Главная страница
Навигация по странице:

  • Өзін- өзі бақылау сұрақтары

  • Ұсынылатын әдебиеттер

  • 8 – тақырып: Капитал және резервтер есебі Дәріс мақсаты

  • 9 – тақырып: Қаржылық есептілікті ұсыну Дәріс мақсаты

  • лекция МСФО. 1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты


    Скачать 406 Kb.
    Название1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты
    Анкорлекция МСФО.doc
    Дата10.04.2018
    Размер406 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлалекция МСФО.doc
    ТипДокументы
    #17862
    страница4 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    3.Шығыстар активтердің жұмсалуы немесе қысқаруы нәтижесіндегі экономикалық ресурстардың азаюы немесе табыс табуға байланысты кәсіпорынның қызмет нәтижесіндегі міндеттемелердің пайда болуы. Есептеу принципіне сәйкес есепті кезеңнің табыстары танылғаннан кейін сәйкестік принципіне сай осы кезеңге қатысты шығыстар өлшеніп танылады. Бұл табыстағы тану процесіндегі екінші кезең.

    Шығыстарды келесідей түрлерге жіктеуге болады:

    1. Тікелей шығыстар – сатып өткізілген тауардың өзіндік құндары. Мұндай шығындар табыстарды таныған сәтте, яғни операциялар орындалған кезде танылады.

    2. Кезең шығыстары - өнімдерді сатып өткізумен байланысты шығындар, әкімшілік шығындары, сыйақылар бойынша шығындар жатады. Бұл шығыстар шоттар тізбегінің 7110 «Өнімдерді сату бойынша өткізу», 7210 «Әкімшілік шығындар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстарында» шоттарында жүзеге асырлады. Бұл шығындар олар пайда болған кезде танылады.

    3. Үстеме шығыстар – орындалған сәтінде белгілі бір өнім түріне тікелей апаруға мүмкіндік болмайтын шығыстар, мысалы, амортизация, страховка тағы басқалар жатқызлады.

    4.Шоттарды жабу дегеніміз – проводкаларды құрастыру жолымен уақытша шоттардағы қалдықты басқа шотқа көшіру. Барлық «Табыстар мен шығыстарды жинақтау» үшін 5410- есепті жылдың пайдасы қолданылады. Шығыстар бізде активті болып келеді. Есепті кезеңнің соңында табыстар мен шығыстар шоты жабылады, яғни олардың қалдықтары есепті жылдың пайдасына көшірледі.

    Анықталған қаржылық нәтиже бөлінбейтін пайда ретінде балансқа көшірледі. Осылайша бөлінбейтін пайда меншікті капиталдың сомасын өсіреді. Егер де жылдық пайда шотының қалдығы дебеттік болса, онда кәсіпорынның зиян алғанын білдіреді. Бұл сомада баланста көрініс табады. Зиян баланста жақша ішінде көрсетіледі.

    Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

    1. Табыстардың түрлері, оларды тану;

    2. Шығыстардың түрлері, оларды тану;

    3. Жабылушы өткізбелер;

    4. Қорытынды нәтижені анықтау.


    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

    2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

    3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

    4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

    5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

    6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.


    8 – тақырып: Капитал және резервтер есебі
    Дәріс мақсаты: Капиталдың құрамын меңгеріп, олардың қозғалысын есепте бейнелеуді үйрену.

    1. Жарғылық капитал туралы түсінік.

    2. Айналымнан алынған капитал

    3. Эмиссиялық табыс.

    4. Бөлінбейтін пайда есебі




          1. Кәсіпорындардың жарғылық капиталының құралуы олардың, ұйымдастыру құқықтық нысандарына байланысты. Акциянерлік қоғамның капиталы шығарылған акцияларды наминалдық құндары бойынша есептейді және оның мөлшері «Акциянерлік қоғамдары туралы» заңға сәйкес 50000 есе айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс және қоғамның заңды тұлға ретінде тіркелген күнінен бастап 30 күн ішінде толығымен қалыптастырылуы тиіс.

    Жарғылық капиталдың есебін жүргізу үшін 5-ші шоттар бөлімі арналған.

    Шығарылған капитал қалыптасқан кезде келесідей бухгалтерлік жазба беріледі:

    Дт 5020

    Кт 5010

    Акциялардың құндарын құрылтайшылар төлеген кезде:

    Дт 1010, 1020, 1310, 1320,2710, 2711, 2410

    Кт 5020

    Төленбеген капитал шотында құрылтайшылардың акциялары бойынша акциянерлік қоғамға қарыздары есепке алнады. 5020 шотта қалдық қалатын болса, акциянерлік қоғамның акциясының ақшасын төлемеген деген сөз.

    2. Акционерлік қоғамда акциянерлер жиналысының шешімі бойынша айналымда жүрген акциялардың санын қысқарту мақсатында меншікті акциялардың бір бөлігін қайта сатып алу мүмкін. Бірақ, сатып алынғаннан кейін жарғылық капиталдың мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болмауы керек. Айналымда жүрген акцияларды келесідей мақсаттарда қайта сатып алуға болады:

    • Айналымда жүрген акциялардың санын азайта отырып бір акцияға келетін пайданы көтеру мақсатында;

    • айналымда жүрген акцияларды сатып алып, қымбат бағамен сату мақсатында.

    Қайта сатып алу кезінде акцияның құны наминалды құнға тең болуы мүмкін. Одан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Қайта сатып алынған акциялардың есебін жүргізу үшін 5210 реттеуші пассивті шот арналған.

    3. Акционерлік қоғамдарда акциялар өзіндік құны бойынша да немесе өзіндік құннан жоғары баға бойынша да шығарылуы мүмкін.

    Акция шығарылған кездегі наминалды құнымен олардың сатылу құндарының арасындағы айырмашылықтан алынатын табыс эмиссиондық табыс деп аталады.

    4.Бөлінбейтін пайда кәсіпорынның барлық салықтары мен шығындарын төлегеннен кейін қалатын таза пайдасы.

    Дивиденттер акциянерлер арасында бөлінуге тиісті таза табыстың бір бөлігі. Дивидент көп жағдай да есепті жылғы бөлінбейтін пайданың есебінен есептелінеді.

    Дивидент төлеумен байланысты келесідей даталары маңызды:

    1. дивидендті жариялаған күн

    2. акция иелерін тіркеу датасы

    3. дивидендтерді төлеу датасы

    Дивиденттер бойынша міндеттемелер 3030 шотта есепке алынады.

    Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

    • Меншікті капитал ұғымы;

    • Жарғылық капиталдың қалыптасу ерекшеліктері;

    • Кері сатып алынған акциялар есебі;

    • Эмиссиялық табысты есепке алу;

    • Бөлінбейтін пайданы анықтау.


    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

    2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

    3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

    4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

    5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

    6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.


    9 – тақырып: Қаржылық есептілікті ұсыну
    Дәріс мақсаты: Қаржылық есептіліктің нысандарын меңгеріп, оларды толтыруды меңгеру
    1. Қаржылық есеп берудің нысандары

    2. Бухгалтерлік баланс

    3. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме

    4. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме

    5. Меншікті капиталдағы өзгеріс

    1. Қаржылық есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.

    Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызды ролі бар. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдердегі есептік тізімдерде жинақталған бастапқы құжаттардың деректері бойынша жасалуға тиіс. Есептік тізімдерде талдау деректері болуға тиісті екендігін есте ұстау керек, оларда есеп беру үшін қажетті жыл басындағы және аяғындағы ақпарат жинақталады.
    2. Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.

    3. Бухгалтерлік баланс сияқты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қабылдаған “Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру” қаржылық есеп беруді ұсыну үшін аса маңызды.


    Кірістер мен шығыстар туралы есеп

    мың теңге

    Көрсеткіштердің атауы

    Бет коды

    Есептік кезең үшін

    Өткен кезең

    үшін

    Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс

    010







    Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

    020







    Жалпы пайда (бет 010- бет 020)

    030







    Қаржыландырудан түскен кірістер

    040







    Өзге де кірістер

    050







    Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

    060







    Әкімшілік шығыстар

    070







    Қаржыландыруға арналған шығыстар

    080







    Өзге де шығыстар

    090







    Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі

    100







    Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)

    110







    Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)

    120







    Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)

    130







    Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар

    140







    Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)

    150







    аздық үлесі

    160







    Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)

    170







    Акцияға арналған пайда

    180








    4. Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құрылады және есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.

    Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендациясының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің 14.02.2003 жылғы №61 бұйрығы) түсіндіруі бойынша, операциялық қызмет – табыс алу бойынша заңды тұлғаның қызметі және қаржылық, инвестициялық қызметтерге қатысы жоқ қызметтер.

    Бізге белгілі, халықаралық практикада ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама. Құру әдісі ұсынылатын ақпараттың мазмұнынан білінеді. Екі әдістің бірде-біреуі қай елде болмасын жалғыз емес, әрі міндетті емес.

    Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады. Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады. Ақша қоғалысы туралы есеп берудің әдісі де пайдаланушыларға қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

    Инвестициялық және қаржылық қызметтерден қызметтер туралы мәліметтер. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:

    • ақшалардың түсімі:

    • материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;

    • ақшалардың шығыстары:

    материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;

    Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:

    1. ақшалардың түсімі:

    акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;

    1. ақшалардың шығыстары:

    банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;

    Есеп айрысулардың, әртүрлі әдістерді қолданумен жұмыс кестелерінің көлемі мен құрылымы Қазақстан Республикасы Қаржы миинстрлігінің бухгалтерлік есеп саласына байланысты қабылдаған шешімдеріне сәйкес әрқашанда ауытқып отырады. Көпшілігінде, қазіргі уақытта қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендацияда талдамалық сипаттағы жұмыс кестелерінің әртүрлі варианттары бар.

    5. Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және үлестірілмеген табыстың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Резервтің немесе капиталдың әр түрі келесі баланстық теңдеу қағидасы бойынша құрылған:

    Осн + По – Ио = Оск ,

    Мұндағы, Оск – есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

    По – капиталдың көбеюі (есеп беру кезеңінде түскен);

    Ио – капиталдың кемуі (есеп беру кезеңінде жұмсалған);

    Оск - есеп беру кезеңінің басындағы әртүрлі капитал, резервтер, және қор құралдарының қалдықтары;

    Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру ұйым активтерінің ұйымның өз меншігін құрайтын бөлігін сипаттайды.

    Жылдық қаржылық бухгалтерлік есептемеге түсіндірме жазба – бұл негізгі аналитиалық құжат, оны кәсіпорындар жасайды. Ережеге сай, ол шаруашылық жүргізуші субъект жайлы, оның қаржылық жағдайы туралы, берілген мәліметтерінің есеп беру кезең мен алдыңғы кезеңдермен салыстырмалығы туралы ақпараттарды жинақтайды. Бірінші кезекте ол түсіндірме жазбаларда есеп беру кезеңдерінде субъект қызметтеріне оң және теріс әсер еткен негзгі себептерді ашу арқылы бизнес жоспардың барлық бөлімдері бойынша орындалуына қысқаша бағалау жүргізізіледі. Одан басқа, онда жылдық бухгалтерлік есептемеде көрсетілмеген мәліметтер келтірілуі керек, яғни өткізудің географиялық нарықтары және қызмет түрлері бойынша өнімді (жұмысты, қызметті) көлемдері туралы қосымша мәліметтерді қамтиды.

    Ұйымның қаржылық есептемесіне тіркелетін түсініктеме жазбалар төмендегілерді орындауы тиіс:

    1. Маңызды операциялар және оқиғалар үшін қолданылатын және таңдалған есеп сасатын және қаржы еептемесін даярлау негіздері туралы ақпараттарды ұсыну;

    2. Бұрын ешқандай қаржы есептемеде көрсетілмеген, ҚЕХС талап ететін ақпараттарды ашу;

    3. Қаржы есептемеде көрсетілмеген, бірақ шынайы мәліметтер үшін қажетті қосымша ақпараттармен қамтамасыз ету.

    Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

    1. Бухгалтерлік баланс

    2. Кіріс және шығыс туралы есептілік

    3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік

    4. Меншікті капиталдың қозғалысы туралы есептілік

    5. Есеп саясатын құрастыру.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта