Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.Кедендік бақылау жүргізудің түрлері.

  • 2. Кедендік режимдегі тауарлар мен транспорттардың жылжу ерекшеліктері

  • 3. Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама

  • 4.Сараптама қызметінің мазмұны мен ұқыптылық негізі.

  • Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым – кеден

  • Кедендік сарапшы

  • Кедендік сараптаманың түрлері

  • Жеке-дара кедендік сараптаманы

  • Кешенді кедендік сараптаманы

  • 5.Кедендік төлемдер, Кедендік рәсімдеуге төленетін салықтар, акциздер, Кедендік құнды анықтау.

  • Тауардың Кедендік құнын анықтау және оны пайдалану тәртібі: Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша

  • Бірдей тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау

  • Құнды шегеру

  • 6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар

  • кеден. 1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары


    Скачать 122.13 Kb.
    Название1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары
    Анкоркеден.docx
    Дата23.03.2018
    Размер122.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакеден.docx
    ТипДокументы
    #17107
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    15.Кеденде қолданылатын металл детектордың түрлері,жұмыс істеу принципі,техникалық сипаттамасы.Металдан жасалған бұйымдарды, қару жарақ пен оқ дәрілерді анықтау үшін металл детекторлар қолданылады. Металл детектордың көмегімен тікелей адамның денесінде жасырылған қару жарақтарды , оқ дәрілерді, құнды металдардан жасалған бұйымдарды табу мынаған саяды: тұлғада металдан жасалған белгілі бір массадағы объектінің бар екендігін анықтау мен сол затты ерікті түрде беретіндей етуін немесе одан бас тартқан жағдайда оны жеке тексеріп қарау кезінде алудың шараларын қолдану. Егер өту кезінде дабыл сигналы туындаса, онда қол металл детекторы қолданылады, оны адам тұлғасының периметрі бойынша қозғай отырып, кеден қызметкері металдан жасалған заттың орнын мейілінше дәл анықтайды. Тұрақты металл детекторлар негізінен едәуір салмақты заттарды анықтауға қолданылады, ал жоғары сезісталдығы бар қол металл детекторлары жұмсақ металдан жасалған заттарды анықтауға арналған, олардың көмегімен бас киімдерге, сырт киімдерге, шалбарларға, аяқ киімдерге, фурнитура заттарына тығылған бұйымдар жақсы табылады. Металл детекторлардан басқа шет елдерге контрабанданың портативті детекторлары шығарылады және қолданылады. Әмбебаптары (ITMS Vapor Tracer ) есірткі және жарылғыш заттарды анықтау үшін қолданылады. Құралдың жұмыс істеу қағидасы детекторға сынаманың буын енгізуге негізделген, онда сынама жылытылып, иондалады, содан соң затты үйлестіру жүргізіледі. Құралды пайдалану оңай , небәрі басқарудың бес түймесі және сұйық кристалды дисплейі бар. Жарылғыш заттарды (ЖЗ) анықтаушы VIPER тасымалданатын құрылғысы. VIPER тасымалданатын құрылғының бесінші буынынан аспабы, тез арада, үш секундтан кем емес уақытта ЖЗ анықтауға мүмкіндік береді. МЕТАЛ ДЕТЕКТОРЛАР: 1) COMET - қолға ұстайтын жартылай өткізгіш металл іздегіш шағын аспап. Бұйым мынадай қызметтерді орындайды: адамның киім кешегіндегі , пошта корреспонденциясындағы, жиһаздағы , құрылыстық құрылымдардағы металдың бар жоғын анықтайды; металл емес тосқауылдардың арғы жағындағы ток өткізгіштерді сәйкестендіреді. Ықшам габаритіне, электр тұтынуының аздығына, сыртқы ортаға төзімділігіне байланысты аспап пайдалануға өте қолайлы . Металл заттарды анықтау индикациясы түсті және дыбысты. 2.»ПОИСК – 5» диэлектрикалық орталардағы әр түрлі металл заттарды анықтайтын, қолға ұстауға арналған сезімталдығы жоғары серпілісті әрі таңдамалы металл іздегіш. Аспап сонымен қатар ғимраттарды, жиһаздарды, топырақты зерттеу үшін қолданылады. Қандай металл түрінен жасалғанына және габариттік өлшемдеріне қарай анықталған объектілерді жіктеуге мүмкіндік береді, аспап құрамына кіретіңдер: электронды блок, үлкен іздеуіш датчик, ажыратқыш қарнақ, құлаққап, қуаттандырғыш құрылғы, құндақ. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: детекторлау қашықтығы, см - пистолет ПМ -50; жез табақша( 25 мм диаметрлі) – 20; консерві қалбыры – 80; болат қатпар (пластина) (1000*1000*1мм) – 180; салмағы, кг - 1,7; қуаттануы, В – 12; үзіліссіз жұмыс істеу уақыты, екі сағаттан кем емес. 3. «ПОИСК – 3М» тұрақты іріктемелі құйынды металл іздегіш бақылауға қол жетімді жерлерде ( әуе жайларда, арсеналдарда, қоймаларда) келушілердің киімі астынан ататын немесе суық қаруларын тексеруге арналған. Әр түрлі салмақтағы металдарға икемделе алады. Құрастыруы мен икемдеуі өте қарапайым, ағаштың құнды түрлеріне ұқсатылған және есік ойығына үйлесімді орналасады. Түстік және дыбыстық дабыл қаққыштары бар. «ПОИСК – 3МР» үлгісінде ионданушы сәулелену датчигі орнатылған, ол тек бұйымның негізгі қызметін орындап қана қоймай, күзетіліп тұрған объектіге радиоактивті сәулелендіру көздерін өткізбеуді де бақылауға мүмкіндік береді. НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ: Өткізілімнің ені, м – 0,8; Өткізілім арқылы өту жылдамдығы, м|сек – 2- ге дейін; Қаруды анықтау мүмкіндігі – 0,95; Жалған дабыл мүмкіндігі – 0,02.

    ІІ блок:

    1.Кедендік бақылау жүргізудің түрлері. Кедендік бақылау-Қазақстан Рес.ң кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қаз.н Рес.ң кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы.Кедендік бақылау жүргізу Кеден органдарының лауазымды адамдары:

    1) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына;

    2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлік құралдары туралы кедендік декларацияға, құжаттарменмәліметтерге;

    3) кеден брокері, кедендік тасымалдаушылар ретіндегі тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдердің шеңберінде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне қатысты;

    4) тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге белгіленген шектеулердің сақталуына;

    5) кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендік бақылау жүргізеді.

    Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

    2. Кедендік режимдегі тауарлар мен транспорттардың жылжу ерекшеліктері. Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Кедендік режимде ҚР- ның Кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты жағдайлары көрсетілген. Оған жатады: Кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды міндетті түрде орындау; нақты Кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтауға Кедендік қоймаларға алып бару. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:

    1. Еркін айналымға тауарлар мен транспорттық құралдарды шығару

    2. Тауарлар мен транспорттық құралдар экспорты

    3. Тауарлар мен транспорттық құралдар реимпорты

    4. Тауарлар мен транспорттық құралдар реэкспорты

    5. Тауарлар мен транспорттық құралдар транзиті

    6. Кедендік қойма

    7. Бажсыз сауда дүкені

    8. ҚР территориясында тауарларды өңдеу

    9. Кедендік бақылау жағдайларында тауарларды өңдеу

    10. Тауарлар мен транспорттық құралдарды уақытша кіргізу және уақытша шығару

    11. Еркін Кедендік аймақ, еркін қойма

    12. Кедендік территориялардан тыс жерде тауарларды өңдеу

    13. Тауарларды жою

    14. Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту

    Кедендік режимнің бірін толығырақ айтатын болсам, мысалы бажсыз сауда дүкені. Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды коспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату фискалдық, жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде колдану арқылы жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы танбасы болуы және сату үшін алдың ала оралуы тиіс. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендік аумағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаумен жүргізіледі.

    3. Кедендік бақылау жүйесіндегі сараптама

    Кедендік сараптама – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.

    Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады.

    Кеден органдары:

    1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;

    2) алдын ала шешім қабылдаған;

    3) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда кеден органдары лауазымды адамдарының тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.

    Тауарлар, кедендік және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, бiрдейлендiру құралдары кедендік сараптамалардың объектілері болып табылады.

    Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың мамандары жүргізеді.

    Кедендік сараптаманы жүргізу үшін:

    1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша - кедендік сараптамаға жолдама;

    2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым негіз болып табылады.

    Жолдамада, қаулыда не ұйғарымда:

    1) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

    2) кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;

    3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;

    4) сарапшының қарауына берілетін материалдар көрсетіледі.

    Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы декларантты кедендік сараптама тағайындау туралы жолдамамен, қаулымен не ұйғарыммен таныстыруға міндетті. Жолдамаға, қаулыға не ұйғарымға танысқандығы туралы белгі соғылады және декларант қол қояды.

    Кедендік сараптама жүргізу тәртібі

    1. Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.

    2. Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы беріледі.

    3. Кедендік сараптаманы кеден зертханаларында жүргізу тәртібін және қорытынды нысанын уәкілетті орган бекітеді.

    4.Сараптама қызметінің мазмұны мен ұқыптылық негізі. Кедендік сараптама – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды пайдалана отырып, кедендік сарапшылар және (немесе) өзге де сарапшылар жүзеге асыратын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу. Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым – кеден органы (оның өңірлік бөлімшелері) және кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті өзге де ұйымдар. Кедендік сараптама объектісі – тауарлар, көлік құралдары, сәйкестендіру құралдары, кедендік, коммерциялық және көлік (тасымалдау) құжаттары және өзге де құжаттар, сондай-ақ осы құжаттарда қамтылған, кедендік сараптамаға жіберілетін тауарларға қатысы бар мәліметтер. Кедендік сарапшы – кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды адамы. Кедендік сараптама тағайындау: 1. Кедендік сараптама кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның үй-жайларында да, сонымен бірге егер бұл зерттеу ерекшеліктерін не кедендік сараптама объектісін жеткізу мүмкін еместігі ескеріле отырып, қажет болған кезде одан тыс жерлерде де жүргізіледі. 2. Егер кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етілетін жағдайларда, кедендік сараптама тағайындалады. 3. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді. 4. Кедендік сараптама тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады. Кедендік сараптаманың түрлері 1. Кедендік бақылау мақсатында кедендік сараптаманың мынадай: сәйкестендіру, тауартанушылық, материалтанушылық, технологиялық, криминалистік және іс жүргізуде қажеттілік туындайтын өзге де түрлері жүргізіледі. 2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына қарай жеке-дара, комиссиялық немесе кешенді кедендік сараптама тағайындалады. Жеке-дара кедендік сараптаманы кедендік сарапшы (сарапшы) жеке-дара жүргізеді. Комиссиялық кедендік сараптаманы бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер болған кезде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі кедендік сарапшының (сарапшының) бөлек қорытындысын ұсынуға құқылы. Кешенді кедендік сараптаманы іс үшін маңызы бар мәнжайларды анықтау үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) құзыреті шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеу қажет болған жағдайда, кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізеді. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) кедендік сарапшы (сарапшы) қорытындысының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

    5.Кедендік төлемдер, Кедендік рәсімдеуге төленетін салықтар, акциздер, Кедендік құнды анықтау. Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік органдармен заңға көрсетілген реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы.«Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады. Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады: 1. Кедендік баж 2. Кедендік алымдар 3. Алымдар 4. Алдын ала шешім үшін төлемақы. Салықтар тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салығы және акциз (акциздер); Кедендік баж – кеден органдары тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету.Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Тауардың Кедендік құнын анықтау және оны пайдалану тәртібі:

    1. Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша

    2. Біртекті тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау – сипаттамалары бірдей, ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын, дәл сондай қызмет атқаратын бірін бірі алмастыратын заттарға қойылатын бағасы.

    3. Бірдей тауарлардың мәлімесі бойынша Кедендік құнды анықтау- тауарлардың негізгі қасиеттері, физикалық сипаттамалары, нарықтағы беделі,сапасы, шығу елі, өндіруші болып келетін тауарлардың бағасы жатады.

    4. Құнды шегеру- бұл кезде тасымалдау, сақтандыру, т.б кедендік баж салығына қосылмайды. Құнды қосу- Кедендік құнды анықтау үшін материалдар мен шығындар, жалпы шығын және тауар жеткізу үшін келетін пайда жатады.

    5. Резервтік әдіс егер тауарлардың құны жоғарыда аталған әдістер бойынша анықталмаған болса әлемдік тәжірибеде не бар сол бойынша анықталады.

    Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі жүзден астам ел қолдануда.Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданың реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың базаның көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ салық пен тарифтердің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.Мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкаларын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында берілетін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығарылатын тауарлар, сондай-ақ Кеден одағының кедендік аумағынан көрсетілген мемлекеттерге әкетілетін және Қазақстан Республикасынан шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Кедендік рәсім – тауарларды Кеден одағының кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерде пайдалану және (немесе) оған билік ету талаптары мен шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын нормалардың жиынтығыболып табылады.

    6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар

    Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретіндегі жеке тексеріп қарау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының, оны алмастырушы адамның не Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-өткiзу пункті уәкiлетті лауазымды адамының жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.

    Жеке тексеріп қарау жүргізуге байланысты рәсімді және жеке тексеріп қарауды рәсімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

    Жеке бақылау кезеңдері:

    • Дайындық: тексеру жүргізу туралы мәлімдеу; кез-келген тұлғаға оның міндеттерін түсіндіру; жасырын заттарын ерікті беруді өтіну;

    • Тұлғаны тексеру: жеке тұлғаның заттарын тексеру; жеке тұлғаның киімін тексеру; жеке тұлғаның денесін тексеру;

    • Аяқтау: жеке тұлғаны тексерудің хаттамасын толтыру;

    Кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу кезіндегі іс-әрекеті жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірмеуге тиіс.

    Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізіліп отырған жеке тұлғаның:

    1) жеке тексеріп қарау жүргізу басталғанға дейін оны жүргізу тәртібімен және жеке тексеріп қарау жүргізу туралы шешіммен танысуға;

    2) Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын өзінде жасырған тауарларын өз еркімен беруге;

    3) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамының жеке тексеріп қарау жүргізу туралы хаттамаға міндетті түрде енгізе отырып, мәлімдеме жасауға;

    4) жеке тексеріп қарау жүргізудің нәтижелерімен және іс жүргізу құжаттарымен танысуға;

    5) жеке тексеріп қарау жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне осы Кодекске сәйкес шағым жасауға;

    6) адвокаттың қызметтерін пайдалануға құқығы бар.

    Өзіне қатысты жеке тексеріп қарау жүргізілген жеке адамға жеке тексеріп қараудың жүргізілгені туралы хаттаманың көшірмесі, тауарлардың алынып қойғаны туралы акті беріледі.

    Жеке тексеріп қарауды тексеріліп қаралатын адаммен бір жыныстағы кеден органының лауазымды адамдары сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған үй-жайда жүргізеді. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуіне және олардың тарапынан жеке тексеріп қараудың жүргізілуін қадағалау мүмкіндігіне жол берілмеуге тиіс. Тексеріп қаралатын адамның дене органдарын тексеріп зерттеуді маман-дәрігер, қажет болған жағдайда арнайы медициналық техниканы пайдалана отырып жүргізуге тиіс.

    Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, маман-дәрігердің кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жеке тексеріп қарауды жүргізу туралы шешімін орындаудан жалтаруға құқығы жоқ.

    Жеке тексеріп қараудың жүргізілгендігі туралы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша хаттама жасалады.

    Хаттамаға - жеке тексеріп қарауды жүргізген кеден органының лауазымды адамы, өзіне қатысты тексеріп қарау жүргізілген жеке тұлға, куәгерлер, ал тексеріп зерттеу жүргізілген кезде - дәрігер қолдарын қояды.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта