кеден. 1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары
Скачать 122.13 Kb.
|
13сұрақ. Кеден органдарының функциялары. Кеден органдарының қызметi: 1) заңдылық 2) заң алдындағы қорғалу мен теңдiк құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау; 3) жариялылық принциптерiнде құрылады. Кеден органдарының функциялары: 1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 2) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгi мен экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 3) орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету; 5) сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күресу; 7) кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жәрдемдесетiн жағдайлар жасау; 8) өз құзыретi шегiнде валюталық бақылауды жүзеге асыру; 9) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру; 10) бiрыңғай бюджет саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу; 11) өз құзыретi шегiнде ұлттық қауiпсiздiктi қорғау, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету; 12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу; 13) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттердi орындау болып табылады. 14 сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі. Кеден органдарының талаптарын орындаудың мiндеттiлiгi Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздерiне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшiн мiндеттi. Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген мiндеттердi орындауға кедергi жасайтын басқа да iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соқтырады. Кеден органдары: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, декларанттардан, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға; 2) кедендік бақылау жүргізу кезінде білімнің әр түрлі салаларының мамандарын тартуға; 3) кеден одағының кедендік аумағынан кеден органдарының рұқсатынсыз шығып кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдік келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізуге; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне және дыбыс жазба жасауға, киноға және фотосуретке түсіруге; 7) кеден органдарының ресми өкілдерін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге жіберуге; 8) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлеуге, жасауға, иеленуге және пайдалануға; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшін қаруды, арнаулы техникалық және өзге де құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттерді қоса алғанда, тауарларды иеленуге; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене күшін, арнаулы құралдарды және атыс қаруын қолдануға; 11) «Жедел-iздестiру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-iздестiру қызметін жүзеге асыруға; 12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша хаттамалар жасауға; 13) кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға; 14) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 16. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізу туралы жалпы ережелер Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң шарты кедендiк шекарадан iс жүзiнде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген iс-әрекеттердi жасау болып табылады. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету кезiнде өткiзудiң шарты кедендiк декларация беру немесе тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге бағытталған өзге де iс-әрекеттер болып табылады. Өзге iс-әрекеттерге: 1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететiн жеке адамның кедендiк бақылау аймағына кiруi (енуi); 2) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаның тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету туралы хабарлама беруi; 3) автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне енуi; 4) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшiн тауарларды көлiк саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтiмдерiн халықаралық почта қызметiн көрсетушi ұйымдарға тапсыру жатады. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. 17. Кедендік режимдер Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:
Кедендік режимде – Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты тәртібі мен жағдайлары көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік алып бару, кедендік құжаттау бойынша жоғары білімді, білікті маман аттестатын беру үшін түрлі кедендік алымдар жинау. Сонымен, кедендiк режимдер екi жақты мiндет орындайды. Бiр жағынан, тауар мен транспорттық құралдардың өтуiн регламенттесе, екiншi жағынан, кедендiк режимдердiң ынталандырушы рөлi, әcipece, тауар иесiнiң коммерциялық операциялардан табыс және пайда алуында. Оған мысал, кедендiк қойма режимi бола алады, ол әкелiнген тауарларды бажсыз сақтауды максат етедi. Көптеген елдер үшiн сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда тауарлар экспорты мен импорты басым болу рөлiн атқарады. Экспорт валюта түсiмдерiнiң негiзгі көзi ретiнде, ал импорт дамымаған салалардың өтемiн жасайтын қызмет ретiнде. Алайда, тауар елден шикiзат немесе өнiм түрiнде өндеу мақсатымен шығарылып, қайтадан дайын өнiм түрiнде қайтып келуi мүмкiн. 18. Кедендік төлемдер және салықтар. 1. Қазақстан Республикасында мынадай кедендiк төлемдер қолданылады: 1) кедендiк баж; 2) кедендiк алымдар; 3) алымдар; 4) алдын ала шешiм үшiн төлемақы. 2. Төлеушiлер, кедендiк төлемдердi есептеу, төлеу, қайтару және өндiрiп алу тәртiбi, сондай-ақ кедендiк төлемдер бойынша жеңiлдiктер осы Кодексте айқындалады. 3. Кеден органдары демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда алады. 4. Төлеушiлер, салықтарды есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. 5. Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзу кезiнде кедендiк төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жиынтық кедендiк төлем түрiнде төленуi мүмкiн. 6. Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына еркiн айналыс үшiн шығарған кезде кеден бажы мен акциз Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жиынтық төлем түрiнде төленуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелінетін тауарлар және Қазақстан Республикасымен Кедендік Одақты құратын мемлекеттерден әкелінген тауарлар немесе еркін сауда шегінің саудаларының тауарлары тек қана СҚҚ мен салық салынады.Басқа мемлекеттер әкелінген тауарлар кедендік құннан 10% мөлшерде кедендік төлемін төлейді. 19 КЕДЕНДІК РӘСІМДЕУ ТҮСІНІГІ. Кедендік рәсімдердің түрлері Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай: 1) ішкі тұтыну үшін шығару; 2) экспорт; 3) кедендік транзит 4) кеден қоймасы; 5) кедендік аумақта қайта өңдеу; 6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу; 7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу; 8) уақытша әкелу (жіберу); 9) уақытша әкету; 10) кері импорт; 11) кері экспорт; 12) бажсыз сауда; 13) жою; 14) мемлекеттің пайдасына бас тарту 15) еркін кедендік аймақ; 16) еркін қойма; 17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді. Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту: 1. Тұлғаның таңдауы бойынша кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады. 2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы. Кедендік рәсіммен орналастыру: Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудыңшарттарын сақтауды растау міндеті: Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуынкедендік бақылау: 1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді. 2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі. 20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау Кедендік декларациялау – декларанттың кеден органына тауарлар туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді және (немесе) тауарларды шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді мәлімдеуі. Декларант тауарлардың кедендік құнын декларациялауды Кеден Кодексіне сәйкес тауарларды кедендік декларациялау шеңберінде жүзеге асырады. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады. Әкетілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тауарлардың кедендік құнының шамасы туралы, тауарлардың кедендік құнын айқындауға қатысы бар сыртқы экономикалық мәміленің жай-күйі мен шарттары туралы мәліметтерді мәлімдеу, сондай-ақ оларды растайтын құжаттарды беру арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәліметтер кедендік құн декларациясында мәлімделеді және кедендік мақсаттар үшін қажетті мәлімет болып табылады. Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау нысандары және оларды толтыру қағидасы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді. Кедендік құнды декларациялау тауарға арналған декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады. Егер кедендік құн декларациясы Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жағдайларда толтырылмаса, әкелінетін тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет тауарларға арналған декларацияда мәлімделеді. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген тауарлардың кедендік құны туралы мәлімет дұрыс емес болуы мүмкін не тиісті дәрежеде расталмаған екендігін көрсететін белгілер анықталған кезде кеден органы кедендік құн декларациясын табыс етуді дәлелді түрде талап етуге құқылы. Тауарлардың мәлімделетін кедендік құны және оны айқындауға қатысты табыс етілетін мәліметтер дұрыс, саны айқындалған және құжатпен расталған ақпараттарға негізделуге тиіс. Декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі кедендік құн декларациясында көрсетілген дұрыс емес мәліметтер көрсеткені және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 21 Кеден брокері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасында тұрғылықты орны бар, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi) кеден брокерi ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алған және өзiнiң штатында Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiнiң бiлiктiлiк аттестатын алған кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманы бар заңды тұлға кеден брокерi бола алады. Кеден брокерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Кеден брокерiнiң қызметi тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу бойынша операцияларды өз атынан жасау және өзi бiлдiретiн тұлғаның есебiнен және тапсыруы бойынша кеден iсi саласында басқа да делдалдық қызметтердi орындау болып табылады. Кеден брокерiнiң мiндетiне: тауарлар мен көлiк құралдарын декларациялау; Қазақстан Республикасының кеден органына кеден мақсаттарына қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтердi ұсыну; декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарын кеден органдарына ұсыну; декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу; декларацияланатын тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiкке ие тұлға ретiнде кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылау үшiн қажеттi әрекеттердi жасау кiредi. Алдын ала операциялар кезiнде кеден брокерi мынадай әрекеттердi: Қазақстан Республикасының кеден органын Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге ниеттенiп отырғаны туралы хабардар етудi; алдын ала операцияларды жүргiзген кезде кеден мақсаттарына керектi құжаттардың жобаларын жасауды; тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау қоймаларына орналастыруды жүзеге асыра алады. |