ортопедия. 1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез
Скачать 137.28 Kb.
|
34.Телескопиялық бекіту жүйесі бар алмалы пластиналық протездер, клиникалық- лабораториялық дайындау кезеңдері. 1 клиналық кезең. · Науқасты қарап тексеру · Алдын ала диагнозды қою · Қосымша рентгенологиялық зерттеу · Сонғы диагнозды қою · Алмалы протезде телепскопиялық бекіту жүйесін тандау · Тісті патрицамен егелеу. Клиникада телескопиялық сауыттың 2 түрі қолданылады – штапмталып жасалған және құйылған. Штампталып жасалған телескопиялық сауытты дайындау тісті егелеуден басталады. Бірінші тістің контакт беткейлерін сепарациадан басталады. Бір жақты 0,6 мм алмазды дисктердің жұмысшы жағын тірек тіске орналастырып, сепарациялайды. Сепарацияның аяқталуы дисктің тісаралық аймақтан оңай өтуімен сипатталады. Тістің окклюзионды беткейін олива тәрізді алмазды бормен егелейміз. 16 қабатқа бүктелген көшірме қағазы кіру керек. Содан соң вестибулярлы және оральды беткейлерін цилиндрлік бормен егелеуін тістің ең шығыңқы жерлерінен бастайды. Алдымен тісті цилиндрлік формаға келтіреміз. Егелетін қабат қалыңдығы тіс формасына және мойын диаметріне байланысты. Вестибулярлы беткейін егелеген кезде қызыл иекті жараққаттап алмау үшін кері қиылған конусты (обратноусеченный конус) бормен егелейді. Кейін цилиндрлік алмазды бормен тіске айқын емес конус тәрізді пішін келтіреміз, иілу бұрышы 3-5 градус. Ал құйылған телескопиялық сауыт үшін тісті дайындау басқаша жүреді, ол қатты тіннің қаншалықты көп егелеуіне және құйылған сауыттың қалыңдығына байланысты. Құйылған екі сауытты дайындаудың екі әдісі бар. Бірінші әдісінде тірек тісті кертпе (уступ) жасап егеледі. Кертпенің ені екі сауыттың (ішкі және сыртқы) қалыңдығына сай болу керек. Құйылған ішкі сауыт егелген тістің контурын қайталайды, оның формасы қабырғалары қисайған, 5-7 градустан аспайтын айқын емес конус тәрізді болады. Екінші әдісінде тіс тұқылы кертпесіз жасалынады да, ал кертпе ішкі сауытта модельденеді. · Қос қабатты қалып алу 1. Жоғарғы және төменгі жаққа қалыптық қасықтарды қадыптық масса түріне, тіс қатарының ақауына және жаққа байланысты таңдау. 2. Қалыптық материалды таңдау (альгинатты масса). 3. Қалыптық массаны дайындау. 4. Қасықты массамен толтыру. 5. Жаққа қасықтарды салып орналастыру (жоғарғы жақта алдынан артына және жоғары қарай, төменгі жақта-артынан алдыға қарай төмен). 6. Қалып жиектерін пішіндеу. 7. Қалып қатайғаннан кейін ауыз қуысынан шығару 1 лабараториялық кезең. · Гипстік мүсін құю · Патрицаны дайындау 2 клиникалық кезең. · Гипс штампикпен келген патрицаны отырғызып көру · Гипсті штампиктің сапасын бағалау · Медикаментозды өңдеу · Клиникалық сапасын бағалау · Тегістеуге жіберу · Патрицаны тегістегеннен кейін цементке отырғызу · 2 сағаттан соң қос қабатты калып алу 2 лабараториялық кезең. · Гипстік мүсін құю · Матрицаны дайындау 3 клиникалық кезең. · Матрицаны отырғызу · Клиникалық және лабараториялық сапалық критерийларын бағалау · Матрицамен толық анатомиялық қалып алу 3 лабараториялық кезең. · Гипстік мүсін құю · Оклюзионды білікті (валик) балауызды базисті дайындаймыз. Балауызды пластинканы сулап оның бір бетін қыздырып екінші бетімен гипстік мүсінге бектеміз. Біркелкі бекітіп, артық қырларын шекара бойынша алып тастаймыз. Балауыз базис қырларын қыздырылған шпатель көмегімен тегістеміз. Оклюзионды білік дайындаймыз – қыздырылған балауыз пластинкадан білік жасап, жоқ тістер аймағының оклюзионды бетіне орналастырамыз. Қыздырылған шпательмен біліктерді протез базисіне жанасып тегістейміз. Оклюзионды білік биіктігі көрші тістерден 1-2 мм биік болу керек, бүйір аймақта 1-1,2 см, ал фронтальды тістер аймағында 0,6-0,8 см болу керек. · Балауызды базис қырларын дөңгелектеп және бетін жібітіп клиникаға жібереді 4 клиникалық кезең · Балауызды шаблонмен орталық окклюзияны анықтайды. Балауызды білікті балауыз шаблонды спиртпен өңдеп, ауыз қуысына енгізеді, науқасқа аузын ақырын жабуын сұрайды. Егер біліктер кедергі келтірсе, воскты кеседі. · Анатомиялық-физиологиялық әдіспен алвеолаарлық биіктікті анықтау (қағаз немесе сызғышты қолданады). Науқастың иегіне еркін нүкте қойылады. Содан кейін физиологиялық тыныштық жағдайында бұл нүктені қағазға апарады немесе сызғышқа. Сызғышта немесе қағазда пациенттің жасына байланысты 1-ден 5 мм-ге дейін алып тасталады. Тіс-техникалық шпателдің көмегімен тістем білікшелерін иектің нүктесіне сәйкес келетін (физиологиялық; тыныштықта) бірінші нүктеге дейін кеседі. Тістем білікшелерін тіс техникалық шпательдің және спирт пештің көмегімен 2-3ммге қыздыру қажет. Қыздырылған тістем білікшелері ауыз қуысына енгізіп,басын артқа шалқайтып, пациентке сілекейін жұтынып,жұту кезінде білікшелерді тістеуін сұрайды.Балауыз қатайғаннан кейін және жақтардың орталық арақатынасының дұрыс бекітілуін тексергеннен кейін ауыз қуысынан балауыз шаблондар алынады. 4 лабараториялық кезең · Орталық оклюзияны анықтағаннан кейін мүсінді оклюдаторда немесе артикуляторда ғаныштаймыз · Кламерді жасаймыз · Жасанды тістерді орнатамыз · Тегістеу, жылтырату 5 клиникалық кезең · Протезді ауыз қуысында шақтап кигізіп көреміз · Клиникалық және лабараториялық сапалық критерийларын бағалаймыз · Цементке бекітеміз 35. Доғалы протез қаңқасын отырғызып көру.Қаңөаның Клин тех сапасын бағалау.Доғалы протезді ауыз қуысында отырғызып көрмей тұрып алдымен модельде тексереміз.Модельде барлық конструктивті элементтерін келесідей критерийлар бойынша бағалаймыз: Протез каркасы: Шекарсын – каркас шекарасы дәрігер жоспарлаған шекарада жату керек,балансталмау керек,модельде тұрақты болу керек. Ершік және доға орналасуын –доға жоғарғы жақта 0,5 мм қашықтықта орналасады,ені 8-10 мм, қалыңдығы 0,9-1,2 мм.Доға төменгі жақта 0,5 мм қашықтықта орналасады ,ені 2-3 мм, қалыңдығы 1,5-2,0 мм .Ершік табиғи тістер арасы мен өтпелі қатпар ортасында орналасуы керек.Сетка астында платмассаға орын болу керек. Кламмерлер: Кламмер бөліктерінің дұрыс жасалуы және дұрыс орналасуын тексеру – кламмердың ретенционды және тіректік бөлігі болу керек жіне шырышты қабатты зақымдамау керек.Кламмер иығы Тіректік бөлігі тірек тісте жоғары жақта меже сызығынан төмен,төменгі жақта меже сызығынан жоғары орналасу керек.Ретенционды бөлігі төменгі жақта меже сызығынан төмен,жоғары жақта меже сызығынан жоғары орналасуы керек Оккюзиялық білік(накладка) тірек тістердің фиссураларында немесе жасанды тереңдетулерде орналасуы керек. Модельде барлығы дұрыс болса ауыз қуысына отырғызып көреміз. Протез каркасының дайындалу сапасын тексеру:кламмер және доғаның сызаттар немесе поралар,өткір қырлар болмау керек. Протез каркасын тірек тістерге отырғызып көру:Байқап,артық күш салмай тірек тістерге отырғызып көреміз.Протез ауыз қуысында баланстанбауы керек.Берік отыру керек.Кламмер иықтар тілек тістреді біркелкі ,берік тістің барлық бойында байланысып тұру керек. Оккюзиялық білік(накладка) тірек тістердің фиссураларында немесе жасанды тереңдетулерде орналасуы керек.Тістемді биіктетпеу керек. Ершік- ауыз қуысында отырғызып көргенде пластмассаға орын болуын қадағалау 36,Пародонт ауруы кезіндегі тіс қатарының ақауларын емдеуде қолданылатын алынбайтын ортопедиялық құрылымдардың ерекшеліктері. Пародонт аурулары бар Тіс қатарының фронтальді бөлігінде қосарылы ақау кезінде протездеу сауыт бөлігі пластмассадан немесе фарфордан жасалған көпіртәрізді протездермен протездейді. Тірек тістері ретінде қалған тістер, соның ішінде ит тістер. Егер ит тістер тірек тістер ретінде әлсіз болса, шинирлеуші аппаратты премоляларға дейін ұзарту керек. Егер тіс қатары ақауы ауқымды болса, яғни күрек, ит тстер, кіші азу тістер болмаса, қалған тістерді алынбайтын шендеуішті қолданады, ал алдыңғы ацмақтағы ақауды алынатын протез арқылы орын алмастырады. Егер 1-2 бүйір тістерді жұлғаннан кейін пайда болған бір жақты және екі жақты қосарланған ақау кезінде, шеңдеуді тірек тістерде экваторлы сауыттармен бекітілген алынбайтын көпіртәрізді протездерді қолданады. Ол үшін сауыт жиектері қызыл иек астына кірмеу тиіс, қызыл иек қалтасын медикаментозды және хирургиялық емдеу үшін ашық түрде қалдырады. Егер бүйір тістердің клиникалық сауыты төмен болса, шаю кеңістігін қалыптастыруды қиындықтар туғызады. Ол үшін кламмерлері бар алынбайтын шинамен блокирленген ершік тәрізді протездер қолданады. егер дистальді орналасқан тірек тіс қозғалмалы болғанда Көпіртәрізді протездердің қарсы көрсеткіші болып табылады. Ол үшін көп бөлімді үздіксіз кламмерлері бар доғалы протезді қолданады. Комбинирленген ақау кезінде, бүйір тістерді экваторды сауыттармен, алдыңғы тістер металлопластмассалы немесе металлокерамикалық сауыттармен блокирленеді. Протез шекаралары протез беріктігі үшін максималды толык болу керек, біріншіден ол протездің беріктігін арттырады, ал екінші жағынан – қалған тістердің босату үшін шайнау қысымын альволярлі бөлікке және таңдайға таратады. 38. Денталді имплантаттармен протездеуде қолданылатын оттиск түрлері. Абатменттер немесе имплантаттар деңгейінде алынатын оттиск түрлері : 1-жабық қасық яғни тікелей емес әдіс немесе тасымалдау әдісі , 2-ашық қасық яғни тікелей әдіс немесе қоршап алу әдісі . Егелген абатменттегі оттисктер әрдайым жабық қасықтармен алынады. Бірақ оттиск алудың қай әдісін қолданатынымыз, көрсеткіштерге, ем жоспарына байланысты таңдалады. Ашық әдіспен алынған оттисктар жабыққа қарағанда дәл және нақты болады,сондықтан да оны тіс қатарының ақауы көлемді болғанда , толық екіншілікті адентия жағдайында немесе көпіртәрізді протездеу кезінде қолданамыз. Жабық қасық яғни трансферді тасымалдаудың тікелей емес әдісінің мүмкіншіліктері болып: имплантаттың қалай орналасуын,жұмсақ тіндер ерекшеліктерін білеміз. Ол үшін іште орналасқан имплант шестиграннигінің жағдайын арнайы абатменттер және оған орнатылған шартәрізді қалпақшасы бар винттер көмегіме немесе бірден шестиграннигі бар трансфермен білуімізге болады.Шестигранниктің жағдайы аса мағызды болмаса онда бірден шестигранниксіз трансферлерді қолдануымызға болады.Қалып алу кезінде қалыпты ауыздан шығарған соң тікелей емес трансфер ауыз қуысында қалады.Ауыздағы трансфер шешіліп имплантат аналогымен біріктіреміз де қалыптағы орындарына орнатамыз.Мұнда осы аймақтарға жасанды қызылиек құямыз . Ғаныштан мүсін құйылады, ғаныш мүсінде имплантаттардың орындарына сәйкес аймақта имплант аналогы ғанышта кіріп орналасып ,ал бетінде жасанды қызылиегі бар трансфер орналасады. Ашық қасық яғни трансферді көшірудің тікелей әдісі- имплантаттың қалай орналасуын және жұмсақ тіндер контурын көрсетеді,ішкі шестигранниктің орналасуын білу үшін шестиграннигі бар трансферлер қолданылады.Қажеттілік туындамаса тек трансфер қолдануға болады.Трансферлер қызылиек формировательдерінің орындарына орналастырылады, егер трансфер саны екеуден көп болса араларын тіс жіптерімен сегіздік түрінде өзара бірікіріп байланады және осы аймаққа тез қатаятын пластмасса құйылады.Қалып алу сэндвич-техникасын немесе монофазалы қалыптық материалдармен алынады. Сондықтан да жекедара қасық(екі немес одан да көп трансферлер болса) дайындалады немесе стандартты қасықта(бір ғана жеке имплант салынатын болса) имплант проекциясына сәйкес саңылаулары болады, осы саңылаулардан масса қатайған соң трансферді бекітуге орнатқан винттерді алып тастаймыз.Қалып алуда қалыпты ауыз қуысынан шығарғаннан соң трансфер қалыптың ішінде қалады.Трансферлерге аналогтар кигізіледі,жасанды қызылиек құйыладыда, ғаныштық мүсін құйылады.Дайын ғаныш мүсінде имплантаттардың орындарына сәйкес аймақта имплант аналогы ғанышта кіріп орналасып ,ал бетінде жасанды қызылиегі бар трансфер орналасады. *Денталді имплантаттармен протездеуде қолданылатын қалыптық массалар түрлері қарапайым қалыптық массалар түрлерінен біршама ерекшеліктері болады. Ең кең екі фазалы А- және С- силиконды массалар , А-силикон негізіндегі немесе полиэфир негізіндегі монофазалы эластикалық қалыптық массалар қолданылады. Импланталогиялыық емдеу кезінде функционалды қалып алуға ең оптимальді материалдар болып : полиэфирлі материалдар- ESPE фирмасының Impregum ,силиконды қалыптық материалдар Kettenbach фирмасының Monopren Transfer, DMG фирмасының Honigum Mono,Elite. 39. Имплантаттың жазықтығын трансфер-пин арқылы орналастыру әдісі, оны қолдануға көрсетулер. Имплантаттың жазықтығына параллельдік-пинін орналастыру имплантты сүйекке орнатарда 2х2 сверлоларды 5 мм-ге кіргізгеннен кейін жасалынған орынға параллельдікті анықтау мақсатында қолданылады.Орнатқан кезде импланттың жанынағы немесе сол имплантқа қатысты параллельдікті анықтаймыз. Жоғарғы шайнау тістерінде имплантты альвеолярлы өсіндінің орта сызығы бойымен орнатқан кезде болашақ импланттаың осьі төменгі шайнау тісінің ұрттық төмпешіктеріне сәйкес болуы керек. Төменгі шайнау тістерінде имплантты альвеолярлы өсіндінің орта сызығы бойымен орнатқан кезде болашақ импланттаың осьі жоғарғышайнау тісінің таңдайлық төмпешіктеріне сәйкес болуы керек. Пиндердерді орнатқаннан кейін визуальді түрде параллельдік пинінің ауыз қуысындағы бөлігі медиальді немесе дистальді немесе таңдай-ұрттық бағыттағы ауытқулар болса,олар байқалады. Бұл ауытқуларды дұрыстау үшін Линдемана сверлосы қолданылады. Сонымен қатар , пиндердің дұрыс орнатылғанын КТ арқылы 3Д моделінде бағалай аламыз. Трансфер-пин тәрізді ұқсас қызметті атқарушы имплантавод та бар. Имплантты орнатуға және орнатылған импланттың тереңдігін ауытқуын көрсетеді. Кл-лаб/штамп сис – тыректе пат/цемент/тіс цили форм егеледі 5-7 гр кем емес 3-5гр ара –только нижн чел Ал аттачментте наоборот патрица базисте и патрица матрицага крп турад 1-кл-патрицаны егелеу 5-7 кем емес цил форм/окк поверхность 1/3 оралные верхние / нижние 1/3 вестиб / 3-5 градус –копир бумага /16 слоев копир бумаги / -штамп коронки Маркировочные борлармен егелеу /двухслойные оттиски Лаб/ патрицаны дайндайд /құяды литой/багалайд- хим карн сызылган мүсінге сайкес 0,3-0,5 жауп туру крк /,,,,,0-0,1 жетпесе наковальнаядаурп узарту Мед обработка/ақ енгзп техн критерии багалау /зазор между антогонистом 8 слоями копир бумагига сайкес болу крк/отбеливаниеге беремз/цементке орнатамз если норм десн желбок 0,3 мм крп турад/2 сагаттан сон / полн анат оттиск аламз патрицадан/альгин оттиск –чспп/гипс штампикпен матриц а келедлабордан /техник -силикон масса-если бюгель 3 клин – плотно матричная система антагонистпен жанасу крк/полн алг оттиск алнад / екншы коронка оттиск ышндешгу крк плотная система / Лаб- моделкуяд / гипсте коронка турад та протезбен данекерленпдайн протез дайндалад 40. Провизорлы (уақытша) сауыттар. Оларды дайындау əдістері. Провизорлы (уақытша) сауыттар эстетикалық дискомфорттан құтылуға, жартылай шайнау функциясын қалпына келтіруге және егелген тісті тұрақты протез дайын болмағанша дейін әртүрлі тітіркендіргіштерден қорғау мақсатында жасалынады. Уақытша сауытты дайындаған кезде көбінесе пластмассалы материалдар қолданады. Провизорлы сауыттардың көмегімен окклюзия мен пародонттың стабилизациясына жетуге болады. Уақытша сауыттар ұзақ терапиялық ем және протездеу кезінде тірек тістердің жылжуын болдырмай, пародонт тіндеріне қосымша қысым түсуге жол бермейді. Провизорлы сауыттардың арқасында науқастың қалыпты тістемі сақталады да, самай төменгі жақ буынының ауруларына әкелмейді. Пластмассалы провизорлы сауыттардың жақсы жақтарына: · Механикалық мықтылығы жоғары; · Қолдануға ыңғайлы; · Қату температурасы төмен; · Түсінің тұрақтылығы және тегістеу мен жылтыратуға болады; · Шөгуі аз деңгейде жүреді. Провизорлы сауыты дайындаудың бірнеше әдісі бар: клиникалық, клинико-лабораториялық, пеште пісіру (запекание) және фотополимерлі әдіс. Клиникалық әдісі көп уақыт алмайтындықтан және тіс технигінің қатысуын қажет етпейтіндіктен жиі қолданылады. Біріншіден дәрігер егелмеген тістен қалып алады, содан соң тұрақты ортопедиялық кронструкцияға сай тісті егелеуге кіріседі. Алынған қалыпта егелген тіске сәйкес жеріне тез қатаятын пластмасса материалын құйып, қалыпты тіс қатарына кигіздіреді. Пластмасса қатқан соң қалыпты ауыз қуысынан шығарып, пластмассалы сауытты тегістеп және жылтыратып, уақытша цементке фиксациялайды. Клинико-лабораториялық әдісінде дәрігер тұрақты конструкцияға тісті егелейді, альгинатты немесе силиконды массамен қалып алып, тіс технигіне жібереді. Тіс технигі ғаныш моделін құйып, егелген тістің анатомиялық формасын балауыздан модельдейді. Содан соң балауызды модельден алып, кюветада балауызды пластмассаға ауыстырады. Дайын провизорлы сауыт клиникаға жіберіледі, дәрігер оның соңғы өңдеуін жүргіздіріп, тіске уақытша цементпен фиксациялайды. Пеште пісіру әдісінде тіс технигі ғаныш модельді құйған соң тісті пластмассадан модельдеп, оны арнайы пешке салып, дайын болғанша дейін піседі (запкание). Фотополимерлі әдіс кезінде тістің ғаныштық моделінде компомер немесе фотополимерлі материалдан тіс сауыты қабаттап модельденеді. Әр қабатты жаққан соң модельді фотополимеризаторға орналастырып, сауыттың қатаюы жүреді. Бірақ бұл әдісті сирек қолданады, себебі қымбат әдіс болып табылады. Осындай провизорлы (уақытша) сауытты қолдануға қарсы көрсеткіштер өте аз, бірақ науқаста белгі бір материалдың компонентіне аллергиялық реакция болатын болса, ол материалды қолданбау керек. |