Главная страница
Навигация по странице:

  • 10 – тақырып

  • Сұрақтары 1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беруМазмұны

  • 1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары

  • 2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беру

  • лекция МСФО. 1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты


    Скачать 406 Kb.
    Название1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты
    Анкорлекция МСФО.doc
    Дата10.04.2018
    Размер406 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлалекция МСФО.doc
    ТипДокументы
    #17862
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

    2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

    3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

    4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

    5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

    6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.



    10 – тақырып: Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27)
    Мақсаты-бас ұйымның бақылауындағы ұйымдар тобының шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну ерекшеліктерін анықтау.Ұйым өз еркімен және жергілікті нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке қаржы есептілігін ұсынған жағдайларда еншілес, бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу кезінде қолданылуы тиіс.

    Сұрақтары

    1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары

    2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беру

    Мазмұны

    1.Шоғырландырылған есеп берудің құрамы және құрастыру жолдары

    Есептiк кезең бiткен соң шаруашылық жүргiзушi субъект қаржылық есеп берудi жасайды. Шаруашылық жүргiзушi субъекттiң құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншiлес немесе тауелдi cepiктecтіктepi бар болса, өзiнiң қаржылық есеп беруiмен қоса, шоғырландырылған есеп берудi жасайды, яғни бiрнеше заңды тұлғаның есеп беруiн бiрiктipедi. Бұл жерде келесі тұлғаларды бөледі:

    1)негізгі серіктестік;

    2) еншiлес немесе тәуелдi cepіктестіктер.

    Заңды тұлға басқа кәсiпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін және егер де сол сатып алынған акциясы 50%-дан астам болса, онда аталған тұлға инвестицияланған объектiге бақылау жасау мүмкiндiгiн алады. Инвестор бақылауды белгiлейтiн болса, онда ол кәсiпорын негiзгi заңды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсiпорынды еншiлес кәсiпорын деп атайды. Негiзгi және барлық еншiлес кәсiпорындар бiрiгiп, бiрiккен занды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәлiметi бойынша консолидацияланған есеп беруiн жасайды.

    Қаржылық есеп берудi пайдаланушылар олардың топтасқан бөлiгiн емес, тұтас бөлiгiн бiлуге мүдделi болып келедi.

    Шоғырландырылған қаржылық есептер бірықғай шаруашылық жүргізуші субъект туралы сияқты топ туралы қаржылық есептер ұсынады. Шоғырландырылған қаржылық есептерді жасаған кезде субъект:

          1) басты ұйымнық және онық еншілес ұйымдарынық қаржылық есептерін активтердіқ, міндеттемелердіқ, капиталдық, кірістер мен шығыстардық ұқсас баптарын қосу жолымен баппен біріктіруге;

          2) басты ұйымнық әрбір еншілес ұйымға инвестицияларынық баланстық құнын және басты ұйымға тиесілі әрбір еншілес ұйымнық капиталынық сол бір бөлігін алып тастауға;
          3) шоғырландырылған еншілес ұйымдардық есепті кезеқдегі пайдасына немесе залалына азшылықтық үлесін басты ұйымнық үлесінен бөлек өлшеуге және беруге;
          4) азшылықтық шоғырландырылған еншілес ұйымдардық активтеріндегі үлесін басты ұйым акционерлерініқ олардағы капиталынық үлестерінен бөлек өлшеуге және беруге тиіс.

    Еншілес компанияның акцияларын сатып алу мерзімінде консолидация (бірлесу) үрдісі келесідей кезеңдерден тұрады:

    1. Бас және еншілес компаниялардың бір тектес активтері, міндеттемелерінің және меншікті капитал баптары қатарларымен қосылуы;

    2. Ішкі топтардың есептері бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздарын жою бойынша түзету жазбаларын жүргізілуі;

    3. Еншілес компанияға салынған инвестицияның баланстық баптары мен еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның сәйкес үлестік қатысуын жою бойынша түзету жазбаларын жүргізілуі;

    4. Еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның улесіне жатпайтын азшылық үлесінің анықталуы;

    5. Еншілес компанияның акцияларына салынған бас компанияның инвестициясына кеткен шығындарының олардың баланстық құнынан артық көлемінің анықталуы;

    6. Еншілес компанияның меншікті капиталындағы сәйкес үлестік қатысуындағы еншілес компаниялардың активтері мен міндеттемелерінің ағымдық нарықтық құнына дейінгіқұнның түзетілуі;

    7. Іскерлік репутацияның, яғни гудвилдің көлемінің анықталуы.

    Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты жасау үшін келесі операциялар жасалады.

    1.-кесте. Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс

    Баптар атауы

    Бас компания

    Еншілес комп-р

    Түзетілгенге дейінгі консолидация ланған сома

    Түзетілгеннен кейінгі консолидация

    ланған сома

    Активтер (инвестициядан басқа) (А)

    БА

    ЕА

    БА+ЕА

    БА+ЕА

    Ішкі топтардың есептеріндегі дебит.қарыз-ры (ТД)

    ТД




    ТД




    Еншілес комп-ға салынған инвест-р (ЕКИ)

    ЕКИ+Г




    ЕКИ+Г




    Гудвилл (Г)











    Г

    Кредиторлық қарыздар (К)

    БКК

    ЕКК

    БКК+ЕКК

    БКК+ЕКК

    Ішкі топтардың есептеріндегі кредит-қ қарыз-ы (ТК)




    ТК

    ТК




    Азшылық үлесі (А)










    А

    Меншікті капитал (К)

    БКК

    ЕКК=ЕКИ+М

    БКС+ЕКИ+А

    БКК

    Мұндағы:

    БКА- бас компанияның активтері; ЕКА- еншілес компаниялардың активтері;

    ТД- ішкі топтардың есептері бойынша дебиторлық қарыздары;

    ЕКИ- еншілес компанияның акцияларына салынған бас компанияның инвестициясына салған қатысу үлесі; Г- гудвилл оң іскерлік репутация;

    БКК- бас компанияның кредиторлық қарыздары; ЕКК- еншілес компаниялардың кредиторлық қарыздары;

    ТК- ішкі топтардың есептері бойынша кредиторлық қарыздары;

    А- еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшылық үлесі;

    БКК- бас компанияның меншікті капиталы; ЕКК- еншілес компанияның меншікті капиталы.

    Таза активтердегі азшылықтық үлесі мыналардан тұрады:      азшылықтық бастапқы біріккен күнгі үлесініқ сомасынан, және азшылықтық біріккен күннен бастап болған капиталдық өзгерістеріндегі үлесі.
    2.Пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылған есеп беру

    Бас компания мен еншiлес компанияның кipicтepi мен шы­ғыстары туралы есеп берудi шоғырландырудың әдiстемесi ­ұқсас баптарды жолма-жол жинақтау (построчным суммиро­вание). Топ iшiнде есеп айырысумен топ iшiндегi операциялар бойынша қалдықтар, оның iшiнде тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыстар, шығыстар және дивидендтер шоғырландырылған қаржы есептемесiн берудi жасау барысында толық есептен шығарылуы тиiс. Тауарлы-материалдық қорлар мен негiзгi құрал-жабдық секiлдi активтердiң баланстық құнынa кipгeн топ iшiндегi операциялар бойынша өткiзiлмеген табыс толықтай есептен шығарылады. Топ iшiндегi операциялар бойынша өткiзiлмеген залал да шығынның орны толтырылуы мүмкін болмаған жағдайдан басқа уақытта активтердiң баланс­тық құндарын есептеу барысында шегерiледi.

    Басты ұйымнық және онық еншілес ұйымдарынық шоғырландырылған қаржылық есептерді дайындау үшін пайдаланылатын қаржылық есептілігі мұндай іс жүзінде мүмкін болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, сол бір есепті күнге жасалуға тиіс.

    Шоғырландырылған қаржылық есептер ұқсас операциялар мен ұқсас жағдайларда өзге де оқиғалар үшін бірдей есеп саясатын пайдаланып дайындалуға тиіс. Егер топ мүшесі ұқсас операциялар мен ұқсас жағдайлардағы оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржылық есептерде қабылданған есеп саясатынан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда онық қаржылық есептері шоғырландырылған қаржылық есептерді дайындау кезінде тиісті түрде түзетіледі. 

    Бухгалтерлiк балансты шоғырландыру бойынша жұмыc кестесiндегi түзету жазбасы былайша болады:

    1. Топ iшiндегi есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық

    берешектердi есептен шығару қажет;

    2.Еншiлес компанияның меншiктi капиталындағы бас компанияның тиісті қатыcy

    үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас компания инвестициясының баланстық құндарын есептеп шығаруда;

    2) Топ iшiндегi операция бойынша кipicтep мен шығыс­тарды (сатылған тауарлардың өзiндiк құнын) есептеп шыға­ру керек.

    Әлеуетті дауыс құқықтарының бақылаудың дәрежесін көтеру қабілетін бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлеуетті дауыс құқықтарына ықпал ететін фактілер мен жағдайларды зерделейді.

    Ішкітоптық қалдықтар мен операциялар, онық ішінде кірістер, шығыстар мен дивидендтер толығымен алынып тасталуға тиіс. Ішкітоптық операциялар салдарынан туындайтын, активтерде танылған қорлар мен негізгі құралдар сияқты пайда мен залал толығымен алынып тасталады. Топтық ішіндегі залалдар шоғырландырылған қаржылық есептілікте тануды талап ететін құнсыздануды көрсетуі мүмкін.

    Шоғырландырылған еншілес ұйымдағы азшылыққа жататын залал еншілес ұйымнық капиталындағы азшылықтық үлесінен асып түсуі мүмкін. Мұндай асып түсу мен азшылыққа жататын кез келген келесі залалдар азшылық залалдық орнын толтыру үшін қосымша инвестициялар жасауға міндетті және қабілетті жағдайларды қоспағанда, көпшіліктіқ үлесіне бөлінеді. Егер басты ұйым бірлескен бақылайтын ұйымнық үлесі бар бірлескен қызметке қатысушы немесе ассоциацияланған ұйымдағы инвестор жеке қаржылық есептер дайындаса, онда бұл жеке қаржылық есептер мыналарды ашуға тиіс:
          1) есептер жеке қаржылық құжаттар болып табылатын факт және егер Қазақстан Республикасынық зақнамасы мұны талап етпесе, - осы есептер дайындалатын себептер;
          2) атауын, тіркелген елін немесе орналасқан жерін, меншіктегі теқбе-теқ қатысу үлесін қоса алғанда, еншілес, бірлесіп бақылайтын және ассоциацияланған ұйымдарға едәуір инвестициялардық тізімі және егер ол ерекшеленетін болса, қолда бар дауыс беруге құқығы бар акциялардық үлесі;

    3) осы тармақтық 2) тармақшасында көрсетілген инвестициялардық есепке алу үшін пайдаланылған әдістердіқ сипаттамасы және осы жеке қаржылық есептер жататын шоғырландырылған қаржылық есептердіқ нұсқауы жатады.

    Еншілес ұйымдары жоқ ұйымнық, ассоциацияланған ұйымнық қаржылық есептері немесе бірлесіп бақылайтын ұйымдағы бірлескен қызметке қатысушынық үлесі жеке қаржылық есептер болып табылмайды.

    Қаржылық жағдай туралы есеп беруді шоғырландыру бойынша жұмыc кестесiндегi түзету жазбасы былайша болады:

    1. Топ iшiндегi есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық

    берешектердi есептен шығару қажет;

    2.Еншiлес компанияның меншiктi капиталындағы бас компанияның тиісті қатыcy

    үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас компания инвестициясының баланстық құндарын есептеп шығаруда;

    2) Топ iшiндегi операция бойынша кipicтep мен шығыс­тарды (сатылған тауарлардың өзiндiк құнын) есептеп шыға­ру керек.

    2-кесте.Кірістер мен шығыстар (пайда мен залал) туралы есепберуді шоғырландыру










    Түзетiлген-

    Түзетуден




    Бас

    Еншiлес

    ге дейiнгi

    кейiнгi

    Бап атауы

    ком-

    компа-

    шоғырлан-

    шоғырлан-




    пания

    ния

    дырылған

    дырылған










    сома

    Сома

    Тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан













    түceтiн табыс

    БТ

    ЕТ

    БТ+ЕТ

    БТ+ЕТ
















    Бас компания мен еншілес компания ның













    apacындaғы тауарларды сатудан

    ЕУТ










    түceтiн табыс




























    Табыстар













    Қорытындысы














    Өткiзiлген өнiмдер-

    БӨ

    ЕӨ

    БӨ+БӨ

    БӨ+ЕӨ

    дің өзiндiк құны


    Бас компания мен













    еншiлес компания-













    ның арасындағы

    ЕУӨ










    операциялар бойынша










    өткiзiлген өнімдердің













    өзiндiк құны













    Жалпы табыс.

    БУТ

    ЕУТ







    Кезең шығыстары

    БКШ

    ЕКШ


    БКШ + ЕКШ



    БКШ + ЕКШ







    Салық салынғанға










    Түзетудi

    дейiнгi таза табыс










    ескерумен

    Табыс салығы бойынша










    Түзетудi

    шығыстар










    ескерумен










    ЖТСШ

    Салық салынғаннан










    Түзетудi

    кейiнгi таза табыс










    ескерумен










    ЖТСШ


    2.-кестеде бухгалтерлiк баланстың ұқcac бапта­рын жолма-жол жинақтау бойынша процедуралар келтiрiлген. Ондағы:
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта