Терапия темы. 1. Таырып Жіті жне созылмалы бронхит Жедел бронхит (ЖБ)
Скачать 127.21 Kb.
|
Клиникасы : ентігу, цианоз, жүректің қатты қағуы. Пальпацияда : жүрек ұшы қаққысы солға және төмен ығысқан. Перкуссияда : жүрек шекарасы жоғары және солға ығысады. Аускультацияда: 1 тон әлсіз , митралды қақпа тұсында систолалық шу Рентгенологиялық тексеру : жүрек сол бөлігінің гипертрофиясы . Митралды қақпаша стенозы. Себебі- ревматикалық қызба Гемодинамика : диастола кезінде сол жақ жүрекшеден қан сол жақ қарынша түгел өте алмайды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарынан келген қан қосылады. Жүрекше күшпен жұмыс жасайды, бірақ тез әлсірейді. Қан кіші қан айналу шеңберімен оң жақ қарыншаға келеді, ол да гипертрофияға ұшырайды. Клиникасы: еңтігу, жүректің қатты қағуы, жүрек тұсы ауыр , жөтелу, қан қақыру. Қарағанда : акроцианоз, екі беті қызарған, жүрек тұсында жүрек қағысы көрінеді ( оң жақ қарыншаның гипертрофиясынан ). Жүрек ұшы қағысы өзгермеген. Пальпацияда : мысық пырылы белгісі . Перкуссияда : жүрек шекарасы жоғары және оңға ығысады. Аускультацияда: 1 және 2 тоңдардан кейін қосымша тон естіледі, митралды қақпа тұсында систолалық шу Ренгенологиялық тексеру : жүрек сол жүрекшесі, оң қарынша гипертрофиясы. Жүректің аорталық ақауы. Аорталық қақпа жетіспеушілігі. Себептері: ревматикалық эндокардит , атеросклероз. Гемодинамикасы: сол жақ қарыншаға диастола кезінде сол жүрекшеден ғана емес, аортадан да келіп құйылады. Содықтан ол жақ қарынша ортаға көбейген қанды айдау үшін систола кезінде күш салады, бұлсол жақ қарыншаның гипертрофиясына әкеледі. Клиникасы: ентігу, тахикардия, бас айналу (мидың қоректенуі нашарлайды.) Қарағанда : науқас боз, «каротидтер биі», жүрек ұшы солға ығысқан. Пальпацияда : жүрек ұшы қағысы төмен және солға ығысқан ( сол қарынша гипертрофиясы) Перкуссияда:жүрек шекарасы солға ығысқан. Аускультацияда : 1және 2 тондар әлсіз , аорта және Боткин Эрба нүктесінде диастолалық шу. Аорта саңылауының тарылуы. Себептері : ревматикалық эндокардит , атеросклероз (өте сирек кездеседі) Гемодинамикасы : сол жақ қарынша түгелімен босап үлгермейдді , аортаға қан түгелімен өтпейді. Сол жақ қарыншада қалып қойған қанға диастола кезінде сол жақ жүрекшеден тағыда қан құйылады. Сол жақ қарынша гипертрофияға ұшырайды. Клиникасы : жүрек тұсындағы ауырғандық, бас айналу. Қарағанда : терісі боз, жүрек ұшы соққысы солға ығысқан. Пальпацияда : төстің оң жағында 2 қабырғааралықта систолалық діріл. Перкуссияда: жүрек шекарасы солға ығысқан. Аускультацияда : аорта тұсында систолалық шу. №9.Тақырып: Эндокардит.Миокардит.Перикардит. Эндокардит,миокардит,перикардит жүрек қабаттарының қабыну аурулары. Эндокардит-жүректің ішкі қабатының қабынуы. Этиологиясы:ағзадағы инфекциялар (стафилококктар,стрепококктар ж.т.б) Патогенезі:Инфекция қан арқылы эндокардқа келіп клапандарды зақымдайды (операциялардан кейін).Қақпалар зақымдалып жүрек ақауы дамиды.Аорта қақпасы сирек зақымдалады. Клиникасы:қызба,буын,бұлшықеттердің ауруы,жүрек тұсының ауырғандығы,жүрек қағу, әлсіздік. Зертханалық және аспаптық тексеру:ЖҚТ:лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлаған,анемия. Емі: Төсек режимі Диета №10 Антибиотиктер (1-2айға) Миокардит-жүректің ортаңғы қабатының қабынуы. Этиологиясы :бактериялар және вирустар (ревматизм,дифтерия ж.т.б) Патогенез:Инфекция қан арқылы миокардка келіп зақымдайды. Клиникасы:ентігу,жүрек тұсының ауруы,әлсіздік, жүректің жиі қағуы,ҚҚ төмендеуі,терінің бозаруы,жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы, «шабу ритмі». Зертханалық және аспаптық тексеру:ЖҚТ лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлаған.ЭКГ:аритмия . Емі: төсек режимі диета №10 антибиотиктер жүрек игликозидтері (дигоксин,дигитоксин) гормоналды терапия (преднизолон,дексаметазон) зәр айдаушы дәрілер (фуросемид,гипотиазид) витаминотерапия Перикардит-жүректің сыртқы қабатының қабынуы. Эиологиясы: ревматизм,туберкулез,бруцеллез,тұмау кезінде дамиды. Патогенез:2түрі бар:экссудатты және құрғақ. Клиникасы:ентігу,тершеңдік,жүрек тұсының ауруы,жүректің бүкіл бөлігінің гипертрофиясы,тамыр соққысы жиі,асцит,гепатомегалия. Зертханалық және аспаптық тексеру:ЖҚТ,лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарланған.Рентенологиялық тексеру:жүрек гипертрофиясы. Емі: төсек режимі диета №10 антибиотиктер стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (индометацин,делагил,ибупрофен) жүрек гликозидтері (дигоксин,дигитоксин) зәр айдаушы дәрілер (фуросемид,гипотиазид) Алдын алу:инфекциялық ошақтарды жою,салауатты өмір салты. №1.Тақырып:Атеросклероз.Артериалық гипертензия. Артериалық гипертензия - ішкі мүшелердің зақымдануынанқан қысымының көтерілуімен сипатталатын патологиялык жағдай. Қалыпты жағдайда қан қысымының көрсеткіштері: Систолалық қысым: 100 - 140 мм.с.б. Диастолалық қысым: 60 - 90 мм.с.б. Гипертониялық аурудың 2 түрі бар: Біріншілік. Екіншілік (симптоматикалық гипертензия - нефрогенді, эндокриндік, нейрогендік). Этиологиясы: Тұқым қуалаушылық, тұзды көп мөлшерде қолдану, психикалық стресс. Патогенезі: Жүйке жүйенің, бүйректің жұмысы, су -тұзбалансы өзгеріп тамыр қабырғаларының жасушаларында натрий және кальций көбейіп тамырлардың қарсыласу күші жоғарылайды. Бұл біртіндеп жүрек жиырылуының және тамырлардың созылуының төмендеуіне әкеледі. Кезеңдері:
Клиникасы: Бас ауру (маңдай немесе шүйде тұсы), жүрек тұсы ауру. Жалпы синдром: тез шаршау, ентігу, әлсіреу, құлак шулау. Тексеру: ҚБТ.Көз түбің тексеру.ЭКГ, жүректің рентгенограммасы.Эхокардиография ЖЗТ Емі: 1. Салауатты өмір салты.2.Диета (тұзды шектеу) 3.В – адреноблокаторлар. атенолол, метопролол, обзидан. Диуретиктер.Кальций антогонистері: коринфар, изоптин.нгиотензинге айналдыратың ферменттердің ингибиторлары: каптоприл, эналприл, моноприл. Асқынулары: Геморрагиялық инсульт, нефроангиосклероз, бүйрек жетіспеушілігі, көз түбі тамырының өзгеруі, гипертониялық криздер (күрт кан қысымының көтерілуі). Атеросклероз — артериялардың ішкі қабырғаларында липидті, көбінесе холестеринді түймелердің түзілуімен сипатталатын созылмалы ауру. Этиологиясы жасы 40-50 одан да жоғары; темекі шегу; артериялық гипертензия( АҚҚ 140/90 мм.сын.бағ); семіздік. Холестерин деңгейіне байланысты: Жеңіл 5,2-6,5 ммоль/л Орташа 6,5-7,8 ммоль/л Биік 7,8 ммоль/л жоғары Клиникасы: Атеросклероздын клиникасы орналасу аймағына байланысты. Атеросклерозға ең жиі ұшырайтын тамырлар: аорта, тәж, ми, бүйрек, аяқтардың, жиі іш қуысының артериялары. Наукас өз жасынан үлкен болып көрінеді, шашы ерте ағарып, түседі. Терісі уақытынан ерте атрофияланып, жылтырын, тонусын жоғалтады, жұқарады, қатпарлар пайда болады. Майда тамырлардың кеңейгені байқалады. Диагностикасы: ЖҚА, БҚА, рентгенография, эхоэнцефалография. Емдік тамақтану Медикаментоздық терапия. Біріншілік алдын алу: Салауатты өмір салтын ұстану; Таза ауада жеткілікті болу; Рационалды тамақтану; Зиянды әдеттерді жою. Екіншілік алдын алу: Диспансерлік бакылау; Қандағы холестерин мөлшерін төмендететін препараттар қабылдау; Гиподинамиямен күрес. №2.Тақырып:Жүректің ишемиялық аурулары.Стенокардия. Жүректің ишемиялық ауруы – коронарлы тамырлардың тарылуы. Миокардтың оттегіге мұқтаждығы.Жіктелуі : Стенокардия Миокард инфаркті Жүрек аритмиялары Қан айналу жетіспеушілігі Стенокардия – төс тұсында күйдіріп , қысып ауырғандық. Ауырғандық сол қолға, сол иыққа тарайды (3-5 мин созылады, 1 сағатқа дейін) Түрлері : Алғашқы рет дамыған стенокардия (4-6 жұма қойылады) Тұрақты стенокардия : Функционалды класс – ұстама көп физикалық күш тускенде дамиды Функционалды класс - ұстама 300-500 метр қашықтыққа немесе 3 қабатқа көтерілгенде дамиды Функционалды класс – ұстама 100 метр қашықтыққа немесе 1 қабатқа көтерілгенде дамиды Функционалды класс – ауыр түрі. Шамалы күш түскенде дамиды . Этиологиясы : Генетикалық себептер ( ерлерде жиі кездеседі ) Гиперхолестеренемия Зиянды әдеттер Семіздік Патогенезі : Миокардқа дұрыс қан келмеуінен зат алмасуының бұзылуы . Нәтижесінде миокардта шала тотыққан заттар жиналады. Осы заттар нервтарды тітіркендіреді де ауырғандық пайда болады. Клиникасы : Төс артындағы қысып ауырғандық Ауырғандық сол иыққа , жауырынға , қолтыққа иррадиация жасайды Терінің бозаруы Өлімнен қорқу сезімі Ұстама 3-5 мин созылады Асқынулар : миокард инфаркті Диагностикасы : ЭКГ –Т тісшенің өзгеруі және ST сегменттің изосызықтан жоғары кетуі немесе төмен түсуі, аритмиялар Емі : Ұстама кезінде : Нитроглицерин 0,5 – 1 мг тіл астына 5 минут сайын үш рет қайталауға болады Изосорбид динитраты 10 мг тіл астына 5 минут сайын үш рет қайталауға болады Изокет –аэрозоль 1-3 ингаляциядан 5 минут сайын үш рет қайталауға болады Алдын алу : Зиянды әдеттерді жою Нитраттар –изосорбид, кардикет нитросорбид ,изокет В –адреноблокаторлар (жүректің жұмысын азайтады) - пропранолол, атенолол, метопролол Кальций антогонистері (миокардқа оттегі жетіспеушілігінің азайтады )верапамил, нифедипин Статиндер - симвастин , аторвастин. №3.Тақырып: Жүректің ишемиялық аурулары.Миокард инфаркті Миокард инфаркті -жедел коронарлық қан-тамыр жетіспеушіліктен дамитын жүрек бұлшықетінің ишемиялық некрозы. Түрлері: Жүрек бұлшықетінің зақымдануының тереңдігіне және көлеміне байланысты: трансмуралды (бүкіл қабаттар)және трансмуралды емес. Аурудың ағымына байланысты: алғашқы немесе қайталамалы. Миокард инфарктінің орналасуына байланысты: алдыңғы,артқы. Аурудың кезеніне байланысты:аса жедел –2сағ дейін,жедел:2сағ –10күнге дейін,жеделден кейінгі кезен:10күннен 8аптаға дейін, инфаркттан кейінгі кезен:8аптадан кейін. Миокард инфарктінің асқынулары: –жедел солқарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі) –кардиогенді шок –жүрек ырғақтылығының бұзылуы –сол қарыншаның аневризмасы Диагностикалық критерийлер: Шағымдар:төс артындағы ауырғандық(90-95%), (шаншып,басып,қысып,күйдіріп),ирралиациясы сол қолға,иыққа, жауырынға, ұзақтығы бірнеше сағатқа дейін, нитроглицеринге басылмайды. Тексеруде: –терінің бозаруы, көгеруі –салқын тер –қозу, өлімнен қорқу сезімі –инспираторлық ентігу –полиурия –жүрек тондары тынық Лабораториялық тексеру: миокард некрозының экспресс-диагностикасы (тропанин, глюкоген фосфорилазы) Аспаптық тексеру: электрокардиограммада потологиялық Q тісше, R тісшесі төмендейді, кейде жойылады, Гис тармағының блокадасы. Жедел көмек: 1.Физикалық және эмоционалдық тыныштық.Таза ауа жіберу. Науқасты жатқызу. 2.Нитроглицерин, таблетка немесе аэрозоль түрінде 0,4-0,5 мг тіл астына, ауырғандық басылмаса қайталау. 3.Ацетилсалицил қышқылы 500 мг шайнау. 4.Оксигенотерапия. 5. Ауырғандықты басу үшін –морфин 2-4мг к/т 10мг дейін. 6.Нейролептанальгезия жасау үшін наркотикалық анальгетикті нейролептикпен береді-дроперидолмен – 2,5мг -10мг. 7.Наркотикалық анальгетик болмаған жағдайда беріледі трамадол 50-100мг к/т(жәй еңгізу қажет!). 8.Коронарлы қан айналымын жақсарту үшін изосорбит динитратының 10мг к/т ҚҚ тексерумен 9.Коронарлы қан тамырларды қалпына келтіру үшін –30мг преднизолон к/т №4.Тақырып: Аритмиялар. Кардиомиопатиялар.Кардиневроздар. Аритмиялар- жүрек ырғағынын бұзылуы. Түрлері: жүрек автоматизмы бұзылуы. жүрек қозуы бұзылуы. жүрек өткізгіштігі бұзылуы. Клиникасы: Синустық тахикардия - жүректің ырғақты түрде жиі - жиі жиырылуы. Минутына 90 - 120 дейін болуы мүмкін. Симпатикалык жүйке жүйеге байланысты. Қобалжығанда, ас қабылдағанда, дене температурасы жоғарылағанда, анемияда, ақауларда дамуы мүмкін. ЭКГ өзгерістер жок. Арнайы ем жоқ. Негізгі ауруды емдеу қажет. Синустық брадикардия - жүрек ырғақты, бірақ сирек жиырылады. Минутына 60 реттен кем. Кезбе жүйкесінің әсерінен миокардта склероз дамыганда, микседемада кездеседі. ЭКГ озгерістер жоқ. Негізгі ауруды емдеу кажет. Айқын брадикардияда атропин сульфаты 0,1% - Імл т/а. Синустық аритмия - жүректің жиырылу жиілігінің бұзылуы. Ол дем алу актісімен тікелей байланысты болады. Дем алганда жиырылу жиіленеді, дем шығарғанда сирейді. ЭКГ R-R интервалы әртүрлі болады. Емдеу қажет жоқ. Клиникасы: Экстрасистолалар - қалыпты жиырылулардын арасында жиырылу пайда болады. Этиологиясы: тиреотоксикоз, миокардиттер, климакс ж.т. Клиникасы:шағымдары - жүректің ретсіз соғуы. Аускультацияда: І тон күшейген, жүрек соғуы ыргақсыз. ЭКГ - уақытынан бұрын жүрек комплексі бар. Пароксизмалдық тахикардия - 160 - тан аскан ұстама түріндегі тахикардия. жүрек тұсында қысып ауырғандық, терінің бозаруы, жиі пульс (кейде саналмайды), гипотония. Этиологиясы: миокард инфаркты, жүрек ақаулары. миокардиттер. инсульт ж.т.б. Блокадалар 2 түрі бар: тұрақты және тұрақсыз. Тұрақты блокадада өткізгіш жүйе анатомиялық өзгерістерге ұшырайды. Тұрақсыз түрде жүректің функционалдық өзгерістерінен дамиды. Қозу мен өткізгііи бұзылуынан аритмиялар:жыбырлыаритмия және жүрекше дірілі. Себебі: миокард инфаркты. Жиі өліммен аяқталады. Кардиомиопатиялар - жүрек бұлшықетінің өзгеруі. Этиологиясы белгісіз.3 түрі бар: дилятациялык гипертрофиялық рестриктивті (өте сирек кездеседі, жүрек қуыстарының тарылуы). Дилятациялық кардиомиопатиялар - жүрек камераларының үлкеюі. Қан айналу жетіспеушілігі дамиды, жиі өлімге әкеледі. Емі: Физикалық тыныштық, сұйықтықты шектеу, жүрек гликозидтері. Гипертрофиялық кардиомиопатиялар - жүрек бұлшықетінің үлкеюі.Қан айналу жетіспеушілігі, аритмиялар, тромбоэмболиялар дамиды. Жиі өлімге әкеледі. Емі: Физикалық тыныштық. Хирургиялық ем. Кардионевроздар - психожарақаттаушы факторлардан дамитын жүрек тамыр жүйесінің аурулары. |