Главная страница
Навигация по странице:

  • 27. жоғарғы жақ Гербст сынамасы.

  • 28. Функционалды қалып - функция кезінде протез орны тіндерінің жағдайын анықтайтын қалып түрі.

  • 30.Алмалы пластмассалы протездер жақпайтын пациенттерге қажет ортопедиялықемдеу ерекшеліктері .

  • 29.Толық алмалы протез балауыз құрылымын тексеру кезіндегі қателіктер.

  • ортопедия. 1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез


    Скачать 137.28 Kb.
    Название1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез
    Дата17.06.2021
    Размер137.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаортопедия.docx
    ТипДокументы
    #218313
    страница6 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    25.Доғалы протездің балауыз құрыымын тексеру және осы кезде кететін қателіктер.

    Бұл этап кезінде доғалы протез балауыз конструкциясын және қайтадан протез қаңқасын тексереміз.Алдымен модельде содан соң ауық қуысында.Қанқа элементтеріне мін береміз(доға,кламмерлер,окклюзиялық накладкалар).Олардың дұрыс орналасуына,қалыңдығы ,ені жіне шырышты қабататтан қанша мм ара қашықтықта орналасуын бағалаймыз.Осы этапта тексеру барысында кететін қателіктер келесідей топтарға бірігеді(Егер де тіркелмеген тістем болса-нефиксир прикус):

    1.Беттің төменгі бөлігінің биіктігін дұрыс емес анықтау.(завышение или занижение прикуса).Егерде тістем биіктетілген болса онда науқас бет әлпеті таңғалған,мұрын ерін қатпарлары жазылған(сглажены),сөйлеу барысында тістердің тарсылы естіледі.физиологиялық тыныштық кезінде 2-3мм ара қашықтық жоқ болады.

    Қателікті жою:егер де жоғарғы жақ дұрыс, тістем биіктігі төменгі жақ кесірінен биіктетілген болса,онда төменгі жақтан тістерді алып тастап балауыз біліктерін қай орнатып ортанлық окклюзияны анықтаймыз.Ал жоғары жақ кінәлі болса,онда төменгі де жоғарғы да жақтағы тістреді алып тастап балауыз біліктерін дайындап орталық окклюзияны анықтаймыз.

    2.Тістем биіктігі төмендеген.Егер де тістем төмендетілген болса онда науқастың мұрын ерін қатпарлары айқындалған,физиологиялық тыныштық кезәнде жақтар ара қаыштығы 2-3 мм көп болады.Ауыз бұрыштары төмен түскен.

    Қателікті жөндеу: егер де жоғарғы жақ дұрыс тістем биіктігі төменгі жақ кесірінен төмендетілген болса,онда төменгі жақтан тістерді алып тастап балауыз біліктерін қай орнатып ортанлық окклюзияны анықтаймыз.Ал жоғары жақ кінәлі болса,онда төменгә де жоғарғы да жақтағы тістреді алып тастап балауыз біліктерін дайындап орталық окклюзияны анықтаймыз

    3..Орталық окклюзия анықтау барысында төменгі жақты алдыңғы немесе бүйір окклюзияда анықтау.Жиі науқастар орталық окклюзияны анықтау барысында жақтарын алдыңғы жаққа шығарады.Соның нәтижесінде тексеру барысында прогнатиялық окклюзия анықталып,фронтальды тістер арасында саңылау ал бүйір тістер арасында төмпешіктік байланыс түзіледі.

    4. Бүйірлік окклюзия кезінде ығысуға қарама қарсы жақта төмпешіктік қатынас бүйір тістер арасында,ығысу жағында төмпешіктер арасында просвет жіне орталық сызықтың ығысуға қарама қарсы жаққа кетуі байқалады.Бұл қателіктерді жөндеу қайтадан орталық окклюзияны балауыз біліктерін дайындап анықтау болып табылады.

    26.Толық алмалы протездермен емдегенде жақтардың орталық арақатынасын анықтау.

    Жақтардың орталық арақатынасы дегеніміз тістер бар кезде – тіс қатарының орталық окклюзияда түйісуімен анықталады. Ал тіссіз жақта – буын шұңқырында буын басының симметриялы түрде, бүйір қозғалыстар жасау мүмкіншілігі бардай максимальді артқы бөлігінде орналасуы. Функциональді қалыптардан зертханада үлгілер құйылып, балауыз біліктер жасалады. Біліктерге қойылатын талаптар:

    Келесі кезеңдерден тұрады:

    - Окклюзиялық біліктердің шекараларын анықтау – бұл біліктің протез орнында фиксацияланауына кедергілерді жоюға және төменгі еріннің деформациясының алдын алуына негізделген. Ол үшін балауық шаблонның шекараларын тексереді, еріннің, тілдің үзбелерін, ұрт тартпаларын, қанат-жақ қатпарын босатады, кейде А сызығы бойымен базисті қысқартады.

    - Жоғарғы біліктің алдыңғы бөлімінде вестибулярлы беті мен қалыңдығын қалыптастыру. Патогенез: тістерді жоғалтқаннан кейін альвеолярлы өсіндінің атрофиясы біркелкі болмайды. Яғни, төменгі жақта сүйек алдымен альвеолярлы өсіндінің ұшы мен тілдік беткейінен сорылса, жоғарғы жақта керісінше вестибулярлы бетінде жоғалады. Альвеолярлы доға тарылады, жоғарғы ерін түседі, кәрілік кейіп береді. Сондықтан жоғарғы жақтың білігінің алдыңғы бөлімін альвеолярлы өсіндідегі өзгерістерді ескере отырып, дұрыстау керек. Науқастың сыртқы келбетін қалпына келтіру үшін, алдыңғы бөлімде вестибулярлы беткейінде білікке балауыз қосылады. – Жоғарғы окклюзиялық біліктің биіктігін анықтау – қалыпты жағдайда жоғарғы орталық күрек тістердің кесу қырлары ауыз жабылғанда еріннің түйісу сызығымен бір бойда орналасады. Ал ауызды ашқанда 1-2 мм еріннен шығып тұрады. Егер күлгенде тістердің кесу қыры көрінбесе, адам кәрілеу болып көрінеді. Биіктігін анықтау үшін шаблонды науқастың ауыз қуысына енгізіп, ерінін түйістіруін сұраймыз. Осы кезде білікке түйісу сызығын белгілеп, оның биіктігін анықтайды. Егер біліктің жиегі түйісу сызығынан төмен орналасса, оны қысқартады, ал егер жоғары болса – балауыз қосады. Сосын биіктігін ауыз жартылай ашық кезде тексереді. Жиегі 1-2 мм жоғарғы еріннен төмен болуы керек.

    - Протетикалық жазықтықты қалыптастыру – окклюзиялық жазықтық алдыңғы бөлімде қарашықтық линияға, бүйірінде – мұрын-құлақ сызығына (кампер горизонталі) параллель болуы керек. Алдыңғы бөлімде протетикалық жазықтықты қалыптастыру үшін 2 сызғыш алады. Біреуін алдыңғы бөлімде окклюзиялық беткейге кояды, екіншісін қарашық сызығымен қояды. Егер екі сызғыш параллель болса, протетикалық жазықтық бұл бөлімде дұрыс анықталған. Бүйір бөлімінде протетикалық жазықтықты қалыптастыру үшін бір сызғышты мұрын-құлақ сызығы (мұрын қанатының негізінен құлақ козелогына дейін) бойымен, екіншісін біліктің бүйір бөлімінде окклюзиялық беткейге қояды. Егер параллельділік болмаса, білікке балауызда қосып немесе алып, оған қол жеткізу керек. Протетикалық жазықтық техникке тіс қою үшін шыныны дұрыс қоятын ориентир болады. Протетикалық жазықтық қалыптасқан соң, жоғарғы білікке тиісуге болмайды. – Төменгі білікті жоғарғыға шақтау – біліктердің алдыңғы-артқы және трансверзальді бағыттарда тығыз түйісуіне қол жеткізеді. Ұрттық беткейлері бір жазықтықта болуы керек. Егер бір жерді дұрыстау керек болса, тек төменгі білікте ғана өзгеріс жасайды. Дұрыс шақталған біліктердің окклюзиялық беткейлері бір-біріне тығыз жанасады. Ауызды жапқанда алдыңғы және бүйір бөлімдерде бір мезетте жанасуы керек. Бір мезетте жанаспаса, төменгі білікке балауызды қосады немесе алады. Көлденең бағытта окклюзиялық беткейлердің жанасуын бақылау қиынырақ. Кейде

    алдымен оң жақтан жанасып, кейін сол жақ түйісуі мүмкін. Бірақ ауызды жапқан кезде біз оны байқай алмай қаламыз, себебі базис альвеолярлы өсіндіден ажырап тұрады. Оны тексеру үшін суық шпательді біліктер арасына енгізеді. Егер біліктер тығыз жанасса, шпатель қиындықпен кіргізіледі. Ал егер білік бір жақтан түсіп тұрса, шпатель енгізгенде саңылау көрінеді. - Альвеоларалық биіктікті анықтау

    Антропометриялық әдіспен беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігін анықтау:

    Бұл әдіс беттің бөлек бөліктерінің тепе-тең болуына негізделген. Цейзинг адам бетін тепе-тең бөлікке бөлетін нүктелерді анықтаған. Мысалы, АС сызығы болса, Б сызығы оны шеткі және орта қатынаста бөледі. АС:АБ = АБ:БС. Ол нүктелерді Геринген циркулінің көмегімен табу ыңғайлы. Герингер циркулі екі циркульден тұрады. Үлкен циркульдің аяқшалары кіші циркульдің басы арқылы екіге бөлінеді: үлкен және кіші бөлік. Қандай ұзындықты өлшемесе де, циркуль оны шеткі және орта бөліктерге бөледі.

    Алдыңғы тістері бар науқасты аузые кең ашуын өтініп, мұрынның ұшына циркульдің шеткі аяқшасын қояды, ал иек төмпешігіне екінші аяқшасын тірейді, осы кезде пайда болған биіктікті ортадағы аяқша шеткі және орта қатынасты бөледі. Үлкен биіктік тістердің тістесуі кезіндегі биіктікке тең болады. Осы әдіспен беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігін анықтайды.

    Водстворт Уайт бойынша беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігін анықтау: сызғышпен немесе шпательмен көз қарашығының ортасынан еріндердің түйісу сызығына дейінгі арақашықтықты белгілейміз. Бұл биіктік беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігіне тең, яғни мұрынның негізінен иектің төменгі бөлігіне дейін.

    Анатомо-физиологиялық әдіс – окклюзиялық биіктік функциональді тыныштық биіктігінен 2-3 мм кіші екендігінде негізделген.

    Науқасты протездеумен байланыспаған әңгімеге тартады. Кейін төменгі жақ тыныштық жағдайында орналасады. Осы жағдайда мұрын қалқасы негізіндегі теріге және иек арасындағы нүктелердің ара қашықтығын өлшейді. Кейін ауыз қуысына тістемелі валиктері бар шаблондарды енгізеді және науқас аузын жауып, валиктерді қысады. Тістемелі валиктерді енгізгеннен кейін қайтадан екі нүкте арасындағы ара қашықтарды өлшейді. Осы ара қашықтық окллюзионды биіктік деп аталады. Ол тыныштық биіктігінен 2-3 мм кіші болу керек. Егер беттің төменгі үштен бірі тыныштық жағдайында және қысылған тістемелі валиктермен бірге бірдей болса, яғни альвеолярлы аралық биіктік жоғарлаған. Сол үшін төменгі тістемелі валиктен балауыз қабатын алып тастайды. Егер окклюзионды биіктік тыныштық биіктігінен 3 мм-ден аса төмен болса, тқменгі тістемелі валиктің биіктігін ұлғайтады.

    Альвеолярлы аралық биіктігінің дұрыстығын анықтау үшін сөйлеу сынамасын жүргізеді. Науқас о, и, м, э, п, ф дыбыстарын шығарады. Әрбір дыбысты шығарғаннан кейін науқас аузын белгілі бір кеңдікте ашады. Мыс., «о» дыбысын шығарған кезде, ауыз 5-6 мм дейін ашылады. Егер одан кең болса, дәрігер биіктікті дұрыс анықтамаған.

    - Жақтардың орталық ара-қатынасын фиксациялау. Жоғарғы валикте бірінші кіші азу тістер және үлкен азу тістер аймағында шпательмен екі параллельді емес кертік жасайды, төменгі окклюзиялық валикке қызған балауыз жолағын орналастырады. Науқас жақтарын орталық окклюзияда аузын жабады. Жоғарғы валиктегі кертікке қызған балауыз кіріп, құлып(замки) қалыптастырылады, ал қызған балауыз жолағы валиктерден сығылады, нәтижесінде беттің төменгі бөлігінің биіктігі жоғарылмайды. Кейін валиктерді ауыз қуысынан шығарып, суытады, балауыз артығын кесіп алып тастайды және жақтардың орталық ара қатынасының дұрыстығын тексереді. Осы кезеңде фонетикалық сынамалар жүргізеді: дауысты дыбысытарды айту кезінде жоғарғы және төменгі окклюзионды валиктер арасындағы қашықтық 2 мм болу керек, ал сөйлеу кезінде – 5 мм дейін.

    - Алдыңғы тістерді қою үшін сызықтар сызу – ортаңғы сызық – вертикальді беттің ортаңғы сызығының жалғасы ретінде сызылады. Бұл сызықты ерін үзбесіне қарап өткізуге болмайды. Ол екі орталық күрек тістің арасында өтеді. Сүйір тістер сызығы мұрынның сыртқы қанатынан өткізіледі, ол сүйір тістің төмпешігінен өтеді. Күлкі сызығы – горизонтальді, күлкі кезінде жоғарғы

    еріннің қызыл жиегі деңгейінде сызылады. Жасанды тістердің мойындары осы сызықтан жоғары орналасуы керек.

    Барлық кезеңдерді жүргізген соң, біліктері бар базистерді ауыздан шығарып, үлгіге салып, тістехникалық лабораторияға жібереді.
    27. жоғарғы жақ Гербст сынамасы.

    Алдымен жоғарғы еріннің үзбесін және ұртты босатады, қасықтың жиегі бойынша ойық қалыптастырады. Альвеолярлы төмпешіктен тыс қасықтың шекарасын тексереді. Осы аймақтың қасық шекарасының ориентирі ретінде жоғары жақтың сынатәрізді қатпарының бекіну орны болып табылады. А сызығын және соқыр тесіктерді анықтайды. Қатты таңдайда қасықтың жиегі А сызығын 1-2 мм дейін жауып тұру керек. Кейін Гербст сынамасы арқылы қасықтың шекарасын анықтайды.

    Бірінші сынама – қасықты жоғарғы жаққа орналастырады және науқас аузын максималды кең ашады. Егер қасық жылжыйтын болса, дистальді жағынан яғни, моляр арты төмпешік аймағында қысқартады.

    Екінші сынама – науқасты ұртын ішке қарай тартады. Егер қасық түсіріліп тасталса, қасықтың жиегін ұрттың жүгеншесі аймағында қысқартады.

    Үшінші сынама – науқасты ерінін алға тартуын сұрайды. Егер қасық түсіріліп тасталса, қасықты алдыңғы аймағында 3, 4, 5 тістер тұсында қысқартады.

    Төртінші сынама – науқасты ернін алға тартып, дыбысын айтуын сұрайды. Егер қасық түсіп қалса, қасықты күректік бұлшық етінің әрекет аймағында вестибулярлы, 1 және 2 тістер зонасында қысқартылады.

    Төменгі жақ.

    Алдымен төменгі еріннің, тілдің үзбесін және бүйір қатпарларды босатады. Қасықтың жиегі бойынша ойық қалыптастырады.

    Қасықтың дистальді шекарасы болып шырыш төмпешіктері(слизистые бугры) болып табылады. Төмпешіктердегі пайда болатын ауырсыну сезімдеріне, оның формасына, консистенциясына байланысты қасық толық немесе жартылай жабады. Тілдік беткейінен бүйірлерінде қасық, егер жақ-тіласты сызығы дөңес болса оны жабады, егер үшкір болса сызыққа дейін орналасады. Егер төменгі жақтың альвеолярлы бөлігінің алдыңғы жағында иектік қылқан(подбородочная ость), және валиктар болса қасық оларды жабады, тек тіл асты сілекей бездерінің шығару өзектері бос қалуы керек. Ары қарай шақтап көруді Гербст сынамасын жүргілу арқылы жасалынады:

    1. Науқасқа жұтынуды сұраймыз. Егер бұл кезде қасық көтеріліп кетсе, онда төмпешіктің артқы бөлігінен жақ-тіласты сызығына дейінгі жиегін қысқартамыз. Содан кейін науқасқа аузын баяу ашуын сұрайды. егер қасық

    артқа қарай көтерілсе, төмпешіктен бастап болашақта екінші моляр орналасатын аймаққа дейін қысқартады . Егер қасықтың алдыңғы бөлігі көтерілсе, сүйір тістердің арасында вестибулярлы жағынан өңдейді.

    2. Науқасқа төменгі еріннің қызыл жиегін тілімен өтуін сұраймыз. Егер қасық көтерілсе, жақ-тіласты сызығы бойымен алынады.

    3. Науқасқа аузын жартылай жауып, тілінің ұшымен ұртына дейін жеткізуін сұраймыз. Егер көтерілсе, қасықтың тіл асты бөлігінен ортаңғы сызықтан 1см сыртқа қарай алшақ бөлігінен алынады. Тілді солға қарай ығыстырғанда көтерілсе қасықтың оң жағынан алынады, егер тілді оңға қарай ығыстырғанда көтерілсе қасықтың сол жағынан алынады.

    4. тілді мұрынның ұшына дейін шығаруын сұраймыз. Түзетуді тілдің үзбесі аймағында жасайды. Бірақ канавка тәрізді емес, ойық қылып түзету керек.

    5. Мимикалық бұлшықеттердің белсенді қозғалыстарын жасайды - ерінін алға қарай тартып шығару. Егер бұл қозғалыста қасық көтерілсе, онда қайтадан сүйір тістер аймағынының вестибулярлы бөлігін қысқартады. Қасықтың сүйір тіс пен екінші премоляр арасынын вестибулярлы бөлігі терең еніп тіндермен ығыстырылады. Оны төменгі жақ бұрышының төменгі бөлігініне сұқ саусақты қойып анықтауға болады. Сондықтан осы аймақты да өзгертеміз

    28. Функционалды қалып - функция кезінде протез орны тіндерінің жағдайын анықтайтын қалып түрі. Функционалды қалыптар компрессионды (саусақтық қысым немесе науқас тістемінің қысымымен алынады), декомпрессионды (протез орны тіндеріне қысым түсірмей алынады), дифференциалды болып келеді. Функционалды қалыпты алу үшін термопластикалық массалар қолданады. (дентофоль, ортокор, ортопласт).

    Термопластикалық массаның тиімділігі: созымдылығы жоғары, яғни функционалды сынамаларды өткізуге тиімді, қалып алу кезінде консистенциясы өзгермейді, сілекейде ерімейді, қысымды біркелкі таратады, қалыпты бірнеше рет ауыз қуысына енгізуге және коррекциялауды жүргізуге болады.

    Термопластикалық массалар жеткіліксіздігі: ізтаңбалар дәл емес,ретенционды аймақтар болса деформация, салқын сумен суытқанда біркелкі қатаймайды және ауыз қуысынан шығарғанда деформацияланады.

    Функционалды қалып алу кезеңдері:

    · Жеке қасықты шақтап кию;

    · Қасыққа қалып алу массасын енгізу;

    · Ауыз қуысына қасықты қалып массасымен енгізу;

    · Қалыптың жиектерін қалыптастыру және функционалды сынамаларды жүргізу;

    · Қалыпты шығару және сапасын тексеру;

    Функционалды қалыптың жиектерін қалыптастыру: пассивті әрекеттер, функицоналды сынамалар және функционалды әрекеттер арқылы (жұтыну, шайнау,сөйлеу).

    Орындалуы:

    · жеке қасықты қалып массасымен ауыз қуысына енгізеді;

    · қасықты бір қолмен таңдайға және альвеолярлы өсіндіге қысады;

    · екінші қолмен дәрігер қалыптың жиектерін вестибулярлы жағынан өңдейді. (науқастың аузы жартылай ашық)

    · Бүйір тістер аймағындағы ұртты алға және төмен тартады, алдыңғы тістер аймағында ерін төмен тартылады немесе науқас өзі жасайды.

    · «А» сызығы аймағында қалыптың жиектерін қалыптастыру үшін науқасқа «А» және «К» дыбыстарын айтқызады, яғни жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі.

    · Масса қатқаннан кейін, дәрігер науқастң ерінін көтеріп, оны жоғары қарай тартады және қасыққа алдыңғы тістер аймағында жоғары төмен басып тұрып, ауыз қуысынан қалыпты шығарады.

    Функционалды қалыпты бағалау:

    ауалы көпіршіктердің іздері болмауы.

    Қалып материалының қатпарларының болмауы.

    А сызығының және соқыр тесіктердің кескіні нақты болу керек.

    Қалып жиектері тегіс және дөңестелген болып, ауыз қуысынан толық шығуы керек.

    30.Алмалы пластмассалы протездер жақпайтын пациенттерге қажет ортопедиялықемдеу ерекшеліктері .

    Протездің жақпауы деген ұғымға ауыз қуысындағы жағымсыз сезімнің болуы немесе материалға аллергияның болуы жатады.Науқастар бұл кезде парастезияға,протез орны шырышты қабатының құрғауы мен ауырсынуына шағымданады.

    Пластмассаны көтереалмаушылықтың себептері:

    1.шырышты қабаттың протезбен механикалық зақымдалуы

    2.шырышты қабатқа протез және ауыз қуысындағы бактерияның әсері

    3.протез құрамындағы аллергиялық және токсико-химиялық заттардың әсері

    4.протез астындағы өзгерістер мен тіндерге термоизоляциялық әсері

    5.жалпы соматикалық аурулары(қант диабеті,атеросклероз,анемия)

    6.психогенді факторлар

    Науқастарды емдеу патологиялық процесс пен пайда болу себебін есепке ала жүргізіледі.Ең алдымен ауыз қуысының санациясын жүргізіп,кейін протезді дайындаудағы техникалық қателіктерді жою және АҚШҚ қабынуын басу.

    АҚШҚ мен протез базисінің контактісін жою үшін изоляциялық төсемелер ұсынылады.

    Бояғыштарға аллергия болмас үшін базисті түссіз пластмассадан немесе жаңа заманға сай биоинертті материалдардан дайындайды.

    29.Толық алмалы протез балауыз құрылымын тексеру кезіндегі қателіктер.Бұл этапта балауыз құрылымын тексеру аса маңызды себебі осы этапта алдыңғы клиникалық этаптарда болған қателіктердің нәтижесі пайда болады да осы қателіктерді жөндеу мүмкіндігі туады.Балауыз құрылымын тексерудегі қателіктер келесідей:

    • Альвеолааралық биіктіктің жоғарылауы.Клиникалық көрінісі:науқас түрі таңырқаған(удивленное),мимикалық бұлшықеттер қасымда тұр,беттің төменгі үштен бір биікттігі жоғыралаған,мұрын ерін қатпары жіне иек қатпарлары жазылған,окклюзиялық биіктік пен тыныштық кезіндегі физиологиялық биіктік арасындағы ара қашықтық 2-4 мм аз.

    • Альвеолалық биіктіктің төмендеуі.Клиникалық белгілері :Науқас түрі «старческое»,мұрынерін жіне иек қатпарлары анық,ауыз бұрыштары түскен,тілге орын аз болуы, окклюзиялық биіктік пен тыныштық кезіндегі физиологиялық биіктік арасындағы ара қашықтық 2-4 мм көп.

    Қателікті түзеу:Егер де жоғары жақ балауыз құрылымында тістер дұрыс орналасса онда төменгі жақ құлымындағы жасанды тістерді алып қайтадан альвеолааралық биіктікті анықтаймыз.Жоғары жақ құрылымға тиіспейміз.Егер жоғары жақ тістерді дұрыс қойылмаса онда жоғары да төменгі де жақ жасанды тістерді алып балауыз білігін орнатып альвеолааралық биіктікті анықтаймыз.


    • Орталық оккюзия анықтау кезінде төменгі жақтың алдыға шығып кетуі.Клиникасы:жасанды тістердің прогнатиялық ара қатынасы,сагитталды саңылау,бүйір тістердің төмпешікті байланысы, беттің төменгі бөлігің биіктеуі.

    • Орталық окклюзияны анықтау кезінде бүйір оккюзияда алу.Клиникасы : ығысу жағында бүйір тістер арасында қатынас болмауы, орта сызықтың ығысу жағына қарама қарсы жаққа қарай кетуі,ығысуға қарсы жақта бүйір тістре арасында төмпешіктік байланыс, беттің төменгі бөлігің биіктеуі.Қателікті түзеу:Егер жоғары жақ тістері дұрыс орналасса онда ығысу бағытына қарамастан төменгі балауыз құрылымындағы жасанды тістерді алып қайтады орталық оккюзияны анықтау.

    • Жасанды тістер антагонисттер арасында біркелкі тығыз байланыс болмау.Себебі базистің протез орнымен тығызбайланысы болмауы,балауыз білітерінің арасындағы тығыз байланыс болмауы.

    • Балауыз базистерінің алдыға немесе артқы ығысуы.Себебі болып қолайсыз анатомиялық шарттар,яғни, альыеолалық қырдың семуі.Клиникасы: төменгі базистің алдыға ығысуы жасанды тістер арасындағы прогнатиялық арақатынас пайда болады.Егер артқы ығысса прогениялық.Жоғарғы базис алдыға ығысса прогениялық арақатынас,артқа қарай ығысса прогантиялық ара қатынас жасанды тістер арасында пайда болады.Бүйір тістер төмпешікті байланысады.Беттің төменгі бөлігінің биіктігі жоғарылайды.Қателікті түзеу:қайтадан балауыз біліктерін дайындау.Балауыз базисі қатты,балауыз біліктері доғамен беріктетілген құрылыммен орталық оккюзияны анықтау.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта