Главная страница
Навигация по странице:

  • 1-кесте. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюцнялық түрғыдан дамуы

  • 1-кестешң жалгасы

  • 1797

  • ђ†в•а®†Ђл К__С≤ПКЕРЛ≤К. 1 таырып Ксіпкерлік МНІ, мазмны жне алыптасу шарттары ксіпкерлікті мні мен мазмны


    Скачать 302.11 Kb.
    Название1 таырып Ксіпкерлік МНІ, мазмны жне алыптасу шарттары ксіпкерлікті мні мен мазмны
    Анкорђ†в•а®†Ђл К__С≤ПКЕРЛ≤К.docx
    Дата28.04.2018
    Размер302.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлађ†в•а®†Ђл К__С≤ПКЕРЛ≤К.docx
    ТипДокументы
    #18623
    страница1 из 6
      1   2   3   4   5   6

    1 тақырып КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ШАРТТАРЫ


    1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны

    Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің болінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.

    Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерңияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін оз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.

    Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі агылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағага сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Со- нымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.

    Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функңиясыөндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді үстанған. Альфред Маршалл мен жолын үстанушылар кәсіп- кердің ұйымдастырушылық функңиясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы - кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.

    Кәсіпкерлік туралы ерекше жұмысты үстанған Йозеф Шумпе- тер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адам- дар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инноваңиялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген қүқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.

    Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіп- керлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға жұмысталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқы- ғына (мемлекеттік кәсіпкерлік) неғізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тэуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.


    1-кесте. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің эволюцнялық түрғыдан дамуы

    Мерзімі

    Анықтама

    авторы

    Анықтама мазмұны

    1

    2

    3

    1723

    Коммер- ңияның жалпыға ортақ сөздігі, Париж қ.

    Кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемені оз мойнына алатын адам.

    1725

    Ричард Кан- тильон

    Кәсіпкер - белгісіздік жағдайларында шешім қабылдайтын және өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын адам. Кәсіпкердің табысы - ол тәуекел үшін төлем.





    1-кестешң жалгасы

    1

    2

    3

    1770

    А. Тюрго

    Кәсіпкердің тек қана белгілі бір ақ- параты ғана емес, сонымен қатар капи- талы да болуы керек.

    1776

    Адам Смит

    Кәсіпкер - кәсіпорын иесі және тәуе- келді коммерциялық идеяларды жү- зеге асырушы. Негізгі функциясы - күнделікті шаруашылық қызмет ба- рысында өндірісті ұйымдастыру мен басқару.

    1797

    Карно Бодо

    Кәсіпкер - атқарылып жатқан іске жа- уапты тұлға ретінде кәсіпорын қызметін жоспарлайтын. бақылайтын, ұйым- дастыратын және оның иесі. Оның белгілі бір интеллектуалдық деңгейі, яғни алуан түрлі ақпараттар мен білім иесі.

    1830

    Жан Батист Сей

    Кәсіпкерлік - бұл нарықтық кеңістіктің аталған нүктесіндегі өндіріс фактор- ларының рационалды комбинациясы. Кәсіпкер - өндірістік бірлік аясын- да адамдарды ұйымдастыратын түл- ға. Кәсіпкер өнім өндіру мен бөлу үрдісінің аясында қызмет атқарады, ал кәсіпкерлік қызмет негізін - өнім өндірісі мен өткізуді ұйымдастыру қабілеті құрайды.

    1876

    Фрэнсис

    Уокер

    Кәсіпкер - өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында пайданы иеле- нетін тұлға.

    1890

    Альфред

    Маршалл

    Әрбір қалаған адам кәсіпкер бола алмай- ды. Кәсіпкерлердің «табиғи» таңдауы Ч.Дарвин ашқан табиғи таңдауға сәйкес жүргізіледі.



    І-кестенің жалгасы

    1

    2

    3

    1910

    Макс Вебер

    Кәсіпкерлік қызмет -рационалдылықты жүзеге асыру. (Рационалдылық деп ол функционалды тиімділікті, салынған қаражаттары мен жұмсалған күштерді және т.б. пайдаланудан түскен макси- малды табысты түсінген). Кәсіпкерлік негізінде протестантизмнің рационал- ды этикасы жатыр, ал әлемтанушылық, тәрбиешілік кәсіпкердің қызметіне маңызды әсерін тигізеді.

    1911

    Иозеф

    Шумпетер

    Кәсіпкерлікте ең бастысы - инно- вациялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген құқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып танылмайды. Кәсіпкер ретінде, өндіріс фактор- ларының жаңа комбинацияларын жүзеге асыратын кез келген адам, акционерлік қоғамның қызметкері, мемлекеттік шенеунік және меншіктің әр түрлі нысанындагы кәсіпорын менеджері бола алады. Бастысы «... басқалар жасайтын іспен айналыс- пау» және «...басқалар жасайтындай етіп жасамау». Кәсіпкерлік статус тұрақсыз, өйткені нарықтық экономи- ка субъектісі тек жаңашылдық функ- цияларын жүзеге асырған кезде ғана кәсіпкер бола алады, ал өз қызметінде күнделікті ұсақ-түйек жұмыспен айналысқан кезде осы статусынан ай- рылады.



    1-кестенің жалгасы

    1

    2

    3

    1927

    И.фон

    Тюнен

    Кәсіпкер - ерекше касиеттерді иеле- нуші (тәуекелге бара алатын, стан- дартты емес шешімдерді қабылдай алатын және өз іс-әрекеттеріне жау- аи бере алатын) және сондықтан да жоспарланбаған (күтпеген) табысқа үміткер. Кәсіпкер тәуекел үшін, соны- мен қатар кәсіпкерлік өнері үшін та- быс алуы керек. (Ескертетін жағдай, И. Тюнен кәсіпкердің жаңашыл болуы міндетті емес деп санаған).

    1936

    Джон

    Мейнард

    Кейнс

    Кәсіпкер - шаруашылық жүргізушінің өзіндік элеуметтік-психологиялық типі, ол үшін ең бастысы «... тек қана Вебердің рационалды калькуляциясы немесе Шумпетердің жаңашылдығы емес, белгілі бір психологиялық қасиеттердің жиынтығы». Негізгі кәсіпкерлік қабілеттер: тұтыну мен жинақтауды сэйкестендіру, тэуекелге бару қабілеті, белсенділік рухы, болашаққа деген сенімділік және т.б. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мотивтері - жақсыга, тәуелсіздікке үмтылыс, мурагерлерге байлық қалдыру.

    1961

    Дэвид

    Макклел-

    ланд

    Кәсіпкер - шамаға қарай тәуекел ету жағдайларында әрекет ететін белсенді адам.

    1964

    Питер

    Друкер

    Кәсіпкер - кез келген мүмкіндікті мак- сималды табыспен қолдана алатын адам.



    1-кестенщ соңы

    1

    2

    3

    1975

    Альберт

    Шапиро

    Кәсіпкер - ынталы, әлеуметтік- экономикалық механизмдерді ұйым- дастыратын, белгілі бір тәуекел жағдайларында қызмет ететін, мүмкін болатын сәтсіздік үшін толығымен жа- уапты болатын адам.

    1980

    Карл Веспер

    Кәсіпкер - экономист, психолог, басқа кәсіпкерлер мен саясаткерлер көзқа- расында әр түрлі мәнісіне түсінік.

    1983

    Гиффорд

    Пиншо

    Интрапренерлік - фирмаішілік кәсіп- керлік. Интрапренердің жаңа кәсіп- орынды құрайтын антрепренерден ерекшелігі, ол қолда бар кәсіпорын жағдайында жұмыс істейді.

    1985

    Роберт Хиз- рич

    Кәсіпкерлік-құны бар жаңабір нәрсені құру, ал кәсіпкер - осының барлығына уақыты мен бар күшін жүмсайтын, қаржылық, психологиялық немесе элеуметтік тэуекелді өз мойнына ала- тын және соның арқасында сыйақы ретінде ақша мен қол жеткізгені нәтижесі үшін қанағатқа кенелетін адам.

    1988

    М. Алле

    Кәсіпкер шаруашылық жүргізуді нарықтық ұйымдастыруда жетекші рөлді иемденетін адам.

    1993

    Т.Ю. Горько- ва

    Кәсіпкер - бизнестегі жетекші фигура, ол өз міндеті ретінде өндірістің барлық факторларын бірегей шаруашылық үрдіске біріктіруді мойнына алады.


    Жоғарыда келтірілген мәліметтерден кәсіпкерлік ұғымы әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылады: шаруашылық жүргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыру үрдісі ретінде, нарық субъектілерінің өзара әрекеттесуі ретінде және т.б.

    Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет - бұл инновациялық тэуекелді тэсіл негізінде, өндіріс факторла- рын оңтайлы үйлестіру түргысынан сипатталып, адамның ерек- ше қабілеттерін жүзеге асыру деген түжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа гехника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін және дер кезінде өнімге деген тиімді төлем қабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нэтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қараганда көп пайда табады. Со- нымен қатар, кәсіпкер үнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тэуекелден қашпайды, керісінше оған саналы түрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тэуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады.

    Кәсіпкерлік табыс деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері неме- се сыртқы жағдайларга байланысты өндіріс факторларын жаңа тұргыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек.

    Кәсіпкерлік қызмет - белгілі бір функцияларды жүзеге асы- румен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мүшелерінің) экономикалық, элеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанагаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыра- тын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асы- ру үрдісі ретінде сипаттауға болады.

    Кәсігшерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырыла- ды: 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен; 2) продуценттен (өндірушіден) тұтынушыға тауар- ды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолы- мен.

    Кәсіпкерлік қызмет - өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделғен, пайда табуға жұмысталған, қызметтің ерекше түрі.

    Кәсіпкерлік идея - қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, ондірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мүндай қызығушылықты анық- тау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сэй- кесгендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкін- діктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.

    Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, эдетте тек идеямен, ал кейіннен материалдық нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.

    Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыс- тыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті гүрде болуымен сипатта- лады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа эдістері немесе жаңа технологияларды енгізу - бұл да инновациялық жағдайлар.

    Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:

    • новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функ- циясы ретінде;

    • кәсіпкерлік іс-әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеғе асырушы механизм ретінде.

    Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлғісінің нэтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:

    • кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капи- тал, қаржылық, ресурстық және материалдық қаражаттарынан пайда табу;

    • қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру;

    • өндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақ- саттардың аясы ұлғаюы мүмкін. Мысалы, төмендегідей мақсаттар туындауы мүмкін:

    • жаңа нарықтарды жаулап алу және өндірісті дамыту үшін ақша қаражаттарын жинақтау;

    • ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақ- сарту;

    • ұйым өніміне деген тұтынушылар сұранысын онтай- ландыру;

    • қоғамның моральдық және этикалық нормаларын жақсартуға, тұтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. көмек корсету.

    Кәсіпкерлер - коммерциялық мұмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операция- ны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік - бұл жаңа иде- яларды жүзеге асыру мақсатында қандай да бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайда- ланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіпкерлік - бұл табыс әкелетін, кез келген өз бетінше жүргізілетін іс.

    Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатта- лады: адам мүддесіне жұмыстау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет көрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйласіық ру- хын үстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты элеуметтік-экономикалық ортада жүзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік - бұл өзіндік ынта-жігерге, жау апкершіл ік пен инновациялық кәсіпкер лік ортаға негізде лген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға жұмысталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше түрі.

    Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны «жаулап алу», өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын кұру қажеттілігі бо- лып табылады.

    Мақсаттарга қол жеткізу үшін кәсіпорынның ағымдық немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. ¥йым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен жұмысын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның тиімді мінез-қүлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.

    Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі жұмысқа бөлуге болады. Бірінші жұмыс - шешімі кәсіпкердің инноваңиялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші жұмыс - шешімі жүзеге асырылған немесе енді ғана жүзеге асы- рылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.

    Мысалы, пайданың өсуіне қол жеткізу үшін келесідей міндеттер кешенін шешуді талап етеді: өндіріс үрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздестіру; бәсекенің өзгермелі жағдайларында кәсіпорынның түрақтылық деңгейін анықтау; өнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; онім сату көлемін көбейту; қызметкерлер санын төмендету; маркетингтік стра- тегияларды эзірлеу; жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті таңдау; ұйым отімділігін арттыру; қоршаган ортаны қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру және т.б.

    Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мэні айқын неме- се сүранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технология- ны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) эдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.
    1.   1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта