Главная страница
Навигация по странице:

  • 12 – тақырып

  • Дәріс мазмұны 1.Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын пайдалардың арасындағы айырмашылықтар.

  • 2. Табыс салығының есебі

  • 930000 930000 2.Салықтық эффект (400000+ (-500000))*35%=35000

  • 15000 4. Пайдаға салынатын салық бойынша шығыстар 930000+35000+15000=980000

  • Өз-өзін бақылау сұрақтары

  • лекция МСФО. 1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты


    Скачать 406 Kb.
    Название1 таырып ыса мерзімді активтер есебі аша аражаттары жне дебиторлы борыштар Дріс масаты
    Анкорлекция МСФО.doc
    Дата10.04.2018
    Размер406 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлалекция МСФО.doc
    ТипДокументы
    #17862
    страница7 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

    2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

    3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

    4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

    5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

    6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.



    12 – тақырып: Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)

    Дәріс сұрақтары

    1.Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын пайдалардың арасындағы айырмашылықтар

    2. Табыс салығының есебі

    Дәріс мазмұны

    1.Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын пайдалардың арасындағы айырмашылықтар.

    Салық салынатын пайда (залал) - бұл пайдаға салық төлеуге (орнын толтыруға) қатысты салық органдары белгiлеген ережеге сәйкес анықталатын, кезең iшiндегi пайда (залал) сомасы. Оны ұйымдар есептік мерзімдегі табыстың жалпы сомасынан барлық кәсіпкерлік қызметтің шығыстарын шегеріп анықтайды. Табыстар мен шегерімдердің түрлерін салықтық заңнамаларында бекітілген. Қаржылық есеп 2-де салық салынатын және есептік табыстардың арасында айырмашылықтар бар, олар тұрақты және уақытша болып бөлінеді (1-ші схема).


    Салық салынатын және есептік табыстардың арасындағы айырмашылықтар




    Тұрақты айырмашылықтар

    Уақытша айырмашылықтар

    1-ші схема. Салық салынатын және есептік табыстардың арасында

    айырмашылықтардың түрлері
    Бұл жерде, есептiк пайда - бұл салық төлеу бойынша шығыс­тарды шегергенге дейiнгi кезең аралыгындағы таза пайда немесе залал. Аталған айырмашылықтар себептерінің біреуне кейбір баптардың бір есептеулерге кіргізілуі, ал екінші есептеулерден шегерілуі табылады. Мысалы, белгіленген шығыстарды салық салынатын пайданы анықтағанда шегеруге болмайды, ал есептік пайданы көрсеткенде осы шығыстарды шегереді. Мұндай шығыстарды тұрақты айырмашылықтар деп атайды.

    Тұрақты айырмашылықтар - бұл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын жене бұдан кейiнгi есептi кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын және бухгалтерлiк табыстар арасындағы айырмашылықтар.

    Субъект әрбір есепті күні кейінге қалдырылған салықтық активтіқ баланстық құнын қайта қарауға тиіс. Субъект кейінге қалдырылған салықтық активтіқ баланстық құнын азайтуға және салық бойынша шығысты осы актив құнсызданған дәрежеде, яғни осы кейінге қалдырылған салықтық активті өтеуге мүмкіндік беретін жеткілікті салық салынатын пайда алынатынына ықтималдық енді болмайтын дәрежеде ұлғайтады. Субъект осындай азайтуды жеткілікті салық салынатын пайданық болу ықтималдығы кейіннен пайда болатын дәрежеде реверсиялағаны жөн.
    2. Табыс салығының есебі

    Есептік мерзімде табыс салығы бойынша шығыстарды уақытша айырмашылықтардың салықтық эффектісі есебінің негізінде анықтау қажет. Бұл жерде табыс салығының есебін ұйымдастыру үшін мерзімді ұзарту әдісі немесе міндеттемелердің әдісі қолданылады. Бірінші әдіске (яғни, мерзімді ұзарту әдісіне) сәйкес табыс салығы мекеменің кәсіпкерлік қызметіндегі жұмсалған шығыстары ретінде танылады және пайда болған мерзімінде шоттардың типтік жоспарындағы 7710 «Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» шотында есепке алынады. Ал осыған сәйкес пайда болатын уақытша айырмашылықтың салықтық эффектісі қаржылық есептіліктерде келесідей көрсетіледі :

    -Пайдалар және зияндар тұралы есептілікте шығыстар бабында;

    -Бухгалтерлік баланста «Мерзімі ұзартылған салықтар» бабында және есепте шоттардың типтік жоспарындағы 4310 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» шотында тіркеледі.

    Табыс салығының есебі 12 «Пайдаға салынатын салықтар» атты Есептің халықаралық стандартымен реттелінеді. Осы әдіске сәйкес келесі салықтық эффекті анықталады:



    Салықтық эффект


    =


    Активтердің амортизациясы


    +

    Бағалы қағаздарды өткізуден орны толтырылмаған зиян

    *

    Есептік мерзімнің (немесе келесі мерзімнің -егер өзгерсе ғана) пайдаға салынатын салықтың қойылымы


    (2)



    Мысалы. Компания есептік жылы 3000000теңге бухгалтерлік кірісті түсірді. Пайдаға салынатын салық бойынша айырмашылықтар фирмада келесі деңгейде:

    1.Активтердің амортизациясы (теңге)

    (500000)

    2.Бағалы қағаздарды өткізуден орны толтырылмаған зиян(теңге)

    400000

    3.Тұрақты айырмашылықтар(теңге)

    200000

    4. Пайдаға салынатын салықтың қойылымы(%)




    А)есептік мерзімнің

    30

    Б)келесі жылдың

    35

    5.Мерзімі ұзартылған пайдаға салынатын салықтың кредиттік сальдосы (теңге)

    90000

    5а)Уақытша айырмашылықтың эффектісі (теңге)

    300000

    Мәліметтер негізінде пайдаға салынатын салық бойынша төлемнің компоненттерін анықтаймыз 2-ші формула бойынша және өткізбені береміз:

    1. Пайдаға салынатын салық бойынша төлемнің компоненттерінің есептемесі *(есептеме-ведомость)

    Пайдаға салынатын салық бойынша төлемнің компоненттері

    Есептелуі

    Сома

    (теңге)

    1.Салық салынатын кіріс

    3000000+200000+400000-500000=3100000

    3100000

    А)төленуге тиісті пайдаға салынатын салық

    3100000*30%=930000

    930000

    2.Салықтық эффект

    (400000+ (-500000))*35%=35000

    35000

    3.Мерзімі ұзартылған төлемнің түзету

    300000*35%-300000*30%=15000

    15000

    4. Пайдаға салынатын салық бойынша шығыстар

    930000+35000+15000=980000

    980000




    1. Пайдаға салынатын салық есептелінді

    Шоттардың корреспонденциясы

    Сома

    Дебет 7710 « Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар»

    980000




    Кредит 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы»

    930000




    Кредит 4311 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер-уақытша айырмашылықтар»

    35000




    Кредит 4312 «Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер-қойылымның өзгерулері»

    15000


    Aктивтің немесе міiндеmmеменің салық базасы - бұл салық салудың мақсаты үшiн активтi немесе мiндеттеменi eскepeтiн сома.

    Бұрын салық салудың мақсаты тұрғысынан актив немесе мiндеттеме ескерiлмеген болатын әpi талданбай келдi. Осыған орай, бухгалтерлiк баланста көpiнic тапқан актив сомасы келешектегi салықтың салдарды есептеу барысында осы активтiң салықтың базасы тұррысынан талдануы керек. Ескерiлген активтің бұл шамасы одан ары салық салудың базасына қызмет етедi, дәлiрек айтқанда, салық салынатын табыстың сомасына әсepiн тигiзедi.

    Өз-өзін бақылау сұрақтары

    1. Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын пайдалардың арасындағы айырмашылықтар

    2. Тұрақты айырмашылықтардың есебі

    3. Табыс салығының есебі

    4. Уақытша айырмашылықтардың есебі

    5. Табыс салығы есебінің мерзімді ұзарту әдісі

    6. Табыс салығы есебінің міндеттемелер әдісі

    7. Кейінге қалдырылған абыс салығының есебі

    8. Ағымдағы табыс салығының есебі

    9. Корпорациялық табыс салығының есебі

    10. Табыс салығының бюджетке төленуінің есебі

    Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2005;

    2. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж.

    3. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж.

    4. Тулешова Г.К. «Финансовый учет в соответствии с международными стандартами» (часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г.

    5. Вахрушина М.А., Мельникова Л.А., Международные стандарты финансовой отчетности. Омега-Л, 2009

    6. Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері 2006ж.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта