кеден. 1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары
Скачать 122.13 Kb.
|
22 Кедендік тасымалдаушы Кедендік тасымалдаушы – тауарларды және (немесе) жолаушыларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға. Заңды тұлға кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізілгеннен кейін кедендік тасымалдаушы болып танылады. Кедендік тасымалдаушылар тізілімін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Кедендік тасымалдаушы кедендік бақылаудағы тауарларды кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асырады.Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміндегі ақпарат, сондай-ақ аталған тұлғаларды тізілімнен шығару туралы деректер кеден ісі саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурсына орналастырылады. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей аталған Интернет-ресурсқа жаңартылған тізілімді орналастыруды қамтамасыз етеді.Кедендік тасымалдаушылардың мәртебесі құжатпен расталады, оның нысаны мен қолданылу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді. Кедендік тасымалдаушының міндеттері: 1) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде осы Кодексте белгіленген шарттарды сақтауға және талаптарды орындауға; 2) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына мұндай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен табыс етуге; 3) осы Кодексте көзделген жағдайларда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауға; 4) тауарларды жөнелтушіден, оларды алушыдан немесе экспедитордан алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия (жасырым) болып табылатын ақпаратты не басқа да жабық ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге не өз мақсаттары үшін пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге; 5) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізілген кезінде өзі мәлімдеген мәліметтер өзгергені туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.Кедендік тасымалдаушының жауапкершілігі: Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде өзінің міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін кедендік тасымалдаушы осы Қазақстан Республикасының заңдарына немесе кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады. 23.Тәуекелді бағалау мен басқару. 1. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі мынадай: 1) кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру; 2) мыналарды: тәуекелдерді талдау объектілерін; тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттілігін айқындайтын тәуекелді талдау объектілері бойынша тәуекелдің индикаторларын; тәуекелдер туындаған жағдайда ықтимал залалды бағалауды жүйелі айқындауды қамтитын тәуекелді талдау және бағалау; 3) мыналарды: тәуекелдер туындауының ықтималдығын және мүмкін болатын салдарын; тәуекелдерді болдырмау және оларды азайту жөніндегі мүмкін шаралардың қолданылуын талдауды; Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының тәуекелді талдау объектілеріне қатысты талаптарын ықтимал бұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару бойынша практикалық шараларды әзірлеу және іске асыру міндеттерін орындаудан тұрады. 2. Тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды кеден органдары тұрақты негізде жүзеге асырады. 3. Ақпаратты жинау және өңдеу, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізу, тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 4. Тәуекел бейіндерінің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануына арналған құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға жария етуге жатпайды. 24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау. Интеллектуалды меншік – бұл «меншік», бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылады. Интеллектуалды меншік құқығын қорғау - аймақтық қорғауға жатады, яғни, қорғау тек сол мемелекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады. әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ. 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж. «Өндірістік меншікті қорғау» және 1886 ж. Берн конвенциясы, яғни, «Әдеби және көркем шығармаларды қорғау» туралы реформалар жасалды. Кейінірек басқа да аймақтық және екі жақты халықаралық келісімдер болды. 1967 жылы Стокгольм конвенциясы аса маңызды орын алды, Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік мекемесі (БИММ) халықаралық қызметте интеллектуалды меншіктің жиынтығы болып саналды. Тағы да бір ерекше жаңалық – 1994 жылы жасалаған Уругвай раундағы Марракештік пакетті атап өтуге болады. Сауда аспектілеріндегі интеллектуалды меншік құқығындағы (САИМҚ) келісімге интеллектуалды меншіктің әртүрлі салаларын еңгізуге болады. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуан түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: • интеллектуалдық қызметтің туындылары; • ғылым, әдебиет және өнер туындылары; • өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер; • фирмалық атаулар; • тауарлық белгілері және т. б. Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастыруға болады. Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. • Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады. Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады. • Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. 25.Кедендік статистика. Тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасы 1. Тауарлармен сыртқы сауданың жай-күйін, қарқынын және даму үрдісін талдау мақсатында кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін қалыптастыру үшін тауарлардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинауды және өңдеуді жүргізеді. 2. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасын Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес жүргізеді. 3. Кеден органдары тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарына және өзге де ұйымдарына; халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдарға табыс етеді. 4. Кеден одағының комиссиясы кеден одағының тауарларымен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ұйымдарға ұсынады. 5. Кеден органы Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасының деректерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды. 6. Кеден органдары мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) не басқа да жабық ақпаратты қамтымайтын тауарлармен сыртқы сауданың кедендік статистикасының деректерін, оларды алуға мүдделі Қазақстан Республикасының ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда ұсына алады. Арнаулы кедендік статистика 1. Кеден органдарына жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен арнаулы кедендік статистика жүргізіледі. 2. Кеден органдары арнаулы кедендік статистиканың деректерін кедендік мақсаттар үшін ғана қолданады. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттар және мәліметтер 1. Статистикалық мақсаттар үшін тұлғалардың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес ұсынатын құжаттары мен мәліметтері пайдаланылады. 2. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын мәліметтерге осы Кодекстің 16-бабының ережелері қолданылады. 26. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу. 1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына негізделеді. 2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Кеден одағының комиссиясы бекітеді. 3. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу туралы шешімдерді кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ұсыныстары негізінде Кеден одағының комиссиясы қабылдайды.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын және оған өзгерістер енгізу туралы шешімді Кеден одағының комиссиясы жариялайды. 4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын техникалық жүргізу Кеден одағы Кеден кодексінің 51-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар Әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі қасақана немесе абайсызда жасалған іс - әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс - әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқықбұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жататындар: Кеден бақылауы аймағының режимін бұзу; Тауарлар және көлік құралдарын әкелу кезінде ҚР – ның кеден шекарасынан өтетіні туралы хабарламау; Тауарлар мен көлік құралдарын ҚР – ның кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниеті туралы хабардар етпеу немесе анықталмаған хабар беру; Авария немесе жойқын күштер жағдайында шаралар қолданбау; Тауарларды және көлік құралдарын жеткізу орнына бермеу; Тауарларды,көлік құралдарын және олардың құжаттарын ҚР кеден органының рұқсатынсыз беру,жоғалту немесе ҚР – ның кеден органына жеткізбеу; Көлік құралдарын тоқтатпау; ҚР кеден органының рұқсатынсыз көлік құралын жіберу; Кедендік бақылауда тұрған кемеге және басқа жүзу құралдарына жанасып тоқтау.; Декларация толтырушының кедендік рәсімдеуді жүргізу тәртібін бұзуы; Кедендік рәсімдеу аяқталмаған тауарлармен және көлік құралдарымен заңсыз операциялар жүргізу,жай – күйін өзгерту,пайдалану және билік ету; ҚР кеден органының рұқсатынсыз жүргізілетін жүк және өзге де операциялар; Ұқсастыру құралдарын өзгерту,алып тастау,жою,зақымдау не жоғалту; Декларация берушінің тауарларды және көлік құралдарын декларациялау тәртібін бұзуы; ҚР – ның кеден органына кеден декларациясын,құжаттар мен қосымша мәліметтер беру мерзімдерін бұзу; ҚР – ның кеден органына есеп – қисапты бермеу және есеп жүргізу тәртібін сақтамау; Уақытша сақтау мерзімін бұзу; Таурларды сақтауға орналастыру тәртібін,оларды сақтау және олармен операциялар жасау тәртібін бұзу; Тауарларды жою тәртібін бұзу. 28. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жүргізілетін жұмыстар Кеден ісі сасласында құқықбұзушылырға келесі жаза түрлерін белгіледі: 1.ескерту; 2.айыппұл салу; 3.лицензиядан айыру; 4.аттестатциядан өткізу; 5.тауарды тәркілеу; 6.соттың шеімімен тауардың құнын анықтау Арнаулы ереже бойынша кедендік ережелерді бұзған жеке және қызметтегі тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Бұндай жағдайда Қазақстан Республикасының кедендік қызметкері тез арада бұл туралы хаттама әзірлеп, хаттамада төмендегі нәрселер көрсетілуі тиісті. а) Хаттаманы әзірлеушінің аты, тегі, лауазымы. б) Кедендік ережелердің бұзылуы туралы мәліметтер. в) Ереженің қай уақытта, қай жерде бұзылғандығы туралы ескертпелер. г) Ереженің бұзылуына сәйкес жауапкершіліктің жүгі туралы статья көрретілуі тиісті. д) Егер куәгерлер болған жағдайда олардың аты, тегі жазылуы тиіс. р) Кедендік ережені бұзған адамның осы туралы түсініктемесі алынуы міндетті тұрде қажет. к) Кедендік ереже бұзылған жағдайда алынған жүктердің тізімі. к) Істі жүргізуге қажетті басқа да мәліметтер көрсетілуі қажет. Хаттамаға оны құрастырушының, жауапты адамның, куәгерлердің қолы қойылуы міндетті. Жауапты адамның хаттамаға келіспеушілігі туралы өз пікірін білдіруге болады және оның хаттамаға қол қойылмағаны туралы мәлімет берілуі қажет. Хаттамада жауапкершілікке тартылатын адамның құқықтары да көрсетіледі және хаттаманың көшірмесі (копиясы) оған жіберіледі немесе тапсырылады. Кедендік ереженің бұзылғандығы туралы хаттама жазу мүмкіндігі болмаған жағдайда кедендік жауапты қызметкер айыпты тұлғаны арнаулы кедендік бөлмеге әкелуге құқы бар. Бұндай жағдайда кедендік қызметкер Қазақстан Республикасының кедендік ережелеріне сәйкес жанындағы қызметкерлерден жәрдем сұрауға да еркі бар. Хаттамада жауапкершілікке тартылған адамның (тұлғаның) қарсылық көрсетілгені туралы да жазылуы тиісті. КК 294 бабына сәйкес хабарландыруды, өтініштерді, басқа да кеден ережесін бұзуға әрекеттер әзірлеп жатқанын, жасап жатқанын немесе бұзушылық жасалып болғаны жөніндегі ақпараттар үш тәулік ішінде аяқтау керек, тек кездейсоқ жағдайларда 10 тәуліктен аспау керек. Мұндай хабарландырулар, өтініштерді және ақпараттарды тексеретін ҚР кеден басқармасының лауазымды тұлғасы кеден ережесін бұзу жөніндегі істі жүргізгенге дейін тауарларды және көлік құралдарына кедендік бақылау жүргізуге құқы бар, сонымен қатар кедендік брокерден және басқа тұлғалардан тауарларды немесе көліктік құралдарын ҚР кедендік шекарасынан өткізу үшін тиісті тұрде сол тұлғалардан құжаттарды, түсініктемелерді және айқындама қағаздарын алу керек. Кеден ережесін бұзу жөніндегі істің өндірісі істі жүргізгеннен бастап бір айдың ішінде аяқталуы тиіс. Бұл істі кеден басқарма бастығының одан жоғары ҚР кеден басқармасының рүқсатымен ғана үзартуға болады. 29. Кеден саласындағы қылмыстар. Кедендік қылмысқа жататындар: 1.экономикалық контрабанда. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның мүлкi тәркiленiп не онсыз, екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2.кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергенi үшiн алынатын алымдарды немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы. Кедендiк бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есiрткi заттарды,психотроптық, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтарды декларацияламай немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттiң кеден шекарасы арқылы өткiзу -мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 30. Экономикалық контрабанда түсінігі. Экономикалық контрабанда 1. Кеден одағының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткiзуге тыйым салынған немесе өткiзу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткiзудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткiзу - мүлкі тәркіленіп не онсыз, бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекет: а) бiрнеше рет; б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып; в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып; г) аса ірі мөлшерде; д) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалса, -мүлкi тәркiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы бiрiншi және екiншi бөлiктерде көзделген әрекеттердi: а) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; б) ұйымдасқан топ жасаса, -мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. |