Главная страница

Жеке патофизиология Емтихан. 1. Жедел о арыншалы жеткiлiксiздiгiнi себебi болып табылады a митралды апашаны стенозы


Скачать 129.31 Kb.
Название1. Жедел о арыншалы жеткiлiксiздiгiнi себебi болып табылады a митралды апашаны стенозы
Дата15.05.2023
Размер129.31 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЖеке патофизиология Емтихан.doc
ТипДокументы
#1130800
страница1 из 7
  1   2   3   4   5   6   7

1. Жедел оң қарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себебi болып табылады:

A) митралды қақпақшаның стенозы.

B) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.

C) аортаның стенозы.

D) аорта қақпақшаларының жеткiлiксiздiгi.

E) өкпе артериясының стенозы.+

2. Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң себебi болып табылады:

A) өкпе артериясының тарылуы.

B) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.+

C) үшжарғақты қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.

D) оң қарыншаның инфарктiсі.

E) өкпе аурулары.

3. Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң зорығулық түрi дамиды:

A) жүрек ақауларында.

B) миокард ишемиясында.

C) миокардиттерде.

D) гиперволемия кезінде.+

E) қан тамырларының шеткi кедергiсiнiң жоғарлауында.

4. Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң миокардиалдық түрi дамиды:

A) жүрек қақпақшаларының жеткiлiксiздiгiнде.

B) жүрек тесiктерiнiң тарылуында.

C) жүректiң ишемиялық ауруында.+

D) бiрiншiлiк артериялық гипертензияда.

E) гиперволемияда.

5. Салыстырмалы коронарлық жеткiлiксiздiктiң себебi болып табылады:

A) тәж артериялардың тромбозы.

B) миокардта алмасулық үрдiстердiң бұзылуы.

C) тәж артериялардың атеросклерозы.

D) адреналиннiң тым артық өндiрiлуi.+

E) инфекциялық миокардит.

6. Жүректiң коронарогендiк зақымдалуы нәтижесiнде дамиды:

A) бiрiншiлiк артериялық гипертензия.

B) миокард инфарктісі.+

C) жүректiң барлық бөлiктерінiң гипертрофиясы.

D) жүрек ақаулары.

E) перикардит.

7. Жедел миокард ишемиясының салдары болып табылады:

A) жүрек ақауының дамыуы.

B) перикардиттiң дамуы.

C) некрозға дейiн жасушалардың бүлінуі.+

D) қолқа коарктациясы.

E) бiрiншiлiк артериялық гипертензия.

8. Ишемия кезiндегi кардиоциттердiң метаболизмдiк үрдiстердiң бұзылыстарына жатады:

A) АТФ артуы.

B) AТФ түзiлуi төмендеуi.+

C) калийдiң жиналуы.

D) метаболизмдiк алкалоз.

E) гипогидратация.

9. Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрі дамиды:


A) жүрек бұлшық етінде алғашқы зат алмасу бұзылыстарында.+

B) үлкен қанайналымының гипертензиясында.

C) қолқа тесігі тарылғанда.

D) кіші қанайналымының гипертензиясында.

E) гиперволемия кезінде.

10. Атеросклероздын патогенезінде ең маңызды ықпал болып орын алады:

A) мажор фракцияларына жататын фосфолипидтер.

B) минор фракцияларына жататын фосфолипидтер.

C) өзгерген (тотыққан) липопротеидтер.+

D) хиломикрондар.

E) жоғары тығыздықты липопротеидтер.

11. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі дамиды:

A) миокардиодистрофияларда.

B) миокард ишемиясы кезінде.

C) миокардиттер кезінде.

D) қанның көлемі азайғанда.

E) жүрек қақпақшаларының ақаулары кезінде.+

12. Жүрек ақаулары кезіндегі беімделулік экстракардиалдық механизмді көрсетіңіз:

A) жүректің систолалық көлемінің төмендеуі.

B) натрийурездік факторының синтезінің күшеюі.

C) вазопрессин синтезінің күшеюі.

D) эритропоэздің тежелуі.

E) эритропоэздың күшеюі.+

13. Атеросклерозбен алғаш зақымдалады:

A) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының қантамырлары.

B) нефронның перитубулярлық капиллярлары.

C) бүйрек үсті безінің милы қабатының қантамырлары.

D) тәж тамырлары.+

E) церебралдық қантамырлар.

14. Ишемия кезінде кардиомиоциттердегі метаболизмдік үрдістердің бұзылыстарына жатады:

A) қабырғадағы фосфолипазаларының тежелуі.

B) актин-миозиндік кешенінің әсерленуі.

C) креатинфосфаткиназа белсенділігінің жоғарылауы.

D) кардиомиоциттердің адренреактивтік қасиеттерінің күшеюі.

E) гидролазалардың әсерленуі.+

15. Антиатерогендiк қасиетi бар:

A) хиломикрондардың.

B) төмен тығыздықты липопротеидтердің.

C) өте төмен тығыздықты липопротеидтердің.

D) аралық тығыздықты липопротеидтердің.

E) жоғары тығыздықты липопротеидтердің.+

16. Ренопривтiк гипертензияның патогенезiнде маңыздысы:

A) вазопрессин түзiлуiнiң артуы.

B) бүйректе кинин-простагландиндерінің түзiлуiнің бұзылуы.+

C) адреналин түзiлуiнiң артуы.

D) ренин-ангиотензин-альдестерон жүйесiнiң әсерленуi.

E) глюкокортикоидтар түзiлуi бұзылуы.

17. Аортаның коартациясы кезiндегi артериялық гипертензия жатады:

A) бүйректiк артериялық гипертензияға.

B) нейрогендiк артериялық гипертензияға.

C) эндокриндiк артериялық гипертензияға.

D) дәрiлiк артериялық гипертензияға.

E) кардио-васкулярлық артериялық гипертензияға.+

18. Ортостатикалық коллапс пайда болады:

A) горизоталды жағдайдан жылдам тiк тұрғанда.+

B) ұйқы безiнiң езiлуiнде.

C) тыныс алатын ауада оттегiнiң жедел төмендеуiнде.

D) iшек инфекцияларында.

E) ауқымды қан жоғалтуда.

19. Симптомдық артериялық гипотензия байқалады:

A) гиперальдостеронизмде.

B) феохромацитомада.

C) анемияда.+

D) жедел диффуздық гломерулонефритте.

E) Иценко-Кушинг ауруында.

20. Депрессорлық әсерi бар заттарға жатады:

A) адреналин.

B) альдостерон.

C) Ангиотензин II.

D) простагландин Е.+

E) лейкотриндер С4 және Д4.

21. Прессорлық әсерге ие:

A) калликреин.

B) ангиотензин II.+

C) простагландин Е.

D) азот тотығы.

E) жүрекшелiк натрийурездiк гормон.

22. Гипертониялық ауру кезiндегi жасуша мембранасындағы гендiк ақауы әкеледi:

A) жасуша мембранасының электрлiк потенциалының артуына.

B) нерв үштары мен медиаторларды керi қамту жылдамдығының артуына.

C) миозиннiң АТФ-азалық белсендiлiгiнiң тежелуiне.

D) медиаторлардың қантамыр қабырғасына әсер ету уақытының азаюына.

E) жасуша цитоплазмасында кальций мөлшерiнiң артуына.+

23. Ренопривтiк гипертензияның патогенезiнде маңыздысы:

A) ренин-ангиотензин-альдестерон жүйесiнiң әсерленуi.

B) вазопрессин түзiлуiнiң артуы.

C) адреналин түзiлуiнiң артуы.

D) бүйректе кинин-простагландиндер түзiлуiнің бұзылуы.+

E) глюкокортикоидтар түзiлуi бұзылуы.

24. Гипертониялық аурудың тұрақтану кезеңiне тән:

A) эндотелиннiң аз өндiрiлуi.

B) азот тотығының аз өндiрiлуi.+

C) калликреин-кинин жүйесiнiң әсерленуi.

D) натрийурездiк факторының артық өндiрiлуi.

E) бүйректе простагландин Е1 және Е2 өндiрiлуiнiң артуы.

25. Депрессорлық әсері бар заттарға жатады:

A) адреналин.

B) ангиотензин ІІ.

C) альдостерон.

D) эндотелиндер I.

E) азот тотығы.+

26. Прессорлық әсерге ие:

A) простагландин Е.

B) калликреин.

C) адреналин.+

D) азот тотығы.

E) жүрекшелік натрийурездік гормон.

27. Ренопривтік гипертензияның патогенезінде шешуші маңызы бар:

A) вазопрессин секрециясының жоғарылауы.

B) глюкокортикоидтар секрециясының жоғарылауы.
C) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенділенуі.

D) адреналин секрециясының жоғарылауы.

E) бүйректе депрессорлық заттардың түзілуінің төмендеуі.+

28. Біріншілік артериялық гипертензияның патогенезінде қатысады:

A) натрийурездіқ гормон өндірілуінің артуы.

B) эмоциялық орталықтардың ұзақ тежелуі.

C) прессорлық орталыққа ми қыртысының тежелулік әсерінің төмендеуі.

D) жоғарғы симпатикалық жүйке орталықтарының тұрақты көтеріңкі қозғыштығы және гиперергиясы.+

E) бүйрек үсті безі қызметінің жеткіліксіздігі.

29. Прессорлық заттарға жатады:

A) азот тотығы.

B) калликреин.

C) постагландин Е.

D) эндотелин I.+

E) жүрекшелік натрийурездік гормоны.

30. Реноваскулярлық гипертензияның патогенезiнде шешушi маңызы бар:

A) вазопрессиннiң секрециясының жоғарылауы.

B) адреналиннiң секрециясының жоғарылауы.

C) глюкокортикоидтардың секрециясының жоғарылауы.

D) бүйректе депрессорлық заттардың түзiлуiнiң төмендеуi.

E) ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесiнiң әсерленуi.+

31. Оң қарыншалық жеткiлiксiздiктiң бiр белгiсi:

А) терi мен шырышты қабаттардың көгеруi, iш шеменi.+

B) тұншығу ұстамасы.

C) қан құсу.

D) өкпе iсiнуi.

E) бозару.

32. Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң себебi болып табылады:

А) үшжарғақы қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.

B) өкпе артериясының тарылуы.

C) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.+

D) оң қарыншаның инфарктiсі.

E) өкпе аурулары.

33. Сол қарыншалық жеткiлiксiздiктiң белгiсi:

А) көгеру.

B) аяқтардың iсiнуi.

C) мойын тамырларының соғуы.

D) бауырдың ұлғаюы.

E) тұншығудың ұстамасы (жүректiк демiкпе).+

34. Жедел оң қарыншалық жеткiлiксiздiгiнiң себебi болып табылады:

A) митралды қақпақшаның стенозы.

B) митралды қақпақшаның жеткiлiксiздiгi.

C) аортаның стенозы.

D) аорта қақпақшаларының жеткiлiксiздiгi.

E) өкпе артериясының стенозы.+

35. Жүректiң көлеммен зорығуы дамуы мүмкiн:

A) артериялық гипертензия кезiнде.

B) аорта қақпақшаларының стенозы кезiнде.+

C) артериялық гипотензия кезiнде.

D) көктамырлар қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезiнде.

E) гиповолемия кезiнде.

36. Жүректiң кедергiмен зорығуы дамиды:

А) артериялық гипертензияда.+

B) эритремияда.

C) жүрек қақпақшаларының жеткiлiксiздiгiнде.

D) физикалық жұмыста.

E) гиперволемияда.

37. Ф.З. Меерсон бойынша жүрек гиперфункциясының апаттық сатысы сипатталады:

А) бұлшық еттiң бiрлiк салмағында нәруыз түзiлуi азаюымен.

B) гипертрофияланған миокардтың гиперфункциясымен.

C) миокардтың бiрлiк салмағында энергия түзiлуiнiң қалыптасуымен.

D) дәнекер тiннiң өсуiмен.

E) гипертрофияланбаған миокардтың гиперфункциясымен.+

38. Жүрек жеткiлiксiздiгiнiң миокардтық түрi дамиды:

А) жүректiң ишемиялық ауруында.+

B) жүрек тесiктерiнiң тарылуында.

C) жүрек қақпақшаларының жеткiлiксiздiгiнде.

D) бiрiншiлiк артериялық гипертензияда.

E) гиперволемияда.

39. Оң карыншалық жеткіліксіздіктің себебі болуы мүмкін:

А) кіші қанайналымы шенберінің артериялық гипертензиясы.+

B) қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі.

C) қолқаның тарылуы.

D) қолқа қақпақшаның жеткіліксіздігі.

E) үлкен қанайналымы шенберінің артериялық гипертензиясы.

40. Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің бір себебі болып табылады:

А) өкпе эмфиземасы.

B) өкпе артериясының тарылуы.

C) үш жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі.

D) алғашқы артериялық гипертензиясы.+

E) өкпе гипертензиясы.

41. Жұректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі кезінде байқалады:

А) іш шемені.

B) аяқтар ісінуі.

C) мойын тамырларының бүлкілі.

D) бауыр ұлғаюы.

E) өкпе ісінуі.+

42. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түріне әкеледі:

А) миокардиттер.

B) коронарлық жеткіліксіздік.

C) өкпе гипертензиясы.+

D) экстрасистолия.

E) миокардиодистрофиялар.

43. Жүрек жеткіліксіздігінің миокардиалық түрі пайда болады:

А) миокардиттерде.+

B) гипертониялық ауруда.

C) қанның артериовеноздық шунтталғанында.

D) қолқа коарктациясында.

E) жүрек қақпақшаларының ақауларында.

44. Миокардтың оттегіге мұқтаждылығын жоғарылатады:

А) простагландиндер.

B) натрийурездік фактор.

C) холинергиялық әсерленістер.

D) АКТГ.

E) катехоламиндер.+

45. Тоногендік дилатацияға тән:

А) миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі.

B) диастола кезінде миокардтың керілуіне сәйкес жүрек жұмысының артуы.+

C) миокард талшықтарының созылу есебінен жүрек камераларының кеңеуі.

D) қалыптасқан гипертрофия.

E) кардиомиоциттерде АТФ түзілуінің азаюы.

46. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі қабаттасады:

  1. артериялық қанда оттегінің (рО2) және көмір қышқыл газының (рСО2) үлестік қысымының жоғарылауымен.

  2. артериялық қанда рО2 және рСО2 төмендеуімен.

  3. веналық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен.

  4. қанда рО2 төмендеуімен және рСО2 қалыпты болуымен.

  5. артериялық қанда рО2 төмендеуі және рСО2 жоғарылауымен.+

47. Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң обструктивтi түрi пайда болады:

A) қабырғалардың сынуы кезiнде.

B) пневмония кезiнде.

C) бронзспазм кезiнде.+

D) тыныс орталығының салдануы кезiнде.

E) пневмосклероз кезiнде.

48. Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң рестриктивтi түрi дамиды:

A) тыныс жолдары қысылғанда.

B) тыныс жолдарыныv бiтелуiнде.

C) бронхтардың тегiс бұлшық еттерiнiң жиырылуында.

D) тыныс жолдарының iсiнуiнде.

E) өкпенi алып тастағанда.+

49. Гиперпноэ – бұл:

A) терең, сирек тыныс.

B) жиi тыныс.

C) сирек тыныс.

D) жиi, үстiртiн тыныс.

E) жиi, терең тыныс.+

50. Тахипноэ – бұл:

A) сирек тыныс.

B) жиi терең тыныс.

C) жиi, үстiртiн тыныс.+

D) терең, сирек тыныс.

E) сирек, үстiртiн тыныс.

51. Үзiлiстi тыныс дегенiмiз:

A) тыныс кезеңдерiнiң апноэмен ауысып отыруы.+

B) демдi iшке тарту мен демдi шығарудың ара қатынасы өзгерген тыныс.

C) жиi тыныс.

D) тереңдiгi өзгерiп отыратын тыныс.

E) тыныстың тоқтауы.

52. Биотт тыныс – бұл:

A) тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы.

B) жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы.+

C) терең, сирек тыныстық қозғалыстар.

D) терең, жиi тыныстық қозғалыстар.

E) бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар.

53. Чейн-Стокс тынысы – бұл:

A) жиiлiгi және тереңдiгi бiрдей қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы.

B) тереңдiгi бiртiндеп ұлғайып, соңынан бiртiндеп азаятын тыныстық қозғалыстардың апноэмен ауысып отыруы.+

C) терең, сирек тыныстық қозғалыстар.

D) терең, жиi тыныстық қозғалыстар.

E) бiртiндеп жойылатын тыныстық қозғалыстар.

54. Ақтық тынысқа жатады:

A) гаспинг-тыныс.+

B) апнейстiк тыныс.

C) полипноэ.

D) брадипноэ.

E) Куссмауль тынысы.

55. Асфиксия – бұл:

A) тыныс шығарудың ұзаруы және қиындауы.

B) тыныс алудың ұзаруы және қиындауы.

C) жедел тыныс жеткiлiксiздiгi.+

D) өкпе гипервентиляциясы.

E) тыныстың тоқтауы.

56. Вентиляцияның орталықтық жеткiлiксiздiгi дамиды:

A) тыныс алу орталығының патологиясында.+

B) iшкi тыныс жүйесiнiң патологиясында.

C) өкпе патологиясында.

D) тыныстық бұлшық еттердiң патологиясында.

E) плевраның патологиясында.

57. Тыныс алу орталығы тежелгенде дамиды:

A) бронх обструкциясының қақпашылық механизмi

B) тыныс жеткiлiксiздiгiнiң диффузиялық түрi

C) тыныс жеткiлiксiздiгiнiң перфузиялық түрi

D) өкпе вентилляция бұзылуының обструктивтi түрi

E) тыныс жеткiлiксiздiгiнiң вентиляциялық түрi+

58. Асфиксияның I сатысындағы тыныс алудың сипаттамасы:

A) тіндік тыныс.

B) жиi, үстiртiн тыныс.

C) сирек, үстiртiн тыныс.

D) сирек, терең тыныс.

E) жиi, терең тыныс.+

59. Асфиксияның II сатысындағы тыныс алудың сипаттамасы:

  1. жиi, терең тыныс.

  2. тіндік тыныс.

  3. сирек, үстiртiн тыныс.

  4. сирек, терең тыныс.

  5. жиi, үстiртiн тыныс.+

60. Асфиксияның IIІ сатысындағы тыныс алудың сипаттамасы:

  1. жиi, терең тыныс.

  2. апноэ.

  3. сирек, терең тыныс.

  4. сирек, үстiртiн тыныс.+

  5. жиi, үстiртiн тыныс.

61. Газдар диффузиясының арақашықтығы жоғарылайды:

  1. тыныс алу орталығы тежелгенде.

  2. тыныс механикасы бұзылуында.

  3. қызмет етуші альвеолаларының саны жоғарылағанда.

  4. гипервентиляция кезінде.

  5. өкпелерде фиброздық өзгерістер кезінде+.

62. Диссоциациялық тыныс дамиды:

  1. аса биіктікте көтерілгенде.

  2. ыстық соққысы кезінде.

  3. кеуде қуысы сол және оң бөлімдерінің сәйкессіз жиірлыу кезінде.+

  4. уремиялық кома кезінде.

  5. саңырауқұлақтармен уланғанда.

63. Альвеола-капиллярлық мембраналарының диффузиялық ерекшеліктерінің бұзылуы дамиды:

  1. трахеит кезінде.

  2. брондиалдық демікпе кезінде.

  3. көмей ісінуінде.

  4. бронхит кезінде.

  5. өкпенің интерстициалдық ісінуінде.+

64. Альвеола-капиллярлық мембраналарының диффузиялық ерекшеліктерінің бұзылуы дамиды:

  1. сурфактант түзілуі бұзылғанда.+

  2. брондиалдық демікпе кезінде.

  3. көмей ісінуінде.

  4. бронхит кезінде.

  5. трахеит кезінде.

65. Альвеола-капиллярлық мембраналарының диффузиялық ерекшеліктерінің бұзылуы дамиды:

  1. силикоз кезінде.+

  2. брондиалдық демікпе кезінде.

  3. көмей ісінуінде.

  4. бронхит кезінде.

  5. трахеит кезінде.

66. Өкпенің гемоперфузиясының бұзылуына ықпал етеді:

  1. қобалжу.

  2. брондиалдық демікпе ауруы.

  3. өкпе туберкулезі.

  4. миастения.

  5. сол қарыншалық жүрек жеткіліздігі.+

67. Өкпенің гемоперфузиясының бұзылуына ықпал етеді:

  1. қобалжу.

  2. брондиалдық демікпе ауруы.

  3. өкпе туберкулезі.

  4. миастения.

  5. өкпе артериясының микроэмболиясы.+

68. Өкпенің гемоперфузиясының бұзылуына ықпал етеді:

  1. қобалжу.

  2. брондиалдық демікпе ауруы.

  3. өкпе туберкулезі.

  4. миастения.

  5. қауырт қанжоғалту.+

69. Ересектердің тыныстық дистресс-синдромының этиологиялық ықпалы болып табылады:

  1. өкпе артериясы кейбір қантамырларының тарылуы.

  2. ТШҚҰ-синдромы.+

  3. сурфактант түзілуінің біріншілік жеткіліксіздігі.

  4. өкпе эмфиземасы.

  5. қобалжу.

70. Ересектердің тыныстық дистресс-синдромының этиологиялық ықпалы болып табылады:

  1. өкпе артериясы кейбір қантамырларының тарылуы.

  2. көп мөлшерде консервацияланған қанды құю.+

  3. сурфактант түзілуінің біріншілік жеткіліксіздігі.

  4. өкпе эмфиземасы.

  5. қобалжу.

71. Ересектердің тыныстық дистресс-синдромының этиологиялық ықпалы болып табылады:

  1. өкпе артериясы кейбір қантамырларының тарылуы.

  2. сепсис.+

  3. сурфактант түзілуінің біріншілік жеткіліксіздігі.

  4. өкпе эмфиземасы.

  5. қобалжу.

72. Ересектердің тыныстық дистресс-синдромының патогенездік ықпалы болып табылады:

  1. кіші қанайналым шеңбері қылтамырларында гидростатикалық қысымының төмендеуі.

  2. қантамыр қабырғасы өткізгіштігінің төмендеуі.

  3. қантамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы.+

  4. үлкен қанайналым шеңбері қылтамырларында гидростатикалық қысымының жоғарылауы.

  5. организмнің сусыздануы.

73. Ересектердің тыныстық дистресс-синдромының патогенездік ықпалы болып табылады:

  1. кіші қанайналым шеңбері қылтамырларында гидростатикалық қысымының жоғарылауы.+

  2. қантамыр қабырғасы өткізгіштігінің төмендеуі.

  3. кіші қанайналым шеңбері қылтамырларында гидростатикалық қысымының төмендеуі.

  4. үлкен қанайналым шеңбері қылтамырларында гидростатикалық қысымының жоғарылауы.

  5. организмнің сусыздануы.

74. Жаңа туған нәрестелердің тыныстық дистресс-синдромы патогенезінің сатыларынан «кері айналып соғу шеңберін» құрастырыңыз:

  1. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция.

  2. шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → ателектаз → гиповентиляция → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция → сурфактант түзілуінің төмендеуі.+

  3. шала туылу → ателектаз → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния → гиповентиляция → ателектаз.

  4. шала туылу → ателектаз → гиповентиляция → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гипоксемия, гиперкапния.

  5. шала туылу → сурфактант түзілуінің төмендеуі → гиповентиляция → гиповентиляция→ ателектаз.

75. Сурфактант түзілуі төмендегенде дамиды:

  1. бронхит.

  2. өкпе ісінуі.

  3. пневмофиброз.

  4. пневмония.

  5. өкпе ателлектазы.+

76. Балалардағы мұрынмен тыныс алу бұзылыстарының салдарына жатпайтыны:

  1. мый қантамырларындағы іркілістік көріністер және ОЖЖ дамуының бұзылысы.

  2. тыныс орталығы қозуының төмендеуі.

  3. төменгі жақтың салбырап қалуы және беттің диспропорциясы.

  4. лимфа ағымының бұзылысы және бассүйек ішілік гипертензия.

  5. гиалиндік мембраналар синдромы.+

77. Инспирациялық ентік байқалады:

  1. өкпе эмфиземасы кезінде.

  2. кеңірдек саңылауы тарылған кезде.+

  3. бронхиалдық демікпесі кезінде.

  4. плеврит кезде.

  5. өкпе ателектазы кезінде.

78. Экспирациялық ентік байқалады:

  1. бронхиалдық демікпесі кезінде.+

  2. кеңірдек кеңістігі тарылған кезде.

  3. плеврит кезде.

  4. тұншығудың 1- сатысында.

  5. көмей ісінуінде.

79. Экспирациялық ентіктің патогенезінде маңыздылығы бар:

  1. Геринг-Брейер рефлексінің кешігуі.

  2. Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауы.

  3. өкпе тіні серпімділігінің төмендеуі.+

  4. тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына сезімталдығының төмендеуі.

  5. жоғарғы тыныс жолдарында ауа легіне кедергінің жоғарылауы.

80. Ентік дегеніміз:

  1. жиі терең тыныс.

  2. жиі үстіртін тыныс.

  3. сирек терең тыныс.

  4. сирек үстіртін тыныс.

E) тыныс алудың өзгеруімен қабаттасатын ауа жетіспеушілік сезімі.+

81. Үзілісті тыныстың патогенезінде маңыздылығы бар:

  1. тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы төмендеуінің.+

  2. тыныс алу орталығының көмір қышқылы газына сезімталдығы жоғарылауының.

  3. тыныс алу орталығының қатты қозуының.

  4. тыныс алу орталығының инспирациялық нейрондарының тұрақты түрткіленуінің.

E) Геринг-Брейер рефлексінің жылдамдауының.

82. Гиперпноэ байқалады:

  1. биіктік ауруында.+

  2. АҚ жоғарылағанда.

  3. пневмонияда.

  4. есірткілер әсер еткенде.

  5. көмей ісінгенде.

83. Брадипноэ байқалады:

  1. АҚ төмендегенде.

  2. тыныс алу орталығы тежелгенде.+

  3. өкпе ателектазында.

  4. гипоксияда.

  5. пневмонияда.

84. Тұншығудың 2-сатысы сипатталады:

  1. АҚ жоғарылауымен.

  2. экспирациялық тыныспен.+

  3. тахикардиямен.

  4. инспирациялық ентікпен.

  5. симпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауымен.

85. Тұншығудың 1-сатысы сипатталады:

  1. АҚ төмендеуімен.

  2. брадикардиямен.

  3. инспирациялық ентікпен.+

  4. парасимпатикалық жүйке жүйесі межеқуатының жоғарылауымен.

  5. тыныс алу орталығының салдануымен.

86. Тұншығудың патогенезіндегі маңыздысы:

  1. гиперкапния, гипоксемия, газдық ацидоз.+

  2. гиперкапния, гипоксемия, газдық алкалоз.

  3. гипокапния, гипероксия.

  4. гипероксия, гиперкапния, алкалоз.

  5. газдық алкалоз.

87. Тыныс алу реттелуінің миға бағытталған қозудың жеткіліксіздігімен байланысты түрі қай жағдайда дамиды:

  1. тітіркендіргіш заттармен дем алғанда (мүсәтір спирті).

  2. суық немесе ыстық ауамен дем алғанда.

  3. диафрагманың салдануы кезінде.

  4. орталық хеморецепторлардың қозғыштығының әлсіреуінде.+

  5. невроздық жағдайларда.

88. Тыныс алу реттелуінің орталыққа бағытталған тежелудің артуымен байланысты түрі қай жағдайда дамиды:

  1. күшті ауырсынулық тітіркенумен.+

  2. Пиквик синдромы пайда болуымен.

  3. «Ундина қарғысы» синдромының пайда болуымен.

  4. есірткі заттармен уланғанда.

  5. тыныс алу орталығынан диафрагмаға бағытталған жолдардың зақымдануында.

89. Тыныс орталығының ми қыртысымен байланысуы бұзылуынан дамиды:

  1. ерікті тыныс алуды басқарудың бұзылысы.+

  2. Пиквик синдромы пайда болуы.

  3. тыныс алулық автоматизмнің жоғалуы.

  4. «Ундина қарғысы» синдромының пайда болуы.

  5. тыныс алу қозғалысының амплитудасының төмендеуі және кезеңді апноэ.

90. Бүйрек қызметі бұзылуының постреналдық себебі болып табылады:

  1. қуық асты безінің аденомасы.+

  2. жүйелік қанайналымының бұзылуы.

  3. жүйкелік-психикалық бұзылыстар.

  4. гиперпаратиреоз.

  5. алғашқы альлдостеронизм.

91. Бүйрек қызметі бұзылуының реналдық себептері болып табылады:

  1. таспен несепағардың бітелуі.

  2. гемолиздік стрептококк және аутоиммундық үрдістер.+

  3. жүйелік қанайналымының бұзылуы.

  4. сілейме.

  5. гипертониялық ауру.

92. Бүйрек қызметі бұзылуының пререналдық себептері болып табылады:

  1. сілейме.+

  2. ауыр металл тұздары.

  3. гломерулонефрит.

  4. кадмиймен улану.

  5. үрпі түтігінің тарылуы.

93. Шумақтық сүзілудің жоғарылауы дамиды:

  1. коллапста.

  2. жедел қансырауда.

  3. гиперволемияда.+

  4. сусыздануда.

  5. несеп шығару жолдарының бітелуінде.

94. Шумақтық сүзілудің бұзылуын сипаттайтын көрсеткіш:

  1. лейкоцитурия.

  2. гиперазотемия.+

  3. аминацидурия.

  4. цилиндрурия.

  5. глюкозурия.

95. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты:

  1. шумақтарда дәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауына.

  2. шумақтың әкететін артериялары межеқуатының жоғарылауына.

  3. шумақтың әкелетін артериялары межеқуатының жоғарылауына.+

  4. шумақтық сүзгі ауданының ұлғаюына.

  5. қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне.

96. Шумақтық сүзілудің төмендеуі байланысты:

А) қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне.

В) гипергидратацияға.

С) гиперволемияға.

D) гипопротеинемияға.

Е ) гиповолемияға.+

97. Бүйрек өзекшелері қызметінің бұзылуына тән:

  1. гемоглобинурия.

  2. несепте жұқарған эритроциттердің болуы.

  3. креатинин тазартылуының төмендеуі.

  4. изостенурия.+

  5. гиперазотемия.

98. Фанкони синдромына тән:

  1. глюкозурия, аминацидурия.+

  2. гиперкалиемия.

  3. гипергликемия.

  1. дисталдық өзекшелік ацидоздың дамуы.

  2. гиперпротеинемия.

99. Проксималды өзекшелік ацидоз дамуы мүмкін:

  1. аммониогенез күшейгенде.

  2. сутегі иондарының өзекшелік сөлденісінің төмендеуі.

  3. натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда.

  4. ацидогенездің күшеюінде.

  5. бикарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылысында.+

100. Дисталды өзекшелік ацидоз дамуы мүмкін:

  1. аммониогенез күшейгенде.

  2. сутегі иондарының өзекшелік шығуының төмендеуінде.+

  3. натрий иондарының кері сіңірілуі артқанда.

  4. ацидогенездің күшеюінде.

E) бикарбонаттардың кері сіңірілуінің бұзылуында.

101. Олигурияның патогенезі байланысты:

  1. шумақтарда сүзілу үрдістерінің жоғарылауына.

  2. өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне.

  3. бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына.+

  4. бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің төмендеуіне.

E) бүйректің бұра-қарсы ағатын тетігі жұмысының бұзылуына.

102. Полиурияның патогенезі байланысты:

  1. шумақтарда сүзілу үрдістерінің төмендеуіне.

  2. өзекшелерде судың кері сіңірілуінің төмендеуіне.+

  3. бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауына.

  4. бүйрек өзекшелерінде натрийдың кері сіңірілуінің жоғарылауына.

  5. несеп шығаратын жолдарымен несеп ағуының қиындауына.

103. Талғамды протеинурияның патогенезінде маңыздысы:

  1. нефрон шумақтарының мембранасы өткізгіштігінің төмендегенде.

  2. алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылғанда.

  3. шумақтық сүзгінің базальді мембранасының теріс зарядының азаюы.+

  4. проксималды өзекшелердің эпителий жасушаларының деструктивті өзгерістері.

Е) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің бұзылуында.

104. Шумақтық протеинурияның патогенезінде маңыздысы:

  1. нефрон шумақтарының сүзгілік мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы.+

  2. алғашқы несеп нәруыздарының кері сіңірілуі бұзылуы.

  3. проксималды өзекшелердің эпителий жасушаларының құрылымдық өзгерістері.

D) өзекшелердің эпителий жасушаларымен нәруыздарды ферменттік гидролиздеуінің бұзылуы.

Е) кері сіңірілу үрдістерінің қалжырауы.

105. Айтарлықтай протеинуриядан дамиды:

  1. бөгелулік гиперазотемия.

  2. организмнің жұқпаларға төзімділігінің жоғарлауы.

  3. гипопротеинемия.

  4. ісінулер.+

  5. организмнің сусыздануы.

106. Бүйректік гематурия ... салдарынан дамуы мүмкін.

  1. бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасы өткізгіштігінің жоғарылауы+

  2. бүйрек өзекшелерінің дисталдық бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

  3. бүйрек өзекшелерінің проксималды бөлігінде кері сіңірілу үрдістерінің бұзылуы

  4. бүйрек өзекшелерінде сөлденіс үрдістерінің бұзылуы

  5. бүйректің қоюландыру қабілеттігінің бұзылуы

107. Пиелонефрит – бұл:

  1. бүйректің әсіресе милық қабатының тостағаншаларының, астаушаларының, интерстициялық тінінің арнайы емес жұқпалық ауруы.+

  2. нефрон шумақтарының иммундық қабынуы.

  3. бүйректің әсіресе өзекшелік құралының жұқпалық-аллергиялық зақымдануымен сипатталатын ауру.

  4. бүйрек ұлпасының нейродистрофиялық үрдіс.

  5. айқын протеинуриямен сипатталатын симптомдық кешен.

108. Нефроздық синдроммен ауыратын балалардағы талғамды протеинурия ... салдарынан дамыды.

  1. шумақтардың тіректі мембранасының теріс зарядты жоғалтуының+
  2.   1   2   3   4   5   6   7


написать администратору сайта