ортопедия. 1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез
Скачать 137.28 Kb.
|
13. Штифтті тістер, түрлері. Протездеу кезеңінде болатын диагностикалық және тактикалық қателіктер. Штифтті тіс - тіс түбірінде штифттің көмегімен бекітілетін және тістің сауыт бөлігінің субтотальді және тотальді бұзылуы кезінде қолданылатын жеке протез немесе басқа алынбайтын протез түрлеріне тірек құрылым. Копейкин бойынша классикалық штифтті тіс – бұл кобальт-хром қорытпасынан тұтас құйылған құрылым. Штифтті тістердің келесі түрлері ажыратылады: 1. Түбір үсті аймағы тістің тұқыымен тек жанасатын (пластмассалы штифтті тіс, стандартты штифтті конструкциялар, дәнекерленген және құйылған штифтті тістер); 2. Түбір өзегінің кіреберісі герметикалық түрде салмамен жабылатын штифтті тістер (Ильина-Маркосян, Цитрин, Штейнберг бойынша, штифтті культті салма); 3. Сыртқы сақинасы бар штифтті тістер (Ричмонд, Катц, Ахмедов бойынша). Қазіргі уақытта штифтті тістердің екі конструкциясы: сыртқы сақиналы штифтті тіс (Ричмонд тісі) пен культті сауыттар қолданылады. Штивтті тіс дайындаудың алдында тіс түбірін келесі критерийлерге тексеру қажет: -тіс түбірі тұрақты, ұзындығы айтарлықтай болуы керек. Түбір қысқа болса, «жұмысшы рычаг» (тіс түбірі) «қарсыласу рычагынан» (тіс түбірі) ұзын болып, функциональді көп күш түсудің нәтижесінде тіс түбірінің қозғалмалығына алып келеді; -түбір қабырғалары кариозды зақымдалмаған, қалың және берік болуы керек. Қабырғалары 2 мм-ден жұқа болып келетін тіс түбірлері штифтті тістің түсіретін күшін көтере алмайды. Тіс түбірінің сынуы жиі орын алады; -түбір өзегі өтілген, түбір ұшы маңы 1/3 бөлігі цементпен жабылған болуы керек. Бұл периапикальді тіндердің түбірдің ашық бөлігінен изоляциясын қамтамасыз етеді. Штифтті тістермен протездеу кезінде протездеуге жататын тіс тұқылын диагностикалау кезінде келесідей қателер орын алуы мүмкін: 1.тіс түбірінің лункадағы қозғалмалығын тексермеу, яғни оның қозғалмалы болуы протездеудің мүмкін еместілігін білдіреді; 2.қосымша зерттеу әдістерін қолданбау (рентгенологиялық зерттеу жүргізу арқылы периапикальді тіндерде патологиялық өзгерістер жоқ екендігі мен тістің адекватты эндодонтиялық емнен өткендігі, тіс түбірінің тіс жегісі жоқ екендігіне көз жеткізіп алу қажет); 3.науқастың тістемінің түрін ескермеу (терең және терең травмалаушы тістем түрлерінде алдын ала ортодонтиялық ем, ал бүйір аймақтағы тістдефектілері кезінде- олардың орны басылуы керек). Дәрігер тарапынан болуы мүмкін тактикалық қателіктер: 1. Алдын ала штифтті конструкцияға тірек болуға келмейтін тіс тұқылдарына протездеуді жүргізу; 2. Штифтті конструкцияны дайындау кезінде оперативті техниканың бұзылуы: тіс түбірінің перфорациясы; жартылай сақталған тіс сауытының ішкі бетінің өңделмеуі нәтижесінде штифтті модельдеуден кейін шығаруда кедергі келтіруі. 3. Штифттің формасы мен өлшемінің тіс түбірі өзегімен сәйкес келмеуі – тым қалың болуы тіс түбірінің сынуына, жіңішке болып келуі протез конструкциясының расцементировкасына алып келеді. 4. Штифттің немесе штифтті тістің припасовкасын жүргізу кезінде көршілес және антагонист тістерге қатысты жүргізбеу; 5. Жоғарғы алдыңғы тістердің түбірлерінің иек маңы үштен бірінің еріндік беткейін, төменгі тістердің- тілдік беткейлерін жұқартып жіберу, осы аймақтарға көп қысым түсуіне байланысты сынып қалуына алып келеді. 6. Штифтті тістің альвеолааралық биіктікті жоғарылатып тұруы, штифтті тістің қозғалмалы боуына, әсіресе жақ қозғалыстары кезінде, әкеліп соқтырады. 14. Штампталған, тұтас құйылған сауыттар. Клиникалық-лабораториялық кезеңдерде болатын қателіктер мен асқынулар. Клиникалық этап кезіндегі қателіктер : 1. Жансыздандырмай егелеу,яғни сулы-ауалы салқындатуды қолданбау,ережелерді сақтамау,ұлпаны қыздырып алу А)шайнау беткейінің жеткіліксіз разобщениесі Б)экваторды жеткіліксіз егеу В)”конусқа” артық егелеу Г)мойын аймағында қызылиекүсті ступеньки қалыптастыра отырып,артық егелеу 2.Қалып алатвн кезде: • Қалып платын қасықты таңдау • Қалып алатын материалды таңдау • Қалыпты ауыз қуысынан шығарғаннан кейін бағалау • Анық емес тіс қатарының ізі 3.Тұрақты цементке фиксациялағанда 4. Контактты пункт орнатылмаған- тісаралық емізікше жарақаты,шайнау қысымы таралуының бұзылысы 5.Жасанды сауытты отырғызып көру кезінде: • Ұзын – тісқызылиектік байланыс жарақаты,жасанды сауыт айналасындағы тіндердің қабынуы; • Қысқа – тістің қатты тіні жабылмай қалады; • Кең – кең сауыт нашар фиксацияланады; • Тар – жасанды сауыт тоьықтай отырғызылмайды. Лабораториялық этап кезіндегі қателіктер: 1.Мүсін құю кезінде 2.Сауытты дайындау кезінде: * Тістің формасы сай келмейді * Экватор айқын емес * Кең * Тар * Ұзын * Қысқа 3.Сауыттың жылжуы Асқынулар: Жарақаттық пульпит,егелеу барысында ұлпаны қыздырып алу Жасанды сауытты дұрыс емес фиксациялаудан,сапасыз дайындалған колпачок т.б себептерден екіншілік тісжегінің дамуы 15.Металсыз сауыттар, протездеу кезінде болатын қателіктер мен асқынулар. Металсыз сауыттармен протездеу кезінде асқынуға алвп келетін тактикалық қателіктер келесі кезеңдерде орын алуы мүмін: - Егелеу кезеңдерінде; - Шақтап көру кезінде; - Фиксациялау кезінде; - Сауыттарды тіс-техникалық лабораторияда техникалық дайындау кезінде. Металсыз сауыттармен протездеу кезінде орын алуы мүмкін тактикалық қателіктер: 1. Сауытты қолданудың көрсетілімдерін кеңейту: науқасты толық зерттеуді жүргізбеу; металсыз сауыттаоды қолданудың көрсетлімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескермеу; 2. Егелеуді сусыз, нашар орталықтандырылған инструментпен жүргізу; 3. Сауытқа арнап тісті егеу кезінде қабырғаларының конвертация бұрыштарын ұлғайтып жіберу- сауыттың фиксациясын әлсіретіп, уақыт өте цементінің сорылуына алып келеді. 4. Тістің окклюзионды беткейінен тіндерді жеткіліксіз алу; 5. Вестибулярлы беткейді бір жазықтықта ғана егелеу; 6. Терең иекасты егелеуді жүргізу; 7. Тісті егеу мен қадып алуды пародонт тіндерінің қабынуы кезінде жүргізу- гингивит болған жағдайда, толық жойылғанша, ал пародонтит орын алғанда – патологиялық үрдіс ремиссия сатысында болуы керек. 8. Қалып алу кезінде мыс сақинаны дұрыс емес таңдау – тістің периметрі мен сақина диаметрінің өзара сәйкес келмеуі тірек тістің қалыпта дұрыс емес суреттелуіне- сақина өлшемі кіші, үлкен болса- шеткейлі пародонттың жұмсақ тіндерінің жарақаттануына себеп болады; 9. Болашақ сауыттың түсін дұрыс емес таңдау немесе пациенттің қалауын ескермеу – егер сауыттың түсі көршілес немесе антагонист тістерге сәйкес келмесе, оны көптеген қайталамалы күйдіруді жүргізбей, қайтадан дайындаған дұрыс. 10. Орталық, алдыңғы, трансверзальді окклюзияларда сауыттың антагонист тістермен қатынасын тексермеу – пародонт тіндеріне көп күш түсуі мүмкін. Металсыз сауыттармен протездеу кезінде болуы мүмкін асқынулар: 1.Қызыл иек шеткейінің созылмалы қабынуы: а) кертпені дайындау кезінде; б)дұрыс емес отырғызылған сақина себебінен; с) дұрыс емес дайындалған уақытша сауыт; д) металсыз тіс сауытының тегіс емес шеткейімен. 2.Пульпит – қауіпсіздік аймақтарын ескермеудің себебінен тісті егелеу кезінде пульпаны байқамай ашып жіберу; егелеу кезінде термиялық күйік; өздігінен қатаятын акрилді пластмассаны қолданған кезде алынған химиялық күйік. 3.Сауыттың бір бөлігінің түсіп қалуы немесе жарылулар – окклюзия аралық кеңістікті дайындау кезінде тісті жеткіліксіз егелеу; тістің сауыты мен кертпенің беткейінің тегіс еместілігі; фарфорлы массаның жеткіліксіз конденсациясы; фарфорлы массаны күйдіру режимінің бұзылуы. 4.Сауыттың сәйкес еместілігі – протездің түсін дұрыс таңдамау немесе клиникада таңдау жағдайларын бұзу (жарықтың дұрыс еместілігі, түнгі уақытта таңдау). 16. Тұқылды штифті құрылымдармен протездеу кезінде кездесетін қателіктер мен асқынулар. Тұқылды штифті құрылымдармен протездеу кезіндегі барлық кезеңдерде қателіктер жіберілуі мүмкін, кейін олар тікелей немесе қосымша асқынуларға алып келеді. Ең жиі кездесетін қателіктерге тұқылды штифті құрылымдармен протездеуге қарсы көрсеткіштерге мән бермеу болып табылады, яғни түбір орнықсыз, қабырғалары жұқа, түбір қатты тіндерінің толыққанды емес, иілген, қиын өтетін қысқа түбір, протездеуге дұрыс дайындалмаған түбір, пародонт тіндеріндегі қабынулық процестер және тағыда басқа жағдайлар. Түбір перфорациясы түбір каналдарын протездеуге дайындау барысында болуы мүмкін. Оның себептері әртүрлі: қабырғалары жұқа, түбір иілген, дентиннің қабатасуынан түбір каналдарына өту қиын болғанда. Перфорация егелеу барысында бордың бағыты түбір каналының осінан тайып кететін болған жағдайда немесе қиын өңделетін каналдарға тым көп қысым түргенде дамиды. Түбір қабырғасының жұқа екенін периодонттың ауырсыну реакциясынан білуге болады. Егер перфорация болмаса, онда ауырсыну жайылған және түбір қабырғаларын зондтағанда ауырмайды. Ал перфорация кезінде ауырсыну сезімі ошақталған және турунда көмегімен қанды анықтауға болады. Бұндай асқынуды болдырмас үшін егелеу ережелерін қатаң сақтау керек. Штифтті шақтап отырғызып көргенде болатын қателікке түбір каналына штифтті кіргіздіре алмау жатады. Оған штифттегі металл қалдықтары кедергі болуы мүмкін. Олар балауызды репродукцияны модельдеу кезінде, формасын келтіру барысындағы, құю барысында жіберілген қателіктерден дамиды. Штифтті каналға кіргіздіре алмаудың себебіне металдың отыруынан (усадка) салма мен түбір үстілік қорғаныштың (надкорневая защитка) формасы мен көлемінің өзгеруі жатады. Кейде балауызды композицияға енгіздірген сымды штифт модельдеу кезінде тұқылды салманы құйған кезде жартылай немесе толығымен металлмен жабылмайды. Бұл жағдайда тұқылды салманың фиксациясы жарамайды. Штифтті құрылымдарды фиксациялау кезінде болатын қателіктерге: түбір каналдарын дұрыс кептірмеу, тым сұйық немесе қою цемент қолдану, микропротезді толығымен майсыздандырмау, штифтті түбір каналына толығымен енгізбеу, тістемнің бұзылуы жатады. Бұл қателіктер цементтің сорылуына, тісжегінің дамуына, тіске қосымша қысымның түсуіне, түбірдің немесе штифттің сынуына, пародонт тіндерінде қабынулық процесстердің дамуына немесе созылмалы ауруларының өршуіне алып келеді. Қалып алу барысында қалып алу материалының инструкцияда берілген қатынасын сақтамаса, қалып алу массасының уақыт параметірін сақтамаса немесе қалып алу қасығы дұрыс таңдалмаған болса қате қалып алынады. Сонымен қатар ауыз қуысына қалып алу қасығын салу және шығару алгоритмін сақтамаса қалып дұрыс алынбайды. 17.Тіс қатарының ақауларын металлды керамикалық көпіртәрізді протездермен қалпына келтіру кезінде барысында кездесетін қателіктер мен асқынулар Ең жиі кездесетін қателіктерге келесілері жатқызылады: 1.Тірек тістердің клиникалық жағдайын дұрыс бағаламау. Пломбалары сақталған, түсі өзгермеген және қозғалыссыз тістерде некроздалған тіс ұлпасы болуы мүмкін. Мұндай тістерге рентгенологиялық зерттеу жүргізуден басқа, электроодонтометрия жасап алған дұрыс. Толық сауытпен жасалған герметизм пародонт тіндеріндегі асқынуды протез салынғаннан кейін бірден немесе уақыт өте келе тудыруы мүмкін. 2.Тірек тістер санын дұрыс емес таңдау – бұл әдетте олардың функциональді жағдайын дұрыс емес бағалауға байланысты болады. 3.Тірек тістерді дұрыс дайындамау- кертпені жасамау протездің ауызда бекітілгеннен кейін эстетикалық талаптарға сай емес және пародонт тіндеріндегі патологиялық өзгерістерге алып келеді. Тірек тістердің конустылығын жоғарылатып жіберу – болашақта цементтің сорылып кетуіне себеп болады. 4.Көпір тәрізді протезді қолданудың көрсетілімдерін кеңейту – пайда болған патологияның патогенезі мен көпіртәрізді протездің протез ложесымен қатынастарын ескермеу кезінде орын алады. 5.Альвеолярлы биіктікті жоғарылатып жіберу; жасанды тістер мен олардың табиғи антагонист тістері арасындағы контактілердің бұзылуы протездің функциональді эффективтілігінің бұзылуына алып келеді. 6.Көпіртәрізді протездің тірек сауыттарының кең болуы әдетте қалып алу кезіндегі қателіктер мен компенсационды лактың тым қалың жағылуы, егелген тіс моделінің гравировкасы кезінде болады. Сауыттың кең болуы екіншілікті тіс жегінің дамуына алып келеді. 7.Көпіртәрізді протездің денесін мүсіндеу кезінде жіберілетін қателіктерге шайнау төмпешіктерін тым айқын жасау, альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатымен түйісу ауданының үлкен болуы, сауыттармен дәнекерлену аймағының аз болуы сияқты қателер орын алуы мүмкін. Бұл әдетте көпіртәрізді протездің денесінің ажырап, шырышты қабаттың зақымдалуына алып келеді. 8.Көпіртірізді протезді фиксациялау кезінде фиксирлеуші материалдың тұтқырлығыныың жоғары болуы тірек тістің мойын аймағының жалаңаштануына, екіншілікті тіс жегінің дамуына алып келеді. 9.Техникалық қателіктерге протез бөліктерін дұрыс дәнекерлемеу, металлды құюдың дұрыс болмауы нәтижесінде протездің сынып қалуын жатқызамыз. Протез бөліктерін дәнекерлеу кезінде ауқымды деформацияға ұшырауы нәтижесінде, протезді тірек тістерге отырғызу мүмкін емес болады немесе ол баланстап тұрады. Сауыттардың соңғы тегістеу мен жылтыратудан кейін жұқарып кетуі техникалық қателікке жатқызамыз. Мұндай сауыттардың металлы тез тозады. 10.Керамикалық беткейдің түсіп қалуы (сколы) –каркастың тым жұқа болуы, каркастағы жоғары кернеу әсерінен, дайын протездегі металлды қыздырып жіберу нәтижесінде болуы мүмкін. Тексерілмеген окклюзионды контактілер, күйдіру кезеңдерін арттырып жіберу себеп болуы мүмкін. 18. Е мах көпіртәрізді протездері, клинико-лабораториялық протездеу кезеңдерінің ерекшеліктері. Е-мах көпіртәрізді протездері металсыз керамикалық протез түрі ретінде тістің табиғи оптикалық қасиеттерін имитациялайтын жартылай мөлдірлігімен ерекшеленеді. Жоғары эстетикалық қасиеттерге толы көпіртәрізді Е-мах протездерін алдыңғы аймақтағы тіс қатарының ақауын басу үшін кеңінен қолданылады. Е-мах көпіртәрізді протезін дайындау кезінде 2 клиникалық этап ажыратылады: 1.Науқасты қарау, зерттеу, алдын ала диагноз қою,қосымша зерттеу әдістерін қолдану, нақтыланған диагноз қою. Металсыз құрылымды таңдау, науқаспен ақпараттық келісуге қол қою. Тірек тістерді Е-мах сауыттарына егелеу, қосқабатты қалып алу. -Екінші клиникалық кезеңде дайын протезді шақтау, фиксациялау жүргізіледі. Толық керамикалық Е-мах сауытына тісті егеу кезінде: 1.Екі түрлі кертпемен тіс егелуге жатады: бұрышы 90-120 градус, иығының бүйір қабырғасына өтетін жері дөңгелектеніп келген иықты кертпе және айқын дөңгелектеніп келген кертпе. Кертпенің ені CAD/CAM жүйелерінің нақты талаптарына сай 0,8 мм-ден 1,2 мм-ге дейін ауытқиды. Орташа ені 1 мм-ге тең. 2.Бүйір қабырғаларының конустылығының бұрышы 6 градустан төмен болмауы керек, 10-15 градус болғаны дұрыс. Бұл штампикті жарықтық сканерлеуде өте маңызды; 3.Тістің окклюзионды беткейінен кем дегенде 2 мм қатты тін алынуы керек. Тұқыл биіктігі 3 мм-ден төмен емес, окклюзионды ішке иілу бүйір тістерде айқын болмауы керек. Алдыңғы тістерде тұқылдың ұшының қалыңдығы 1 мм-ден аз емес, 1,2-1,5 мм болғаны дұрыс. 4.Барлық бұрыштары тегістеліп, дөңгелектенген болуы керек. Бірінші сатыда кесу қырында тереңдігі 1,3 мм болып келетін 3 жүлге жасалады. Жүлгелер антагонист тістердің ұзын осьтеріне перпендикуляр салынып, содан кейін олардың араларындағы тіндер егеледі. Екінші кезеңде тістің вестибулярлы беткейінен тереңдігі 0,8 мм жүлгелер жасалып, 1 мм тереңдікте алмазды конусты бормен маргинальді шеткейді науашық түрінде жасай отырып, тіндер алынуға жатады. Екіжақты шығыңқы линза түріндегі алмазды борды қолдана отырып, барлық артикуляционды қозғалыстар кезінде антагонист тістермен 1 мм бос кеңестік қалуға дейін тістің тілдік беткейін егелеуді жүргіземіз.Соңғы қорытынды егелген тісті өңдеу төмен абразивтілікті алмазды немесе финишті карбидті борлардың көмегімен жүргізіледі. А силиконды массамен қосқабатты қалып алғанға дейін қызыл иектің ретракциясын жүргіземіз. Анестектердің көмегімен жергілікті жансыздандыра отырып, механикалық әдіспен ретракционды жіпті егелген тістің қызыл иек жүлгесіне енгіземіз. Тісі бар жаққа арналған перфорационды тесіктері бар жоғарғы және төменгі жаққа қасықтарды таңдап, шақтап кигізіп көреміз. А силиконды массалар тұтқырлықтары бірдей негізгі және катализаторлы пасталар түрінде шығарылады. Негізгі және корригирлеуші массаларды бір уақытта араласытыр, қалыпты бір кезеңде, немесе сатылы екі кезеңде алуға болады. Дәстүрлі екі кезеңді қалып алу кезінде алдымен негізгі масса ауыз қуысына енгізіледі, құрылымдалу жүргеннен кейін, ауыз қуысынан шығарылып, жуылады, кептіріледі. Бірінші қалыпта барлық егелуге жатқан тістердің тұсында алып кетуші өзектер жасалуы тиіс. Олар тістің шайнау беткейі немесе кесу қырынан басталып, олардан алыстау, мысалы қатты таңдай аймағында аяқталуы тиіс. Осыдан кейін бірінші қалыпқа корригирлеуші масса салынып, қалыптың нақтыланған түрі алынады. Лабораториялық кезеңдерде: -моделдеу беззольный воскпен жүргізілуі керек. Престелудің толық жүруі үшін восктың минимальді қалыңдығы 0,7 мм болуы керек; -көпіртәрізді протездерді цокольы 200 г болып келетін муфельді жүйеге престеген дұрыс; -тірек тістер үлкен тереңдікке егелген жағдайда, бос кеңістік жалатылушы материал (облицовочный) арқылы емес, каркас есебінен компенсациялануы керек. -тіспротезді бірліктердің араларындағы перемычкалар горизонтальді немесе сагитальді емес, вертикальді бағытта кеңейтілуі керек. -опокаға гипстеу арнайы IPS PressVEST немесе IPS Press Speed массаларына, түнге немесе бір күнге жүргізіледі; -дайын өнімнің беткейінде пресстеуден кейін түзілген реакционды қабат травлениеға арналған IPS e.max Press Invex Liquid сұйықтығымен алынуға жатады; - каркасты Al2O3 –бөлшектерімен пескоструйды өңдеуге болмайды, себебі бұл беткейінің бұзылуына алып келеді; каркастың дисктердің көмегімен қосымша «сепарациясын» жүргізуге болмайды, бұл сыну нүктелерінің түзілуі нәтижесінде протез құрылымының беріктілігін төмендетеді. Екінші клиникалық кезеңде дайын Е-мах көпіртәрізді протезді шақтап, фиксациялаймыз. Барлық металсыз конструкциялар сияқты Е-мах тірек сауыттарын шыныиономерлі цементке – Cetac –cem ,Fuji-ге отырғызылады |