер клоны көбейіп, антигенге қарсы арнайы антиденелер синтезделінеді. В2-лимфоциттер кезеңінде антигентəуелді дифференциялану нәтижесінде, белгілі антигенге әсер көрсетуші В-лимфоциттер клонының әр қайсысының ішінде кезекпе-кезек иммуноглобулиндердің молекулаларының ауыр тізбегінің синтезін кодтаушы гендердің алмасуы соңында, В-лимфоциттердің негізгі төрт тобы пайда болады олар IgM, IgG, IgE, IgA-ң синтезделінуімен секрециясын жүзеге асырады. Дифференциялану кезінде бірінші болып бетінде IgD және IgM орналасқан В-лимфоциттер тобы пайда болады, кейін олар М иммуноглобулинды сыртқа синтездейді. Содан кейін, дифференциялану кезінде гендердің алмасуы нәтижесінде бетінде IgD және IgG бар В-лимфоциттер тобы құрылады, олар берілген антигенге қарсы IgG синтездейді. Үшінші болып - бетінде IgD және IgE бар, IgE синтездейтін В-лимфоциттер тобы қүрылады; ал еің соңғы төртінші топқа - бетінде IgD және IgA бар В-лимфоциттер кіреді, олар IgA түзуші плазмалық жасушаларға айналады. В-лимфоциттер бетіндегі IgD тек мембранамен байланысқан түрінде болады, қалыпты жағдайда сыртқа өте аз бөлінеді. Бұл иммуноглобулин әсері толық зерттелмеген, бірақ В-лимфоциттердің бетінен алынып тасталса, онда оның тимустәуелді антигенге әсер ету қабілеті төмендейтіндігі эксперимент түрінде дәлелденген. Сөйтіп, организмге кез-келген антиген түскенде (тимустәуелді және тимустәуелсіз) гуморалды жауап кезінде антигенге қарсы бірінші IgM синтезделінеді, ал содан кейін басқа кластарының иммуноглобулиндері — IgG, IgE, IgA синтезделінеді, бүл организмнің тіндері мен мүшелерінің эффективті қорғанысын қамтамасыз етеді. 14. Иммуноглобулиндердің құрылысы мен қызметтері, олардың иммунологялық реакциялардагы маңызы. Біріншілікті және екіншілікті иммунды жауап. Иммунологиялық есте сақтау. Иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы Адамда иммуноглобулиндердің 5 негізгі кластары бар: G, M, A, D, Е. Бүл иммуноглобулиндер кластарының әр қайсысы өзіндік құрылысты болады және белгілі бір жұмыс атқарады. Олардың барлығы екі түрлі полипептидті тізбекті жинақталған агрегаттардан тұрады, оның бір тізбегі – “жеңіл”, екіншісі – “ауыр” деп аталып, Hжәне Lәріптермен белгіленеді (ағылшынның “heavy” мен “light” сөздерінен). н және L тізбектері бөлек синтезделінеді, ал Ig молекуласының жасалуы Гольджи комплексінде жүзеге асады. Кластардың айырмашылықтары ауыр тізбектердің құрылысына байланысты болады. Домен – бұл 110-120 амин қышқылынан тұратын тізбек аумағы. Барлық домендер үқсас қүрылымды, олар ішкі дисульфидтік байланыс арқылы түрақтанады. Ауыр және жеңіл тізбектердің N-ұштық домендері вариабелді деп аталады және Vн, V. деп белгіленеді, олардың аминқышқылдық құрылымы иммуноглобулиндердің әр түрлі антигендік ерекшелігіне байланысты болады. Антигендік детерминантаны (гаптенді) байланыстырушы белсенді орталықтар жеңіл және ауыр тізбектердің вариабелді аймақтарынан тұрады (V, және VL-домендері).Антигендермен тікелей байланысатын – ол V-доменнің гипервариабельді аймағының амин қышқылдары. Белсенді орталығындағы ауыр және жеңіл тізбектерінің өзгермелі аймақтары араларының түрі белгілі гаптендік тобына сай болады. Қалған домендер иммуноглобулиндер класына сай шектеулі тұрақты қүрылымнан тұрады және C-домен деп белгіленеді (constant сөзінен). Жеңіл тізбектегi C-домен Сі деп белгіленеді, Н-тізбектегi C-домендер СНІ, CH, және CH; деп белгіленеді. Протеолитикалық (ерігіш) ферменттер әсерінен иммуноглобулин молекуласы 2Fab және Fc фрагменттеріне бөлінеді. Белсенді орталығы бар фрагменттері Fab-үзіндісі (Fabi, Fab.) деп аталады. Fab-Fragment antigen binding – антигенбайланыстырушы фрагментінің құрамына Vн, Сн, VL, CL домендері кіреді. Тұрақты домендерден тұратын 2 ауыр тізбек (CH, және CH3) Fcфрагмент деп аталады. Fab және Fc фрагменттердің арасындағы аумақ шарнирлі деп аталады, себебі ол антиген байланысу кезінде, сонымен қатар, рН өзгеруі және Fab-үзіндісінің иондық күші ортасында Fcүзіндісінен өтетн өсіне қарағанда 90 градусқа айналады. Fab және Fc-фрагменттердің қызметтері Fab-фрагменттің негізгі қызметі — антигенді байланыстыру, себебі оның құрамына Ig молекуласының белсенді антигенбайланыстырушы орталық кіреді, ол жеңіл және ауыр тізбекті Vн және VL домендерінен құралған. Fc-фрагменттің қызметтері: 1. Иммуноглобулиндердің әртүрлі кластары Fc-үзіндісінің құрамы бойынша ерекшелінеді. 2. Fc-үзіндісінің көмегімен иммуноглобулиндер молекулаларының полимерленуі өтеді (мысалы, секреторлы IgA димер және тример түзеді, IgM - пентaмер). 3. IgM, IgG, IgGз Fc-үзіндлерінде шарнирлі аумақ арқылы антиген байланысуы кезінде құрылымдық өзгеріс өтеді. 4. Fc-фрагменті көмегімен В-лимфоциттердің плазмалық мембранасына иммуноглобулин молекуласы тіркеледі де, антигентанушы рецептор қызметін атқарады. 5. Организмнің көптеген жасушалар бетінде әртүрлі lg класына арналған Fc-рецепторлары бар. Иммуноглобулиндердің изотиптері, аллотиптер және идиотиптері Изотип деп иммуноглобулиндердің топтары мен топтастары арасындағы антигендік айырмашылықтарын атайды. Біртүрлі иммуноглобулиндердің изотиптері бірдей. Изотиптердің айырмашылығы иммуноглобулиндердің Fc-фрагменттерінің құрылыс ерекшеліктеімен көрсетіледі. Адамдар иммуноглобулиндері бірнеше негізгі топтары мен изотиптерінен тұрады, оларды IgM, IgG (G1,G2,G,G4), IgA (A1,A2), IgD IgE деп белгілейді.. Аллотиптер деп иммуноглобулиндер құрылымындағы аллелдік айырмашылықтарын айтады. Бұл генеткалық қадағаланушы иммуноглобулиндер полиморфизмінің көріністерінің бірі, оларда біртүрiлiк сәйкес Ig изотиптерден тұрады, бірақ әртүрлі индивидуумда құрылымы жағынан әртүрлі болады «Идиотип» терминін алғашында Oudin (1966) енгізген, ол антидененің антигендік дара арнайылығын көрсетеді. Иммуноглобулиндердің идиотиптік арнайылығын анықтаушы антигендік детерминанталары гетерогендік, гомологиялық және аутологялық антиденелер көмегімен анықталады. Иммуноглобулиндер идиотиптері берілген индивидуумдағы В лимфоциттердің әр-бір клондары синтездеген түрлі класс иммуноглобулиндер молекулаларының антигендік айырмашылықтары көрсете алады. Ол антигендік айырмашылықтар жеңіл және ауыр тізбектердің гипервариабелдік домендерінің өзгеше аминқышқылдық құрамымен анықталады. Антиидиотиптер. Антиидиотиптік тор. 1974 жылы Н.Ерне ашқан теория бойынша иммунитеттің гуморалды факторлары өзара және сәйкес клондардың иммунхабарлы жасушаларының антигентанушы рецепторларымен әрекеттесетін идиотиптер торын қүрады. Иммунды жауаптың торлық реттелу теориясын өндеген үшiн Н.Ерне 1986 жылы Нобель сыйлығына ие болған. Теорияның негізіне антигеннің детерминантасына қарсы түзілген антиденелердің активтік орталықтары антиген детерминанталарына ұқсас идиотипті иммуноглобулиндер синтезін шақырады деген ұғым қойылған. Сарысулы иммуноглобулиндердің 5 класы (тобы) бар; IgM, IgD, IgG, IgA, IgE. Жатырішіліктің 11-12 аптасында сүйек кемегінің жұмысы басталады. Онтогенездің алғашқы кезеңінде Влимфоциттердің бетінде бірінші IgM пайда болады, кейін оның тығыздығы азайып, IgD пайда болады, содан кейін – IgG, IgA, IgE. Плазмалық жасушалар пайда болғанымен, антиденелердің синтезделу қабілеті жүктіліктің 10-12 аптасында анықталады. IgM. IgM ауыр тізбегі 5 доменнен тұрады. IgM түрақты C домендерінің құрылыс ерекшеліктері көмегімен пентамeр қүрады. IgM макроглобулин деп атайды. Оның молекулалық салмағы 900000 дальтонға (Д) жуық. IgM қарапайым иммуноглобулиндерге жатады және ол ең төменгі дәрежелі арнайылығымен сипатталады. Ол жатырішілік жетілуде және гуморалды жауапта ең бірінші синтезделеді. IgM қызметтері: • В-жасушалардың бетінде IgM пайда болуы IgM-рецепторлардың туылуын көрсетеді және олар B-жасушалардың ары қарай дифференциялануының белгісі болып, антигенмен (тимустәуелді) байланысуға мүмкіндік береді. В-лимфоцит бетінде рецепторлық IgM мономерлі түрінде болады. • Сарысуда IgM пентамерлі түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда адамның сарысуында 2,0 – 4,0 г/л болады. 10 белсенді орталықтың болуы 10 біркелкі антигендік детерминанталарын байланыстыра алады, бірақ молекулалық кеңістіктік құрылысы себебінен, антигенмен пентамерлі құрылысының 5 белсенді орталығы байланыса алады. Антигендік детерминантасы мен белсенді орталықтың туыстығы өте төмен болса да IgM эффективты агглютиноген болып табылады. IgM пентамер болғандығынан, комплемент жүйесінің классикалық жолмен ең эффективті активаторы болып келеді (CH, арқылы). Плацентада IgM-ге Fc-рецепторлар жоқ және үлкен молекула болғандығынан IgM плацента арқылы өтпейді. Пентамeрдің үлкен көлемдігі экстраваскулярлы антигенге қызметін қиындатады, яғни IgM молекуласы тіндерге өтпейді, тек қан айналымда тамыр ішінде жүреді. IgG. IgG – негізгі сарысулық иммуноглобулинге жатады. Оның молекулалық салмағы 150000 Джуық.. IgG преципитация, агглютинация серпілістеріне және лизиске қатысады (IgM-нен қарағанда, комплемент жүйесін бәсеңірек активтейді). Қалыпты жағдайда адамның сарысуында 8-20 г/л тең. IgG-дің ауыр тізбегі 4 доменнен тұрады, IgG-нің белсенді орталықтары антигенге жоғары авидтілікпен сипатталады. IgG синтезделу үшін В-лимфоциттер Т-жасушалар және макрофагтармен байланысу керек, яғни ол негізінде тимустәуелді антигендерге қарсы жауабында түзіледі. IgG IgM түзілуіне қарағанда, кеш басталады және иммунды жауаптың 2-ші фазасында артық болады. IgG Плазмалық жасушалар шығатын бастаушыларында антигенмен қайта байланысу арқылы пайда болады. Адамда көптеген нәруыздық антигендеріне екіншілік иммунды жауабы сарысуда шамалы анықталатын барлық төрт IgG топшаларының түзілуімен жүреді. IgG қызметтері: полимерленбейді. IgE комплемент жүйесін активтемейді, агглютинацияда қатыспайды. • Шарнирлі аумағының құрылысы жағынан. Адамдағы IgG2, IgG4 шарнирлі аумағының конформациясы Fab-фрагментінің СН,-домендің жанында шоғырлануын қамтамасыз етеді, сондықтан IgG, IgG4 антигенмен байланысқан соң, комплементпен (CI) байланысу қабілетін жоғалтады. IgG, IgGз – шарнирлі аумағы қүрылысы жағынан өзгеше, сондықтан олар комплемент жүйесінің классикалық жолының белсендіргіштері болып табылады. • IgG иммунды комплекс қүрамында фагоциттердің Fcрецепторларына берік тіркеледі, нәтижесінде фагоцитоз күшейеді. • IgG плацента арқылы өтеді, оның өтуі белсенді тасымалдану механизмі арқылы іске асады. IgG нәрестенің бәсең иммунизациясында басты рөл атқарады Бұл әсері 3 ай бойы сақталады, нәресте организмінде өзіндік IgG түзілуі басталған уақытқа дейін. |