Главная страница
Навигация по странице:

  • 11 сұрақ.

  • Тексеруді дұрыс жүргізбей диагнозды дұрыс қоймау. Көрсеткіштерді кеңейту

  • Қарсы көрсеткіштерді ескрмеу.

  • 2. Қалып алу кезінде кезіндегі қателіктер: - тістің ретракциясын жүргізбеу;

  • Тікелей әдісінде

  • 2. Балауызбен үлгілеу мен құю кезіндегі қателіктер протезді шақтап көру этапында көрінеді

  • Құю кезіндегі қателіктер

  • Конструкцияны ауыз қуысында шақтап кигізіп көру: 1. алдыңғы кезеңдерде жасалған қателіктерді аңғармау, оларды жоймау; Өңдеу және жылтырату

  • 12. Винирлер, түрлері, винирлермен протездеу кезеңінде жіберілетін қателіктер

  • ортопедия. 1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез


    Скачать 137.28 Kb.
    Название1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез
    Дата17.06.2021
    Размер137.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаортопедия.docx
    ТипДокументы
    #218313
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    7. Самай-төменгі жақ буынының дисфункциясы, ортопедиялық емдеу әдістері.

    Самай- төменгі жақ буынының дисфункциясы кезінде ортопедиялық емдеу нейромускулярлы синдромның себебін жоюға бағытталады. Ол үшін окклюзия мен артикуляцияны тістерді жасанды тегістеу арқылы нормализациялау, протездеу, көрсетілімі бойынша миогимнастика мен физиотерапия тағайындалады.

    Шайнау бұлшықеттерінің парафункциясы бар науқастарға ортопедиялық ем жүргізудің ерекшеліктеріне: 1. Шайнау бұлшықеттеріндегі ауырсынуды басу мен СТЖБ-ны нормализациялау; 2.окклюзионды бұзылыстарды жою; 3. Тістердің әрі қарай қажалуын болдырмау; 4. Біріншілікті травмалық синдром белгілері пайда болған жағдайда тістерді шинирлеудің көрсеткіштерін кеңейту.

    Шайнау бұлшықеттерінің спазмын және ауырсынуды басу мақсатында төменгі жақтың тіс қатарына тез қатаятын пластмассадан каппа дайындалуы мүмкін. Алдын ала альгинатты қалыптар арқылы супергипстен модельдер дайындалып, каппаның салыну жолын анықтау мақсатында модельдер параллелометрде зерттеледі. Межелік сызық сызылып, одан 1 мм төмен, каппаның шекарасы сызылып, воскпен қапталады. Каппаның биіктік бос окклюзионды кеңістіктен 2-3 мм үлкен болуы керек. Дайын каппа отырғызылғаннан кейін, контрольді бақылау мен окклюзияны коррекциялау мақсатында науқас келесі күні қаралуға келеді. Кейін науқас апта сайын бақылауда болады. 5-7 күн өткен соң шайнау бұлшықеттеріндегі ауырсыну жойылып, 3-4 аптадан кейін парафункция жойылады. Бір уақытта СТЖБ аймағына 5% натрий салицилатымен ионофорез жүргізу жақсы нәтижесін береді.

    Алдыңғы окклюзия кезіндегі, тістердің тістесуі кезіндегі төменгі жақтың ауытқуымен бірге жүретін алдын ала контактілер; төменгі жақтың қозғалысын шектейтін артикуляционды кедергілер анықталған жағдайда тістердің таңдамалы егелеуі жүргізіледі.

    Шайнау бұлшықеттерінің әртүрлі формалы парафункциялары бар науқастарды протездеуді жүргізу кезінде тұтас құйылмалы конструкцияларды қолданған дұрыс, бұл дайын протезде окклюзияның коррекциясын жүргізуге мүмкіндік береді. Тіс қатарының дефектілерінің орнын басу, тіпті бір тіс азу тіс болмаған жағдайда деформациялар, алдын ала контактілердің алдын алуға мүмкіндік беріп, пародонт тіндеріне функциональді көп күш түсуін болдырмайды. Алмалы протездерде тек пластмасса тістерді қолданған дұрыс. Фарфор тістерді қолдану олардың қажалуға тұрақты болуы себебінен альвеолярлы өсіндінің атрофиясын тездетеді.

    Ортопедиялық емнің бір түрі ретінде СТЖБ дисфункциясы жиі түрде пародонт тіндерінің зақымдалуымен бірге жүруіне байланысты тістерді шинирлеу жүргізіліп отырады. Шинирлеу көрсетілімдерін кеңейту: қызыл иек мен тіс лункасының атрофиясы, тістің клиникалық сауытының ұлғаюы нәтижесінде тістер биомеханикасының өзгеруі көрсетілім болып келеді. Алмалы шиналарды қолданған дұрыс
    10. Имплантаттардың абатментерінен ашық қасықпен қалып алу.

    Үлкен көлемдегі көпіртәрізді протезді дайындауда қалыптың сапасын жақсарту үшін , қалыптық аналогтар жылжып кетпес үшін ашық қасық әдісі қолданылады.Бұл әдісте аналогтар биігірек болады,тіс қатарынан көтеріліп тұрады да ұзын винттармен бекітіледі. Осы кездегі қасықтар аналогтардың орнына сәйкес тесіледі және винттар осы саңылаулардан шығып тұруы тиіс. Қалыптың сапасы нақты болуы үшін дәрігер қалыптық аналогтарды алдын ала өздігінен қатаятын пластмассамен бекітіп қояды. Қасыққа монофазалы материал құйылып , қалып алынады.Материал қатқаннан кейін дәрігер қалыптық аналогтарды бекітуші винтты бұрап қалыпты алады.Қалыптың ішінде ашық қалыптық трансфер қалады.Ол көрші тістердің пішінін, осьін , импланттың осьін және бірін-бірімен қатынасын, қызылиек деңгейін береді.

    21.Трансферлер, түрлері, имплантат аналогтары. Имплататтармен протездеу кезінде оларды қолдану әдістері.

    Қалыптық трансферлер- бұл шынайы тіс бірліктерінің қисаю бұрышын,жағдайын қайталап тұратын көмекші ортопедиялық элемент . Қызметі :имплантат жағдайын ауыз қуысынан жұмысшы мүсінге тасымалдауда қалып алу кезінде , абатменттердің , импланттардың нақты жағдайын,қисаю бұрышын алу үшін қолданылады.

    Трансферлердің ашық және жабық қасықпен қалып алуға арналған түрлері болады.

    Трансферлер бірнеше металлдық құрылымдардан тұрады:

    · ұшы кесілген конус пішіндегі тығынды,мойыны дөңгеленіп қиылған;

    · винт,бұл иплантатта немесе аналогта бекіну үшін қажет бөлігі.

    Трансферлер титаннан немесе тот баспайтын болат материалдан жасалады.Трансферлер импланттар орнатылғандағы әрекеттескен тіндермен тығыз байланыста болады , сондықтан да зиянсыз болуы тиіс.Олар активті заттармен байланысқанда коррозияға берік болуы тиіс.Биобіріктілігі жоғары деңгейде және өзінен қауіпті заттар бөлмеуі тиіс.

    Трансферлердің диаметрі- қызылиек формирователінің диаметрімен сәйкес болуы және ұзындығы – тіс қатарынан асып көтеріліп тұрмайтындай таңдалуы тиіс.

    Трансферлер қалып алуда негізгі бағыттаушы элемент , қаңқа қызметінде болып кейінгі құрылымдардың дұрыс орналасуына жағдай жасайды.

    Қалыптық трансферлер қалып алу кезінде ол қалып ішінде қалып қояды немесе онықайта қалыпқа оорнатқаннан кейін кезек имплант-аналогқа өтеді.

    Имплантат аналогы – бұл жұмысшы мүсінде имплантаттың жағдайын,пішінін немесе жеке бөліктерін қайталап тұрушы немесе соның кейіпіндегі конструкция , көшірмесі болып саналады.Олар қайталамалы қолданысқа ие.

    Аналогтар түсті металлдардан, қоладан,алюминийден,қара металлдан, шойынның бірнеше түрінен , полимерлерден дайындалады.

    Аналогтар- канавиктің барлық диаметріне мүсіннің қатып қалған затымен бекініп қалатын цилиндр .Резбасы бар аймағы трансформен берік бекінеді,оның беткейінде пазасы болады, кез келген кілтке сәйкес келеді.

    Аналогтың пішіні жылжып кетуге,босап кетуге, деформациялануға кедергі жасайды.Бұлардың барлығы келесі манипуляцияларда қандай да бір қателік жасауға кедергі болады.

    Аналогтармен жұмыс жасау тәртібі: аналогтар әрдайым тек трансферлермен бірлесіп қолданылады.Жұмыс жасау барысында қалыптық массаға толы және

    трансферлері бар қасықтар қолданылады.Әдеттегі қағидамен жүргізіліп отырылады. Науқас аузына салып қысады,қалыптық масса қатайған соң, трансфері бар қалыптар алынған соң аналогтармен жұмыс жасауға көшеміз.Бұл үшін cad cam 3d программасымен жасаймыз. Трансферлерге винттермен аналогтар бекітіліп стоматологиялық ғанышпен мүсін құйылады. Ашық немесе жабық әдістердің бірі қолданылады.

    Аналогтардың кең қолданысқа иелері: Lenmiriot, Nobel Biocare, Straumann, SuperLine.

    11 сұрақ.

    Салмалар. Сламаны дайындау кезіндегі диагностикалық және тактикалық қателіктер.

    Салма-патологиялық процесс нәтижесінде бұзылған сауыттың анатомиялық формсын қалпына келтіретін алынбайтын микропротез.

    Тікелей емес әдіспен жасалған құйылған металлды салманы жасаудың клинико-зертханалық кезеңдері:

    Клиникалық кезеңдері

    Зертханалық кзеңдері.

    1. –науқасты тексеру;

    -рациональді тіс протезін таңдау;

    -ем жоспарын құру;

    -жансыздандыу;

    -егеленетін аймақты изолациялау;

    -қажет болса қызылиек ретракциясын жасау;

    -салмаға арнап қуыс жасау;

    -жақтардың окклюзионды қатынасын тіркеу;

    -қалып алу;

    -қарсы тістерден қалып алу;

    -қуысты уақытша реставрациялау.


    1.-қалыптарды дез. өңдеу;

    -жұмысшы, қосымша модель құю;

    -модельдерді окклюдатор немесе артикуляторға гипстеу;

    -салманы балауыздан модельдеу;

    -балауызды металлға ауыстыру;

    -салманы модельде шақтап көріп, біріншілікті өңдеу;


    2.-провизорлы реставрацияны алып тастау;

    -салманы ауыз қуысында шақтап көру;

    -окклюзионды арақатынасты коррекциялау;

    -провизорлы реставрацияны қайта салу;

    2-салманы қорытынды өңдеу;

    3.-жұмысщы аймақты изолациялау;

    -првизорлы реставрацияны алу;

    -бекітуші материалдрамен слманы бекіту;

    -бекітуші материалдардың артықтарын алып тастау;

    -қайтадан окклюзионды арақатынасты тексеру;





    Тікелей әдіспен жасалған құйылған металлды салманы жасаудың клинико-зертханалық кезеңдері:

    Клиникалық кезеңдер.

    Зертханалық кезеңдері.

    1. –науқасты тексеру;

    -рациональді тіс протезінтаңдау;

    -ем жоспарын құру;

    -жансыздандыу;

    -егеленетін аймақты изолациялау;

    -қажет болса қызылиек ретракциясын жасау;

    -салмаға арнап қуыс жасау;

    -жақтардың окклюзионды қатынасын тіркеу;

    -тістердің өзінде салманы балауыздан модельдеу;

    -қуысты уақытша пломбамен жабу;


    1. –құю жүйесін жасау;

    -құю формасын алу;

    -балауызды металлға ауыстыру;

    -құю жүйесін алып тастау;

    -салманы механикалық өңдеу;


    2.-ауыз қуысында слманы шақтап көру;

    -қуысты фиксацияға дайындау;

    -салманы цементпен фиксациялау;

    -өңдеу, жылтырату;










    Салманы жасау кезіндегі диагностикалық және тактикалық қателіктер:


    Клиникалық кезең

    Зертханалық кезең

    Тексеруді дұрыс жүргізбей диагнозды дұрыс қоймау. Көрсеткіштерді кеңейту-ИРОПЗ бойынша қатты тіндердің бұзылыс дәрежесін анықтамай, көрсеткіштерді кеңейту.

    Қарсы көрсеткіштерді ескрмеу.

    1. Қуысты дайындау кезіндегі қателіктер және асқынулар:
      а) эмаль мен дентиннің гиперестезиясы және қантамыр-жүрек аурулары бар науқастарда тістерді жансыздандырусыз егелеу. Асқынулары: қан қысымының өзгеруі, жүректің қызметінің ырғағының бұзылуы, қорқыныш сезімі, қозу.

    б) тістерде қуыс дайындағанда қауіпсіз аймқтарды ескермеу. Қызылиек астына терең егелеу. Асқынуы-пульпаның ашылып кетуі;


    в)травматикалық егелеу (сапасыз кесуші инструмент, орталықтандырылмаған ұштық, үзіліссіз тісті егелеу, сумен және ауамен суықтандырудың болмауы, кесу инструментінің айналу жылдамдығының аздығы)

    - қуысты уақытша пломбамен толтырмау; Асқынуы - травматикалық пульпит;

    б) егелеу барысында көп мөлшерде қатты тіндер алынып немесе дентинді негізі жоқ жұқа эмальді егелеу-қуыс қабырғасының сынуына алып келеді;

    г)өте терең құдық тәрізді қуыс жасау. Қуыста ретенционды аймақтарды жасамау;

    Асқынуы-фиксацияның дұрыс болмауы.

    Д) толығымен инфицирленген тіндерді алмау;


    2. Қалып алу кезінде кезіндегі қателіктер:

    - тістің ретракциясын жүргізбеу;

    - қалып алу үшін дұрыс емес материалды таңдау. Массалардың мерзімін қарау керек.Араластыру уақыт сақтау керек, нұсқау бойынша.

    - қалыпты шығару барысында нұсқаулықта көрсетілген уақытты қадағаламау, уақытынан ерте алып шығу;

    - қалыптардың айқын болмауы,

    - қалыпты мүсін құю үшін уақытылы тістехникалық лабораторияға жібермеу.

    Тікелей әдісінде- балауыызды модельдеуде окллюзионды беткейін дұрыс модельдемеу.

    -балуыз модель қуыстан шықпай қалса-қуыс қабырғаларның парллельділігі бұзылған.


    1.Үлгіні құю:

    Өте қою супергипс қалыпты саңылаулар, раковиналар, қуыстар түзеді.Қалыпты өте сұйық супергипспен толтырғанда оның усадкасы ұлғаяды, нәтижесінде қуыстың өлшемдері өзгереді.

    2. Балауызбен үлгілеу мен құю кезіндегі қателіктер протезді шақтап көру этапында көрінеді:

    - Егер құю жүйесі үлгіден балауызды композицияны алған соң орнатылса, мұндай сауытты отырғызу мүмкін болмайды. Құю жүйесі мен муфтаны балауыз композиция үлгіде тұрғанда қосылады.

    Құю кезіндегі қателіктер:

    - балауызды композицияны жеткіліксіз майсыздандыру;

    -құю штифттерді дұрыс орналастырмау;

    - пештің температурасын жылдам жоғыралытау – формовочная массада сызаттардың түзілуіне алып келеді.

    - муфель қатты қыздырылмаса – жеткіліксіз құйылады.

    - құймада бөгде заттардың болуы, оның ластануы.

    Асқынуы: протез қуысқа енгізілуі, шығарылуы қиындайды немесе сынып кетеді.


    Конструкцияны ауыз қуысында шақтап кигізіп көру:

    1. алдыңғы кезеңдерде жасалған қателіктерді аңғармау, оларды жоймау;

    Өңдеу және жылтырату – шлифовка кезінде ұзақ ұстау, немесе бір жерде ұзақ ұстау салмның қалыңдығының біркелкілігін бұзады.

    Салмны айнадай жарқырағанша жыртылатпау – болашақта сауыттың бетіне қақтың жиналуына алып келеді.

    Сауыттың фиксациясы:

    а) тісті жеткіліксіз майсыздандыру және кептіру – цементтің сорылуы
    б) тым сұйық цементті қолдану - сорылуы
    в) тым қою цементті қолдану (сауытта тістемнің биіктеуі, тістің травматикалық окклюзиясы, периодонттағы ауыр өзгерістер);
    г) Тістерді түйістіру кезінде мақта тампонын қолдану – сауыттың қызылиек жиегіне терең енуіне алып келіп, окклюзияның бұзылысын тудырады.



    Қателіктері мен асқынулары.


    12. Винирлер, түрлері, винирлермен протездеу кезеңінде жіберілетін қателіктер.

    Винир түрлері:

    · Жасалу әдісі бойынша:

    - Тікелей - науқастың аузында жасалады. Жасалу материалы – композит.

    - Кері әдіс - тістехникалық лабораторияда жасалады. Бұл – керамикалық реставрациялы жапсырмалар.

    · Жасалу материалы бойынша:

    - Керамикалық – барлық материалдардың ішінен фарфор тіс эмаліна жақын болып табылады. Ол жоғары беріктікке ие, түсін өзгертпейді, жартылай мөлдір.

    - Диоксид цирконийдан жасалған винирлер – негізінде диоксидциркнийлі каркас, керамикалық масса жағылған. Каркасты жасау кезінде CAD/CAM технологиясы қолданылады. Бұл винирлер керамикалықтарға қарағанда беріктілігі жоғары, ұзақ уақытқа шыдайды.

    - Композитті винирлер. Пломбалық материалдан жасалады. Эмальді аз мөлшерде ғана егелейді, алайда жоғарыда айтылған винирлерге қарағанда беріктілігі төмен, қысқа мерзімге шыдайды, түсін өзгертеді, т.б.

    - Винирлердің ерекше түрі – люминирлер – бұлар 0,2 мм фарфор пластиналар. Ерекшелігі – тісті егелеуді қажет етпейді. Құрамында фторы бар арнайы желіммен бекітіледі.

    · Керамикалық винирлерді зертханада дайындау түріне байланысты:

    - қабаттап жағу әдісі – отқа төзімді үлгіде немесе үлгіге жапсырылған 0,025 мм платина фольгасы арқылы жасалады. Платина фольгасы пеште күйдіру барысында керамикалық массаны ұстап тұру үшін қажет.

    - құю немесе инжекциялық пресстеу әдісі –үлгіде балауызбен винирлерді үлгілеп, құю ж.йесін орнатып, арнайы отқа төзімді массаға салады. Балауызды күйдірген соң, жоғарғы температурада, вакуумдық жағдайда жұмсартылған керамикалық блоктан қысыммен каркас түзеді. Құйғаннан кейін винирлерді бояйды.

    - фрезерлеу әдісі (CAD/CAM) – компьютерлік сканерлеу, үлгілеу, керамикалық құрылымдарды автоматты түрде жасау әдісі. CEREC жүйесі арқылы егелген тістің оптикалық қалыбы алынып, автоматты түрде керамикалы стандартты блоктан протез фрезерленеді. Фрезерленген винирді жылтыратады, қажет жағдайда бояп, глазурлейді.

    Қателіктер:

    1. Диагностикалық қателік – протездеу барысында оның эстетикалық нәтижесіне аса мән берілуі қажет. Тістердің пішінін, орналасуын, өлшемін өзгертуді науқаспен мұқият талдау керек. Ол болатын өзгерістерге келісу керек. Сондықтан силиконды шаблонмен уақытша винирлерді бағалау, егелеудің алдында жүрген жөн. Винирдің түсін таңдау кезінде жалпы ережелерді сақтамау (жарықтандыру, ылғалдылық) болашақ винирлердің түсінің сәйкессіздігіне алып келеді.

    2. Егелеу барысындағы қателіктер:

    - сумен суықтандырылмай, дұрыс орталықтандырылмаған ұштықпен егелеу;

    - қажетті мөлшерде қатты тіндерді алмау;

    - кесу қырын егелеу кезінде винир-тіс шекарасы антогонист тістермен окклюзиялық контакт аймағында орналаспау керек.

    - вестибулярлы беткейді бір жазықтықта егелеу;

    - терең қызылиекастылық егелеу;

    - егелген беткейді десенситайзермен қаптамау;

    - уақытша винирлерді дайындамау;

    3. Қалып алу барысында:

    - қалып алу үшін дұрыс емес материалды және қасықты қолдану (мысалы, альгинатты массаны)

    - қалып алу барысында нұсқаулықта көрсетілген уақытты қадағаламау;

    - ретракциялық жіпті қолданбай қалып алу;

    - қалыптардың айқын болмауы,

    - қалыпты мүсін құю үшін уақытылы тістехникалық лабораторияға жібермеу.

    4. Шақтап кигізіп көру және фиксациялау кезеңінде:

    – дайын болған винирдің сапасын бағалай алмау;

    – винирлерді шақтап отырғызу кезінде, арнайы гельмен уақытша отырғызбау;

    - Фиксация алдында науқасқа винирлерді көрсетпеу;

    - тістің беткейін гельден, уақытша цемент қалдықтарынан тазартпау.

    – фиксациялайтын материалдың мерзімі мен тағайындалуын ескермеу;

    – фиксациялаушы материалды нұсқаулыққа сай емес қолдану.

    • Асқынулар:

    – тіс қуысын ашып алу;

    – пульпаның механикалық және термиялық жарақаты;

    – эстетикалық нәтижелердің қанағаттандырмауы;

    – фиксацияның бұзылуы;

    – керамиканың сынуы;

    – гингивит.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта