Главная страница
Навигация по странице:

  • 9.Халықаралық кеден құқығының негіздері және Еуропалық кеден құқығы.

  • 10.Кедендік одақтар мен халықаралық кедендік ұйымдар

  • Ресей, Қазақстан және Белорусия арасындағы КО

  • Дүниежүзілік Кеден Ұйымы

  • Біртұтас экономикалық кеңістік

  • 11 сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.

  • Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция Кіріспе

  • І ТАРАУ Ұғымдардың айқындамалары II тарау (2-5 бап) Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы Конвенцияның қолданылу саласы

  • Конвенцияны ратификациялау V тарау (18-20бап) Қорытынды ережелер Конвенцияның күшіне енуі 12 с ұ

  • кеден. 1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары


    Скачать 122.13 Kb.
    Название1. Кедендік сараптамада олданылатын техникалы ралдар, жмыс істеу принциптері, метрологиялы сипаттамалары
    Анкоркеден.docx
    Дата23.03.2018
    Размер122.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакеден.docx
    ТипДокументы
    #17107
    страница6 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    8.Кедендік шекара,территория

    Кедендік шекара - Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара — Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикальды бет. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.

    Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу тәртiбi

    Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң шарты кедендiк шекарадан iс жүзiнде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген iс-әрекеттердi жасау болып табылады.

    Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету кезiнде өткiзудiң шарты кедендiк декларация беру немесе тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге бағытталған өзге де iс-әрекеттер болып табылады. Өзге iс-әрекеттерге:

    1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететiн жеке адамның кедендiк бақылау аймағына кiруi (енуi);

    2) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаның тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету туралы хабарлама беруi;

    3) автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне енуi;

    4) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге жөнелту үшiн тауарларды көлiк саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтiмдерiн халықаралық почта қызметiн көрсетушi ұйымдарға тапсыру жатады.

    Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту

    1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына iс жүзiнде өткiзу тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтуi болып табылады.

    2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтуге осы Кодекстiң 55-бабына сәйкес айқындалатын өткiзу пункттерiнде, олардың жұмыс iстеу уақытында жол берiледi және тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаға тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органына мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жеткiзу мiндетiн жүктейдi.

    9.Халықаралық кеден құқығының негіздері және Еуропалық кеден құқығы.

    Кеден құқығы - кеден органдарының мемлекеттік шекараны экономикалық қорғау және мемлекеттің сыртқы сауда мен кеден саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметін тәртіптейтінқұқықтық нормалардың жиынтығы.

    Кеден құқығының пайда болуына Қазақстанның мемлекеттік қызметінде кеден саласының бөлінуі әсер етті. Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің қажеттілігі ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келеді.Кеден құқығының дамуының алғашқы кезеңі оның, пәнінің тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады. Кодификацияланған актінің қабылдануы құқықтық реттеуде кеден құқығы пәнінің жаңа мазмұнын қалыптастырады. Еуропа кеден құқығының тәжірибесі көрсеткендей, фискальды функцияның басқа экономикалық бірыңғай нарықтың шараларымен салыстырғанда, рөлі төмен болуы тиіс. Кеден саласының құқық қорғау аспектілеріне заңсыз есірткі және заңсыз қару айналымдары, халықаралық терроризммен күресу жатады. Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, еліміздің интеграциялық процестерге тікелей қатысуы кеден құқығының рөлі мен маңыздылығын арттыруда. Еуропа Одағының және ТМД мемлекеттерінің кеден заңдарына салыстырмалы талдау жасалған. Кеден саласындағы құқықтық қатынастардағы мәселелерді шешу мен реттеуге деген мемлекет талпынысының пайда болуы және соған арнайы құқықтық нормалардың қабылдануы кеден құқығының пайда болуына әкелді.Жалпы кеден құқығының дамуының екі кезеңін атап айтуға болады:

    - 1991 жылғы желтоқсаннан 1995 жылдың шілдесіне дейін

    (кодификацияланған актінің қабылдануына дейін);

    - 1995 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін.Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесі жанындағы Үкімет басшылары кеңесімен 1998 жылғы 24 қарашада “Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңестік құру және оның жүзеге асыру шаралары туралы, келісім жобасы туралы” шешім қабылданды.1999 жылғы 26 ақпанда мемлекет басшылары қабылданған Келісім (Қазақстан 1999 жылғы 24 маусымда ратификациялаған) Кеден Одағындағы өзара қатынасқа өзгеріс әкелмек, сондай - ақ интеграциялық процестерді күшейтіп, ұлттық кеден заңдылықтарының өзгеруіне септігін тигізбек. Қазақстанның кеден құқығының негізгі ережелері кеден заңдылықтарының құқықтық институттарына негізделген. Оларға кеден саясатын, кеден ісін, кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдары өтуінің қағидалары мен құқықтық механизмдерін, кеден режимдерін, кеден төлемдерін, кеденді рәсімдеу мен кедендік бақылауды, кедендік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жатқызуға болады.Кеден саласындағы коғамдық қатынастардың пайда болуы кеден құқығы субъектілерінің өзара қатынастарымен тығыз байланысты.Кеден құқығы материалдық та, ұйымдастырушылық та сипатқа 4 ие. Ол кеден құқығын материалдық және ерекше бөлімнің негізін құрайды. Құқық жүйесі – қоғамдық қатынастардың белгілі бір аясын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Құқық жүйесі келесілерге бөлінеді:

    1. құқықтық реттеу пәні – бул құқықты реттейді (қоғамдық қатынастар)

    2. құқықтық реттеу әдісі – бул қоғамдық қатынастарға әсер ететін қуралдардың және әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы

    Кеден құқығының пәні – кеден құқығы аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

    Кеден құқығы мен конституциялық құқықтың байланысы: конституциялық құқығы барлық құқық кеден құқығына негізін салушы бастаманың әдістерін алдын-ала белгілейді. Кеден құқығы Конституциялық құқықтың жағдайлары мен нормаларына сәйкес дамуы қажет.

    10.Кедендік одақтар мен халықаралық кедендік ұйымдар

    1. Кеден ісіндегі халықаралық ұйымдар және көпжақты келісімедер (СТС/ВТО, ГАТТ/ВТО)

    2. ООН-ның құрамына: халықаралық сот, Бас ассамблеясы, экономикалық және әлеуметтік совет, секретариат, ООН-ның қауіпсіздік советі. (АҚШ, РФ, Ұлыбритания, Қытай, Франция).

    Қазіргі таңда Қазақстан бас келісім тариф және қатарына кіру туралы келіссөздер жұргізіп жатыр (ГАТТ). Қазақстан үшін өте маңызды болып кедендік достастық советіне қатысу табылады(СТС). ҚР СТС-ке 30 маусым 92ж. СТС ұйымы тек еуропа елдерінің басын ғана қоспайды, ол халықаралық деңгейдегі ұйым болып табылады.СТС өзіне 120 дүниежүзінің мемлекетін енгізеді. Совет 15 халықаралық және 50 әр түрлі кедендік сұрақтар жайлы ұсынушылықтарды реттейді. Советпен жұмыс қаржы комитетінің (13 мүше) және саясат комиссияның (17 мүше) материалдарымен құрылады, олар советтің негізгі бағытарына қатысты ұсыныушылықтарды қарайды және береді, қаржы комитетінде және саяси комиссияда өзінің құрылысы, міндеттері бар. Советтің жұмыс органдары болып 6 техникалық комиссия табылады:

    1. тұрақты техникалық комитет

    2. контрабандаға қарсы комитет және НТП

    3. кедендік бағалау комитеті

    4. номенклатура комитеті

    5. үндестіру жүйесі бойынша

    6. кедендік бағалау бойынша техникалық комитеті

    Сонымен қатар жыл сайынғы оқу семинары жұмыс істеп тұр. 6 комитет өзінің қажеттіліктері үшін сессия алдындағы және іскерлік группаларды ұймдастырып отыр. Олар подкомитеттер деп аталады. Сонымен қатар совет Женевада теңіз консультативті ұйым қамқорлығында жасалған контейнерлер бойынша кедендік конвенциямен басқаруды жүзеге асырады. Совет Секратариаттың, әкімшілік комитетітінің міндеттерін белгілейді. СТС-тың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің өкілдері Советтің және оның комитеттерінің сессияларында бақылаушы ретінде қатысады. СТС-тың негізгі секретариаты (Брюссель) 111 адамнан тұрады, барлық ресми қызмет орындарды СТС мемлекет мүшелерінің ресми өкілдері алады. Әрбір жылда КДС 25-тен кем емес техникалық шараларды жүзеге асыру керек. СТС-тың бюджеті әрбір қаржы жылына жасалады. Бір жыл 1 шілдеден 30 маусымға дейін созылады.

    ГАТТ халықаралық үкіметаралық экономикалық ұйым және сыртқы сауда саласындағы, сондай-ақ әр түрлі мемлекеттер ісіндегі халықаралық құқықтық шарт болып табылады. 1947ж. қазанда құрылды(көпжақты келісім 1 қараша 1948ж. заңды күшіне енді). ГАТТ/ВТО кеден ісі бойынша мемлекеттердің ынтымақтастықтар әр түрлі бағыттар мен аспектілер бойынша, кедендік саясат пен заң шығару бойынша үлкен тәжірибесі бар. ГАТТ мүшелері болып әлем саудасының 90% болатын 148 мемлекет табылады. ГАТТ халықаралық сауданың ерікті емес,бірақ әділ негізгі ережелерді белгілейді. Уругвай раундының ВТО-сы ГАТТ пен ВТОны ауыстыру үшін арналған және 1 қараша 1995ж. заңды күшіне енді. ВТО-ның ГАТТ-ты саудалық шарттан мүшелік ұйымға айналдыратын келісім және заң шығарушы негізді белгілейді.Заң шығарушы негіз әр түрлі сауда пактерді біріктіреді және халықаралық сауда сұрақтар және кедендік іс бойынша дауларды шешу үшін жалпымеханизмдібекітеді.

    Кедендік одақ

    Кедендік одақ - екі немесе бірнеше мем лекеттердің өз араларындағы кедендік шекараларды жою және бірыңғай кедендік тариф құру жөніндегі келісімі.

    Ресей, Қазақстан және Белорусия арасындағы КО

    2010 жылдан бастап үш ел - Ресей, Белорусия Қазақстан үшін бір ыңғай кедендік тариф күшіне ен ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас тап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлар дың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Респуб ли ка сының сыртқы шекарасына кө ші рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқым дағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз гертіледі» деп атап көрсетті.Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың бол мауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымал данатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энер гетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді.

    Дүниежүзілік Кеден Ұйымы

    Штаб пәтері: Брюссель, Белгия.Құрылған күні: Қаңтардың 26 1953.Ұйым түрі: мемлекетаралық. Мүше елдер: 177. Бас хатшысы: Кунио Микурия. Ресми тілдері: Ағылшын, Француз.Дүниежүзілік Кеден Ұйымы – халықаралық ұйым, 1950 жылы Брюссельде (Бельгия) Кедендік кеңестер достастығы ретінде құрылған, қазіргі атауымен 1994 жылдан аталады. Дүниежүзілік Кеден Ұйымы БҰҰ-ның түрлі ұйымдарымен (Сауда және даму жөніндегі конференция, Еуропа эконом комиссия, т.б.) бірлесіп жұмыс істейді. Дүниежүзілік Кеден Ұйымының Бас хатшылығы кедендік мәселелердің барлық проблемаларына көңіл қойып, оның технология, әсіресе, экономика проблемаларын шешіп отырады, құжаттар жобасын жасайды, ұсыныстар дайындайды, кеден заңдарының біркелкі, бірыңғай болуын қадағалайды. Қазақстанның кеден қызметкерлерін даярлау ісіне, республика кеден органдарын технология жағынан қайта жабдықтауға көмектесті.

    Біртұтас экономикалық кеңістік

    2003 ж қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.

    11 сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.

    Брюссельде 1999 жылғы 26 маусымда қабылданған Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция, Конвенцияға мынадай: "Қазақстан Республикасы Е Арнайы қосымшасының "Тауарларды каботаждық тасымалдау" деген 3-тарауын, F Арнайы қосымшасының "Қайтару" деген 3-тарауын, Н Арнайы қосымшасының "Кедендік құқық бұзушылықтар" деген 1-тарауын, J Арнайы қосымшасының "Почта жөнелтімдері" деген 2-тарауын қабылдамайды" деген ескертпелерімен, ратификациялансын.

    Қазақстан Республикасыны Президенті Н. Назарбаев

    Кедендік рәсімдерді оңайлату мен үйлестіру туралы халықаралық конвенция

    Кіріспе

    Кедендік ынтымақтастық кеңесінің аясында әзірленген осы Конвенцияның Уағдаласушы Тараптары,

    Уағдаласушы Тараптардың кедендік ережелері мен рәсімдеріндегі халықаралық сауданың және халықаралық алмасудың басқа да түрлерінің дамуына кедергі жасауы мүмкін алшақтықтарды жою МАҚСАТЫНДА,

    Кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестіру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру жолымен мұндай сауда мен алмасуды дамытуға пәрменді үлес қосуға НИЕТ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП,

    Халықаралық сауда шарттарын жеңілдетудің арқасында алынатын елеулі басымдылықтарға кедендік бақылаудың тиісті ережелері үшін залалсыз қол жеткізілуі мүмкін екендігін АТАЙ ОТЫРЫП,

    Мұндай оңайлату мен үйлестіруге, оның ішінде мынадай:

    кедендік ережелер мен рәсімдерді ұдайы жетілдіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру; 

    кедендік ережелер мен рәсімдерді қолдану кезінде болжамдылық, дәйектілік және ашықтық;

    кеден ісі жөніндегі заңдарға, нормативтік құқықтық және әкімшілік актілерге, кедендік ережелер мен рәсімдерге қатысты барлық қажетті ақпаратты мүдделі тараптарға ұсыну;

    тәуекелдерді басқару мен аудит әдістерінің негізінде бақылау сияқты жұмыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдану және ақпараттық технологияларды барынша практикалық пайдалану;

    биліктің басқа да ұлттық органдарымен, басқа мемлекеттердің кеден қызметтерімен және сауда қоғамдастықтарымен, бұл қажет болатын барлық жағдайларда ынтымақтастық;

    тиісті халықаралық стандарттарды енгізу;

    әкімшілік және сот тәртібімен қарау рәсімдеріне мүдделі тараптардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету принциптерін қолданудың арқасында қол жеткізу мүмкін екендігін ТАНИ ОТЫРЫП;

    Уағдаласушы Тараптар сақтауға міндеттенетін жоғарыда жазылған мақсаттарға және принциптерге негізделген халықаралық құжат Кедендік ынтымақтастық кеңесінің басты мақсаттарының бірі болып табылатын кедендік ережелер мен рәсімдерді оңайлату және үйлестірудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және осылайша, халықаралық сауда үшін қолайлы жағдайлар жасауға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне КӨЗ ЖЕТКІЗЕ ОТЫРЫП, мына төмендегілер туралы келісті:

    І ТАРАУ Ұғымдардың айқындамалары

    II тарау (2-5 бап) Конвенцияның қолданылу саласы және құрылымы

    Конвенцияның қолданылу саласы

    III тарау(6 – 7 бап) Конвенцияның қолданылуын басқару

    Басқарушы комитет

    IV тарау (8-17 бап) Уағдаласушы тараптар

    Конвенцияны ратификациялау

    V тарау (18-20бап) Қорытынды ережелер

    Конвенцияның күшіне енуі

    12 сұрақ. ҚР Кеден органдары

    Қазақстан Республикасының кеден органдары - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасында кеден саясатын iске асыруға қатысатын және кеден iсiн, Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарына сәйкес жедел iздестiру қызметiн тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi атқаратын мемлекеттiк органдар.

    Қазақстан Республикасы кеден органдарының жүйесi

    ҚР Кедендік орган жүйесі: ҚР Мемлекеттік табыстық министрлігінің кеден комитеті→ Кедендік басқарма → Кеден →Кедендік бекеттер.

    Кедендік қызметтер комитеті ақпараты 14 кедендік басқарма, 22 кеден, 127 кедендік бекеттен тұрады.

    1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн (бұдан әрi - кеден органдары):

    1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;

    2) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi);

    3) кедендер;

    4) кеден бекеттерi;

    5) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы бақылау-өткiзу пункттерi;

    6) мамандандырылған кеден мекемелерi құрайды.

    Кеден iсi саласындағы мiндеттердi шешу үшiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен кеден зертханаларын, кинология, оқу, есептеу орталықтарын және басқа да мамандандырылған кеден мекемелерiн құрады.

    Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

    Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi және кедендер заңды тұлғалар болып табылады және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

    Кеден бекеттерi мен бақылау-өткiзу пункттерi заңды тұлғалар болып табылмайды және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн ережелер негiзiнде iс-әрекет жасайды.

    Кеден органдарының құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.

    Кеден органдары мен олардың қарауындағы теңiз және iшкi су кемелерiнде кеден органдарының танылу жалауы мен танылу белгiсi болады. Кеден органдарының қарауындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiне кеден органдарының танылу белгiсi қойылады. Кеден органдарының танылу жалауының және танылу белгiсiнiң сипаттамасы мен қолданылу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

    Кеден органдарының тиiстi кедендiк инфрақұрылымы болады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта