Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы

  • 3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы

  • 4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/К), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары

  • 5 . Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).

  • 6. Контрабанданы іздеу детекторы. (BUSTER).

  • 7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.

  • кеден. 1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары


    Скачать 122.13 Kb.
    Название1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары
    Анкоркеден.docx
    Дата23.03.2018
    Размер122.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакеден.docx
    ТипДокументы
    #17107
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8

    1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.

    Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:

    1) кеден одағының кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмір белгілері бойынша тіркеуді автоматтандыру жолымен оларды көзбен қарап және автоматтандырылған бақылау үшін кеден органдары пайдаланатын автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;

    2) өткізілетін радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтау, оқшаулау және бірдейлендіру, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған радиациялық бақылаудың техникалық құралдары. Оларға дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлық жүйелері жатады;

    3) кеден органдары автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін өлшеуді бақылау үшін пайдаланатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі;

    4) кеден органдары көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктеріндегі, контейнерлердегі, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажындағы, халықаралық пошта жөнелтілімдеріндегі заттарды және шағын, орташа көлемді және ірі көлемді ыдыстардағы тауарларды оларды ашпай, сондай-ақ жеке тұлғаларды интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп қарау әдісімен, көзбен қарап тексеру үшін пайдаланатын, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен жабдықталған тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы. Кеден органдары интрузивті емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелерін пайдаланады;

    5) жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажын, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, көлік құралдарындағы тауарлар мен қол жеткізудің қиын орындарын кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын іздестірудің техникалық құралдары. Мыналар іздестірудің техникалық құралдары болып табылады:

    металл детекторлары - қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды құралдар. Кеден органдары портативті, тасымалданатын және стационарлық металл детекторларын пайдаланады;

    тексеріп қарау айналары - пішіндері мен мөлшері әртүрлі ауыспалы айналардың жиынтығы бар телескоптық ұстағыштар, қол жеткізудің қиын орындарындағы тауарларды, көлік құралдарын тексеріп қарау үшін қолмен ұсталатын жарықтандырғыш аспаптарымен қолданылады;

    тексеріп қарау сүңгілері - диаметрлері мен ұзындығы әртүрлі ерекше шыңдалған металл өзектері, тесілетін объектілердің (жұмсақ және картон орамаларының, көлік құралдарындағы отырғыштардың, сусымалы жүктердің) салымдарынан сынамалар алу үшін арнайы нысандағы тесігімен дайындалады;

    эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жеткізудің қиын орындарын және түрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған оптикалық аспаптар;

    тексеріп қарау шамдары мен лампалар - тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру үшін бағытталған жарықтандырғыш аспаптар. Кеден органдары ұтқыр, тасымалданатын және стационарлық шамдар мен лампаларды қолданады;

    тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар - отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жеткізудің қиын орындарындағы бөтен салымдарды анықтау үшін бағытталған аспаптар;

    жылу визорлары - өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған бағытталған аспаптар;

    6) бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:

    кедендік және өзге құжаттардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;

    бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары;

    бағалы тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;

    есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары;

    жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары;

    рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;

    өлшеу аспаптары;

    энергия ресурстарын есептеу аспаптары;

    хладагенттерді сәйкестендіру аспаптары, детекторлар мен талдағыштар;

    электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары;

    штрих-кодтардың принтерлері;

    штрих-кодтарды оқу аспаптары;

    сәйкестендіру құралдары;

    7) кеден органдары кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі жедел жағдайды қадағалау үшін кеден органдары пайдаланатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.

    Көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдарына қадағалау аспаптары, дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру аспаптары, сондай-ақ шолу телевизиясының жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі жатады;

    8) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары, оларға магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі және жазу пішініндегі плейерлер, телемониторлар, телевизорлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайд проекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, сондай-ақ аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар жатады;

    9) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау процесін жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданатын жедел байланыстың техникалық құралдары. Кешен: кеден қызметіне арнайы бөлінген радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасын қамтиды.

    2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы

    Қазақстан Республикасының Кеден кодексі бойынша кеден бақылауын жүргізген кезде адамның өмірі мен денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге және тауарларға қауыпсыз техникалық құралдар пайдалынады . Осындай техникалық құралдарының жиынтығын «кедендік техника» деп атайды . Кедендік техника дегеніміз – жүйелендірілген кеден органдарына жүктелген мақсаттарды қамтамасыз ету үшін арналған техникалық құралдарының жиынтығы.

    Кедендік техника келесі мақсаттардан тұрады:

    - тауарларға, транспорттық құралдарға және кедендік шекарадан өтуші тұлғаға кедендік бақылауды жүргізуге арналған құралдар;

    - қылмыстарды ашу мақсатында қолданатын криминалистикалық техникалық құралдар;

    - тауарлардын идентификация мақсаттарын шешетің кедендік сараптау техникалық құралдар;

    - басқару, технологиялық және т.б. мақсаттарды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық және байланыс құралдар;

    - ақпараттарды беру, іздеуі жинақтау, сақтау және алуға арналған кеден қызметің ақпараттандыру құралдары;

    - кеден органдарын қорғау және жеке қауыпсыздықты қамтамасыз ету техникалық құралдар;

    - жедел-іздестіру қызметінің мақсаттарын шешуге арналған техникалық құралдар (арнайы техника);

    - кедендік іс жүргізу техникалық құралдар (ұйымдастыру техника).

    Кедендік техниканың негізін және ең басты ролін атқаратын кедендік бақылаудың техникалық құралдары болып есептеледі (КБТҚ).

    3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы

    Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:

    1) кеден одағының кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмір белгілері бойынша тіркеуді автоматтандыру жолымен оларды көзбен қарап және автоматтандырылған бақылау үшін кеден органдары пайдаланатын автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;

    2) өткізілетін радиоактивті және бөлінетін материалдарды, қауіпті қалдықтарды анықтау, оқшаулау және бірдейлендіру, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеуге арналған радиациялық бақылаудың техникалық құралдары. Оларға дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлық жүйелері жатады;

    3) кеден органдары автокөлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін өлшеуді бақылау үшін пайдаланатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі;

    4) кеден органдары көлік құралдарын, көлік құралдарының жүк бөліктеріндегі, контейнерлердегі, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажындағы, халықаралық пошта жөнелтілімдеріндегі заттарды және шағын, орташа көлемді және ірі көлемді ыдыстардағы тауарларды оларды ашпай, сондай-ақ жеке тұлғаларды интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп қарау әдісімен, көзбен қарап тексеру үшін пайдаланатын, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен жабдықталған тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы. Кеден органдары интрузивті емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелерін пайдаланады;

    5) жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажын, халықаралық пошта жөнелтілімдерін, көлік құралдарындағы тауарлар мен қол жеткізудің қиын орындарын кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын іздестірудің техникалық құралдары.

    6) бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:

    кедендік және өзге құжаттардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;

    бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары;

    бағалы тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары;

    есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары;

    жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары;

    рентгенофлуорэсценттік талдағыштар;

    энергия ресурстарын есептеу аспаптары;

    электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары;

    штрих-кодтарды оқу аспаптары;

    сәйкестендіру құралдары;

    7) кеден органдары кедендік бақылау жүзеге асырылатын объектілердегі жедел жағдайды қадағалау үшін кеден органдары пайдаланатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.

    8) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары;

    9) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылау процесін жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданатын жедел байланыстың техникалық құралдары.

    4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/К), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары

    Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/К), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары- тасымалдау жағдайында бақылауды бұзбайтын объектілерде рентгеноскопия әдістерін қолдануға арналған айналадағы ауа температурасы 20°С –ден 50°С-ге дейін, атмосфералық қысым 84-тен 107 кПа дейін, 30°С температурадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% болуы, жағдайында объектілерді рентгеноскопия әдісімен бұзбастан бақылауға арналған кешеннің құрылымы онымен тұрақта емес жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кешен тығыздығы 1-ден 8г/см3-ға дейінгі материалдардан жасалған оптикалық бұлыңғыр объектілерді тексеруге қолданылады және жолаушылардың багажын, ыдыстарды, посылкаларды және т.б. тексеруге, жайлардағы, жүк контейнерлеріндегі, көлік құралдарындағы бөгде заттарды іздеуге пайдаланылуы мүмкін. Кешен рентген аппараты мен көруші визуалдық құрылғының арасы 0,7м дейінгі қашықтықта болғанда анықтауды қамтамасыз етеді. Мысалы, пистолет- пластиктен жасалған 20мм қалыңдықтағы, болаттан жасалған 2мм қалыңдықтағы тосқауылдың арғы жағында; 50мм өзіндік көлемі бар жарылғыш заттар- 1мм қалыңдықтағы болаттан жасалған, 10мм қалыңдықтағы алюминийден жасалған тосқауылдың арғы жағында болғанда.

    5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).

    «Янтарь» жүйесі – гамма және нейтронды сәулелендіруді анықтауға арналған және екі тіркеу (мониторлар) мен ПВЦ басқару тетігінен (немесе дербес компьютерден) тұрады. Әрбір тіреуде гамма және нейтронды сәулелерді анықтайтын көрсеткіш, объектінің қатысу көрсеткіші, ЖҰМЫС сәуле индикаторы, сонымен қатар аккумулятор орналасқан. ПВЦ басқармасы (монитор ДК) жүйенің ақпараты мен параметрлер тапсырмасына арналған.

    Жүйе тәулік бойы электр желісіне қосулы болуы тиіс, тіреудегі ЖҰМЫС сәуле индикаторы үздіксіз жасыл түсті болып жанып тұруы керек, қуат кернеуі тоқтаған кезде аккумуляторлар жүйенің 10 сағат ішіндегі жұмыс қабілетін қамтамасыз етеді.

    «ЯНТАРЬ – 1А», «ЯНТАРЬ – 2А».

    Автомобиль арқылы тасымалданатын жүктерді үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтауға арналған.

    Қолданылуы:

    • Теміржол көлігінің қозғалмалы құрамындағы кедендік өткізу бөлімшелері;

    • Атом электр станциялары;

    • Ядролық материалдарды өндіру мен қайта өңдеу.

    «ЯНТАРЬ – 2Л»

    Мақсаты – автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерді үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтау.

    Қолданылуы:

    • Металлургиялық және қоқыстарды қайта өңдеу комбинаттары;

    • Атом электр станциялары;

    • Ядорлық материалдарды өндіру, сақтау және қайта өңдеу комбинаттары;

    • Әскери ядролық қондырғылар және қоймалар.

    «ЯНТАРЬ – 1С», «ЯНТАРЬ – 2С»

    Жолаушылар мен багаждарды үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтауға арналған.

    Қолданылуы:

    • Кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймалары;

    • Атом электр станциялары;

    • Ядролық материалдарды өндіру және қайта өндіру және қайта өңдеу комбинаттары;

    • Әскери ядролық қондырғылар және қоймалар.

    6. Контрабанданы іздеу детекторы. (BUSTER).

    К910В «BUSTER» контрабанда детекторы – қол жетуі қиын жерлердегі, мысалы: көліктердің отын бактеріндегі, есіктердегі, автопокрышкалардағы, жүк автокөліктерінің қабырғаларындағы, т.с.с. жерлердегі контрабанданы анықтау үшін қолданылады. К910В аспабы күдікті объектінің үстіне қойылып, іске қою түймесін басу арқылы ол «қосылып», (ON) жағдайына келтіріледі де күдікті объектіден жұқа сәуле түрінде энергия сәулеленеді. Егер объект үстіндегі кеңістікте қандай да бір масса немесе тығыз материал болмаса, сәуле энергиясы объект арқылы өтіп, кеңістікте шашырайды.

    Егер шағылысып, детекторға қайтқан энергия саны аз болса, сұйық кристалды дисплейде аз сан көрсетіледі және керісінше.

    Егер К9101В аспабын бірнәрсенің үстімен ақырын жылжытса, онда осы үстіңгі беттің астындағы материалдың тығыздығы дисплей бетіндегі өзгеріс сияқты шағылысады.

    Энергия көзі оны кездейсоқ сәулелендіретінін ескеру керек, сондықтан дисплей көрсеткішінің шамалы өзгерісінің өзі де қалыпты болып табылады.

    К910В аспабы 6мм (1/4 дюйм) қалыңдықтағы болаттың арғы бетін көре алады және оның астындағы аймақ тығыздығының өзгергенін сезе алады.

    Тексерілуі мүмкін әр түрлі материалдар қалыңдығының ең жоғары мәндері:

    болат – 6 мм (1/4 дюйм);

    алюминий – 12,5 мм (1/2 дюйм);

    ағаш – 40 мм (1/4 фут);

    қорғасын – әр түрлі қалыңдықта болса да дабыл қағылмайды (бұл жерде заңсыз заттың болғанын көрсетеді).

    Егер контрабандашы қорғасынның көмегімен автокөлік есігінде жасырылған контрабандалық тауарды жасырып қалмақшы болса да, К910В аспабы есіктің қалыңдығына қарамастан өзгеше төмен көрсеткіш көрсетеді. Бұл ретте ішкі бөлшектердің, әйнектерді түсіру тетіктерінің, т.с.с. болуына қарай көрінетін дағдылы көрсеткіштер болмайды, ал бұл тәжірибелі инспекторды алаңдатып, мұнда күдікті бірдеңе болу керек дейтін ойға қалдыруы тиіс.

    7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.

    Құнды металдың нақты құрамын анықтау үшін әртүрлі реактивтер, пробирлі инелер және пробирлі тас қолданылады. Құнды металды анықтаудың 2 әдісі бар: 1) ысқылау әдісі – зерттелетін металды пробирлі тастың үстімен із қалатындай етіп жүргізеді. Қалдырылған іздің қасына пробирлі ине жолағы қойылады. Екі ізге реактивтер тамызып нәтижеде пайда болған рекцияға ьалдау жүргізіледі. Бірдей пробалы металдарда реакциядан кейін бірдей түсті із қалады. Егер зерттеліп отырған металл қарайса, демек ол пробирлі инеге сәйкес емес дегенді білдіреді. 2) Тамшылы әдіс – металға тереңдігі 0,1мм мен 1 мм арасында саңылау жасалады. Осы саңылауға керекті пробалы реактив тамызылады. Нәтижедегі реакцияның түсі арқылы қоспадағы металдың сандық құрамын анықтауға болады.

    Реактивті қышқылдың әсер ету уақыты 10с аспау керек. Қышқылдану реакциясы үшінші секундттан басталады.

    Пробирлі тас – қара түсті кремнилі тақтатас, құрамы ұсақ түйіршікті беті тегістеліп өңделген тас. Бұл тас азотты, күкіртті, қышқылдар мен тұзды қоспаларға төзімді болуы керек.

    Пробирлі инелер – бағалы қорытпалардан жасалған жолақшалар. Құнды металдың әрбір пробасына арналған инелер жиынтығы болады. Олар сәйкесінше қоспа құрамына байланысты әртүрлі түсте болады. Пробирлі реактивтер қышқылдардың, қышқылдық қоспалардың сутектік ерітнділері немесе тұздардың ерітінділері.

    Алтынды анықтауға арналған қышқылдық реактивтер:

    1) 375 пробалы алтын үшін – HNO3 – 59,5%; дистилденген су – 40,5%;

    2) 500 пробалы алтын – HNO3 – 100%; ρ=1,4кг/м3;

    3) 583,585 пробалы алтын үшін – HNO3 – 46%; дистилденген су - 54%; ρ=1,19 кг/м3 (4 тамшы);

    4) 833 пробалы алтын үшін – HNO3 – 68,7%; HCl - 1,3%; дистилденген су - 30%.

    5) 750 пробалы алтын – HNO3 – 59,3%; HCl - 1,1%; дистилденген су – 39,6%.

    6) 900 пробалы алтын – HNO3 – 69,2%; HCl - 1,3%; дистилденген су – 29,5%.

    7) 958 пробалы алтын – HNO3 – 78,7%; HCl - 2%; дистилденген су – 19,3%.

    Күміс үшін реактивтер:

    1) 750 пробалы – азот қышқылды күміс – 0,45г, дистилденген су – 100мл.

    2) 800 проб. – HAgNO3 – 0,5г, дист.су – 100мл.

    3) 875 проб. – HAgNO3 – 0,7г, дист.су – 100 мл.

    4) 916 проб. – HAgNO3 – 0,75г, дист.су – 100 мл.

    5) 960 проб. – HAgNO3 – 0,8г, дист.су – 100мл.

    Қолға ұстайтын «ВМ – 611» металл іздегіш – диэлектр орталардағы металл және қорытпа объектілерін анықтауға арналған. Бұл – ішіне сызба нұсқаның электронды элементтері мен қуат көзі (аккумулятор) орнатылған, соққыға төзімді пластиктен жасалған тік бұрышты корпусқа тізбектелген құйын токты өңдегіші бар қолға ұстайтын металл іздегіш. Жұмыс істеу қағидасы жасырын металл объектілерді іздеудің үйлесімді (жекелік) құйын токты әдісіне негізделген. Металл іздегіштің дыбыстық және сәулелік дабыл қаққышы металл зат құйын токты өңдегіштің өрісіне түсіп, дабыл тиісті шегінен асқанда барып жұмыс істей бастайды. Қуат көзі қолмен бұралмай –ақ іске қосылысымен, сондай – ақ, пайдалану жағдайы (температура, ылғалдылық) өзгерісімен автоматты үндестіруші металл іздегішті ең жоғары сезімталдыққа қосады.

    Қуат кернеуінің ішіне бірге салынған тұрақтандырғыш қуат кернеу 7 – ден 11 В – ға дейін өзгергенде де металл іздегіштің жұмыс істей бастайды (қызыл түсті сәуле диодискіге қосылады да, жасыл түсі өшеді).

    Техникалық сипаттамалары:

    1. Сезімталдығы неғұрлым күшейгенде бұйым ізделуші элементтің (корпустың құрылымдық тұрғыда бөлінген жұрнағының) жұмыс бетінің орталық арасы бойынша кемінде 30мм қашақтықтағы 2 рубльдік шақаны (оның жазықтығы 0,5 м/сек жылдамдықтан артпаған жағдайда) анықтауға мүмкіндік береді.

    2. 7Д – 0,25Д тұрпатты аккумулятордан қуаттандыру (сыйымдылығы сағатына 125 мА˟сағат, кернеулігі 8,4В.). Зарядталмаған аккумуляторды толық сыйымдылыққа дейін зарядтау уақыты – 16сағ.

    3. Аккумулятормен қуаттандыру 7 В кернеуліктен төмен болған жағдайда, дыбыстық және сәулелік дабыл қаққыш жұмыс істей бастайды, ал аспапты қуаттандыруды қосатын индикатор (жасыл түсті сәуледиод) өшеді.

    4. Металдан жасалған заттарды айқындау сәтіндегі тұтыну тогы (қызыл түсті сәуледиод жанып, дыбыстық дабыл қағылады) 25 мА артық емес.

    5. Қуаттандыруды қосқаннан кейінгі жұмыс режимін белгілеу уақыты – 5 сек артық емес.

    6. Толықтай зарядталған аккумулятордың кезекші режимдегі үзіліссіз жұмыс уақыты – 8 сағаттан кем емес. Ескерту – бұйымның үзіліссіз жұмыс істеу уақыты 3 циклден кем емес «заряд - разрядтан» өткен және сыйымдылығы сағатына 125м Ах – тан кем емес аккумуляторлар үшін көрсетілген.

    7. Габариттік өлшемдері төмендегілерден артық емес:

    - металіздегіш - 410˟80˟30 мм;

    - желілік адаптер - 90˟75˟55 мм.

    8. Металл іздегіштің салмағы – 0,35 кг артық емес.
      1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта