Главная страница
Навигация по странице:

  • Иммундық жүйенің шеткі мүшелері

  • 8. Кілегейлі қабықпен, ішекпен, өкпемен және терімен жанасқан лимфоидты тіндердің ерекшеліктері. Иммунды үрдістердегі жергілікті иммунитеттің маңызы. (ответ с инета)

  • 9. Антигендер, олардың түрлері және сипаттамалары. Антигендер

  • Бiрiншiлiк

  • Патологиялық, немесе екiншiлiк, аутоантигендер.

  • Айқаса әрекеттесетiн антигендер немесе гетероантигендер

  • Кешендiк вирусөндiрушi антигендер.

  • 10. Антигендердің анықтамасы және олардың химиялық табиғаты. Антигендердің бөгделілігі, антигендігі, иммуногендігі және ерекшелігі туралы түсініктер. Антигендер

  • Тiндiк арнайылық

  • 11. Антигендерді детерминант эпитоп және антигенді тасымалдаушы түсінігі. Антигендік ерекшелілік түрлері-түрлік, типті ерекшелілік, топтық, тіндік, сатылық, органойдты және т.б.

  • Антигендік арнайылықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық (типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық, органоидтық. • Түр-аралық арнайылық

  • ИММУНОЛОГИЯ РК 1. 1. Иммунология пні мен масаты. Иммунология дамуыны тарихи кезедері. Иммунология сзі лат imunis бос, logos оыту,ілім,ылым. Иммунология


    Скачать 87.08 Kb.
    Название1. Иммунология пні мен масаты. Иммунология дамуыны тарихи кезедері. Иммунология сзі лат imunis бос, logos оыту,ілім,ылым. Иммунология
    Дата18.01.2022
    Размер87.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИММУНОЛОГИЯ РК 1 .docx
    ТипДокументы
    #334471
    страница3 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Сүйек кемiгi – иммундық жүйенiң қан айналымы мен орталық

    мүшелердiң қызметтерiн бiрiктiретiн мүше, ол көп қабiлеттi бағаналы

    жасушалардың, яғни барлық қан жасушаларының көзi болып табылады.

    Көп қабiлеттi бағаналы жасушалардан (КҚБЖ) пайда болатын жасушалар: эритроидтық, одан эритроциттер түзiледi; миелоидтық, одан нейтрофилдер, моноциттер, базофилдер, эозинофилдер түзiледi; мегакариоцитарлық – тромбоциттер түзiледi; лимфоидтық – екi жасушалық сызық: Т-лимфоциттiң және В-лимфоциттiң iзашарлары пайда болады.

    Сүтқоректiлерде сүйек кемiгi В-лимфоциттердiң негiзгi түзiлу ортасы болып табылады.

    Гуморалдық иммунитеттiң орталық мүшесi алғашқыда құстарда –

    Bursa Fabricius – Фабрициус қапшығында табылған. Онда антидене түзетiн

    лимфоциттердiң дамуы жүредi. Даму орнына байланысты осы

    лимфоциттер В-лимфоциттер атына ие болды. Гуморалдық иммунитеттiң барлық жүйесi В-жүйесi деп аталады. Кейiнiрек,сүтқоректiлер мен адамдарда гуморалдық иммунитеттiң орталық мүше жүйесiнiң қызметiн сүйек кемiгi атқаратыны белгiлi болды. Ағылшынша ол Bone marrow деп аталады, демек В-жүйесi мен Влимфоциттердiң (бұрынғы және қазiргi) аталуы сәйкес келедi.

    Тимус (айырша без) деп, тимиан өсiмдiгiнiң жапырағына және

    айыршасына ұқсас болғандықтан аталған. Тимус филогенетикалы ежелгi

    лимфоидтық мүше, онда лимфоидтық жүйенiң түзiлуi мен қызметiнiң

    реттелуi және де жасушалық иммунитеттiң дамуы жүредi.

    Тимус алдыңғы көкiрекаралықтың жоғары бөлiмiнде, төстiң артында,

    жүрек үстiнде орналасқан. Ол екi бөлiктен тұрады, әр бөлiгi капсуламен

    шектелген, одан тiннiң iшiне қарай, бөлiктi бөлшектерге бөлетiн перделер

    орналасқан. Әр бөлшектiң шетiнде субкапсулалық және қыртыстық

    қабаттар, ал ортасында – милық қабат ажыратылады.

    Тимус маңызды эндокриндiк мүше болып табылады. Тимустың

    гормондары кальций мен фосфор метаболизмiне, глюкозаның алмасуы

    мен утилизациясына, бұлшықет тонусына, бойға және жыныстық жетiлуге

    әсер ететiнi анықталған. Бірақ тимустың ең негізгі эндокриндік қызметі –

    иммуногенезге реттегіштік әсер етуі. Сонымен бірге, тимустың

    гормондары, тимустың өзінің ішіндегі және одан тыс лимфоциттердің

    дифференциялану үрдісіне ықпал жасай отырып, шеткi лимфоидтық

    мүшелерде Т-лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуін реттейдi және де сүйек

    кемiгiнде Т-лимфоциттер ізашарларының дифференциялану үрдiсiне әсер

    етеді. Тимус гормондарының бірнеше негізгі топтарын ажыратады.

    Біріншіден, тимустың қыртысында Т-лимфоциттер ізашарларының

    дифференциялануының алғашқы кезеңдеріне әсер ететін І және ІІ топтағы

    тимопоэтиндер. Екіншіден - тимозин туыстастығының гормондары

    (тимозин αI с м.м. 3108; βI с м.м. 8451; β2 с м.м. 4982 және т.б.). Бұл

    гормондар өте көп мөлшердегі глутамин және аспарагин қышқылынан

    тұратын салыстырмалы орташа молекулалық салмақты полипептидтер

    болып табылады. Олардың Т-лимфоциттердің дифференциялану үрдiсiне

    әсер механизмi, жасушаның маңызды реттегіштік жүйесi болып

    табылатын, лимфоциттердің циклдік нуклеотидтер (цАМФ, цГМФ)

    жүйесіне әсер етумен байланысты.

    Тимуста тимопоэтиндер мен тимозиндерден басқа, лимфоциттердің

    миграция, дифференциялану және пролиферация үрдiсiне әсер ететін

    бірнеше гуморалдық факторлар түзiледi. Бұл мысалы, тимикалық

    гуморалдық фактор, тимикалық сарысулық фактор және тағы басқалары.

    Тимустың эпителий жасушалары, сонымен бірге цитокиндер түзедi:

    ИЛ-1, 6 және 7, колонистимулдеуші факторлар (ГМ-КСФ, Г-КСФ, МКСФ). Осы цитокиндер арасында тимоциттер дамуы үшін маңыздысы

    ИЛ-7 болып табылады, тимустағы қалған цитокиндердің әсері өзара

    алмастырушылық.

    Иммундық жүйенің шеткі мүшелері

    Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады. Бұл мүшелердiң тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады. Иммундық жүйенің шеткi мүшелер жүйесінiң ұйымдастыру негізінде жергілікті қағидалар жатыр: әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан айдау жолдарында кедергі болады (көкбауыр) немесе ағзаның ішкі ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады (тері және шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін).

    Шеткi мүшелерде антигендермен жанасу арқылы лимфоциттердің соңғы пiсiп-жетілуі – антигенге тәуелді дифференциялануы жүреді, нәтижесінде сәйкес антигендерге иммундық жауап шақыратын, пiсiп-жетілген иммунды хабарлы лимфоциттер түзіледі. Сонымен бірге, шеткi мүшелерде көптеген антигендерге иммундық жауаптың маңызды кезеңi болып табылатын Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың кооперациясы жүреді. Нәтижесінде В-лимфоциттер антидене түзетiн плазмалық жасушаларға дифференцияланады. Осылайша, шеткi мүшелерде иммундық жасушалар өздерінің әсерін жүзеге асырады, осы кезде лимфоциттердің антигендермен байланысы iске асырылады және иммундық жауап дамиды.

    8. Кілегейлі қабықпен, ішекпен, өкпемен және терімен жанасқан лимфоидты тіндердің ерекшеліктері. Иммунды үрдістердегі жергілікті иммунитеттің маңызы. (ответ с инета)

    Жергілікті иммунитет - сыртқы ортамен жанасатын беттерді бөгде биологиялық агенттерден қорғайтын құрылғылар кешені. Осылайша, жергілікті иммунитет дененің ішкі ортасының тұрақтылығын, оның тұтастығын сақтауға қатысады және жалпы иммунитеттің бөлінбейтін және бағынышты бөлігі болып табылады. Бұл жүйе сонымен қатар жұқпалы аурулар қоздырғыштарының науқастан сау адамға таралуын болдырмауға қатысады. Жергілікті қарсылықты тек қана антиденелердің әсерімен төмендетуге болмайды және күрделі кешенді сипатқа ие. Ол бір -бірінен ерекшеленетін қорғаныс құралдарына негізделген. Олардың кейбіреулері туа біткен және ағза осы аурудың қоздырғышымен кездескеніне қарамастан, үнемі өмір сүреді. Оларға вирустар мен бактериялардың патогендік белсенділігін басатын (тежейтін) тыныс алу және асқорыту жолдарының ішкі қабаты бездерінің секрециясында болатын кейбір ақуыздар жатады. Әр түрлі микроорганизмдерді (макрофагтарды) сіңіретін және қорытатын жасушаларды да осындай бейімделу деп санауға болады. Бейімделудің басқа түрлеріне арнайы жауап беретін Т-лимфоциттер мен антиденелер жатады.

    Жергілікті иммунитет тері,кілегейлі қабық, мүшелерді вирустар,бактериялар, токсиндер,аллергендер мен паразиттер қарапайымдылардың зақымдаушы әсерінен қорғайды. Туа пайда болған жергілікті иммунитет қабық,тері жабындылардың барьерлік құрамынан,антимикробты заттардың өнімдерінен, мүшелер мен тіндердің қалыпты микрофлорасынан, зақымдаушы агентті механикалық жою мен ферментативті ыдыратудан,фагоцитарлы реакциядан тұрады. Жергілікті иммунитет концепциясына: көру жүйесінң қосымша аппараттары , нағыз ауалық сүзгі болып келетін мұрын құрылысының ерекшелігі, шырышты және қасаң қабаттың тосқауыл қызметі,тыныс жолдарының кірпікшелі эпителиінің қозғалу қабылеті, асқорту жолдарының бокаль тәрізді жасушаларынан және бездерден бөлінетін шырыш,ферменттер әсері , перистальтика және т.б жатады. Олар спецификалық емес қорғаныс факторы. Олардың жиынтығы жергілікті спецификалық емес иммунды субстратымен қамтамасыз етілген.Олар жасушалық және секреторлы болып екіге бөлінеді.Біріншісіне тынысалу , асқорту ,зәр шығару жүйесінде көптеп орналасқан макро- және микрофагтардың жұту қызметі жатса, екіншісіне сыртқы бөліністердің антибактериальды және антивирусты заттар-лактоферрин мен ингибиторлары, лизоцим мен интерферон жатады.

    9. Антигендер, олардың түрлері және сипаттамалары.

    Антигендер иммундық жауаптың ынталандырушысы мен реттелуiнiң негiзгi факторы. Антигендер – иммундық жауап тудыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпiлiстерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Макромолекулалар, әсiресе нәруыздар мен полиқанттар антигендер болып табылады.

    Антигендердiң екi негiзгi түрлерi бар: экзогендiк және эндогендiк (аутологиялық). Экзогендiк антигендер ағзаға сыртқы ортадан түседi. Эндогендiк антигендер деп әртүрлi себептерден туындаған өзiне қарсы иммундық жауапты қалыптастарытын, өзiндiк аутологиялық молекулалар (аутоантигендер) немесе олардың күрделi кешендерi танылады. Бiрiншiлiк және екiншiлiк аутоантигендер тобы ажыратылады. Бiрiншiлiк, немесе шынайы аутоантигендер. Бiрiншiлiк шынайы аутоантигендер – ол эмбриогенез кезiнде иммундық жүйенiң қалыптасу үрдiсiнде және де ересек ағзада иммунды хабарлы жасушалармен жанаспаған, гистогематикалық тосқауылдардың артында орналасқан ағзаның өзiндiк қалыпты тiндерiнiң антигендерi. «Тосқауыл артындағы тiндерге»: ми тiндерi, қалқанша маңы безi, аталық без, көз бұршағы жатады.

    Патологиялық, немесе екiншiлiк, аутоантигендер. Ағзаның өзiндiк жасушалар компоненттерi мен тiндерi, әртүрлi зақымдаушы факторлар және жұқпалы агенттердiң әсер ету нәтижесiнде, аутоантигендерге айналады. Оларға, мысалы, күйiктiк, үсiктiк, сәулелiк антигендер жатады. Жылулық немесе химиялық денатурация кезiнде пішіні өзгерген өзiндiк нәруыздар ағзаға бөтентектi нәруыздар болып табылады. Екiншiлiк аутоантигендер бактериалдық уыттар және вирусты нейраминидаза, сонымен қатар, қабыну аймағында рН ортасының өзгеруi және әртүрлi этиологиясы бар некроздар кезiнде нәруыздық молекулалардың денатурациясы нәтижесiнде түзiледi. Екiншiлiк (патологиялық) аутоантигендерге қарсы ағзадан шығаруға бағытталған иммундық жауап жүредi, патологиялық үрдiстiң басылуына және де зақымдалған тiндердiң қалыптасуына себебiн тигiзедi. Бiрақ та, көптеген себептерге байланысты, әсiресе табиғи төзiмдiлiктiң бұзылуына әкелетiн иммундық жүйенiң қызметі бұзылған кезiнде екiншiлiк аутоантигендер, аутоиммундық ауруларды шақырады. Бұл жағдайдың мысалы ретiнде инфаркттан кейiнгi миокардтты айтуға болады.

    Айқаса әрекеттесетiн антигендер немесе гетероантигендер - әртүрлi түрлерге жататын, бiрақ құрылымы бойынша жақын антигендi

    детерминанттардан тұратын антигендер. Мұндай антигеннiң мысалы

    ретiнде 1911 жылы ашылған Форссман антигенiн айтуға болады. Бұл

    антиген қойдың эритроциттерiнде, сальмонеллаларда және теңiз

    доңыздарының ұлпаларында болады. Бактериялар мен вирустардың

    антигендiк мимикрия құбылысы олардың иесiнiң антигенiне ұқсас антиген

    вирустары мен микроағзалардың кейбiр түрлерiнде болуымен

    түсiндiрiледi. Паразиттер үшiн мұндай антигендер қорғанысты мәнi бар,

    өйткенi олар иесiнiң иммундық жүйесiмен танылмайды және онда арнайы

    қорғаныс серпiлiсiн шақырмайды. Ал иесi үшiн мұндай антигендер

    аутоиммундық аурудың себебi болуы мүмкiн.

    Кешендiк антигендердiң маңызды түрiне интеграциялық антигендер

    жатады. Оған жататындар: кешендiк вирусөндiрушi антигендер және

    iсiкерекшелiк антигендер.

    Кешендiк вирусөндiрушi антигендер. Антигендер вирустық

    геномының және нысана-жасушалар геномының интеграциясында

    вирусөндiрушi антигендердiң экспрессиясы салдарынан жасушалық

    мембранада пайда болады. Осындай кешендi антигендер вирусқа қарсы

    иммунитеттiң негiзiн құрайтын вируспен жұқтырылған жасушаларға

    қарсы иммундық серпiлiс шақырады.

    Кешендiк антигендердiң басқа маңызды түрiне экзогендiк

    гаптендердiң ағзаның өзiнiң тасымалдаушы – нәруызымен әрекеттесуi нәтижесiнде түзiлген антигендер жатады.

    10. Антигендердің анықтамасы және олардың химиялық табиғаты. Антигендердің бөгделілігі, антигендігі, иммуногендігі және ерекшелігі туралы түсініктер.

    Антигендер иммундық жауаптың ынталандырушысы мен реттелуiнiң негiзгi факторы. Антигендер – иммундық жауап тудыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпiлiстерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Макромолекулалар, әсiресе нәруыздар мен полиқанттар антигендер болып табылады.

    Заттарды антигендер ретiнде сипаттайтын негiзгi қасиеттерге жатады: бөгделiк, антигендiк, иммуногендiк және арнайылық.

    Бөгделiк – ағзаның әр түрiне немесе жеке индивидумдарға арналған

    антигеннiң өзгешелiгiн көрсететiн генетикалық тағайындалған жеке

    қасиетi. Антигеннiң берiлген ағзаға бөгделiгi, иммундық жүйенiң ағзаны

    биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негiзгi қызметiмен байланысты.

    Агрессия жиi микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетiн

    токсиндер түрiнде байқалады; берiлген микроағзалар және оның өнiмдерi

    жоғарғы тiрi жандарға бөгделiк болып табылады. Эндогендiк агрессия

    (iсiктердiң өсуi) жасушалардың белгiлi бiр бөгделiк қасиетке (мысалы, iсiк

    жасушаларының бетiнде iсiкерекшелiк антигендердiң экспрессиясы) ие

    болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзаға «өзiндiк

    емес» ретiнде танылу қажет.

    Антигендiк – заттардың қандай бiр иммундық серпiлiс шақыру

    мүмкiншiлiгi: көп немесе аз мөлшерде антидене түзiлуiн, күштi немесе

    әлсiз көлемдегi жасушалық иммундық серпiлiстер шақыратын заттар.

    Антигендiк антигеннiң химиялық құрылысына, беткей орналасқан

    детерминантқа, антигендерге жауап беретiн клон құрастыратын, жасушалар

    санына және антиген енгiзiлген ағзаның түрлiк сипатына байланысты.

    Антигендiк қауiптiлiктiң ерте белгiсi ретiнде маңызды, себебi ағзаға түскен

    қауiптi заттардың әсерi бiрден көрiнбейдi, ағза олардың потенциалдық

    агрессиясын тек антигендiк қасиетiнiң болуымен таниды.

    Иммуногендiк - антигеннiң иммунитет тудыру қабiлетi. Бұл ұғым

    негiзiнен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететiн микроб

    және вирус антигендерiне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия

    қоздырғышының антигендiгi өте жоғары, сондықтан өзiне қарсы күштi

    иммундық жауап туғызады, бiрақ оған қарсы айқын иммунитет

    өндiрiлмейдi, себебi ұзақ өмiр сүретiн зерде жасушалары түзiлмейдi. Сүзек

    вакцинасының антигендiгi мен иммуногендiгi өте жоғары, оны енгiзген

    кезде көп мөлшерде антиденелер түзiлiп, қуатты иммунитет пайда болады.

    Антигеннiң иммуногендiгiн көрсететiн маңызды қасиетi - молекула

    мөлшерi. Полимерлiк молекуланың салмағы жоғарылаған сайын,

    иммуногендiгi артады. Антигендердiң иммуногендiгi олардың құрылысына

    (зарядына, қош иiстi сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшерi мен

    олардың ағзаға енгiзу жолына байланысты.

    Арнайылық – бұл антигендердiң бiр-бiрiнен айырмашылығын

    көрсететiн антигендiк ерекшелiк. Антигендердiң иммундық ерекшелiктерi

    макромолекуланың барлық денесiмен емес, антигеннiң бетiнде болатын

    детерминанттардың қасиетiмен, олардың саны және молекулаларда

    табиғи антигендердiң орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбiр жасуша

    өзiнiң антигендiк ерекшелiгiмен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен

    сипатталады.

    Антигендік арнайылықтың келесi түрлерi ажыратылады: түр-аралық

    (типтiк арнайылық), топтық, тiндiк, сатылық, органоидтық.

    Түр-аралық арнайылық жануарлардың қай түрге жататындығына,

    олардың генетикалық конституциясына байланысты, яғни бұл ерекшелiк,

    әр түрге жататын ағзалардың бiр-бiрiнен айырмашылығын көрсетедi.

    Типтiк арнайылық – түр-аралық арнайылық секiлдi ұғым, бiрақ

    микроб түрлерiне қатысты қолданылады (серологиялық варианттарысероварлар, бiр түрдiң iшiндегi антигеноварлар анықталады).

    ды.

    Тiндiк арнайылық – бiр ағзаның әр түрлi тiндерiндегi антигендiк

    айырмашылық (миокард, өкпе, бауыр және т.б. антигендерi).

    Сатылық арнайылық - әр даму сатысында тұрған жасушалардағы

    антигендiк айырмашылығы.

    Антигендердiң органоидтық арнайылығы - әртүрлi жасушалар

    органоидтарының антигендiк айырмашылығы (ядро, митохондрия, және

    т.б.).

    11. Антигендерді детерминант эпитоп және антигенді тасымалдаушы түсінігі. Антигендік ерекшелілік түрлері-түрлік, типті ерекшелілік, топтық, тіндік, сатылық, органойдты және т.б.

    Иммундық жауап антигеннің барлық макромолекуласына емес, оның антигендік детерминант деп аталатын белгілі бір бөлігіне қарсылық көрсетеді.

    Антигендік детерминанттың қазіргі кездегі атауы – эпититоптар.

    Эпитоп - иммундық жауап кезінде түзілетін антиденелер мен эффекторлы Т-лимфоциттердің арнайылығын қамтамасыз ететін жеке химиялық және құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бір бөлігі.

    Антигендік детерминанттардың саны молекула құрылымы мен оның өлшеміне байланысты болады. Бір тасымалдаушыда бірнеше антигендік детерминанттар болуы мүмкін.

    Эпитоптың құрылымы антидененің белсенді орталығына немесе тжасушалық рецепторына комплементарлы. Антиген мен антидененің әрекеттесуі негізінде кеңістік құрылымының сәйкестілігі жатыр, неғұрлым антиген мен рецептор арасында кеңістіктің сойкестілігі көп болса, соғүрлым олардың әрекеттесу деңгейі жоғары болады. Мүнда антигендік эпитоптың және де антигенді байланыстырушы рецепторлардың белсенді орталығының өлшемдері үлкен рөл атқарады, өйткені рецепторлардың белсенді орталықтары ойық тәріздес, ол ойық антигендік детерминанттарымен толтырылады.

    Антигендік арнайылықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық (типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық, органоидтық.

    Түр-аралық арнайылық жануарлардың қай түрге жататындығына, олардың генетикалық конституциясына байланысты, яғни бұл ерекшелік, әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен айырмашылығын көрсетеді. Түраралық арнайылыққа қандай да болса арнайы антигендер емес, ағзада кездесетін көптеген заттар ие бола алады. Өзара жақын түрлерінде ұқсас түр-аралық арнайылық антигендері бар, ал алшақ түрлерінің антигендерінде – көп айырмашылықтары болады.

    Типтік арнайылық – түр-аралық арнайылық секілді үғым, бірақ микроб түрлеріне қатысты қолданылады (серологиялық варианттарысероварлар, бір түрдің ішіндегі антигеноварлар анықталады).
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта