Главная страница
Навигация по странице:

  • Кеден қоймалары мен еркін қоймалар

  • 15. Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау.

  • III блок

  • 2.Кеден құқығы пәні және әдістері.

  • Қоғамдық қатынастар

  • 3. Кеден саласы. Жалпы ережелер

  • 4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.

  • 5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.

  • 6. Кеден құқығы институттары.

  • 7. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің құрылымы.

  • кеден. 1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары


    Скачать 122.13 Kb.
    Название1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары
    Анкоркеден.docx
    Дата23.03.2018
    Размер122.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакеден.docx
    ТипДокументы
    #17107
    страница5 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    14. Кедендік қоймаларды уақытша сақтау қоймалар, еркін қойма, еркін кедендік аумақ.

    Уақытша сақтау қоймалары - тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға арнайы арналған, уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жұмыс істейтін қоймалар. Уақытша сақтау қоймаларының түрлері

    1. Тауарларды уақытша сақтау рәсімдерін жүзеге асыруға арналып арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай, аумақ немесе орын уақытша сақтау қоймасы деп танылады.

    2. Уақытша сақтау қоймалары, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларды уақытша сақтау рәсімдерін жүзеге асыру және кез келген тұлғалар пайдалану үшін қолжетімді ашық түрдегі қоймалар болып табылады.

    3. Кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймалары ашық түрдегі қоймалар болып табылады.

    4. Жабық түрдегі уақытша сақтау қоймалары белгілі бір тауарларды немесе белгілі бір тұлғалардың тауарларын сақтауға арналған. Жабық түрдегі уақытша сақтау қоймаларын айналымы шектелген және сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін ерекше тауарларды әкелуді жүзеге асыратын тұлғалар құрады не жабық түрдегі қойманы құру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың немесе көлік ұйымдарының қажеттеріне сай келген кезде құрылады.

    Еркін қойма - бұл тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, шетелдік және қазақстандық тауарлар еркін қойма ретінде танылған тиісті үй-жайларда (орындарда) кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданбастан орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.

    Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тауарларды қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін қойманың кедендік режиміне орналастыруға жол беріледі.

    Кеден қоймалары мен еркін қоймалар - бір бөлігі уақытша сақтау үшін пайдаланылатын, кеден қоймасының және еркін қойманың кедендік режимдеріне сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруға арнайы арналған, уәкілетті орган беретін кеден қоймасын құруға арналған лицензия және еркін қойма құруға арналған шешім негізінде жұмыс істейтін қоймалар.

    Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, кедендiк баждар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.

    Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.

    15. Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау.

    Кеден шекарасында тауарларды импорттау және экспорттау кезіндегі валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар.

    480-бап. Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы функциялары

    Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.

    481-бап. Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы өкілеттіктері

    Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау мақсатында кеден органдары:

    1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;

    2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді;

    3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.

    III блок

    1.Қазақстан Республикасы кеден құқығына жалпы сипаттама. Кеден құқығының жалпы және ерекше бөлімдері.

    Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

    Кеден құқығы – кеден құқығы саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларрының жиынтығын білдірретін құқықтың кешенді дербес саласы.

    Кеден құқығы жүйесі жалпы және ерекше бөлігімен тұрады. Жалпы бөлімге кеден ісінің түсінігі мен мазмұны, кеден құқығының түсінігі мен жалпы терминдері, оның мақсаты, кедендік саясаты, кеден құқығының субъектілері туралы бөлімі, кеден органы қызмет інің әдісі мен формасы туралы,кеден құқығының жауапкершілігі кіреді.

    Ерекше бөлімі кеден ісінің сәйкес элементтері мен блоктарын есепке ала отырып, кеден номенклатурасының ішкі экономикалық қызметін енгізу, кеден оргнадарымен жүзеге асатын алдын ала білу, жедел іздестіру қызметы қалыптастырылған.

    Кеден құқығы пәнінің жалпы бөлімі 6 тараудан тұрады:

    • ҚР кеден ісінің құқықтық және ғылыми-теорилық негізі

    • Кеден құқығы құқықпен оқу пәнінің саласы ретінде

    • Құқықтық қатынастар және нормалар

    • Кеден құқығының субъектілері

    • Кеден органдары қызметінің формасы

    • Кеден құқығы бойынша жауапкершілік.

    Ерекше бөлім 4 тараудан тұрады (яғни 11 блок):

    2.Кеден құқығы пәні және әдістері.

    Құқықтың әрбір саласын оның пәні мен құқықтық реттеу әдісі анықтайды.

    Құқық нормасы – мемлекетпен белгіленіп, руқсат етілген, оны бузған жағдайдабелгілі бір жауапкершілікке тартылатын, нормативтік құқықтық актіде бекітілген мінез-құлық ережесі.

    Қоғамдық қатынастар – білімнің белгілі бір аясында қалыптасатын қатынастар жиынтығы.

    Құқық жүйесі – қоғамдық қатынастардыңбелгілі бір аясын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

    Құқық жүйесі келесілерге бөлінеді:

    • құқықтық реттеу пәні – бул құқықты реттейді (қоғамдық қатынастар)

    • құқықтық реттеу әдісі – бул қоғамдық қатынастарға әсер ететін қуралдардың және әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы

    Кеден құқығының пәні – кеден құқығы аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. ҚР құқықтық жүйесінде кеден құқығының орны туралы қөзқарас бар:

    • кеден құқығы құқықтың дербес саласы (Габричидзе, Сарсембаев, Алибеков)

    • кеден құқығы әкімшілік құқықтың салалығы (Чемакин, Сандровский, Марков)

    • кеден құқығы жоқ, ал тек қана кеден заңнамасы бар.

    Кеден құқығы қазақстандық құқықтың кешенді саласы, яғни кеден құқығы пәнінің басты ерекшелендіретін қасиеті - кеден ісі саласындағы құқықтық қатынастар. Осы қатынастардың кешенді мінез-құлқы мен топтардың бір текті еместігі болып табылады. Алексеев бойынша құқық салаларының жіктелуі:

    • құқытың тазалық салалары (конституция,құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық,әкімшілік құқық)

    • арнайы салалар (енбек құқығы, экологиялық құқық, қаржы құқығы)

    • әртекті институттарды кәсіптік және арнайы құқық салаларына біріктіретін кешенді құқық салалары (шаруашылық, сауда,теніз құқығы).

    • Кеден құқығын құқықтық реттеу әдісі – императивті, диспозитивті.

    Кеден құқығы – кеден құқығы саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқық нормаларрының жиынтығын білдірретін құқықтың кешенді дербес саласы.

    Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы: конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді.

    Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет.

    3. Кеден саласы. Жалпы ережелер

    Қазақстан Республикасындағы кеден ісі

    Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.

    Кеден ісі саласы

    1. Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы.

    2. Осы Кодекспен реттелмеген кеден ісі саласына қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен реттеледі.

    Қазақстан Республикасының кеден заңдары

    1. Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

    2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

    Қазақстан Республикасы кеден заңдарының уақыт жағынан қолданылуы

    1. Кеден ісі саласында осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

    2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптарды бұза отырып өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

    3. Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

    Қазақстан Республикасының кедендік аумағы мен кедендік шекарасы

    1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.

    2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.

    3. Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет.

    4. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.

    4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.

    Кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала – экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.

    Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:

    1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

    2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

    3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Осы сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.

    Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі – кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2005 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90,0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20,3 млрд. теңгеге немесе 28,9 % артық.

    Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

    Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

    Кеден саясатының құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік және тарифтік емес шектеулер кіреді.

    Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

    Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

    5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.

    Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (кедендік реттеу) деп Қазақстан Республикасы айрықша юрисдикцияға ие кеден одағының кедендік аумағының бөлігінде (Қазақстан Республикасының аумағында) тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын реттеу танылады.

    2. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кеден одағының кеден заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің аясы болып табылады.

    Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға – кеден өкілдерінің; кедендік тасымалдаушылардың; уақытша сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

    6. Кеден құқығы институттары.

    Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

    Құкык саласының институты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқыктык нормалар жиынтығымен сипатталады.

    Осыған байланысты кеден құқығында негізгі институттар мынандай түрге бөлінеді: мемлекеттің ішкі және сырткы саясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат мен міндеттерге жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі.

    Ресейдің Кедендік кодексінің Қазақстандык кеден құқығынан айырмашылығы кеден саясатын кеден ісінің құрамында қоса карастырады.

    Кеден құқығы пәнінің Жалпы бөлімі 6 тараудан тұрады:

    1.ҚР кеден ісінің құқықтық және ғылыми-теорилық негізі

    2.Кеден құқығы құқықпен оқу пәнінің саласы ретінде

    3.Құқықтық қатынастар және нормалар

    4.Кеден құқығының субъектілері

    5.Кеден органдары қызметінің формасы

    6.Кеден құқығы бойынша жауапкершілік.

    7. Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің құрылымы.

    Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі

    Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған. 1-тарау. Жалпы ережелер. 2-тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдары. 3-тарау. Кеден органдарының өзге мемлекеттік органдармен, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және кеден ісі саласындағы басқа да тұлғалармен өзара қарым-қатынасы. 4-тарау. Ақпараттандыру және консультация беру. 5-тарау. Кеден органдарының кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара қарым-қатынасы. 6-тарау. Уәкілетті экономикалық оператор. 7-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар. 8-тарау. Кедендік статистика. 9-тарау. Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы. Тауарларды сыныптау. 10-тарау. Тауарлар шығарылған ел. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі осы сияқты тағы да басқа кеден саласындағы барлық іс – шараларды қамтамасыз етуге арналған жалпы 61 тараудан, 504 баптан тұрады.қазақстан Республикасының Кеден саласы осы кеден кодексін басшылыққа ала отырып жүргізіледі.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта