Главная страница
Навигация по странице:

  • Компенсациялық қалдық дегеніміз

  • Ішкі бақылау жүйесі дегеніміз

  • 5.Өзін- өзі бақылау сұрақтары

  • 2 – тақырып: Қорлар есебі Мақсаты

  • Дәріс мазмұны 1

  • Ерекше ұқсастыру әдісінде

  • Мерзім басындағы ТМҚ қалдығы + Келіп түскен ТМҚ = Сатуға дайын ТМҚ-дың өзіндік құндары - Мерзім соңындағы ТМҚ-дың өзіндік құндары = Сатылған ТМҚ-дың өзіндік құндары

  • ТМҚ-дың есебінің үздіксіз жүйесі

  • Өзін- өзі бақылау сұрақтары

  • 3 – тақырып

  • Өзіндік құн

  • Тозу құны

  • Айырбас

  • Құнның төмендеуінен алынған зиян

  • Таза сатып өткізу құны

  • Пайдалы қызмет ету мерзімі

  • лекция МСФО. 1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты


    Скачать 406 Kb.
    Название1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты
    Анкорлекция МСФО.doc
    Дата10.04.2018
    Размер406 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлалекция МСФО.doc
    ТипДокументы
    #17862
    страница1 из 7
      1   2   3   4   5   6   7


    1 - тақырып: Қысқа мерзімді активтер есебі: ақша қаражаттары және дебиторлық борыштар

    Дәріс мақсаты Қысқа мерзімді активтер есебін меңгеру

    Дәріс сұрақтары

    1. Ағымдағы активтер туралы түсінік және олардың жіктелуі.

    2. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері.

    3. Ақша қаражаттарының қозғалысына жасалатын ішкі бақылау жүйесі.

    4. Дебиторлық борыштардың өлшенуі және танылуы.

    5. Күмәнді дебиторлық борыштар және оны бағалау.

    6. Алынған вексельдерді өлшеу және бейнелеу.

    1. Активтер дегеніміз – субъектінің белгілі бір құны болатын мүліктері мүліктік және мүліктік емес құндылықтары және құқықтары.

    Мерзіміне қарай активтер 2 түрге бөлінеді:

    1. Ұзақ мерзімді активтер

    2. Ағымдағы активтер.

    №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» халықаралық стандартқа сәйкес актив келесі жағдайларда қысқа мерзімді болып жіктелінеді.

      • Егер де актвиті компания бір операциялық циклдің ішінде қолданатын болса немесе ол актив сатуға арналған болса.

      • Актив коммерциялық мақсаттрада қолданылса және оны сату 12 айдың ішінде жүзеге асырылатын болса.

      • Егер де ол (актив) оларды қолдануға шек қойылмайтын ақша түрінде немесе олардың эквиваленттері трінде болса.

    Осы аталған талаптарға сәйкес келмейтін активтердің барлығы ұзақ мерзімді болып саналады.

    2. Ақша қаражаттары

    Ақша қаражаттарының эквиваленттері дегеніміз – ақша

    қаражаттарының белгілі бір сомасына оңай айнала алатын және құндылықтардың аздаған өзгеру тәуекелдіктеріне ие болатын тез өтімді қысқа мерзімді салымдар. Мысалы, өтеу мерзімді 90 күнге дейінгі құнды қағаздар. Ақша қаражаттарының эквиваленттері инвестиция мақсатында емесе қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді қанағаттандыруға арналған.

    Компенсациялық қалдық дегеніміз – несие беру жөніндегі келісім шартты қамтамасыз ету үшін банк талап ететін сол шотта үнемі болып тұратын сома. Ақша қаражаттарына банктік овердравт кейде кіреді.

    Кіші касса күнделікті шығыстарға арналған дайын қолма-қол ақша тұратын алдын-ала құырлған аванстық қор. Аванстық қорлар ерекше мақсаттар үшін құрылып жұмсалған сайын орны толтырылып отырады.

    Кіші касса қызметтерді транспорттық шығындардың құны, точталық шығындар кеңсе тауарларын сатып алу, жеткізу бойынша шығыстар сияқты ұсақ төлемдерге арналған.
    Кіші касса шотының қалдығы жалпы ашқа қаражаттары шоттары қалдығының бір бөлігі болып табылады.

    1. Ішкі бақылау жүйесі дегеніміз – келесілерді жүзеге асыру үшін жасалған процедуралар және саясат.

    • Автивтерді қорғау үшін.

    • Компанияны қаржылық саясатына сәйкестікті қамтамасыз ету.

    • Бухгалтерлік есеп шоттарда бейнеленген мәліметтердің анықтылығына қамтамасыз ету.

    Ақша қаражаттарына жүргізлетін ішкі бақылау келесі функцияларды орындайды:

    • Ақша қаражаттарына бөлек сақтау есебін бөлек жүргізу

    • Қолма-қол ақшаға жүргізілген барлық операциялар есепке алу.

    • Кассада қажетті қалдықты ғана сақтау.

    • Касса қалдығын мерзімі сайын тексеру.

      • Ақша қаражаттарына іс-жүзінде бақылау жасау.

    1. Дебиторлық борыштар дегеніміз – басқа тұлғаның шаруашылық субъектінің қолындағы бізге тиесілі ақша қаражаттары.

    Дебиторлық борыштар көрсетілген қызметтерге сатылған тауарлардың нәтижесінде пайда болады.

    Төлеу мерзімі бойынша дебиторлық борыштар екі түрге жіктеледі:

    • Қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі дебиторлық борыштар)

    • Ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)

    Операциялардың сипаты бойынша дебиторлық борыштар

    1. Саудалық

    2. Саудалық емес болып жіктеледі .



    1. Несиеге сатылған тауарлардың сомасы көп жағдайда өз уақытылы немесе мүлдем төленбеуі мүмкін. Мұндай уақытында төленбеген борыштарды күмәнді дебиторлық борыштар. Есептеу принципіне сәйкес күмәнді дебиторлық борыштардан алынатын зияндар сатып өткізу жүргізілген есепті кезеңге танылуы керек, яғни күмәнді дебиторлық борыштың болуы күтілетін болса, онда алдын ала резерв құрылады.

    Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді есепке алу үшін 1290 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер» контрактивті.

    3.Күмәнді дебиторлық борыштарды бағалаудың 2 әдісі бар:

    • Несиеге таза сатудан пайыз әдісі

    • Дебиторлық борыштарды төлем мерзіміне қарай есепке алу әдісі.

    Бірінші әдістің мақсаты күмәнді дебиторлық борыштардың нәтижесінде пайда болатын шығыстарды дәл өлшеу болатын болса.

    Екінші әдістің мақсаты дебиторлық борыштың таза құнын дәл анықтау.


    1. Алынған вексель белгілі бір уақыт өткеннен кейін вексельде көрсетілген соманы өтейтіндігін білдіретін жазбаша міндеттеме.

    Вексельдің ерекшеліктері:

    1. Вексельдің мерзімі. Вексель рәсімделген күннен бастап күні саны м ен есептелнеді.

    2. Вексельде көрсетілген пайыз оның номиналдық ставкасын құрайды. Ал іс жүзінде номиналдық ставка нарықтық ставкамен сәйкес келе бермейді.

    3. проценттік табысты есептеу үшін нарықтық ставка қолданылады.

    4. Вексельдің номиналдық құны.

    5.Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

    • Ақша қаражаттары дегеніміз не?

    • Ақша баламаларына нелер жатады?

    • Ақша қаражаттарына нелер қосылмайды?

    • Ішкі бақылаудың функциялары?

    • Дебиторлық борыштарға анықтама, олардың жіктелуі;

    • Дебиторлық борыштар қай кезде танылады;

    • Дебиторлық борыштардың есебі;

    • Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтер құру әдістері, мақсаты;

    • Олардың бухгалтерлік есепте бейнеленуі.

    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

    2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

    3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

    4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

    5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

    6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.

    2 – тақырып: Қорлар есебі
    Мақсаты:ТМҚ дың мәнін, жіктелуін, есебін, бағалануын қарастыру


    1. Қордың анықтамасы және жіктелуі.

    2. Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндары бойынша бағалау

    3. Тауарлы материалдық қорлардың сатудың таза құны бойынша бағалау

    4. Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндарын анықтау әдістері

    5. Тауарлы материалдық қордың есеп жүйесі

    6. Тауарлы материалдық қордың талдау

    7. Тауарлы материалдық қордың қаржылық есептілікте ашып көрсету.

    8. Тауарлы материалдық қордың синтетикалық есебі


    Дәріс мазмұны

    1. Тауарлы материалдық қорларға келесідей активтер жатады:

    1. шаруашылық қызметінде сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар. Оның ішінде жолдағы тауарлар.

    2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар мен қызметтер

    3. Өндіріс процесінде пайдалануға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар, отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және т.б. материалдар.

    ТМҚ дың құрамына кірмейтін тауарлар:

    1. Клиенттердің заказы бойынша дайындалып құны төленседе әлі жөнелтілмеген тауарлар.

    2. Консигнация келісім гарты бойынша консигнатордың қоймасындағы тауарлар.

    2. ТМҚ дың өзіндік құндары келесідей шығындардан тұрады:

    1. ТМҚды сатып алу шығындары оның ішіне сатып алу құны, орны толтырылмайтын салықтар;

    2. Қайта өңдеу бойынша шығындар, бұл шығындарға дайын өнімді өндірумен байланысты келесідей шығындар жатады.

    А) өнімдерді дайындаумен байланысты қызметкердің еңбек ақылары

    Б) өнімдерді өңдеумен байланысты бөліп таратылған үстеме шығындар.

    1. ТМҚ ды тиісті жеріне апарғанға дейінгі тасымалдау шығындары.


    3. ТМҚ ды сатып өткізудің таза құны дегеніміз – тауарларды сату мен оны сатуға дайындау бойынша шығындарды алып тастағандағы болжанып отырған сату бағасы.

    Таза сату бағасы төмендегі себептермен өзіндік құнды анықтау мүмкін болмаған жағдайда қолданылады:

    1. ТМҚ бүлінсе.

    2. олар толық немесе жартылай ескірсе.

    3. ТМҚдың нарықтық бағасы төмендесе.

    Сатып өткізудің таза құнын анықтаудың келесідей әдістері бар:

    А) баптық әдіс – ТМҚдың әрбір түрінің өзіндік құнымен (баласнтық құны) таза сату құнының арасындағы ең кішісі алынады.

    Б) Негізгі тауарлық топтар әдісі – ТМҚ дың әрбір тобының өзіндік құнымен таза сату құны салыстырылып кішісі алынады.

    В) Қорлардың жалпы деңгейі бойынша – Кәсіпорынның қолындағы барлық ТМҚ дың өзіндік құндары мен сатып өткізудің арасындағы кіші мағынасы алынады.

    4. ТМҚдың өзіндік құндарын анықтау әдістері нарық заманында баға күн сайын өзгеріп тұрады. Бухгалтерлік есептің мақсаты өндіріске жұмсалған тмқ дың және айдың соңында қоймада қалған тмқ дың өзіндік құндарын дәл анықтап өту.

    ТМҚ дың өзіндік құндарын анықтау үшін номері № 2 халықаралық қаржылық есеп стандартында келесідей әдістер ұсынылады:

    1. Орташа құн әдісі

    2. ФИФО әдісі

    3. Ерекше ұқсастыру әдісі

    Орташа құн әдісінде айдың басындағы болған және ай бойы келіп түскен тауарлардың жалпы сомасын олардың санына бөлу арқылы бір өлшем бірлігінің орташа құны анықталады. Осы орташа құнды пайдаланып өндіріске жұмсалған немесе сатылған ТМҚ дың өзіндік қорлары және қоймада қалған тауарлардың өзіндік құндары анықталады.

    ФИФО әдісінде «Бірінші келді бірінші кетті» принципі қолданылады, яғни бірінші кезекте сатылған немесе өндіріске жұмсалған ТМҚ дың өзіндік құны бірінші кезекте келіп түскен тауар партиясының құнымен есептеледі. Осылайша, қоймада қалған тауарлардың өзіндік құны соңғы партияның бағасымен бағаланады.

    Ерекше ұқсастыру әдісінде бірін-бірі алмастыра алмайтын арнайы жобалармен тапсырыстарға арналған ТМҚ дың өзіндік құнын есептеуге арналған, яғни әр тауар бойынша жеке-жеке есептелнеді.
    5 . ТМҚ-ды есепке алудың екі жүйесі кезедеседі:

    1. мерзімдік жүйе

    2. Үздіксіз жүйе

    ТМҚ-дың мерзімдік жүйесінде – жыл бойы ТМҚ-дың талдамалық есебі жүргізілмейді.

    ТМҚ-дың нақты саны мерзім сайын өткізіліп тұратын түгендеу нәтижесінде анықталады. Сондықтанда сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары түгендеу аяқталғанша анықталмайды. Сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары келесідей формуламен анықталады:
    Мерзім басындағы ТМҚ қалдығы + Келіп түскен ТМҚ = Сатуға дайын ТМҚ-дың өзіндік құндары - Мерзім соңындағы ТМҚ-дың өзіндік құндары = Сатылған ТМҚ-дың өзіндік құндары
    ТМҚ-дың есебінің үздіксіз жүйесі – бұл жүйені қолданған кезде ТМҚ-дың бастапқы қалдығы келіп түсуі олардың шығыс етілуі, рет ретімен синтетикалық шоттарда көрініс табады. Нәтижесінде, кез келген уақытта ТМҚ-р жөніндегі және олардың өзіндік құндары туралы кез келген ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйе бойынша сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары сол сәтте «Сатылған өнімдердің өзіндік құны» шотында көрсетіледі. 7010

    6.ТМҚ-ға талдау жасаған кезде келесідей екі көрсеткіш анықталады:

    1. ТМҚ-дың айналымдылығы

    2. Бір айналымның ұзақтығы

    Айналымдылық = ТМҚ өзіндік құндары / қорлар

    Бір айналымның ұзақтығы = Қорларды / Сатылған тауарлардың өзіндік құндарына

    7 .ТМҚ-дың есебі бойынша қаржылық есептерде келесідей мәліметтер ашып көрсетілуі керек.

    1. ТМҚ-ды бағалауға арналған есеп саясаты;

    2. ТМҚ-дың жіктелуі бойынша баланстық құндарына расшифровка жасау;

    3. ТМҚ-дың құндарын олардың таза сату құнына дейін жеткізу себептері және оларды есептен шығару;

    4. Егер де ТМҚ-дың өзіндік құндары ЛИФО әдісінен аяқталса, онда басқа әдістерді қолдану нәтижесінде алынған айырмашылықтар ашып көрсетіледі;

    5. Сатып өткізілген ТМҚ-дың өзіндік құндары;

    6. Міндеттемелерді орындауға кепілдік ретінде салынған ТМҚ-дың баланстық құндары;


    Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

    1. ТМҚ анықтамасы, жіктелуі;

    2. ТМҚ-дың қозғалысының есебі;

    3. ТМҚ-ды құжаттау;

    4. ТМҚ ды бағалау;

    5. ТМҚ ды есепке алу жүйелері

    6. Алдағы кезең шығындары

    7. Берілген аванстардың есебі

    8. Салықтық активтердің есебі


    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

    2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

    3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

    4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

    5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

    6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.


    3 – тақырып: Негізгі құралдардың есебі
    Мақсаты:Негізгі құралдарды анықтап, бағалауды, олардың қозғалысын есепке алуды, құжаттауды, амортизация есептеу мен кейінгі бағалауды меңгеру.


    1. Негізгі құралдардың түсінігі

    2. Негізгі құралдарды тану және бастапқы бағалау

    3. Негізгі құралдардың кіріс етілуі.

    4. Негізгі құралдарды кейінгі бағалау

    5. Негізгі құралдардың шығыс етілуі

    6. Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері

    7. Негізгі құралдар жөніндегі ақпараттарды ашып көрсету.

    1 .Негізгі құралдар бұл –

    1. компаниялар тауар өндіру немесе жеткізу және қызмет көрсету үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін

    2. бір жылдан астам уақыт ішінде пайдалану болжанатын материалдық активтер

    Баланстық құн - Негізгі құралдардың өзіндік құндардан жинақталған тозуды немесе құндардың төмендеуінен алынған жинақталған зияндарды алып тастағаннан анықталатын және бухгалтерлік баланста көрініс табатын сомалар.

    Өзіндік құн – активтерді сатып алған кезде немесе оларды салған кезде төленген ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері.

    Шығарылу құны – активтерді есептен шығару мен тікелей байланысты, қаржыландыруға кеткен шығындарды қоспағандағы қосымша шығыстар.

    Тозу құны – жою құнын алып тастағанда қалатын активтердің өзіндік құны немесе өзіндік құнды ауыстыратын басқа сома.

    Тозу – активтердің экономикалық қызмет ету мерзімінің ішіндегі тозу құнын жүйелі түрде бөліп тарату.

    Айырбас – кәсіпорындар арсында жүргізлетін басқа активтерді немесе қызметтерді беру арқылы активтерге ие болу немесе міндеттемелерді.

    Әділетті құн – осындай мәмілені жүзеге асыруға ықыласты және бірін бірі жақсы білетін тәуелсіз жақты арасындағы жүргізілген операцияларды кезде активті айырбастауға болатын сома.

    Құнның төмендеуінен алынған зиян – активтің баланстық құнның оның орны толтырлатын сомасынан асып кетуі.

    Орны толытрлатын сома – Активті таза сату құнымен оны қолданудың үлкені.

    Таза сатып өткізу құны – тәуелсіз жақтар арасындағы мәміледен алынатын активті шығару бойынша шығындарды есептен алып тастағандағы актвиті сатып өткізуден алынатын сома.

    Жою құны – активтің пайдалы қызмет мерзімі біткен кездегі шығару бойынша орын алатын шығындарды алып тастағандағы қалатын сома.

    Пайдалы қызмет ету мерзімі – активті пайдалану күтіліп оытрған кезең.
    2.Негізгі құралдар актив ретінде танылу үшін келесідей екі шарт оырндалуы керек:

    1. кәсіпорын болашақта активпен байланысты экономикалық пайда алуны мүмкіндігі болуы керек.

    2. активтердің өзіндік құндары сенімді бағалану керек.

    3 .Негізгі құралдар келесідей әдістер бойынша сатып алынуы мүмкін:

    1. ақша қаражаттарына сатып алу

    2. несиеге сатып алу

    3. ақшалай емес операциялар арқылы айырбастау

    4. тегін келуі немесе басқа субъектілерден сый ретінде алынуы мүмкін

    5. негізгі құралдарды салу арқылы

    Шоттардың жұмыс жоспарында негізгі құралдардың есебін жүргізу үшін 2410 «негізгі құралдар активті шот арналған». Негізгі құралдардың түрлері бойынша 2410 шотқа қосымша шоттар ашылуы мүмкін.Мысалы:

    2411 «Жер, ғимарат»

    2412 «Машиналар»

    Бұл шот құрылымы жағынан активті, негізгі құралдардың келіп түсуі. Дебетінде, ал шығыс етілуі кредитінде көрініс табады.

    Негізгі құралдар бойынша келесідей проводкалар беріледі:

    1. негізгі құралдарды ақшаға сатып алған кезде

    Дт 2410

    Кт 1010, 1040, 1050

    1. негізгі құралдарды несиеге сатып алу

    Дт 2410

    Кт 3310

    Ал егерде негізгі құралдарды сатып алуға банктен несие алынатын болса, онда төленген пайыздық сыйақылар негізгі құралдардың құнына қосылмайды бұл шығындар кезең шығындарына жатқызамыз.

    Кіріске алынған әрбір негізгі құрал объектісі кәсіпорын басшысы тағайындаған комиссияның тексерілуі мен, қабылдау актісін толтыру арқылы кіріске алынады.
    4.Негізгі құралдар бастапқы бағалаудан кейін әр түрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мысалы, Үкімет тағайындаған коэффциенттерді пайдалана отырып қайта бағалау немесе негізгі құралдардың молальдық тозуға ұшырауын болдырмау үшін оларды модернизациялау немесе реконструкциялау деп аталады.

    Негізгі құралдарды модернизациялау келесідей мысалмен көрініс табады:

    1. Қуаттылығын жоғарылатумен қоса оның пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартатын негізгі құралдар түрін түрлендіру.

    2. Шығарылатын өнімнің сапасын едәуір жақсартуға қол жеткізу үшін машинаның бөлшектері мен торабтарын жетілдіру.

    3. Бұрын есептелген өндірістік шығындарды едәуір азайтуды қамтамасыз ететін жаңа өндірістік процестерді ендіру болып табылады.
      1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта