Терапия темы. 1. Таырып Жіті жне созылмалы бронхит Жедел бронхит (ЖБ)
Скачать 127.21 Kb.
|
Жаралы ауру - асқазан мен ұлтабарда жара пайда болатын созылмалы ауру. Этиологиясы: Хеликобактер пилори. Ыңғайлы факторлар: тұқым қуалаушылық шылым шегу,эмоционалды стрестер кейбір дәрілер (стероидты емес қабынуға карсы, гормондар, салицилаттар) ішімдікке салыну. Түрлері: Орналасуына байланысты: 1.Асқазан жарасы Ұлтабар жарасы Асқазан және ұлтабар жарасы Санына байланысты: Бір 2.Бірнеше. Аурудың кезеңіне байланысты: 1 .Өршу кезеңі Жара котырлану кезеңі Ремиссия кезеңі. Ағымына байланысты: Жіті (алгашкы рет табылған). 2.Созылмалы. Клиникасы: Аурудың негізгі белгісі - эпигастрий тұсындағы ауырғандық. Ауырғандык әр түрлі болады: тесіп, қысып, созып ауыру. Пайда болатын уақытына байланысты ауырғандык «ерте», «кеш» және «түнгі» болып бөлінеді. Ерте ауырғандық тамақ қабылдағаннан кейін 0,5 - 1 сағаттан соң пайда болады, 1,5-2 сағатқа дейін созылады. Бұл асқазан денесіндегі жарада кездеседі. Кеш ауырғандық тамақ кабылдағаннан кейің 1,5-2 сағаттан соң пайда болады 3-6 сагатқа созылады. Бұл асқазан пилорикасында және ұлтабар жарасында кездеседі. Түнгі «аш» ауырғандық тамақ кабылдағаннан кейін 2,5 - 4 сағаттан соң пайда болады. Тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Бұл асқазан пилорикасында және ұлтабар жарасында кездеседі. Ауырғандық жара орналасуына байланысты. кардиа жарасында – төстің семсерінде асказан денесінің жарасында - эпигастрийде, ортаңғы сызықтан солға қарай , пилорикалық бөлікте және ұлтабар жарасында - эпигастрийде, ортаңғы сызықтан оңға қарай.Асказанжарасының аурулары көктем мен күзде асқынады. Диспепсиялық өзгерістерден кыжылдау және құсу жиі кездеседі. Құсу жеңілдік әкеледі. Ұлтабардың жарасында іш қату болады. Бұл симптом асқазан жарасында кездеспейді. Жалпы симптомдар ретінде тез ашуланғыштық, тез қозушылық, терлегіштік пайда болады. Диагностикасы: Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырғандық, бұлшық еттер қатайған. ЖҚА: постгеморрагиялық анемия.Нәжісті жасырын қанга тексеру.ФЭГДС биопсиямен кілегейді хеликобактер пилориға тексеру. Асқынулары:1.Асказаннан қан кету. 2.Перфорация 3. Пенетрация 4.Малигнизация 5.Стеноз. Асқазаннан қан кету - жара қан тамырын закымдағанда пайда болады. Ол кезде ас қалдығы мен қан аралас құсық пайда болады. Ол кофе тұнбасына ұксас. Ұлтабардан қан сыртқа нәжіспен бірге қара түске боялып шығады. Оны «мелена» деп атайды. Наукастың басы айналып, әлсізденіп көзі қарауытады. Қан қысымы төмен. Тамыр соғысы жиілейді, тахикардия. ЖҚА: Гемоглобин мен эритроцит саны күрт томендейді. Перфорация - жараның орналасқан жерінің тесілуі. Бұл кезде іштің жоғарғы бөлігінде өте күшті «семсер сұккандай» ауырғандық пайда болады. Науқастың іші кеуіп, бұлшык еті катайып «тактай тәріздес» іш симптомы пайда болады. Науқастың жағдайы төмендейді, терісі бозарады, тілі кұрғайды. Тамыр соғысы жиі, жіп тәріздес, АҚ төмен. Дене температурасы жоғары, дірілдейді, бұл -перитонит белгісі. ЬІқылық атып, кұсады. ЖҚА: ЭТЖ жылдамдайды, лейкоцитоз. Пенетрация - жараның асқазан мен ұлтабардан көрші мүшелерге өтіп, жабысуы. Асқазанның артқы қабатындағы жаралардың ұйкы безіне, өт қабына, бауырға, тоқ ішекке жабысуы мүмкін. Мысалы, асказандағы жара ұйкы безіне жабысса, онда панкреатит ауруына ұқсас симптомдар пайда болады. Малигнизация - ұлтабардағы жаралар еш уақытта қатерлі ісікке айналмайды. Асказандағы жара малигнизацияланса, ауырғандық қай уақытта болсын мазалайды. Маусымдық касиетін жоғалтады. Асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді. Нәжісті жасырын қанға анализі әр уақытта (+). Науқас арықтайды, тәбеті төмендейді. ФГДС арқылы диагноз қоюға болады. Стеноз- асказанның шыға берісіндегі жаралар жазылғанда дамиды. Ол асқазан тесігінің кішірейіп, тарылуына, тамақтың дұрыс өтпей, тұрып қалуына әкеледі. Ұлтабарға дер кезінде өтпеген ас біртіндеп шіріп, иістенеді. Науқаста жағымсыз иісті кекіру, шала қорытылған аспен құсу сияқты симптомдар пайда болады. Рентген тексеруін жасаганда да барий сұйықтығы асқазанда өте ұзақ сақталады. Емі: Диета№1 Хеликобакгер пилори факторы табылғанда: эрадикация өткізу бірінші үштік терапия арқылы:(омепразол 20мг, пантопразол 40мг, рабепразол 20мг) + кларитромицин 500мг + амоксициллин 1000мг күніне 2 рет 7-14 күнге. Бұл емнің нәтижесі болмаған жағдайда екіншілік төрттік терапия жүргізеді: (омепразол 20мг, пантопразол 40мг, рабепразол 20мг) күніне 2 рет + висмут препараттары 120мг күніне 4 рет + метронидазол 500мг + тетрациклин 500мг күніне 3 рет 7-14 күнге. Алдын алуы: Профилактикалық тексерулер. №8.Тақырып:Энтериттер.Колиттер.Гельминтоздар. Энтериттер - аш ішектің кілегей қабатының қабыиуы. Этиологиясы: Ішек таяқшалары Ішек лямблиялары Улану - бұзылған ет пен май жеп, интоксикацияға ұшырау. Патогенезі: Кілегей қабатта қызарған ошақтар пайда болады. Сол жер ісініп, қабынады. Ішек ішіне экссудат жиналады. Қансырау дақтары пайда болады. Ішек бездері атрофияға ұшырайды. Клиникасы: Жылдам басталады Іш өту. Нәжісі сұйылып, тәулігіне бірнеше рет қайталанады. Аурудың бастапқы сатысында нәжіс күріш қайнатпасына ұқсайды. Құрсақ қуысындағы ауырғандық Іщек перистальтикасы , метеоризм дамиды Тәбеті төмендеу Тілі сұр тұнбамен қапталған, ауыз қуысынан иіс шығады Пульсі жиі, дене температурасы жоғары болуы мүмкін, кейде өзгермейді. Созылмалы энтеритте сіңіру бұзылысының ауырлық дәрежелерін айырады: дәрежесі (жеңіл) - дене массасының 5 кг төмендеуі, жеңіл трофикалық, гиповитаминоздық, гипокальциемиялық бұзылыстар. дәрежесі (орташа ауырлықты) - дене салмағының 10 кг дейін төмендеуі, айқын гиповитаминоздық, электролиттік бұзылыстар, анемияның, кейбір эндокриндік бұзылыстардың қосылуы. дәреже (ауыр) - дене массасы дефицитінің ұлғаюы; терінің, тырнақтардың дистрофиялық бұзылыстары; анемия ауырлауы, бұлшықеттердің, сүйектердің ауырсынуы; гипопротеинемия мен ісінудің пайда болуы, әйелдерде менструациялық циклдың бұзылысы, ер кісілердің жыныстық функциясының төмендеуі. Емі: Дезинтоксикациялық терапия Антибактериялдық терапия. Колиттер- тоқ ішектің кілегей қабатының қабынуы. Этиологиясы: Дизентерия таяқшалары Ішек таяқшалары Патогенезі: осы инфекция әсерінен тоқ ішек флоралары өзгеріп отырады. Түрлері: Терең емес - тек кілегей кабат қана қабынады. Терең - бірнеше қабаттары қабынады. Клиникасы: Энтериттерге өте ұқсас. Іш өту тенезмдермен қатарласа жүреді. Тенезм деп науқасты үлкен дәретке шақыратын жалған сезімді атайды. Нәжіс сұйық, кейде кілегей, кейде қан аралас болуы мүмкін. Тәулігіне 20 ретке дейін мазалауы мүмкін. Дене температурасы 39°С-қа дейін жоғары. Пальпация кезінде эпигастрий тұсында ауырғандық пайда болады. Ауру 2-3 аптаға созылады. Диагностикасы: I. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз пайда болады. ЭТЖ жоғарылайды. Дезгруппаға егу. Реңтгеноскопия жасағанда дөрекі қатпарларды көруге болады. Ректороманоскопия комегімен тік ішектің кілегей қабатын тексереді. Емі: 1.Антибактериалдық терапия 2.Сульфаниламидтер 3.Дезинтоксикациялық терапия 4.Минералды сулар 5.Санаторлы курорттық ем. Гельминтоздар дегеніміз - адамдар мен жануарлар ағзаларында өмір сүретін паразиттік қүрттар. Гельминттер өз бойынан алмасу заттарын бөлу арқылы ағзаның мүшелеріне жабысып, ағзаға кері алмасу әсерін тигізеді,түрлі ауруларды тудырады (созылмалы энтерит,колит,қан аздық,пневмония,өзгертеді. Аскаридоз-15-40 см-ге жететін үзын, жуан аскарида қүрттары. Ащы ішекте кездеседі. Жетілмеген қүрттардың салған жүмыртқалары сыртқа шығады. Ол ауызға лас қол, су, жеміс-жидектер, көкөністер арқылы түсіп, ішекке жетеді. Ішекте жүмүртқалардан қүрт шығып, қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпедегі альвеоларға жетеді. Альвеолардан ауызға келіп, жөтел немесе қүсу кезінде қайта асқазанға жүтылуы мүмкін. 2-3 ай ішінде асқазан ішегінде өсіп жетіліп, ересек қүртқа айналады. Симптоматикасы. Аскаридоз кейде белгісіз өтеді. Жиі науқастардың іші ауырады, тәбеті төмендейді, ішінің қатаюы, жүрек айнуы, іштің өтуі байқалады. Әлсіздік, бас айналуы, басы ауырып, жалпы жағдайы бұзылады. Ішек өткізгіштігінің бүзылуынан, ішек перфорациясының салдарынан жіті перитонит дамуы мүмкін. Диагностикасы. Анус маңайынан жағынды алып, нәжістегі құрттар мен жұмыртқаларды анықтау. Аскаридалар ішек жолдарында кездесетін жағдайда рентгенологиялық әдіс қолданылады. Алдын-алу Нәжістердің жайылуының алдын-алу және канализациялардың жүмыстарын дүрыстау. Емі. Пиперазин 3-4 грамм тәулігіне 2-күн бойы. Іш қатқанда ішті жүргізетін дэрілерді қолдану. Өлген қүрттар 2-3 күннен соң сыртқа шығады. Оттегімен емдеу (асқазанға сүңгі арқылы жіберу) немесе ішекке клизма жасау. Энтеробиоз- узындығы 1-1,2см кішкентай жумыр қурттар. Ауруының қоздырғышы? Острицалар. Острицалар тоқ ішекте өмір суреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарға шығып, жұмыртқа салады.5-6 сағаттан кейін олар өсіп, жетіледі. Науқастар қасынған кезде тырнақтың арасына жиналып, қолын жумай тамақ ішкенде аузына тусіп, аутоинвазия болады. Кейде киім арқылы жуғады. Симптомотикасы. Анус манының қышуы, ішінің ауырсынуы, уйқысының бузылуы, тәбеттің төмендеуі, іштің өтуі. Диагностикасы. Анус манайының арнайы таяқшамен(1%) сілтілі ерітіндісіне малынған қырынды алу. Қырындыны шыныға жағып, микроскоп астында көреді. Емі. Пиперазин-3-4 грамнан 5 күн бойы. Острицалар организмде 20-30 күн өмір сүретіндіктен, жеке бас гигиенасын сақтағанда 4-5 аптадан кейін науқас жазылады. №9.Тақырып:Панкреатиттер.Холецисттер. Панкреатиттер - ұйқы безінің қабынуы. Жедел панкреатиттте бездің қызметі қалпыф келеді, ал созылмалы панкреатитте без қызметі міндетті түрде төмендейді. Этиологиясы: алкоголь және холелитиаз. Клиникасы: эпигастрий ортасындагы түрақты ауыргандық, ауыргандық белбеу тәріздес болуы мүмкін жүрек айну, қүсу ь арықтау, стеаторея қызба, тахикардия, артериалдық гипотензия эритематозды тері түйіндері ( тері асты шелі май некрозынан) іш жүмсақ , пальпация кезіндегі эпигастрий түсындагы ауырғандық метеоризм. Лабораториялық тексеру: Қанның биохимиялық талдауында: амилаза көбееді, гипокальциемия ЖҚТ: лейкоцитоз Нәжістің жалпы талдауында: стеаторея Рентгенологиялық тексеруде: үйкы безінің кальцинозы, кисталар. Емі: эпигастрий түсына мүзды мұйык 2-3 тэулікке аштық анальгетиктер (анальгин, кеторол, промедол) спазмолитиктер (ношпа, платифиллин) антигистаминді препараттар (димедрол, супрастин) |