Главная страница
Навигация по странице:

  • 32.Оттиск түрлері, оттиск алатын материалдарды таңдау, олардың сапасына қойылатын талаптар.

  • 33 сұрақ. Организмнің компенсаторлы-бейімделу рекциясының нәтижесінде аса қажалудың компенсирленген, және компенсирленбеген түрлері болады.

  • ортопедия. 1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез


    Скачать 137.28 Kb.
    Название1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез
    Дата17.06.2021
    Размер137.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаортопедия.docx
    ТипДокументы
    #218313
    страница7 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    31.Металлды керамикалық сауыттар, клиникалық- лабораториялық кезеңдерінің ерекшеліктері.

    Металлды керамикалық сауыттар клиникалық манипуляциялар мен лабораториялық этаптардың кезектесіп жүруімен дайындалады. Барлығы 5 клиникалық және 3 лабораториялық кезеңнен тұрады.

    І клиникалық кезең. Науқасты қарап, диагноз қойып, болашақ емді жоспарлау және протез конструкциясы тағайындайды. Металлды керамикалық сауыттарға көрсеткіштер:

    · Тістің анатомиялық формасын пломбылаумен және салмалармен қалпына келтіре алмайтын кариозды қуыстар;

    · Күреуке гипоплазиясы, флюороз;

    · Тістің травмалы сынуы;

    · Тіс формасы мен көлемінің аномалиясы;

    · Ортодонтиялық емге жарамайтын тістердің тіс қатарында орналасуы;

    · Тіс қатты тіндерінің патологиялық қажалуы;

    · Ескі протездерді ауыстыру.

    Қарсы көрсеткіштеріне:

    · 16 жасқа дейінгі ұлпасы тірі балаларда;

    · Төменгі жақ күрек тістер немесе басқа жұққа сауытты тістер;

    · Терең тістем;

    · Бруксизм;

    · Маргинальды периодонттың аурулары.

    Тірек тістерді егелеу: металлды керамикалық сауыттарға егелетін тістер өзінің анатомиялық формасын қайталау керек. Күреуке мен дентин қабаттарының біршама (1,5-2мм) көп егелетіндіктен, ұлпа тірі болатын болса, міндетті түрде жергілікті анестезия жүргіздіру керек. Егелген тістің формасы міндетті түрде конус тәрізді болу керек.

    Тірек тістерді егелеу апроксимальды беткейлерінің сепарациясынан басталады, ол үшін сепарационды диск немесе жіңішке алмазды конустәрізді бор қолданады. Бірақ 90º-та алдын-ала кертпе (уступ) жасау керек, қызыл иек жиегіне 0,3-0,5мм жетпей. Содан соң тісті кесу қырымен немесе шайнау беткейін егелейді. Бұл кезде антогонист тістермен арақашықтық 1,5-2мм болу керек, себебі металл каркас 0,3мм, ал керамикалық қаптауыш (облицовка) 1-1,2мм қалың.

    Тістің вестибулярлы және оральды беткейін егелеу. Кері конус формалы алмазды бормен қызыл иек жиегі, 0,3-0,5мм жетпей, бойымен жүлге құрайды. Содан соң цилиндрлік алмазды бормен тістің вестибулярлы және оральды беткейінің қатты тіндерін жүлгеден кесу қырына немесе шайнау беткейіне дейін егелейді. Соңғы кезеңінде цилиндрлік бормен вестибулярлы және оральды беткейден тістің апроксимальды беткейіне өтетін үшкір қырларын тегістейді. Бордың шет жағымен кертпені қызыл иек жиегіне жақындатып тегістейді.

    Кертпенің ені әртүрлі тіс топтарына байланысты 0,3-1,2мм бола алады. Кертпенің оптимальды бұрышы 135º.

    Сонымен қатар металлды керамикалық жасанды сауытқа егелген тіс тұқылының оптимальды бұрышы 5-7º тең болу керек. Бұл конструкцияның максимальды ретенциясына ықпал етеді.

    Міндетті түрде тіс тұқылына провизорлы (уақытша) сауыт жасалынады.

    ІІ клиникалық кезең. Уақытша сауыттарды шешіп, екі қабатты қалып алады. Екі қабатты қалып алу алдында қызыл иек науашығын (желобок) ашу және ол жерге қалыптың түзетуші (корригирующий) қабатының кіруі үшін қызыл иектің ретракциясын жүргізеді. Сосын қалып алу қасығымен қалыптың бірінші қабатын алып, ретракционды жіптерді шешіп, бірінші қалып қабатына түзетуші (корригирующий) қабатын салып қайтадан тіс қатарынан қалып алады.

    Жұмысшы қалып алған соң антогонист тістерден қосымша қалып алып, тіс тұқылына уақытша сауытты фиксациялау керек.

    І лабораториялық кезең. Екіқабатты қалып арқылы екі қабатты құрастырмалы (разборная) ғаныш моделін құяды. Альвеолярлы өсінді бөлігі мен тіс қатар аймағын беріктілігі жоғары ғаныштың ISO 4 типімен, ал модельдің негізін 3 типімен дайындайды. Артикуляторға ғаныштайды.

    Штампикті кертпеге дейін компенсаторлы лакпен жағады. Қалпақшаны модельдеу екі әдіспен жүреду: Адапт әдісі және балауызбен модельдеу.

    Адапт әдісі. Сауыт тірегі (каркас) штампикті қыздырылған полимерлі қабықшадан қыспақтауға (обжим) арналған массаға батыру арқылы алынған полимерлі қалпақшадан тұрады. Содан соң тіс тұқылының шекарасына жетпей қалпақшаны 1мм-ге қысқартады, ал сауыттың шетін балауызбен айқындайды. Сауыттың кейінгі түрін модельдеу балауызымен жүргіздіреді.

    Балауызды әдісі. Тұқыл штампик қыздырылған балауызға енгізіліп, штампик өзіне белгілі бір қалыңдықта балауызда конденсациялап алады. Содан соң сауыт шекарасымен балауызды алып тастайды да, кейінгі сауыт түрін структурасы тығыз модельдеу балауызымен жүргіздіреді.

    Сауыт тірегінің балауыз композициясын құю әдісімен металлға ауыстырылады. Тұтасқұйылған метал каркас өңделіп, клиникаға жіберіледі.

    ІІІ клиникалық кезең. Тұтас құйылған металл каркасты бірініші визуальді түрде қарап алу керек: бос аралар, бұдырлар, дефекттер, құйылмай қалған жерлер болмау керек. Металл каркас ғаныш моделіне жеңіл отырғызылып, алынуы керек.

    Қарап шыққан соң металл каркасты науқастың тірек тістеріне отырғызып көреді. Ол жеңіл, ешұандай қысымсыз тірек тістерге отыру және барлық жақтарынан кертпеге дейін жетіп тұру керек. Содан соң металл каркас және антогонист тістер арасындағы окклюзия аралық қашықтығын тексеру керек, ол фарфор қаптамасының қалыңдығына (1,2мм) сай болу керек. Бұл клиникалық кезеңде тіс технигімен бірге және науқастың қалауы бойынша фарфор қаптамасының түсі белгіленеді.

    ІІ лабораториялық кезең. Металлды керамикалық сауыттың фарфор қаптамасы үш қабаттан тұрады: грунт, дентин және кіреуке қабаттарынан.

    Тұтас құйылған каркас конструкциясын тексерген соң оны құмағызғыш аппаратта (пескоструйный) өңдейді. Каркасты буағынды шашқышпен тазалап, 980ºС-та 10 мин каркас тотығуын жүргіздіреді.

    Тотыққан және тазартылған каркас беткейіне фарфордың опак жұқа қабаты жағылады. Кейін жүргіздірген күйдіру (600-980ºС) металлдағы органикалық қалдықтарды күйдіру; байланыстырушы тотықты қабықшаны құру және фарфорды біріктіру үшін жүргізеді.

    Каркас беткейіне екінші опак қабаты жағылып, күйдіру жүргізеді. Содан соң сауыт денесін және мойын аймағын опак-дентинен, ал вестибулярлы беткейін дентиннен модельдейді. Модельдеу кезінде керек өлшемнен сәл үлкен қылдырып жасау керек, себебі күйдіру кезінде материал отырып қалады.

    Жасанды тіске түсін келтіру үшін кіреуке қабаты жағылады. Ол үшін дентиннің жартысын кесіп алып тастап кіреуке қабатымен толтырады. Дентинді күйдіру үшін оны керамикалық конустәрізді қойғыштың (подставка) үстіне қойылады. Сауытты өңдеп клиникаға жібереді.

    IV клиникалық кезең. Бұл кезеңде протездің барлық конструктивті ерекшеліктері бағаланып, керек болса коррекция жасап, тексерілу керек, себебі сауытты глазурлеген соң түзетулер жүргіздірмейді.

    Каркас тіс тұқылына оңай отырғызылып, окклюзия аралық қатынасты бағалап, супраконтакттарды анықтап, белгілі бір кедергілер болатын болса, қателіктерді түзетіп, лабораторияға жібереді.

    ІІІ лабораториялық кезең. Соңғы лабораториялық кезеңде тұтас құйылған металлды сауыттың глазурлеуін жүргіздіреді. Глазурлеіден кейін жіңішке абразивтермен металл канттан («гирлянда») тотыққан қабатты алып тастайды. Кантты жылтыратады. Сауыттың ішкі беткейі құмағызғыш аппаратпен өңделіп, клиникаға беріледі.

    V клиникалық кезең. Клиникада металлды керамикалық сауытты тексеріп, тіске шақтап көреді. Егер науқас жасанды тіспен қанағаттанған болса, онда 1 айға металлды керамикалық сауытты уақытша цементке отырғызып жібереміз. 1 айдан кейін науқастың жағдайы жақсы, ешқандай шағымдары болмаса, сауыт аймағындағы пародонт тіндері қалыпты болатын болса жасанды сауытты тұрақты цементке отырғызады.

    32.Оттиск түрлері, оттиск алатын материалдарды таңдау, олардың сапасына қойылатын талаптар.

    Қалып деп ауыз қуысы жұмсақ және қатты тіндер беткейінің протез ложесы мен оның шекараларында орналасқан негативті көрінісін атйамыз. Қалыптың келесі түрлері ажыратылады:

    1.Анатомиялық қалып - протез ложесы мен айналасындағы тіндердің статикалық бейнесі. Ортопедиялық конструкциялардың барлық түрін дайындау кезінде алынады. Анатомиялық қалыпты алу кезінде қалып шеттерін шектейтін жұмсақ тіндер тыныштық қалпында болады.

    2.Функциональді қалып – алмалы протездерді дайындау кезінде клапанды аймақты жасай отырып, функциональді сорылуды қамтамасыз ету қажет болған кезде алынатын қалып түрі. Қалыптың бұл түрін алу кезінде оның шеттері функция жағдайындағы жұмсақ тіндермен активті және пассивті түрде жасалуы тиіс.

    Протез ложесының тіндеріне түсетін қысым күшіне қарай:

    А)компрессионды

    Б)жеңілдететін (разгружающие)

    С)дифференцирленген

    Қалыптық массалар физикалық қасиеттеріне қарай төрт негізгі топқа бөлінеді:

    1) Кристалданатын- бұл қалыптық массалар ауыз қуысында қатаю кезінде кристалданады. Оларға: гипс, цинкоксид-эвгенольді пасталар;

    2) Полимеризациядан кейін эластикалық күйге ауысатын (альгинатты, силиконды, тиоколды массалар);

    3) Термопластикалық массалар (стенс, МСТ-2;3 термомассалары, ортокор, дентофоль, ксантиген және т.б.)

    4) Полимеризацияланатын

    Қалыптық материалды таңдау альвеолярлы айдаршыұтың атрофия дәрежесі мен қозғалмалы жұмсақ тіндердің жағдайына, шырышты қабаттың иілу дәрежесіне байланысты жүргізіледі:

    -жақтардың айқын емес атрофиясы кезінде альгинатты қалыптық материалдар мен термопластикалық массаларды қолданады;

    -жақтардың айқын атрофиясы кезінде, қозғалмалы жұмсақ тіндер мен сілекей бездерін жылжыту қажет болған жағдайда гипс, силиконды және поливинилсилоксанды массаларды қолдану ұсынылады;

    -жақтардың айқын атрофиясы қозғалмалы айдаршықпен асқынған жағдайда қалыпты қысымсыз сұйық гипспен немесе пластикалық альгинатты массалармен алу керек.

    -протез ложесының өте нақты бейнесін алу үшін, екі қабатты қалыптың ішкі корригирлеуші қабаты ретінде, лабораторияда алмалы протездердің перебазировкасында; салмаларға, жакетті сауыттарға қалып алу үшін силиконды массалар қолданылады.

    Қалып материалдарының сапасына қойылатын талаптар:

    1.Қалып материалы ауыз қуысы шырышты қабаты мен тістер рельефінің нақты бейнесін беруі керек;

    2.науқасқа зиянсыз, иісі мен дәмі жақсы болуы керек;

    3.әлсіз антисептикалық әсер көрсетуі керек;

    4.протез алаңы тіндеріне жабыспауы;

    5. ауыз қуысы сұйықтығында ерімеуі керек;

    6.ауыз қуысына оңай енгізіліп, оңай шығарылуы керек;

    7. дәрігерге функциональді сынамалар жүргізуге мүмкіндік беретіндей тым баяу және тым тез қатаймауы керек;

    8.бөлме температурасында ұзақ уақыт отырмай, сақталып, құйылатын модельден оңай ажырау керек;

    9.расфасовкасы пен дозировкасы, сақталуы оңай; бағасы қымбат емес болуы керек.
    33 сұрақ.
    Организмнің компенсаторлы-бейімделу рекциясының нәтижесінде аса қажалудың компенсирленген, және компенсирленбеген түрлері болады.

    Колмпенсирленген түрінде беттің төменгі бөлігінің төмендеуі болмайды.

    Компенсирленген аса қажалу кезінде- коменсаторлы-бейімделу реакциясынан жақтың альвеолярлы өсіндісінің өсуінен, яғни вакатті гипертрофия салдарынан тістердің қажалуы компенсацияланады. Беттің төменгі биіктігі өзгермейді.
    Клиникасы:
    Компенсирленген аса қажалу локализацияланған, және генерализацияланған түрлері болады.
    Локализацияланған компенсирленген қажалу жеке тістерінің сауытының бйіктігін төмендетеді. Бұл жағдайда қажалған тістер антагонистімен контактті сақтайды, себебі жақтың альвеоларлі бөлігінің гипертрофиясы болады (вакатты гипертрафия). Осы аймақтың тіс- альвеоларлі ұзару болады. Беттің төменгі биіктігі, және альвеолааралық биіктік өзгермейді. Окклюзионды биіктік өзгермейді.
    Генериализденген компенсирленген аса қажалу

    -барлық тістердің сауытының вертикальді өлшемдерінің кішірейуімен,

    -альвеолааралық биіктіктің төмендеуімен жүреді.

    -Науқас сөйлегенде, күлгенде альвеолярлы өсінді көрініп тұрады.

    -Беттің төменгі 1/3 биіктігі өзгермейді.

    -Сауыттардың кішірейуі альвеольярлы өсіндінің өсуімен компенсирленеді.

    Бұндай қажалуы бар бет скелетінің сипаты:

    1. барлық тістердің вертикальді өлшемінің қысқарылуымен.

    2. Барлық тістердің тіс-альвеоларлі ұзаруы;

    3. Беттің вертикальді өлшемдерінің сақталуы.

    4. Окклюзионды беткейлердің деформациясы және күректістік жабылудың тереңділігінің төмендеуі.

    5. Альвеолааралық биіктіктің төмендеуі;

    6. Тіс доғасының ұзындығының қысқаруы

    7. Төменгі жақ негізінің үлкейуі.

    8. Алдыңғы тістер мен бірінші премолярлардың түбірлерінің кішірейуі.

    Емі:

    Генерализденген компенсирленген аса қажалуы бар науқастарды емдеу.

    Мақсаты - тістердің анатомиялық формасын және функциясын, альвеолааралық биіктікті өзгертпей пациенттің сыртқы түрін қалпына келтіру.

    Емдеу методикасы қажалудың дәрежесіне байланысты болады.

    І дәрежелі аса қажалуды емдеу профилактикалық сипатта болады, себебі бұл кезде тістем бйіктігі төмендемейді. Дентиннің гиперестезиясы болса медикаментозды және физиотерапиялық ем тағайындайды. Бірақ консервативті емнен нәтиже болмаса ортопедиялық ем арқылы анатомиялық форма мен функцияны қалпына келтіреді. Альвеолааралық биіктікті өзгертпей үш пункті контактті қалыптастыратын сауыттар немесе салмалар (салмалар қажалған окллюзионды беткейін қалпына келтіру керек) қолданылады. Сауыттың материалын таңдаған кезде оның қажалу дәрежесіне мән беру керек. Штампталған сауыттардв қолдануға болмайды, себебі ол қызылиек қалтасына терең еніп, маргинальді парадонтты зақымдап, циркулярлы байламды бұзады. Пластмассалы сауыттар тез қажалып кетеді. Фарфорлы, керамикалық сауыттармен протездегенде қарама-қарсы тістерді бірге протездеу керек, себебі эмальдің микроқаттылығы бұл материалдардан төмен, және тез қажалып қалады.І дәрежелі аса қажалуда көбінесе тот баспайтын болаттан жасалған металды сауыт, бағалы металдардан жасалған сауыттар қолданады. ІІ-ІІІ дәрежелі аса қажалуда салмалар және сауыттарды бірдей беріктіктегі материалдармен қарама қарсы протездеу.
    ІІ дәрежелі аса қажалуда беттің төменгі биіктігін өзгертпей тістердің анатомиялық формасын қалыпқа келтіру керек. Сол себепті науқастарды алдын-ала дайындау арнайы қажет. Дайындық кезінде тістейтін пластинка көмегімен альвеолярлы бөлігін қайта құруға, және төменгі жақтың слыстырмалы функциональді тыныштық жағдайын өзгерту үшін, яғни тістерді қайта енгізіп болашақ протезге орын жасау(внедрение). Альвеолярлы қайта құрылуының тездету үшін компактостеотомия жасайды. Болашақ протезге орын дайындалғаннан кейін алынбайтын және алынбалы конструкциялармен протезделеді.

    ІІІ Дәрежелі аса қажалуды ем бірнеше әдістермен жүргізіледі. Кейбір науқастарда арнайы дайындық жасалады, яғни альвеолярлы бөліктің қайта құрылуы үшін. Орын дайындалғаннан кейін тұқылды сауыттармен протезделеді. Келесі науқастарды арнайы дайындық жүргізіледі, түбір каналдары пломбаланады және алынбалы конструкциялармен протезделеді. Келесі науқастарда арнайы хирургиялық дайындық жүргізіледі, қажалған тістердің түбірлері жұлынады және альеолярлы бөліктің жартысы алынады. Бұндай науқастарды протездеу кезеңді болып табылады: жедел және алыстатылған.

    Локализацияланған аса қажалуы бар науқастарды осындай әдістермен дәрежесіне байланысты емдейді. ІІ және ІІІ дәрежелі аса қажалуда штампталған сауыттарды қолдануға болмайды, себебі қызыл иекке терең еңгізілген сауыттың жиегі маргинальді парадонтты травмалайды. Сонлықтан аса қажалуды мынандай жасанды сауыттармен емдеуге болады: тұтас құйылған сауыттар, окклюзионды напайкасы бар штампталған қалпақша, тұқылды сауыттар.
    Беттің төменгі бөлігінің төменденуімен болатын тістердің аса қажалуы компенсинрленбеген аса қажалу кезінде болады.




    Клиникасы:

    Генерализденген компенсирленбеген аса қажалу кезінде

    -тіс сауытының биіктігінің төмендеуі,

    - альвеолааралық биіктіктің төменденуімен,

    -беттің биіктігінің төменденуімен жүреді.

    -төменгі жақ жоғарғы жаққа жақындайды, кейде дистальді ығысуы мүмкін.
    Бұндай науқастардың бет скелетінің сипаты:

    1. Барлық тістердің вертикальді өлшемдерінің қысқаруы;

    2. Окклюзионды беткейінің деформациясы;

    3. Тыныштық күйінде окклюзияаралық кеңістіктің үлкейуі.

    4. Күректісаралық жабылу тереңдігінің азайуы;

    5. Альвеолааралық биіктіктің төмендеуі;

    6. Төменгі жақ конфигурациясының өзгеруі;

    7. Төменгі жақтың жоғарғы жаққа қарай жақындауы;

    8. Төменгі жақ бұрвшының өзгеруі.

    9. Беттің вертикальді өлшемдерінің төмендеуі;

    10. Тіс доғасының ұзындығының қысқаруы;

    11.Алдыңғы тістер мен премолярлардың түбірлерінің қысқаруы.

    12.Алдыңғы тістер мен премолярлар аймағының альвеолярлы бөлігінің төмендеуі.
    Емі: бұл формамен жүретін аса қажалудың емі келесідей болады:

    1. Тістің анатомиялық формасын қалпына келтіру;

    2. Тіс қатарының окклюзионды беткейін қалпына келтіру;

    3. Альвеолааралық биіктікті қалпына келтіру және беттің төменгі биіктігін қалпына келтіру;

    4. Төменгі жақ орналасуын қалпына келтіру.

    Емдеуді жүргізген кезде аса қажалудың дәрежесіне мән береді.

    І-дәрежелі генарилизденген компенсирленбеген қажалуда емдеу профилактикалық сипатта болады, себебі бұл кезде тістем бйіктігі төмендемейді. Дентиннің гиперестезиясы болса медикаментозды және физиотерапиялық ем тағайындайды. Бірақ консервативті емнен нәтиже болмаса ортопедиялық ем арқылы анатомиялық форма мен функцияны қалпына келтіреді, ем профилактакылқ мақсатта болады және қарама-қарсы жасанды сауыттармен, салмалармен протезделу керек.

    Сауыттың материалын таңдаған кезде оның қажалу дәрежесіне мән беру керек. Штампталған сауыттардв қолдануға болмайды, себебі ол қызылиек қалтасына терең еніп, маргинальді парадонтты зақымдап, циркулярлы байламды бұзады. Пластмассалы сауыттар тез қажалып кетеді. Фарфорлы, керамикалық сауыттармен протездегенде қарама-қарсы тістерді бірге протездеу керек, себебі эмальдің микроқаттылығы бұл материалдардан төмен, және тез қажалып қалады.І дәрежелі аса қажалуда көбінесе тот баспайтын болаттан жасалған металды сауыт, бағалы металдардан жасалған сауыттар қолданады. ІІ-ІІІ дәрежелі аса қажалуда салмалар және сауыттарды бірдей беріктіктегі материалдармен қарама қарсы протездеу керек.
    ІІ-дәрежелі аса қажалуда протездеуді жасанды сауыттармен мысалы металлокерамикалық, металопластмассалық, фарфорлы немесе құйылған окклюзионды накладкасы бар алынбалы простездермен протездейді.

    ІІІ-дәрежелі қажалуда тұқылды сауыттармен тістерді қалпына келтіреді. Аса қажалған тістердің түбірлік каналдары облитерацияланған болады және оларды эндодонтиялық емдеуге келмейді. Сондықтан тұқылды сауытпен протездеу кезінде парапульпарлы штифттермен фиксациялайды. Тістерде каналдарды жасау қауіпсіз зоналарында жасалады. Каналдар үшеу-төртеу болу керек, тіс осьімен параллель болу керек. Қажалған тістердің окклюзионды беткейін қалпына келтіру қыйын болып табылады. Оны қалпына келтірудің бірнеше әдістері бар.

    Бір әдісі болып пантограф көмегімен төменгі жақтың қозғалысын жазып алып, кейін индивидуальді артикуляторда алынбайтын протездерді немесе окклюзионды накладкаларды модельдеу.

    Екінші әдісі көпір тәрізді протездерді және сауыттарды индивидуальді окклюзионды беткейлерін модельдеумен жүргізіледі. Оны төменгі жақтың қозғалысын қатты балауызды тістем біліктері көмегімен жазу арқылы алады. Төменгі және эоғарғы жақ тіс қатарына балауызды білікті қажет болатын сауыт биіктігінен 2мм ге жоғары етіп орналастырады. Альвеоллааралық биіктікті анықтап, протетикалық жазықтықты құрады. Одан кейін біліктермен төменгі жақтың әр түрлі қозғалысын жасайды. Жасанды сауыттарды модельдеу окклюдаторда жүргізіледі.

    3-әдіс екі этапты болады. Бірінші этапында жоғарыда аталған методика бойынша уақытша пластмассалы сауыт және көпір тәрізді протез дайындалады, онымен науқас шамамен бір ай қолданады. Бұл уақытта уақытша протездің окклюзионды беткейі қалыптасады. Екінші этапта уақытша протезді тұрақтыға ауыстырады ол үшін уақытша протезден қалып алынады, модель құйылады. Беттің төменгі биіктігін қалпына келтіру бір сәтте немесе кезеңді болады. Бір сәтті (одно моментно) альвеоллааралық биіктікті бүйір тістер аймағында 4-6 мм. дейін көтеруге болады,ОСЫ ЖЕРДІ НАЗДАН СҰРАЙМЫН егер СТЖБ аурулары болмаған жағдайда. Альвеоллааралық биіктіктің төмендеуі 6мм. жоғары болса оны кезеңді қалпына келтіреді ол үшін тістейтін протездерді қолданады, ол СТЖБ, шайнау бұлшықеттерінде патологиялық өзгерістер болмас үшін. Төменгі жақ дистальді жылжыған болса оны бір сәтте протездеумен немесе наклонная плоскасть ті бар емдік апараттармен және болшақта протездейді.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта