кеден. 1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары
Скачать 122.13 Kb.
|
7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады. Сараптама жүргізу құқығына сараптама мекемелерінде жұмыс істейтін және сараптамалық қызметке арнайы рұқсат лицензиясы бар сарапшылар ие болады. Мұндай куәлік алу үшін оның базалық (кеден, заң, материалтану, өнертану т.б.) білімі, кеден ісін және сараптаманың негіздерін білуі, сондай-ақ оның ақпараттық белсенділігі мен кәсіптік, квалиметриялық және мәдени тұрғыдағы хабарлығы болу керек. Ақпараттық белсенділік – адамның осы заманғы ақпараттардың негіщін игеруге талпыну. Кеден сарапшысы мына жағдайлардан кәсіби хабардар болуы керек: сәйкестігіне сараптама жүргізіліп жатқан ұлттық стандарттар мен регламенттер тарап тарының мәні; шетелдерде кедендік сараптама қызметін жүргізудің әдістемедік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық мәселелері. Квалиметриялық хабардарлық – өнім сапасын сандық бағалаудың негізгі әдістері мен қазіргі талдау аспаптарын, сондай ақ сарапшының зерделенетін материалдар мен бұйымдар сапасының объективті сараптамалық бағасын табуға және қолдануға, оның ішінде сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын дұрыс таңдауды жүзеге асыруға және оларды бағалау шкаласын сауатты жасауы. Мәдени хабардарлық- сарапшының білімдарлығына негізделеді. Ол жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімдерді меңгеруі тиіс, зерттелетін материал туралы халықаралық ақпаратты меңгеру үшін шет тілдерін білуі қажет. Сарапшының жеке қасиеттері оның қабілеттілігімен, біліктілігімен, дағдысымен, еңбекке деген көзқарасымен,қарым катынас жасай алуымен анықталады. Сарапшының алдын ала теріс түсінігі болмауы керек, ол талдау жасау машығын меңгеруі, оқиғаны шынайы тұрғыдан қабылдай алуы тиіс. Сонымен қатар, оның физиологиялық оңды ерекшеліктері: түсті тану, көру, есте сақтау қабілеті терң дамыған, денсаулығы мықты немесе барлық жағдайда да көңіл күйі жақсы, бірқалыпты, жинақы, жылдам, қырағы болуы керек. Сараптама бойынша жұмысқа тартылатын сарапшылардың міндетті түрде мынадай салалардан арнайы білімдері болуы шарт:
Сарапшыға үміткер сараптама жүргіщу кезінде тексерістің толық үдерісін атқару тәжірибесін меңгеру қажет. Тәжірибе толық сараптамалық тексеріске 4 рет қатысуымен анықталады. Сарапшыға үміткердің өз мамандығы саласында кемінде он жылдық, ал осы сала бойынша ғылыми дәрежесі бар адамның 4 жылдық жұмыс тәжірибесі болу керек. 8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады. Сараптама жүргізу құқығына сараптама мекемелерінде жұмыс істейтін және сараптамалық қызметке арнайы рұқсат лицензиясы бар сарапшылар ие болады. Сарапшы: 1) егер қойылған мәселелер өзінің құзыретіне жатпаса, сараптама жүргізуден бас тартуға; 2) өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға; 3) кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар табыс ету туралы өтініш беруге құқылы. Сарапшы: 1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға; 2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама мәселелері бойынша консультациялар беруге; 3) бұл тұрғыда мәселе қойылмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы ой-пікірін қорытындыға енгізуге; 4) кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге; 5) іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы іс бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге; 6) кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті. Өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары 9. Кедендік сараптама ұйымдастыру 138-бап. Кедендік сараптама тағайындау 1. Кедендік сараптама кедендік операциялар жасау кезінде арнайы танымдарды талап ететін пайда болушы мәселелерді түсіндіру үшін тағайындалады. 2. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді. Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті ұйымдарға тағайындауды мұндай сараптаманы кедендік сараптаушылардың жүргізуіне мүмкіншілігі болмаған жағдайда ғана жүргізіледі. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті арнайы танымдарға ие кез келген тұлға сараптаушы ретінде бола алады. Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сараптау жүргізу үшін тартылады. 3. Кедендік сараптама кедендік операциялар жүргізу және оларды бірдейлендіру құралдары үшін қажетті тауарларға қатысты, соның ішінде көлік құралдары, кедендік, көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және өзге де құжаттарға тағайындалады. 4. Кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы сараптау жүргізу үшін негіздеме, кедендік сарапшының тегі, аты және әкесінің аты немесе сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, сарапшының алдына қойылған мәселелері, кедендік сараптаушының иелік етуіне ұсынылған материалдардың және құжаттардың тізімі және сараптаманы жүргізу және кеден органына қорытындыны көрсетудің мерзімі көрсетілетін кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді жазбаша нысанда қабылдайды. Шешімде, сондай-ақ, біле тұра сарапшының, кедендік сарапшының (сарапшының), жалған қорытындысын бергені үшін жауапкершілік туралы сараптаушыны ескерту жөнінде көрсетіледі. 5. Кедендік сараптаманы жүргізуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін: 1) кедендік сараптаманы жүргізу үшін ақпараттың жеткіліксіздігі; 2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің дұрыс ресімделмеуі; 3) сынамалар немесе үлгілер орамы сақталуының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмеуі; 4) кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның, арнайы жағдайлардың болмауы; 5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайлар. 6. Бас тартудың себептерін көрсету арқылы кедендік сараптаманы өткізуден бас тарту жазбаша түрде ресімделеді. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады. 7. Кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша түрде декларантты немесе кедендік сараптама тағайындау туралы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаға хабарлайды. 8. Кедендік сараптаманы жүргізуге кеткен шығыстар кеден одағына мүше мемлекеттердің, кедендік сараптама тағайындалған кеден органының бюджеті есебінен өтеледі. 139-бап. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі және мерзімі 1. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді. 2. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында одан неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімінің ұзақтығы кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды өндіріске қабылдаған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартылуы мүмкін. 3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі мынадай жағдайларда тоқтатылады: кедендік сарапшының (сарапшы) кедендік сараптаманы белгілеген кеден органдарына оған қосымша материалдар, сондай-ақ сынамалар мен үлгілер ұсыну туралы қолдаухатының болуы; кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген өзге жағдайларда; 4. Кедендік сараптама нәтижесі бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі. 10 Кедендік бақылаудың құжаттық негіздері. Кедендік бақылауды жүргізу мерзімдері . Кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер берудің міндеттілігі 1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші не бақылауы кеден органдарына жүктелетін қызметті жүзеге асырушы тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге міндетті. 2. Кеден органы кедендік бақылау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы. 3. Кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы мәліметтер мен анықтамалар алуға құқылы. 4. Тауарлар мен көлік құралдары шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын кейінгі операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлік құжаттаманы және басқа да ақпаратты, оның ішінде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге иелік етуші кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы. 5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметі органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік бақылау үшін қажетті қолда бар мәліметтер туралы хабарлауға міндетті. 6. Тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға тиіс. Кеден брокерлері мен кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақтауға тиіс. 11 Тауарлар мен транспорттық құралдардың кедендік шекарадан өту принциптері (принциптерді толық қарастырыныз Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізу кезінде алдын ала операцияларды жүзеге асыру тәртібі 1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өткізу кезіндегі алдын ала операциялар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту; 2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы кеден органдарына хабарлау; 3) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік ресімдеу; 4) тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі кеден органына жеткізу; 5) тауарлар мен көлік құралдарын жеткізу туралы межелі кеден органына хабарлау; 6) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына құбыр тасымалын пайдалану және электр беру желілері бойынша өткізу кезіндегі алдын ала операцияларды жүзеге асырудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды .Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту 1. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына іс жүзінде өткізу тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуі болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтуге сәйкес айқындалатын өткізу пункттерінде, олардың жұмыс істеу уақытында жол беріледі және тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаға тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткізу пунктінде орналасқан кеден органына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жеткізу міндетін жүктейді.Өткізу пунктін анықтау .Мыналар: 1) әуе көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - межелі әуежай немесе тауарлар тасымалдаушы әуе кемесінің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қонатын және тауарларды түсіретін алғашқы әуежайы; 2) теңіз көлігімен өткізілетін тауарлар үшін, - Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы алғашқы түсіру порты немесе қайта тиеу порты; 3) көліктің басқа түрлерімен өткізілетін тауарлар үшін - жүру жолындағы бірінші кеден органы; 4) құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарлар үшін уәкілетті органмен келісілген коммерциялық есептеу аспаптары орнатылған жерлер тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункті болып табылады. 12 Кеден ісі туралы түсінік. Кедендік бақылаудың мазмұны мен мәні. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды. . Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кедендік бақылау .Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады.Кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіп пен нысандарда жүзеге асырады.Бірлескен бақылауды шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады. Кедендік бақылау жүргізу .Кеден органдарының лауазымды адамдары: 1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына; 2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттар мен мәліметтерге; 3) кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты; 4) тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына; 5) кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендік бақылау жүргізеді. Кедендік бақылауды жүргізу принципі 1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нысандармен шектеледі. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы тауарларды және көлік құралдарын өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу тәртібін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді. Кедендік бақылау аймақтары 1. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады. 13.Кедендік бақылау аймақтары. Кедендік мақсатқа қажетті құжаттар мен мағұлматтарды тексеру. . Кедендік бақылау аймақтары 1. Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, және (немесе) кедендік тексеріп қарау арқылы кедендік бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендік қадағалаумен өткізу мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы бойында, кедендік ресімдеу, алдын ала операцияларды жүргізу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендік тексеріп қарау орындарында, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркін қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерінде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендік бақылау аймақтары құрылады. 2. Кедендік бақылау аймақтары оларда кедендік бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендік тексеріп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргізу кезіне құрылатын болуы мүмкін. 3. Кедендік бақылау аймақтарын құру мен белгілеудің тәртібін, сондай-ақ кедендік бақылау аймағына жіберу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 4. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша жүзеге асырылады. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, тауарлар мен көлік құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегінде өткізуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол беріледі. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәліметтерді тексеру 1. Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәліметтердің дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде берілген кедендік декларацияны, құжаттарды және мәліметтерді тексереді. 2. Кеден органдарына кедендік ресімдеу кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады. 3. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәліметтерді сұратып алуға құқылы. 4. Іріктеп тексеру негізінде кеден органдарының құжаттар мен мәліметтерді тексеруіне жол беріледі. 5. қосымша құжаттар мен мәліметтер сұрату және оларды тексеру, егер осы Кодексте тікелей өзгеше көзделмесе, тауарларды шығаруға кедергі жасамауға тиіс. |