Терапия темы. 1. Таырып Жіті жне созылмалы бронхит Жедел бронхит (ЖБ)
Скачать 127.21 Kb.
|
Емі: 1) Этиотропты ем; 2) Қабынуға қарсы ем; 3) дезинтоксикациялық ем; Ем шаралар негізі ауруды жоюға бағытталған болу керек. Плевриттерді емдеуде ең негізгі болып этиотропты терапия есептеледі. Пневмония кезінде негізінен антибиотиктер, туберкулез кезінде туберкулезге қарсы терапия қолданылады. Дәнекер тін ауруларында дамыған плевриттер глюкортикоидтармен емделеді. Егер плевриттің себебі анықталса, онда туберкулездік плеврит есебінде емдеу қажет. Қабынуға қарсы және десенсибилизациялық ем - стероидты емес қабынуға қарсы дәрмектер - ацетилсалицил қышқылы - тәулігіне ,1.0г -3-4рет вольтарен немесе индомецатин 0.025 3рет немесе диклофенак 75-100мг\тәул ішуге тағайындалады. Бұл препараттар ауырсынуды басады, патологиялық процесстің кері қайтуына ықпал етеді. Симптомдық ем. Ауырсындыратын құрғақ жөтел болса , жөтелді басатын орталық әсерлі дәрілерді , яғни кодеинді 10мг х 4рет\тәул ішуге , декстрометорфан сироп түрінде 15мг-нан 4рет \тәул .тағайындалады. Экссудатты алу. Науқасты коллапсқа түсірмеу үшін, әр мезгілде алынған сұйықтықтың мөлшері 1.5литрден аспауы керек.Инфекциялық экссудатты плевритке сұйықтықты алғаннан кейін, плевра қуысына антибиотиктер енгізу қажет. Плевра эмпиемасы кезінде плевра қуысына дренаж жасалады, соңынан фибринолиздік препараттар енгізіледі.Егер консервативті емнен әсер болмаса хирургиялық ем қолданылады. №6.Тақырып: Өкпе туберкулезі. Бұрын «құрт ауруы» деп аталған туберкулез қаншама адам өмірін қиды! Оның салдарынан қыршын кеткен адам саны соғыстың әсерінен қаза болған адам санынан көп десе болады. Шоқан Уәлиханов, Чехов, Шопен, Байрон сияқты ұлы адамдардың өмірін әкеткен бұл ауру қаншама мемлекет үшін қауіпті дерт атанды. Алайда бүгінгі күні де туберкулез - әлем бойынша кең тараған ауру. Және де адамзат денсаулығына үлкен қауіп-қатер төндіруде. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, бұл дерт шектен шығуда. «Әлем бойынша өте қиын жағдай тудырып отырған» туберкулез проблемасы ең өзекті және ғаламдық мәселелердің бірі, өйткені: жыл сайын әлемде: 2 миллион адам туберкулез дертінен қаза табады - туберкулез микробактериялары басқа да жұқпалы ауру қоздырғыштарына қарағанда адам өміріне аса қауіпті; туберкулездің барлық формаларымен 10-20 миллион адам ауырады; шамамен жер шарының 1/3 тұрғындары, шамамен (ТМ)= 2 миллиард, туберкулездің микробактерияларын жұқтырған; ауруды жұқтырғандардың шамамен 10 % өз өмірінде туберкулездің бір формасымен ауырады. Туберкулезбен ауырғандардың 75% - жастар және еңбекке жарамды жастағы адамдар (15-40 жас). Бұл өз кезегінде мемлекет әкономикасына кері әсер етеді. Қазақстандағы әпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына байланысты Қазақстан үшін бұл проблема өте өзекті болып табылады. Студенттер арасында туберкулезбен ауыратындар саны жоғары екенін айта кеткен жөн. Дұрыс тамақтанбау, тиімсіз күн тәртібі, оқу бағдарламасының ауырлығы, тұрмыстың нашарлығы, жағымсыз әдеттер, ұйқының жетіспеушілігі, созылмалы әмоционалды стресс осы аурудың дамуына алып келеді. Туберкулез - туберкулез микробактерияларының немесе Кох бактериясының адам ағзасына түскенде дамитын қауіпті жұқпалы ауру (туберкулездің қоздырғышын 1882 жылы Роберт Кох ашқан). Туберкулез микробактериялары қоршаған ортаға өте бейімді, олар қышқылды - спиртті-сілтіге тұрақты, ұзақ уақытқа өміршендігін жоймайды. Жұқпаның негізгі көзі ауру адам және де кей жағдайда ірі қара мал (сиыр) бола алады. Жұқпалы ауру жиі (95%) белсенді формалы туберкулезі бар ауру адамнан ауа тамшылары (ауадағы шаң) жолдары (аәрогенді) арқылы беріледі. Ал кейде туберкулезбен ауыратын сиыр сүтін қайнатпай пайдаланған жағдайда алиментарлы жолмен жұғады. Әңгімелескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде микробактериялар ауаға шығып, ауа арқылы адамдарға сіңеді. Тәулік ішінде ашық формалы туберкулезбен ауыратын ауру 1 млрд микроорганизмге дейін бөліп шығарады. Осындай ауру адам ұзақ уақыт бойы желдетілмеген бөлмеде болса, онда ауадағы бактериялар өте көбейіп, айналадағы адамдар жұта бастайды. Иммунитеті жоғары адам туберкулездің микробактерияларын жұта отырып, ауырмайды десе де болады, тек қана ауру жұғады. Себебі, иммунды жүйе оны аурудың дамуынан сақтайды. Инфекция ағзада болғанымен, ауа барлық адамдарға ортақ болғандықтан, айналадағы адамдарға жұғады. Туберкулез микробактерияларын тасымалдаушылардың оннан бірінде ертелі-кеш «ұйқыдағы» инфекция белсенді кезеңге өтеді, яғни ауру дамиды. Бұған әкеп соқтыратын негізгі факторлар уақтылы, толыққанды тамақтанбау, авитаминоз, өмірдегі тұрақсыздық, дұрыс орнықпау, тұратын жердің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, жиі стресс, созылмалы аурулар, қант диабетінің, ПИЖС (СПИД), алкоголизм мен есірткінің салдарынан иммунитеттің төмендеуі болып табылады. < Белсенді туберкулезбен ауыратын 1 ауру 1 жыл ішінде ауруды 10-15 адамға жұқтырады Ауру негізінен желдетілмейтін тар бөлмелерде тез жұғады. Сондықтан да аурудың алдын алудың басты әдістерінің бірі бөлмені жиі желдетіп тұру болып табылады. Туберкулездің жұғуы ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан, процесс ең алдымен өкпеден (90%) басталып, түрлі мүшелерді зақымдайды. Өкпеден тыс көбіне сүйектерге, зәр шығару жүйесіне, перифериялық лимфа бездеріне жұғады. Ауруды қоздырғыш ауамен берілетіндіктен және де көзге көрінбейдтіндіктен, туберкулез ауруы тез жұғады. Алайда туберкулездің белгілерін ерте анықтап, уақытында дәрігерге көрінуге болады. Көп жағдайда ауру біртіндеп басталып, клиникалық көріністері процестің қарқындылығына байланысты өсіп отырады. Ауруды ерте анықтау үшін, туберкулезге ұқсас белгілер пайда бола бастағанда дер кезінде дәрігерге қаралу керек. Әр адам туберкулездің белгілерін білу керек! Туберкулездін негізгі белгілері: 2 аптадан артық жөтелу; қан түкіру; жалпы әлсіздік; тәбет пен салмақтын төмендеуі; ара-тұра дене температурасының төмендеуі; тершеңдік; кеуде ауруы; демнің жетіспеуі. Аурудың алдын-алуында оны дер кезінде анықтау үлкен рөл атқарады. Қазіргі тандағы туберкулезді анықтаудың тиімді әдістері: Бактериоскопиялық әдіс. Флюорография. Балаларға жасалатын Манту сынамасы. Жыл сайын студенттерге жүргізілетін флюорографиялық зерттеу тубекулезді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері көрініс тапқан кездің өзінде ауру адам дәрігерге көрінбейді. Сондықтан да, флюорографиядан өтуден кашпау керек. Жөтелге шағымданған кезде микроскоп арқылы ауру адамның қақырығын зерттейді. Қоршаған ортаға қауіпті жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкіндік беру - бұл әдістің артықшылығы болып табылады. Манту сынамасын аурудың жұққандығын және ауруды анықтау үшін «қауіп-қатер» тобындағы балаларға салады. Туберкулездің спецификалық алдын-алу: БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде аурудың дамуы мен туберкулездің асқынуы мен таралуын тежейді. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. 1998 жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес Президенттің қаулысымен біздің республикада жалпымемлекеттік мәні бар міндетке айналды. Туберкулез ауруын емдеу - тегін, кешенді, стационарларда 2-4 ай көлеміндежүргізіліп, кейін стационарларда немесе қатаң бақыланатын емханалардаемделеді. Емдеу үшін ең маңыздысы - туберкулезге карсы препараттардыжүйелі қабылдау, толыққанды тамақтану тәртібін сақтау керек.Туберкулезбен ауырған адам міндетті түрде туберкулезге қарсы мекемелерде емделуі тиіс. Өзін-өзі емдеу немесе емшілерге барып емделу ауруды табудың жолын кешіктіреді. Оның әсерінен емдеу ұзаққа созылады, жақындарына жұғады, тіпті аурудың қайғылы аяқталуына әкеп соғуы мүмкін. Туберкулез микробактерияларын жоюдың ең маңызды жолы - үздіксіз емдеу жолы. Қадағаланбаған, дәріні ретсіз қабылдау, туберкулез микробактериялары туберкулезге қарсы препараттарға бейімделіп, емделуі өте қиын әрі көп уақытты қажет ететін, қоғам денсаулығына қауіпті болып табылатын мультирезистентті туберкулез дами түседі. Осылайша, туберкулез - әлемде ең көп таралған жұқпалы аурудың бірі. Туберкулезді жұқтыру қаупі өте жоғары. Сау адамдар туберкулез олардың проблемасы емес деп санамау керек. Себебі, туберкулез - біздің қоғамның проблемасы. Сондықтан, әр адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу мәселелерін білсе туберкулездің өсуі мен таралуын тоқтату мүмкін болады. Өзінді қауіптен сақтау үшін ретті түрде флюорографиялық тексерулерден өту қажет. Бұл тексеру ауруды дер кезінде анықтауға және де емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері анықталғаннан соң дәрігерге қаралып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. ТуберкулезТуберкулез микобактериясымен қоздырылатын созылмалы инфекциялық ауруБұл қоздырғышты 1882ж неміс ғалымы Р.Кох ашқан, сондықтан қоздырғыш Кох микобактериялары деп аталады. Этиологиясы: Туберкулездің дамуы және ағымы көптеген жағдайларда қоздырғыштың сипатына ,ағза реактивтілігіне және санитарлық –тұрмыстық ахуалға байланысты. Негізгі белгілері: Жөтелдің 2 аптаға созылуы, тәбетің жоғалуы ,арықтау, түнгі тершендік ,дене қызуының 37,0-37,5градусқа көтерілуі ,әлсіздік,тез шаршау , кеуде тұсының ауырсынуы, қанды түкірік тастау , науқас жүдейді, тахикардия .Науқасты қарағанда терісінің бозаруы,кеуде сарайының деформациялануы ,акроцианоз ,саусақтары дабыл таяқшаларына ұқсайды.Пальпаторлы қолтық асты жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Емі: Төсек режим ,диета №10,11,15. Туберкулезге қарсы дәрімектер Тубазид (изониазид)0,3г 2 рет Фтивазид 0,3г 2 рет Солюзид 0,5г 2рет Витаминдер –К,С,Е,В тобы. Биостимуляторлар –алоэ. Иммуномодуляторлар –левамизол,тималин. Перднизолон 15-20 мг 2-3 рет 1 ай бойы. Алдын алу шаралары Салауатты өмір салты;дұрыс тамақтану ,белсенді дене қозғалысы ,толыққанды дем алу,қоршаған ортаның тазалығы ,темекі арақ-шарап аулақ болу. Ауруды дер кезіңде анықтау толық емдеу. Бала туылған кезде міндетті түрде БЦЖ вакцинасын егу ,6-7 жасында ревакцинация жасату Туберкулездің жіктемесі А. Негізгі клиникалық түрлері; I топ. Балалардағы және жасөспірімдердегі туберкулездік интоксикация IIтоп. Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі. 1.Біріншілік туберкулездік комплекс. 2. Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі . 3. Өкпенің шашыранды ,ошақты ,инфильтративті,каверналы, фиброзды-кавернарлық туберкулезі. III топ . Басқа мүшелер мен жүйелердің туберкулезі. 1. Бас ми қабықтарының және орталық жүйке жүйесінің туберкулезі. 2. Іш қуыс мүшелерінің туберкулезі. 3. Сүйек және буындардың туберкулезі №7.Тақырып:Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары.Өкпелік жүрек. Өкпелік жүрекбронх өкпе аппаратының, өкпе тамырларының ауруларынан немесе кеуде көкетінің қызметі бұзылып, өкпенің артерияларында қысымдықтан жүректің оң жақ бөліктері ұлғаятын немесе кеңейтетін патологиялық процесс. Патологиялық процесс этиологиялық тұрғыдан үш топқа бөлінеді: 1. Бронх пен альвеолаларда ауа жүруін тежейтін аурулар.2. Кеуде қозғылысыншектейтін аурулар. 3. Өкпе тамырларын зақымдайтын аурулар.ЖІТІ ӨКПЕЛІК ЖҮРЕК. Себептері: І.Өкпе артериясының ірі тромбылы эмболиясы. 2.Клапанды пневмоторакс. З.Өкпе демікпесінің ауыр әсерлі созылмалы ұстамасы. 4. Өкпенің ірі аймақтарының қабынуы. Өкпелік жүректің бәсең түрі өкпе артериясының ұсақ тарамдары тромбылармен бітелгенде, ісіктің лимфангоиттен және орталық немесе перифериялық әсерден газ алмасу процесі нашарланғанда дамиды Өкпе артериясында тромбылы эмболияның дамуына себеп болатын факторларға мыналар жатады: кіші қан айналым шеңберіне қан іркіліп, қысымның көтерілуі немесе қанның ұюы; өкпе артерияларының атеросклерозы мен қабынуы (васкулит), ұзақ төсек тартқандардың өкпесінде ауа алмасуының бұзылуы. Аяқтың және белдің көк тамырына жасалған хирургиялық операциялар. Патогенез: Ө.Ж. даму барысында кіші қан айналым шеңберінен тараған рефлекстік әсерден бронхылар жиырылып, өкпенің тамырлары жаппай тарылып, үлкен қанайналым шеңберіне қысым төмендейді де, газ алмасу процесі бұзылады. Аталған себептерден кіші қанайналым шеңберінде қанның қысымы жоғарылап, жүректің оң бөліміне күш түседі. Альвеолааралық пердедегі капиллярлар іргесінің өткізштігі артқандықтан, альвеолаларға сұйықтық жиналып, өкпе жедел қабынады. Клиникалық бейнесі: Ж.Ө.Ж. бірнеше сағатта - ақ дамып, жүрек жұмысы тез нашарлайды. Ол бәсең түрде де дамуы мүмкін. Өкпе артериясы тромбылы эмболмен жедел бітелсе, науқас кенеттен ентіге бастайды. Өңі көгеріп, көкірегі қатты ауырып, мазасызданады. Тромбылы эмбол өкпе артериясының негізгі сабағында - ақ болуы мүмкін. Ө. Ж. Жедел ағымды түрінде науқастың ентігуі бірітіндеп, бірнеше сағат не күндер бойы үдейді. Денесі көгеріп, есінен тануы да, өкпесі қабынуы да мүмкін. Өкпесінен құрғақ және дымқыл сырылдар естіледі. Өкпе артериясы тұсындағы нүктеде II үн күшейіп, 2-ші мен 3-ші қабырғалар аралығынан осы артерияның соғу ырғағы көрінеді. Мойын көк тамырлары тым бұлтияды, бауыр тез ұлғайып, басқанда ауырады. Жүректің жұмысы нашарлайды, қалыпты ырғағынан танып, электрокардиограммада ишемиялық өзгерістер болады. Бұл ұлғайған оң қарынша көк тамырларды қысып, жаныштап, өкпе артериясының рецепторларын тітіркендіргендіктен туындайды. Өкпе инфаркты дамып, қабынса, аурудың клиникалық бейнесі күрделірек болады. Аурудың ағымы ауырлап, науқастың ентігуі күшейіп, денесі көгере түседі. Алғашқы жедел кезінде науқастың өңі онша көгермейді. Құрғақ жөтел немесе қанды қақырық болуы мүмкін. Көбіне дене қызуы көтеріліп, антибиотиктерден нәтиже болмайды. Науқасты зерттегенде жүрегі жиі соғып, өкпенің ақаулы бөлігінде тыныс әлсірегені анықталады, құрғақ және ылғал сырыл болуы мүмкін. Өкпе инфарктысы қабынса, қанда лейкоциттер, түрлі мөлшерде белок пен сиял қышқылдарының мөлшері қабыну процесіне тән сипатта өзгереді. Қанның үйығыштығы алдымен артып, кейін фибринолизин өрістеп, ұюға қарсы заттар көбейгендіктен нашарлайды. Рентгенде өкпе түбірінің суреті кеңейіп, жалпы бейнесі ашық түсті болады. Көкіректе диафрагманың күмбезі жоғарылап, көк тамырлар мен жүректің оң бөлімінің көлемі ұлғаяды. Өкпе инфаркты қалыптасса, ол жердің сұлбасы (суреті) үшбұрыш тәріздес болады. Көбінесе плевраға сұйықтық жиналып, кейін онда бірікпелер қалыптасуы мүмкін. Диагноз және дифференциалды диагноз. Диагноз анықтау барысында аурудың кенеттен басталып, науқас ентігіп, көгерсе, түтік арқылы дәрі жіберіп, ерітуге болады. Терапиялық көмек негізгі ауырсыну сезімін басу, өкпе артериясындағы қысымды төмендету, жүрек жеткіліксіздігін және ошақты болдырмауға (полиглюкин, гормондар) бағытталады. Болжамы: Өкпе артериясындағы тромбылы эмболияны болдырмау үшін тромбылы флебиттерді дер кезінде анықтап, профилактикалық шаралар жүргізіп отыру керек. №8.Тақырып: Ревматикалық қызба. Жүрек ақаулары. Ревматикалық қызба.Жүрек –тамыр жүйесінде шоғырланған дәнекер тіндердің жүйелі қабынуынан дамитын инфекциялық-аллергиялық ауру Этиологиясы: гемолитикалық стрептококк (баспа,гайморит), тұқымқуалаушылық (қандары ІІ,ІІІтоп та адамдар,жасөспірімдер,жас әйел адамдар жиі ауырады) Патогенезі:стрептококк ағзаға еніп токсиндер бөле бастайды,антиденелер пайда болып қабыну дамиды Клиникасы:қабыну белгілері жедел стрептококті инфекциядан 2-4аптадан кейін пайда болады. Негізгі критерийлер: Ревматикалық кардит (ревмокардит)-ентігу,тахикардия,жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы, Ітон әлсіреген,ұшында систолық шу. Жүрек ақауы дамиды. Ревматикалық хорея-көбінесе балаларда және жасөспірімдерде кездеседі:баланың психикалық жағдайы кенеттен өзгереді, өзімшілдік, эмоционалды тұрақсыздық,шаршағыштық агрессивтік,гиперкинездер, бұлшықеттердің әлсіздігі пайда болады(жазуы өзгереді). Ревматикалық түйіндер (0,5-1%)-буындар айналасында, сирақ тұсында пайда болады,ауырмайды,2 аптада жоқ болып кетеді Ревматикалық васкулиттер -терінің зақымданулары (1-2%)- сақина тәрізді эритема (ақшыл- қызғылт,сирақта ,санда,иықтарда,денеде) Зертханалық және аспаптық тексерулер: ЖҚТ-анемия,ЭТЖ жоғарлауы,лейкоцитоз. ҚБТ-С реактивті белок пайда болады,диспротеинемия .ЭКГ-ритімнің бұзылуы,тахикардия. Жүрек рентгенологиясында:сол бөлігінің гипертрофиясы. Емі: Кардитте –қатаң төсек режимі 2-3аптаға Диета №10-ақуыздарға бай,тұз шектелген. Антибиотиктер:бензилпенициллин,макролидтер,цефалоспориндер . Салициллаттар:ацетилсалицилқышқылы,бутадион,индометацин,вольтарен Глюкокортикоидтар:преднизолон,кортизон,дексаметазон. Антигистаминді препараттар:супрастин,тавегил,клемастин. Алдын – алуы: Біріншілік:салауатты өмір салтын ұстану, инфекция ошақтарын жою Екіншілік:диспансерлік тіркеу,бициллинды күзде және көктемде тағайындау,салқын тигізбей сақтану. Жүрек ақаулары . Ақау деп жүректің клапан аппаратының өзгеріске ұшырауын немесе жүректің ішіндегі перделерінің бүтін болмауын айтады . Жүрек ақауы 2 бөлінеді : туа біткен және жүре пайда болған . Клапан аппараты зақымдалуының 2 түрі бар : стеноз және жетіспеушілік . Жүрек ақауының қызметінің орындауына байланысты 2 түрі бар : компенсацияланған және декомпесацияланған. Митралды клапан жетіспеушілігі. 2 түрі бар : органикалық және функционалдық Органикалық жетіспеушілікте клапан өзгермейді, саңылау кенейеді, сондықтан дұрыс жабылмайды миокардит, кардиосклероз Гемодинамика : қан систола кезінде сол жақ жүрекшеге кері қайтады, жүрекшеден қан көбееді, себебі өкпе веналарымен келген қанға кері келген қан қосылады. Жүрекше гипертрофияға ұшырайды. Бұл гипепртрофия ұзақ жетіспеушілікті байқатпайды. Кейін кіші қан айналу шеңберінде іркілу басталып процеске оң жақ қарыншада қосылуы мүмкін. |